Гимнастика жаттығулары тәсілдерінің жалпы негіздері. Гимнастика жаттыулары тсілдеріні жалпы негіздері Жоспар
Скачать 445.26 Kb.
|
Гимнастика жаттығулары тәсілдерінің жалпы негіздері Жоспар: 1. Гимнастикалык жаттығулардың орындалуының негізі 2. Физикалық зандылыктары статистика кинематикасы динамикасы жұмысы күштілігі энергиясы 1. Гимнастикалык жаттығулардың орындалуының негізгі Саптық жаттығула мен жүру жаттығуларын орындау тәртібі Саптық жаттығулар. Саптық жаттығу немесе қатарға тұру гимнастиканың алғышарты, бастамасы болып табылады. Дене тәрбиесі сабағында сапқа, лекке (колонна), қатарға (шеренга) тұрудың негізгі жаттығулары мен бұйрық беру және оны орындауды үйрену күрделене отырып жалғасады. Сапқа және қатарға тұрудың негізгі жаттығулары мыналар: сапқа тұру, қатарға тұру, лекке тұру, түзелу, түзу тұру, еркін тұру, оңға бұрылу, солға бұрылу, артқа бұрылу. Сапқа тұрғызу тәсілдері екіге бөлінеді: 1. бір орында тұрып орындалатын қимылдарға арналған бұйрықтар: «Сапқа тұр!» («Становись!»), «Сап түзе!» («Равняйсь!»), «Тік тұр!» («Смирно!»), «Еркін тұр!» («Вольно!»), «Оңға бұрыл!», «Солға бұрыл!», «Артқа бұрыл!» және т.б. 2. жүру үстінде орындалатын қимылдарға арналған командалар (жүру, жүгіру, жүріп бара жатқанда бұрылу және т.б.). Бір лекке тұру Екі лекке тұру Сапқа тұру жаттығулары Сапқа тұру балалардың ұйымшыл және тәртіпті болуына, денені дұрыс ұстауына, оларда қарқын мен ырғақ сезімдерінің дамуына, қимыл дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сабақтың кіріспе бөлімінде олар топ балалардың зейіндерін іске жұмылдыруға, балалар ағзасын бір қалыпты қыздыруға, дененің зат алмасуын арттыруға жағдай жасайды. Жүру жаттығулары. Жүру табиғи қолданбалы жаттығу. Жүру механизмі қозғалысты тікелей реттеуші тері, бұлшық ет түйсіктеріне белгі беретін тітіркендіргіштер болып табылады. Жүрудің дұрыс дағдысын қалыптастыратын жаттығудың міндеті баланың тұлғасының біркелкі өсуіне, аяғын ілгері қарай икемділікпен басуға, қолдары мен аяқтарын үйлесімді ұстауға тәрбиелеу болып табылады. Жүру кезінде үлкен бұлшық ет топтары, қызметке түсіп, тыныс алу, қан айналу жүйелерінің қызметін күшейтеді. Сапта жүру балаларды тәртіптілікті ұйымдастыруға көмектеседі. Дене тәрбиесінің негізгі міндеттерінің бірі балаларды дұрыс, көркем, ұқыпты жүруге үйрету. Балаларды жүруге дұрыс дағдыландыру үшін, оларды бала бақша дене тәрбиесінен бастап, қимылды ырғақ арқылы сол аяқтан бастап жүруге үйретеді. Балалармен еліктеу сипаттағы жаттығулар қолданылады "қаздар қайтіп жүреді", "аюға ұқсап жүріңдер!", т.с.с. Жүруге үйрету барысында аяқтың ұшымен, еңкейіп, үлкен адыммен, бөксені жоғары көтеріп, тіркеме адымдар, аяқты қайшылап, аяқтың ішкі, сыртқы қырымен жүру ұсынылады. Бұл тапсырмалар әр түрлі екпінде орындалады. Дұрыс жүру: денені еркін ұстау; денені, басты тік ұстау; иық артқа қарай ашылған, қолмен аяқтың қимылдары еркін (егер оң аяқ алда болса, сол қол алда болу керек). Сабақ барысында қолданылатын жүру түрлері. Аяқ ұшымен, қол жоғары Аяқ өкшемен, қол желдеге Аяқтың сыртқы қырымен, қол белде Аяқтың ішкі қырымен, қол белде Қол белде, жартылай отыра Қол тізеде, толық отыра Кең, еркін адым жасап, тұлғаны дұрыс ұстап жүру Мұғалімнің санауы бойынша ырғақпен жүру Мұғалімнің санауы бойынша ырғақпен қолды шапалақтап жүру Екпінді өзгертіп жүру (санау, шапалақтау) Ені 20 см белгілі сызық арқылы жүру 2. Физикалық зандылыктары статистика кинематикасы динамикасы жұмысы күштілігі энергиясы Жалпы дене жаттығулары Жалпы дене жаттығулары дегеніміз - адам тұлғасының жекелей дене бөліктеріне берілетін күрделі емес қимылдарынан тұратын арнайы гимнастикалық жаттығулар жүйесін айтамыз. Жаттығу адам ағзасын жан - жақты сауықтыруға бағытталады. Жалпы қимылдар дене мүшесінің анатомиялық құрылысына сай түрлі жылдамдықпен, амплитудамен және бұлшық ет керілуінің әр түрлі деңгейімен орындалады. Жалпы дене жаттығуын қолданудың мақсаты - ағзаның морфофункционалдық жеке дамуы және жаттығушылардың едәуір күрделі қозғалыс қимылдарын игеруге даярлау. ЖДЖ педагогикалық жүйеде дене тәрбиесі пәні бойынша мектепке дейінгі мекемелерде, мектеп, орта және жоғары оқу орындарында сабақ құрылымында ағзаны шынықтыру мақсатында кең қолданылады. Спорт мектептерінде кез-келген спорт түріне таңдау жасалмай-ақ ағзаны шынықтыру құралы ретінде сабақтың дайындық бөлімінде кең орын алады. Жаттығулардың жасалу тәртібі Гимнастикалық жалпы дене жаттығуларын қысқа, әрі тура, дұрыс жазу, орындаушының түсініп орындауына үлкен көмегін тигізеді. Гимнастикалық жаттығуларды жазу көрсетілген белгілермен аталыммен терминологиялық тәртіпті сақтау арқылы іске асырылады. Жазылу тәртібіне жататындар: гимнастикалық жаттығулардың көрсетілген тәртіп бойынша жазылуы, олардың мұндайда граматикалық құрылыс белгілері сақталынады. Осы тәртіп бойынша жалпы дене жаттығуларын жазу. Жеке қимылдарды жасағанда мыналарды көрсету керек: Бастапқы қалып (Б.ж.) қимылдың басталар алдындағы жағдай. Қимылдың аталуы (еңкей, бұрыл, серме, бүге құлау). Бағыты (оңға, артқа, солға, төмен және т.б). Бір мезгілде орындалатын бірнеше қимылды жасағанда сол жеке қимылда көрсетілген тәртіппен орындату, бірақ алғашында қимыл (қол дене, аяқпен орындалатын) сонан соң қалған қимылдарды көрсету. Мысалы:
Жалпы дене жаттығулары Жалпы дене жаттығуларында бастапқы тұру қалпындағы аяқ пен қол жағдайы төмендегідей тәртіппен орындалады.
Дене жаттығуында аяқ жағдайы
Дене жаттығуында қол жағдайы Әдебиеттер тізімі: Гавердовский Ю.К. Техника гимнастических упражнений: популярное учебное пособие. М.: Терра-Спорт, 2002. Гимнастика. М.Л.Журавина, Н.К.Меньшикова. М.: «Академия», 2002. Гимнастическая терминология: справочник по курсу «Гимнастика». С.А.Александров. Гродно, 2000. Горанько М.И. Спортивная гимнастика Казахстана. Исторический очерк (1917-2011гг.). Алматы, 2011. Ракишев Т.К. Дене шынықтыру және спорт: казахско-русский, русско-казахский словарь. Алматы, 2014. Словарь терминов гимнастики и основ хореографии. А.И.Рябчиков, Ж.Е.Фирилева. СПб.: Детство-Пресс, 2009. Лекция 12. Снарядтарда орындалатын жаттығулар тәсілдерінің негіздері Жоспар: 1. Негізгі жұмыс жағдайлары гимнастың қозғалыс әрекеті 2. Жаттығулар-қозғалыс әрекеттерінің жиынтығы ретінде сипат алады. 3. Жаттығулардың орындалу тәсілдерінің ерекшеліктері 1. Негізгі жұмыс жағдайлары гимнастың қозғалыс әрекеті Гимнастикалық жаттығулар гимнастикалық амалдар деп аталатын, әдеттегідей жаттығулардың мына топтарына бірігеді. спорттық жаттығулар жалпылама дамытушы жаттығулар қолданбалы жаттығулар еркін жаттығулар көркем гимнастикалық жаттығулар - акробатикалық жаттығулар Гимнастика амалдарын осылайша топтастыру, қандайда бір міндеттерді орындау үшін қажетті жаттығуларды таңдауды жетілдіру. Гимнастиканың негізгі амалдарын қысқаша түрде сипаттайтын болсақ: 1. саптық жаттығулар - бұл сабақтарды жақсы үйымдастыру үшін жаттығу мезгілінде шұғылданушыларды рационалды түрде орналастыру үшін пайдаланылатын қызметін сипаттаудағы күрделі емес қозғаушы әрекеттер. Бұл жерде өзіндік жеке маңызға не келісілген ырғақты әрекеттердің дағдыларын қалыптастыру кезінде, музыкалық сүйемелдеумен болатын жүгіру мен жүру кезінде қолданылатын жаттығулар. 2. жалпылама дамытушы жаттығулар гимнастиканың барлық түрінде қолданылады. Бұл жалпылама түрдегі дене тәрбиесінің мақсаты бойынша орындалатын үйлестіруші күрделі емес қозғаушы әрекет жаттығулар. Олар бүлшық еттің әртүрлі топтарындағы дамуын, дене сапасын жақсарту, кәдімгі қозғаушы дағдыларын қалыптастыру. Затсыз және әртүрлі заттармен орындалатын ауырлық түсіретін заттар мен гимнастикалық және тренажерлық жабдықтарды қолдану арқылы орындалатын көптеген жаттығулар бар. Бүл жерде мынаны айта кеткен жөн жалпылама жаттығулар гимнастикалық снарядтарда орындала береді. Күрделі әрі әмбебап болып табылатын снарядтарда орындалатын жаттығулар гимнастика амалдарының өз алдына бір бөлігі болып табылады. 3. Қолданбалы жаттығулар. Қоршаған ортамен өзара әрекетінің қозғаушы ептіліктермен қалыптастырушы гимнастика амалдары. Гимнастикалық жаттығулардың оны ерекшелейтін өзіндік сипаты форма бойынша қимылдардың қатаң емес регламентациясын сақтау. Тепе-теңдікті сақтау, кедергілерден өту секілді қозғаушы міндетке қол жеткізу үшін жеке шешімге келуге рұқсат белу. Бұл жаттығулар арнайы жабдықтар арқанды, орындықтарды, қабырғада пайдалану арқылы орындалады. Осы сипаттағы көптеген жаттығуларды стандартты және стандартты емес снарядтарда орындауға болады. Бүл жаттығулар гимнастикалықойындар мен эстафеталарды өткізу кедергі жасақтарынан өту кезіндегі негізі болып табылады. 4. Еркін жаттығу. Спорттық гимнастикадағы гимнастикалық көп сайыстың түрінің бірі. Жалпылама дамытушы сипаттағы амал болып табылады. Оны пайдалану үйлестіруші қабілеттерді дамытуға, төзімділікті күшейтуге бағытталады. 5. Көркем гимнастикалық жаттығулар. әйелдер контингенті мен жүргізілетін сабақтарда колданылады. Олар міндеті бойынша еркін жаттығуларға жақын. Алайда олардың затсыз бұзылулар тепе-теңдіктер өзгерістер т.с.с. және заттай заттармен сақина, доп, лента тағы сондайлармен орындалатын өздеріне тән элементтер бар әртүрлі қимылдар оқу және спорттық композициясына бірігеді. 6. Акробаттық жаттығулар. Дене мүшелерін дамытатын батылдық пен тәуекелшілдікке тәрбиелеу өте ықпал жасаушы амал болып табылады.дененің алуан түрлі қимылдары мен жағдайлары соның ішінде бастан жоғары қарай айналып секіру, кеңістіктегі арнайы бағдарды жақсартады. 2. Жаттығулар-қозғалыс әрекеттерінің жиынтығы ретінде сипат алады. Француз жазушы-гуманисы Франсуа Рабленің 1573 жылы жарық көрген «Гаргантюа мен Пантагрюэль» кітабында белтемірдің гимнастикалық құрал түрі екені туралы алғаш рет айталады. Бұл кітапта алып Гаргантюаның жақсы гимнасшы болғаны туралы жазылған; ол екі ағаш арасында бекітілген үлкен белтемірде жаттығу жасаған. XVI ғасырға қатысты басқа бір тарихи куәгер голланд суретші П. Брегельдің (үлкені) картинасы болып табылады. Бұл картинада қазіргі белтемірмен жаттығуға ұқсас жай, яғни бөренеге асылып жаттығу жасаушы балалар бейнеленген. Гимнастиканың неміс жүйесі салушылардың бірі И. Гутс-Мутс өзінің «Жасөспірімдерге арналған гимнастика» атты (1793 ж.) еңбегінде гимнастика өнерінің шыңы – бұл ағаштарда өрмелеу деп жазған болатын. Мұндай өрмелеуге дағдыланудың негізі ретінде ерекше құралдар, соның ішінде екі тіреуге бекітілген арқан немесе сырық ұсынылған. Сондықтан белтемірмен жаттығу жасау ағаштарға шығу тәсілін игеру құралы ретінде пайда болды деп айтуға болады. Алайда спорттық белтемірді ойлап табушы Ф. Ян (Германия) болып табылады. Ол снарядты гимнастиканың негізін салушы; ол Берлин іргесіндегі алаңда 1881 жылы құрған құрал – нағыз белтемір осы кездегінің дәл көшірмесі деуге болады: диаметрі 5-5,5 см ағаш сырық екі тіреуішке көлденеңінен бекітілген (39-сурет). Ф. Янның шәкірті Э. Эйзелен осы керме үшін бірқатар тартымды жаттығулар ойластырды. Сол кездегі көптеген педагог-бастамашылар белтемірге тән жаттығулар іріктеумен айналысты. Мысалы, Кунц (осындай пелагогтардың бірі) осы жабдық үшін өте әдемі жаттығу – асылуда серпін жасау арқылы таянышқа бүктеле көтерілуді (оны «тойтарыс» деп атайды, ол чех сөзінен алынған) ойлап тапты. Бұл 1850 жылғы болған оқиға еді. Бүктеле көтерілу осы уақытқа дейін қолданылып келе жатқан өте әдемі көрінетін жаттығу: осы заманғы спорттық гимнастикада бұл көтерілу саналады, белтемірде «қызмет көрсететін» элемент деп саналады; онсыз бірде-бір шебер гимнасшы ойын өрнегін көрсетпейтіні белгілі. Керме және онда жаттығу жасаудың алғашқы үлгілері: 1- асылу және таяныштар (Гутс-Мутс, 1817 ж.); 2 – Ф.Ян (1850 ж.) ойлап тапқан керменің (белтемірдің) немістік гимнастика жүйесі. Асылып тұрып күшпен таянышқа көтерілу: 1 – тартылу сәті; 2 – таянышқа шығу кезегі; 3 – көтерілудің бұл тәсілінің қолданбалық маңызы бар. Күш жұмсаумен орындалатын жаттығулар: 1. Салмақты күшпен таяна көтеру. Күш жұмсаумен орындалатын қолданбалы өмірлік маңызы бар жаттығулар. Атап айтқанда, олар жолда кездесетін түрлі кедергілер мен тосқауылдардан тез өту мүмкіндігін дамытады. Орындау тәсілдерінің негіздері. Белтемірге асылып, жоғары жағынан ұстап (жұлқусыз және сермеу қимылынсыз) қайткенде де «артығымен» жоғарырақ тартылу (2); бұл қолды ширықтыра бүкіл дене салмағын соған түсіру; белтемір кермесін жақынырақ қыса түсіп, иықты алға жіберіп, екінші қолдың шынтағын да жоғары көтеру. Екі қолды бірдей бүгіп, дұрыс таяныш қалпына келу. 2. Асылуда тартылу күші арқылы артқа айнала көтерілу. Көтерілудің бұл тәсілдінің де қолданбалық үлкен маңызы бар. Сонымен қатар бұл жаттығу дененің түрлі бөліктерінің: иін, қарын, аяқ бұлшық еттерінің бірқалыпты қалыптасуына көмектеседі. Орындау тәсілдерінің негіздері. Асылуда жоғарыдан ұстап (жұлқыну мен серпін жасау қимылынсыз) тартылу; қолдарды бүгіп, бір мезетте үш қимылды орындау қажет: қолды жартылай бүгу қалпын сақтау; белжамбас буынынан бүгілу; шымырлануды босаңсытпай, аяқтарды бір-біріне қосып, жамбасты белтемір кермесіне барынша жақындату (1-4). Бүгілген дене белтемір кермесіне тигеннен кейін мына қимылдар жасалуы тиіс: құрсақ бұлшықеттерін босатпай, кермеге «жату» және басты ептеп артқа жіберіп, қолдарды түзулеп, лезде денені жазу, сондай-ақ белдің, бөксенің, аяқтың еттерін босатпай, таяныштың дұрыс қалпын сақтау. Асылудан күш сала таянышқа айналым жасай көтерілу: 1-4 – тартылу және бүгілген дененің кермеге жақындай сәті; 5-7 – дененің кермеге жанасу сәті және аяқтармен аударылу қозғалысын орындау – таянышқа шығу. Дағдыларды игеруге арналған жаттығулар: 1 а) еден үстіндегі аласа кермеден аяқты сілтей күш жұмсап бір қолмен көтерілу; б) аласа шығыршықтан ұстап, асылуда күш сала тік көтерілу. 2. А) гинастикалық ағаш текеде аяқты тірей аласа кермеде жатып асылуда тартылу (42-сурет): аяқтар бастап төмен – дене созылған (1), асылуда аяқтар бастан төмен – жене жамбас – бөксеге буынының бүгілген (2); б) «асылу»бұрышында жартылай бүгілген қолдар4 орнықты қалпын ұстау (3); в) асылу элементін толық орындау: таяныш аяқ тізеден бүгілген және табанмен гимнастикалық ағаш текеге тіреліп, сермелетін аяқ жоғары созылған – бір мезетте үш қимылды (таяныш аяқты сермеу, қолдарды бүгу, сермелетін аяқпен артқа аудару қозғалысы) атқара артқа бұрылу арқылы көтерілу (8-сурет, 4); г) аласа кермеде тұрып, асылу элементтерін толық орындау: бір аяқпен сермеп және екінші аяқпен итеріліп, аяқтарды артқа қоса ұстап, аударылу қозғалысын орындау (5, 6); бүктелген денемен кермеге «жатып», белді кермеге жақындата аяқтарды салбырата жіберіп, тез бүгіліп, бел мен қолдардың бұлшық еттерін ширықтыра таяныш қалпына түсу (7-9). Артқа айналу арқылы көтерілуді игеру үшін жалғастырушы жаттығулар:1-2 – гимнастикалық ағаш теке үстінде аяқтармен тірей жатып, асыла тартылу тәсілдері; 3 – биік кермеде асылу; 4 – жатып, асылу элементтерін толық орындау; 5-9 – аласа кермеде түрегеп тұрып, асылу элементтерін тұтастай орындау. Асыла тербелу арқылы таянышқа бүктетіле көтерілу . Асылуда серпін жасау арқылы таянышқа бүктетіле көтерілу: 1-2 – серпіліс жасалған соң дененің алға бүгілу және аяқтарының кермеге жақындау сәті; 3 – жамбас бөксе буынының бүктелу қозғалысының басталуы және 4 – дене бүктелуінің аяқталу ізі – аяқты артқа серпи қозғағаннан кейін қолдармен белтемір кермесінен ұстау; 5 – аяқтарды артқа сермеуді жалғастыра отырып, таянышға шығу. Таяныштан серпін жасай артқа секіріп түсу: 1 – жамбасты кермеден түсірмей, денемен артқа лақтырылу қозғалысының басталуы; 2-3 – лақтырылу қозғалысының аяқталуы және денені доға бойынша жоғары-алға еңкейте; 4-6 – денені тарту (дене бөлімдерін айналу нүктесінен «ажырату»); 7-8 – аяқтың артқа қарай сермелуін күшейту; 9 – артқа сермеу аралығының жоғары нүктесінде қолды босату. Орындау тәсілінің негіздері. Жоғарыдан ұстап, бірқалыпты алға тербелу (1). Қозғалыс жұмсақ, денені аздап бүгу арқылы жасалады. Осындай сермеуден кейін аяқтар бірге ұсталып, тізе ортасынан алға қарай кермеге жақындатылады (2); әуелі артқа тербелу аралығы (амплитудасы) жамбас бөксе буынынан тез бүгіледі (3) және бір мезгілде қолдар мен кермені қыса ұстап (аяқтар артқа сермеліп) таянышқа шығады (4-5). 3. Жаттығулардың орындалу тәсілдерінің ерекшеліктері Орындалу тәсілінің негіздері. Таяныштан алға қарай серпуді бастап, оқушы иінді нықтайды, сондай-ақ бүкіл денені шиыршық атқызып, жамбастың білезіктерге төмендеуіне жібермей, иықпен аздап артқа қарай беріледі (1). Дене тік қалып сақтаған, ал иық артқа жіберілген сәтте оқушы дененің жамбас бөксе буынының бүгілу есебінен қозғалысты жоғары – алға жылдамдата түседі (2-3); қозғалыс денені доға бойынша жоғары бұғу есебінен шапшаңдатылады, алға серпін жасау арқылы дене толық түзуленеді. Осы серпін аяқталған мезетте дене барлық түйіннен атртылғандай сезіліп, ұстау нүктесінен «алшақтайды» (6); осындай «алшақтау» есебінен (яғни салмақ түсу орталығының айналу нүктесінен алшақтауы) кейін серпу амплитудасы артады; оқушы тік қалыптан өткенде аяқты кейін серпуді күшейтеді (7-8) және артқа серпудің шеткі нүктесінде қолдар жіберіледі (9). Дағдыны игеруге арналған жаттығулар: 1. а) қарын мен аяқ бұлшық еттерін қатайту үшін арнаулы жаттығулар – аяқтарды бекіте еденде жату (11-сурет, 3-5); б) гимнастикалық ағаш теке үстінде жатып, «салбарап бүгілу» қалпын белгілеу; мұғалім оқушы денесін иген кезде оның арқасынан демеп, жәрдемдеседі (12-сурет, 1-3); в) төмен перекладинада барынша ұзақ артқа тартылу және әлдебір биікке тұру; аяқтармен серпіліп, оларды тез жинап алып, алға серпілу, серпілу соңына қарай жиналған аяқтар өкшесін перекладина графіне жақындату: г) осыларды серіктестің көмегімен орындау. Қарын бұлшықетін қатайтуға арналған арнаулы жаттығулар; 1-3 – аяқты тірей еденде жату; 4-5 – гимнастикалық қабырға таяқшасына асылу. Брустардағы жаттығулар. Гимнастикалық снаряд сияқты, параллель брустар да перекладинадан кеш, тарихи деректерге қарағанда XIX ғасырдың басында Германияда пайда болды. Бұл тамаша снарядты жасаушы Ф.Ян еді. Алғашқыда брустар гимнастиканың көмекші құралы ретінде қызмет етті. Брустарда әзірлік жүргізу аттағы жаттығуларды орындауды көп жеңілдетеді деп есептелді. Атты әскер ежелгі заманнан бері кез келген әскерден күшті болғандықтан, атты жауынгерлерді ер үстінде орындалатын жаттығуларға арнайы үйрететін еді. Салт атпен жүру өнерінің бағдарламасы күрделі әрі кең көлемді болатын-ды. Ол алдымен ағаш атта мұқият игерілетін. 384-395 жылдары римдік тарихшы Флавий Вегеций әскери іс бойынша бес кітап шығарып, сол кездің өзінде ағаш аттағы жануарларды насихаттайды. Бұндай снарядтың алғашқы нұсқасы параллель екі брустардан тұрады. Олардың жалпы ұзындығы 2,5 м болды және әр бруст екі тұғырға бекітілді. Брустардың қалыңдығы ұзынынан 7,5 см, ал көлденеңінен 6 см болды (брустардың үстіңгі беті жұмырланды). Бірақ брустар жеке гимнастикалық снаряд ретінде 1862 жылы ғана мойындалды. Бір айта кетер жай, брустар конструкциясы көп рет өзгерсе де, оның алғашқы негізі осы күнге дейін сақталып қалды. Европада неміс гимнастика мектебінің негізін қалаған А. Шпистің 12 метрлік брустары еңінен тараған. Мұндай брустарда бірнеше оқушы бір мезгілде жаттыға алады. Әдебиеттер тізімі: Гавердовский Ю.К. Техника гимнастических упражнений: популярное учебное пособие. М.: Терра-Спорт, 2002. Гимнастика. М.Л.Журавина, Н.К.Меньшикова. М.: «Академия», 2002. Гимнастическая терминология: справочник по курсу «Гимнастика». С.А.Александров. Гродно, 2000. Горанько М.И. Спортивная гимнастика Казахстана. Исторический очерк (1917-2011гг.). Алматы, 2011. Ракишев Т.К. Дене шынықтыру және спорт: казахско-русский, русско-казахский словарь. Алматы, 2014. Словарь терминов гимнастики и основ хореографии. А.И.Рябчиков, Ж.Е.Фирилева. СПб.: Детство-Пресс, 2009. Лекция 13. Акробатикалық қарғулар тәсілі туралы түсінік Жоспар: 1. Акробатикалық қарулардың құрылымы. 2.Қосымша орындалатын акробатикалық жаттығулар 3. Трекпен байланысы. Ұшкандағы әрекет. Жерге қону тәсілі. 4. Тіреніп секірудің фазалық кұрылымы. 1. Акробатикалық қарулардың құрылымы. Акробатика — гимнастика спортының жеке бір түрі. Спорттық гимнастиканың еркін жаттығуларының негізін қалайды. Кейін келе өз алдына спорттық акробатика деген атпен мынадай жаттығулар жиынтығын құрайды: акробатикалық еркін жаттығулар; жүптасып орындайтын жаттығулар; топтасып орындайтын жаттығулар. Акробатикалық жаттығулардың алуан түрлі болуы оларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Акробатикалық жаттығулар өзінің құрылымы мен динамикалығы жағынан адамның қимыл қабілетін жетілдіруде негізгі рөл атқарады және бұл жаттығуларды спорт алаңында ғана емес, үй ішінде де, сондай-ақ таза ауада, көгалды жерде орындай беруге болады. А кробатикалық жаттығулар 1. Екі оқушы бір-бірінің көмегі арқылы қолмен жүру. Бастапқы қалып - бір оқушы екі аяғын алшақ ашып еденге етпетінен жатады. Екінші оқушы оның аяғынан ұстап көтереді де, бірінші оқушы межеленген жерге қолымен жүріп жетуге тиіс болады. Белгіленген жерге жеткеннен кейін, олар рөлдерін ауыстырады. Қолмен жүруге жаттығып болған соң, қолмен секіріп жүруге ауысуға болады. Оқушылардың саны жеткілікті болса, екі командаға бөлініп, жарыс өткізу де жақсы нәтиже береді. Бұл жаттығу негізінен адамның қол күшін жетілдіреді. Жерге қолды тірей етпеттеп жатып, шынтақты бүгіп, жазу. Бұл жағдайда кеуде еденге тиеді. Дене қозғалмағаны жөн. Бұл жаттығуды үйде, бөлмеде орындап жаттығуға болады. Акробатикалық жаттығулар орындаудың техникасын үйрену барысында жүйелілікті қатаң сақтау керек. Ілгері кейін домалап түсудің (тоңқалаң асудың) техникасын үйренуге көшуден бұрын аяқ, қолды бауырға алудың және домалап түсудің техникасын жақсы меңгеріп алу кажет. 2. Қосымша орындалатын акробатикалық жаттығулар Қолды жерге тірей жүреден отырудан алға қарай домалап түсу. Осы тәсілмен, тек аяқты айқастырып отыру қалпынан алға қарай домалап түсу. Е кі, үш және одан да көп домалап түсуді орындау және секіру, қарғу, түрліше бұрылу тәсілдерін орындап үйрену. Волейбол, баскетбол добын құшақтай ұстап немесе таяқты қолмен тізе тұсына горизонталь ұстап, алға қарай қолды тіремей домалап түсу. Қолды жерге тіреп және тіремей отыру қалпынан артқа қарай домалап түсу (тоңқалаң асу). Қолды жерге тірей төрт тағандап тұрып, оңға және солға қарай аунап түсу. Осы тәсілмен, тек қолды жерге тірей жүрелеп отырған қалыптан аунап түсу. Шынтақты жерге тіреп жауырынға тұру. Жүрелеп отырған қалыптан артқа аунап түсіп, арқамен жату. Сонан соң аяқты созып, жоғары көтеру. Шынтақты төсенішке, қолды белге тіреп, денені тік ұстау. Статикалық қалыптарды - көпір жасау, баспен тұру, шатқа (шпагатқа) жартылай және толық отыруды үйрену оқушылардың бір-біріне көмек беруі арқылы іске асады. Бұл тәсілдерді жақсы меңгергеннен кейін ғана оларды әркім өз беттерінше орындауларына болады. К өпір жасап тұру үшін екі аяқты алшақ қойып, жамбасты ілгері жіберіп шалқайғанда, бас пен екі қолды артқа қарай қатар иіп, қолды жерге тіреу керек. Көпір жасап тұруды біртіндеп үйренген жөн. Мысалы, гимнастикалық қабырғаға арқаны қаратып, одан жарты қадамдай қашық тұрып, қолды жоғарыдан артқа қарай доға жасап иіле отырып, шабақтан ұстау керек. Сонан соң екі қолды кезекпен төменгі шабақтарға түсіре жылжытып, еденге тіреу қажет. Бұдан соң төмен түскен тәсілмен қайтадан жоғары қарай жылжып, бастапқы қалыпқа келу керек. Егер гимнастикалық қабырға болмаса, көпір жасап тұруды екінші оқушының көмегіне сүйеніп үйренуге болады. Ал қолға және басқа тұруды тізерлеп отырып, бір аяқты сермей, екінші аяқпен денені итере серпи көтеру арқылы бірте-бірте үйренуге болады. Алғашқы кезде бұған міндетті түрде екінші адамның көмегі қажет. Акробатикалық жаттығуларда тепе-теңдікті сақтау үшін бір аяққа тұруды (қол жанда болған жағдайда) немесе «қарлығаш жасауды» үйренген жөн. Ол үшін белді қайқайтып, басты артқа шалқайта бір аяқты артқа түзу созып, денені жерге параллель қалыпқа келтіру керек. Ал екі қолды алақанды төмен қарата екі жанға ұстау қажет. Осы қалыпта тепе-теңдікті кемінде 3 секунд ұстап тұру міндетті болып есептеледі. Қ арлығаш қалпына келу үшін гимнастикалық қабырға, бөрене және т. б. жабдықтар пайдаланылады. Акробатика спорттың бір түрі болып табылады, бірақ ол гимнастикалық жаттығулар мазмұнына міндетті түрде енеді. Тепе-теңдік, жүгіру, секіру жаттығуларынан тұратын акробатикалық жаттығулар күшті, жылдамдықты, ептілікті және батылдықты дамытуда үлкен мән-маңызға ие. Акробатикалық жаттығулардың тарихы «акробатика» термині пайда болғаннан әріде жатыр. Акробатикалық жаттығулар біздің дәуірімізге дейінгі 3 – ғасырда болған: 1 – қолда тұру; 2 – жұптасып орындалатын артқа аударылу; 3 – сырықта тепе-теңдікті сақтай білу. 3. Трекпен байланысы. Ұшқандағы әрекет. Жерге қону тәсілі Біздің дәуірімізге дейінгі 3-ші мыңжылдыққа жататын ежелгі египетік қабырғаға салынған суреттерде басымен, қолдарымен тұрған, «көпір» жасаған, сондай-ақ жұптасып жаттығу жасап жатқан, тепе-теңдікті сақтау сияқты жаттығу сәттері көрініс тапқан Барлық акробатикалық жаттығулар үш топқа бөлінеді: акробатикалық секіру, тепе-теңдікті сақтау, жүгіру. Оқу акробатикалық жаттығулар элементерін орындаудың техникалық негіздері: 1. Дөңгелекше аударылу Бұл аударылу әртүрлі аталады: аударылу, бүйірлей аударылу, дөңгелекше аударылу және т.б. Ол соға қарай жасалады. Аударылуды орындау техникасының негізінде мынандай әрекеттер бар: 2. Негізгі қалыптан (бет элементті орындау бағытына қарай бұрылған) бұлаяқты сермеу, екіншісін серпу арқылы аяқтарды алшақ ұстап, қолда тұру; 3. Сермеу аяқты тез еденге түсіріп, сермеу аяққа қону, сол аяқты қапталға жіберіп, оны ауада ұстау (денені толық көтергенге дейін) 4. Баспен және қолмен тұру; бір аяқты серме және екіншісін серпу арқылы қолда тұру – топпен алға аударылу. Бұл тұруды үйрену үшін бір немесе екі серіктеспен жұмыс жасау керек, оңашада гимнастикалық қабырғаның жанында тұрып та орындауға болады. Оқу акробатикалық жаттығулары: А, Б – дөңгелекше аударылу, В – баспен тұру, Г – қолмен тұру – топпен алға ауларылу; Д – алға «ұзын» аударылу. 4. Тіреніп секірудің фазалық кұрылымы. Баспен және қолдармен тұруды орындау кезінде мына әрекеттер маңызды: Басқа және қолдарға таяну; Дене жағдайын белгілегенде, ол қатаң тік қалыпта болады; Таяныш нүктелері тең қабырғалы үшбұрыш түрінде, қолдар иық көлденеңі деңгейінде, саусақтар – алда; Алғашқыда бас маңдай тұстан қойалады (тепе-теңдікті сақтау үшін). Қолда тұру және одан кейінгі алға қарай аударылу кезінде мынандай әрекеттер орындалуы керек: Дене еркін еңіс қалыпта, алақанды саусақтармен қою; Бір аяқты серпу және екіншісімен серпілу арқылы қолмен тұруға өту – дене тіктелген, бас көтеріңкі ұсталады. Дағдылардыигеруге арналған жаттығулар: Бүйірлей аударылуды жемсті игеруге арналған тапсырмалар: Аударылуды 40-70 см төбешіктен жасау немесе жер бедерін пайдалану; Қолда тұруды бүкіл денені қабырғаға тигізіп тұрып жасау – қабырға бойымен баяу сырғып аяққа аударылу. Алға қарай «ұзын» аударылуды орындау үшін тапсырмалар (ұшу-аударылу): Акробатика элементтерін жемісті игеруге арналған жаттығулар: А – төбешіктен дөңгелекше аударылуды орындату; Б – сондай, бірақ қабырға жанында аяқтарды алшақ ұстап, қолда тұрк қалпынан; В – қабатталған төсеніштер алдына тартылған жіп арқылы «ұзын» аударылуы (ұшу - аударылу) орындау (көпірден серпілу). Әдебиеттер тізімі: Гавердовский Ю.К. Техника гимнастических упражнений: популярное учебное пособие. М.: Терра-Спорт, 2002. Гимнастика. М.Л.Журавина, Н.К.Меньшикова. М.: «Академия», 2002. Гимнастическая терминология: справочник по курсу «Гимнастика». С.А.Александров. Гродно, 2000. Горанько М.И. Спортивная гимнастика Казахстана. Исторический очерк (1917-2011гг.). Алматы, 2011. Ракишев Т.К. Дене шынықтыру және спорт: казахско-русский, русско-казахский словарь. Алматы, 2014. Словарь терминов гимнастики и основ хореографии. А.И.Рябчиков, Ж.Е.Фирилева. СПб.: Детство-Пресс, 2009. Лекция 15-16. «Гимнастикалық терминология» түсінігі Жоспар: 1. Гимнастикалык терминологиянын белгілеу. 2. Жаттығулардың жеке топтамасы терминдердің ерекшеліктері. 1. Гимнастикалык терминологиянын белгілеу. Гимнастикалық әдістемелік жаттығулардың өзіндік ерекшелігіне сай бейімділігін әдіс-тәсілдердің жиынтығы ретінде қалыптасты. Гимнастикалық жаттығуларға жатқызуға мүмкіндік беретін сондай өзіндік ерекшеліктерге, қозғалыстардың қатаң түрде регламенттелген бағдарламасы жағдайында үйлесімділік және қозғалыс амалдарының айқын көрінуі жатады. Мұнда бастапқы және соңғы жағдай қозғалыстардың бағыты мен амплитудасы бұлшық еттердің жұмсалатын күшінің сипаты дәл көрсетіледі. Қозғалыстардың стандартты бағдарламасына қарай қозғалыс дағдыларын үйретуге, қалыптастыруға және орнықтыруға қолайлы жағдайлар қалыптасқан. Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктеріне мыналар жатады: 1. Организмге жан-жақты әсер ету. Тірек - қозғалыс аппараттарының барлық бөліктеріне ағзаның әр-түрлі жүйесінің функционалдық жағдайына және жалпылама өмір сүру деңгейіне ықпал ететін жаттығулар таңдап алынады. Қозғалыс дағдылары мен функционалдык дайындыгы сонымен қатар дененің күш қуатын, шыдамдылығын, иілгіштігі мен жылдамдығын жетілдіруші процестерді қосатын міндеттер атқарылады. Гимнастика құралдары - жаттығуларының алуан түрлілігі. Гимнастиканың ғажайыптылығы сонда , оның құралдары яғни алуан түрлі жаттығулардың саны өте көп болады. Дене тәрбиесінде және спорттық біліктілікті арттыру процесінде пайда болатын кез-келген міндетті сауықтыру қолданбалы және спорттық сипаттағы гимнастикалык жаттығулар көмегімен оларды интенсивтіліктің әр-түрлі дәрежесімен қолдана отырып шешуге болады. Алга иілуді бастапқы жағдаймен түрлендіруге болады. Оны иіле тұрып, денені айналдыра қолдың қосымша қозғалысы арқылы орындаған жөн. Бұл жағдайда иілудің әрбір түрі өз алдына жеке бір жаттығу ретінде болады. Себебі оны орындау дербес жеке міндетті шешеді. Гимнастиканың көптеген жаттығулары емес, олардың кешенді жиынтығы қолданылады. Гимнастика сабақтарында жаттығулардың алуан түрлері соның ішінде спорттық құрылымдармен (снарядтар) болатын түрлері де қолданылады. Ал гимнастиканың спорттық түрлеріне көпсайыстық сипат тән. Мұнда спортшылар гимнастиканың әр-түрлі түрлері бойынша дайындықтан өтеді. Жаттығуларды таңдап алу ықпалы. Белгілі бір сапаны дамыту, бұлшық еттердің жекелеген топтарын жетілдіруден, ағзаның қандайда бір қызметін қалыпқа келтіруден туындайтын міндеттерді гимнастикалық жаттығуларды ,оларды қолдану әдістемелерін таңдап алу арқылы шешуге болады. Кеңістік пен уақыттың және күш-қуаттың сипаттағы жаттығулардың кез-келген бөлігіне ықпал етуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндіктер емдік дене тәрбиесінде , және де спорттың өзге де түрлерінде пайдаланылады. 2. Жаттығулардың жеке топтамасы терминдердің ерекшеліктері Гимнастиканың әр түрлі ұлттық жүйелерін тарихи тұрғыдан бағалау олардың классикалык мәнін ашып беругe мүмкіндік береді. Гимнастика курсында оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысына, шұғылданушылар ұжымымен тілдесу формалары мен әдістеріне, үгіт насихат жұмысына жататын жалпы педагогикалық сипаттағы жаңа білімдер, ептіліктер мен дағдылар пайда болып одан бұрынғылары дамып отырады. Бұл жерде қоғамдық-педагогикалық, және оқу-өндірістік іс-тәжірибеге қамқорлық жұмысына ерекше маңыз беріледі. Егер де нақты айтар болсақ, олар мыналар: Мектепте гинастика секциясын ұйымдастыру, әр-түрлі топтармен сабақ жүргізу, гимнастиканың маңызы жөнінде әңгіме өткізу, мейрамдарға гимнастикалық көрсетілімдерді дайындау және т.б. Педагогикалык факультеттерде гимнастика курсын окыту мынаны қарастырады маманның қолында бұқаралық түрлерінің барлық негізгі құралдары болуы тиіс. Жаттығулары практика жөнінде меңгерілуі тиіс. Жаттығуларды снарядтарда орындау дайындықтың оқу бағдарламасының көлеміне де , сондай ақ спорттық бағдарлама көлеміне де кіреді. Секірулер көркем гимнастиканың жаттығулары, еркін және акробатикалық жаттығулар. Сол көлемде гимнастиканың негізгі қолданыс кұралдарының ішіне кіреді. Мүнда тек студенттердің қандай да бір жаттығуларды үйрететін ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруына да ерекше көңіл бөлінеді. Бұл курстын теориялык бөлімдерін біріктіретін өте ауқымды тарауы. Команда беру, көрсету, түсіндіру, көмек қабылдау, кателерді түзетү. шұғылданушылардың үлгерімі мен функциналдық жағдайын педагогикалық бақылау, сабақтарда қолға алынатын қауіпсіздік шаралары. Міне мүның бәрі бірден академиялық сабақтардың толық тізімін білдіре бермейді. Гимнастика түрлері мен сабақтың әр-түрлі формаларын игеру кезінде контингенттің ерекшеліктері ескеріле отырып жүргізілетін жұмыстардағы ептіліктер мен дағдыларын, білімдерін қалыптастырады. Бұл ерекшеліктер: жас ерекшеліктері мен жыныс ерекшерліктері болып табылады. Жеке қозғалыс дайындығы гимнастикалық жаттыгулар кезінде ептіліктер мен дағдылар деңгейіне жеткізіп игеру кезінде практикалық сабақтарда жүзеге асырылады. Бұдан өзге, міндетті және факультативті сабақтар есебінен жеке спорттық дайындық мүмкіндігі де қарастырылады. Әдебиеттер тізімі: Гавердовский Ю.К. Техника гимнастических упражнений: популярное учебное пособие. М.: Терра-Спорт, 2002. Гимнастика. М.Л.Журавина, Н.К.Меньшикова. М.: «Академия», 2002. Гимнастическая терминология: справочник по курсу «Гимнастика». С.А.Александров. Гродно, 2000. Горанько М.И. Спортивная гимнастика Казахстана. Исторический очерк (1917-2011гг.). Алматы, 2011. Ракишев Т.К. Дене шынықтыру және спорт: казахско-русский, русско-казахский словарь. Алматы, 2014. Словарь терминов гимнастики и основ хореографии. А.И.Рябчиков, Ж.Е.Фирилева. СПб.: Детство-Пресс, 2009. |