Главная страница

хир. ЖТД жұмысындағы хирургиялық аурулар. Гемобилия бауыр жараатыны е ауыр асынуы. Оны мні неде


Скачать 48.98 Kb.
НазваниеГемобилия бауыр жараатыны е ауыр асынуы. Оны мні неде
Дата01.11.2021
Размер48.98 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖТД жұмысындағы хирургиялық аурулар.docx
ТипДокументы
#260263

"Гемобилия - бауыр жарақатының ең ауыр асқынуы. Оның мәні неде?//

қақпа венасының тромбозы мен варикозды веналардан қан кету//

бауырда прокоагулянттардың өндірілуінің жедел азаюы//

асқазан мен он екі елі ішектің көптеген эрозиясы//

өңеш және асқазанның кардиальды бөлігінен қан кету//

+өт шығару жолдарынан ішекке қан кету

***

Жоғары еріннің фурункулы не себепті қауіпті?//

перитонит дамуы//

плевраның қабынуының дамуы//

жақасты лимфаденит дамуы//

+сагитальды венозды синустың тромбозы//

паротиттің дамуы

***

Шап аймағында жылжымалы жарықтың түзілуінде жиі қатысатын мүше://

жіңішке ішек//

+қуық//

көлденең тоқ ішек//

тоқ ішек//

асқазан

***

Амбулаторлық жағдайда тері асты панарицийге хирургиялық ем кезінде қандай анестезия қолданылады?//

+Оберст-Лукашевич бойынша//

Браун әдісі бойынша//

инфилтрациялық анестезия//

иық өрімінің блокадасы//

көктамырлық жансыздандыру

***

Аймақтық ауруханада хирург дәрігері екі бинтпен Пратта сынамасын жүргізді. Бұл сынама не үшін қолданылады?//

аяқтың терең көктамырларының өткізгіштігін анықтау үшін//

аяқ-қолдың артериялық қан айналымының жеткіліксіздігін анықтау үшін//

+перфорантты көктамырлардың жеткіліксіздігін зерттеу үшін//

тізе артериясының окклюзиясын диагностикалау үшін//

қолдың терең көктамырларының өткізгіштігін анықтау үшін

***

Амбулаторлы хирург білуі керек, операциядан кейінгі аяқтың көктамырларының тромбозы жиі тромбоэмболияға алып келеді://

бас миы тамырларының//

тәждік артериялардың//

+өкпе артериясының//

өкпе венасының//

бүйрек және бауыр артерияларының

***

Тік ішекте қатерлі ісік жиі орналасады://

анал бөлімшесі//

төменгі ампуласы//

+ортаңғы ампуласы//

жоғарғы ампуласы//

ректосигмоид бөлігі

***

Жедел парапроктиттің пайда болуына әкелетін факторлардың арасында ең жиі кездесетіні://

созылмалы геморрой//

медициналық манипуляция кезінде тік ішек зақымдалуы//

+тік ішектің шырышты қабатының микрожарақаты //

тік ішектің оқпен жарақаттануы//

тік ішекке жақын орналасқан мүшелердің қабынуы

***

Созылмалы парапроктитке тән сипат://

тік ішек арнасының көктамырының кеңеюі//

+аралықтың терісінде жыланкөздің болуы//

үлкен дәреттен кейін ашық қызыл түсті қан бөлінуі//

түнге қарай іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы//

артқы өтіс жолының қышу және күйдіру сезімі

***

Парапроктиттің жиі кездесетін клиникалық-анатомиялық түрін көрсетіңіз://

+тері астындағы //

кілегейастылық //

шонданай- тік ішектік//

кіші жамбас және тік ішектік//

бұлшықетаралық

***

Тері базалиомасы жиі терінің қай жерлерінде орналасады://

+бет//

арқа//

аяқ-қол//

дене//

шапаралык

***

Тері обырының дамуы негізі немен байланысты ://

азық-түлік, мұнай өңдеулері//

қайта өңделген тас көмір өнімдерімен //

бояғыштармен//

+күн инсоляцией//

химикаттармен

***

Тері обырының ең ақпаратты диагностика әдісі://

+морфологиялық зерттеу//

ультрадыбысты зерттеу//

иммунологиялық//

сынамалық тестке жауап//

компьютерлік томография

***

Базалиома үшін тән://

лимфогенді метастаз//

гематогенді метастаздану//

+жергілікті-деструктивті өсуі//

аяқ-қол терісінде басымдықпен оқшаулау//

қалды дақтардан тез дамиды

***

Адамда ең агрессивті ісік деп санайды://

+меланома//

Бек саркоидозы//

жалпақ клеткалы обыр//

базелеома//

липома

***

Пациентке сіреспеге қарсы профилактикалық сарысуды енгізу тағайындалды. Қандай жағдайда вакцина тағайындаудың қажеті болмайды?//

бастың жаралы жарқаты//

жамбастың 2 деңгейдегі термиялық күйігі//

жедел гангренозды аппендицит//

иықтың ашық жарақаты//

+тізенің жабық жарақаты

***

Емханада флебэктомиядан кейін аяқтардың компрессионды емін жалғастыруды бастайды://

жамбастың жоғарғы үштен бірі//

жамбастың төменгі үштен бірінен//

тізе асты аймағынан//

+табандардан//

жамбастан

***

Пандактилит-ол://

саусақтың тері астында іріңнін жинақталуы//

іріңнін жарылып саусақ тінінен алақан тініне ағуы//

+ саусақтың барлық тіндерінің жедел қабынуы//

саусақтардың эпидермисі астындағы іріңнін жинақталуы//

тырнақтың астында іріңнін жинақталуы

***

Паронихия – бұл ненің қабынуы://

саусақтың барлық тінінің//

+тырнақ маңылық жастықтың//

фаланг аралық буынның//

сіңірлік қынаптың//

дәнекер тіннің

***

Жедел гемотогенді остеомелитте ерте рентгенологиялық белгілер субэпифизалрық аймақтың сызықтық жарықтануы түрінде нешінші күні көрінеді://

5-6//

+11-14 //

15-18 //

20-25//

30-32

***

Науқаста тік ішектің ампулярлы бөлімшесінің рагы анықталды. Саусақпен қарау кезінде ісікке жету мүмкін емес. Қандай диагностикалық манипуляцияны қолдану керек?//

колоноскопия//

ирригоскопия//

+ректомоноскопия//

лапароскопия//

іштің қуысының УДЗ

***

Науқаста сүт безінің жоғарғы – сыртқы квадрантында диаметрі 5 см ауырсынусыз жалғыз түйін, тығыз консистенциялы, айналадағы тіннен жақсы шектелген. Емізік өзгермеген, бөлініс жоқ. Жергілікті лимфа түйіндер ұлғаймаған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз?//

+сүт безінің фиброаденомасы //

сүт безінің қатерлі ісігі//

инфильтративті мастит//

сүт безінің липомасы//

фиброзды – кистозды мастопатия

***

Қабылдау бөлімінің амбулаториялық хирургына аз инвазивті варикозды ауырудың емін білу үшін 32 жастағы науқас келді. Хирург аяқтардың варикозды ауруы кезінде склеротерапияға мына жағдайдың қарсы көрсеткіш екендігін білуі қажет://

терінің трофикалық бұзылыстары//

көктамырлардың магистральдық архитектоника//

+артериялардың облитерациялаушы аурулары//

түнгі тоникалық тырысулар//

веналардың варикозды кеңеюі

***

Жарақаттық процестің дегидратациялық кезеңі сипатталады//

жарақат жиегінің ісінуі//

жарақат жиегінің гиперемиясы//

жарақат түбі фибринмен жабылған//

+грануляция пайда болуы //

тіндердің лейкоцитарлы инфильтрациясы

***

Тілме кезінде жиі зақымдалады://

+бас, бет, аяқ//

кілегей қабат//

қол, кеуде клеткасы//

иық, кілегей қабат//

саусақтар

***

Гидраденит – ол ненің қабынуы//

май бездерінің//

шаш қаштығының//

+тер бездерінің//

лимфа тамырының//

лимфа түйінінің

***

Амбулаторлық хирург көктамырлар тромбозының қандай қауіпті асқынуларын ескеруі тиіс?//

сирақтың трофикалық жарасын//

+өкпе артериясының эмболиясын //

посттромбоздық ауруы//

созылмалы венозды жеткіліксіздік//

тромбофлебит

***

Жараның екіншілік жазылуында жараның бітісуінің 2 кезеңінде мақсатты болып табылады://

қабынуға қарсы ем//

+грануляцияның өсуін стимулдау//

жараның тазару үрдісін стимулдау//

жараны тыныштықта сақтау және жара шеттерінің адаптациясы//

жара бетінің терілік пластикасы

***

Күйіктік шокқа тән://

орталық венозды қысымның жоғарылауы//

айналмалы қан көлемінің көбеюі//

+айқын көрінетін эректильді фаза//

әлсіз байқалатын эректильді фаза//

торпидті фазаның болмауы

***

Амбулаторлық хирургтің қабылдауына 32 жастағы науқас варикозды ауырудың аз инвазивті емін білу үшін келді. Варикозды ауру кезінде аяқтардың склеротерапиясына қарсы көрсеткішті хирург білуі қажет//

терінің трофикалық бұзылыстары//

көктамырлардың магистральдық архитектоника//

+артериялардың облитерациялаушы аурулары//

түнгі тырысулар//

веналардың варикозды кеңеюі

***

Поликлиникаға 55 жастағы науқас қаралды. Сүт безінің емізікше маңы терісінде шекарасы шектелген экзема тәріздес түзіліс бар. Беті ылғалды, қабыршақтану байқалады, кей жерлерде эрозия мен қыртыстар бар, қышиды. Емізікше ішке қарай тартылған. Алғашқы диагнозды рәсімдеңіз.//

созылмалы қабыну үрдісі//

этиологиясы кокты экзема//

базелеомы//

+ Педжет рагі//

жараның қабынуы

***

Науқас М 46 жаста. 6 күн бойы ұлы дәретінің болмауына, ішінің ұстама тәріздес ауыруына шағымданып емхана хирургіне қаралды. Қарағанда: тері қабаты болғылт, іш көлемі ұлғайған, пальпацияда ауырсынады. Іш қуысы мүшелерінің рентгенограммасында ішек өрімдері горизонтальды деңгейдегі сұйықтықпен ісінген. Алғашқы диагнозды көрсетіңіз.//

асцит және жедел колит//

қуыс мүшелердің перфорациясы//

іш қуысының абсцессі //

созылмалы колит//

+ жедел ішектің өткізгішсіздігі

***

Емхана хирургіне 21 жастағы ер адам аппендоэктомияан кейінгі 10 –шы тәулікте қаралды.. Жара аймағындағы ауырсынумен кешкі уақытта температурның 37,80 С дейінгі көтерілуі мазалайды. Осы науқаста инфекцияның даму фактын көрсетіңіз://

+жарадан бөліністің сипаты//

жара айналасының ауырсынуы//

тігіс гиперемиясы//

жара айналасының гипертермиясы//

жарадағы инфильтрат

***

Науқас 37 жаста. Шағымы: оң жақ қолтық асты ауырсынуына, иық буынын қозғаған кезде ауырсыну күшейеді. Үшінші тәуліктен бері сырқатпын деп санайды. Қарағанда: оң жақ қолтық аймағында теріден аздап шығып тұрған, жеңіл гиперемияланған диаметрі 0,8-1,2см болатын шектелген, 3 тығыз инфильтрат анықталды. Алғашқы диагнозды атаңыз//

+оң жақты гидраденит//

қолтық асты аймағының фурункулезі//

қолтық асты аймағының атеромасы//

қолтық асты аймағының карбункулы//

тілменің қабыну

***

Науқас дефакациядан кейінгі сорғалау тәріздес немесе унитазға шашыранды түрде қан кетуге, анал тесігінің периодты қышынуына шағымданады. Алғашқы диагнозды атаңыз//

параректальды жабысқақ//

+геморрой //

тік ішек рагы//

тік ішек полипі//

аналь тесігі сызаты

***

Науқас 20 жаста. Шағымы: сол жақ жамбас аймағындағы көлемді (диаметрі 8см) түзіліске шағымданады. 4 жыл бұрын пайда болған және уақыт өте келе ұлғайған. Пальпациялағанда: жұмсақ консистенциялы, ауырсынусыз, айқын шекаралы, шектелген, қозғалғыш және терімен жабыспаған. Алғашқы диагнозды атаңыз//

сол жақ жамбас аймағындағы фибромасы//

фиброма малигнизациясы//

сол жақ жамбас аймағындағы рагі//

сол жақ жамбас аймағындағы саркомасы//

+сол жақ жамбас аймағындағы липома

***

Науқас шап жарығына, жарықтың жиі қысылуына шағымданады. Қысылған кезінде қасаға аймағында тартылып ауырсынуы және зәрдің жиі бөлінуі байқалады. Науқаста жарық түрін көрсетіңіз//

жабушы саңылаудың//

+тіке шаптың//

жамбастың//

қисық шаптың//

жылжымалы

***

Амбулаторлы хирургқа температурасы 38°С, қалтырауға, айқын бас ауруына шағымданған науқас келді. Қарағанда: желке аймағында тығыз, ауырсынатын көкшіл-қызыл инфильтрат, теріде бірнеше ірің бөлінетін жыланкөз саңылауы анықталды. Диагнозды қойыңыз://

флегмона//

+карбункул//

абсцесс//

фурункул//

гидраденит

***

Амбулаторлы хирургқа науқас оң қолының үшінші саусағының дисталды фалангасы ұзақ уақыт бойы “бұрғылау” (сверлящего) сипаттағы ауырсыну мен дене температурасының 39°С дейін көтерілуіне, басының ауруы және жалпы мазасыздыққа шағымданып келді. Қарағанда: фаланганың колба тәріздес қалыңдаған, терісі гиперемияланған. Саусақ осіне қысым түсіргенде жедел ауырсынады. Ауру ұзақтығы 14 күн. Алғашқы диагнозды атаңыз://

тендовагинит//

+сүйектік панариций//

тері астылық панариций//

терілік панариции//

паранихий

***

Науқас Р., емханаға іш терісіндегі түзіліске шағымданып келді. Анамнезінде: науқастың айтуы бойынша, іш қабырғасының терісінде ұзақ уақыттан бері “қалды дақ” болған. Соңғы айларда оның өлшемі ұлғайып түсі өзгере бастаған. Локальды статусы: алдыңғы іш қабырғасының терісінде тығыз эластикалы консистенциялы, шекарасы тегіс емес ірі өзекшелер анықталды. Өзекше беті кедір бұдыр. Түсі қоңырдан қараға дейін. Болжам диагнозды атаңыз://

невус//

кератома//

атерома//

+меланома//

базелеомы

***

Емхана хирургына науқас іш қату, дәретке отырудан қорқу сезімі, ауырсыну, дефакациядан кейінгі аз мөлшерде қан (алқызыл түсті) кетуге шағымданды. Болжам диагноз қойыңыз://

геморрой.//

параректальды жыланкөз//

анальсфинктрының жеткіліксіздігі//

+аналь арнасының сызаты//

тік ішек рагы

***

Амбулаторлы хирургқа сол жақ мойнында кесіп тесілген жарақатпен мас күйінде жас ер адамды алып келді. Науқас жұтынған кездегі жарадағы ауырсыну мен дисфагияға шағымданады. Қан кету мен шок белгілері жоқ. Объективті тексеріс кезінде тері асты эмфиземасы анықталды. Науқастың қай мүшесі зақымданғанын көрсетіңіз://

өкпе//

+өңеш//

мойын бұлшық еттері//

мойын тамырлары//

көмей

***

Нәресте 6 айлық, кезеңдік түрде ұстама сипатындағы мазасыздық, құсу мазалайды. Тексеріс кезінде қанды нәжіс анықталды. Ауру ұзақтығы 10 сағат. Болжам диагнозды көрсетіңіз://

жедел аппендицит//

+ішек инвагинациясы//

ішек инфекциясы//

іш қуысының ісігі//

аппендикулярлы инфильтрат

***

Емханаға 3 айлық баласының бетінде күрең түсті ісік тәріздес түйінге шағымданған әйел адам келді. Қараған кезде: тегіс, шектелген, күрең түсті түзіліс. Болжам диагнозды атаңыз//

+гемангиома//

ангиома//

базелиома//

меланома//

кератома

***

Бауыр эхиноккоккозбен ауыратын 30 жасар науқаста кенеттен ішінің ауырсынуы, перитонеальды белгілер, дене температурасының көтерілуі мен аллергиялық бөртпелер пайда болды. Сіздің диагнозыңыз://

жедел холецистит//

+кистаның жарылуы//

кистаның ұлғаюы//

кистаның қабынуы//

бауыр абсцессі

***

Аяғында тілменің рецидивирлеуші формасы бар науқаста жедел сатысында ісінулер мен көлемінің ұлғаюы байқалды. Бұл жағдайда тілме немен асқынған?//

остеомиелит//

+лимфостаз//

сепсис//

тромбофлебит//

периостит

***

Емхана хирургіне 34 жастағы әйел қабылдауға келді. Сол жақ сирағының және санның медиальды бетінде ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну 3 күн бұрын сирағында пайда болған және санына жайылған. Дене қызуы 37,50С-қа көтеріліп, жүруі қиындаған. Қараған кезде сан мен сирақтың тері асты көктамырының гиперемиясын көруге болады, пальпацияда ауырсынады. Табаны мен сирағының ісінуі жоқ. Сіздің диагнозыңыз//

+аяқ көктамырларының тромбофлебитпен асқынған варикозды ауруы//

аяқтың көктамырларының варикозды кеңуі, ІІІ дәреже//

облитерлеуші эндартериит//

аяқтың трофикалық жарасы//

аяқтың көктамырларының варикозды кеңуі, ІІ дәреже

***

Амбулаторлы хирург науқасты кіндік жарығы бойынша жоспарлы операция жасауға жолдама берді. Бірақ стационар госпитализациялауға рұқсат бермеді. Жарықтарды жоспарлы операциялық емдеуге қарсы көрсеткіштер://

+жедел инфекциялық аурулар//

бала жасында//

бандажды ұзақ мерзімді қолдану //

қартайған жас//

жарықтың мөлшері үлкен

***

Жас маман қабылдау кезінде науқастан Обуховский ауруханасы симптомын анықтады. Обуховский ауруханасы симптомына тән//

алдыңғы құрсақ қабырғасы арқылы тыңдалатын тыныс алу шулары//

алдыңғы құрсақ қабырғасы арқылы тыңдалатын жүрек тондары//

"бос" илеоцекальды аймақ//

+бос балон тәрізді тік ішек ампуласының кеңеюі//

ішек тұзақтарының эластикалық түзіліс ретінде алға керілуі

***

Жас жігітте оң жақ жоғарғы еріннің айқын, жайылмалы ісінуі анықталады. Еріннің терісі әсіресе оң жағы қызарған және осы жерде ортасында некротикалық ошағы бар инфильтрат орналасқан. Дене қызуы 380С. Науқаста қандай ауруды көруге болады?//

атерома//

карбункул//

флегмона//

абсцесс//

+фурункул

***

Науқаста оң жақ жауырын асты аймағында тері-май клетчаткасының айқын түсуімен тері бетіне шығып тұратын өлшемі 10x12 см сопақша түзіліс анықталды. Белгіленген түзілістегі тері қабаты өзгермеген.Түзіліс ауырсынусыз, тығыз эластикалық консистенциялы, теріастылық клетчаткамен шектеліп ығысады. Науқаста қандай сырқат?//

атерома//

+липома//

базелеома//

фиброма//

аденома

***

Емханаға 20 жастағы студент медициналық тексерістен өту үшін келді. Зерттеу кезінде хирург дәрігер оң жақ бұғана асты аймағында диаметрі 10 см дөңгелектенген, жұмсақ консистенциялы, қозғалмалы, ауырсынусыз түзіліс анықтады. Түзіліс беткейінің терісі өзгермеген. Түзілістің пайда болу себебі мен уақытын науқас білмейді, айтуынша бұрыннан бар. Алғашқы диагнозды көрсетіңіз//

атерома//

+липома//

фиброма//

фурункул//

карбункул

***

28 жасар науқас оң аяқтың үлкен саусағының ауырсынуына шағымданып келді. Ауырсыну жүрген кезде, аяқ қиім киген кезде күшейеді. Қараған кезде: оң аяқтың үлкен саусағы аймағында қабыну белгілері, пальпацияда ауырсыну, тырнақ пластинкасының деформациясы, тырнағы саусақ терісіне терең ене өскен. Алғашқы диагнозды анықтаңыз//

тері асты панариций//

тырнақ асты панариций//

пандактилит//

паронихий//

+онихокриптоз

***

Амбулаторлы хирургқа әйел адам сол жақ қолтық асты аймақта сол жақ иық буынында қозғалыс жасаған кезде күшейетін ауырсынуға шағымданып келді. Бес күннен бері сырқат. Сырқатын депиляция жасаумен байланыстырады. Қолтық асты аймағын қарау кезінде диаметрі 2-3 см тығыз аз ғана тері бетіне шығып тұратын, жеңіл гиперемияланған инфильтрат анықталды. Ең ықтимал диагнозды анықтаңыз//

қолтық асты аймағының фурункулезі//

қолтық асты аймағының атеромасы//

+сол жақты гидраденит//

қолтық асты аймағының карбункулы //

тілме тәрізді қабыну

***

Науқас 46жаст, дефекациядан кейін жағымсыз сезім және қышу мазалайды, ал аналь тесігі аймағында нәжіс аралас ал қызыл түсті қан белгілері анықталады. Обьективті зерттеу барысында күшену барысында Хилтон сызығынан төмен, 7- сағат проекциясында ұзарыңқы пішінді ісік тәрізді түзіліс анықталады. Алғашқы диангозды рәсімдеңіз.//

+созылмалы геморрой//

тік ішек рагі//

тік ішек полипі//

тік ішектің төмен түсуі//

тік ішек сызатының қансырауы

***

Науқас Ф., 24 жаста, дәрігерге артқы өтіс аймағында әсіресе дефекациядан кейін ауырсыну мен қышу сезіміне, дене қызуының 37,8 0С-қа көтерілуіне шағымданып келді. Қараған кезде анустың сол жағында гиперемия, сол жерде 3-4 см ауырсынатын, ортасында флюктуациясы бар инфильтрат анықталды. Ішекті саусақпен зерттеу кезінде сол қабырғасының ауырсынуы бар//

+тері асты парапроктит//

тік ішек ісігі//

тік ішек полипі//

тік ішектің түсуі//

тік ішектің қанталайтын жарылуы

***

Науқас емханаға жоғарғы ерін аймағында ауырсынатын тығыздалған инфильтрат болуына, басының ауырсынуына, жайсыз сезім, дене қызуының 37,40С-қа көтерілуіне шағымданып келді. Қарау кезінде жоғарғы ернінде гиперемияланған және айналасында ісінуі бар 1,0х1,5 см инфильтрат анықталды. Науқасқа Вишневский жақпасымен байлам жасалды, антибиотиктер тағайындалды, содан кейін барып үйіне жіберілді. Екі күннен кейін жедел жәрдеммен ауруханаға жатқызылды. Алғашқы диагнозды анықтаңыз//

+фурункул//

атерома//

липома//

фиброма //

жәндік шаққан

***

150 жасар әйел емханаға мойынның артқы аймағында жұмсақ түзілістің пайда болуына шағымданып келді. Пальпацияда түзіліс ауырсынбайды, мөлшері 2х2 см, қозғалмалы, қабыну белгілері анықталмайды. Алғашқы диагнозды көрсетіңіз//

+атерома//

липома//

флегмона//

карбункул//

фурункул

***

Емхана хирург дәрігері көшпелі флебиті бар науқас келгенде қандай ауруға күмәндану керек?//

лейкемия//

+ қатерлі ісік, жиі ұйқыбезде//

тамырлардың тромбангиитті окклюзиясы//

түйінді периартериит//

көктамырдың варикозды кеңеюі

***

Емхана хирургіне анамнезінде вирусты гепатиті болған науқас келді. Дәрігер науқаста портальды гипертензия синдромын анықтады. Бұл ауруда жиі кездесетін белгі қандай?//

+спленомегалия//

гиперспленизм//

геморрой//

гипертермия//

асцит

***

Амбулаторлы хиругқа оң жақ иығы аймағында қабыну процесі бар науқас келді. Анамнезінде жарақат алған. Диагноз қойылды: флегмона. Ашып қарау кезінде қуыс қанға толы, қатты қан кету орын алды, қанды тоқтату тек зақымдану аймағынан жоғары жерге жгут салу арқылы ғана мүмкін болды. Дұрыс диагнозды көрсетіңіз://

+постравматикалық артерия аневризмасы//

оң жақ иықтың гематомасы//

қол аймағының флегмонасы//

остеогенді емес фиброма//

иық аймағының гемангиомасы

***

Амбулаторлы хирург науқаста асқазан ішек жолының жарасының қан кетуіне күмәнданады. Қандай белгілер бұл диагнозды растауда көмектеседі.//

+''кофе'' тұнбасымен құсу//

диастолалық гипертония//

аз уақытта арықтау//

нәжісте алқызыл қан //

жалған діретке шақыру

***

Емханаға 42 жастағы науқас қыжыл мен тамақ қабылдағаннан 2 сағ кейін пайда болатын ауырсынуға шағымданып келді. Ең алдымен қай ауру туралы ойлауға болады?//

холецистит туралы//

гепатит / туралы//

+12 - елі ішектің жара ауруы туралы //

созылмалы гастрит туралы//

панкреатит туралы

***

Науқас 45 жаста. Дәрігердің қарауы кезінде созылмалы геморрой диагнозы қойылды. Диагнозды нақтылау үшін қандай белгілер болды?//

жиі сұйық нәжіс, тенезмдер, кілегейлі-қан кету//

дефекациядан кейінгі қатты ауырсыну, одан кейін қан тамшылары//

тұрақсыз нәжіс, кейде құмалақ тірізді қан аралас нәжіс//

алкоголь қабылдағаннан кейін күшейетін, артқы өту аймағындағы тұрақты ауырсынуы//

+дефекация кезінде алқызыл түсті қанды бөлініс, геморроидальды түйіндердің ұлғаюы

***

Хирург кабинетіне сырттан ауыр жағдайдағы науқасты алып келді. Хирург ішкі мүшесінің перфорациясына күдіктенді.Қай белгілер осы диагнозды көрсетеді?//

іштегі кенет ауырсыну//

төменгі қысым//

+«тақтай тәріздес» іш//

бауырлық доғасының жойылуы//

пневмоперитонеум

***

19 жасар ер адамда статикалық жүктемеден кейін бұрын пайда болған шап жарығы қайта шықты және орнына келтірілмей қалды. Науқас бірнеше рет жарықты орнына келтіргісі келді, бірақ әрекеті сәтсіз болды. Содан кейін емханаға хирург дәрігердің қарауына келді. Бұл жағдайда не істеу керек?//

+науқасты хирургиялық стационарға жолдау//

1 сағаттан кейін жарықты орыныа салып көру//

спазмолитиктер енгізу//

қатаң төсектік режим тағайындау//

іш қуысының шолу рентгенографиясын жасау

***

Амбулаторлы хирург сирақтың жарылған варикозды түйінінен қан кету кезінде не істеуі керек?//

викасолды бұлшықетке енгізу//

сан артериясын басу//

аяғын жоғары көтеру//

+байлам салу,стационарға жеткізу//

көктамыр ішілік донорлық қан құю

***

'' Жедел аппендецит '' диагнозы белгіленген науқас госпитализациядан бас тартқан жағдайда амбулаторлы дәрігер тактикасы://

+медициналық құжат түрінде бас тартуды жаздыртып алу//

консервативті емі жайлы ұсыныс беру//

учаскелік дәрігер бақыылауы бойынша үйіне жіберу//

атқарушы органдар көмегімен госпитализациялау//

телефонмен бақылау

***

17 жастағы ер адамда, медициналық бақылау кезінде оң жақ жамбастың жоғарғы үштен бір бөлігіндегі өлшемі 2,0 х 1,0 см болатын, жұмсақ эластикалық консистенциялы, ұстағанда ауырсынбайтын, пульсация беретін түзіліс анықталды. Жас бала түзіліс бала кезінен бар екенлігін айтады. Информативті диагностикалық әдісті көрсетіңіз://

ультрадыбысты флоуметрия//

+артериография//

флебография//

көлемді сфигмография//

магнитно-резонансты томография

***

Босанғаннан кейінгі 2-ші айда, әйел адам оң жақ сүт безінің емізікше тұсының ауырсынуына шағымданады. Емізікше ісінген, аздап ісік бар, анық флюктуация мен инфильтрат бар. Тактиканы тандаңыз://

сульфаниламид тағайындау//

антибиотик тағайындау//

бақылау//

салқын басу//

+іріңді ашу

***

Экссудативті плевритпен ауыратын науқасқа амбулаторлы хирург плевра аймағанынң пункциясын жасағысы келді. Пункцияны қай жерден жасау қажет?//

парастернальды сызық бойымен 4қабырғааралық//

ортаңғы бұғана сызыө бойымен2 қабырғааралық//

+артқы қолтық асты сызық бойымен 8 қабырғааралық//

омыртқа маңы сызыө бойымен 8 қабырғааралық//

алдыңғы қолтық асты сызық бойымен 3 қабырғааралық

***

Егер науқаста қысылған жарығы орнына келсе емханалық хирург не істеу қажет?//

науқасты үйіне жіберу//

+ бақылау жүргізуге госпитализациялау//

шұғыл операцияға алу //

госпитализациядан 2 – 3 сағ кейін операцияға алу//

бандаж тағуға ұсыныс беру

***

Емхана жағдайындағы қандай зерттеу әдісі жедел аппендицит пен жатырдан тыс жүктіліктің дифференциальды диагностикасында көмектесе алады://

іштің пальпациясы//

іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы//

+қынаптың артқы күмбезінің пункциясы//

қан анализіндегі лейкоциттер саны//

зәр анализі

***

Науқас И. , 67 жаста, терінің гистологиялық зерттеуіне жіберілді.Бөрітпелер 6 ай бойы бар, 1,5 ай бойы сыртқа гормональды жақпамайын қолданды, әсері болмады.Объективті: Мойынның оң жағында анық жиекті, дөңгелек пішінді қызғылт-қызыл түсті, бетінде жеңіл атрофиясы мен телеангиоэктазиясы бар дақ. Бұл аурудың диагностикасы үшін қолданылатын зерттеу әдісін атаңыз://

ультрадыбысты зерттеу//

биохимиялық қан анализі//

контактты биомикроскопия//

гистологиялық зерттеу//

+цитологиялық зерттеу

***

Науқас аяқ көктамырларының варикозды кеңеюімен ауырады. Кенеттен оң жақ балтырдың ішкі бетінен жарылған веналық түйіннен қан кету басталды. Қан күңгірт, интенсивті ағын ретінде кетіп жатыр. Дәрігердің тактикасын көрсетіңіз.//

+қысатын таңғыш салып, хирургиялық бөлімшеге жеткізу//

қысатын таңғыш салып, уйге жеткізу//

балтырды бинттеу, жалпы қан анализі//

бұрама салып, салқын басу//

тамырлық хирургтан кеңес алу

***

Емханада хирургтің қарауында аппендэктомия операциясынан кейін 8-ші тәуліктегі науқас. Науқас операциядан кейінгі жара аймағындағы өте қатты ауырсынуға шағымданады.Дене температурасы өте жоғары, қан анализінде өте айқын лейкоцитоз. Дәрігер тактикасын көрсетіңіз.//

+жараны өңдеу, тігістерді шешіп, жараны дренаждау//

қабынған тіндерді спиртпен өңдеу//

ем үшін УЖЖ емді тағайындау//

бақылау және антибиотикотерапия//

қайталап операция жасау

***

Науқаста тік ішектің ампулярлы бөлігінде рак күмән туғызды. Саусақпен зерттеу барысында ісікке жету мүмкін болмады. Қандай диагностикалық манипуляцияны қодану қажет? //

Колоноскопию//

Ирригоскопию//

+ректороманоскопию//

Лапароскопию//

іш қуысын УДЗ

***

Аудан орталығындағы емханаға хирург қабылдауына ауруы басталғаннан 5 күннен кейін 50 жастағы әйел арқа карбункуымен келді. Бұл науқасқа тән жүргізу тактикасын көрсетіңіз?//

бақылау//

физиологиялық//

антибиотикотерапия//

жергілікті ем//

+оперативті ем

***

Үсік шалған науқасты жылыту үшін://

үсік шалған аймаққа ыстық жылытқыш басу//

+суға (25-30°С) салып, температураны біртіндеп арттыру//

үсіген аймақты ыстық суға батыру//

науқасты толығымен ыстық ваннаға отырғызу//

үсіген аймақты қармен ысқылау

***

Хирургиялық бөлімшеге 82 жастағы науқас жерге құлағаннан кейін сол жақ сан функциясының бұзылуымен келіп түсті. Науқас аяғына тұра алмайды.Жамбас сан буынындағы аяқтың қызметі ауырсынуға байланысты кенет шектелген. Бұл науқасқа болжам диагнозы дәлелдеуге қандай зерттеу жүргізесіз?//

флюорография//

+рентгенограмма//

контрасты рентгенограмма//

томография//

ультрадыбысты зерттеу

***

Жас жігітте оң жақ бетіне жайылған жоғарғы еріннің айқын ісінуі анықталған. Еріннің терісі әсіресе оң жағы қызарған және осы жерде ортасында некротикалық ошағы бар инфильтрат орналасқан. Дене қызуы 380С. Амбулаторлы хирургтың тактикасын көрсетіңіз//

амбулаторлық оперативті ем//

+стационарлық ем//

амбулаторлық консервативті ем//

физиоем//

үй жағдайында стационар

***

Науқаста қал дақтары айналасында терінің қышуы байқалады. Дақ интенсивті қара түсті, теріден шығыңқы, көлемі 0,3х0,5см . Беті жұмсақ . Сіздің тактикаңыз://

динамикалық бақылау//

пункциялық биопсия//

+іздерінен жағынды алуды//

жақпа маймен емдеу//

антибиотикотерапия

***

Науқаста аяқтарының тілмелік түрінің жедел кезеңінде ісік және де аяқтарының көлемінің тез ұлғаюы пайда болды. Осы жағдай немен көрінеді://

тілменің қабынуы//

+лимфостазбен//

сепсис//

тромбофлебитпен//

периоститпен

***

62 жасар науқаста салқындаудан кейін мойынның артқы беткейінде 4х6 см мөлшерлі ауырсынатын инфильтрат пайда болды. Бетіндегі терісі қызарған, керілген. Ортасында бірнеше іріңді-некротикалық ошақтар бар, олардың кейбіреуінен ірің бөлінеді. Хирургиялық кесудің ерекшелігін көрсетіңіз//

көлемді //

+крест тәріздес//

сызықты//

ай тәріздес//

лампасты

***

Науқас 43 жаста. Шынтақ буыны аймағының флегмонасына кесінді жүргізілді. Іріңдік аймағы антисептиктермен өңделді, дренирлеу, натрий хлориді гипертониялық ерітіндісімен байлам салынды. Операцияны немен аяқтау қажет?//

тігіс салумен//

қысып байлам салумен//

дренирлеумен//

+иммоболизация//

алғашқы хирургиялық ем

***

Емханада хирург қарауында аппендэктомия операциясынан кейін 5-ші тәуліктегі науқас отыр. Науқас операциядан кейінгі жара аймағындағы өте қатты ауырсынуға шағымданады. Дене температурасы өте жоғары, қан анализінде өте айқын лейкоцитоз. Ауырсыну себебін және дәрігер тактикасын көрсетіңіз//

ішектегі тігістің қабынуы, антибиотикотерапияны күшейту//

организмнің нормергиялық реакциясы, емді жалғастыру//

+жарақаттың іріңдеуі, жарақатты ашып, байлам салу//

иммунитеттің төмендеуі, тамақтануды күшейту//

байламның әсері, байлам жасау

***

Емхана хирургіне депилясиядан кейін оң жақ сан аймағында көлемді қызаруға шағымданып, әйел адам келді.Жұмсақ тіннің флегмонасының жұмсару дәрежесінде емхана хирургінің тактикасы. //

+кең кесінді жасау мен дренаждау//

жылытушы компресс салу//

суық компресс ұсыну//

новакаинды антибиотикпен егуді орындау//

құрғақ байлам және физиоем

***

Өмір бойы алыс сапарға жүргізуші болып жұмыс істеген 45 жасар науқас перианальды аймақта пайда болған кышу мен күйдіру сезіміне,дефекация кезінде болатын гемморойдальды түйіндердің төмен түсуі мен қан кетуге шағымданады. Анальды өзекке қолмен орнына келтіру қажет. Бұл науқаста тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігін жоққа шығару үшін қандай манипуляция орындау керек?//

ректомоноскопия//

кіші жамбас ағзаларының УДЗ//

колоноскопия//

+тік ішекті саусақпен қарау //

аноскопия

***

Емханада хирургтың қабылдауына аяқтың жедел артериялық ишемиясы белгілері бар науқасты әкелді. Бұл патологияға тән емес симптомды атаңыз?//

терінің бозаруы//

терінің салқындауы//

окклюзия деңгейінен төмен тамыр соғуының әлсіреуі//

+сирақтың периодтық құрысулары//

аяқ-қолдың тұрақты ауруы

***

Ауруы басталғаннан 5 күннен кейін емханалық хирургке 50 жасар әйел адам арқа карбункуымен келді. Бұл науқасқа тән жүргізу тактикасын көрсетіңіз//

бақылау//

физиологиялық//

антибиотикотерапия//

жергілікті ем//

+оперативті ем

***

Науқаста оң жақ жауырын асты аймағында тері-май клетчаткасының айқын түсуімен тері бетіне шығып тұратын өлшемі 10x12 см сопақша түзіліс анықталды. Белгіленген түзілістегі тері қабаты өзгермеген.Түзіліс ауырсынусыз,тығыз эластикалық консистенциялы,теріастылық клетчаткамен шектелген ығысады. Қандай емдеу тәсілі көрсетілген?//

консервативті//

сәулелік//

+хирургиялық//

аралас//

динамикалық

***

Аппендэктомия операциясынан кейін 12 тәулікке науқаста жамбас тереңдігінде ауырсыну, дене қызуының жоғарылауы, тенезм және зәр шығарудың бұзылуы пайда болды. Амбулаториялық хирург Дуглас кеңістігінің абсцессіне күмәнданды. Қандай қосымша зерттеу әдісін бастау керек?//

іш қуысының шолу рентгенографиясымен//

+тік ішекті саусақпен тексеру//

хромоцистоскопиядан//

ректороманоскопиямен//

ирригографиядан

***

1 саусағында еніп өскен тырнақпен амбулаторлы хирургқа науқас келді. Қарағанда: тырнақ пластикасының маңында гипермия мен ауырсыну анықталды. Дәрігердің тактикасын көрсетіңіз://

тырнақ пластикасының резекциясын жасау//

+табан гигиенасы, марганцовкамен ванночка, оперативті ем//

тырнақ алып тастау, антибиотикотерапия//

емді қажет етпейді, динамикада бақылау//

толық тексеру, стационарға жолдама

***

Емхана хирургына жас жеткіншек жоғарғы ерніндегі фурункулмен келді. Дене температурасы 39ºС. Жоғарғы ерні мен кабағының ісігі бар. Дәрігер тактикасын көрсетіңіз://

емханада емдеу//

үйде емдеу//

мазьды компрессормен емдеу//

фурункулды ашу//

+науқасты стационарға жолдау

***

Өңеште бөгде дене болуына күдіктенгенде науқасты тексеруді бастау қажет://

барий қоспасымен өңешті рентгенологиялық зерттеу//

+аран мен жұтқыншақты инструменталды зерттеу//

компьютерлі тоиографиядан//

лабораториялық зерттеулерден//

ультрадыбыстық зерттеулерден

***

Науқас 70 жаста, калькулезды холецистит , қант диабетімен және күш тусу стенокардиясымен сырқаттанады. Соңғы айда оң жақ қабырға аймағына ауырсыну жие мазалайды. Осы науқасқа тән жүргізу тактикасын көрсетіңіз?//

диспансерлік бақылау, диетотерапия//

санаторлы – курорттық ем//

+жоспарлы хирургиялық ем//

қант диабеті мен стенокардия емі//

жедел лапаротомия

***

Амбулаторлы хирург тері астылық парапроктитті емдеуде қандай емдеу әдісін таңдау керек?//

іріңдікке пункция//

физио процедуралар//

антибиотикотерапия//

жылы ваннада отыру//

+іріңдікті ашу

***

Емханада хирург 72 жастағы науқасқа оң жақ шап жарығының қысылған диагнозын қойды. Анамнезінде 2 рет миокард инфарктісі және созылмалы пневмониямен ауырған. Жарықтың қысылғанына 5 сағат өткен. Мұндай жағдайда не істеу керек?//

жылы ванна мен спазмолитиканы тағайындау//

жарықты қалпына келтіру, бақылау//

+шұғыл операция үшін стационарға жіберу//

үй жағдайында бақылау жүпгізу//

анальгетик, жарықты қалпына келтіру

***

Амбулаториялық хирург пациентте тоқ ішектің полипозы болуын болжайды. Науқасқа хирургтың қандай зерттеу әдісін тағайындауы керек?//

Грегерсен реакциясын зерттеу//

ультрасонография//

ректороманоскопия//

ирригоскопия//

+ колоноскопия

***

Емханада тексерген кезде хирург науқаста ұйыған гемотораксты анықтады. Ең жиі кездеседі://

эмпиеме плевра//

+кеуде қуысының жарақаты//

инфаркті пневмония//

өкпенің орталық обыры//

өкпе туберкулезінде


написать администратору сайта