Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
| І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Жаңа сабаққа кіріспе
10 минут
| (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
| 1. Эволюция дегеніміз не? 2. Табиғи сұрыпталу деген не? 3. Қолдан сұрыптауды кім
жүргізеді?
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым дағдысы қалыптасады.
| Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
| Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
| 1-тапсырма. Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
| 1. Селекция дегеніміз не? 2. Қолдан сұрыптау неліктен селекцияның негізгі әдісі екенін түсіндіреді. 3. Қолдан сұрыптаудың түрлерін сипаттайды. 4. Селекция ғылымының қашан және қалай дамығанын түсіндіреді. Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
-Сұрақтарға жауап береді.
-Тапсырманы түсіндіріп, сипаттайды.
| Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
|
| 2-тапсырма.
Оқулықта берілген қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
| 1. Адамның даму тарихы мен қолдан сұрыптаудың арасында қандай байланыс бар екенін анықтайды. 2. Эволюция мен селекцияны, табиғи және қолдан сұрыптауды салыстырады. 3. Селекциядағы қолдан сұрыптаудың мағынасын түсіндіреді Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
-Тапсырманы талқылайды.
-Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.
-Топпен бірлесіп жұмыс жасайды.
| Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
|
| 3-тапсырма.
Оқулықта берілген талдау және синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
| 1. Жеке және жағымды сұрыптауға қарағанда жаппай және жа ғымсыз
сұрыптаудың нәтижесі төмен болатындығы тура лы өз пікірлерін айтады. 2. Қолдан сұрыптаудың нәтижесінде пайда болған ағзалардың (іріктемелер, қолтұқымдар) табиғи жағдайға бейімделуі олардың жабайы туыстарына қарағанда анағұрлым төмен болатынын мысалдар
келтіре отырып дәлелдейді. 3. «Жануарлар селекциясы» мен «өсімдіктер селекциясының» сызбасын
сызады. 4. «Мен селекционер болғанымда...» тақырыбына эссе жазады. 5. Адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз етудегі селекция ғылымының
рөлін бағалайды. 6. Қолдан және табиғи сұрыптау үдерістерінің арасында қандай
ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар екенін атайды . Көрсеткіштерін кестеге жазады.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- Тапсырмаларды орындайды., ерекшеліктерін және айырмашылықтарын сипаттап түсіндіреді.
- Кестені дәптерге сызып толтырады.
- Эссе жазады.
| Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
2 мин.
| «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
| Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
| Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
| «Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
|