Главная страница
Навигация по странице:

  • Пән оқытушысы туралы мәлімет

  • Исмайлов Есенгелди Есиркегенович

  • Құзыреттер (Қ) Білім беру бағдарламасының оқыту нәтижелері (ББ ОН): Р

  • Р3. Қауіпсіздік пен сапа

  • Постреквизиттер

  • 2. Бағдарлама 2.1 Кіріспе

  • Оқытушының жетекшілігімен жұмыс жасау

  • Дәрігер-резиденттің сабақ кезіндегі өзіндік дәрігерлік жұмысы

  • Резиденттің өзіндік жұмысының жоспары

  • 2.4. Консультацияларының уақыты: 15.30-17.30 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі: Резидент білу қажет

  • Резидент істей алу қажет

  • Силлабус.Стационардагы неврология. 2022-23 с печатью. Пн оытушысы туралы млімет Абасова Гаухар Бегалиевна


    Скачать 1.95 Mb.
    НазваниеПн оытушысы туралы млімет Абасова Гаухар Бегалиевна
    Дата22.05.2023
    Размер1.95 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаСиллабус.Стационардагы неврология. 2022-23 с печатью.doc
    ТипДокументы
    #1150807
    страница1 из 16
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

    Ф-ОБ-012/060







    Пән оқытушысы туралы мәлімет:

    1. Абасова Гаухар Бегалиевна – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «Неврология, психиатрия, наркология» кафедрасының меңгерушісі, жоғары дәрежелі невролог.

    Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы ангионеврология.

    Байланыс ақпараты: Тел: 87017505008, e-mail :mktunevro2@mail.ru

    2. Дущанова Гулсум Абдурахмановна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Неврология, психиатрия, наркология» кафедрасының профессоры, жоғары дәрежелі невролог.

    Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы ангионеврология, эпилептология.

    Байланыс ақпараты: Тел; 87017474401, e-mail: mktunevro2@mail.ru

    3. Диханбаева Гульмира Амангельдиевна – медицина ғылымдарының кандидаты, доценті, «Неврология, психиатрия, наркология» кафедрасының доценті, жоғары дәрежелі невролог.

    Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы балалар неврологиясы, жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары.

    Байланыс ақпараты: Тел; 87051162908, e-mail: mktunevro2@mail.ru

    Исмайлов Есенгелди Есиркегенович – «Неврология, психиатрия, наркология» кафедрасының оқытушысы, жоғары дәрежелі невролог.

    Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – ангионеврология.

    Байланыс ақпараты: Тел; 87025372840, e-mail: mktunevro2@mail.ru
    Пәннің сипаттамасы: Пәнді оқу кезінде резидент науқастармен, туыстарымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді қарым-қатынас жасап, неврологиялық жағдайды бағалай, жиі кездесетін неврологиялық аурулардың клиникалық диагнозын тұжырымдай, дәлелді практика негізінде диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін тағайындай, ҚР заңнамасы шеңберінде стационарлық неврологиялық қызметті ұйымдастыра, жүйке жүйесі ауруларының шұғыл жағдайларында көмек көрсете, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыса, үздіксіз кәсіби даму мақсатында конференцияларға қатысуға қабілетті.
    Білім беру бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзыреттердің дамуына бағытталған

    Құзыреттер (Қ)

    Білім беру бағдарламасының оқыту нәтижелері (ББ ОН):


    Р1. Пациенттікүту

    ОН 1- клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде оның тиімділігін бағалауға қабілетті


    P2. Коммуникация және коллаборация

    ОН - пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады


    Р3. Қауіпсіздік пен сапа

    ОН3- медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті


    Р5. Зерттеулер

    ОН 5- адекватты зерттеу мәселелерін тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық деректер базасын тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті





    Пәннің оқыту нәтижелері:

    Қ

    ББ ОН



    Пәннің оқыту нәтижелері (ПОН)

    Р1.

    ОН 1


    ПОН 1- Стационардағы неврогиядағы теоретикалық негіздерді меңгергенін көрсетеді.

    ПОН 2- Жүйке жүйесі ауруына шалдыққан науқасты зерттеу әдістерін меңгереді.

    ПОН 3-. Топикалық, ажыратпалы және клиникалық диагнозды қою әдісін игергенін көрсетеді.

    ПОН 4- Жүйке жүйесі ауруларындағы жедел патологиялық жағдайларды диагностикалауды және дәрігерлік көмекті көрсете алады.

    P2.

    ОН 2

    ПОН 5-пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады

    ПОН 6- науқастармен жұмыс жасаған кезде әртүрлі жағдайда коммуникативті дағдыларды меңгергендігін көрсете алады.


    Р3.

    ОН3

    ПОН 7- медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілеттін көрсете алады.

    ПОН 8-Неврологияда қолданылатын диагноздаушы зерттеулер (Эхоэнцефалография, электроэнцефалография, электронейромиография, ультрадыбысты допплерография, магнитті-резонансты томография, компьютерлік томография, электрокардиография, эхокардиография) жүргізуге көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, тиімділігі, қауіпсіздігі және қатерін бағалай біледі және алдын алуға қабілеттілігін көрсетеді


    Р5.

    ОН 5

    ПОН 9-Неврологиялық аурулардың және шекаралық күйлердің этиологиясы, патогенезі, клиникалық симптомдары, жіктелуі, ажырата диагноздалуы, емделуі және алдын алуы жайындағы қазіргі заманғы көзқарастарды қалыптастырады.

    ПОН 10- адекватты зерттеу мәселелерін тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық деректер базасын тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілеттілігін көрсете алады

    Пререквизиттер: Ішкі аурулар, балалар аурулары, неврология негіздері, психиатрия және наркология, клиникалық фармакология, коммуникативті дағдылар, дәлелді медицина негіздері

    Постреквизиттер: Неврология, ересектер, балалар

    1.8 Пәннің саясаты және шаралары:

    1. Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина кластерінің 2015-2016 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес резиденттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.

    2. Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес резиденттердің сабаққа қатысуы міндетті. Резиденттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Резидент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген резиденттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.

    3. Резидент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан резидентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол резидент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.

    4. Кафедра жұмысы мемлекеттік білім стандартына сай терең теориялық және практикалық дайындықтан өткен, мамандандырылған білім, іскерлік және дағдыларды меңгерген мамандарды дайындау. Қазіргі заманға сай ғылым белестерін меңгерген халықтық және жалпы адамдық қасиеттерге ие тұлғаны дамыту.
    2. Бағдарлама
    2.1 Кіріспе

    Стационардағы неврология пәні болашақ невролог дәрігерлерге-резиденттерге неврология мамандығының негізін, жүйке жүйесінің анатомиясы мен физиологиясын, неврологиялық патологиялардың келіп шығуын, неврологиялық науқастарды тексеру әдістерін үйретеді. Стационардағы неврология пәнінде резиденттер негізгі неврологиялық аурулардын этиологиясы, патогенезі , клиникасы және диагностикасын, емдеу және реабилитация негіздерін үйренеді.

    2.2. Пәннің мақсаты:

    Стационардағы невропатология курсының негізгі мақсаты стационардағы невропатологияның теоретикалық негіздермен резиденттерді үйрету, жүйке жүйесі ауруымен неврологиялық ауруларды зерттеу әдістерін, неврологиялық диагнозды қоюға және емдеу тактикасын өндіру болып табылады.

    2.3. Оқыту міндеттері:

    1. Стационардағы невропатологиядағы теоретикалық негіздерді меңгеру.

    2. Жүйке жүйесі ауруына шалдыққан науқасты зерттеу әдістерін меңгеру.

    3. Топикалық және клиникалық диагнозды қою әдісін игеру.

    4. Жүйке жүйесі ауруларындағы жедел патологиялық жағдайларды диагностикалауды және дәрігерлік көмекті көрсетуді меңгеру.

    Неврологиялық стационар қызметкерлерінің құрылымы және есептік-есеп беру құжаттамаларды білу. Жүйке жүйесінің анатомиялық-функционалды ерекшеліктері. Неврологиялық аурулардың пропедевтикасы: неврологиялық статус, жүйке жүйесінің зақымдану синдромдары мен сиптомдарының әдістемесін бағалау. Жүйке жүйесі ауруларының топикалық диагноздалуы. Неврологияда зерттеудің зертханалық және аспаптық әдістері. Неврологиялық бұзылуларды емдеудегі және диагноздаудағы нейровизуализация әдістері. Неврологиялық аурулардың және шекаралық күйлердің этиологиясы, патогенезі, клиникалық симптомдары, жіктелуі, ажырата диагноздалуы, емделуі және алдын алуы жайындағы қазіргі заманғы көзқарастар. Аурулары және басқа ағзалар мен жүйелердің зақымданулары (инфекциялық, аутоиммундық, метаболизмдік, онкологиялық аурулар, жүрек-қантамыр, эндокринді және басқа жүйелер және мүшелер) кезіндегі жүйке жүйесінің әртүрлі құрылымдық зақымданулары. Неврологиялық бұзылыстарды хирургиялық емдеуге көрсетулер. Госпиталдық неврологиядағы диагноздау кезеңіндегі шұғыл жағдайлар

    Оқытушының жетекшілігімен жұмыс жасау:

    • Таңертеңгілік дәрігерлік, ғылыми-тәжірибелік, патанатомиялық конференцияларға, ана және перинатальдық патологиялардың клиникалық талдауларына қатысу;

    • Факультативті проблемалық дәрістер;

    • Семинарлық сабақтар;

    • Тақырыптық және клиникалық талдаулар;

    • Клиникалық шолулар, консилиумдар;

    • Аурухананың неврология бөлімшелерінде, қабылдау бөлімшесінде жұмыс жасау (науқастарға курация жасау, бағдарламада қарастырылған диагностикалық және емдік процедураларды орындау, медициналық құжаттарды рәсімдеу);

    • Диагностикалық бөлмелерде және бөлімшелерде жұмыс жасау (УДЗ, ЭКГ,
      лаборатория, рентген бөлмесі, егу бөлмесі т.б.)

    • Жетекші бақылауында тәжірибелік машықтарды және дағдыларды жетілдіру;

    • Интерндер курация жасаған науқастардың ауру тарихтарын экспертті бағалау;

    • Жетекші бақылауында медициналық құжаттарды рәсімдеу;

    • Ауруханада кезекшілікте тұру, таңертеңгілік дәрігерлік конференцияда есеп беру (айына 4 реттен кем емес);


    Дәрігер-резиденттің сабақ кезіндегі өзіндік дәрігерлік жұмысы:

    • Арнайы бөлмелерде жұмыс жасау (рентген-бөлмесі, КТ, ЭКГ, УДЗ т.б.).

    • Науқасты клиникалық талдауға, бөлім меңгерушісінің, кафедра меңгерушісінің, профессордың немесе доценттің қарауына дайындау;

    • Дәрігерлік конференцияға тақырыптық хабарламаларды дайындау;

    • Медициналық құжаттарды рәсімдеу;

    • Ғылыми-зерттеу жұмыстары, кафедраның ғылыми үйірмесіне қатысу;

    • Ғылыми конференцияларда баяндама жасау;

    • Ппроф.қарауларына және диспансеризациясына қатысу;

    • Неврологтар Ассоциациясы жұмыстарына, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, симпозиумдарға қатысу;

    • Дәрігерге міндетті көлемде санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

    ЕСКЕРТУ:

    1. Емдік жұмыс: дәрігер-интерн дәрігер-ординатордың штат бірлігіне қарастырылған науқастардың 50%-ына курация жүргізу қажет.

    2. Кафедраның шешімі бойынша аптасына ұсыныс жасалады:

    • 1-2 семинар,

    • 1-2 тақырыптық немесе клиникалық талдаулар,

    • 1 ғылыми-тәжірибелік конференция,

    • 1 ауру тарихын экспертті бағалау бойынша сабақ;

    3. Интерндер курация жасаған науқастардың ауру тарихын экспертті бағалауды топтың оқытушысы және бөлім меңгерушісі жүргізеді.


      1. Резиденттің өзіндік жұмысының жоспары: индивидуальды тапсырмаларды орындау, клиника бөлімдеріндегі жұмыс, кезекшілік, консилиумдарға, ауыр науқастардың консультациясына қатысу, ғылыми және практикалық, патолого-анатомиялық конференцияларға қатысу


    2.4. Консультацияларының уақыты: 15.30-17.30

    Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

    Резидент білу қажет::

    Денсаулық сақтау туралы заңнамаларды және директивті құжаттарды, органдар қызметін анықтайтын және денсаулық сақтау мекемелерін, нормативтік-құқықтық актілерді, әдістемелік ұсыныстарды және әдістемелік нұсқауларды, стандартарды, клиникалық ұсыныстарды (клиникалық хаттамалар) білуі.

    Анатомияны, эмбриологияны және орталық, шеткі және вегетативті жүйке жүйесінің топографиялық анатомиясын білуі.

    Орталық және шеткі жүйке жүйесінің қалыпты және патологиялық физиологиясының негізгі сұрақтарын білуі.

    Ағзада патологиялық үрдістердің пайда болу себептерін, олардың даму негіздерін білуі.

    Ересектердің жүйке жүйесі ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникалық симптомдары және бұзылуларын білуі.

    Аурудың ағымын және патологиялық үрдіс заңдылығын білуі.

    Неврологиядағы генетиканың, генетиканың жалпы сұрақтарын, иммунобиологияның негіздерін білуі.

    Неврологияда қолданылатын диагноздаушы зерттеулер (Эхоэнцефалография, электроэнцефалография, электронейромиография, шақырылған шамалар, ультрадыбысты допплерография, магнитті-резонансты томография, компьютерлік томография, электрокардиография, эхокардиография) жүргізуге көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, тиімділігі, қауіпсіздігі және қатерін, сонымен қатар жүйке жүйесі патологиясымен науқастардың тексеру нәтижелерін талдай білуі.

    Люмбалды пункция әдістемесін жүргізу және жүйке жүйесінің патологиясымен науқастарда ликворды зерттеу нәтижелерін талдай білуі.

    Неврологиялық бұзылысы бар пациентті хирургиялық емдеуге көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін білуі.

    Невропатология (ересектер, балалар) аясында фармакотерапияның сұрақтарын білуі.

    Жүйке жүйесінің зақымдануымен науқастың ағзасына физикалық әсер етуге негізделген емді қолданудың түрлері және тәсілдерін білуі.

    Невропатология (ересектер, балалар) аясында инвазивті емес шараларды жүргізу кезіндегі асқынулар мен қатерлерді білуі.

    Жүйке жүйесінің зақымдануымен науқасқа инвазивті емес емдік-сауықтыру шараларын жүргізудің әдістемелерін білуі.

    Жүйке жүйесінің зақымдануымен науқас ағзасына инвазивті емес шараларды жүргізудің әсерін білуі.

    Жүйке жүйесінің зақымдануымен науқастардың ағзаларына инвазивті емес шараларды жүргізудің әсерін білуі.

    Жүйке жүйесінің зақымдануымен науқастарға емдік-диагноздаушы әсердің тиімді қағидаттарын білуі.

    Невропатология (ересектер, балалар) аясында асқыну пайда болуын болжау негіздерін білуі.

    Резидент істей алу қажет:

    Науқас жайлы мағлұматты алу дағдылары.

    Науқас шағымдарын талдау дағдылары.

    Аурудың анамнезі туралы мағлұматтарды жинау дағдылары.

    Өмір туралы анамнез мағлұматтарын жинау дағдылары.

    Науқастың күйін бағалау дағдылары.

    Науқастың объективті (физикалық) зерттеуінің дағдылары.

    Алдын ала диагнозды, ары қарай диагноздаушы шараларды жоспарлау және емдік тактиканы құрастыру дағдылары.

    Патологиялық үрдістің кезеңдерін анықтау дағдылары.

    Ажырата диагноздауды жүргізу дағдылары.

    Зақымдалған жүйесінің немесе мүшенің қызметтік жетіспеушілігін бағалау дағдылары.

    Асқынуын анықтау дағдылары.

    Қосарласа жүретін патологиялық үрдістерді білу.

    Емдік-диагноздаушы шараларды жүргізуде тиімділігін бағалау дағдылары.

    Жүйке жүйесі зақымдануымен пациентті оңтайлы емдеу әдістері және тәсілдерін таңдай білу.

    Химиялық-биологиялық әсер етуге негізделген емдеуді тағайындауды білу.

    Ағзаға физикалық әсер етуге негізделген емдеуді тағайындауды білу.

    Инвазивті емес емдік-сауықтыру шараларын жүргізуді білу.

    Патологиялық үрдістің белсенділік динамикасын және емдік-диагноздаушы шаралар жүргізу тиімділігін бағалауды білу.

    Эпилепсия және басқа пароксималды ұстамалар кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсете білу.

    Жүйке жүйесінің инфекциялық аурулары кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсете білу.

    Гийен-Барре синдромы кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсете білу.

    Миастения кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсете білу.

    Нейроинтоксикация кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсете білу.

    Жүйке жүйесінің қабыну аурулары кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсете білу.

    Шеткі жүйке жүйесі аурулары кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсете білу.

    Вегетативті жүйке жүйесі аурулары кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсете білу.

    Жүйке жүйесінің паразитарлық аурулары кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсете білу.

    Орталық және шеткі жүйке жүйесінің ісіктері кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсете білу.

    Ми және жұлын қантамырларының аурулары кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсете білу.

    Жүйке жүйесінің демиелиндеуші аурулары кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсете білу.

    Жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсете білу.

    Омыртқа бағанасы және жұлынның зақымдалуы кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсете білу.

    Жүйке жүйесінің зақымдануымен науқасқа ақпарат беру және олардың туыстарымен емдеу тәсілдері және әдістерін таңдау мүмкіндігі туралы, олардың қауіпсіздігі деңгейінде, сонымен қатар пайдаланатын құралдар және медициналық тағайындаулар жайлы пікірлесе білу.

    Жүйке жүйесінің зақымдануымен науқастың емдеу жоспарын түзету үшін динамикалық тексеру жүргізуді білу.
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


    написать администратору сайта