Али ДипломV0.5. I тарау
Скачать 351.83 Kb.
|
3.1. Маршруттарды дайындау кезіндегі келіссөздер регламенті Орталықтандырылмаған бағыттамалары бар станцияларда пойызды қабылдау немесе жөнелту маршрутын дайындау туралы өкімді станция бойынша кезекші белгіленген келіссөздер регламентін сақтай отырып, маршрутты дайындауға қатысатын бағыттама посттарының барлық аға кезекшілеріне бір мезгілде береді. Егер бағыттама посттарының аға кезекшілерінің кезекшілігі белгіленбесе, маршрутты дайындау туралы өкімдерді бағыттама посттарының кезекшілері тікелей береді. Пойыздарды қабылдау және жөнелту үшін маршруттарды дайындауға кіру (шығу) мойнында, қабылдау жолының қарама-қарсы шетінде орналасқан бағыттамалық пункттер, сондай-ақ жылжымалы құрамның пойызды қабылдау немесе жөнелту маршрутына шығуы мүмкін басқа да пункттер қатысуы тиіс. Бағыттамалық посттарға немесе атқарушы орталықтандыру посттарына маршрутты дайындау туралы өкімді станция бойынша кезекші тиісті сигналдың уақтылы ашылуын қамтамасыз ететін уақыт ішінде барлық қажетті операциялардың аяқталу мүмкіндігін ескере отырып береді. Станция бойынша кезекші маршрутты дайындау дұрыстығын басқару аппараты аспаптарының көрсеткіштері бойынша тексереді. Мұндай аспаптары жоқ станцияларда станция бойынша кезекші бағыттамалық постылардың аға кезекшілерінің немесе бағыттамалық постылар кезекшілерінің баяндамалары бойынша маршрутты дайындаудың дұрыстығын тексереді. Пойыздарды қабылдау және жөнелту маршруттарын дайындау туралы өкім, сондай-ақ осы өкімдерді орындау туралы баяндамалар анық және айқын болуға тиіс. Станциялар бойынша кезекшілер мен бағыттама постыларының кезекшілері пойыздар қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулыққа қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес келіссөздер регламентін сақтауы қажет. 182 Көрсетілген тізбеде көзделмеген жағдайларда станциялар бойынша кезекші мен бағыттамалық постылардың кезекшілері пойыздарды қабылдау және жөнелту үшін маршруттарды дайындау туралы да нақты және нақты келіссөздер жүргізуі қажет. Пойызды қабылдау немесе жөнелту маршрутын дайындаумен байланысты кез келген өкімді бергенге дейін, сондай-ақ осындай өкімді орындау туралы баяндаманы алғанға дейін станция бойынша кезекші оны тыңдайтынына немесе оған бұған құқығы бар адамдардың барлығы баяндайтынына көз жеткізеді. Аталған өкімдерді беруге немесе олардың орындалуы туралы баяндамаларды бұған құқығы жоқ адамдардан алуға тыйым салынады 3.2. Маневр жұмысын ұйымдастыру Маневр жұмысын мөлшерлеу маневр жүрісінде жеке элементтерге бөлінген. Жеке элементтердің уақыт шығынының қосындысы, маневр түрлерін қарастырып, маневр жұмысының жалпы мөлшерін бекітеді. Маневр жұмысының қарапайым элементі жарты рейіс, станса жолдарымен локомотивтің вагондармен немесе вагонсыз бағытын өзгертпей жүруі. Маневр құрамы немесе локомотивтің вагонсыз стансаның бір жолынан екінші жолына бағытын өзгертіп жүруі маневр рейісі деп аталады. Локомотивтің вагон мен жүруі жартырейіс және рейіс жұмысы болады, ал вагонсыз жүруі – бос жүріс болады. Белгіленген уақыт мөлшерін жеке маневр операцияларын орындау үшін хронометраждық бақылау жүргізіледі немесе аналитикалық есептеудің көмегімен табады. Маневр қозғалысы дегеніміз стасадағы вагондарды өңдегендегі пойыздың көмегімен әртүрлі жылжытулар. Маневрлық қозғалыстарға вагондарды бір жолдан екінші жолға ауыстырып қою жатады, жүк аудандарына, жөндейтін жолдарға беру – жинау және т.б. Барлық маневрлық қозғалыстар қабылдап-жөнелту жолдарында және пойыз локомотиві мен пойыздар жүретін маршруттарда жасалады, оған тек станса кезекшісі ғана рұқсат береді. Ірі станса аудандарында қабылдап-жөнелту жолдарынан және пойыздардың жүріс маршрутын ұйымдастырудан тысқарырақ маневр жұмыстарын жасайды, оны маневр диспетчері басқарады. Үлкен жол құрылғылары бар стансалар мен маневр жұмыстары көп болғанда маневр аудандарына бөлінеді, оған маневр локомотивтері бекітіледі. Локомотивтер мен құрам топтары белгілі бір маневр локомотивіне бекітіледі. Маневрдың дұрыс орындалуына пойыз құрастырушысы, ал сұрыптау дөңесінде – дөңес кезекшісі жауап береді. Маневр жасағанда, локомотив жүргізушісі, маневр басшысынан радио байланысы, екі жақты парк байланыс құрылғыларымен немесе сигнал, қолмен берілетін сигнал құрылғылары арқылы бұйрық алмай локомотивті жүргізбейді. Маневр басқарушысы көрсеткіштер немесе сигналдардан басқа, жүргізуші маневр маршрутының орталықтандырылған бағыттамаларына шықпастан бұрын, маневр бағдаршамының рұқсат берген көрсеткішіне көз жеткізіп алу керек. Ал орталықтандырылған бағыттамада - бағыттама қосымының кезекшісінен сигнал алады немесе маневр қозғалысына бағыттамалардың дайын екендігі туралы хабар алады. Маневрды мынадай жылдамдықта жасайды: 60 км/сағ – бір локомотивтің бос жолмен және локомотивтің артына тіркелген тығыздалған ауамен қуаттандырылып, қосылған авто тежегішті вагонмен жүруі; 40 км/сағ – локомотивтің артында тіркелген вагонымен, бос жолда жүруі; 25 км/сағ – бос жолда вагонды алдына салып жүргенде; 15 км/сағ – адамдары бар вагондармен, сондай-ақ 3-ші және 4-ші дәрежедегі габаритті емес жүктермен жүргенде; 3 км/сағ – локомотивтің (вагонмен немесе вагонсыз) вагондарға жақындауында және жылжымалы құрамның вагон таразысымен жүргенде. Маневр жүргізген уақытта авто тежегішті қоспайды. Сондай-ақ вагондарды алдына салып жүргенде, сигналдар дұрыс көрінбейді, сондықтан маневр құрамының жүріс жылдамдығын жолда шектейді. Вагондармен, адамдары бар вагондармен және разрядтты жүк тиелген вагондармен маневр жүргізгенде, соғылуын болдырмай, өте мұқият қадағалап, станса немесе парк кезекшісінің бақылауымен бірден тоқтату керек. Мынадай маневрды итеруге және дөңестен жіберуге болмайды: Адамдары бар вагонды, жүкке ие болып келе жатқан жолсеріктері бар вагонды; Ұқыптылықты талап ететін, жеке категориядағы жүк вагондарын; 3-ші және 4-ші дәрежедегі габаритті емес, 2-ші дәрежедегі қапталды габаритті емес жүктер тиелген ашық және жайдақ вагондар, жүк тиелген транспортерлар; істен шыққан локомотивтерді; моторвагонды жылжымалы құрам, рефрижератор пойыздарының құрамы, жолаушылар вагоны, темір жолда жүретін крандар; арнайы жылжымалы құрам мен вагон трафареттері «Дөңестен жіберуге болмайды». Станса жолдары еңісте орналаса маневр жүргізуге болмайды, онда вагондардың аралыққа кетіп қалу қауіпі туады, жіберген жағдайда жіберетін жаққа локомотивті қойып және қажетті жағдайда вагонның автотежегіші қосылу керек. Егер еңіс жақтан локомотивті қоя алмаса, онда маневр отырғызу арқылы жасалады, ал вагондардың автотежегіші тексеріліп, қосылады. Мұнда вагондардың аралыққа өздігінен кетіп қалмауына, талап қойылады. Пойыз құрастырушысы маневр жүргізер алдында, вагонның құрамға тіркелуін, маневр жүргізуге қатысатын, барлық жұмыскерлердің орнында тұруын, сондай-ақ тежегіш башмактарының жеткіліктігін тексереді. Тежегіш башмагын қойған соң, вагонды құрамнан ағытып алады. Маневр жасағанда, еңіске түсу үшін, құрамның ең үлкен салмағы стансаның ТРА көрсетіледі. Вагонның өздігінен аралыққа кетіп қалуында, оны тоқтатуға барлық шараларды қолданады, сондай-ақ олардың соғылысуын болдырмайды. Локомотив жүрісін, маневр жүргізетін бір ғана адам басқарады – маневр басқарушысы (пойызды құрастырушы), оның дұрыс орындалуына жауап береді. Пойыздарды тек қана бос жолдарға қабылдайды – бұл стансадағы жүріс қауіпсіздігнің негізгі шартты. Бұл тәртіптің сақталуына станса кезекшісі, орталықтандырылған қосым операторы, бағыттама қосымының кезекшісі, ал диспетчерлік орталықпен жабдықталған телімде - пойыз диспетчері міндетті. Стансада бағыттамалар электірлі орталық құрылғыларымен немесе маршруттық-бақылау құрылғылары (МКУ) жолдары оқшауланған электірмен жабдықталған. Егер жылжымалы құрам жолда тұрса, шығатын сигналды ашуға болмайды. СОБ құрылғылары істен шыққанда, сондай-ақ стансадағы қабылдау жолдарының бос еместігі электірлі бақылаумен жабдықталмаса, олардың тәртібі станса ТРА көрсетіледі. Станса кезекшісі бағыттама қосымының кезекшісімен бірге жолдың бос екендігін және пойызды қабылдауға маршруттың дұрыс дайындалғандығын тексеріп, содан соң кіретін сигналды ашады. Қабылдау паркінің жолдары пойыз ұзындығына сәйкес мамандандырылады, қабысатын станса телімдеріне қатысты, әр түрлі бағыттан пойыздарды бір уақытта қабылдау үшін және олардың жүргендегі қарсы маршрутын қысқартып, жолаушылар пойызы мен тез бұзылатын жүктері бар, тірі мал тасымалдайтын пойыздардың арнайы құрылғылар санын ескереді. Телімдегі өткізу қабілетінің өсуі, ТПЕ қарастырылғандай моторовагонды пойыздарды жолға қабылдау, жол басқа да моторлы вагондармен бос болмағанда, аралықтан итеретін локомотивпен – жолдың бос телімдеріне және қажетті жағдайда стансадағы барлық жолдар бос болмағанда, қалпына келтіруші және өрт пойыздары, көмекші локомотивпен, вагонсыз локомотивтер, қар тазалаушы пойыздар, ағытылмайтын дрезиналар тұрғанда, сондай-ақ шаруашылық пойыздары мен жол машиналарының – бос жол телімдеріне тұруы, пойыздар жүрісі мен маневр жұмыстарының нұсқаларында бекітілген. Стансада жол бастығы моторлы вагонды пойыздарды жолға қабылдау тәртібін түсіндіреді, жолдар басқа моторлы вагонды пойыздармен бос болмағанда, жол телімдерін маршруттық бағдаршамдарға бөледі, ал кіретін (маршруттық) бағдаршамдардыарнайы сигналмен жабдықтайды. Егер стансада бос жолдар болмаса, итеретін локомотивпен қалпына келтіруші және басқа пойыздарды кіретін бағдаршамның шақыру сигналымен қабылдайды, маневр бағдаршамының рұқсат беру көрсеткіші, станса кезекшсінің бұйрығымен, локомотив жүргізушісіне радио арқылы беріледі. Стансадағы электірмен жабдықталған бағыттамалар мен сигналдар (ЭЦ), және телімде диспетчерлік орталықпен жабдықталған (ДЦ), пойыздарды қабылдауға маршруттарды дайындап және станса кезекшісінің, қосым операторының (ЭЦ) немесе пойыз диспетчерінің кіретін сигналдарды ашуы, егер маршрут дұрыс дайындалмаса және жол жылжымалы құраммен бос болмаса, ЭЦ және ДЦ құрылғылары сигналды ашпайды. Станса кезекшісі немесе пойыз диспетчері маршрут дайындар алдында, қабылдайтын маршрутқа шығатын маневр жұмыстарын тоқтатады. СОБ құрылғылар істен шыққанда, сондай-ақ стансадағы жолдың бос еместігін бақылайтын құрылғылары болмаса, маршруттың дұрыс дайындалғанын және жолдың бос екендігіне көз жеткізбей кіретін сигналды ашуға болмайды. Оларды жүргізу тәртібі станса ТРА көрсетілген. Станса маршруттық-бақылау құрылғысымен жабдықталған (МКУ), бағыттама қосымының кезекшісі жолдың бос екендігін тексеріп, маршрутты дайындайды, ал сигналды – станса кезекшісі бағыттама қосымының кезекшісінің баяндауынан кейін, жолдың бос болып, қабылдау маршрутын дұрыс дайындағанда ашады. Кіретін сигналды бағыттама қосымынан немесе сигнал беруші басқаратын болса, оны станса кезекшісінің рұқсатымен ашады. Кіретін сигнал ашық болса, оны жабу үшін, егер пойызды қандай да бір себептермен стансаға қабылдай алмай қалса, бағыттама қосымының кезекшісі немесе сигнал беруші станса кезекшісінің жаңа бұйрығын алмай, оны екінші рет ашуға болмайды. Кіретін сигнал аралықта автоблокировкамен жабдықталғанда, ЭЦ және ДЦ пойыздың алдыңғы дөңгелегі өткен соң, автоматты түрде жабылады, ал станса мұндай құрылғымен жабдықталмаса, - бағыттама қосымының кезекшісі мен сигнал беруші барлық құрам өткен соң, станса кезекшісінің бұйрығын күтпей-ақ, сигналды жабады. Стансаға пойызды қабылдау кіретін сигнал ашық болған жағдайда қабылдайды. СОБ құрылғылар мен жолды жөндегенде, қайта өңдегенде, сондай-ақ істен шыққанда, аралықта пойызды ұзақ ұстамау үшін, рұқсат бермеу көрсеткішінде немесе кіретін сигналдың оты өшкенде қабылдай береді. Арнайы емес жолдарға кіретін сигналдардың рұқсат бермеуінде де пойызды қабылдай береді, мұндай жағдайда оларды ашу мүмкін емес. Кіретін (маршруттық) бағдаршам рұқсат бермегенде, шақыру сигналын бекітеді, олардың ашық жағдайы – ай түсті-ақ жанып- сөнетін от, - олар бос жол мен қабылдау маршрутын дұрыс дайындауына байланысты емес – сондықтан станса кезекшісі мен бағыттама қосымының кезекшісі маршрутты дайындағанда тәртіпті қатал сақтап, қабылдау жолының бос болып және маршутты дұрыс дайындағанын анық айтуы керек. Шақыру сигналымен пойызды қабылдағанда жүріс жылдамдығы 20 км/сағ аспауы керек, және жүргізуші үлкен қырағылықпен жүргізуге міндетті және алдында қандайда бр кедергі кездесе, бірден тоқтауға дайын болу керек. 3.3. Маневрлік жұмысты басқару Станциялық жолдарда маневрлер тек бір қызметкердің - станция бойынша кезекшінің, маневрлік диспетчердің, сұрыптау дөңесі немесе парк бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде – поездық диспетчердің нұсқауы бойынша ғана жүргізілуі тиіс. Маневрлерге басшылық ету бойынша міндеттерді бөлісу станцияның техникалық - өкімдік актісінде көрсетіледі. Маневрлер жүргізуші локомотивтің қозғалысына бір қызметкер – маневрлердің дұрыс орындалуы үшін жауапты маневрлер басшысы (поездарды құрастырушы немесе бас кондуктор) басшылық етеді. Сұрыптау дөңестерінде маневрлік локомотивтің қозғалысына дөңес бойынша дөңес кезекшісі басшылық етеді. Аралық станцияларда маневрлік жұмыс бас кондуктордың басшылығымен жүргізіледі. Құрастыру бригадасы немесе бас кондуктор қызмет көрсетпейтін локомотивтің, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның маневрлік орын ауыстыруларына осы ауданда маневрлер жүргізуге басшылық ету құқығы бар қызметкер немесе оның нұсқауы бойынша сигнал беруші (бағыттау постысының кезекшісі) басшылық етеді. Бұл жағдайларда маневрлік орын ауыстыруларға басшылық ету үшін сондай-ақ станциялар бастықтары, олардың орынбасарлары белгілейтін тәртіппен тартылуы мүмкін. Маневрлік жұмысты құрастырушы немесе құрастыру бригадасы (құрастырушы және оның көмекшісі), сондай-ақ бас кондуктор немесе кондукторлық бригада жүргізеді. Жергілікті жағдайларға қарай маневрлерді жүргізу үшін құрастыру бригадасын немесе бір құрастырушыны тағайындауды Ұлттық темір жол компаниясы – «Жол бөлімшесі» филиалы белгілейді. Маневрмен айналысушы қызметкерлерді орналастыруды маневрлердің басшысы жүргізеді (станция бойынша кезекшісі, маневрлік диспетчері, сұрыптау дөңесі немесе парк бойынша кезекшісі). Маневрлік локомотивке бір машинистің қызмет көрсеткіші локомотив үлгісіне және жергілікті жағдайға қарай Ұлттық темір жол компаниясының рұқсаты бойынша жүргізілуі мүмкін. Поездарды құрастырушы немесе бас кондуктор маневрлік жұмысқа тапсырманы маневрлерге басшылық жасаушы бір адамнан ғана алады. Маневрлік жұмысқа арналған тапсырманы маневрдің басшысы әрбір қатысты қызметкерге жеткізуі тиіс. Егер маневрлер жүргізу процесінде көзделген жұмыс жоспарын өзгерту қажеттігі пайда болса, онда осы өзгерістердің сипатымен маневрге қатысушы барлық қызметкерлер алдын ала таныстырылады. Маневрлік локомотивтің (вагондармен немесе вагондарсыз) бір маневрлік ауданнан екіншісіне орын ауыстыруына оның ауданына орын ауыстыру болатын тиісті посты (парк) бойынша кезекшімен немесе осы ауданда жұмыс істеуші поездарды құрастырушымен алдын ала келісу бойынша тек станция бойынша кезекшінің (дөңес бойынша Станциялық жолдар бойынша дара локомотивтер мен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның орын ауыстырулары кезінде жергілікті басқаруға берілген бағыттамаларды бұруды локомотив бригадасының бір қызметкері жүргізеді. Бағыттамаларды бұрушы қызметкер әрбір бұрудан кейін үшкірлер жағдайының дұрыстына жергілікті басқару пультіндегі бақылау аспаптары бойынша немесе үшкірлердің жағдайына көз жеткізеді. Маневрлер кезінде бағыттамаларды бұруды: 1) пойыздық диспетчер орталық пульттен радиобайланыс немесе диспетчерлік байланыс бойынша станциялардың алқымдарында орнатылған телефондар бойынша маршруттың маневрлік орын ауыстырулар үшін дайындығы туралы тиісті қызметкерлерге нұсқаулар береді; 2) станция бастығы немесе станцияны резервтік басқаруға тапсыру кезінде пойыздарды қабылдау мен жөнелту жөніндегі операциялар жүктелген басқа қызметкер; 3) пойыздарды құрастырушы немесе станцияның басқа қызметкер станцияның жекелеген бағыттамаларын жергілікті басқаруға тапсыру кезінде Ұлттық темір жол компаниясы - Жол бөлімшесі филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бағыттамалық оқшауланған телім босағанға дейін бағыттаманы жергілікті басқару пультінен немесе жергілікті басқару кілтімен, ал бағыттама оқшаулағышы тәуелділікке қосылмаған жерде - бағыттама жылжымалы құрамнан босағанға дейін ауыстыруға тиым салынады. Маневрлер аяқталған соң бағыттамалық және маневрлік тұтқалар сондай-ақ жергілікті басқару кілті қойылады, маневрлердің басшысы жұмыстың аяқталғаны туралы пойыздық диспетчерге баяндайды, ал соңғысы тиісті бастырмаларды маневрлік қозғалыстардыболдырмау үшін қойылады. Жергілікті басқару пульттері үнемі құлыптаулы болуы қажет. Жергілікті басқару пультіне пайдалану немесе қарап тексеру үшін қол жеткізу рұқсат етілетін қызметкерлер тізбегін, сондай-ақ пульттердің кілттерін беру мен сақтау тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы - Жол бөлімшесі филиалы бекітеді. 3.4. Құрамдарды құрастыру IV Тарау. Экономикалық бөлім V Тарау. Еңбекті қорғау 5.1. Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері Еңбек қорғау- бұл құрамы құқықтық, әлеуметтік- экономикалық, ұйымдастырушы- техникалық, санитарлы- гигиеналық, оқу- алдын – алу, реабилитациялық және басқа да шаралардан тұратын еңбек ету процесі кезіндегі жұмысшылардың өмір және денсаулығын сақтау жүйесі болып табылады. Еңбек қорғау өндірістік кездейсоқ жағдайлардың, кәсіби аурулардың, апаттардың, жарылыстардың, өрт жағдайларының мүмкін болатын себептерін қарастырады и осы себептерді жоюға бағытталған талаптар мен іс- шараларды жүргізеді, адам үшін қауіпсіз және жақсы жағдайлар жасайды. Қазақстан Республикасының еңбек қорғау заңы келесі құжатта көрсетілген: 1)Қазақстан Республикасының Ата Заңы; 2)Қазақстан Республикасының еңбек Кодексі; 3)Қазақстан Республи касының субьектілерінің заңы мен нормативті актілері. Еңбек қорғау жүйесінің негізгі құжаты еңбек келісім шарты болып табылады. Бұл жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісім. |