1. Жалпы психология
| Ересек адамдардың
психикалық іс-әрекетінің заңдылықтарын
зерттейді
|
|
2. Жас ерекшелік психологиясы
| Психиканың әр түрлі
кезеңдеріндегі психикалық ерекшеліктерін зерттейді,
балалар мен әр түрлі жастағы оқушылардың психикалық
ерекшеліктерін (бұл жас ерекшелігінің саласы балалар
психологиясы деп аталады)
|
|
3.Педагогикалық психология
| Өскелең ұрпақты
оқыту (оқыту психологиясы) мен тәрбиелеу
(тәрбие психологиясы) заңдылықтарымен
айналысатын психология саласы
|
|
4. Әлеуметтік психология
| Топтар және
ұжымдар психологиясы мен ондағы
адамдардың өзара қатынастары болып
табылатын психология саласы
|
|
5. Еңбек психологиясы
| әр түрлі еңбек іс-әрекет
түрлерінің психологиялық ерекшеліктерін
қарастырады (оның бір түрі — инженерлік
психология — адамның еңбегін өндірістің қазіргі
механикаланған және автоматтардырылған
жағдайында зерттейді)
|
|
6. Ғарышкерлік психология
| Адам психикасын
ғарышқа ұшу жағдайында зерттейтін
психологиясы саласы
|
|
7. Әскери психология
| Әскери қызметкерлердің
психикалық іс-әрекетімен, соғыс немесе әскери
жағдайда адамның мінез-құлығымен істес
болатын психология саласы
|
|
8. Спорт психологиясы
| Спорттық іскерліктер
мен дағдыларды қалыптастыру заңдылықтарын
және спортшыларды оқыту мен тәрбиелеу
мәселелерін зерттейтін психология саласы
|
|
9. Арнаулы психология
| Бұл адам дамуының
бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына
ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы
саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады
|
|
10. Олигофрено-психология
| Ми зақымы
ауруымен туған адам психологиясының дамуын
зерттейді
|
|
11. Сурдопсихология
| Саңырау не керең
болып туған балалардың психикасын
зерттейді
|
|
12. Тифлопсихология
| Нашар көретіндер мен
соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді
|
|
13. Патопсихология
| Психиканың зиянды
бұзылыстарын зерттейтін психология саласы
|
|
14. Зоопсихология
| Жануарлар психикасын
зерттейтін ғылым
|
|