|
навыки 2 курс-1. Герметизация фиссуры
Қызылиек үсті- және асты тіс жұғындыларын алып тастау. 1. Мақсаты: студенттерге қызылиек үсті- және асты тіс жұғындыларын алып тастау дағдысына үйрету.
2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
3. Ақырғы нәтиже: қызылиек үсті- және асты тіс жұғындыларын алып тастау дағдысын игеру.
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам) № п/п
| Тапсырма сатыларының критерийлері
| Орындал
мады
0-0,1
| Жартылай орындалды
0,2-0,3
| Орындалды
0,4-0,5
| 1
| Тіс жұғындыларын алып тастау үшін құралдар мен материалдарды таңдау: лоток, пинцет, стоматологиялық айна, экскаватор, мақталы валиктер және тампондар, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі, жылтырататын абразивті сықпа, щетка мен жолақтар (штрипсы), резиналы басшықтар, «Фторлак».
|
|
|
| 2
| Жансыздандыру жүргізу: 10% лидокаин ерітіндісімен аппликациялық жансыздандыру. Оң қолға пинцет алып, жансыздандырғыш ерітіндіге малынған мақталы тампонды қажет аймаққа салады.
|
|
|
| 3
| Медикаментозды өңдеу: сол қолға стоматологиялық айна алады және жоғарғы немесе төменгі ерінді тартады. Оң қолға 0,05% хлоргексидин ерітіндісіне малынған мақталы тампон алады және қызылиекті өңдейді.
|
|
|
| 4
| Қызылиекүсті тіс жұғындыларын алып тастау: Оң қолға экскавторды алады және қызылиекүсті тіс жұғындыларын тістердің тілдік беткейінен алып тастайды, содан кейін тістердің вестибулярлы беткейінен.
Қызылиек асты тіс жұғындыларын алып тастау: Оң қолға Грейси ілмегін алады және қызылиек асты тіс жұғындыларын тістердің тілдік беткейінен, содан кейін вестибулярлы беткейінен алып тастайды.
|
|
|
| 5
| Ауыз қуысын медикаментозды өңдеу: сол қолға стоматологиялық айна алады және жоғарғы немесе төменгі ерінді тартады. Оң қолға 0,05% хлоргексидин ерітіндісіне малынған мақталы тампон алады және қызылиекті өңдейді.
|
|
|
| 6
| Тістерді тегістеу және өңдеу: оң қолға тегістеуіш сықпаға малынған щеткасы бар ұштықты алады, тегістеуді және тіс сауытының мойыналды бөлігін өңдеуді жүргізеді. Екі қолдың бас бармағы мен сұқ саусақтарымен абразивті жолақты қысып, тістердің контактты беткейлерін егеп тегістейді.
|
|
|
| 7
| Ауыз қуысын оқшаулау: Сол қолға айна алып, оң қолға мақта білігі бар пинцетті жоғарғы жақ пен ұрт арасына (құлақ маңы безі) және тіл асты аймағына салады.
|
|
|
| 8
| Тістер беткейін фтор препараттармен қаптау:
ауыз қуысын оқшаулаймыз, сол қолға айна, оң қолға «Фторлак»-қа сіңірілген аппликаторды тістер беткейіне жағады. Ұсыным береді.
|
|
|
| |
|
|