Баяндама Информатика. Информатика пнін оытуда жаа педагогикалы,апараттыкоммуникативтік технологияларды ммкіндіктерін олдану
Скачать 19.79 Kb.
|
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, «Қарақұдық ЖОББМ» КММ 1-санаттағы информатика пәнін мұғалімі Нургалиева Гаухар Армияновна Баяндама Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық,ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үдерісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Қазіргі мұғалім: Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; Білімді, іскер, шебер болу керек. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Қазіргі оқушы: Дүниетаным қабілеті жоғары; Дарынды, өнерпаз; Іздемпаз, талапты; Өз алдына мақсат қоя білу керек; Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Бүгінгі басты бағыттардың бірі – білм беру үрдісін ақпараттандыру. Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы құзырлы оқушы даярлау. Ал, оның негізі – мектеп. Оларға тәлім-тәрбие берудің алғы шарты – дарын иелерін жасайынан таңдай білу. Олардың ерекше қабілеттерін жетілдіру және көрсету. Қазіргі кезде білім беру жүйесі моделін құрастыруға жаңа бағыттар мен көзқарастар іздестірілуде, оның мақсаты – бала дарындылығын ашу, дамыту барысында озық әдіс-тәсілдерді пайдалану. Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – ақпараттық-коммуникативтік технологиялары арқылы білім мазмұның жаңарту. Қазіргі заман қоғамын ақпараттандырудың басты бір бағыты білім беру жүйесін ақпараттандыру болып табылады. Ақпараттық –коммуникативтік технология дегеніміз-адам қызметінің барлық түрінің апаратын өңдейтін жүйелі және бұқаралық әдіс-тәсілдері мен амалдарының жиынтығы. Ақпараттық-коммуникативтік технология – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбейгелі өзгертуге, қушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Жаңа ақпаратық техноголиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудын негізгі құрал компьютер болып табылады. Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор екенін байқадым. Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндектерін пайдаланамын. Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру. Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру. Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Сонымен, қорыты айтқанда, жаңа технологиялар: Оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне; Оқушыны ынталандыруға; Оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынасына; Оқушының өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздім. Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығуға мүмкіндік бар. Шығармашылықпен іздену мұғалімнің еңбегіне,ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді. Бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың сабақа деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе түсіндіру. Меніңше, осы оқыту жүйесінде ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдану төменгідей нәтиже береді: Ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі; Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы; Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы; Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы; Ілімді жаңалық ашуға немесе ілімді іс жүзінде қолданудың жаңа жолдарын іздеуге ұмтылуы тиіс. Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушылардың оқу материалдарын тлық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсатқа жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты програмалық өнімдер қызмет етеді. Қорытынды. АКТ-ның ғылыми тұрғыда артышылығы жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі, өзіне сенімі артады, қосымша материалдарды молынан алады. «Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, сабақтарымда жаңа технология әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім: -Оқушының оқуға деген ынтасы артады; -Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады; -Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндік туады; -Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады; -Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады; - Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Демек, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. Информатика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық. Қолданылған әдебиеттер тізімі: Коростылева Л.А. «Психологические барьеры и готовность к нововведениям» СПб.,1996,66б. Суворова Н. «Интерактивное обучение:Новые подходы» М.,2005. «Информатика негіздері» журналы №4-2008ж . «Информатика негіздері» журналы №3-2006ж |