Акпаратты коргау. Ф со пгу 18. 205 азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі
Скачать 423 Kb.
|
2.1.4.Цезарь шифрлау жүйесіЦезарь шифрын (біралфавиттік ауыстыру) қолданған кезде бастапқы мәтіннің әpбip әpпi сол алфавиттің одан К=3 әpiпке тең ығысу аралығында орналасқан әріппен ауыстырылады. Ю.Цезарь (Цезарь Гай Юлий (біздің эрамызға дейінгі 100-44 ж.ж., рим императоры) галлармен соғыс кезінде Римдегі өзінің жолдастарымен хат алысқанда осы цифрды пайдаланған) шифрында (1-кесте) хабардағы латын әліпбиінің бipiншi әрпі (А) төртінші (D), екінші (В) - бесінші (Е), осылайша, ең соңғысы (Z) - үшінші (С) әріппен ауыстырылған.
1-кесте - Біралфавиттік ауыстырулар (К=3, m=26)
Мысалы TOMORROW EXAMINATION (Ертең емтихан) деген хабарды осы әдіспен шифрланғанан кейін ол мынандай түрде жазылады: WRPRUURZ HADPLQDWLRQ. |