Главная страница
Навигация по странице:

  • «человек умелый» (австралопитек

  • Первобытные люди занимались собирательством и охотой.

  • синантроп, который был найден в 1927

  • в пещере Тешикташ в 1938 году

  • были охота и собирательство

  • Палеолит – древнекаменный век

  • Среднекаменный век (мезолит) Орта тас ғасыры (мезолит)

  • Жаңа тас ғасыры (неолит)

  • Мыс – тас ғасыры (энеолит)

  • Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі

  • Қола дәуірінің негізгі сипаты

  • Қола дәуіріндегі шаруашылық пен қоғамдық өмірдегі өзгерістер

  • Тарих 6 сынып. тарих 6. I. Появление Древнейших людей I. Появление древнейших людей конспект


    Скачать 35.19 Kb.
    НазваниеI. Появление Древнейших людей I. Появление древнейших людей конспект
    АнкорТарих 6 сынып
    Дата10.03.2022
    Размер35.19 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатарих 6.docx
    ТипГлава
    #390253

    • Глава I. Появление Древнейших людей

    I. ПОЯВЛЕНИЕ ДРЕВНЕЙШИХ ЛЮДЕЙ

    КОНСПЕКТ

    Первого человека на земле ученые называют «человек умелый» (австралопитек). Его останки нашли в 1960 году в Танзания, в Олдувайском ущелье. Он жил примерно 1 млн. 750 тыс. лет назад. Первые люди умели изготавливать примитивные режущие и рубящие орудия из гальки, а также палки-копалки, дубины. Первобытные люди занимались собирательством и охотой.

    В 1891 году на острове Ява был найден питекантроп (обезьяночеловек). Он жил примерно 1 млн лет назад. Следующим в развитии человечества стоит синантроп, который был найден в 1927 году в Китае. Он жил примерно 500-200 тыс. лет назад. В 1856 году в долине Неандерталь в Западной Германии были найдены останки неандертальца. Скелет неандертальского мальчика был найден в Узбекистане, в пещере Тешикташ в 1938 году археологической экспедицией А. Окладникова. Реконструкцию облика мальчика сделал советский антрополог М. Герасимов. Останки кроманьонца («Homosapiens» – человек разумный) были найдены в 1868 году на юго-западе Франции в пещере Кро-Маньон.

    В Казахстане наиболее благоприятными местами для расселения были горы Каратау в южном Казахстане (Жамбылская область). Первые люди были современниками питекантропа и синантропа. Основным занятием были охота и собирательство. Каменный век был самым продолжительным периодом в истории человечества. Он получил свое название от орудий труда, изготовленных человеком из камня. Каменные орудия изготавливались из различных видов камня. Так, кремень и известняковые сланцы использовались в качестве режущих инструментов и оружия, а из базальта и песчаника изготавливались рабочие инструменты, например, камни для ручных мельниц. Также получили широкое использование древесина, кости, скорлупа, олений рог. Каменный век включает в себя три эпохи:

    Палеолит – древнекаменный век (2 млн. 500 тыс. лет до н. э. – 12 тыс. лет до н. э.),

    Мезолит – средний каменный век (12-5 тыс. лет тыс. лет до н.э.),

    Неолит – новокаменный век (5-3 тыс. лет тыс. лет до н.э.).

    Пройти тест по разделу

    ВОПРОСЫ

    1. Предметы искусства жителей I тысячелетия до н. э относятся к

    2. Останки питекантропа были найдены

    3. Останки человека разумного были найдены

    4. Человек умелый жил

    5. На стоянках Бориказган, Шабакты в Жамбылской области обнаружено каменных орудий труда

    6. Стоянки древних людей эпохи палеолита, найденные в Южном Казахстане

    7. Первое жилище древних людей

    8. Ученые назвали первого человека

    9. В 1927 году синантроп был найден

    10. Советский антрополог, выполнивший реконструкцию неандертальского мальчика

    11. Период(-ы) каменного века

    12. Останки питекантропа впервые были найдены



    • Тас дәуірі (палеолит)

    КОНСПЕКТ

    Адамзат қоғамындағы ең ұзақ тас дәуірі (палеолит) ерте және кейінгі тас ғасыры болып екі кезеңге бөлінеді. Ерте тас ғасыры б.з.б. 2 млн 500 мың – б.з.б. 40-35 мың жыл аралығын қамтыған (2011 жылғы баспада б.з.б. 2 млн 600 мың – б.з.б. 40 мың жыл аралығы деп көрсетілген). Кейінгі тас ғасыры б.з.б. 40-12 мың жыл аралығын қамтиды. Ерте және кейінгі палеолит аралығындағы орта тас ғасырының мерзімі – б.з.б. 100-40 мың жыл аралығы.

    Ерте палеолит 3 кезеңнен тұрады.

    1) Олдувэй – б.з.б. 2,6 млн – 800 мың жылдар.

    2) Ашель – б.з.б. 800-140 мың жылдар.

    3) Мустье – б.з.б. 140-40 мың жылдар.

    Шығыс Қазақстанның Шульбинка, Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойынан кейінгі тас ғасырының тұрақтары табылды. Бұл тұрақтардан өте жақсы өңделген қырғыштар қазып алынды. Қырғыштар шамамен бұдан 25 мың жыл бұрын жасалынған.

    Адамдар тобы біртіндеп туысқандар ұжымына – рулық қауымға айналды. Бұл саналы адамның пайда бола бастаған кезіне сәйкес келеді. Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды. Алғашында барлық жұмысты аналар атқарып, ұжымдағы аналар беделі артты. Рулық бөлініс аналардың үстемдігімен анықталды. Жер, баспана, еңбек құралдарына ортақ меншік болды.

    Ру ішіндегі мәселелер жалпы жиналыста шешілді. Оған ерлермен бірге әйелдер де қатысты. Жалпы жиналыста сайланған ақсақалдар даулы мәселелерді шешті, аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді. Рулық бірлестіктерді көсемдер басқарды.

    Шақпақата (Маңғыстау) және Арыстанды (Қаратау) тұрақтары ерте тас ғасырының ең көне ескерткіштері болып есептеледі. Cебебі бұл тұрақтардан табылған құралдар Олдувай (Шығыс Африка) cайынан табылған ең көне құралдармен замандас. Бұл тас құралдар – жарғыш сынатас, бифас, пышақ, қырғыш, үшкіртастар.

    Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолиттік ескерткіштердің ең көрнектісінің бірі – Батпақ тұрағы. Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метр тереңдіктен табылған. 300-ге таяу тас қырғыштар қазып алынды. Тұрақтың жасы – б.з.б. 30-25 мыңыншы жыл. Орталық Қазақстандағы Семізбұғы тұрағынан жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ түріндегі қырғыштар табылған.

    Ретушь әдісі – бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік ойықтар жасау арқылы өткірлеу. Үшкіртастарды тас жарықшақтарынан жасап, ұштарын ретушь әдісімен өңдеп өткірлеген. Қырғыштардың жүзін де ретушьпен өңдеген.

    Адамдардың тас құралдарды өндірген және пайдаланған уақыты тас дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдегі екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал – бифас. Тас дәуіріне жататын Жамбыл облысындағы Бөріқазған және Шабақты тұрақтарынан 5000-ға жуық тас құрал табылды.

     

    Осы бөлім бойынша тест тапсыру

    СҰРАҚТАР

    1. Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан табылған тас құрал саны

    2. Палеолит дәуіріндегі тас құралдарды өңдеу әдісі

    3. Батпақ тұрағы табылған аймақ

    4. Ерте палеолиттік тұрақтардың ең көнеcі

    5. Рулық қауымдағы даулы мәселелерді кім шешті?

    6. «Саналы адам» кезіндегі туысқандық ұжым

    7. Шығыс Қазақстаннан табылған кейінгі палеолиттік тұрақ

    8. Ұзаққа созылған тарихи кезең

    9. Кейінгі палеолит қай мыңжылдықтарды қамтыды?

    10. Палеолит неше кезеңге бөлінеді?

    11. Қазақстанда ертедегі адамдардың өмір сүргенін дәлелдейтін, ерте палеолит дәуіріне жататын аумақ(-тар)

    12. Ерте палеолит үш кезеңнен тұрады

    13. Палеолит дәуірінің ашель кезеңіне жататын қоныстарының Қарату жотасындағы тұрағы(-тары)

    14. Орталық Қазақстаннан табылған ашель кезеңінің ескерткіштері

    15. Кейінгі палеолитте өмір сүрген адам



    • Среднекаменный век (мезолит)

    • Орта тас ғасыры (мезолит)



    Алдыңғы конспект Келесі конспект

    КОНСПЕКТ

    Мезолитте мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі және табын болып жүретін аңдар жойылып кетті. Жеке жүретін бұғы, қабан секілді аңдарды қуып жүріп аулау қажеттігінен аңшылар садақ пен жебені ойлап тапты. Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Сондықтан мезолит дәуірінің басты жаңалығы садақ пен жебе болып есептеледі.

    Бұл дәуірдің үлкен жаңалығының бірі — ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастан жасалған құрал (микролит).

    Археологтардың қазба жұмыстары кезінде мезолиттік ескерткіштер аз табылды. Қазақстан аумағында 20-дан астам мезолиттік тұрақ белгілі. Бұл дәуірде аңшылар бір жерде ұзақ мекендемегендіктен, олардың баспаналары да тұрақты болмады. Мезолит дәуіріндегі адамдар үнемі жайылымдарын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. Аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің бойын мекендеген.

    Мезолиттік баспаналар тұрақты болмады. Баспаналар жеңіл қос секілді, ағаштан айқастырыла құрылып, үстінен аң терісі жабылатын. Есіл өзені аңғарынан қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын осындай баспана табылды.

    Б.з.б. 8 мыңжылдықта күн жылынып, қолайлы климат орнады. Мұндай жағдайда жылы үй салу аса қажет болмады.

    Палеолиттің соңы мен мезолиттің басында үлкен табиғи-климаттық өзгерістер жүріп жатты. Жер бетін басқан алып мұздық еріді, қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрлері қалыптаса бастады. Мезолит дәуірі б.з.б. 12-5 мыңжылдықтар аралығын қамтиды.

    Ғалымдар мезолит дәуірінің ерекшеліктері ретінде жануарларды қолға үйрету мен дәнді дақылдар өсіруді айтады. Терімшіліктің дамуы алғашқы қауымдық егіншілікке алып келді. Адамдар жерге жабайы өсімдіктер еге бастады. Аң аулаудан мал өсіру қалыптасты.

    Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Қауым үш топқа бөлінді: қариялар, ересектер, балалар. Балалар тобынан ересектер тобына өту бағыштау ғұрыптары (инициация) арқылы жүзеге асырылды. Ұлдар аң аулаудан, садақ атудан, ал қыздар үй шаруасынан, тамақ дайындаудан сынақ тапсырды.

    Егіншіліктің шығуы әйелдер еңбегіне байланысты болған. Алғашқы егіншілер жерді таяқ қазғышпен қопсытты, кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені ойлап тапты. Егінді оратын тас орақты және дәнүккішті жасады.

     

    Осы бөлім бойынша тест тапсыру

    СҰРАҚТАР

    1. Бұдан 10 мың жыл бұрын пайда болған шаруашылық

    2. Балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы

    3. Мезолит дәуірінің ерекшеліктері

    4. Мезолитте болған үлкен климаттық өзгеріс

    5. Аңшылардың жеңіл қос секілді баспаналары болған кезең

    6. Қазақстан жерінде археологиялық ескерткіштер аз табылған кезең

    7. Садақ, жебе, микролиттің пайда болуы басты жаңалық болған дәуір

    8. Мезолит дәуірінде қауым қандай топтарға бөлінді?

    9. Мезолит дәуіріне жататын тұрақ



    • Жаңа тас ғасыры (неолит)

    КОНСПЕКТ

    Еңбек құралының дамуы адамзатты терімшілік пен аңшылықтан егіншілік пен мал шаруашылығына алып келді. Адамдар табиғат сыйына тәуелділіктен құтылып, өмір сүруге қажетті азық-түлікті өздері өндірді. Жер өңдеудің қарапайым түрін меңгеріп, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен өндіру және тоқымашылықпен айналыса бастады. Сонымен, неолит дәуірінің басты ерекшелігі – өнімді еңбектің пайда болуы.

    Тас өңдеу биік деңгейге көтерілді. Ұсақ тастардан өткірленіп алынған ұштар мен кескіштер құрамалы құралдар жасау үшін қолданылды. Мұндай құралдарға жебе мен найза, жүзі өткір тастардан жасалған пышақ пен орақтар жатады. Құрамалы құралдар екі түрлі материалдан құрастырылып, құралдың ұшы немесе жүзі ұсақ өткір тастан жасалған.

    Неолиттік тұрақтар мен қоныстар еліміздің аумағында көптеп кездеседі. Олардың жалпы саны 500-ден астам. Неолиттік тұрақтар адамдар уақытша және ұзақ уақыт аралығында тұрақты өмір сүрген қоныстар болып екіге бөлінеді.

    Ежелгі адамдардың негізгі аулайтын аңдары аша тұяқты болып, жайылымын жиі өзгертетін болғандықтан, аңшылар олардың соңынан жылжып көшіп отырған. Сондықтан мекендердің көпшілігі уақытша болған.

    Неолиттік тұрақтар: Усть-Нарым (Шығыс Қазақстан), Қарағанды, Зеленая Балка (Орталық Қазақстан), Пеньки (Солтүстік Қазақстан). Бұл тұрақтар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналасқан және жаңа тас ғасырының соңғы кезі – б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады.

    Жаңа тас ғасыры (неолит) б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас дәуірінің дамыған кезеңі неолитте адамзат көптеген жаңалықтар ойлап тапты. Мата тоқып, киім тігуді үйренді. Қыш құмыра (керамика) жасауды біліп, ыдыстарға өрнектер салған. Сондықтан бұл дәуірді “қыш құмыралар заманы” деп атайды. Саздан жасалған қыш ыдыс көзе деп аталады.

    Жезқазған өңірінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылды. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамның басын солтүстік-батысқа қаратып, шалқасынан жерлеген. Бұл о дүниеге деген сенімнің болғандығын білдіреді.

    Қызылорда облысында орналасқан Сексеуіл тұрағының маңында су қоймасы болған. Тұрақтан қой мен сиырдың (80 пайыз) және жабайы жылқылардың қаңқалары табылды. Бұл тұрақтың тұрғындары мал өсірумен және аңшылықпен айналысқан.

     

    Осы бөлім бойынша тест тапсыру

    СҰРАҚТАР

    1. Құрамалы құралдар жасау шыққан кезең

    2. Қазақстан аумағындағы неолиттік тұрақтар саны

    3. Неолиттік тұрақтардың ең көнесінің мерзімі

    4. Б.з.б. 5–3 мың жылдық аралығын қамтитын кезең

    5. Неолиттік адамдардың жерлеу дәстүрінің ерекшелігі

    6. Маңында су қоймасы болған неолиттік тұрақ

    7. Өнім өндіру шыққан кезең

    8. Неолит дәуіріне жататын Пеньки тұрағы табылған аймақ

    9. Неолит дәуірінің негізгі жаңалықтарының бірі

    10. Жезқазған өңірінен табылған неолиттік тұрақтар саны

    11. Неолит кезеңіне жататын Қазақстан аумағында табылған тұрақтар саны

    12. Неолит дәуіріне тән жаңалықтар

    13. Қазақстан жеріндегі неолит тұрақтары



    • Мыс – тас ғасыры (энеолит)

    КОНСПЕКТ

     

    Энеолит (мыс-тас) дәуірі б.з.б. 3000-2800 жылдар аралығын қамтиды. (2011 жылғы баспада энеолит б.з.б. 3000-1800 жылдар деп көрсетілген). Бұдан 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйреніп, мыстан жасалған құралдар өндіріске енгізілді. Бірақ металл тас құралдар қолданыстан мүлдем шығарылып тасталған жоқ. Қазақстан аумағында мыс-тас ғасырындағы екі тұрақ зерттелді. Ол энеолиттік ескерткіштер: Ботай (Солтүстік Қазақстан) және Шебір (Маңғыстау) тұрақтары.

    Энеолит дәуіріндегі ерекше ескерткіш – Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы (б.з.б. 3-2 мың жылдық). Ол 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақтан қабырғалары жануарлар терісімен қапталған 158 үйдің орны табылды. Жылқы сүйектері көп табылды. Ботайлықтар жылқыны қолға үйреткен. Сонымен бірге бұлан, елік, аю, ит, қабанның сүйектері де кездеседі. Тұрақтан садақ ұштары, найзалар, балталар, пышақтар, ине мен біздер табылған.

    Маңғыстау жеріндегі Шебір тұрағынан саз балшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді ыдыстар табылды. Ыдыстар тарақ тісі секілді өрнекпен әшекейленген. Шебірліктер теңіз моллюскаларының қабықтарынан моншақ жасаған. Олар негізінен аң аулаумен айналысқан.

    Энеолит дәуірінде қоғамда екі ірі өзгеріс орын алды. Еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі – шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі. Бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Себебі теселі егіншілік адамдарды тамақпен толық қамтамасыз ете алмады. Мал бағу егіншілікке қарағанда өнімді көп берді.

     

    Осы бөлім бойынша тест тапсыру

    СҰРАҚТАР

    1. Мыс-тас ғасыры қамтыған уақыт

    2. Шебір тұрағы табылған жер

    3. Энеолит дәуіріндегі ірі өзгерістер

    4. Энеолиттік тұрақтар

    5. Ежелгі адам металдан жасалған құралдарды игере бастады

    6. Энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші

    7. Теңіз моллюскаларынан жасалған моншақтар табылған энеолиттік тұрақ

    8. Энеолит дәуірінде қайтыс болған адамды

    9. Аталық ру орнай бастады

    10. Солтүстік Қазақстаннан табылған энеолит дәуіріне жататын Ботай тұрағының алып жатқан жер көлемі

    11. Энеолит кезеңіне жататын Ботай тұрағының мерзімі

    12. Энеолит кезеңіне жататын Ботай ескерткіші табылған өңірі

    13. Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағындағы (Маңғыстау өңіріндегі) тұрақ(-тар)

    14. Мыс-тас дәуірі қоғамында қандай ірі өзгеріс орын алды?

    15. Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірінің тұрақтары

     

    • Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі

    Адамдар өз білімдерін суретті хат – пиктография арқылы хабарлаған. Әрбір ұғымның өзіндік шартты таңбасы болған. Шұбар атты салу арқылы малдың індет ауруынан қырылғанын білдірген.

    Қараүңгір мекенінен дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған қыш ыдыстар табылды. Ыдыстарға шұңқыр мен штрихтар түріндегі өрнектер салынған. Қарағанды облысынан табылған қыш ыдыс толқын тәрізді және геометриялық өрнектермен әшекейленген.

    Тотемизм – адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстырды. Ежелгі адамдар өздерін белгілі бір жануардан таралдық деп есептеген. Сол жануарларды ата тегіміз деп сиынған.

    Адамдар табиғаттың дүлей құбылыстарынан сақтану үшін әр түрлі тылсым әрекеттер жасаған. Магиялық әрекеттер – құлшылық етіп сиыну, құрбандық шалу, қорғайды деген түсінікпен тұмар тағу.

    Сонымен бірге, адамдардың наным-сенімі кәсіптің түріне тәуелді болған. Егіншілер егіннің, малшылар табынның өз құдайлары болады деп есептеген.

    Діни түсініктердің пайда болуын неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқауға болады. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінгендіктен, адамды бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салып жерлеген. Адамның маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған.

    Өте ерте заманда өлген адамның үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Қызыл түс – қанның түсі. Ертедегі адамдар қан жанмен байланысты екенін білген.

    Палеолиттік суретшілер сурет салуда ағаш көмірін пайдаланған. Суреттер үңгірдің қабырғасында бейнеленген. Шашын таңғаларлықтай сәндеген, белін буған әйелдерді жиі бейнелеген. Әр түрлі бояумен шауып келе жатқан аттарды, аңшылықтың түрлі көріністерін салған.

    Ертедегі мүсіншілер сүйек пен мүйізден жүгіріп жүрген еліктердің және адамдардың бейнесін ойып жасаған. Cүйек пен мүйізден жасалған әйелдердің мүсіндері көп табылған. Еңбек құралдарын ойып әшекейлеу жиі кездеседі.

     

     

    Осы бөлім бойынша тест тапсыру

    СҰРАҚТАР

    1. Қанның жанмен байланысты екендігіне деген сенім

    2. Жүгіріп жүрген еліктің бейнесі неден жасалды?

    3. Алғашқы қауым суретшілері жиі бейнеледі

    4. Неандертальдықтардың адамды жерлеу ғұрпы

    5. Магиялық әрекеттерге не жатады?

    6. Адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер, табиғат құбылыстарымен байланыстыратын ең көне сенім

    7. Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен табылған зат

    8. Тасқа түсірілген суретті хат

    9. Ежелгі адамдардың түсінігіне тән сенім

    10. Ежелгі адамдардың түсінігі бойынша құрбандық шалудың мақсаты

    11. Ежелгі адамдардың түсінігі бойынша шұбар аттың белгісі нені білдірді?

    12. Неандертальдықтардың өлімді қалай түсінді?

    13. Алғашқы діни түсініктер

    14. Тасқа түсірілген хат суреттер

     

    • Қола дәуірінің негізгі сипаты

    КОНСПЕКТ

    Қола дәуірі б.з.б. 2800 жыл – б.з.б. 900 жыл аралығын қамтиды. Қола дәуірінде адамзат металл өңдеуді игерді. Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Қола мыс пен қалайының қосындысынан алынған. Қоладан жасалған бұйымдар тас және мыс еңбек құралдарын біртіндеп ығыстырды.

    Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б. 2 мыңжылдықта басталған.

    Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері андрон мәдениеті деп аталады. Себебі қола дәуірінің алғашқы ескерткіштері Андроново селосы (Сібір, Ачинск қаласы) маңынан табылған. Андрон тектес қола мәдениеті таралған аумақ: Орал (Жайық) өзені, Енисей өзені, Батыс Сібір, Памир таулары.

    Қола дәуіріндегі үйлер екі түрлі болды: жартылай жертөле және жер бетіне салынған үй. Жертөленің ішінде тас ошақ орнатылып, жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған. Үйдің жанына мал қамайтын қора салынған. Андрондықтар төрт түлік малдың барлық түрін өсірген.

    Ғалымдар Cолтүстік және Батыс Қазақстан аймағынан 80-нен астам қоныстарды тапқан. Олардың кейбірін ертедегі алғашқы қалалар деуге болады. Қостанай облысы мен Челябі облысының шекарасынан ескі қала – Арқайым табылды.

    Мал өсіру отырықшылық, бақташылық түрінде болған. Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбі шүйгін және желден ықтасын болатын жерлерді таңдап алған. Андрондықтар Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған. Өзен аңғарларындағы тайпалар жерді тесемен өңдеген, жылқы, сиыр, қой, ешкі өсірген. Андрондықтардың қоныстарынан егіншілік құралдары – дән тартатын диірмен, жер өңдеуге арналған тесе, мыс пен қола орақтар табылды.

    Металл кеніштері Зыряновск, Жезқазған, Қарқаралы, Ақшатаудан табылды. Қаныш Сәтбаевтың мәліметі бойынша, Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндіріліп, одан 100 мың тонна мыс қорытылған. Нарым мен Қалба (Шығыс Қазақстан) кен орнында 1100 тонна қалайы шығарылған.

    Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды. Қазандыққа ауа үрлейтін көрік жасалды. Қорытып жасалған еңбек құралдары тастай қатты, әдемі сары түсті болды. Кен өндірушілердің қонысы кенішке жақын жерлерде орналасқан.

    Мысты өндіру үшін кен орнының алдына от жағып, қызғаннан кейін су құйған. Шытынап, уатылған кенді тас және қола қайланың, ағаш сынаның көмегімен опырады. Кейін тас балғамен ұсақтаған. Еңбек құралдары тас немесе саз балшық қалыптарға құйылып, өңделген.

    Андрон мәдениетінің ең негізгі сипаты – саз балшықты ыдыс жасауға пайдалану. Қыш ыдыстар арнаулы пештерде күйдіріліп, тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен өрнектелді. Көзе құмыралар түрінің әсемдігімен, өрнекті әшекейлерімен тамаша өнер туындысы болып саналады.

    Академик В.П.Алексеевтің берген сипаттамасы: "Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған".

    Андрондықтардың бойы онша биік емес, беті жалпақ, маңдайлары тайқылау болып келген. Дене құрылысы жағынан еуропеоидтерге ұқсайды.

    Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне жататын 30 қоныс, 150 оба зерттелді.

    Петровка мен Боголюбов қоныстары (Солтүстік Қазақстан) орлармен, дуалдармен қоршалған.

    Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан. Андрондықтар табиғат күштеріне табынған.

    Қола дәуіріндегі тасқа салынған суреттер Таңбалы, Жасыбай, Хантау жерлерінен табылған. Бұл суреттерде жабайы бұқа, қос өркешті түйелер, билеген адамдар салынған.

    Чаглинка, Петровка (Солтүстік Қазақстан) қоныстарында үйлердің қабырғалары тік бағандардан тұрғызылып, киіз үйдің торкөз керегелері тәрізді етіп жасалған. Ғалымдар андрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспаналары қазақтың киіз үйіне ұқсайды деп есептейді.

    Осы бөлім бойынша тест тапсыру

    СҰРАҚТАР

    1. Кенді қорыту үшін салынды

    2. Қола дәуіріне жататын металл кеніштері табылған аймақ

    3. Андрондықтардың басты кәсібі

    4. Қола дәуірінің ең алғашқы қалаларының бірі

    5. Андрондықтардың баспаналары

    6. Қола дәуірінің мәдениеті

    7. Еліміздің аумағында қола дәуірі қашан басталды?

    8. Қола дәуірінің хронологиялық шеңбері

    9. Петровка қонысы орналасқан аймақ

    10. Андрондықтардың жерлеу ғұрпы

    11. Андрондықтардың тасқа салынған суреттері табылған жер

    12. Қола дәуіріне жататын, Орталық Қазақстаннан табылған қоныстар саны

    13. Андрондықтардың бет-бейнесін сипаттаған антрополог-ғалым

    14. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың өрістеген түрі

    15. Кенді опыруға арналған құралдар

    16. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар

    17. Қола дәуіріне жататын мәдениет(-тер)



    • Қола дәуіріндегі шаруашылық пен қоғамдық өмірдегі өзгерістер

    КОНСПЕКТ

    Қазақстан жерін мекендеген қола дәуірінің тайпалары рулық-тайпалық құрылымда өмір сүрген. Кейінгі қола дәуірінде басталған алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы уақыт өткен сайын күшейе түскен. Жекелеген отбасылардың байлығы өскен сайын, олардың қоғамдағы билігі арта түсті. Қауым ішінде мал-мүлік теңсіздігінің шығуы орныға келе, әлеуметтік теңсіздік туды.

    1946 жылы Әлкей Марғұлан бастаған археологиялық экспедиция қола дәуірін жоспарлы зерттеуді бастады. Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекендерінен көптеген қола ескерткіштері табылды. Кейінгі қола дәуіріне жататын бұл кезең Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталды.

    Бұл мәдениетте үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленетін зираттардың орнына бір адам ғана жерленген құрылыстар пайда болған.

    Қауым мүшелерінің арасынан малы көп байлар, басқыншылық соғыспен байыған қолбасылар шыға бастады. Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншіктің тууына әкелді. Жеке меншік – малға, ал жерге – қауымдық, рулық меншік болды.

    Алтыннан жасалған бұйымдардан бір жарым орамды алтын сырғалар кездеседі. Оны әйелдер самай шашына қыстыратындықтан, самай сырға деп аталады.

    Сонымен бірге, андрондықтар әр түрлі жыртқыш аңдардың тісінен мойындарына тұмарша таққан.

    Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын қыш құмыралардың ернеуі тік, бүйірі шығыңқы, түбі тегіс болып келген. Құмыраларда тарақ жүзді және үзік сызықты үшбұрышты өрнектер көп кездеседі.

    Мал басының артуына байланысты жайылым жиі ауыстырылды. Жайылым қажеттілігі малшыларды бір жерден екінші жерге көшіп отыруға мәжбүр етті. Осыдан жартылай көшпелі мал шаруашылығы шықты. Қоныстар малшылардың қыстауына, егіншілік шаруашылықтың көмекші түріне айналды.

    Тебіндеп жайылуға байланысты қой мен жылқы саны артып, ірі қара азайды. Қой, жылқы түліктерінің көбеюі үй маңындағы бақташылықтан алысқа көшіп бағу әдісіне әкелді. Мал шаруашылығының дамуында жылқыны мініске үйретудің, күш-көлік ретінде пайдаланудың орны ерекше болды.

    Қола дәуірінің қоныстары өзен-көлдердің жағасында орналасты. Қоныстар 5-10, кейде 20 шақты үйден тұрған. Үйлердің аумағы 100 шаршы метрден 300-400 шаршы метрге дейін жетті.

    Қола дәуірінің соңына қарай қола мен мыс орақтар кеңінен пайдаланылды. Мало-Красноярка (Шығыс Қазақстан), Алексеев (Батыс Қазақстан), Степняк (Солтүстік Қазақстан) қоныстарынан және Жетісудан қола, мыс орақтар табылды.

    Қола дәуірінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дінбасылары – абыздар пайда болды. Абыздар рудың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады. Андрондықтар қайтыс болған адам келесі бір дүниеге ауысады деп ойлаған. Сондықтан жерлегенде қару-жарақ, еңбек құралдарын қоса көмген.

    Көкшетау жеріндегі Шағалалы қонысынан қола шалғы табылды. Қоныстың тұрғындары үй маңындағы бақташылықпен, кетпенді-теселі егіншілікпен айналысқан.

    СҰРАҚТАР

    1. Ернеуі тік, бүйірі шығыңқы қыш құмыралар кездесетін мәдениет

    2. Бір жарым орамды алтын бұйым атауы

    3. Жекеменшік пайда болған дәуір

    4. Беғазы-Дәндібай мәдениетін зерттеген энциклопедист-ғалым

    5. Андрондықтардың қоғамдық құрылымы

    6. Жайылымды жиі ауыстыруға байланысты шыққан шаруашылық

    7. Қола шалғы табылған жер

    8. Қола дәуіріндегі жоғары дінбасылары

    9. Жетісу жерінен табылған қола дәуірінің егіншілік құралы

    10. Андрондықтардың қоныстары қайда орналасты?

    11. Тебіндеп жайылуға байланысты көбейген мал түрі

    12. Нарым, Қалба кен өндіру аймақтары қай дәуірге жатады?

    13. Қола дәуірін зерттеген ғалым

    14. Қола дәуіріндегі маңызды оқиғалар


    написать администратору сайта