информатика д_рістер жина_ы. информатика Пнінен дрістер жинаы оытушы Тлеумбетова Г. К. 1 блім. Апарат рдістері
Скачать 365.5 Kb.
|
3. Алгоритмнің берілу тәсілдері Алгоритмнің келесі берілу тәсілдерін қарастырайық: *табиғи тілдегі алгоритм – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – қазақ, орыс және ағылшын алфавиті; *графикалық тілдегі алгоритм – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – әрбір әрекеті түрлі жазықтықтағы геометриялық фигура ретінде бейнеленіп, олардың арасындағы байланыстар түзу сызықтар мен бағыттаушылар арқылы көрсетіледі; *алгоритмдік тіл – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – жаратылыстану тіліндегі қандай да бір мағынаны, бұйрықты білдіретін сөздер жиынтығы; *программалау тілі – орындаушысы компьютер, қажетті құрал-жабдықтары – арнаулы программалау тілінің командалары. Алгоритмнің тұрғызылу тәсілдерінің құрылысын зерттеу үш түрде беріледі: *алгоритмдік тілде; *блок-схема түрінде; *программалау тілінде. Алгоритмдік тіл – табиғи тілде жазылған алгоритм сияқты өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген тілге жуық, бірақ ол құрылымы нақтыланған, бірыңғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен түрлі ережелер жүйесінен тұрады. Кез келген тіл сияқты ол символдар жиынтығынан (алфавит), алгоритмдік тілдерді жазу ережелерінен (синтаксис) және жазуларды түсіндіру мәтіндерінен (семантика) тұрады. Үйренуге арналған алгоритмдік тілде алфавит шектелмеген. Ол үшін ұлттық әріптерді, сандарды программалау тілдерінде пайдаланылатын арифметикалық операция таңбаларын, түрлі жақшалар және тағы басқа символдарды алуға болады. Мысалы; латын, орыс, қазақ алфавиттерінің әріптері, ондық санау жүйесінің цифрлары, арифметикалық амал таңбалары: 3 Бөлім. Компьютер- ақпаратты өңдеу құралы. Аппараттық қамтамасыз етудің дамуы Аппараттық қамтамасыз ету перифериялық құралдарға қажетті компьютердің электрондық толтырылымын құрайды. Процессор, электрондық платалар, монитор, пернетақта-бұлардың барлығы аппараттық қамтамасыз етуге жатады. Компьютердің заманауи аппараттық қамтамасыз етілуі көлемінің барынша кішіреюіне және өнімділігінің үлкеюіне әкеледі. Мысалы, қазіргі ұялы телефондарда компьютердің процессорлары орнатылған. Программалық қамтамасыз етудің дамуы Компьютердің ұзақ мерзімді жадында сақталған барлық программалар жиынтығы оның программалық қамтамасыз етуін құрайды. Программалық қамтамасыз ету жанжақты даму үстінде. Сонымен қатар бекітілген бойынша жіктеуге қиындық тудыратын дәстүрлі емес программалар пайда болды. Жүйелі программалық қамтамасыз ету дегеніміз-компьютер желілері мен компьютер жұмысын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы. Базалық программалық қамтамасыз етудің кеңейтілуіне қосымша орнатылған программалар жатады, оларды функционалдық белгілері бойынша төмендегідей топтауға болады: 1. Компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігін анықтайтын программалар 2. Компьютерді вирустардан қорғайтын вирусқа қарсы программалар 3.Дискілерге арналған программалар 4. Мұрағаттарды қамтамасыз ететін программалар 5. Желілірдің қызметіне арналған программалар 6.Қолданбалы программалар Программалық жүйелер дегеніміз-программалық өнімдерді дайындау және енгізу технологиясын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы. Программалық жүйелерге трансляторлар, программа дайындайтын орта, анықтамалық программалар кітапханасы, байланыс редакторлары ж.т.б жатады. Жүйелік программалық жасақтама-дербес компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама. Амалдық жүйе-құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы. Қызметші(сервистік) программалар-әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Компьютердің қосымша құралғыларын баптау және орнату. Қосымша құрылғылар –компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Оларды жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады. Компьютердің қосымша құрылғыларына дыбыс колонкалары, микрофон, принтер, мәтіналғы, модем және т.б жатады. Принтер – мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға шығару құрылғысы. Сканер – компьютерге мәтіндік және графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы. Модем – телефон желілері бойымен ақпарат тарату құрылғысы. Баған (колонка) – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы . (DVD) CD-ROM – лазерлік дискілерді көруге арналған құрылғы. Тышқан – компьютермен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы құрылғы . Принтерлерді баптау және орнату Принтерді баптау Windows 7 операциялық жүйесінде орнату үшін көрсетілген. Бірақ егер компьютерде басқа операциялық жүйе орнатылған болса да орнату жұмыстарының бір-бірінен айырмашылығы шамалы. Ең алдымен принтерді тоққа қосуымыз керек. Содан кейін арнайы шнур арқылы компьютер мен принтерді байланыстырып жалғаймыз.Ол шнур принтер қорабының ішінде міндетті түрде болады. Компьютер қосатын тетікті көлеміне қарай тауып алыңдар. Бірақ соңғы шығып жүрген принтерлердің шнуры кәдімгі біз қолданып жүрген флешканың формасындай болады. Осылардың барлығы дайын болған соң, орнатуға кірісеміз. Компьютердің кез келген қосымша құрылғыларының баптаулары Басқару панелі деген жерде сақталады. Экранның сол жақ төменгі бөлігіндеПуск батырмасы арқылы сол жерге өтеміз де,Қондырғылар және принтерлер деген бөлімге кіреміз. Одан кейін Принтерлерді орнату деген батырманы басу керек. Содан соң шыққан терезеден принтерлерді орнату типін таңдаймыз. Егер сол компьютерге ғана орнату керек болса, Локалді принтерді қосу, ал егер жергілікті принтер болса, Жергілікті принтер қосу деген батырманы таңдау керек. Сонымен Локалді принтерді қосу батырмасын таңдаймыз. Одан кейін принтердің портын таңдап Әрі қарай батырмасын шертеміз де, дискіден принтердің өз маркасын арналған драйверін орнатамыз. Мәтіналғыны орнату. Жоғарыда айтып өткендей драйвер туралы мәселені шешіп болып, шнур арқылы мәтіналғыны компьютерге жалғаған соң, Windows автоматты түрде құрылғыны орнатады. Мәтіналғы ескі болса, орнатуды өз қолдарыңмен іске асыруға тура келеді. Пуск арқылы басқару панелі деген мәзірге барып, терезенің сол жақ жоғарғы бөлігіндегі Қосымша құрылғы атты батырманы басып, Windows –тың айтқан барлық қадамдарын орындап шығасыңдар. Дербес компьютердің құрылғысы Жоспар 1. Аппараттық жабдықтар Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы 2. ІВМ дербес компьютерінің негізгі блоктары 3. Микропроцессер 4. ЭЕМ-нің жедел жады 5. Графиктік адаптерлер 6. Дискідегі информация жинақтауыш 7. Принтерлер мен плоттерлер 8. Компьютерге информация енгізу құрылғылары Аппараттық жабдықтар Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та,олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады: 1.Орталық процессор; 2.Енгізу құрылғысы; 3.Есте сақтау құрылғысы; 4.Шығару құрылғысы. Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемалар жиынынан тұрады. Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады. Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған. Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады. Дербес ЭЕМ Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады.Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады.Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшалармен жалғастырады. Жартылай өткізгішті кристалл көбінесе өте таза кремнийден жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды, иондық түрде енгізу, дәлме-дәл фотолитография, тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар қолданылады. Осындай күрделі технология нәтижесінде кристалда электр схемасына біріктірілген “электрондық молекулалар” жасалады. Олар бір кристалл, (5*5мм) жүз мыңнан аса бір-бірімен байланысқан “электрондық молекулаларды” құрастырып, өте күрделі информацияны түрлендіру жұмыстарын орындый алады. Мүмкін болашақта осындай схемалар элементтері рөлін тікелей ұғымдағы заттардың молекулалары атқаратын шығар. Интегралдық схемаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын бақылау-барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне оларды сериялық түрде шығару да меңгерілген. Интегралдық схемаларды шығаруды баспаханалардағы кітапты көбейтіп шығарумен салыстыруға болады. Олар өздерінің атқаратын функцияларына қарай ЭЕМ-нің әртүрлі тетіктерінің- шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты бөлек-бөлек топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады. Бұл схемалардың интегралдық деп аталу себебі олардың бір кристалы күрделі логикалық функциялардың белгілі біреуін орындай алады, сосын олардан транзисторлар мен диодтардан құрастырылатын сияқты машина қондырғылары оңай жасалады. ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады.ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар. Жүйелік блок мыналардан тұрады: -микропроцессор; -оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады; -тұрақты есте сақтаушы құрылғы; -қоректену блогы мен мәлімет енгізу-щығару порттары. Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді: -информация енгізу құрылғылары; -информация шығару құрылғылары; -информация жинақтауыштар. №4 бөлім. WINDOWS 7, Linux Операциялық жүйе және оның түрлері. Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауының жұмысын басқару үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес копьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады. Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі - операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды. Операциялық жүйелерді жіктеу Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер: Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын; Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын; Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немесе графикалық (немесе екеуі бірге) көп терезелі интерфейсі болуы мүмкін. А нығырақ айтқанда, мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режимде бір программаны және фондық деп аталатын режімде көмекші тағы бір програманы іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндер редакторын, ал фондық режимде басу программасын іске қосуға болады. Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді. Мысалы, бір программа адаммен шахмат ойнағанда, басқасы басқа компьютерлермен бірге модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін. Бір міндетті жүйелер қарапайым, жинақы, қуатты аз компьютерлерде жұмыс істеу қолайлығы жағынан көпміндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтан да біртіндеп Әрине, дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады. Кейбір бірнеше адам пайдаланатын жүйелер, мысалы, UNІХ, бір компьютерде бірнеше пайдаланушының қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнына терминал орнатылуы керек. Терминал ретінде не арнайы жасалған құрылғылар (пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес компьютерде іске қосылған арнайы программа болуы мүмкін. Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы өз терминалымен, бір-біріне кедергі келтірмей, бір компьютерде қатарласа жұмыс істей алады. Соңғы жылдары графикалық көптерезелі интерфейс қажетті әрекеттер мен объектілердің сипаттамалары мәтін түрінде енгізілмейді, маустың көмегімен менюден, файлдар тізімінен және т.с.с. таңдалады. W INDOWS ТИПТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР Бірінші типіне Місгosoft компаниясының ұқсас екі жүйесі Windows 95 пен Windows NТ жатады. Windows 95 және Windows NТ операциялық жүйелер көпміндетті және олардың көптерезелі графикалық интерфейсі бар. Өз тарихында Місгоsoft компаниясы алдымен Windows NТ жүйесін жасады. Бірақ сол кездегі дербес компьютердің қуаты бұл жүйені тиімді қолдануға жеткіліксіз больш шықты. Компьютердің қуатына лайықты шектелген жүйенің қарапайымдау нұсқасы Windows 95 деген атпен шығарылды да, бірден кең таралды. Бұл операциялық жүйе ЭЕМ пайдаланушыларының алдыңғы интерфейстерімен салыстырғанда, айтарлықтай тиімді болып табылады, Windows жүйесінің ең маңызды ерекшелігі мыналар: 1. Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады. Бұл - операциялық жүйе деңгейінде мүмкін болған кез келген операцияларды Windows -тан шықпай-ақ орындауға болады деген сөз. Қолданбалы программаны іске қосу, дискеттерді пішімдеу, мәтіндерді басуға шығару - мұның барлыған Windows-тан шақырып алуға және операция аяқталғаннан кейін Windows-қа кері қайтаруға болады. Windows ортасында терезе және таңбашалар пайдаланушы интерфейсінің негізгі түсініктері болып табылады. Windows-та орындалатынның барлығы не таңбашасы (пиктограммасы) бар операция, не терезесі бар (немесе терезедегі) операция болып табылады. Барлық сервистік және қолданбалы программалар үшін терезелер құрылымы және оларды басқару элементтері, операциялар жиыны мен сервистік программаларға арналған менюдің қүрылымы, сондай-ақ маустың көмегімен орындалатын операциялар стандартталған, яғни белгілі стандарт бойынша орындалған. 2. Windows графикалық жүйеболыптабылады. Windows жүйесімен UNIX типті («Юникс» деп оқылады) операциялар жүйелер бәсекелесе алады. UNIX - бұл командалық интерфейсі бар көпміндетті, бірнеше адам пайдаланатын ОЖ. Ол бұдан 20 жылдан астам уақыт бүрын жоғары сенімділікті талап ететін міндеттерді шешетін, сол кездің ең қуатты компьютерлері үшін арналған. Windows пен UNIX типті жүйелермен барлық операциялық жүйелердін көп түрлілігі тамамдалмайды. Көпшілікке арналған алғашқы дербес компьютерді американдық Аррlе компаниясы шығарған. Қазір барлық жерде қолданып жүрген Rапк Хеrох компаниясының жаңалығы графикалық көптерезелі интерфейсті алғашқы рет іске асырғандығында. WINDOWS -ТЫ БАПТАУ Windows 98 операция жүйесін орнатқанда жүйе пайдаданушылардың көпшілігіне есептелінген белгілі бір стандартқа сәйкес бапталуы керек. Біз енді Windows –тың кейбір баптауын ғана қарастырайық. Бас меню мен Міндеттер панелінен баска Windows-тың барлық баптауы дерлік Басқару панелі деп аталатын жүйелі қапшық арқылы орындалады. Бұл қапшыкты ашу үшін, мына әрекеттер тізбегін орындаңдар: Пуск - Настройка - Панель Управления Баскару панелі қапшығын іске қосу. Жаңа сабақ түсіндіріліп болған соң “Күміс қақпаның” есігі ашылады. Стандартты программалар: Блокнот,Калькулятор, Word Pad, Графикалық редактор Paint Windows жүйесінің стандртты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамсыз етеді мысалы: - мәтіндік құжаттар дайындау; - графикалық бейне - көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету; -жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру; - математикалық есептеулерді орындау және т.б. Әдетте, бұл қосымша программалар «Стандартты» тобында орналасады. Word Pad мәтіндік редакторы. Word Pad, Write – редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан маман дандырылған мәтіндік редакторға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу болып келеді. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қуатты мүмкіншілігі мол деп тынылып жүрген мәтіндік редактордың жаңа түрлерімен кейінірек жұмыс жүргізетін боламыз. Windows 3Х жүйесінде редакторы іске қосу үшін «Реквизиттер» тобындағы «Write редакторы» белгісін таңдаймыз. Word Pad және Write редакторлары мәтіндік құжатты пернелерде теріп, дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге ішкі көрінісі мен қаріпін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу және ауыстыру әдістерін іске сыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Блокнот (Windows 3x) Блокнот - кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу. Блокнот мәтінді форматтамай тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындауды және дискіде сақтайды. Күнтізбе - бұл жұмыс уақытын жоспарлауға мерзімдік жоспар жасауға, кездесулер мен телефон жоспар жасауға, кездесулер мен телефон соғу кестелерін құрстыруға арналған шағын программа. Нақты айтқанда, календарь күнделіктің компьютерлік варианты болып табылады. Программаны іске қосу үшін «Реквизиттер» тобынан «Күнтізбе белгісін» таңдау қажет. Калькулятор - программасы бүгінгі күндері тіпті төменгі сынып оқушылары да кеңінен пайдаланатын компьютерлік клькулятор болып табылады. Программаны іске қосу үшін «Реквизиттер» тобында «Калькулятор» шарт-белгісін таңдау керек. Программа екі режимде жұмыс істейді: - стандартты (жады бар қарапайым калькулятор) - ғылыми (қиын да күрделі есептеулер жүргізуге арналған калькулятор) режимі болып табылады. |