Ас қорыту. Ішкі азалар туралы ілім спланхнология ескерту
Скачать 7.91 Mb.
|
252 – сурет. Бауыр мен ұйқы безінің шығаратын түтіктері. 1 – өт қап; 2 – қаптық түтік; 3 – бауырдың жалпы түтігі; 4 –жалпы өт түтігі; 5 – ұйқы безінің түтігі; 6 – он екі елі ішек Өт қаптың ұзындығы 7 – 12 см, ені 3 – 5 см, сыйымдылығы 30 – 60 см3 шамасында болады. Өт қаптың қабырғасы: шырышты қабық, tunica mucosa, шырышасты негізі, tela submucosa, бұлшықеттік қабық, tunica muscularis, сірліасты негізі, tela subserosa, жәнесірлі қабықтардан, tunica serosa, құралған. Шырышты қабықта ұсақ қатпарлар, өт қаптың мойнында иірмелі қатпар, plica spiralis, орналасқан. Сірлі қабық өт қаптың іш қуысына қараған төменгі және бүйір беттерін жауып жатады, ал, қаптың түбі интраперитонеалды орналасады. Өт қаптың тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы: бауырдың меншікті артериясынан кететін өт қаптық артерия. Веналары: өт қаптық вена қақпа венасына құйылады. Лимфа тамырлары: өт қаптық, бауырлық , құрсақтық, белдік лимфа түйіндері арқылы өтеді . Н е р в т е н у і: парасимпатикалық нервтенуі – кезбе нервтер, симпатикалық нервтенуі – құрсақ өрімінен кететін бауырлық өрім тармақтары. ҰЙҚЫ БЕЗ Ұйқы без, pancreas, аралас без, массасының негізгі бөлігі экзокринді қызмет атқарып, ас қорытуға қатынасатын ферменттер өндіреді (трипсин, липаза және т.б.). Эндокринді бөлігі инсулин, глюкагон гормондарын өндіреді. Ұйқы без, ішастардың артында, іш қуысының артқы қабырғасына жанасып жатады. Ол,құрсақүсті және сол жақтағы қабырғаасты аймағына проекцияланады. Пішінісопақша, ұзындығы 16-20 см, ені 4 см және қалыңдығы 2-3 см, дене, салмағы 70-80 г шамасында болады. Ұйқы бездің басын,caput pancreatis, денесін,corpus pancreatis, және көкбауырға түйісіп жатқан жіңішкелеу бөлігі ұйқы без құйрығын, cauda pancreatis, ажыратады (253 – сурет). 253 – сурет. Ұйқы безі және он екі елі ішек. Жалпы өт түтігі мен ұйқы безі түтігінің топографиясы; артқы көрінісі. 1 – бауырдың жалпы түтігі; 2 – қаптық түтік;; 3 – өт қаптың мойны; 4 – өт қаптыңденесі; 5 –жалпы өт түтігі; 6 – өт қаптыңтүбі; 7 – он екі елі ішек; 8 – жалпы өт түтігінің қысқышы; 9 – ұйқы безінің түтігі және оның қысқышы; 10 – бауыр – ұйқы без ампуласының қысқышы; 11 – ішастар; 12 – ұйқы безінің басы; 13 – шажырқайлық жоғарғы вена; 14 – шажырқайлық жоғарғы артерия; 15 – ұйқы безінің құйрығы; 16 – ұйқы безінің денесі; 17 – көкбауыр артериясы; 18 – қақпа венасы. Ұйқы бездің басы он екі елі ішекке жанасып жатады да, I - III бел омыртқалары деңгейінде орналасады. Оның төменгі жағында, солға бағытталған ілмектәрізді өсіндісі, processus uncinatus, ажыратылады. Басының денесіне өтетін жері жіңішкелеу болады да, мойны, collum pancreatis, - деп аталады, Мойынның төменгі жағында ұйқы без тілігі, incisura pancreatis,орналасады. Бұл тілікте шажырқайлық жоғарғы артерия және вена өтеді. Осы жерде шажырқайлық жоғарғы вена көкбауыр венасымен қосылып, қақпа венасын құрайды. Ұйқы без денесінің үш беті: алдыңғы беті, facies anterior, төменгі беті, facies inferior, жәнеартқы беті, facies posterior, бар. Оларды жоғарғы, алдыңғы және төменгі жиектері бөліп тұрады. Ұйқы бездің басының алдында асқазан, артында қақпа венасы орналасқан. Денесі, I бел омыртқасының деңгейінде орналасқан, алдында - асқазан, артында - іш қолқасы мен төменгі қуыс вена жатады.Алдыңғы жиегіне, көлденең жиек ішектің шажырқайы бекиді. Төменгі беті көлденең жиек ішек пен аш ішекке жанасады Ұйқы без құйрығы XI – XII кеуде омыртқалары деңгейінде орналасады да, көкбауырдың ішкіағзалық бетімен түйісіп жатады. Ұйқы без экстраперитонеалды орналасқан, ішастар оның алдыңғы бетін жауып жатады. Оның астында жұқа қапшығы, capsula pancreatus, орналасады. Ұйқы бездің экзокринді бөлігі күрделі көпіршік – түтікті без болып келеді. Оның құрылымдық – қызметтік бірлігі - ацинус деп аталады. Ол шығаратын түтігі бар, бездік эпителийдің шағын тобынан түзілген. Ацинустар қосылып үлесшелерді түзеді. Үлесшелердің шығаратын түтіктері ұйқы без түтігіне (Вирзунг түтігіне), ductus pancreaticus,ашылады. Түтік құйрығынан басталып, басына дейін, бездің ортасымен – артқы бетіне жақындау өтеді. Одан кейін он екі елі ішектің төмендеген бөлігінің медиалды қабырғасындаұйқыбез түтігі менжалпы өт түтігібір – бірімен қосылып, үлкен бүртікке ( Фатер бүртігіне ), ашылады. Қосылатын жердің алдындаұйқы без түтігін қысатын бұлшықет, m.sphincter pancreatici, орналасады. Үлкен бүртікті аталған екі түтіктің бір – бірімен қосылуынан пайда болған бауыр – ұйқы без ампуласы, ampulla hepatopancreatica, түзеді. Оның қабырғасында бауыр – ұйқы без ампуласының қысқышы (Одди қысқышы), m.sphincter ampullae hepatopancreaticae,орналасады. Көп жағдайда ұйқыбездің басында ұйқы бездің қосымша түтігі,ductus pancreaticus accessorius, түзіледі де, он екі елі ішектегі кіші бүртікке, papilla duodeni minor, ашылады. Сирек жағдайда қосымша ұйқы без, pancreas accessorium, кездеседі. Ұйқыбездің эндокринді бөлігі, эпителийлік жасушалардың (эндокриноциттердің) кішкене топтарынан тұратын ұйқы без аралшықтарынан (Лангерганс аралшықтарынан), insulae pancreaticae, түзілген. Негізінен ұйқы бездің құйрығында орналасатын олардың жалпы массасы 0,8 – 2,5 г. аралығында болады. Лангерганс аралшықтарыкөмірсу алмасуын реттеуге қатысатын инсулин және глюкагон гормондарын өндіреді. Ұйқы бездің тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы: асқазан – он екі елі ішек артериясынан кететін ұйқы без - он екі елі ішектік жоғарғы артериялар; Шажырқайлық жоғарғы артериядан кететін ұйқы без - он екі елі ішектік төменгі артерия; Көкбауыр артериясынан кететін ұйқы бездік тармақтар. Веналары: қақпа венасына, шажырқайлық жоғарғы венаға, көкбауыр венасына құйылады. Лимфа тамырлары:ұйқы бездік, құрсақтық, белдік лимфа түйіндеріне құйылады. Н е р в т е н у і: парасимпатикалық нервтенуі – кезбе нервтер, симпатикалық нервтенуі – құрсақ өріміненкелетінтармақтар. 5.02.22. ІШАСТАР Ішастардың құрылымын түсінуүшін,іш қуысы қабырғасының құрылымына тоқталу қажет. Іш қуысының, cavitas abdominis, алдыңғы қабырғасын - іштің тік бұлшықеті мен іштің қиғаш және көлденең бұлшықеттерінің апоневроздары; бүйір қабырғасын - іштің сыртқы және ішкі қиғаш бұлшықеттері, іштің көлденең бұлшықеті; артқы қабырғасын - омыртқа бағанасының белдік бөлігі, белдік шаршы бұлшықет пен белдік үлкен бұлшықеттер құрайды. Жоғарғы қабырғасын – көкет түзеді, үлкен жамбас қуысы - іш қуысының төменгі бөлігі болып табылады да, кіші жамбас қуысына жалғасады. Оның төменгі қабырғасын шат бұлшықеттері шектеп жатады. Іш қуысының қабырғасын ішкі жағынан - іштің ішкі шандыры, fascia endoabdominalis, (ішастарасты шандыры, fascia subperitonealis), жауып жатады. Бұл шандырдың бөліктері, жауып жатқан аймағына байланысты, сол аймақтың атымен аталады. Мысалы: көкет шандыры, fascia diafragmatica, көлденең шандыр, fascia transversalis, мықын шандыры, fascia iliaca және т.с.с. атаулар. Ішастар, peritoneum, іш қуысы мен кіші жамбас қуысының қабырғаларын, және оларда орналасқан ағзаларды жауып жататын жалтыр, жұқа сірлі қабық. Оның астында іштің ішкі шандыры жатады. Ішастар, жұқа дәнекер тінді табақша мен бір қабатты жалпақ эпителийден, мезотелийден тұрады. Іш қуысының қабырғасын жауып жатқан ішастар - париеталды ішастар, peritoneum parietale, ал, ішкі ағзаларды жауып жатқан ішастар – висцералды ішастар, peritoneum viscerale, деп аталады. Олар бір – біріне үздіксіз жалғасып жатады. Висцералды ішастар,ағзалардың сірлі қабығын құрайды.Осы екі табақшаның арасында - жұқа кеңістік ішастар қуысы, cavitas peritonei, орналасады. Еркектерде бұл қуыс тұйық болады да, сыртқы ортамен қатынаспайды. Әйелдердеішастар қуысы сыртқы ортамен - жатыр түтігі, жатыр және қынап арқылы байланыста болады. Әдетте, жатыр түтігінің қуысы қабысып тұрады және шырышты сұйықтықпен жабылып жатады. Ішастар қуысының ішінде аз мөлшерде ( 20-25 мл ) сірлі сұйықтық болады, ол бір – бірімен жанасып жатқан ағзалардың арасындағы үйкеліс күшін азайтады.Висцералды ішастар негізінен транссудациялық қызмет атқарып, сірлі сұйықтықты бөледі, ал, резорбциялық, кері сору қызметін негізіненпариеталды ішастаратқарады. Сонымен қатар, ішастар ішкі ағзаларды бекітіп, ұстап тұрады. Ішастардың жалпы көлемі 1.7 м2 шамасында болады. Висцералды ішастар ішкі ағзаларды әр түрлі жабады, осыған байланысты оның үш түрі ажыратылады. Интраперитонеалды орналасқан ағза - ішастармен барлық жағынан жабылған. Мезоперитонеалды орналасқан ағза - ішастармен үш жағынан жабылған. Экстраперитонеалды орналасқан ағза - ішастармен бір жағынан жабылған. Ағзалардың ішастармен жабылмаған бөлігінің дәнекертінді қабығы болады. Ішастар іш қуысының барлық жерінде іштің ішкі шандырын тікелей жауып жатпайды. Кейбір жерде, ішастар мен іш қуысы қабырғасының ( іштің ішкі шандырының ) аралығында шелмай және кейбір ағзалар орналасады. Мысалы, көкет аймағында шелмай жоқ болса, іштің артқы қабырғасы аймағында шелмай жақсы дамыған. Бұл ішастарартындағы кеңістікте, spatium retroperitoneale, бүйрек,бүйрекүсті безі,он екі елі ішек, ұйқы без және т.б. ағзалар орналасады. Іш қуысының алдыңғы қабырғасының ішастаралдындағы кеңістігі, spatium anteperitoneale, жалпы жұқа болады. Ал, қасаға аймағында, қуықалдындағы кеңістікте, spatium prevesicale,шелмайдың жақсы дамуы себепті қалыңдау болады, сондықтан, ішастар іштің қабырғасымен тығыз байланыста болмайды. Осыған орай, несеп қуық толған кезде, ішастарды көтеріп, іштің алдыңғы қабырғасымен тікелей жанасады. Енді, ішастардың құрылымын толық сипаттау үшін, іш қуысының алдыңғы қабырғасының артқы бетінен бастап, жоғары қарай жүрейік Іш қуысының алдыңғы қабырғасының артқы бетінің төменгі жағында, париеталды ішастар вертикалды бағытта бес қатпар түзеді ( 255 – сурет ). 255 – сурет. Іш қуысының алдыңғы қабырғасының артқы бетіндегі ішастардың бедері. 1 – ішастар; 2 - қуықүстілік шұңқыр; 3 - шаптық медиалды шұңқыр ; 4 - шаптық латералды шұңқыр; 5 - кіндіктік латералды қатпар; 6 - кіндіктік медиалды қатпар; 7 - кіндіктік ортаңғы қатпар; 8 - кіндіктік ортаңғы байлам; 9 - кіндіктік медиалды байлам ( кіндік артериясы ); 10 - құрсақтық төменгі артерия; 11 – шап байламы; 12 – несеп қуық. Кіндіктік ортаңғы қатпар, plica umbilicalis mediana, несеп қуықтың ұшынан басталып кіндікке дейін барады. Бұл қатпардың ішінде бітеліп қалған несептік түтік жатады. Кіндіктік медиалды қатпар, plica umbilicalis medialis, Бұл қатпардың ішінде бітеліп қалған кіндік артериясы жатады. Кіндіктік латералды қатпар, plica umbilicalis lateralis, бұл қатпардың ішінде құрсақтық төменгі артерия мен вена орналасады. Осы аталған қатпарлардың араларында шұңқырлар орналасады.Кіндіктік ортаңғы қатпардың екі жағында жұп, қуықүстілік шұңқыр, fossa supravesicalis, жатады.Кіндіктік медиалды және латералды қатпарлардың арасында, жұп, шаптық медиалды шұңқыр, fossa inguinalis medialis, орналасады. Бұл шұңқыр шаптың беткей тесігіне (сақинасына), сәйкес келеді. Ол арқылы іш қуысынан шығатын жарық өтуі мүмкін.Кіндіктік латералды қатпардың сыртқы жағында,шаптық латералды шұңқыр, fossa inguinalis lateralis, бар. Бұл шұңқыр шаптың терең тесігіне (сақинасына), сәйкес келеді. Шап байламының медиалды бөлігінің астында, сан өзегінің ішкі тесігіне сәйкес келетін сан шұңқыры, fossa femoralis,орналасады. Париеталды ішастар кіндіктің жоғарғы жағында көкетке өтеді, 257 – сурет. Іш қуысындағы ішастардың топографиясы. 1 – бауыр; 2 –бауыр – асқазан байламы; 3 – шарбылық қап; 4 – ұйқы безі; 5 –он екі елі ішек; 6 – аш ішектің шажырқайы; 7 – тік ішек; 8 – несеп қуық; 9 – аш ішек; 10 – көлденең жиек ішек; 11 –үлкен шарбының қуысы; 12 – көлденең жиек ішек шажырқайы; 13 – асқазан. көкеттен сагитталды жазықтықта орналасқан орақтәрізді байлам, lig. Falciforme hepatis, және фронталды жазықтықта орналасқантәждік байлам lig.coronarium hepatis түрінде бауырға келеді ( 257 – сурет ). Тәждік байламның оң және сол жақтағы жиектері пішіндеріне орай, үшбұрышты байламдар, lig.triangulare dextrum et sinistrum, деп аталады.Орақтәрізді байламныңтөменгі жиегінің ішінде, кіндіктен басталатын кіндік венасының қалдығы бауырдың жұмыр байламы, lig. Teres hepatis,өтеді. Ішастардың бір ағзадан екінші ағзаға өтетін бөліктері – байламдар – деп, аталады. Ішастар бауырдың көкеттік бетінен, оның висцералды бетіне өтеді. Бауыр қақпасында, артқы және алдыңғы жағынан келетін табақшалар бірігіп, екі табақшадан ( дупликатура ) тұратын, асқазанның кіші иініне баратын бауыр – асқазан байламын, lig.hepatogastricum, және он екі елі ішектің бастапқы бөлігіне баратын бауыр – он екі елі ішек байламын, lig.hepatoduodenale, түзеді.Бауыр – он екі елі ішек байламының ішінде, сол жақтан оң жаққа қарай: бауырдың меншікті артериясы, a.hepatica propria, аздап артқа таман орналасқан қақпа венасы, v. Portae, және жалпы өт түтігі, ductus choledochus, орналасады.Бауыр – асқазан және бауыр – он екі елі ішек байламдары бірігіп, кіші шарбыны, omentum minus,түзеді. Оның ішінде жоғарыда аталған анатомиялық құрылымдардан басқа, нервтер мен лимфа тамырлары өтеді. Ішастардың бауырдың оң үлесінен, оң бүйректің жоғарғы шетіне баратын бөлігі, бауыр – бүйрек байламы, lig. Hepatorenale, деп аталады. Кіші шарбының екі табақшасы асқазанның кіші иінінде екіге айырылып, асқазанды интраперитонеалды – алдыңғы және артқы қабырғасын жабады ( асқазанның сірлі қабығын құрайды). Асқазанның үлкен иінінде, алдыңғы және артқы табақша қосылып төмен түсіп, үлкен шарбының, omentum majus, алдыңғы табақшасынтүзеді. Ол кіші жамбастың жоғарғы тесігі деңгейінде немесе одан жоғарырақ кері бұрылып, көтеріледі де, үлкен шарбының артқы табақшасын құрайды. Сонымен,үлкен шарбының әр табақшасы екі жапырақшадан тұрады. Балаларда үлкен шарбының қуысы болады, ал, ересек адамдарда қуысы тұтасып кетеді. Үлкен шарбы көлденең жиек ішекті және аш ішекті алдыңғы жағынан, алжапқыш сияқты жауып жатады. Оның асқазаннан көлденең жиек ішекке дейінгі бөлігі асқазан – жиек ішек байламы, lig. Gastrocolicum, деп, аталады. Үлкен шарбының құрамына тағы екі байлам кіреді. Біріншісі, асқазанның үлкен иінінен көкбауырға баратын, асқазан – көкбауыр байламы, lig. Gastrolienale, екіншісі асқазан – көкет байламы, lig.gastrophrenicum, асқазанның жүректік бөлігінен көкетке барады.Үлкен шарбының алдыңғы және артқы табақшалары көлденең жиек ішекпен тұтасып, бітісіп кетеді. Үлкен шарбының ішінде шарбылық лимфа түйіндері, nodi lymphatici omentales, орналасады. Үлкен шарбы организмде қорғаныс қызметін атқарады. Мысалы, іш қуысы ағзаларының қабынуына немесе бөгде заттарды алып тастауға арналған операциялар кезінде, үлкен шарбының жиырылып, қапшық сияқты қабыну аймағын шектеп тұрғанын көруге болады. Үлкен шарбының артқы табақшасы одан әрі жоғары көтеріліп, көлденең жиек ішектің шажырқайының үстінде орналасады. Оның осы бөлігі шажырқаймен тұтасады. Одан кейін артқы табақша ұйқы бездің алдыңғы жиегіне келіп, екіге бөлінеді. Алдыңғы жапырақшасы ұйқы бездің алдыңғы бетін жабады да, жоғары көтеріліп, көкетке баратын – іш қуысының артқы қабырғасының париеталды ішастарына жалғасады. Ал, артқы жапырақшасы көлденең жиек ішек шажырқайының жоғарғы жапырақшасына өтеді де, көлденең жиек ішекті интраперитонеалды жауып, оның шажырқайының төменгі жапырақшасына өтеді. Одан кейін париеталды ішастар, іштің артқы қабырғасымен төмен жүріп, аш ішекті жауып, оның шажырқайын құрады. Шажырқай аш ішекті бекітіп, белгілі бір қалыпта ұстап тұрады. Шажырқайдың артқы табақшасы іштің артқы қабырғасымен төмен жүріп, кіші жамбас қуысына өтеді де, оның кейбір ағзаларының сірлі қабығын құрайды. Одан кейін, ішастар іштің алдыңғы қабырғасына барады. Енді, іштің алдыңғы қабырғасының париеталды ішастарының көлденең бағыттағы жүру жолын оң жағынан бастап қарастырайық ( 254 – сурет ). 254 – сурет. Тұлғаның көлденең кесіндісі арқылы көрсетілген ішастардың топографиясы. 1 – висцералды ішастар; 2 –париеталды ішастар; 3 – аш ішектің шажырқайы; 4 – аш ішектің интраперитонеалды орналасуы; 5 –жоғарылаған жиек ішектің мезоперитонеалды орналасуы; 6 – бүйректің экстра( ретро)перитоналды орналасуы; 7 – ішастар қуысы. Ішастар оңға жүріп, іштің бүйір, одан кейін артқы қабырғасын жабады. Ол жерден жоғарылаған жиек ішекке өтіп, оның оң бүйірін, алдыңғы қабырғасын және сол бүйірін – мезоперитонеалды жабады. Ал, соқыр ішек пен құрттәрізді өсінді интраперитонеалды орналасады. Ішастар солға жүріп, іштің артқы жағында орналасқан кейбір ағзаларды экстраперитоналды жабады. Одан соң, аш ішек шажырқайының оң табақшасына өтеді де, ащы және мықын ішектерді интраперитонеалды жауып, аш ішек шажырқайының сол табақшасына өтеді. Бұл табақша париеталды ішастарға ауысады, ол солға жүріп, іштің артқы жағында орналасқан кейбір ағзаларды экстраперитоналды жабады. Одан кейін, төмендеген жиек ішекке өтіп, оның оң бүйірін, алдыңғы қабырғасын және сол бүйірін – мезоперитонеалды жабады. Ал, сигматәрізді жиек ішекті интраперитонеалды жауып, оның шажырқайын түзеді. Париеталды ішастар сол жаққа қарай – іштің артқы және бүйір қабырғаларын жауып, оның алдыңғы қабырғасына келеді. |