Главная страница
Навигация по странице:

  • Ғылыми педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің жаңалықтарын бағалау өлшемдері мен әдістеріне назар аударыңыз.

  • Эксперимент дегеніміз не, оның міндеті, мақсаты, түрлерін қарастырыңыз.

  • (лекциядан алынган инфо)

  • Педагогикада экспериментдеп нені атайды

  • Эксперименттік бағдарлама құрлымын айқындаңыз Инновация ұғымы мен түрлерін қарастырыңыз.

  • Түсініктер мен терминдерді анықтау және нақтылауды жазыңыз.

  • Зерттеу әдістері және олардың жіктелуіне тоқталып өтіңіз.

  • адиснама 53-59. Эмпирикалы кезеді ындырыыз


    Скачать 28.86 Kb.
    НазваниеЭмпирикалы кезеді ындырыыз
    Дата14.05.2022
    Размер28.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаадиснама 53-59.docx
    ТипДокументы
    #528410

    Эмпирикалық кезеңді ұғындырыңыз.

    Шартты түрде ғылыми зерттеулердің екі негізгі кезеңі ажыратылды:

    А) эмпирикалық

    Б) теориялық

    Эмпирикалық кезең фактіге негізделген қорытынды материалды алумен және бірінші реттік өңдеумен байланысты. Әдетте ақиқат және ғылыми фактілерді бөледі.

    Ақиқат фактілері – бұл болатын немесе негізінде болып жатқан құбылыстар, оқиғалар, зерттелетін объектілердің әр түрлі жақтары, қасиеті, қатынасы.

    Ғылыми фактілер – бұл санамен бейнеленген ақиқат фактілері, олар ғылым тілінде, эмпирикалық пайымдаулар түрінде тексерілген, яғни міндетті түрде тексреліген фактілер

    жиыны.

    Эмпирикалық кезең жұмыстың екі сатысынан тұрады:

    Бірінші сатысы – бұл фактілерді алу және табу процесі

    Екінші сатысы – олардың өзара байланысында фактілердің бағасын және бірінші реттік өңдеуді өзіне қосады (енгізеді):

    - ғылыми тіл терминінде алынған фактілерді ойластыру және қатаң бақылау;

    - әр түрлі негіздер бойынша фактілер классификациясын және олардың арасындағы негізгі тәуелділікті айқындау.

    Бұл кезең барысында зерттеуші жүзеге асырады:

    А) маңызды емес және кездейсоқ қоспалардан оларды тазарта отырып, әрбір фактінің тексерісін және сындық (критикалық) бағасын;

    Б) зерттеу жүргізілетін ғылымның айналасында анықталған терминді, әрбір фактіні сипаттау;

    В) негізгі даму тенденцияларын көрсететін және неғұрлым қайталанатын барлық типтік фактілерді сұрыптау;

    Г) оларды жүйеге келтіретін маңыздылығы бойынша, үйретілетін құбылыс түрлері бойынша фактілер классификациясын;

    Д) үйретілетін құбылысты сипаттайтын заңдылықтарды

    Эмпирикалық деңгейде зерттеу, яғни іріктелген фактілердің өзара байланысын көрсетеді.
    Ғылыми педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің жаңалықтарын бағалау өлшемдері мен әдістеріне назар аударыңыз.

    Ғылыми педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің жаңалықтарын бағалау өлшемдері мен әдістері.

    Жаңалық деңгейін анықтайтын өлшемдер бұрын ғылым мен практикада қолданылмаған жаңа теориялық тұжырымдар мен практикалық ұсыныстардан тұрады.

    Жаңашылдықты суреттеу үшін төмендегідей сипаттамаларды қолдануды ұсынамыз. Түрлері жағынан оны теориялық (тұжырымдама, болжам, терминология т. б.) және практикалық (ереже, ұсыныс, құралдар, талап, әдістемелік жүйе т. б.) деп бөлуге болады. Жұмыс түрі мен зерттеу саласына байланысты бірінші орынға оның теориялық немесе практикалық жаңалығы қойылады. Жаңашылдық деңгейі – алған білімдерінің орнын, оның сабақтастығын сипаттайды. Ол нақтылау, толықтыру, жаңару деңгейлерінің көмегімен бағаланады.

    Нақтылау деңгейі – алынған нәтиже белгіліні дәлелдейді, оқыту мен тәрбие, оқыту әдістері, педагогика тарихы, мектеп ісін жүргізуге қатысты кейбір теориялық немесе практикалық жағдайларды нақтылайды. Толықтыру деңгейі – алынған нәтиже бұрыннан белгілі теориялық және практикалық жағдайларды кеңейтіп, белгілі емес жаңа элементтерді қамтиды. Жалпы, жаңашылдық ештеңені өзгертпейді, оны толықтырады. Теориялық маңыздылығы өлшемі зерттеу жұмыстары нәтижелерінің құндылық жағын, оқыту мен тәрбиелеу саласындағы теориялық ұғымдар, идеялар, көзқарас, тұжырымдамаларға әсерін көрсетеді, педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесін анықтайды.

    Ғылыми-педагогкалық зерттеу жұмыстарының жаңашылдығын анықтау әдістері. Негізгі нұсқаны салыстыру әдісінің қамтитындары: эталонның құрылуы; алынған нәтижелердің талдап, топталуы; талдап отырған жұмыс пен негізгі нұсқаның салыстырылуы; Негізгі нұсқада белгілі кесте бойынша іріктеліп, бейнеленген педагогика саласындағы осы уақытқа дейінгі белгілі теориялық және практикалық білім көрсетіледі.

    Базалық нұсқаның құрылуы ізделіп отырған мәселе бойынша әдебеттерді анықтауды, түрі мен оларды сипатына қарай бейнелеу арқылы білімдерді топтауды қарастырады.

    Педагогикалық зерттеудің сапасын бағалауға мүмкіндік жасайтын он бір сипаттамасын бөліп қарауға болады: мәселе, тақырып, көкейкестілігі, зерттеу нысаны, оның пәні,мақсаты, міндеттері, болжамы және қорғауға ұсынылытын қағидалары, жаңалығы, ғылым үшін маңызы, тәжірибе үшін маңызы.

    Осы белгілер әрі зерттеудің көкейкестілігін бағалаудың өлшемдері бола алады.

    Іргелі зерттеу көкейкестілігінің деңгейлерін сипаттау үшін ең алдымен мәселені шешу, практикалық сұранысты қанағаттандыру, мәселенің теориясын жасау қажеттіліктеріне баса назар аударылады. Қолданбалы зерттеулер мен жасалымдардың көкейкестілігін анықтауда практикалық сұраныс пен практикадағы жағдайдың қанаттанарлықсыз жәйіне (оқу-тәрбие үдерісі керек оқулықтармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілген бе? Олар алға қойылған міндеттерді шеше алады ма?) басты көңіл бөлінеді. Жұмыстар сондықтан да «өте көкейкесті», «көкейкестілігі нашар», «көкейкесті емес» деп ажыратылады
    Эксперимент дегеніміз не, оның міндеті, мақсаты, түрлерін қарастырыңыз.

    Педагогикалық эксперимент әдісі. Зерттеу объектісінің педагогикалық тиімділігін анықтай түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдістері мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырылған әдіс. Педагогикалық эксмерименттің мынадай түрлері бар: табиғи, лабораториялық, іздеу мақсатын көздейтін эксперимент. (лекциядан алынган инфо)

    Эксперимент - белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін ғылыми-зерттеу жұмысы. Білім беру жүйесінде эксперимент деген түсінік-«іздену», «іздену жұмыстары», «тәжірибе», «тәжірибелі эксперименттік жұмыс», «зерттеу жұмыстары» т.б.


    Педагогикада экспериментдеп нені атайды ?

    Эксперимент- болжауды (гипотеза) тексеру.

    Эксперимент-бір ізденушімен шығарылған әдістеме немесе жаңа шарттармен жасалған технология , өлшем жүйесі.

    Эксперимент- білім мекемесіндегі іздену жұмыстары.

    Эксперимент-мектепті басқарудағы, балаларды дамытудағы, тәрбиедегі, жаңа технологияларды апробациялау және бағыттау, бақылау.

    Эксперименттеу ,демек ол даму, қазіргі уақытта білімдегі принциптерді дамыта алатындар және білім саласында ізденушілер.

    Эксперименттің негізгі сатылары

    мен жобалау бағдарламасы

    (сатылы бағдарлама, мониторинг)

    1. Диалностикалық – экспериментті өткізу

    барысында проблеманы анықтау және сараптау;

    2. Болжау – Экспериментальды жұмыстың мақсатын нақтылау, ЭЖ бағдарламасының жоспарын толықтыру, сараптаудың критерилерін көрсету (мониторинг бағдарламасы), нәтижесін болжау; жобаның ішкі және сыртқы сараптамасын жүргізу;

    3. Ұйымдастыру – экспериментальдық жұмыстың мерзімдеріне түзетулер егізіп отыру,кадрларды дайындай, әдістемелік қамсыздандыру және қатысушылар арасындағы қызметтерін бөлу;

    4. Практикалық - өзіндік экспериментік жұмыстың мониторингі (бастапқы, соңғы және ағымдағы өлшемдер)

    5. Жалпылау - Алынған мәліметтерді талдау, сипаттау және басылымдарға шығару;

    6. Енгізу (Внедренческий) – тәжірибе алмасу,құрылған технологияларды тарату.

    Эксперименттік бағдарлама құрылымы:

    • эксперименттік жұмыстың тақырыбы

    • эксперименттік жұмыстың мақсаты

    • негізгі идеялары

    • гипотеза

    • экспериментті бастаудағы қажетті басқарушылық– ұйымдастырушылық, педагогикалық және басқа шарттар негіздері

    • эксперименттік шығармашылықты қамтитын, оқу- методикалық жоспарлары, зерттеу жұмыстары, нәтижелерді қамтамасыз ететін бақылау әдіс-тәсілдері және эксперимент этаптары, олардың мазмұны мен мерзімі

    • алдын-алу өнімі /эксперименттік жұмыстың нәтиже сінде алынған ғылыми, оқу-методикалық және басқа өнімдер/

    • эксперименттің идеясын таратуда, практикалык қорытындысында пайда болуы мүмкін жағымсыз жағдайлар және білімдегі кемшіліктер мүмкіндігі

    • эксперимент нәтижелерін тарату мүмкіндіктері

    • қажетті қаржыландыру көзі және материалды- техникалық , ғылыми, кадрлық есеп

    Эксперименттік бағдарлама құрлымын айқындаңыз

    Инновация ұғымы мен түрлерін қарастырыңыз.

    Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.

    Инновация – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің нәтижесі болып табылатын жаңа технология. Бұл процесс негізгі капиталдың жаңаруын қамтиды.
    Инновациялардың мынандай түрлері болады:

    1. Жаңалығына байланысты:

    - базистік инновациялар, олар ірі зерттеулерді іске асырады;

    - жақсарту инновациялары, олар кіші және орташа зеттеулерді іске асырады.

    - жалған инновациялар, техника мен технологияның ескірген бөліктерін біртіндеп жақсартуға қолданылады.
    2. Қолданылуына байланысты:

    - өнімдік инновациялар – жаңа өнімдерді шығарып, қолдануға бағытталған;

    - технологиялық инновациялар – жаңа технологияларды шығарып, қолдануға бағытталған;

    - әлеуметтік инновациялар – жаңа құрылымдарды құруға бағытталған;

    - нарықтық инновациялар – жаңа нарықтағы өнімдер мен қызмет етуді тұтынуды іске асыруға бағытталған.
    3. Шығу көздеріне байланысты:

    - ғылым мен техниканың дамуынан пайда болған инновациялар;

    - өндірістің қажеттілігінен пайда болған инновациялар;

    - нарықтың қажеттілігінен пайда болған инновациялар.
    4. Қайта өндіру процесіндегі роліне байланысты:

    - тұтыну инновациялары;

    - инвестициялық инновациялар.
    5. Масштабына қарай:

    - күрделі инновациялар;

    - жай инновациялар.

    Түсініктер мен терминдерді анықтау және нақтылауды жазыңыз.

    Педагогикалық ұғым – бұл өздеріне тән жалпы, арнайы белгілері бойынша

    педагогикалық құбылыстардың, үдерістердің немесе жүйелердің бөлінген тобының сөз

    арқылы берілетін педагогикалық әрекетті көрсету үдерісінің нәтижесі. Педагогикалық

    термин – бұл педагогика ғылымында педагог-зерттеушілер тарапынан қабылданған және

    заңдастырылған қандай да бір педагогикалық феноменнің атауы, аты, белгіленуі.

    Педагогикалық дефиниция - педагогикалық феноменнің оған сәйкес мағынасын ашып,

    заттай және айрықша белгілерін сипаттайтын жорамал болжам. Педагогикалық феноменді

    түрлі теориялық-тұғырнамалық тұрғыдан зерттеуге байланысты бір педагогикалық

    терминге түрлі анықтамалар берілуі мүмкін. Кез-келген ғылымның даму үдерісінде

    белгілі бір ғылымдағы өзге ұғымдарға негіз, бастау болар, «түбір» ұғымдарға айналатын

    ұғымдар бірігіп, ғылым категорияларына айналады. Бұл ретте педагогикада да дәл сол

    құбылыс орын алады.

    Зерттеудің ұғымдық аппаратын қалыптастырудың төрт шешуші кезеңін бөліп

    қарастыралық:

    • зерттелуші үдеріс пен ұғымдардың құрылымын, оның құрамдас бөліктері

    мен зерттеу қырларын (ұғымдық матрица) анықтау;

    • ұғымдардың мазмұнын, белгілі немесе қайта енгізілген терминдердің

    терминологиялық түсіндірмелері мен олардың негізделуін анықтау;

    • категорияларды (негізгі, кешенді ұғымдарды) анықтау, категориялықұғымдық жүйені құру;

    • ұғымдық жүйе элементтерінің өзара байланысын, ол арқылы зерттеліп

    жатқан үдерістер мен құбылыстардың терең әрі тұтас айқындалу деңгейін ашу.

    Зерттеуші ұғымдарды таңдау кезінде ғылыми терминологияға қойылатын жалпы

    талаптарды ескеруі қажет:

    • нақтылық – мағынасының бірегейлігі;

    • анықтамалық (дефинитивность) – педагогикалық объектінің айрықша

    қасиеттері мен белгілерін ашып, анықтама беру мүмкіндігі;

    • жүйелілік – педагогика ғылымының ұғымдық аппаратындағы ұғымның

    орнын айқындау.
    Зерттеу әдістері және олардың жіктелуіне тоқталып өтіңіз.

    Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі – бұл педагогикалық

    құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты

    байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру

    мақсатымен жүргізілетін іс - әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан

    қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық

    тә»жірибені зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері, 3) математикалық әдістері.

    Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың

    көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе,

    яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады.

    Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс

    қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты

    келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер қолданылады:

    бақылау, әңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық және шығарма

    жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.

    Педагогика – үнемі дамып отыратын ғылым. Халық ағарту жүйесі тәрбие мен білім

    берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі

    проблемаларды ғылыми – теориялық, практикалық жағынан терең талдау үшін педагогика

    ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады:

    1. Педагогикалық байқау. Бұл педагогикалық зерттеулерді қолданып жүрген ең көп

    тараған әдісі. Байқау, ең алдымен, тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейді,

    байқалатын объектіліерді бөліп алып, әдетте фактілер мен белгілерді тіркеп отыратын

    күні бұрын жасалған жоспар бойынша жүргізіледі.

    2. Әңгімелесу әдісі. Педагогикалық зерттеу әдісі ретінде өз алдына дербес

    қолданылады және байқау әдісімен толықтырылып отырады. Әңгімелесу әдісі күні бұрын

    белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі.

    Әңгімелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, қорытынды жасалады.

    3. Интервью алу әдісі. Бұл педагогикаға әңгімелесу әдісінің бір түрі ретінде

    социологиялық зерттеулерден ауысқан. Әдетте жүргізілген әңгімелеоден айырмашылығы

    интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар, бір ізді дәйектілікпен

    әңгімелесушінің жауаптары жазылып алынады.

    4. Сауал-сұрақ (анкета) әдісін қолдануда зерттеліп отырған проблемаға байланысты

    көпшілік пікірін білу және осы коллективтегі әр түрлі әрекеттердің, көңіл-күйлердің т.б.

    мәселелердің объективті деректері, субъективті салыстыру анықталады.

    5. Мектеп құжаттарын зерттеу. Бұл әдіс оқушының жеке іс-қағаздарын, медициналық

    карталарын, класс журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің

    протоколдарын оқып үйрену, талдау, жинақтау мақсатында қолданылады.

    6. Педагогикалық эксперимент әдісі. Зерттеу объектісінің педагогикалық тиімділігін

    анықтай түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдістері мен жолдарын зерттеу

    үшін арнаулы ұйымдастырылған әдіс. Педагогикалық эксмерименттің мынадай түрлері

    бар: табиғи, лабораториялық, іздеу мақсатын көздейтін эксперимент.

    7. Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық әдістерге енгізу.

    Бұл әдістер түрлі педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардың

    өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Педагогикалық

    зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану эксперименттік зерттеулердің сандық

    деректеріне статистикалық өңдеу үшін қажет.

    8. Педагогикалық үрдістерді модельдеу. Модельдеу педагогикада кибернетикалық

    идеялар мен әдістерді пайдаланумен байланысты, олар негізінен алғанда қарапайым

    деңгейде, яғни озат тәжірибені қорытуға, қарапайым материалды жинап сипаттауға жіне

    оны алғаш рет қңдеп, жүйеге келтіруге педагогикалық зеттеу дәрежесін көтеруге

    көмектеседі.

    9. Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу жолдары – педагогикалық зерттеудің ең

    басты қорытындысы болып есептеледі. Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу – бұл

    тұтас комплексті шаралар жиынтығы. Үздіксіз, бір ізді, мақсатты түрде жүргізілген

    зерттеу жұмысының нәтижесінде айқындалған заңдылықты, педагогикалық басылымдар,

    арнайы ғылыми баяндамалар арқылы медодикалық құралдар, оқулықтар жасау арқылы

    мектептің озат тәрбиесімен дәлелденіп, тиімділігі жан жақты айқындалған зерттеулердің

    кепілі болуы керек. Педагогикалық жаңалықтарды, озат тәжірибені, ғылыми-теориялық

    концепцияларды зерттеу, эксперименттік жұмыстар арқылы байқаудан өткізіп, тексеріп,

    оның нәтижелерін шығару тиімділігін көрсету, педагогикалық ынтымақтастық идеясын

    жүзеге асыру – қазіргі мектептің, педагогикалық ғылымның, әрбір мұғалімнің борышы.


    написать администратору сайта