Главная страница

4 АПТ ТЕХНИКА ЖӘНЕ БІЗ. Еркемай аралас тобы балаларыны ісрекеті мен трбиесін йымдастыруды жоспарлау циклограммасы. тпелі таырып Техника жне біз


Скачать 40.93 Kb.
НазваниеЕркемай аралас тобы балаларыны ісрекеті мен трбиесін йымдастыруды жоспарлау циклограммасы. тпелі таырып Техника жне біз
Дата09.02.2022
Размер40.93 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла4 АПТ ТЕХНИКА ЖӘНЕ БІЗ.docx
ТипДокументы
#356522

Келісемін:

№6 «Шолпан» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері:Нажуева Л.А
«Еркемай» аралас тобы балаларының іс-әрекеті мен тәрбиесін ұйымдастыруды жоспарлау циклограммасы.

Өтпелі тақырып: «Техника және біз»

Өтетін күні: 4 апта 07.02-11.02.22ж

Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

Ойындар(үстел үсті, саусақ және т.б. )

Таңертеңгі гимнастика (5 мин)

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Балалар техника әлемін, оның ерекшеліктерін және көпқырлылығы туралы түсінікке ие.Заманауи техника қоршаған ортаны өңдеуге және өзгертуге ықпал ететінін біледі

Педагог жетекшілігімен

Дидактикалық ойын:

«Қажетті затты тап»

Балаларға техникалық заттар туралы түсінік беру. (4К модельі; сыни ойлау, бала үні).

Дидактикалық ойын:

«Артығын көрсет»

Сурет ішіндегі артық затты қоршау..(4К модельі; сыни ойлау, бала үні).


Педагог жетекшілігімен

Дидактикалық ойын::«Не бұл?»Суретке қарай отырып,қандай зат екенін айту. ..(4К моделі; сыни ойлау, бала үні).

Құрылымдалған дидактикалық ойын:

«Сиқырлы сөмке»Сөмке ішінен шығарып,көрсете отырып техникалық заттарды атау.

Дидактикалық ойын: «Қауіпті затты көрсет»

Сурет ішінен тауып,қоршап сызу..(4К моделі; сыни ойлау, бала үні).


Ертеңгілік жаттығу кешені№6

Таңғы ас

Балалардың назарын тағамға аудару,мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс,әдеп ережесі

Тікелей бақылау:Балалардың тамақтануын бақылау

Ойындар,Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық





Дамытушылық ойын:

Дидактикалық ойын:

«Атауын ата»

Техникалық суреттерді көрсете отырып атауларын атауға көмектесу.. (4К моделі: бала үні , сыни ойлау,

Дамытушылық ойын:

Дидактикалық ойын:

«Ғажайып сандық»

Сандықша ішіндегі суреттерді атауға көмектесу. (4К моделі: бала үні , сыни ойлау, коммуникативтілік)


« Сөзімді жалғастыр »

«Тез тап»Суреттердің ішінен техникаға қажетті затты табу. (4К моделі: бала үні , сыни ойлау,


Дидактикалық ойын: «Заттарды топтастыр»Араласқан суреттер ішінен тұрмыстық техникаларды атау.


Дидактикалық ойын

«Не қайда қажет?»

Балаларға техникалық заттар туралы ұғым беру.

1.Дене шынықтыру

Жағымды көңіл-күй орнату

. Баяу қарқынмен жүру және жүгіру.Кеудесінің тұсынан әртүрлі заттардың астымен 0,5-1,5 м арақашықтыққа доптарды домалату.Бір орында тұрып екі аяқтап секіру

Миға шабуыл:жалпы дамытушы жаттығуларын жасайық

Тапсырма:

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді, шеңбер жасап тұруды ұсынады.

Таныс алу жаттығуларды атайды..

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау (қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, барлық аралық қалыпты анық орындайды, түсінікті мұқият тындайды, жаттығуларды орындайды,

Құрылымдалған қимылды ойын: «Қояндар мен қасқыр».

Күтілетін нәтиже:

Доптарды домалатып ойнай алады

Сурет салу.

Тақырыбы: «Кір жуатын машина» Жағымды көңіл-күй орнату

Шаттық шеңбері.

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Тәрбиеші жетекшілігімен сөздік жұмыс жасау

Балалар, шеңбер бойында тұрып, бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік.

Мына, суретте нені көріп тұрсыңдар?

Тапсырма:

1.Кір жуатын машинаны сурет арқылы айтып түсіндіру.Балалар егер біздің үстіміздегі киімдеріміз лас болған жағдайда аналарымыз не істейді?

-жуады

-дұрыс айтасыңдар.Балалар бұрын киімді аналарымыз, апаларымыз қолымен жуатын, ал қазір киімді жуатын машина бар, сол машинамен кір жуамыз.

-Кір жуатын машина тоққа қосу арқылы іске қосылады

- Кір жуатын машина киімімізді жуып- шайып, сығып құрғатып дайын қылып береді, киіміміз таза болады. Бұрын ондай болмаған
Кір жуатын машинаның өзіне арналған ережелері бар, сол ережелерді сақтаумыз керек.

2.Бүгінгі сурет салу оқу қызметінде алдарыңдағы кір жуатын машинаның дайын сұлбасын әдемілеп бояймыз.

Сергіту сәті:

Айналаға қарайық,

Отырайық, тұрайық,

Біз тынығып алайық.

Тынығып біз болған соң,

Әсем сурет салайық.

Қимылды ойын:«Күн мен түн» Шарты: Балаларға «күн»дегенде, олар қолдарын ашып, дөңгелек жасайды, ал «түн» дегенде, олар ұйықтаған болады.

Балалар ойынды қызыға ойнайды

Күтілетін нәтиже:

Балалар ұнаған жұмыстарды көрсете білді


1.Көркем әдебиет Тақырыбы: «Жұмбақтар шешу Шаттық шеңбері

Алақанды ашайық

Күн нұрын салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Жиналған жылу шуақтарды,

Қонақтарға шашайық Балалар қараңдаршы мына жерде әдемі қорапша жатыр екен. Қорапшаның ішінде не бар екенін көргілерің келеме?

Ендеше ашып көрейік, мында балалар көптеген жұмбақтар жасырынған, егер жұмбақтың жауабын дұрыс тапсақ, онда суреттер шығады екен. Жұмбақты шешіп көреміз бе?

Мұқият тыңдаймыз

Кино менен концертті,

Үйде қойып беремін,

Жаңалығын бар елдің,

Өз көзіммен көремін. (Теледидар)

Шыр-шыр етеді,
Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді.
(Телефон)

Тоққа тисе мұрты ұзын,

Табанымен жазық.

Киiмдердiң қыртысын,

Бередi тез жазып. (Үтiк)

Iшi салқын, мұзы бар,

Күнкей қашқан қой сынды,

Жылыда тез бұзылар,

Барша тағам тығылар. (Тоңазытқыш)

Бар қиқым жүгiндi,

Тазалауы тамаша,

Кiлем мен алаша,

Жайнайды қараса. (Шаңсорғыш)

Жұмбақтарды өте жақсы шештіңдер.

3.Педагог жетекшілігіменДидактикалық ойын:«Ғажайып сандық»Сандықша ішіндегі суреттерді атауға көмектесу. :(4К моделі: коммуникативті бала үні сыни ойлау) Күтілетін нәтиже:Сұрақ жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау .Жұмбақтарды шешуді үйренді

Музыка

(Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)



1.Дене шынықтыру

Жағымды көңіл-күй орнату

. Баяу қарқынмен жүру және жүгіру.Бір орында тұрып екі аяқтап секіру Гимнастикалық орындықпен жүріп тепе-теңдікті сақтау. Миға шабуыл:жалпы дамытушы жаттығуларын жасайық

Тапсырма:

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді, шеңбер жасап тұруды ұсынады.

Таныс алу жаттығуларды атайды..

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау (қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, барлық аралық қалыпты анық орындайды, түсінікті мұқият тындайды, жаттығуларды орындайды,

Құрылымдалған қимылды ойын: «Орамал тастамақ»

ығулары

Күтілетін нәтиже:

Қос аяқпен секіре алады

Құрастыру

Жағымды көңіл-күй орнату

Шаттық шеңбер:
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық аспан!
Армысың, құрметті Қонақтар!
Армысың, менің достарым!
Тақырыбы: «Теледидар»

І Негізгі бөлім:

(суретпен жұмыс)

Теледидар туралы әңгімелеп беру.
- Балалар теледидардың пайдасы өте көп. Көптеген жаңалықтарды, ертегілерді, концерттерді теле-дидардан көреміз. Сонымен бірге теледидардың зияны да бар. Теледидар көргенде біз теледидардан алыс отырып, қарауымыз қажет. Жақын отырып теледидар қарауға болмайды. Көзімізге зиян келеді.
Үлгі суреттерді көрсетіп, теледи-дардың қалай жасалатынын түсіндіру.
- Қане, балалар осы теледидарды өзіміз жасап көрейік

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

Біз теледидарды сіріңке қорабынан жасайтын боламыз. Тіс шұ-қығыш пен ермексаздан те-ледидардың антенасын жа-саймыз. Іске сәт жұмысқа кірісейік.

ІІІ. Қорытынды

бөлім:

Біз бүгін не істедік?

Бүгін сендерге не ұнады?

Жұмыс барысында кімге қиын болды?

Балалар сендер жақсы жұмыс істедіңдер.

Сергіту сәті:

Қимылды ойын:«Жапырақтар жинау» ойыны. Балалар екі топқа бөлініп, екі жерге екі себет қойылады, белгі берілген кезде балалар кезекпен келіп жапырақтарды салады, қай себетте жапырақтар көп болса, сол топ жеңіске жетеді.

Қорытынды:

Күтілетін нәтиже:

Теледидар туралы әңгімелеп бере алады

1.Жаратылыстану

Тақырыбы: «Тұрмыстық техника және оның қажеттілігі»

Жағымды көңіл-күй орнату

Шаттық шеңбер:
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық аспан!
Армысың, құрметті Қонақтар!
Армысың, менің достарым!
Ғажайып сәт:

-Балалар, бізге бір хат келіпті. Бұл хатты Ернар мен Жанар деген балалар жазыпты. Олар тұрмыстық техниканың қажеттілігі туралы жәнетқуіпсіздік ережесі туралы білгісі келіп көмек сұрапты,бәріміз бірге көмектесемізбе?

Тәрбиеші:
- Балалар, бүгін аптаның қай күні?
- Қазір жылдың қай мезгілі?

1.Тұрмыстық техника-бытовая техника.

Қауіпсіздік ережелері туралы айту.

Сулы қолмен токты қосуға немесе ажыратуға болмайды;

Балаларға ересектерсіз электр токтарын ұстауға болмайды;

Ересектерсіз тұрмыстық техникаларды қолдануға болмайды.

2.Суреттер көрсету арқылы «Не зат,не үшін керек?»ойынын ойнайық.

Ойынның шарты: балалар шеңберде тұрып бірінші бала техника бұйымдарының атын атайды екінші бала қажеттілігін айтады.

Мысалы: үтік – киімдерді үтіктеу, тоңазытқыш – азық-түлікті сақтау.

Тоңазытқыш, шаңсорғыш, теледидар туралы айту. Осылардың барлығын бір сөзбен тұрмыстық техника деп атаймыз. . (4К моделі: бала үні , сыни ойлау,

Сергіту сәті:

Күтілетін нәтиже:

Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау.Балалар техникалардың зиянымен пайдасы туралы түсінік қалыптасты.

2.Мүсіндеу

Тақырыбы: «Тоңазытқыш»

Жағымды көңіл-күй орнату

Шаттық шеңбер:

1.Балмұздақ еріп кетпеу үшін оны қайда саламыз?

-тоңазытқышқа саламыз, дұрыс айтасыңдар. Біздің тағамдарымыз бұзылып, еріп кетпес үшін оны салқын тоңазытқышқа саламыз.Тоңазытқыш туралы сурет арқылы түсінік беру.

2.Ендеше ермексаздан тоңазытқышты мүсіндеп берейік.

Ермексазды алақан арасына салып, саусақтарымызбен жұмсартып, төртбұрышты мүсінге келтіріп тоңазытқышты жасаймыз.

Сергіту сәті: Гүлді көріп көбелек,

Келді ұшып аялап.

Қауышқандай құшақтап ,

Қанаттарын жая сап.

Көңілді алақандар.

«Заттар қандай пішіндерге ұқсайды?» ойыны: суреттегі заттармен танысып, олардың атауын атап беруді сұрау. (Балалар суретке қарап заттарды атайды;тоңазытқыш, теледидар, газ плита)

Күтілетін нәтиже:

Ермексаздан жұмыс жасауды жоғары деңгейде жасады.

3.Жапсыру

Тақырыбы:«Ұшақ»

Жағымды көңіл-күй орнату І.Балаларға Көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау. Үлгі бойынша ұшақ бөлшектерін рет-ретімен орналастыруға көмектесу.Көліктер

туралы суреттер көрсету

Сұрақ-жауап арқылы балалардан суреттерден не көргендері сұралады

Ұшақтың бөлшектерін жапсыруды ұсыну.

Сергіту сәті

Төскейден жел еседі, Төбемнен бұлт көшеді. Туған жерім мен үшін, Көк майсасын төседі.

Қимылды ойын:"Жалғыз аяқ жолмен» ойыны

Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады

Қорытынды:

Күтілетін нәтиже:

Тәрбиеші жетекшілігімен ұшақты жапсыра білді


1.Дене шынықтыру

Жағымды көңіл-күй орнату

Баяу қарқынмен жүру және жүгіру.Гимнастикалық орындықпен жүріп тепе-теңдікті сақтау. Кеудесінің тұсынан әртүрлі заттардың астымен 0,5-1,5 м арақашықтыққа доптарды домалату.Миға шабуыл:жалпы дамытушы жаттығуларын жасайық

Тапсырма:

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді, шеңбер жасап тұруды ұсынады.

Таныс алу жаттығуларды атайды..

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау (қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, барлық аралық қалыпты анық орындайды, түсінікті мұқият тындайды, жаттығуларды орындайды,

Құрылымдалған қимылды ойын:«Қыз –қуу»

Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.

Күтілетін нәтиже:

Бір орында тұрып екі аяқтап секіре алады

Билингвизм:

Кір жуатын машина-стиральная машина

Теледидар-телевизор

Тоңазытқыш-холодильник

Ұшақ-самалет

алыс-далеко,жақын-близко

Ортаңғы топтың қысқа мерзімді жоспарына сәйкес




1.Дене шынықтыру

Жағымды көңіл-күй орнату

Шанамен төбешікке шығу және одан түсуді
жетілдіру. Түрлі түсті мұзды немесе шайбаны аяқпен итере
отырып алаңның бір жағынан екінші жағына алаңдағы белгіге
дейін жүгіруге жаттықтыруды жалғастыру

Миға шабуыл:жалпы дамытушы жаттығуларын жасайық

Тапсырма:

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді, шеңбер жасап тұруды ұсынады.

Таныс алу жаттығуларды атайды..

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау (қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, барлық аралық қалыпты анық орындайды, түсінікті мұқият тындайды, жаттығуларды орындайды,

Құрылымдалған қимылды ойын: «Қояндар мен қасқыр».

Күтілетін нәтиже:

Доптарды домалатып ойнай алады

2.Сурет салу.

Тақырыбы: «Кір жуатын машина» Жағымды көңіл-күй орнату

Шаттық шеңбері.

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Тәрбиеші жетекшілігімен сөздік жұмыс жасау

Балалар, шеңбер бойында тұрып, бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік.

Мына, суретте нені көріп тұрсыңдар?

Тапсырма:

1.Кір жуатын машинаны сурет арқылы айтып түсіндіру.Балалар егер біздің үстіміздегі киімдеріміз лас болған жағдайда аналарымыз не істейді?

-жуады

-дұрыс айтасыңдар.Балалар бұрын киімді аналарымыз, апаларымыз қолымен жуатын, ал қазір киімді жуатын машина бар, сол машинамен кір жуамыз.

-Кір жуатын машина тоққа қосу арқылы іске қосылады

- Кір жуатын машина киімімізді жуып- шайып, сығып құрғатып дайын қылып береді, киіміміз таза болады. Бұрын ондай болмаған
Кір жуатын машинаның өзіне арналған ережелері бар, сол ережелерді сақтаумыз керек.

2.Бүгінгі сурет салу оқу қызметінде алдарыңдағы кір жуатын машинаның дайын сұлбасын әдемілеп бояймыз.

Сергіту сәті:

Айналаға қарайық,

Отырайық, тұрайық,

Біз тынығып алайық.

Тынығып біз болған соң,

Әсем сурет салайық.

Қимылды ойын:«Күн мен түн» Шарты: Балаларға «күн»дегенде, олар қолдарын ашып, дөңгелек жасайды, ал «түн» дегенде, олар ұйықтаған болады.

Балалар ойынды қызыға ойнайды

Күтілетін нәтиже:

Шанамен сырғанай біледі.


1.Сөйлеуді дамыту

Балалармен амандасу.

Шаттық шеңбері

Сәлем саған,Алтын күн! Сәлем саған,Көк аспан, Сәлем саған,Жер ана? Сәлем саған,достарым!

Балалар электр құралдары дегеніміз не?

Оған тоқ байланысты.

Электр құралдарына теледидар,сотка т.б. электр құралдарына жатады, оларға жақындауға болмайды, себебі ол тоқ, бір жерлерінді тоқ арқылы жарақатап аласындар.

Сол себептен электр құралдарына жақындамандар.

Д/о: «Суретті құрастыр»

Қорытынды

Балалар,бүгін біздер немен таныстық?

Электор қуатының бізге қандай пайдасы бар екен?

Күтілетін нәтиже:

Электор қуаты туралы білді

2.Жаратылыстану Тақырыбы:«Қысқы орман»

Қыста табиғатта болатын құбылыстар жайлы қысқы тіршілік туралы түсініктерін кеңейту. Байқампаздық , жыл мезгілдері мен ауа райының арасындағы қарапайым себеп-салдар байланысын анықтау қабілеттерін дамыта білді.Қысқы ормандағы жануарлардың тіршіліктері туралы түсініктері кеңейді

Күтілетін нәтиже:

Барлық тіршілік иелеріне қамқорлық жасауды үйренді.
3.Музыка

Саз жетекшісінің жоспарына сай



1.Дене шынықтыру

Жағымды көңіл-күй орнату

кедергілерден аттап өтуді, тізелерін жоғары көтеріп және ептілікпен аяқтарын түсіргенде бақаймен түсуді, денесін тік ұстап, нық тепе-теңдікті сақтай білуді үйренді

Миға шабуыл:жалпы дамытушы жаттығуларын жасайық

Тапсырма:

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді, шеңбер жасап тұруды ұсынады.

Таныс алу жаттығуларды атайды..

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау (қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, барлық аралық қалыпты анық орындайды, түсінікті мұқият тындайды, жаттығуларды орындайды,

Құрылымдалған қимылды ойын: «Орамал тастамақ»

Күтілетін нәтиже:кедергілерден аттап өтуді үйренді

2.Математика негіздері

Тақырыбы: «Сол жақта – оң жақта» Сәлемдесу

- Сәлеметсіңдерме балалар?

- Көңіл-күйлерің қалай?

Ғажайып сәт.

Ғажайып сәт. Телефонға смс келеді. Бұл смс балалар бізге қояннан келген екен.Ол біздерді өзінің сыйқырлы ғажайыптар әлеміне саяхатқа шақырып жатыр

Балалар саяхатқа шығады

Тақырыпты ашу

«Ұзын-қысқа»ойыны.

Тәрбиеші екі жолақты жол әзірлейді,бірі ұзын,енді біреуі қысқа

-Балалар міне біздер қоянға баратын жолға да келдік,балалар қараңдаршы бұл жерде ұзын және қысқа жолдар бар екен,ендеше қысқа жолмен қыздар,ал ұзын жолмен ұлдар жүреді.

Балалар қарайықшы біздер жаңа қандай жолдармен жүрдік?

-Жарайсыңдар балалар,сапарымызды одан әрі жалғастырайық

-Балалар қараңдаршы бұл сыйқырлы пішіндер ғой,бұл пішіндердің ішінде үшбұрыш және шеңбер бар,ендеше сол пішіндердің үстінен басып өтеміз.Жарайсыңдар!

Балалар қараңдаршы бұл жерге де қоян өзінің тапсырмаларын дайындап қойған екен қане ендеше осы тапсырмаларды орындасақ қоянға жетеміз.

Деңгейлік тапсырмалар.

1 тапсырма

Қағаздардың оң және сол жағын ажыратып беріңіздерші?

2 тапсырма

«Түстеріне қарай топтастыр» Балалар түрлі заттарды түстеріне қарай топтастырып сызып қоршайды және сол заттардың оң және сол жағын ажыратып беріңіздерші

Жарайсыңдар балалар,сапарымызды әрі қарай жалғастырайық.

-Міне балалар қоянның үйіне де келдік, бірақ есігі құлыпталып тұр екен құлыпты ашу үшін мына кілттердің ішінен үшбұрышы және шеңбері бар кілттерді тауып алуымыз керек. Енді бұл кілттерді ұзын қызыл бауға үшбұрыш кілттерді,қысқа көк бауға шеңбер кілттерді тізбектейміз.

Тамаша жарайсыңдар балалар!

Осы кезде экраннан қоянның бейнесі шығады.

Қоян балалармен амандасып, өзінің тоңып тұрғанын айтады

-Қане балалар қоянға мойын орағыш таңдап береміз бе?

Теледидардан ұзын және қысқа мойын орағыштарды салыстырамыз

Ұзын мойын орағыштың түсі қандай?

-Ал қысқа мойын орағыштың түсі қандай?

Сергіту сәті

1 дегенде орнымыздан тұрайық,

2,3 алақанды соғайық,

Оң жаққа бұрылып,сол жаққа бұрылып,

Бір отырып,бір тұрып(ұзын-қысқа)

Бір жүгіріп алайық.

«Күн шуағы»ойыны

Балалар сары домалақ қағазға сары қыстырғыштар қыстырып қоянға күннің шуағын сыйлайды.

-Жарайсыңдар балалар біздің де балабақшаға оралатын уақытымыз болды

Қоянға сау болыңыз айтайық

Күтілетін нәтиже:

Сол жақ және оң жақ ұғымдарын меңгерді

Вариативтік бөлім:

Асық өй өрісін дамыту құралы



1.Орыс тілі Пән мұғалімінің жоспары бойынша
2.Жапсыру

Тақырыбы:«Ұшақ»

Жағымды көңіл-күй орнату І.Балаларға Көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау. Үлгі бойынша ұшақ бөлшектерін рет-ретімен орналастыруға көмектесу.Көліктер

туралы суреттер көрсету

Сұрақ-жауап арқылы балалардан суреттерден не көргендері сұралады

Ұшақтың бөлшектерін жапсыруды ұсыну.

Сергіту сәті

Төскейден жел еседі, Төбемнен бұлт көшеді. Туған жерім мен үшін, Көк майсасын төседі.

Қимылды ойын:"Жалғыз аяқ жолмен» ойыны

Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады

Қорытынды:

Күтілетін нәтиже:

Тәрбиеші жетекшілігімен ұшақты жапсыра алды
3.Мүсіндеу

І. Адамдардың еңбектері туралы түсінік бере отырып, еңбек құралдарымен таныстыру. Үлкендердің еңбегін бағалай біледі.

ІІ.Түстерді дұрыс пайдалана отырып,еңбек құралдарын жасайды

Сергіту сәті

Төскейден жел еседі, Төбемнен бұлт көшеді. Туған жерім мен үшін, Көк майсасын төседі.

Д\о:Бәйтеректі ғимараттардың ішінен ажырату

ІІІ.Балалардан бүгінгі оқу қызметінде нені мүсіндегендерін сұрақ қою арқылы сұрап бәйтерек туралы біліетіндерін қорытындылап бекіту

Күтілетін нәтиже:

Еңбек құралдарымен танысты.



1.Дене шынықтыру

Жағымды көңіл-күй орнату

кедергілерден аттап өтуді, тізелерін жоғары көтеріп және ептілікпен аяқтарын түсіргенде бақаймен түсуді, денесін тік ұстап, нық тепе-теңдікті сақтай білуді үйреттім.

Миға шабуыл:жалпы дамытушы жаттығуларын жасайық

Тапсырма:

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді, шеңбер жасап тұруды ұсынады.

Таныс алу жаттығуларды атайды..

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау (қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, барлық аралық қалыпты анық орындайды, түсінікті мұқият тындайды, жаттығуларды орындайды,

Құрылымдалған қимылды ойын:«Қыз –қуу»

Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.

Күтілетін нәтиже:

Бір орында тұрып екі аяқпен секіре алуды үйренді
2.Қоршаған ортамен таныстыру

Шаттық шеңбері: «Күн шуағы»

Педагог балаларды ортаға шақырады.

Балалар қазір мына әуен аяқталғанша әрбір үйге қажетті деген заттарды алып келіңдер.

- Балалар сендердің үйлеріңде үйге өте қажетті осындай заттар, яғни тұрмыстық бұйымдар бар ма? Ас үйден бастайық. Ас үйде қандай заттар бар?

Балалар дұрыс бұл заттардың бәрі үй тұрмысына қажетті заттар. Бұлар үй жиһаздары және тұрмыстық техникалық қажетті заттар. Бұларды бір-бірінен ажырату үшін балалар барлығымыз экранға назар аударайық.

Бұл экраннан тұрмысқа көше техникаларды көрсетіп, олардың қажеттілігі, зияны мен пайдасы жайлы айтып түсіндіру. Балаларға әр бұйымды түсіндіру кезінде балаларға сұрақ қойып, жауап алып отыру.

Мысалы: Бұл не? Ия бұлүтіконымен не істейміз? Оны алдымен тоққа қосамыз. Ол ысыды, сосын киім үтіктейміз. Оны балалар қолдануға болмайды. Неге?  Үтік адам тұрмысына өте қажет. Егер үтік болмаса киімдеріміз мыжырылып, қыртыстанып тұрады.

Сол сияқты тұрмыстық үйге қажетті техникалардың барлығына жеке-жек етоқталу.

Балалар бұлардың барлығын қалай атаймыз. Ия тұрмыстық техникалар деп атаймыз.

Сергіту сәті: «Шаңсорғыш ойыны».

Балалардың біреуі шаңсорғыш қалғандары шаң боп жан жаққа жүгіріп жерге қонады. Шаңсорғыш оларды жинап шығарады. Оның қолы кимге тиеді. Олар жайлап орнынан тұрады.

Қорытынды:

Тұрмысына қолданылатын заттарды қалай пайдалану керектігін, олардың атқаратын қызметін түсіну

Күтілетін нәтиже:

Тұрмыстық заттарды ажырата алады.



Билингвизм

тоңазытқыш-холодильник, тұрмыстық техника- бытовая техника

Телефон-телефон

Тоқ-электор

Теледидар-телевизор

Техника-техника

Құралдары-инструменты

Еңбек-труд

электр бұйымдары-электро товары, шаңсорғыш-пылесос


«Табиғат аясында»

Серуен

Картотека №

Картаотека №

Картотека №

Картотека №

Картотека №

Серуеннен оралу

Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі

Жанама бақылау:Өз сөрелерін  тауып,гигиеналық шараларды сақтауын бақылау

«Ас дәмді болсын!»

Түскі ас

Балалардың назарын тағамға аудару.Астарыңыз дәмді болсын! Нан қиқымын жерге түсірмеуге,үстелге дұрыс отырып,мәдениетті тамақтандыруға, баулу.

«Тәтті ұйқы»

Гигиеналық және сауықтыру шаралары.Күндізгі ұйқыға жатқызу.

Баяу әуенмен

Үйшік ертегісін оқу

Аю мен Маша ертегісін оқу

Баяу әнмен ұйықтату

Шұбар тауық ертегісін оқу

«Ұйқымызды ашайық» Ұйқыдан ояну,шынықтыру шаралары.

Кешен№6

«Тамағымыз дәмді болсын!» Бесін ас

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс

«Алақай ойын»

Ойындар, дербес әрекет

«Сиқырлы қапшық»

мақсаты:заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша топтастырып салыстыру.

(4К моделі; коммуникативтілік, сыни ойлау)

Сюжетті-рөлдік ойын

«Қуыршаққа үй құрастыр»

Ірі құрылыс материалдарымен және конструкторлармен ойындар.



«Ұшты –ұшты»

Мақсаты: айтылған сөздерді ажырата алады

(4К моделі; коммуникативтілік, сыни ойлау, бала үні)

«Дәрігер»

Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, дәрігердің іс-әрекетімен таныстыру.

(4К моделі; коммуникативтілік, бала үні топтасып ойнау)

Қимылды ойын: «Таң атқанда тұратын»

Мақсаты: Балалардың зейінін, шапшаңдықтарын арттыру. (4К моделі; коммуникативтілік, бала үні топтасып ойнау)

Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс


--------------------------

оң және сол қолдарын ажырата алады.


--------------------------------

суреттер бойынша таныс шығармаларды атайды, олар бойынша сұрақтарға жауап береді;



---------------------------------

қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;


-------------------------------

оң және сол қолдарын ажырата алады.


------------------------

қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;

Серуенге дайындық.

Серуен

топқа кіруін алдынан аяқ киімдерін тазартуға үйрету. Киімдерін дұрыс бүктеп орнына қоюын қадағалау.

«Ертеңге дейн»

Балалармен ата-аналармен қарым-қатынас.Балалардың үйге қайтуы.

Балалардың себепсіз балабақшадан қалдырмау керектігін айту

Үйде баланың бос уақытын қалай өткізуге болады?-кеңес

Баланың бүгінгі жетістігі, бала денсаулығы мен тамағы жөнінде әңгімелесу.Балалардың тәрбиешіден сұранып үйге қайтуы.

Ата-аналармен балабақшаға уақытпен келуі туралы сөйлесу.

Топқа киетін киімдерін жуып алып келуге үйге беріп жіберу


написать администратору сайта