Семинар. Философия. лекция.. Философия жне саясаттану факультеті философия кафедрасы 5В020100 Философия мамандыына арналан
Скачать 56.82 Kb.
|
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ «ФИЛОСОФИЯ» КАФЕДРАСЫ 5В020100 «Философия» мамандығына арналған FS 2601 « ФИЛОСОФИЯ» пәні бойынша ДӘРІСТЕР Саяи ғылымдарының кандидаты, доцент Сулейменов Пірімбек Мұханбетұлы Алматы, 2023 №1. Дәріс. Тақырыбы: Философияның пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі. 1. Философия пәні және танымның ерекшелегі. 2. Дүниеге көзқарастың формалары мен түрлері. 3. Философия атқаратын қызметі 4. Философия ғылымдармен өзара байланысы. Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше құбылысы. Сонымен, философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой –санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой – пікірдің теориялық жиынтығы. Философияны мақсатты түрде оқу – ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді. Ең алғашқы дүние танымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған : mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Егер дін мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып, бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған болатын. Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті. Философия деген не? Дүниеде ол қашан пайда болды? Қалай дамыды? Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты. Біріншіден, Дүние қалай жаратылған, бастамасы қайда? Ол мәңгілік пе? Адам дегеніміз не, оның дүниедегі орны қандай? Ақиқат пен жалғанның ара салмағы неде? Өмір сүрудің мәні бар ма? Адам өмірінің мәні неде? Адам баласы қалай пайда болды? Қозғалыс мәңгі ме, әлде уақытша ма? Адам мен жануарлар өмірі және олардың қатынасы қалай? Олардың өмір сүру ортасы деген не? Осындай «мәңгілік» сұрақтарға жауап іздеу – философияның міндеті. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж 2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013 3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010 4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014 5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау. Алматы, 2011. 6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012 №2. Дәріс. Тақырыбы: Философияның тарихи типтері мен түрлері. 1. Көне Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері. 2. Веда - Үнді мәдениетінің көне ескерткіші және ертедегі үнді философиясының бастауы ретінде. 3. Көне Қытайдағы мифологиялық сананың ерекшелігі 4. Көне Қытай философиясының, негізгі мектептері дао, Конфуций ілімі т.б. Көне Қытай философиясы, Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді. 1) Ең басты ерекшелігі – саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. 2) Келесі ерекшелігі – философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған мәселесі – адам, оның бойындағы ізгілік пен зұлымдық мәселесі болды. Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия және номиналистер мектебі. Олардың бастысы – Конфуций мектебі, ол б.д.д. екінші мыңжылдықтан бастап, ХХ ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарды. Ежелгі Қытай қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауыл шаруашылығы мен қала тұрғындары еңбектерінің бөлінуіне, ақшалай-тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой және дене еңбектерінің бөлінуіне, әртүрлі сатыдағы әлеуметтік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды. Ежелгі Қытай мемлекеті шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы әрі монах, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда рубасылары, отбасы (семья) тұрды. Ал құлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды. Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдындаәртүрлі әлеуметтік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырық ритуалдарға негізделді. Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни көзқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар жоғары әлеуметтік сатыда тұрғандар мен төменгі сатыдағылардың арақатынасын нақтылап, айқындайды. Қытайлардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары «Бес кітап» (У цзин) аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді санайтын әр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы, математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен Күннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар мен жердегі құбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе, уақыт есептеу, т.б. тәсілін ойлап табуға мүмкіндік туды. Бірақ ғылым әлі де болса әлжуаз қалыпта еді. Бұл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне әсер етпей қойған жоқ. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж 2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013 3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010 4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014 5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау. Алматы, 2011. 6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012 7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012 8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. 10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008. 11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009. 12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009. 13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006 14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008. 15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008. №3. Дәріс. Тақырыбы: Болмыс мәселесі. Онтология және метафизика. 1. Болмыс ұғымы 2. Болмыстың түрлері,(адам болмысы, руханилық болмысы, әлеуметтік) 3. Болмыстың әлеуметтік мәні Болмыс категориясы философиялық категориялардың арасындағы ең бастысы. Бұл ұғымға анықтама берсек, болмыс – бар болып отырғанның (сущее), өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін – бар болу, нақты өмір сүруді білдіретін категория. Болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады. Болмыстың осылайша жалпы бөлінуін одан әрі жіктесек, оның мынадай түрлерін атауға болады: тірі және өлі табиғаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысы; адам болмысы; әлеуметтік болмыс; рухани болмыс; материалдық заттар мен олардың түсінік, ұғым, теория түрінде бейнеленетін идеалдық образдары болмысы. "Онтология” термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: “ontos” - болмыс, “logos” - ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин ХҮІІ ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияда “болу” деген қасиетке ие болатын барлық нәрселердің мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесінің сұрақтары қарыстырылады. Онтологияның негізгі категориясы болмыс болып табылады. Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялардың арасындағы ең маңыздысы “болмыс” категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік “болудың” сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен “барды”, “болуды” түсіндіруден бастайды және бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады. Дүниеге келгеннен кейін адамды мынадай сұрақтар мазалайды: “Қоршаған орта нені білдіреді?”, “Оның шығу тегі қалай?”, “Әлем мен адам болмысының шеткі түпнегізі не?”. Болмыс туралы ең өткір сұрақтар құдайдың құдіреттілігіне күмән келтіріліп, ортодоксальды ақыл-ойдың дағдарысы тұсында қойылады. Белгілі бір құдайлар пантеонының бар екендігіне, өмірде орын алған экзистенциалдық дағдарыстық ахуалды тоқтатудағы оның үстемдігі мен құдіретіне күмән келтірілетін әлеуметтік катаклизмдер мен әлеуметтік сілкіністер тұсында ортодокстар арасында скепсис күшейе түседі.. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж 2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013 3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010 4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014 5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау. Алматы, 2011. 6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012 7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012 8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. 10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008. 11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009. 12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009. 13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006 14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008. 15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008. №4. Дәріс. Тақырыбы: Сана және тіл. 1.Филисофиядағы сана түсінігі 2. Сана мен тілдің іс әрекет бірлігі 3. Сана және санасыздық әрекет Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді. Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі. Сана – материя емес, оны қолға ұстап сындырып, я болмаса, ауызға салып дәмін байқап, мұрынға жақындатып иісін анықтауға т.с.с. болмайды. Болмыстық тұрғыдан кең түрде қарағанда, сана – адамның ішкі жан-дүниесі, адам белсенділігінің психикалық деңгейі. Ал оны нақтылай келсек, ол, әрине, адамның ой толғаулары. Бірақ, ол онымен бітпейді. Ойлау, рационалдық таным – сананың өзегі болғанмен, оған адамның сезім толқындары да кіреді: адам қуанады, ренжиді, ашуланады, шаттанады, сүйеді, жек көреді т.с.с. Егер де біз кең түрде адамның психикасын алатын болсақ, оған санамен қатар бейсаналық та кіреді. З.Фрейдтің уақытында ашқан бұл жаңалығының қазіргі өмірдегі маңызы өте зор. Сонымен қатар, санаға тең емес адамның ырқы да (воля) бар. Кейбір жағдайларда адам санаға сыймайтын, оған қарсы нәрселерді жасауы мүмкін. Ф.Ницше уақытында айтқандай “нағыз адам” толқынмен бірге емес, оған қарсы жүзиді. Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж 2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013 3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010 4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014 5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау. Алматы, 2011. 6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012 7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012 8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. 10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008. 11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009. 12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009. 13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006 14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008. 15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008. №5. Дәріс.
Тақырыбы: Білім, ғылым, техника және технологиялар. Техника және білім ғылым философиясы қалыптасуы Қазіргі кездегі техника ғылымның даму үрдістері Бүгінгі қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көру елестету мүмкін емес. Енді ғылыммен тығыз байланысты «техника» ұғымын талдауға уақыт келген сияқты. Гректің «техне» деген сөзі алғашқыда «өнер», «шеберлік» деген мағынада қолданды. Бүгінгі таңда «техника» деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше түрлі құралдардыайтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-ақ еңбек құралдарын жасау арқылы жануарлардан бөлініп, саналы пендеге айналған жақ па? Егер жануар айнала қоршаған ортаға өз дене мүшелерін жетілдіру арқылы бейімделсе, адам, керісінше, өз дене мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды заттарды жасайды да, оларды табиғат пенөзінің екі ортасында орналастырып қоршаған ортаны өзгертеді. Егерде жануардың дене мүшелері белгілі бір оның өміріне керек қызметті істеуге мыңдаған жылдары бойы бейімделіп, өзінің мәресіне жетсе, адамдікі онда жетілген болмасада, өзінің жан-жақтылығымен көрінеді. Мысалы, адамның қолын алайықшы: оның жан-жақтылығы соншалықты, тек таңғаласың. Бұл жолда дәрігерлердің микроскоппен жасайтын операциясынан бастап, алып механизмдерді жүргізетін дәрежеге дейін неше түрлі деректерді келтіруге болады. Техника мен технология бүгінгі қоғам жедел дамуының маңызды факторына айналды және техника ықпалын тигізбеген адам өмірінің бірде - бір саласы қалмады. Қaзipгi коммуникация құралдары арқасында мемлекет еркі ең шалғай аудандарға дейін қамтып, кезкелген уақытта әр шаңырақтан өз құдіретін сездіре алады. Техника әсерімен терең үдерістер орын алады, еңбек өнімділігі қарқынмен өседі. Оның мазмұны өзгереді. Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгереді. Оның үстіне адам да өзгереді. Қaзipгi техника тіпті адамның тылсымдық тұңғиығына да ықпалын тигізеді. Егер ертеректе адам табиғатта да, әлеуметтік салада да өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделуі үшін жеткілікті дәрежеде уақыт тауып жатса, ал қазір табиғат пен қоғамдағы техника, технология ықпалымен өтетін өзгерістер жылдамдығы сонша, бүгінгі адам өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделіп те үлгере алмайды және қашан да таусылмайтын жаңа мәселелер толассыз туып жатады. Осыған байланысты қазіргі философияда адам мәселесін зерттеудің техника философиясы түріндегі жаңа қырын айқындау қажеттілігі туындайды. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж 2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013 3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010 4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014 5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау. Алматы, 2011. 6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012 №7. Дәріс. Тақырыбы: Адам мәселесі. 1. Философиялық ойлау тарихындағы адам мәні. 2. Адам, жеке адам және тұлға мәселесі 3. Адам болмысы - философия мәселесі ретінде Философиялық антропология – адамның мәні, құрылымының мәні туралы ғылым. Оның қоршаған әлемге, барлық заттың негізіне, болып жатқандардың метафизикалық мәніне және оның әлемдегі физикалық, психологиялық жеке рухтың пайда болуына қатынасы оның биологиялық психикалық, рухани — тарихи және әлеуметтік даму заңдылықтары туралы ғылым. Адам проблемаға айналған кезде адам «адам деген не, ол бұл әлемге неге келді және басқа тірі жандардан немен ерекшеленеді» деген мәселелермен ойланған кезде философиялық антропология іргелі және орталық философиялық ғылымға айналады. Fылымның қазiргi жетiстiктерi адамды биологиялық факторлармен қатар әлеуметтiк факторлар да маңызды рөл атқаратын эволюциялық даму өнімі деп тұжырымдауға мүмкіндік бередi. Осы орайда адамның жоғары ұйымдасқан жануарлардан басты айырмашылықтары туралы және осы айырмашылықтарды мүмкін еткен үрдiстердi ғылыми тұрғыда түсiндiру туралы мәселе шешушi мәнге ие болады. Алайда әлемнiң қазiргi ғылыми картинасында антропогенез үдерiсi көп жағдайда белгiсiз күйiнде қалып отыр. Бұл жағдай «адам феноменiн» тамаша зерттеушi, атақты француз философы, биологы, палеонтологы және антропологы Пьер Тейяр де Шарденнiң мынадай сездерiмен түсiндiрiледi: адам «эволюцияның өзегi мен шыңы» болып табылады және «адамның кiлтiн табу, демек әлемнiң қалай құрылғанын және ол қалайша ары қарай құрылуы тиiс eкeнiн бiлуге ұмтылу деген сөз». Адам туралы бiздiң қазiргi көзқарастарымыз иррационалистiк бағыттағы ойшылдар жетiстiктерiн eскepгeнiмeн, көбiне рационалистiк, материалистiк және идеалистiк идеяларға сүйенедi. Мысалы, жүздеген, мүмкін мыңдаған жылдарға созылған адамның жануарлар әлемiнен бөлiнiп шығу үдерiсiн түсiндiре отырып, Маркс пен Энгельс былай деп жазады: «адамдарды жануарлардын санасына, дiнiне жалпы тағы басқаларына қарап айыруға болады. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж 2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013 3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010 4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014 5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау. Алматы, 2011. 6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012 7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012 8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. 10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008. 11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009. №8. Дәріс. Тақырыбы: Өмір және өлім. Өмірдің мәні. 1.Философиясдағы өмірдің мәні 2. Өмір және өлімнің онтологиялық және аксиологиялық мәселесі. Өмірдің мәні мәселесін адамзаттың рухани мәдениеті тарихындағы ең басты мәселелердің бірі деуге болады. Өмірдің мәні туралы ойланбаған адам, өмірдің мәнін түсіндіру мақсатында ізденбеген философиялық мектеп жоқ шығар. Индивидтің тұлға ретінде қалыптасу деңгейі де оның осы мәселені өзі үшін анықтау дәрежесіне тікелей байланысты, себебі өмірдің мәні адамға дайын күйінде берілмейді, оны түсініп, санасына сіңіру және жүзеге асыру адамның тек өзінің қолында. Өмірдің мәні мәселесін ұғыну арқылы адам өзінің бүкіл тағдырын айқындай алады десек, артық емес. Өкінішке орай, өмірмәндік сауалдар адамның санасында көбіне тым кеш, өмірдің қызылды-жасылды дәурені өтіп, бойдан қуат, ойдан сәуле кеткен кезеңде туындайды. Мәнсіз өмір өкіндіріп, өмірдің мәнінің жауабын таба алмай, адам дағдарысқа тап болады, философия тілімен айтсақ, гиперрефлексияға ұшырайды. Бұл құбылыс адамның өзі үшін де, ол өмір сүріп отырған қоғам үшін де аса қауіпті. Өлім - бұл өлім сияқты, тек біреу ғана. Егер өмірдегі өмір қайтыс болса, біздің өмірімізге қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі жеңіл. Біз өміріміздің соңғы тамшысына ұқсап, кем дегенде бір сағатқа ұмтыламыз, бірақ өмірімізді ұзартуға және өлімді көрмеуге тырысамыз. Ал егер күнәкар жанымыз жай ғана жазаланса және қатаң тәртіп колониясы түріндегі тұтқын сияқты өмір сүру түрінде жазасын көтерсе ше? Өмір кейде өмірлік проблемалар түрінде жазалауға ұқсайды. Ал егер біздің әлеміміз тозақ болса, онда жазаланған жандар бар. Өлім - бұл жаңа өмірдің басы, екіншісі біз үшін тағайындалған немесе біз жоғалтқан. «Өлімнен кейінгі өмір» деген тіркес пайда болған жоқ. Ал егер өлім - бұл жаңа өмірдің есігі. Біз қайтыс болудан қорқамыз, қорқыныш бізге тән, өйткені біз әрдайым белгісізден қорқатынбыз. Өмірден аман болуымыз керек, мәңгілік өмірге ие бола аламыз. Біз қайтыс болудан қорқамыз, өйткені біз өзіміздің сыртқы көрінісімізге сенеміз. Біз өліп, жеке басымыздан және жеке басымыздан айырылып қаламыз деп сенеміз. Біз өмірімізді шамадан тыс еңбекпен құтқандықтан жоғалтудан қорқамыз, материалдық байлығымыздан айырылып қалудан қорқамыз. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж 2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013 3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010 4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014 5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау. Алматы, 2011. 6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012 7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012 8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. 10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008. 11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009. 12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009. 13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006 14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008. 15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008. №9 Дәріс. Тақырыбы: Этика. Құндылықтар философиясы. 1. Философиядағы этика мәселесі. 2. Құндылық ұғымы оның мәні (аксиология). Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінезқұлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. «Этизм» термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының («Никомах этикасы», «Евдем этикасы», «Үлкен этика») атауына кірген. Этикалық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінезқұлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Этика ұғымы жайлы Д.Юмның «Адамның табиғаты» туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этика ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған. Аристотель «этика» деп этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтады. Этиканың құрылымына келетін болсақ, ол 3 бөліктен тұрады: Теоретикалық этика; Нормативті этика; Эмпирикалық этика. 1. Теоретикалық этика этиканың негізгі ұғымдарын, оның зерттеу пәнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді. 2. Нормативті этика негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік, ізгілік, ар-ождан, ұят, абырой, парыз және т.б. қарастырады. 3. Эмпирикалық этика белгілі бір кезеңдердегі адамзат ұйымдарының нақты адамгершілік келбеті жайында түсінік береді. Құндылық – бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы. Ол қашанда әлдекімнің (немесе әлдененің) бағалылығын, яғни объективті болмысты және сонымен бір мезетте оның әлдекім (немесе әлдене) үшін құндылығын, яғни субъективті бағалауды білдіреді. Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж 2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013 3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010 4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014 5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау. Алматы, 2011. 6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012 7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012 №10. Дәріс. Тақырыбы: Еркіндік философиясы. 1. Философиядағы еркіндік ұғымы 2. Еркіндік пен жауапкершілік мәні 3. Филсофия тарихынды еркіндік мәселесінің қарастырылуы Философия тарихында еркіндік мәселесінің орын алуы ерте замандардан басталады. Философиядағы еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде философия тарихында діни этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып келді, әлі де зерттеліп бітпеген. Бұл философиялық ұғым адам тіршілігінің маңыздылығын сипаттайды. Еркіндік пен жауапкершілік бақылау, сараптама, тәжірибе жасау нәтижесінде адам білімінің артуына көмектеседі.Ең әуелі «еркіндік» ұғымының мағынасын қысқаша таразылап көрсек. «Еркіндік» көп мағыналы және тиянақсыздау ұғым болып көрінгенімен, ол қоғамның бүкіл құрылымына айтарлықтай әсер ететін нақты құбылыс. Еркіндік осы тұрғыда өте өзекті әрі қажетті болып табылады. С.Л. Франк айтқандай, «еркіндіктен бас тарту ол рухани түрде өзін-өзі өлтірумен тең және басқа адамның бостандығына қол сұғу оны өлтіргенмен, яғни оның бойында «Құдайдың бейне-болмысын» жойып оны хайуанға айналдырғанмен барабар». Еркіндік біреудің үстемдігінсіз және зорлықсыз өмір сүру мен еңбек ету, мұнысыз ол өзін тұлға ретінде қабылдай алмайды. Еркіндік ұғымы бұл тұрғыда тәуелсіздікпен жалғасып кетеді. Саяси еркіндікпен тығыз байланыста болатын экономикалық тұрғыдағы еркіндіктің көрінісі бар. Бұлдегеніміз, өз бетінше өндірісті дамытып, ешкімге материалдық жағынан тәуелсіз болу арқылы өз саясаттарын іске асыру Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж 2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013 3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010 4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014 5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау. Алматы, 2011. 6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012 7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012 8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. 10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008. №11. Дәріс. Тақырыбы: Өнер философиясы. 1. Философия және өнер 2. Өнер философиялық феномен ретінде 3. Философия тарихындағы эстетикалық көзқарастар. Өнер – көркем мәдениеттің орталық буыны болып табылады және б.з.д 35-10 мың жыл кейінгі палеолит дәуірінде өз бастауын алады. Өнердің анықтамасы философияда үш мағынада түсіндіріледі: - көркем образдарда шындықты көрсететін қоғамдық сананың және адами қызметтің спецификалық түрі; - эстетикалық құндылықтарды игеруге және жасауға бағытталған адамның тәжірибелік қызметі; - жоғары шеберлік дәрежесі. Өнер ұғымын талдай отырып, өнер адамның көркем шығармашылығында көрінетін ерекше қызметі ретінде әрекет ететінін, қоршаған ортаны, қоғамды қабылдаудағы тұлғаның уайымымен және эмоцияларымен және өз мінезін түсінумен байланысты екенін атап өту қажет. Өнер – өнер туындысын жасаған адам бастан кешкен сезімді сезінуге қабілетті адамның эмоционалдық қабылдауына бағытталған шындықты субъективті жаңғырту. Өнердің маңызды құрамдас элементі – эстетикалық көрініс. Өнер, әдетте, белгілі бір эстетикалық заңдар бойынша жасалған және танымдық, эстетикалық және адамгершілік құндылықтарға ие авторлық шығармалар түрінде өзін көрсетеді. Өнер адамның шығармашылық қызметінің түрі ретінде оның дін, мораль, саясат, техника, бұқаралық ақпарат құралдары сияқты басқа көріністерімен тығыз байланысты. Өнер ұғымын адамзат ғасырлар бойы қарастырып келді. Антикалық әлемде ол мейірімділік пен сұлулық бірлігін жүзеге асырған идеал ретінде түсінілді. Орта ғасырларда ол тек діни сезімдерді қозғап, тәрбиелеуге және сенімнің көзі мен құралы болуға шақырды. Қайта өрлеу дәуірінде өнер ләззат ретінде, ал ағарту дәуірінде ақыл – ой өрнегі ретінде түсінілді. XIX-XX ғасырларда, табиғи және нақты ғылымдардың дамуымен бірнеше өнер теориялары пайда болды: суретшінің тұлғасымен байланысты субъективті, және сыртқы, оған қатысты мән-жайларды көрсететін объективті. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж 2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013 3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010 4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014 5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау. Алматы, 2011. 6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012 7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012 8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. 10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008. №12. Дәріс. Тақырыбы: Қоғам және мәдениет. 1. Мәдениет ұғымы, оның мәні. 2. Қоғам философиялық ұғым ретінде. 3. Қоғамның қазіргі кезеңдегі даму ерекшелігі Қоғам мен мәдениет екі динамикалық жүйе болып табылады, оның дамуы әлемдік оқиғалармен және қоғам өміріндегі тұрақты өзгерістермен байланысты. Мәдениет - бұрынғы ұрпақтардың тәжірибесіне негізделген өзара әрекеттесу және олар бағынған нәрселерге негізделген рухани жоспар. Мәдениет – адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (қазыналар, нормалар, белгі жүйелерін және т.б. жасау) және затсыздандыру процестерінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады. Қоғам дегеніміз адамдардың алуан түрлі саналы іс-әрекеті мен қызметінің нәтижесінде қалыптасқан адамдар бірлігі. Қоғам-ұйымының әлеуметтік формасы. 19-20 ғғ. батыс философтары мен социологтарының пікірінше, қоғам – еңбек бөлінісі мен ынтымақтастыққа негізделген, қызметтік жүйе (О.Конт), қоғам-ұжымдық көзқарасқа сүйенген индивид үстінен қарайтын рухани шындық (Э. Дюркгейм), қоғам-әлеуметтік әрекеттің жемісі болып табылатын, индивидтердің өзара әрекеті (М. Вебер). Қоғамды материалистік тұрғыда түсіндіріп, оны алға жылжытқан К. Маркс болды. Оның пікірінше, қоғамдық организмнің бір ғана материалдық негізі бар. Ол негіз-материалдық игіліктерді өндіру. Сондай-ақ қоғам дегеніміз-қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді. Онда адамдар өз өмір әрекеттерінің процесінде болады. Қоғамдық-экономикалық формация дегеніміз Маркстің пікірінше, белгілі-бір өндіріс тәсіліне негізделген қоғамның тарихи типі. Қоғамның тарихы антогонистік (феодалдық, капиатлистік) және антогонистік емес (алғашық қауымдық құрылыс, социалистік) болып бөлінеді. Қоғамда түрлі қатынастар бар. Олар негізін алғанда материалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей-ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп атайды. Оның негізінде өндіргіш күштер: құрал-саймандар, оны қолданатын адамдар қалыптасады. Қоғамдық қатынастардың екінші бір тобы – идеологиялық қатынастар. Оларға адамды адам арқылы өңдеу жатады. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж 2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013 3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010 4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014 5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау. Алматы, 2011. 6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012 7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012 8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. 10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008. 11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009. 12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009. 13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006 14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008. 15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008. №13. Дәріс. Тақырыбы: Тарих философиясы. 1. Тарих философиясының пәні 2. Тарихты философиялық тұрғыдан пайымдау 3. Қазіргі заман философиясындағы «тарих мәні», «тарихтың соңы» Тарих философиясының пәні. Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау. Уақыттың антикалық түсінігі және тарихтың айналымы. Тарих философиясының пәні – тарихи процестің мағынасы мен жалпылама мазмұны, оның заңдылықтары және зерттеу методологиясы. Философиялық тарихи идеялар көне заманда туындай бастады. Белгілі философ А.Ф.Лосев грек антикалық уақытында бұл идеялардың суреттемесін берді. Нақтылы тарих философиясының негізінде қашанда уақыттың белгілі бір үлгісі жатады. Антик тарих философиясы уақыттың қайталанбалы моделіне бағдарланған, сондықтан оның сол немесе басқа түрлеріне мәңгі қайтып келу идеясы тән болды. Батысеуропалық ортағасырлық тарих философиясы христиандық негізде тура сызықтық, түпкі уақыт моделіне сүйенеді. Жаңа және қазіргі дәуірлердегі тарих философиясы тура сызықтық шексіз уақыт моделіне сүйенеді. «Тарих философиясы» – тарихи процестің философиялық түсіндірмесі. «Тарих философиясы» терминінің өзі алғаш рет француз ағарту дәуірінің ойшылы Ф. Вольтер қолданған. Алайда, XVIII ғасырдың неміс ағартушысы И. Гердер «адамзат тарихының философиясына идеялары» (1784) барлық халықтар тартылатын тарихи процестің бірлігі мен заңдылықтары туралы идеяны ұсынды. Тарихилық – бұл жойылатын, бірақ уақыт ағымында мәңгі нәрсе. Тарихи болмыстың ерекше белгісі – тарих болып қалу және сонысымен мәңгіге жалғасу. Өйткені тек жалпы формалар мен заңдар қайталануымен ғана сипатталатын әдеттегі уақиғалармен салыстырғанда, тарих өз бойында уақытқа қарамастан, уақытты, мәңгілікті жоятын, өшіретін оқиға. Адам – жетілмеген, уақытқа тәуелді шектеулі жан, уақыттың арқасындағы онда болып жатқан құбылыстар оны мәңгілікке жетелейді, оған жетудің жолы осы ғана. Адамның жетілмегендігі мен оның тарихилығы – екеуі бір нәрсе. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж 2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013 3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010 4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014 5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау. Алматы, 2011. 6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012 7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012 8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. 10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008. 11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009. 12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009. 13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006 14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008. 15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008. № 14 Дәріс Тақырыбы: Дін философиясы 1. Дін ұғымы, мәні. 2. Дін құрылымы және қызметі. 3. Дін философиялық білім ретінде. Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті және бұл бағыттағы жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, дінді тарих, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану, философия және тағы басқа ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, әр түрлі аспектілерде зерттеуде. Діннің анықтамасы: қасиеттілік, құдайылық - абсолютті бастаудың, Құдайдың бар екендігінен туындайтын және соған сәйкес мінез-құлық, өмір сүру тәртібін, өмір салтын қалыптастыратын көзқарас, дүниетаным; адамға күш беретін, тірек болатын, өзіне табындыратын тылсым күшпен байланыстылық және оған тәуелділік сезімі. Діннің дефинициясы жоғарғы күшке сенімі ретінде нақты емес. Діннің құдайға немесе құдайларға сенімі ретіндегі анықтамасы да тар болып табылады. Құдайдың барына сену, бірақ өміріңді онымен байланыстырмау. Мәселен, Эпикур құдайлардың барына күмәнданбаған, оларды мойындаған, сонымен бірге құдайлар адамдардың істеріне араласпаған және көп адамдар мен құдайлардың арасында байланыс болмаған деп түсіндіреді. Сонымен қоса болмыстың толықтығына сену (эмпирикалық Мен ішіндегі абсолютті Мен, әлеуметтік София, Құдай) діннің эгоцентрлік, социоцентрлік немесе космоцентрлік түсіндірудегі ортақ ядросы болып табылады. Діннің даму сатылары да біртекті, біркелкі емес: - табиғи дін - бұл кезенде табиғи күште құдайлар сияқты болып көрінді; - зандық сипаттағы дін - діни қағидалар мен ережелерді бұлжытпай орындау талап етілді; -ақталу діні, ол Құдайдың алдындағы күнәлілік, бүкіл болмыстың қасіреттілігі және Құдайдың мейірімділігі сезімінен туындайды. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж 2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013 3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010 4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014 5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау. Алматы, 2011. 6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012 7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012 8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. 10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008. 11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009. 12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009. 13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006 14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008. 15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008. №15. Дәріс. Тақырыбы: Мәңгілік ел және Рухани жаңғыру – жаңа Қазақстан философиясы. 1. Уақытпен кеңістік- аясындағы «Мәңгілік Ел» мәселесі. 2. Рухани жаңғыру қоғамдық сананы категориясы ретінде. 3.«Мәңгілік ел» идеясы. «Рухани жаңғыру» жобасы –Қазақстан дамуы болашағын айқындайтын маңызды идеология. Кеңістік-уақыттық континуумдағы «Мәңгілік Ел» және «Ұлы Дала» категориялары. Қазіргі Қазақстандағы жаңғыру: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Шын мәнінде, «Мәңгілік Ел» бұл ұлттық идея біздің халқымыздың сан ғасырлық арманына ғана емес, сондай-ақ Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның дамуының нақты нәтижелеріне негізделетін мемлекетіміздің мемлекеттік идеологиясы. Бүгінде біздің еліміздің осы даму кезеңінде нақты тұжырымдалған «Ұлттық идея» неге қажет болды деген сұрақтар көптеп қойылуда. Жаһандану жағдайында полиэтникалық Қазақстанның болашақта бәсекеге қабілетті болуы, 2050 жылға қарай елдің әлемдегі ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіруі осы ұлттық идеяның қалыптасып, дамуына байланысты. Қазақстанда бұл процесс тәуелсіздік алған сәттен басталды. Кейінгі жылдардың стратегиялық құжаттары Қазақстанның болашақ құрылысы моделінің мүмкін нұсқаларын және мемлекеттік идеология үшін қажетті құндылықтарын қарастырады. «Рухани Жаңғыру» - мазмұны терең, ауқымы кең, ұлт руханиятын ғасырлар биігіне көтеретін өте маңызды бағдарлама. Жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын атады. Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі «сананың ашықтығы». Жаһандану үрдісіндегі басты талап әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашады. Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатыны анық. Уақыт көрсеткендей, ең ақылға қонымды жол – этникалық күрделі құрылымға қарамастан, елдің барлық азаматтарының мүдделерін біріктіру. Елдің азаматтық қоғам жағдайына көшуі және Қазақстанда бірыңғай халықтың қалыптасуы – ұлттық идеяның өзегіне айналды. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж 2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013 3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010 4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014 5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау. Алматы, 2011. 6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012 7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012 8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006 9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009. 10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008. 11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009. 12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009. 13. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008. |