Главная страница
Навигация по странице:

  • Қазақ станда ғы көші-қон , демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымының өзгеруі.

  • Сонымен «Нұрлы көштің» әдеттегі оралмандар көшінен қаншалықты айырмасы бар

  • Қазақстан халқы Ассамблеясы

  • Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы. Этнодемографиялы дерістер жне лтаралы келісімні ныаюы


    Скачать 20.49 Kb.
    НазваниеЭтнодемографиялы дерістер жне лтаралы келісімні ныаюы
    Дата25.11.2021
    Размер20.49 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЭтнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы.docx
    ТипДокументы
    #281599


    Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы

    ЖОСПАРЫ

    1.Қазақстандағы көші-қон демографиялық үдерістер халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер

    2.»Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы

    3.Қазақстан халқы Ассамблеясы.Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі

    1. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымының өзгеруі.
    Қазақстанның демографиялық мәселесі – қазақ қоғамының маңызды мәселелерінің бірі. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 5 рет халық санағы жүргізілген: 1959, 1970, 1979, 1989, 1999 жылдары. Тәуелсіздік қарсаңында, яғни, 1989 жылғы санақ бойынша, қазақтар республика халқының 39,7%-ын ғана құрады. Қазақстандағы барлық халық саны – 16 млн. 475 мың болса, оның 6 млн. 535 мыңы ғана қазақ ұлты еді. Бұл көрсеткіш жерімізді мекендеп отырған халықтың жартысынан астамы өзге ұлт екенін көрсетті. Қазақстанда өткен ғасырдың 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында экономикалық дағдарыстың тереңдей түсуі салдарынан халықтың тұрмыс дәрежесі төмендеп, демографиялық жағдай едәуір нашарлады. Халық санының өсуі өте баяу жүруде. Оған эмиграция, туу деңгейінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының қысқалығы әсер етуде. 90 жылдардан бастап жаппай миграция мен туу процесінің күрт төмендеуінен 2 млн-ға жуық халқымыздан айырылдық.90 жылдардан бастап күшті эмиграциялық қозғалыстың, яғни саны көбейген көшіп кетушілердің орнын халықтың қарқыны төмендеген табиғи өсуі толықтыра алмады. Қазақстандағы тұрғындар саны 1989-1992 жылдар аралығында 0,7%-ын өссе, кейінгі жылдарда күрт кеми бастады.

    1991 жылдан бастап миграцияда жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді. 1991-1992 жылдары Моңғолиядан – 41 мың қазақ келді. 1993 жылы (Миграция департаментінің көрсеткіші бойынша) алыс шетелдерден 23 мыңнан аса қазақ келген.

    Осындай миграциялық процестердің нәтижесінде республиканың ұлттық құрамында өзгерістер жүрді. Олардың ең бастысы - өзінің Отанында, туған жерінде жарты ғасырдай азшылыққа айналып, талай демографиялық апаттарды басынан кешірген қазақтар көп ұлтты халықтың енді басым көпшілігіне айналды. Тек 1989-1995 жылдар аралығында егеменді елімізде қазақтардың үлесі 39,7%-дан 46%-ға өсті.

    2. Нұрлы көш бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы.

    Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық
    көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі
    қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек
    қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғыазаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды
    ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу.
    «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді
    жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.

    Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге,
    оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ
    жүзеге асыру 2010 жылдан басталды.
    Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы
    қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру
    жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үйқымбат, бөлінетін жер
    телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан
    берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар.
    Есесіне өзге облыстар бойынша қоныстандыру жүргізілмек. Әсіресе,
    облыс орталықтарында, жұмыс орыны жеткілікті қалаларда, шекараға
    іргелес елді мекендерде, ауылдық елді мекендерге қоныстандыруға
    көңіл бөлінбек.
    «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді
    тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар
    жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын
    үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды
    шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы.
    Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын
    үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі.
    Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен
    шұғылдануға қаржы бөлінеді.Алдағы үш жылда Ақтөбе облысына 3 мыңға жуық оралман
    отбасылары көшіп келмекші. Бұл туралы Үкіметтің «Нұрлы көш»
    бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының Ақтөбеге
    келген сапарында мәлім болды.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты
    хатшысы Тамара Дүйсенова оралмандарды орналастыратын
    облыстардың мүмкіншіліктерін қарап, саралау үшін бес жұмыс тобы
    құрылғандығын мәлімдеді.Облыс әкімінің орынбасары Жеткерген Оралмағамбетов «Нұрлы
    көшпен» ілесе келген шеттегі ағайындар Мұғалжар, Темір,
    Хромтау, Қарғалы, Мәртөк аудандарына қоныстандырылады
    дейді. Ол үшін алдын-ала тыңғылықты даярлық керек. Үй-жайын,
    ер-азаматтарға жұмыс орындарын ертерек қамдамаса болмас.
     Сонымен «Нұрлы көштің» әдеттегі оралмандар көшінен қаншалықты айырмасы бар? 

    Министрліктің мәліметіне қарағанда, 1991 жылдан бастап, 1
    миллионға жуық оралман атажұртына туын тігіпті. Ал, кейбір
    дерек көздеріне үңілсек, келген олардың 100 мыңнан астамы кері
    қайтып кеткен.Шетелден қоныс аударғандар Қазақстанда әлеуметтік
    қиыншылықтарға кезігеді: көбіне тұрақты табыс көзі
    болмайды, күнкөріс төмен. Квотасыз келсе, әр адам 100
    мың теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы алады.
    Егерде, бір үйде 5 ересек жан болса, олардың
    мемлекеттен алатын көмегі 500 мың теңгеден аспайды.
    Ал, мұндай сомаға қаладан бір бөлмелі пәтер де ала
    алмайсың. Сондықтан да көшіп келгендер қала
    сыртындағы саяжайларды сатып алып, бірнеше отбасы
    болып бірігіп тұрады. Осылайша, квотаға іліккен
    санаулы ғана оралманды мемлекет баспанамен
    қамтамасыз етуге міндетті болса, қалғандарына ондай
    бақыт бұйыра қоймады. Сондықтан да, бір реттік
    берілетін жәрдемақыға саяжай сатып алып, баспана
    тұрғызып жатқандар қатары әлі жалғасып келеді.

    Осы кезге дейін Ақтөбе облысына 6 мың оралман отбасы көшіп келді.
    Көпшілігі алыс аудандарға емес, Ақтөбеге таяу орналасты 1995 жылы
    Қарақалпақстаннан оралған Дәмегүл Өтепова отандастарының
    мұндағы ахуалын жақсы біледі. Оның «Оралмандарды бейімдеу
    орталығын» ашам деген ұсынысы қаржы жоқтығынан жүзеге аспай
    тұр.Көші-қон департаментінің басшысы Кенжеғали Толықбаев 2010
    жылдан бастап, Ақтөбе облысына көшіп келетін әрбір оралманға 1
    миллион теңге жәрдемақы бөлінетіндігін жеткізді. Мұнымен бір
    кезде, еліміздің оңтүстік өңірін таңдаған әр оралман 500 мың теңге
    алады. Осы кезге дейін, көшіп келушілер табиғаты жайлы оңтүстік
    өңірлерді таңдаған болса, ендігі кезекте олар солтүстік, орталық
    және шекараға жақын елдімекендерге қоныстандырылады.
    Орталық даму аймағына кіретін жәрдемақы коэффициенті де екі
    есе өст.Осылайша, атағы зор «Нұрлы көш» арқылы мемлекет
    оралмандарға басқа көзбен қарайтындығын білдіріп жатыр.
    Астанадан хабар жеткенімен, облыстарға «Нұрлы көшке»
    даярлыққа бір жыл ғана мерзім берілді. Ақтөбеге келетін 3 мың
    отбасыны қабылдауға үш жылдық бюджеттен 1-1,2 миллиард теңге
    бөлінеді.
    3. Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.


    написать администратору сайта