Главная страница
Навигация по странице:

  • 4.1 Газ тарату механизмінің жұмысы

  • 4.2 Газ тарату механизмінің ақаулары

  • Цилиндрлер қақпағы.

  • газ тарату. І тарау. Газ тарату механизміні негізгі трлері


    Скачать 1.46 Mb.
    НазваниеІ тарау. Газ тарату механизміні негізгі трлері
    Дата18.05.2021
    Размер1.46 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлагаз тарату.docx
    ТипДокументы
    #206513
    страница3 из 4
    1   2   3   4

    ТҰТАНДЫРУ АЛДЫНДАҒЫ ЖЫЛЫТҚЫШ.

    Тұтандыру алдындағы жылытқыш, жылыдың суық мезгілінде қозғалтқышты тұтандыру алдынан бұрын жылытып алу үшін қолданылады. Автомобильдерде орнатылған жылытқыш, қозғалтқышқа қандай жанармай қолданылатын болса, сондай жанармаймен іске қосылады.

    ЗИЛ қозғалтқышының тұтандыру алдындағы жылытқышы, қозғалтқыштың салқындату жүйесімен тұрақты түтікжетектермен 10 және7 жалғанған қазаннан 8, жанармай бачогынан 19, желдеткішіті 2 электрлі қозғалтқыштан, электрмагнитті клапанды 17 жанармай жеткізу реттегішінен 18 және қозғалтқыштың қалқанына 23 орнатылған басқару пультінен 22 тұрады.

    Тұтастырылып жасалған қазанның 8 жану камерасына бачоктан 19 түтік 4 арқылы өздігінен ағылып жанармай беріледі, ал қылта ауыз 1 арқылы түтікпен 5 жылытқыштың қазанына 1,5 – 2 л су құйылады. Электрмагнитті клапан мен реттегіш 18 қажетті жанармай мөлшерін үнемдеп жеткізуді қамтамасыз етеді. Олар бір жанармай үнемдегіш құрылғыда қалтқысы 26 бар қалтқы камерасымен, шашыратқышпен 28, реттегіш инемен 27 бірге орнатылған. Жану камерасына шланг – түтік 3 арқылы желдеткішпен 2 ауа беріледі.

     Тұтандыру алдындағы жылытқыш. Қазанға берілген жанармай алғашқыда өткізгіштермен 15, 16 және 20 жалғастырылған, басқару пультінде 22 орнатылған аралық қосқышпен 21 қосылатын және жұмысын бақылау орамының 24 каналы арқылы бақылауға болатын, қыздыру шамы 6 арқылы тұтандырылады. Камерадағы жанған қоспаның жануы тұрақты болғанда, қыздыру шамын ажыратқышпен 25 ажыратып, жанармайдың жануы, жанғыш қоспаны желдеткіштің көмегімен үрлеп тұтандыру арқылы жүргізіледі. Жылытқыштың 1 – 2 мин. жұмыс істегенінен кейін қазанға қосымша 6 – 8 л су құйылады.

    Қылта аузын тығынмен жауып қозғалтқышты жылытуды жалғастырады. Қыздырылған су түтікжетек 10 және жалғастырғыш түтіктер 11 мен 13 арқылы цилиндрлер қатарының оң және сол жағының салқындату сұйықтығының тысына жіберіледі, олады жылытып конденсат күйінде қайтадан түтікжетек 7 арқылы қазанға қайтадан келтіріледі. Қазаннан шығарылған газдармен жалғастырғыш түтік 9 арқылы бағыттап картердегі майды қыздыруға қолданылады. Қозғалтқышты жылытқаннан кейін оталдырғыш қол тұтқамен иіндібілікті бірнеше рет айналдырып майлағыш материалды подшипниктерге жеткізеді. Иіндібіліктің еркін айналуы қозғалтқыштың оталдыруға дайын болғанын білдіреді. Ажыратқыштың 25 тұтқасы барынша енгізіліп тұрса, онда жылытқыш жұмыс істемейді, егер де жартылай шығарылып тұрса, онда желдеткіштің 2 электрлідвигателі іске қосылады, ал егер ажыратқыштың тұтқасы барынша шығарылып тұрса, онда қосымша электрлімагнитті клапан іске қос




    Қозғалтқыштың цилиндр ішінде жанған қоспалардың газдары, поршеньдерінің сақиналарының тығыздалмауының әсерінен картерге газдар өтіп кетіп, майдың буымен араласады, сол картерлік газдарды тазарту қажет. Картерлік газдарды тазалаудың тиімділігі, қозғалтқыштың картерінің ішіндегі қысымды атмосфералық қысыммен теңестіріп тұруға, майдың ластануын, тығыздауыш сальниктерінен майдың ағуын болдырмайды, сонымен бірге газдардың жүк автомобилінің кабинасына және жеңіл автомобильдің салонына баруын тоқтатады.

    Картерлік газдарды тазалаудың ашық – табиғи түрі және жабық – еріксіз түрі болады. Ашық түрде тазалау кезінде, катерлік газдар сыртқы атмосфераға шығарылады, ал жабық түрде тазалау кезінде, қозғалтқыштың жіберу құбырына жіберіледі.

    Ашық жүйедегі картерлік газдарды тазалау КамАЗ, МАЗ, ГАЗ–53.12, ГАЗ «Волга» автомобильдерінің қозғалтқыштарында қолданылады.

    ЯМЗ және КамАЗ дизельді қозғалтқыштарында картерлік газдарды тазалау, цилиндр блогының оң жағының қуысындағы 5 сермер картерінің ұясына орналастырлған лабиринт тәрізді сапун 1 арқылы жүзеге асырылады.

     Сапунның негізгі бөліктеріне жоғарғы, ортаңғы, ішкі стақандары және газ шығару түтігі 3 жатады. Пайдаланылған газдар мен жанармай буларының қозғалтқыш картерінен атмосфераға шығарылуы, автомобильдің жүрісі кезінде газ шығару түтігінен сырытқа қарай сейілту арқылы орындалады. Лабиринт

    тәрізді сапуннан майдың газ шығару түтігі арқылы шығып кетуін болдырмайды, өйіткені лабиринт каналдарынан өткенде газдардың бағыттары жылдам өзгереді, газдардың құрамындағы май түйіршіктері бөлініп, май картеріне қайтадан құйылады. ЗМЗ қозғалтқышының ашық түрде катерлік газдарды тазалау жоғарыда жазылған бойынша жүгізіледі, бірақ сыртқа шығарылатын газдардан май түйіршіктерінің бөлінуінде біршама ерекшеліктері болады.

     ЗИЛ–508.10, ВАЗ, Москвич автомобильдерінің қозғалтқыштарында жабық түрдегі катерлік газдарды сору құрылғысы арқылы еріксіз жіберу құбырына бағытталып, сонан соң жанғыш қоспамен араластырылып қозғалтқыш цилиндріне түседі. Мұндай тазалау жүйесі өте жетілдірілген болып табылады, өйіткені картерлік газдардың зиянды құрамдарының сыртқы атмосфераға шығуын едәуір төмендетеді.

    ЗИЛ–508.10 қозғалтқышының жабық түрдегі картерлік газдарды тазалау

    (5.8. сур.), майұстағыш 7, клапан 9, және түтік 8 арқылы жіберу құбырына сорылып алынып, сонан кейін жанғыш қоспамен араластырылып, қозғалтқыштың цилиндріне жіберіледі. Майұстағыш 7 сорылып алынған газдардағы майдың тамшыларын бөліп тұрады, ал сейілту қысымының күші арқылы картерден сорылып алынған газдардың мөлшерін клапан 9 түтіктегі 8 штуцердің 10 биіктігіндей шамада түтік 8 тесігінен өтуін реттеп тұрады. Тазартылған ауа катерге май құйатын қылта ауызына орнатылған сүзгі 6 арқылы барады.


    БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

    1. Газ тарату механизмінің қызметі. Олар қандай бөлшектерден тұрады?

    2. Неліктен таратқыш білік иінді біліктен екі есе ақырын айналады?

    3. V – бейнелі қозғалтқыштың таратқыш білігінің құрылысы қандай?

    4. Клапандардың төмен және жоғары орналасуын түсіндір?

    5. Таратқыш біліктің жоғары және төмен орналасуының маңызы неде?

    6. Клапандарға жылу саңылауы не үшін қолданылады және ненің көмегімен реттеледі?

    7. Шығару клапандарының еріксіз айналдыру механизмдері не үшін қажет және ЗиЛ қозғалтқышындағы оның құрылысы қандай?

    8. Газ тарату фазасы мен клапандардың қосарланып ашылуы дегеніз не?

    9. Жарылайсұйықты үйкелісті дегеніміз не?

    10. Қозғалтқыштың майлау жүйесі қандай негізгі механизмдер мен аспаптардан тұрады?

    11. Қозғалтқыштың қандай бөлшектері қысыммен майланады?

    12. Қозғалтқыштың майын тазарту үшін қандай сүзгілер қолданылады?

    13. Май cорабының құрылысы және оның жұмыс істеу тәсілі қандай?

    14. Картерлік газдарды тазалау не үшін қажет және қалай жүргізіледі?



    ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

    1. Автомобильдің құрлысы және пайдалануы авторы: П.Ж.Жүнісбеков 
    2. Автомобильдерді жөндеу және текникалық қызмет авторлар: П.Ж. Жүнісбеков, М.Т.Жетпейісов, Г.А. Мамедалиева, М.С. Дүйсенбаев 

    Газ тарату механизмі

     

    Дәрістің жоспары:

    4.1. Газ тарату механизмінің жұмысы;

    4.2. Газ тарату механизмінің ақаулары.

     

    Дәрістің қысқаша мазмұны

     

     

    4.1 Газ тарату механизмінің жұмысы

     

    Газ тарату механизмі цилиндрлерге дер кезінде ауа (дизельді моторда) немесе жанғыш қоспа (бензинді моторда) жеткізу және цилиндрдегі пайдаланылған газды шығару қызметін атқарады.

    Клапандар енгізу және шығару тесіктерін ашып-жауып тұрады, ал бұлар цилиндрлердің енгізу және шығару түтіктерімен жалғастырады.

    Газ тарату механизмінің екі түрі бар (сурет 4.1), жоғарыжәне бүйірге орналасқан клапандар.



    а) тарату білігімен клапандары төмен орналасқан; б) клапандар жоғары ал тарату білігі төмен орналасқан, в) тарату білігімен клапандары жоғары орналасқан

     

    4.1 – сурет – Газ тарату механизмінің түрлері

     

    Газ тарату механизмінің құрамына енгізу және шығару клапандары, таратқыш біліктен клапандарға қозғалыс бергіш бөлшектер, таратқыш білік пен шестернкалар кіреді.

    Иінді білік шестернялардың көмегімен таратқыш білікті айналдырады. Таратқыш білік рычактар арқылы қозғалысты шығару және кіргізу клапандарына жеткізіп  ашылып жабады.

    Иінді білік бензин қозғалтқыштарында 1 секунд ішінде 100-150 айналыс жасайды, ал дизельдерде 1 секундта 70 рет айналып үлгереді, немесе поршень 1 секундта 70-150 рет төмен және жоғары жылжып үлгіреді. Клапандардың ашылып жабылу аралық уақыты 0,07-0,2 секунд қана. Немесе осы аз уақыт ішінде цилиндр ауа немесе жанғыш қоспаны кіргізіп және оны жанып болғаннан кейін шығарып жіберуге мүмкіндік жасауы қажет.

    Сондықтан сору клапаны поршень жоғарғы шекті нүк-теге (ЖШН) жетпей ашылады, төменгі шекті нүктеден (ТШН) өткеннен кейін жабылады (сурет 4.2).

    Сол сияқты шығару клапаны да ерте ашылып шекті нүктеден өткеннен кейін жабылады.

     



     

    4.2 – сурет – Газ тарату диаграммасы

     

    Клапан стержені ажарланған. Стержень ұшы шынықтырылған, соның нәтижесінде оның күйентесі әсерінен баяу тозады. Клапандар жақсы жабысып орналасуы үшін олардың әрқайсысы ұя қырнағына (фаскасына) 1,5-2 мм ендікте үйкеленіп тұрады.

    Клапанның жоғарғы бөлігіндегі стерженьде конусты сухариктер орналастыруға арналған қырнақ, болады, сол қырнақтың көмегімен клапан серіппе табақшасына берік ұстатылады. Сухариктер жартылай қақ бөлінген конус сақина тәрізді. Кейбір қозғалтқышта жоғарғы тірек шайбалар мен сухариктердің аралығында втулка болады, ол сухариктерді қысып ұстап, төменгі сүйір ұшымен табақша түбіне тіреледі.

    Күйенте болаттан жасалған екі иінді рычаг.  Оның орта тұсындағы жуандау жерінде тесігі болады, сол тесікке втулка кигізіледі. Күйенте иінінің біреуінде (ұзынында) шынықтырылған соққыш болады, ол клапанды басады, ал екіншісінде — бұрандалы тесік бар, оған реттеуіш винт бұрап кигізіледі.

    Соның көмегімен клапан мен күйенте соққышының аралығында саңылау жасалады және де мұның өзі клапандардың нығыз жабылуын қамтамасыз етеді. Күйенте осьте еркін тербеліп тұрады, ал осьтің өзі блок қалпакшасына бұрап кіргізілген тіреуге орнатылады. Таяныш серіппе мен тоқтатқыш сақина күйентені осьтік ығысудан сақтайды.

    Штанга түрткіштегі күшті күйентеге беруге арналған. Штанга бітеу болат шыбыктан немесе іші қуыс болат стерженьнен жасалады. Штанганың ұшында ажарланған, қыздырып өңделген ұштық болады. Төменгі үштықтың формасы шар тәрізді. Ол түрткіштің шар тәрізді ойығына тіреледі. Жоғарғы ұштың шар формалы немесе ойығының беті шар тәрізді болуы мүмкін. Оған күйентеге бұрап кіргізілген реттеуіш винттің қалпақшасы тіреледі.

    Таратқыш білік мойнының біреуінде блок каналына май жіберетін саңылау болады, май осы саңылау арқылы күйентеге беріледі. Саңылау блок каналымен сәйкес келгенде май жіберіледі.

    Таратқыш шестерня көпшілік қозғалтқыштарда ол алдыңғы бөлігіндегі арнайы картерде орналасады. Ол иінді білікпен ілінісе отырып таратқыш білікті, отын насосының білігіне, май насосына және басқа да механизмдерді іске қосады. Шестерня болаттан немесе текстолиттен жасалады. Шуылын азайту үшін олар қиғаш тісті етіп жасалған.

     

     

    4.2 Газ тарату механизмінің ақаулары

     

    Қозғалтқышты пайдаланған кезде газ тарату механизмі деталь-дарының үйкелетін беттері тозып олардың түйіндескен беттеріндегі саңылау арта түседі. Сонымен қоса ыстық газдың, соққы күштің, бөлінген күйенің әсерінен клапандардың ершікке орнығуы бұзылады.

    Газ тарату механизмінің негізгі ақаулары мыналар: клапан фаскасының және оның бағыттауыш втулкасының, күйенте соққышы мен реттегіш винт қалпақшасының, штанга мен түрткіш ұштығының, таратқыш біліктің жұдырықшасы мен мойынының, таратқыш біліктің тірек втулкасы мен таратқыш шестерня тістерінің тозуы, клапан серіппесінің серпімділігінің жойылуы. Бұл аталған ақаулардан тарсыл пайда болады, оның қуаты кеміп, тиімділігі төмендейді.

    Газ тарату механизмінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін цилиндрлер қалпақшасын, күйенте білікшесі тірегін және басқа бөлшектерді тексеріп, бекітілген түстарын қатайтып бүрау, клапандар мен күйентелердің механизмінің аралықтарындағы саңылауды тексеру және ретке келтіру қажет.

    Автомобиль қозғалтқыштарының клапандар мен күйентелер арасындағы саңылау өзгерсе, қуатты кемітіп, отынның меншікті шығынын арттырады.

    №№№№

    Газ тарату механизмі
    Цилиндрлер қақпағы. Газ бөлу механизмінің детальдары СЧ21-40 маркалы шойыннан құйылған қақпаққа құрастырылған. Кақпақ блок — картерге шпилькалармен бекітіледі.

    Қақпақ пен блок-картердің аралығына асбест-темір төсем қабат салынады. Шпилька гайкаларын 20—22 кгк. м (200—220 Н. м) күшпен кілт арқылы бірқалыпты әрі бірте-бірте блок-картердің центрінен алдыңғы және артқы жағына қарай қатайтып бұрайды.

    Цилиндрлер қақпағында құйындық камералар, форсункалар, клапандық және декомпрессиялық механизмдер орналастырылған.

    Жану камерасы екі бөліктен: поршеньнің түбіндегі ойық 14 пен цилиндрлердің қақпағынан жасалған құйындық 10 және негізгі бөліктерден құралған (114-сурет).

    Құйындық камераның түрі шар тәрізді болады. Ол негізгі ка-мерамен канал 13 арқылы байланысқан. Сығу тактісі кезінде пор-шень құйынды камераға ауа айдамалайды. Канал камераға жанама сызық бойынша орналасатындықтан, ауа айналмалы қозғалыс жасайтын болады. Форсунка құйындық камераға тозаңданған отын бүркеді. Камерада айнала қозғалатын ауа отынның бұрынғыдан әрі мұқият тозаңдана түсуіне және онын, ауамен жақсы алмасуына жағдай жасайды. Отын өте қызған ауа арқылы тұтанады, бірақ та қүйындық камерадағы отын толық жанбайды, Газдарға араласа негізгі камераға шыққан соң ол ауамен жақсы араласады да түгелдей жанатын болады.

    Құйындық камера жоғарғы және төменгі екі жарты сфералардан құралады. Жоғарғы жарты сфера қақпаққа құйылған, оның қабырғалары су қаптамасы 8, 9 арқылы шайылады. Төменгі жарты сфераны ыстыққа төзімді Х9с2 маркалы болаттан жасалған ендірме 11 құрады. Ендірменің тірек белдеуі 15 қақпақ жазықтығынан 0,01—0,08 мм шығыңқы тұрады. Сондықтан құрастырылған двигательдегі ендірме цилиндрлер қақпағы мен блок-картердің аралығында нығыздалып қысылатын болады. Құрастыру кезінде ол винтпен 12 ұстатылады.

    Ендірме қақпақпен — тік тірек белдеу бойынша ғана жанасады. Оның қалған бөлігі қақпақтан ауа қабатымен оқшауланған. Сондықтан ендірменің температурасы жоғары (500°С-қа дейін) бо-лады, бұл оран отынның кебу мен тұтаңу процестерін жақсартатын жылу аккумуляторының қасиетін береді.

    Цилиндрлер қақцағы корпус және қақпақшадан 5 құралған қалпақпен жабылған. Қақпақшаға болат сымдар тығыздалып тол-тырылған келте түтік (сапун) бекітілген. Двигатель жұмыс істеген әрбір 480 сағат уақытта бүл түтікті (сапунды) шығарып алып, бөл-шектеу және жуу керек. Түтікке салынатын болат сымдарды қоп-сыту және май жұқтыру керек.

    Клапандық механизм. Ендіру клапаны 40ХН маркалы болаттан, ал шығару клапаны Х9с2 маркалы болаттан жасалады. Клапанда тәрелке және стержень бар. Тәрелке 45°-пен өңделген және цилиндрлер қақпағының ұясына үйлесімді болып ажыратылған. Ысқыланған қырының (күңгірт түсті) қалыңдығы 1—2,5 мм шегін-де және клапанңың тәрелкесінің ұяшығында болуы керек. Клапан тәрелкесі қақпақ жазықтығынан 3,5 мм-ден артык жасырынбауы керек. Жаңа двигательде клапандар 1,15—1,60 мм жасырынады.

    Клапанның стержені цилиндрлер қақпағына престелген шойын бағыттауыш втулкамен қозғалады. Стержень мен втулка аралы-ғындағы саңылау өндіру клапанында 0,03—0,09 мм, шығару кла-цанында— 0,06—0,12 мм. Стерженьнің ұшында сухариктерге ар-налған жалпақ ойық және сақтандыру сақинасы үшін жіңішке

    116-сурет. Таратқыш және жетектеуіні шестернялар:

    1 — майлау жүйесі насосының шестернясы; 2 —иінді біліктің (май насосы жетегінің) шестернясы; және 4 — гидрожүйе насосының шестернясы; 5 — тартқыш біліктің шестернясы; 6 — отын насосының шестернясы; 7 — аралық шестерня; 8 — иінді біліктің шестернясы (таратқыш біліктің жетегі).

    ойық бар. Егер клапанның серіппесі немесе стержені сынса,

    онда клапан двигательдің цилиндріне ене алмайды, себебі

    оған сақтандырғыш сақина кедергі жасайды. Тәрелкенің бетінде клапандарды ысқылауға қажет жырашық жасалған.

    Күйенте екі бөліктен құралған және ұштары тығынмен ты-ғындалған куыс оське орнатылған (114-сурет). Клапандық меха-низмді майлау үшін осьтің қуысына май жіберіледі. Итергіштің штангасы түтіктен жасалынған; оның ұштары жұмырланған әрі жылтыратылған.

    45 маркалы (селект) болаттан жасалған тарату білігі үш под-шипникке орнатылған. Тарату шестернялары картерінің қақпа-ғында тарату білігінің осьтік люфтін реттейтін тірек винт бар. Бұл винт қандай да болмасын бір себептен бұралып босаңсыған болса, онда оны былай реттейді: білікті табаншасына тірелгенше бұрайды, сонан соң ‘/4 айналысқа бұрап босатады да қарсы гайкамен бекітеді. ‘
    1   2   3   4


    написать администратору сайта