Доклад — слайд. Ертіс ауылы Ертіс жалпы білім беру мектебіні директоры
Скачать 23.09 Kb.
|
Ертіс ауылы № Ертіс жалпы білім беру мектебінің директоры А.Т.Сарсенова Озат тәжірибе: мектептегі соңғы жетістіктер 1 СЛАЙД Еліміздің қарқынды дамуы сан түрлі қажеттіліктерге сәйкес ұлы мақсаттарды айқындап отыр. Оның ең бастысы – еліміздің тұғырын берік ұстап тұра алатын, оны одан әрі дамытып, көркейтетін ұрпақ дайындау. Осы қажеттіліктерді жүзеге асыру үшін «Қазақстан – 2030 стратегиялық даму бағдарламасы» дүниеге келді. Қоғамды дамытушы күш жастар болғандықтан, оның бойында ұлы істі жүзеге асыра алатындай күш - қабілет болуы керек. Ол күш – білімде, тәрбиеде, іс-әрекетте. 2 СЛАЙД Н.Ә.Назарбаев «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек» деп міндеттейді. Біз осы пікірдің өзінен-ақ білім беру жүйесін реформалауда басқарудың әдіс-тәсілдеріне жаңаша құрылыммен келу керектігін көреміз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер өткізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті маман қажет. Шығармашылығы жоғары, дарынды балаларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлау тиімді болса, екінші жағынан, ерекше қабілетті балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар аударуымен айқындалып отыр. Біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі деңгейінде мұғалімнің ролі, көтерер жүгі ерекше. Бұл Республикамыздағы жаңа оқу Тұжырымдамасының мазмұнына сәйкес, оқушының көптеген тапсырмаларды өз бетімен ізденіп тауып оқуына, оның жеке тұлғасының қасиеттерінің дамуына байланысты. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз. Мектеп «Білім беру жүйесін жаңартудағы басымдықтары: жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын және оқу танымдық құзіреттілігін арттыру» тақырыпта жұмыс жасап келеді. 3 СЛАЙД Мектепте 36 мұғалім, олардың 34 жоғары білімді, 2 орта арнаулы. Мұғалімнің кәсіби деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі - оның біліктілік санаты болып табылады. Мектеп мұғалімдерін аттестаттау 5 жылда бір рет өткізілетіндіктен, мұғалімдерді алдын-ала дайындау мақсатында мектепішілік жоспар бойынша жұмыс істеледі. Биылғы оқу жылында жұмыс істеген 36 мұғалімнің ішінде біліктілігі бойынша жоғары санатты 12, бірінші санатты- 10 және 4 мұғалім педагог-зерттеуші, 2 педагог-сарапшы, 3 модератор, 2 тілдік курс, сапалық құрам 78%-ды құрайды. Кәсіптік деңгейін көтеру және жаңартылған білім бағдарлама бойынша білімдерін арттыру мақсатында мұғалімдердің білімдерін жетілдіру үшін пәндік, деңгейлік, тілдік курстарға жіберіліп отырылады. Курстан өтіп келген мұғалімдер мектепте педагогтермен жинаған тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар, семинарлар, коучингтер өткізеді. Ол мұғалімдер аудандық, облыстық семинарларда білімдерін шыңдауда. Деңгейлік бағдарламасымен сертификатталған мұғалімдер саны 9. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептеріндегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренері оқыту курсын 3 мұғалім аяқтап, «Тиімді оқыту мен оқу» бойынша жұмыс атқаруда. 4 СЛАЙД Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым – қатынасына көшу кезінде саяси – экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан – жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», — деп тұжырым жасады. 5 СЛАЙД ҰБТ-дің нәтижесі бойынша мектеп оқушыларының 80%-ы жыл сайын мемлекеттік білім беру грантына ие болды. Бес жыл бойы «Алтын белгі» жалпы білім беру аттестатын түлектер 100% растады. 6 СЛАЙД 2018 жылы ОЖСБ-ға 4,9,11 сыныптан 87 оқушысы қатысып, 4 сыныптың орташа балы - 21,06, 9 сыныптың орташа балы - 40,12, 11 сыныптың орташа балы - 63,2, бұл облыстық көрсеткіштен жоғары. 7 СЛАЙД Қоғамның дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Қабілеттілікті анықтау мақсатында оқушылармен әр алуан тренингтер, сауалнамалар алынып, нәтижесі сараланды. Мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту. Мектеп ұжымы қабілеттілікті дамыту мақсатында пән мұғалімдері жыл бойы жоспарға сәйкес олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, аудандық, облыстық оқуларға дайындық жұмыстарын жүргізуде. 8 СЛАЙД Болашақтың тізгінін ұстаған жас-жеткіншектерге сапалы білім беруде біздің мектептің білікті ұстаздарының еңбегі аз емес. Бастауыш сынып мұғалімдері аудандық «Мүбәрак оқуларында» 1сынып оқушысы Мұқажан Аяулым 2 орынға, 2сынып оқушысы Сматаева Сабина 2 орынға, 3 сынып оқушысы Айтказина Малика 3 орынға, 4 сынып оқушысы Абиева Айжан 2 орынға ие болды. 9 СЛАЙД Қазақ тілі пән мұғалімдері «Иса», «Аманжол» оқуларына, облыстық Мағжан, Абай, Махамбет, оқуларына, «Жарқын болашақ» олимпиадасына дайындық жұмыстары бойынша жоспар жасап, өз жұмыстарын іске асыруда. Аудадық Мағжан оқуларына 8 сынып оқушысы Жүрсінова Оразгүл 1 орынға, 10 сынып оқушысы Серік Иса 1 орынға иеленіп, облыстық кезеңге қатысушы. Облыстық «Жарқын болашақ» олипиадасында 10 сынып оқушысы Базарбай Сания жүлделі орынға ие болды. 10 СЛАЙД «Зерде» ғылыми жобалар сайысына Касенова Жансая,Жұмабай Тамарис, Алқамбек Дильназ, Амирханов Бижан, Бариева Айсана, Каиргелді Азат, Кенжетаева Амина, Султанова Дидара аудандық сайысқа қатысып, облыстық кезеңге Алқамбек Дильназ, Жұмабай Тамарис, Каиргелді Азат, Султанова Дидара жүлделі орындарға ие болды. 11 СЛАЙД 8-11 сыныптар аралығында ғылыми жобалар сайысына Бапан Арғын қатысып, облыстық кезеңде 3 орыға иеленді, 12 СЛАЙД 2-4 сынып аралығында аудандық математикалық олимпиадасына бастауыш сынып оқушылары қатысып, 2а сынып оқушысы Жолдасбек Қуаныш аудандық командаға еніп, облыстық кезеңде 3 орынға ие болды. 13 СЛАЙД Халықаралық «ПОНИ» байқауына 16 оқушы қатысып, 1а сынып оқушысы Асылханов Мансур, 1б сынып оқушысы Уалиев Мансур жүлдегерлері атанды. Республикалық НИО олимпиадасына 2б сынып оқушылары қатысып, Қайраннас Айтуар ІІІ дәрежелі дипломға, Серік Юсуф қатысушы сертификатына ие болды. Мектеп оқушылары әр жыл сайын аудандық, облыстық оқулардың жүлдегерлері атануда. 14 СЛАЙД Оқушылардың шығармашылық әулиетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен оларға қолдау таныту мақсатында ғылыми жобаларға дайындық жұмыстарын жыл бойында үздіксіз іске асырылып, теориясы мен тәжірибесі үйлесіп отырады. Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады. Мектептішілік олимпиаданы өткізер алдында оқу жылының басынан дайындық жүреді. Пәнге қызығушылық танытатын және оқуда неғұрлым жақсы нәтижелерге жеткен балалар тобы іріктеледі. Арнайы оқу орындарында жалғастыруды жоспарлайтын оқушылардың кәсіби бағдарына үлкен әсерін тигізеді. Олар үшін жеке дайындық жүргізіледі. Өткен оқу жылында аудандық пәндік олимпиада нәтижесі бойынша үздік олимпиадалық команда атанып, бір оқушы мектеп намысын облыстық кезеңде қорғады. Алайда, жүлделі орынға ие болмады. Бұл, жаңа оқу жылында олимпиадаға дайындық жұмыстарына басқа қырынан қарауды талап етті. Осы орайда, пән мұғалімдері мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлесіп жоспар құрып, дайындық жұмыстарын ұйымдастырылды. Жалпы орта білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (аудандық) кезеңіне 23 оқушы қатысып, облыстық кезеңге Есен Аяулым, Қайролла Даяна, Аралбаева Аружан, Аренова Айым қатысып, 9 сынып оқушысы Аренова Аяулым қазақ тілі пәнінен І дәрежелі дипломды иеленді. 15 СЛАЙД «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз» дейді ғой ғалым Қаныш Сәтбаев. Өйткені ең алдымен өз кәсібіңе, өз пәніңе деген зор сүйіспеншілік болғаны абзал. Осынау сүйіспеншілік оқушы бойындағы білімге, пәнге деген алғашқы құштарлығын түртіп оятады. Ал осы шәкірт бойында оянған білім құштарлығы енді тұтанған шырақ секілді. Ең қиыны — осынау шырақты сөндіріп алмау. Ол үшін талмай еңбектену мен іздену қажет. Сонда ғана осы білім шырағы лаулаған жалынға айналары сөзсіз. Ұжымымның әрбір ұстазы – оқушыларының бойындағы білімге деген құштарлықтан туған шырақты жалынға айналдыра білген нағыз еңбекқор жандар. |