Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
| І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Жаңа сабаққа кіріспе
| (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
| 1. Сендер ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері туралы қандай мысалдар
білесіңдер? Олардың қайсыбірі жағымсыз? 2. Жыртқыштық дегеніміз не? 3. Бәсекелестік ұғымына сипаттама береіңдер.
| Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
| Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
| №1-тапсырма
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
| 1. 1. Жағымсыз қарым-қатынас дегеніміз не? Мысалдар келтіреді.
2. Жағымсыз қарым-қатынас түрлерін атайды.
| Дескриптор: Жалпы-3 балл:
- Тапсырмаға анықтама беріп, мысалдар келтіреді
| Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
| №2-тапсырма
Оқулықта берілген қолдану және талдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
| 1. Тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу және жағымсыз қарымқатынас түрлерін атайды.
2. Жыртқыштық пен паразитизмді салыстырады. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.
3. Жағымсыз қарым-қатынастың қалыптасу себептері туралы өз пікірлерің айтады.
4. Жағымсыз қарым-қатынастар эволюциялық түр түзілуге әсер ететінін мысалдар келтіре отырып дәлелдейді.
5. Бәсекелестік-тіршік үшін күресті сипаттайды.
Дескриптор: Жалпы-4 балл.
- Тапсырмаларды орындайды.
| Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
| №3-тапсырма
Оқулықта берілген синтез және бағалау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
| 1. Жағымсыз қарым-қатынастарды белгілері бойынша жіктейді. 2. Экожүйенің тұрақтылығын сақтаудағы жағымсыз қарым-қатынастардың рөлі туралы эссе жазады. 3. Паразитизм пайда болуының эволюциялық механизмі туралы өз пікірлерің айтады. 4. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, неліктен жыртқыштар немесе симбионаттар паразитті тіршілік етуге көшеді? Бұл құбылысты
талқылайды. Дескриптор: Жалпы-3 балл.
-Тапсырмаларды жікте, талдайды.
-Эссе жазады.
| Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
| «Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
| Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.
| Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін
«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
| «Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
|