Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
| (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын
амытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
| Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны
|
Жаңа сабаққа кіріспе
10 минут
| (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
| 1. Өсімдіктер мен жануарлар селекциясының бірінші кезеңі қандай? 2. Н.И. Вавилов
туралы не білесіңдер? Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады
| Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
| Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
| 1-тапсырма.
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
| 1. Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталығын зерттеу
не үшін керек екенін түсіндіреді. 2. Әртүрлі орталықтардан шыққан өсімдіктердің түрлеріне және олардың
шығу тегіне сипаттама береді. 3. Мәдени өсімдіктер мен үй жануарлары қашан және қалай пайда
болғанын түсіндіреді. 4. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын қай ғалым ашты?
| Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
-Тапсырманы түсіндіреді;
-Сұрақтарға жауап береді.
|
Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
|
| 2-тапсырма.
Оқулықта берілген қолдану және талдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
| 1. 1. Оңтүстік Азия қандай өсімдіктердің шығу орталығы болып табылады? 2. Оңүстік-Батыс Азия орталығы қандай жануарлардың шығу орталығы болып табылады? 3. Әртүрлі орталықтан шыққан мәдени өсімдіктердің түр санын
салыстырады. 4. «Мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының шығу орталықтары,
сол түрдің ежелгі өркениетті шығу орталығы» деген сызба сызады. 5. Үй жануарларының шығу тегін қолға үйретілген реті бойынша талдайды. 6. Қазіргі кездегі өсімдіктердің мәдени түрлері мен жабайы түрлерінің арасындағы айырмашылықты көрсетеді. 7. Қазіргі кездегі жануарлардың қолтұқымдары мен ежелгі арғы тегінің арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
| Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
-тапсырмаларды орындайды;
-Сызба сызады.
| Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
|
| 3-тапсырма.
Оқулықта берілген синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
| 1. Азиядағы орталықтарда шығарылған өсімдіктерге жалпы сипаттама
береді. 2. Еуропа мен Африкадағы орталықтарда шығарылған өсімдіктерге жалпы сипаттама береді. 3. Жаңа әлем аумағындағы орталықтарда шығарылған өсімдіктерге жалпы сипаттама береді. 4. Жағдайды модельдейді. Қазіргі кездегі қолдан шығарылған
өсімдіктер мен жануарлардың қасиеттері қалай өзгереді? Оларды
шығаруда қандай әдістер қолданылуы мүмкін? 5. Алғаш мәдени түрге айналдырылған (қолдан шығарылған) өсімдіктер
сұрыптарының генетикалық ерекшеліктерін қазіргі кездегі ғалымдар
сол кездегі ғалымдарға қарағанда тиімді пайдалана ала ма?
Жауаптарыңды негіздеңдер.
| Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
-тапсырманы орындайды.
-Жауаптарын негіздейді.
| Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
2 мин.
| «Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
| Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.
| Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін
«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
| «Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
|