Главная страница
Навигация по странице:

  • Пікір жазғандар: К.М.Қарымбаева

  • Л.Т.Мақұлова

  • Ш.А.Усерова

  • А.Н.Иманбекова

  • А.А.Нұрмолдаева

  • 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР БЖБ №1 Сыныбы: 6 «В» Пәні: Қазақ тілі

  • ТЖБ И БЖБ 6 ҚАЗ ТІЛІ. Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі


    Скачать 1.52 Mb.
    НазваниеЖамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі
    Дата25.05.2023
    Размер1.52 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаТЖБ И БЖБ 6 ҚАЗ ТІЛІ.doc
    ТипДокументы
    #1158492
    страница1 из 17
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

    ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

    ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ

    6-сынып
    Қазақ тілі

    (оқыту қазақ тілінде)

    Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы


    Тараз – 2020
    Баспаға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің Әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған (хаттама №5, «24» желтоқсан 2019 жыл)


    Пікір жазғандар:

    К.М.Қарымбаева – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент.

    Л.Т.Мақұлова – Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к., деңгейлік курстарды оқыту тренері.

    Редакция алқасы:

    Ш.А.Усерова – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы, төрайым: Б.Х.Тажибаев – облыстық оқу-әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары, төрайымның орынбасары; А.Н.Иманбекова – Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, сарапшы; Ш.М.Жамалбекова – облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің «Білім үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің жетекшісі, редактор, А.А.Нұрмолдаева – облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері, техникалық корректор.

    Тобугов М.Т. «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» 6-сынып, Қазақ тілі – Тараз, 2020. – 135 б.

    «Қазақ тілі» пәнінен 6-сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне арналған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тапсырмалар тыңдалым мен айтылым, оқылым, жазылым, әдеби тіл нормалары сияқты оқу дағдыларын толық қамтыған.

    Жинақта бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

    © Жамбыл облысы әкімдігі білім

    басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті

    Тараз қ. 2020
    МАЗМҰНЫ
    Кіріспе ............................................................................................................................. 4

    1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ................................ 5

    1-бөлім, І нұсқа «Қазақстандағы көрікті жерлер» ...................................................... 6

    1-бөлім, ІІ нұсқа «Қазақстандағы көрікті жерлер» .................................................. 10

    2-бөлім, І нұсқа «Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен әлемнің жеті кереметі» ....................................................................................................................... 14

    2-бөлім, ІІ нұсқа «Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен әлемнің жеті кереметі» ....................................................................................................................... 19

    2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 24

    1-бөлім, І нұсқа «Астана – мәдениет пен өнер ордасы» .......................................... 25

    1-бөлім, ІІ нұсқа «Астана – мәдениет пен өнер ордасы» ......................................... 28

    2-бөлім, І нұсқа «Тарихи тұлғалар» ........................................................................... 31

    2-бөлім, ІІ нұсқа «Тарихи тұлғалар» .......................................................................... 34

    3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 37

    1-бөлім, І нұсқа «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер» ........................ 38

    1-бөлім, ІІ нұсқа «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер» ....................... 41

    2-бөлім, І нұсқа «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары» .............................................. 45

    2-бөлім, ІІ нұсқа «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары» ............................................ 48

    4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 53

    1-бөлім, І нұсқа «Әлемдегі ірі кітапханалар» ........................................................... 54

    1-бөлім, ІІ нұсқа «Әлемдегі ірі кітапханалар» .......................................................... 58

    2-бөлім, І нұсқа «Ғылым мен технология жетістіктері» .......................................... 62

    2-бөлім, ІІ нұсқа «Ғылым мен технология жетістіктері» ........................................ 67

    1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 72

    2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .............................. 87

    3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ............................ 102

    4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ............................ 117

    Қорытынды ................................................................................................................. 134

    Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................................... 135

    КІРІСПЕ
    Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отырғаны белгілі. Ең бастысы – жеке тұлға, жеке тұлғаны қалыптастыру және оларды дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Осыған орай оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, жүзеге асырылуда. Олардың бәрінде бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Өйткені жеке тұлға өзінің әрекеті арқылы ғана дами алады.

    Баланың білім алу, даму іс-әрекеттерін осы мақсатта сауатты ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білім алуға ұмтылуына түрткі бола білу мұғалімнің үнемі педагогикалық ізденісте болуын талап етеді. 6-сыныптарға арналған (оқыту қазақ тілінде) қазақ тілі пәнінен «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» атты көмекші құрал ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындап ұсынылған.

    Білім алушылар тарау бойынша тақырыптарды қалай қабылдағанын, қалай меңгергенін тексеру үшін бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары құрастырылған.

    Әдістемелік көмекші құрал білім алушының міндетті деңгейдегі білімді меңгеруіне, оны ынталандыруға мүмкіндік береді және тағы да тиімді жағы – білім алушының дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылып жүрген балл жинау әдісіне баулу. Көбірек балл жинауға ұмтылу арқылы оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы, ынтасы артады, өз білімін өзі бағалай білуге үйренеді.

    Әдістемелік көмекші құрал «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын», «Оқу бағдарламасына», «Оқу жоспарына, «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулыққа», «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарға» негізделіп дайындалған.

    Әдістемелік көмекші құрал жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне арналған.

    Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу жоспарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

    Әдістемелік көмекші құралда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

    Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (мәтіндер, қосымша көркем әдебиеттер мен оқулықтар) қолданылды.

    1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

    БЖБ №1

    Сыныбы: 6 «В»

    Пәні: Қазақ тілі

    Оқушының аты-жөні:__________________________________________________
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


    написать администратору сайта