Главная страница
Навигация по странице:

  • Алдыңғы көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпителий қабаты.

  • Алдыңғы шекаралық табақша.

  • Артқы шекаралық табақша.

  • Қызметі

  • Көз алмасының алдыңғы бөлімі. Бояуы: Азокармин. Зерттелетін обьектілер

  • 3, 8, 13 клиникасы. Эндокринді жйеден Препарат аты,бояуы Гипофиз. Гематоксилин. Эозин


    Скачать 5.41 Mb.
    НазваниеЭндокринді жйеден Препарат аты,бояуы Гипофиз. Гематоксилин. Эозин
    Дата17.10.2022
    Размер5.41 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3, 8, 13 клиникасы.docx
    ТипДокументы
    #737501
    страница2 из 3
    1   2   3



    Препарат атауы

    Бояуы

    Зерттелетің объект

    Сипаттамасы

    Қызметі

    Жұлынның алдыңғы мүйізі

    Күміспен импрегнацияланған

    1-алдыңғы мүйіздің қозғалтқыш нейрондары

    2-ақ заты

    3-ақ зат нерв талшықтарының көлденең кесіндісі

    4-ақ заттың глиялы дәнеркер тінді перделері.




    Препаратта жұлынның алдыңғы мүйізі берілген.Жұлынның алдыңғы мүйізінде ең ірі көлемдегі нейрондары бар.Онық ядросының мөлшері біршама үлкен болып табылады.

    Олар түбіршекті нейрондар, себебі алдынғы түбіршек талшықтарын нейриттері кұрайды. моторлық сомалық орталықтар болып осы ядролар анықталадыды. Алдыңғы мүйізде қозғалтқыш нейрондарының медиалды және латералды тобы анық байқалады. Медиалды тобы бұлшық еттерді жүйкелендіреді сонымен қатар жұлынның жақсы жетілген. Латералды тобы мойын және бел тұстарында орналасады, аяқ пен қол бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Мотонейрондардың орталық тобы жамбас және иық иіндерінің бұлшық еттерін жүйкелендіруге қатысады. Ядроларда нейрондар колонкалар түзейді. Аксондары экстрафузалды бұлшық ет талшыктарында жүйке-бұлшық ет синапсын құрап, шапшаң фазалық жиырылуларды жүргізетін үлкен альфа-мотонейрондарды, бұлшық еттің тонусын демейтін кіші альфа-мотонейрондарды, жүйке-бұлшық ет ұршығының интрафузалды бұлшық ет талшығын жүйкелендіретін ұсақ гамма-мотонейрондарды ажыратады.
    Клиникасы:

    Алдыңғы мүйіздің зақымдану синдромы оның жағында сегменттік типтегі салбыраған параличтің (парездің) дамуымен көрінеді: паралич - бұл белгілі бір бұлшықет топтарындағы ерікті қозғалыстардың толық жоғалуы; парез - ерікті қозғалыстардың ішінара (толық емес) жоғалуы. Баяу созылмалы процестер кезінде бұлшықеттердің әртүрлі фасцикуляциясы мен фибрилляциясы (тітіркенуі) жиі кездеседі. Сенсорлық бұзылулар жоқ.


    Бұлшық етті жүйкелендіру.



    Препарат атауы

    Бояуы

    Зерттелетің объект

    Сипаттамасы

    Қызметі

    Мишық

    Күміспен импрегнацияланған

    1-молекулалық қабат

    2-ганглионды қабат

    3-дәнді қабат

    4-ганглионды нерв жасушалары

    5-ақ зат.



    Препаратта мишық көрсетілген.

    Мишықты орналасқан сұр заттың көп бөлігі мишықтың қыртысын құрауға қатысады.Ал оның қалған бөлігі ақ заттың ішінде орналасып, мишықтың орталық ядоларын түзеді.Мишықтың қыртысынан үш қабатың ажыратамыз, ол сыртқы-молекулалық,ортаңғы-ганглионды,ішкісі-түйіршікті қабатарынан тұрады.Сыртқы – молекулалық қабатынан нейрондардың екі түрін байқауға болады.Олар себет тәрізді және жұлдыз тәрізді нейрондар.

    Себет тірізді нейрондардың денесінен шығатын аксондары горизонталь бағытта орналасқан.Бұл нейрондар Пуркинье жасушаларыныың денесін аксонымен қоршап байланысады да, аксосомалық тежегіш синапс түзеді.

    Оның атқаратын қызметі –алмұрт тәрізді нейрондардан белсенділігін тежеу болып табылады.

    Жұлдыз тәрізді нейрондар себет тәрізді нейрондардан жоғарырақ орналасады.Олардың ұсақ және ірі аксонды түрлері ажыратылады.

    Ортаңғы ганглионды қабатта-алмұрт тәрізді нейрондар не болмаса Пуркинье жасушалары жоғары молекулярлық қабатқа өтіп дендрит ағашын түзеді,ал аксоны дәнді қабаттан эфферентті жол арқылы өтіп ақ заттағы ядросына барады. Ішкі түйіршікті қабат нейрондарға бай қабат болып табылады.

    Тепе-тендікті сақтау,қимылқозғалысты үйлестіру.


    15.



    Препарат атауы:Көздің қасаң қабығы.

    Бояуы:Гематоксилин – эозин.

    Зерттелетін обьект:

    1-көпқабатты жалпық мүйізделмейтін эпителий

    2-алдыңғы шектеуші мембрана

    3-меншікті заты

    4-артқы шектеуші мембрана

    5-қасаң қабықтың артқы эпителийі

    Сипаттамасы:Препаратта көздің қасаң қабығы берілген.Ол көздің сәуле сындыру аппаратының құрамына кіреді.Ол көздің фиброзды қабықшасының 1/16 бөлігін алып жатады. Көздің қасаң қабығында бес кабатты ажыратады:

    1. Алдыңғы көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпителий қабаты.Ол бес қабаттан тұрып,өзара десмосомалар аркылы байланысады. Базальды қабат алдыңғы шекаралық табақшада орналаскан. Эпителийдің базальды кабатының жасушаларынын пішіндері призма тәрізді болады, ядролары сопакша болып табылады. Базальды кабатка 2-3 катар көп қырлы жасушалар бар.Олардың қанат тәрізді өсінділері эпителийдің көршілес жасушаларының араларына ене орналасады. Қанатты жасушалардын ядролары дөнгелектеу болып келеді. Эпителийде көптеген бос жүйкелік аяктамалар болып, мөлдір қабыкшаның жоғары сезімталдығын калыптастырады.

    2. Алдыңғы шекаралық табақша.Мөлдір кабыкшаның эпителийінің астында орналасқан қабат болып табылады.Оның калындығы 6—9 мкм. Оны боумен мембранасы деп те атайды. Бұл қабатта коллаген фибриллалары орналасқан.

    3. Меншікті заты.Бұл қабат гомогенді жұка дәнекер тіндік табақшалардан кұралған. Табакшалар диаметрі 0,3—0,6 мкм болатын коллаген фибриллаларының шоғырларынан түрады. Табакшалардың араларында фибробласттардың бір түрі болып та- былатын, өсінділі жазык жасушалар болады.Гликозаминогликандарға бай негізгі заты болады.Ол қасаң қабықтың мөлдірлігін қамтамасыз етеді.

    4. Артқы шекаралық табақша. Бұл әйнек тәрізді, сәулені күшті сындыратын кұрылым. Қалындығы 5—10 мкм болып келеді. Оны басқаша десцемет мембранасы деп те атайды.Диаметрі 10 нм болатын коллаген талшыктарынан және аморфты заттан тұрады. Ол екі сырткы — эластикалық, ішкі — кутикулярлык қабаттардан тұрады.

    5. Артқы эпителий. Артқы эпителий ,ол алдыңғы камераның эндотелиі болып табылады.Ол гексогоналды жасушалардың бір қабатынан тұрады. Жасушалардың ядролары дөңгелек болып келген.Жасушаларда көбінесе вакуольдер болады. Арткы эпителий мөлдір кабыкшаны алдыңғы камераның ылғалының әсерінен сактайды.

    Қызметі:Сәуле сындырғыш аппарат құрамына кіріп,жарықты өткізіп,сындырады;қорғаныштық қызмет атқарады;мөлдірлік қасиет береді;

    16.



    Көз алмасының алдыңғы бөлімі.

    Бояуы: Азокармин.

    Зерттелетін обьектілер:

    1-қасаң қабық

    2-көздің алдыңғы камерасы

    3-нұрлы қабық

    Сипаттамасы:Препаратта көз алмасының алдыңғы бөлімі берілген.Мұнда біз қасаң қабықты,көздің алдыңғы камерасын,нұрлы қабықты ажыратамыз. нұрлы қабығы берілген.Ол көздің аккомадация аппаратының біріне жатады.Ол мөлдір қабықшамен көз бұршағының арасында көздің алдыңғы және артқы камераларының шекарасында орналасқан.Ол тамырлы және торлы қабықшалардың туындысы болып табылады.Нұрлы қабықтың дәл ортасында қарашық орналасқан. Нұрлы қабықтың кірпікшелі денеге қараған бетін шетін кірпікшелі шеті деп атаса,қарашыққа қараған бетін қарашықтық беті деп атайды. Оның стромасы пигментті жасушаларға бай борпылдақ талшықты дәнекер тіннен құралған. Нұрлы қабықта екі түрлі бұлшықеттер тобын ажыратамыз.Бірі-қарашықты кішірейтетін бұлшықет болса, екіншісі-қарашықты кеңейтетін кеңейтетін бұлшықет болып таыблады. Бұл бұлшықеттер аккомадацияға қатысады.

    Нұрлы қабықта бес қабатты ажыратады :

    1.Алдыңғы эпителий.

    2.Алдыңғы шекаралық қабат.

    3.Тамырлы қабат.

    4.Артқы шекаралық қабат

    5.Артқы пигментті эпителий

    Көздің қасаң қабығы көздің сәуле сындыру аппаратының құрамына кіреді.Ол көздің фиброзды қабықшасының 1/16 бөлігін алып жатады. Көздің қасаң қабығында бес кабатты ажыратады:

    1.Алдыңғы көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпителий қабаты.Ол бес қабаттан тұрып,өзара десмосомалар аркылы байланысады. Базальды қабат алдыңғы шекаралық табақшада орналаскан. Эпителийдің базальды кабатының жасушаларынын пішіндері призма тәрізді болады, ядролары сопакша болып табылады. Базальды кабатка 2-3 катар көп қырлы жасушалар бар.Олардың қанат тәрізді өсінділері эпителийдің көршілес жасушаларының араларына ене орналасады. Қанатты жасушалардын ядролары дөнгелектеу болып келеді. Эпителийде көптеген бос жүйкелік аяктамалар болып, мөлдір қабыкшаның жоғары сезімталдығын калыптастырады.

    2.Алдыңғы шекаралық табақша.Мөлдір кабыкшаның эпителийінің астында орналасқан қабат болып табылады.Оның калындығы 6—9 мкм. Оны боумен мембранасы деп те атайды. Бұл қабатта коллаген фибриллалары орналасқан.

    3.Меншікті заты.Бұл қабат гомогенді жұка дәнекер тіндік табақшалардан кұралған. Табакшалар диаметрі 0,3—0,6 мкм болатын коллаген фибриллаларының шоғырларынан түрады. Табакшалардың араларында фибробласттардың бір түрі болып та- былатын, өсінділі жазык жасушалар болады.Гликозаминогликандарға бай негізгі заты болады.Ол қасаң қабықтың мөлдірлігін қамтамасыз етеді.

    4.Артқы шекаралық табақша. Бұл әйнек тәрізді, сәулені күшті сындыратын кұрылым. Қалындығы 5—10 мкм болып келеді. Оны басқаша десцемет мембранасы деп те атайды.Диаметрі 10 нм болатын коллаген талшыктарынан және аморфты заттан тұрады. Ол екі сырткы — эластикалық, ішкі — кутикулярлык қабаттардан тұрады.

    5.Артқы эпителий. Артқы эпителий ,ол алдыңғы камераның эндотелиі болып табылады.Ол гексогоналды жасушалардың бір қабатынан тұрады. Жасушалардың ядролары дөңгелек болып келген.Жасушаларда көбінесе вакуольдер болады. Арткы эпителий мөлдір кабыкшаны алдыңғы

    Алдыңғы камера мөлдір қабықшадан және нұрлы қабықшадан, қарашық аймағында көз бұршағының алдыңғы капсуласынан құралған . Алдыңғы камераның бұрышының ең шетінде кірпікшелі денешіктің аздаған жерімен біріге орналасқан , нұрлы-мөлдір қабықшалық бұрыш анықталады. Камералық бұрыш дренажды аппарат пен шлемм каналымен ұштасып жатады .Мұнда Шлемм каналы орналасқан.Ол ішінен эндотелиймен қапталған.Оның сыртқы тамырлар шығады , олардан алдыңғы және артқы камералардан сулы ылғалды терең венозды өрімге әкететін көктамырлар басталады.Ол сулы ылғалдың алмасуында және көз ішінің қысымының өзгерісінде үлкен кызмет атқарады .

    Қызметі:Торлы қабық көздің аккомадация аппаратына жатады;Жарықтың мөлшеріне байланысты көз бүршағының пішінінің және сәуле сындыру күшінің өзгеруін, бейненің торлы қабықшада фокусталуын, сонымен бірге көздің түскен жарыктың қарқынына бейімделуін камтамасыз етеді.

    Мөлдір қабық- сәуле сындырғыш аппарат құрамына кіріп,жарықты өткізіп,сындырады;қорғаныштық қызмет атқарады;мөлдірлік қасиет береді;

    Алдыңғы камера- сулы ылғалдың алмасуында және көз ішінің қысымының өзгерісінде үлкен кызмет атқарады.

    17.



    Препарат атауы:Нұрлы қабық

    Бояуы:Азокармин

    Зерттелентін обьектілер:

    1-бір қабатты жалпақ эпителий

    2-сыртқы шектеуші қабат

    3-тамырлы қабат

    4-ішкі шектеуші қабат

    5-артқы пигментті эпителий

    Сипаттамасы:Препаратта көздің нұрлы қабығы берілген.Ол көздің аккомадация аппаратының біріне жатады.Ол мөлдір қабықшамен көз бұршағының арасында көздің алдыңғы және артқы камераларының шекарасында орналасқан.Ол тамырлы және торлы қабықшалардың туындысы болып табылады.Нұрлы қабықтың дәл ортасында қарашық орналасқан. Нұрлы қабықтың кірпікшелі денеге қараған бетін шетін кірпікшелі шеті деп атаса,қарашыққа қараған бетін қарашықтық беті деп атайды. Оның стромасы пигментті жасушаларға бай борпылдақ талшықты дәнекер тіннен құралған. Нұрлы қабықта екі түрлі бұлшықеттер тобын ажыратамыз.Бірі-қарашықты кішірейтетін бұлшықет болса, екіншісі-қарашықты кеңейтетін кеңейтетін бұлшықет болып таыблады. Бұл бұлшықеттер аккомадацияға қатысады.

    Нұрлы қабықта бес қабатты ажыратады :

    1. Алдыңғы эпителий.Бұл қабатта полигоналды жазық нейроглиалды жасушалар орналасқан.Көздің мөлдір қабықшасының эпителийінің жалғасы болып табылады.

    2. Алдыңғы шекаралық қабат.Бұл қабатта фибробласттар,пигментті жасушалар орналасқан.Пигментті жасшалардың ұүрамында меланин бар.Ол көзге түс береді.

    3. Тамырлы қабат.Бұл қабатта пигментті жасушалары бар борпылдақ дәнекер тінмен толтырылған көптеген тамырлар бар.

    4. Артқы шекаралық қабаттың құрылысы алдыңғы шекаралық қабатпен бірдей болып табылады.

    5. Артқы пигментті эпителий.Құрамында глиоциттер және пигментоциттердің дифферондары болады .Торлы қабықшаның екіқабатты эпителийінің жалғасы болып табылады.

    Қызметі:Көздің аккомадация аппаратына жатады;Жарықтың мөлшеріне байланысты көз бүршағының пішінінің және сәуле сындыру күшінің өзгеруін, бейненің торлы қабықшада фокусталуын, сонымен бірге көздің түскен жарыктың қарқынына бейімделуін камтамасыз етеді.

    18.



    Препарат атауы:Көз бұршағы

    Бояуы:Гематоксилин-эозин

    Зерттелетін обьекттер:

    1-көз бұршағының эпителийі

    2-көз бұршағының талшықтары

    3-бұршақ талшықтарының ядролары

    4-көз бұршағының ядросы

    Сипаттамасы:Препаратта көз бұршағы берілген.Ол дөңес болып келген, мөлдір дене. Оның сәуле сындыру көрсеткіші 1,42 болып табылады.Көз бұршағы қалыңдығы 11-18 мкм мөлдір капсуламен қапталған.Бұл эпителийдің базальды мембранасы,құрамында коллаген, сулфатталған гли козаминогликандар және т.б. болады.

    Көз бұршағының алдыңғы қабырғасы бірқабатты жазық эпителийден тұрады. Экваторға қарай эпителиоциттер биіктей түседі. Бұл кабиальді аймақ болып табылады.Жаңа эпителиоциттер көз бұршағының талшықтарына айналады. Әрбір талшық алты қырлы призма түрінде болады және олардың құрамында кристаллин нәруызы болады. Талшықтарды бір - бірімен ерекше зат желімдеп тұрады.Орталықта орналасқан талшықтар ядроларынан айрылады , қысқарып,бір - бірінің үстіне жапсарласып , көз бұршағының ядросын құрайды . Бұршақ көзде бір жағынан кірпікшелі денешікке , екінші жағынан көз бұршағының капсуласына бекініп тұрады.Кірпікшелі денешіктің кірпікшелі белбеушесінің талшықтары арқылы бекініп тұрады.Оның пішіні көздің жақыннан және алыстан көруге аккомодациялануы кезінде өзгеріп тұрады.

    Қызметі:Көздің сәуле сындырғыш аппаратына жатады;Көзге түскен жарық мөлшерін реттеп,соған байланысты пішінің өзгертіп отырады;Жарықты сындырады,бейненің көздің торлы қабатында фокусталуын қамтамасыз етеді;

    19.



    Препарат атауы:Көздің артқы қабырғасы. Көздің торлы қабығының қараңғы кездегі құрылысы.

    Бояуы:Азокармин.

    Зерттелетін обьектілер:

    1-тамырлы қабық

    2-пигментті эпителий

    3-таяқшалар мен сауытшалар қабаты

    4-сыртқы ядролы қабат

    5-сыртқы торлы қабат

    6-ішкі ядролық қабат

    7-ішкі торлы қабат

    8-ганглионды қабат

    9-нерв талшықтарының қабаты

    10-ішкі шектеуші мембрана

    Сипаттамасы: Препаратта көздің артқы аймағы берілген. Мұнда біз көздің торлы және тамырлы қабатын көре аламыз. Тамырлы қабықша пигментті эпителийдің және нейрондардың қоректенуін іске асырып , көз алмасының қысымы мен қызуын реттейді . Оның қабаттары:

    1. Тамырүсті табақша.Ең сыртқы,склераға шектесе орналасқан,қалыңдығы 30 мкм болып келген қабаты. Ол құрамында пигментті жасушалары, коллаген фибриллалары , фибробласттар , жүйкелік өрімдер және тамырлар болатын борпылдақ талшықты дәнекер тіннен тұрады.

    2. Тамырлы табақша.Құрамында көртеген артериялар мен веналар бар қабат.Олардың араларында борпылдақ талшықты дәнекер тін , пигментті жасушалар , жазық миоциттердің жеке шоғырлары орналасқан.

    3. Тамырлы - қылтамырлық табақша көптеген гемоқылтамырлардан түзелген.

    4. Базальды кешен өте жұқа табақша ( 1-4 мкм ) , тамырлы қабықша және торлы қабықшаның пигментті қабатының арасында қоныс тепкен.

    Көздің рецепторлық аппараты торлы қабықшанын көру аймағынан кұралады. Оны 10 қабатқа бөліп қарастырамыз.

    1. Пигментті эпителий.Торлы қабықшаның сыртқы қабаты-полигональді призма тәрізді пигментті жасушалар пигментоциттерден тұрады. Саны 4-6млн-ға жетеді. Пигментті жасушалардың плазмолеммаларының апикалды бөліктері нейросенсорлык жасушалардың сыртқы сегменттерінің дистальді бөліктерімен тікелей байланысады. Апикальді бетінде микробүрлері бар.Бір пигментоцит нейросенсорлық жасушаның 30-45 сыртқы сегментімен байланысады.Фагосомалар нейросенсорлық жасушалардың сыртқы сегментінің дискілерін фагоцитттейді. Өсінділерде питменттің болуы (меланосомалардын) көзге түсетін сәуленін 85—90% сіңірілуіне жағдай жасайды.

    2. Таяқша және колба тәрізді жасушалар.Бұл қабатта осы жасушалардың сыртқы сегменті,фоторецепторлы структуралар анық көрінеді.

    3. Сыртқы шектеуші мембрана.Тіректік қызмет атқарады.Мұнда глиальді жасушалар орналасқан.

    4. Сырқы ядролық қабат.Колба және таяқша тәрізді жасушалардың денелері,ядросы орналасқан аймағы анық көрінеді.

    5. Сыртқы торлы қабат.Сауытшалы және таяқшалы нейрондар аралығында байланыс тігінен бағытталған биполярлы және горизонтальді нейрондармен атқарылады.

    6. Ішкі ядролық қабат.Ассоциативті нейрондар-биполярлы,горизонтальді,амакринді нейрондардың ядролары орналасқан аймақ және глиальді жасушалар орналасқан.

    7. Ішкі торлы қабат.Ассоциативті нейрондар мен ганлионарлы нейрондар байланысатын аймақ.Яғни,ассоциативті нейрондардың аксондары,ганглионарлы нейрондардың дендриттерімен байланысады.

    8. Ганглионарлы қабат.Ганглиоздык нейрондардың денелері анық көрінеді.Торлы қабықшаның ең ірі жасушалары, олардың аксондарының диаметрі үлкен болып, электр сигналдарын өткізуге кабілетті. Олардың цитоплазмасында хроматофилді зат жақсы дамыған. Олар барлык мәліметтерді торлы қабықшаның бүкіл қабаттарынан тік жолдардан да латералды жолдардан жинап,бас миына береді.

    9. Нерв талшықтарының қабаты.Ганглионарлы нейрондардың аксондарынан тұрады.Ол нерв талшығын түзеді.

    10. Ішкі шектеуші мембрана.Көздің торлы қабығының мөлдір денеге бағытталған ішкі аймағы.
    1   2   3


    написать администратору сайта