Главная страница
Навигация по странице:

  • Жансыздандыру(анестезия)

  • Жалпы жансыздандыру(наркоз)

  • Ингаляциялық емес наркоз.

  • Жергілікті жансыздаңдыру

  • Хирургиялық операциялар.

  • Операциялық тілік

  • Мақсаты бойынша : 1 .диагностикалық 2.емдеу болып бөлінеді

  • Емдеу мақсатына қарай : 1.Радикальді 2. Паллиативті Радикальді операциялар

  • Комбинациялы операциялар

  • Қайталанған операциялар

  • 24-48 сағат. Жоспарлы операция

  • асептикалық, шартты түрде асептикалық, инфекция түскен және шартты түрде инфекция түскен операциялар болып бөлінеді.Таза (асептикалық) операциялар

  • Шартты түрде жасалатын асептикалық операциялар

  • Шартты түрде инфекциялы операциялар

  • Операциялық қатерге себепші болады

  • Операция алдындағы кезең

  • Операция алдындағы кезеңде жасалатын жалпы шаралар.

  • Премедикацияның негізгі мақсаты

  • Егде жастағы науқастарды операцияға дайындау ерекшеліктері.

  • операц. Жансыздандыру. Жалпы жне жергілікті жансыздандыру


    Скачать 56.41 Kb.
    НазваниеЖансыздандыру. Жалпы жне жергілікті жансыздандыру
    Дата10.10.2021
    Размер56.41 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаоперац.docx
    ТипДокументы
    #244484
    страница1 из 3
      1   2   3

    Жансыздандыру. Жалпы және жергілікті жансыздандыру.

    Ежелгі заманда операция жасаған кезде ауырғандықты басу жолдарың іздеп қолданды. Жансыздандыру әдістері гылыми негізінде XIX ғасырда қаланды.1842 жылдың 30 мамырда Лонг желке түсындағы ісікті алып тастау үшін алғаш рет эфир наркозың қолданды. Алғаш рет, көпшілік алдында, 1846 жылы Бостондағы Гарвард университетнің профессоры Дж. Уоррен эфир наркозың қолданып ісікке операция жасады. Осы күнді(17 қазан) замануи анестезиологияның туған күні деп санайды.

    Жансыздандыру(анестезия) - хирургиялық операция кезінде ауырғандық сезімді жою үшін қолданатың шаралар кешені.

    Ауырғандық – жүйке жүйеге байланысты тірі ағзаның қасиеті. Ауырғандықтың патофизиология негізі қүрделі процеске бағынады. Ең негізгі себебі үлпаларда орналасқаң рецепторлардың тітіркенуі. Осыдан ауырғандық импульсі жүйкелер арқылы жүйке жүйесінін орталық бөлімінде жатқан сезімталдықты қабылдайтың орталығына жетеді. Қатты ауырғандық терен патофизиологиялық бұзылыстарға соқтырып(қан айналымы, тыныс алуы, зат алмасу,т.б.) операция кезінде немесе операциядаң кейін өлімге әкелуі мүмкін. Сонымен ауырғандық сезімталдығына жүйке жүйенің үш бөлігі қатысады: рецепторлар(үлпада), рецепторға байланысты жүйке(өткізгіш жолы), орталық жүйке жүйенін терен қабаттары(қабылдайтың орталық).

    Жүйке жүйенін осы бөліктерне арнайы(анестетик) дәрілермен әсер етіп жансыздандыру жағдайың туғызуға болады. Егер анестетикпен рецептор немесе жүйкеге әсер ететін болсақ - жергілікті жансыздандыру болып табылады. Егерде анестетикпен жүйке жүйесің терен қабаттарына әсер ететін болсақ - жалпы жансыздандыру болып табылады.

    Жалпы жансыздандыру(наркоз) – наркотикалық заттарның әсерінен ауырғандық сезімталдықпен бірге, естүсі, қимыл-қозғалысы және рефлекстердін бәсендеуі немесе жоғалуы. Наркоз кезінде өмірге қажетті өрталықтардың(тыныс алу,жүрек-тамыр) қызметтері сақталады. Наркотикалық заттардың енгізу жолдарына байланысты, наркоз екі негізгі түрінде өткізледі: ингаляциялық және ингаляциялық емес. Ингаляциялық наркоз кезінде наркозға арналған заттарды жоғарғы тыныс жолдары арқылы береді. Ингаляциялық емес наркоз кезінде наркозға арналған заттары түрлі жолдармен енгізеді (тамыр ішіне, бұлшықетке, сүйек ішіне, тік ішекке, т.б.,).

    Ингаляциялық наркоз. Ингаляциялық наркозды өткізу үшін тезұшқыш сұйықтықтарды немесе газтәрізді заттарды қолданады. Сұйықтарға эфир, фторотан, трилен, ал газдарға - азот шала тотығы,этилен,циклопропан жатады.Осы заттардың бәрі жалпы жансыздандыру жағдайың туғзады. Кен қолданатың сүйық наркоз заттарына эфир және фторотан жатады. Газды заттарынаң кен қолданатыны – азот шала тотығы.

    Эфир – үзақ және қуатты жансыздандыру әсері бар наркотикалық зат. Наркоз 10-20 минуттан басталып беруін тоқтатқаннаң 30-40 минутқа дейін созлады. Ұйқы алдында психомоторлық қозу байқалады. Содан соң науқас толық жансыздану және бұлшықеттерінің босансуымен өтетін терең ұйқыға батады.

    Фторотан – әсері тез дамып өтетін мықты наркотикалық зат. Ес-түсі 1-2 минуттаң кейін жоғалады. Хирургиялық сатысы 3-5минуттаң кейін дамиды. Көп мөлшерде тамырларды кенейтіп қан қысымын төмендетеді.

    Азот шала тотығы – жансыздандыру әсері әлсіздеу болғандықтан,оны әсері мықты заттарымен қосып береді(фторотан,эфир,циклопропан). Азот шала тотығы әсерінең эритроциттердін ұлпаларға оттегін беру қасиеті жоғалады.

    Жансыздандыру мен бірге наркоз дене бұлшықеттерінің босансуың көздейді.Сондықтан, анестезиология тәжірибесіне миорелаксант(бұлшықеттерді босансыту) дәрілер кең енгілілуде. Осы топ дәрілердін арқасында операцияларды дене бұлшықеттерінің түгел босансуы жағдайында өткізлуіне қол жетті. Миорелаксант дәрілерді тек қана наркоз алушы науқас тыныс аппаратына жалғанып жатқан жағыдайда қолданылады. Себебі – олар тыныс алу бұлшықеттерін босансытып, тыныс тоқтауына әкеліп соқтырады. Қазіргі жағдайда осы топ дәрілердін өкілі – дитилин – кең қолдануда

    Ингаляциялық емес наркоз. Ингаляциялық емес наркоз кезінде наркозға арналған дәрілерді тамыр ішіне, бұлшықетке, тері астына, қуыстарға немесе тік ішекке жіберледі.Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілерді бірнеше топқо болуге болады. Тамырішілік наркозға арналған дәрілер – калипсол(кетамин,кеталар), дексенал, натрия тиопентал, виадрил, ГОМК.

    Наркотикалық аналгетиктер - промедол, морфин, фентанил.

    Транквилизаторлар – седуксен, дроперидол т.б.

    Антигистаминдер – димедрол,супростин, тавегил т.б.

    Қазіргі уақытта, ұзаққа созылатын операцияларда, комбинирленген, көпкомпоненттік, теңдестірілген наркозды қолданады.Осындай наркозда науқастың улану мүмкіндігі жоққа шығарылады.

    Наркоз сатылары:

    1 сатысы – анальгезия.3-5 минутке созылады.Ауырғандықтың басылуымен естүсінің жоғала басталуымен сипатталады.Өмір көрсеткіштері(Қ/Қ,ТАЖ,пульс) қалыпты деңгейде.Тактильды және температуралық сезімталдығы сақталған.

    2 сатысы - қозу, абыржу.Ес түсінің жоғалыуынан 6-8 минуттан кейін дамиды.Есі жоқ қимыл қозғалысы қозады, бұлшық еттерінің тонусы биік. Өмір көрсеткіштері(Қ/Қ,ТАЖ,пульс) – көтереңкі.Осы кезенде науқас өзіне есеп бермей себепсіз агрессия көрсетуі мүмкін.

    3 сатысы – хирургиялық.Үш негізгі деңгейге бөлуге болады.

    1 деңгейі – беткей наркоз, көз алмасының козғалысы. Өмір көрсеткіштері(Қ/Қ,ТАЖ,пульс) қалыпты деңгейге келе бастайды, бұлшық еттерінің тонусы төмендейді, көз алмалары қалқып жүреді.

    2 деңгей – негізгі наркоз.Көз алмалары ортанғы қалыпта бекітледі. Өмір көрсеткіштері(Қ/Қ,ТАЖ,пульс) қалыпты деңгейде.Оперцияның негізгі көлемі орындалады.

    3 деңгей – терең наркоз, улану.Егерде операция ұзаққа созылып наркозға арналған дәрілер көп мөлшерде жіберілсе дамиды. Өмір көрсеткіштері(Қ/Қ,ТАЖ,пульс) төмендейді.

    4 сатысы – ояну.Науқастың наркоздан шығуы наркоздың барлық сатыларының керісінше кезекпен өтеді.

    Жергілікті жансыздаңдыру – дененің белгілі бір бөлігінің ауырғандық сезімталдығын басу. Жергілікті жансыздаңдырудың келесі негізгі түрлері бар.

    Беткей анестезия.зақымдалған теріні және кілегей қабаттарының ауырғандығын басуға қолданады.Мұны майлау, бірку немесе тамызып орындауға болады.Қолданатын анестетиктер:0,5-3% дикаин, 2-5% лидокаин, 1-5% тримикаин және 1-2% новокаин.Осы әдісті офтальмология, оториноларингология, урология салаларында және эндоскопиялық тәжірибиде кең қолданады.

    Инфилтрациялық анестезия.Операция жасайтын аймақтағы тері және ұлпаларға анестетик ертінділерді инемен егіп синіру арқылы жансыздаңдыру.Инфилтрациялық жансыздаңдыруга 0,25-0,5% новокаин ертіндісін қолданады.Біріншіден, теріні жіңішке инемен жансыздаңдырып, тер астында жатқан ұлпаларды қабат-қабат анестетик ертіндісімен жансыздаңдырады.

    Өткізгіштік анестезия. Анестетик дәріні жүйке айналасына егіп белгілі бір дененің бөлігінің ауырғанның сезімталдығын жою.Осы әдістің көрнекті мысалына Лукашевич-Оберст анестезиясы жатады.Саусақтары іріңді қабынуларыңда операция жасалуында орындайды. Саусақтың негізіне байлау салып екі жанынан 2мл-2% новокаинды егеді.5-10 минуттан кейін саусақтың анестезиясы дамиды.

    Жұлын анестезиясы. 0,5-1 мл-1% совкаин, 2 мл -1% декаин немесе 1-2 мл - 5% лидокаин ертіндісің жұлынның субарахноидалды кеңстікке енгізуімен орындалады.Осы әдісті аяқтарға немесе жаңбас қуысыңдағы мүшілерге операция жасағанда орындайды.

    Сүйекішілік анестезиясы.Сүйектерге операция жасағанда қолданады.Инемен сүйектің кемікті бөлігіне еніп 40-90 мл – 0,25 % новокаин ертіндісің жібереді.Анестезия 10-15 минуттан кейін дамиды.

    Новокаинды тосқауылдар.

    Ауырғандықты басу немесе патологиялық процестен орталық жұйке жүйеге таралатың патологиялық импульстерді жоюға бағытталған емдік шара түрінде орындалады.

    Паранефралды(бүйрек айналасы) тосқауыл. Жедел ішек жүрмеуінде,аппендикулярлы инфильтрат кезінде,бүйрек коликасында,жедел панкреатит,жедел холецистит, т.б. аурулар кезінде орындалады. Бүйрек айналасындағы май қабатына үзың инемен 60-90мл. 0,25% новокаин ертіндісін жібереді.

    Жамбасішілік тоскауыл(Школьников-Селиванов әдісі).Жамбас сүйегі сынған кезінде орындалады. Мықың сүйек қанатының ішкі қабырғасымен, үзың инемен әр-бір жанынаң 200-300мл. 0,25% новокаин ертіндісін жібереді. Новокаинның жалпы мөлшері 600мл. аспауы қажет.

    Қабырғааралық тосқауыл.(Фридланд әдісі).Қабырға сынғанда,қабырғааралық невралгияда қолданады.Ауырғандықты әсерін күшейту үшін 1% новокаинды 96%этил спиртпен араластырып(60мл.новокаин – 20мл. спирт) қолданады. Дайындалған қоспаны сынған қабырғаның үстінгі шетінін түсынаң қабырғааралыққа енгізеді.

    Футлярлы(қорабты) тосқауыл. Аяқ-қолдың үзың түтікше сүйектердің сынуында,үсікте,ірінді ауруларда орындалады.Үзын ине арқылы 0,25%новокаинды қардын немесе санның бұлшықетті фасциялық кенестіктерге енгізеді. Санға 120-200мл.,қарға 100-120 мл. новокаин жұмсалады.

    Паравертебралды(омыртқа айналасы)тосқауыл. Қабырға жарақаттарында, радикулоневрит кезінде қолданады. 0,25%-0,5% новокаинды омырткалардын өсінділернің аралығына жібереді. Новокаинның жалпы мөлшері 80-120мл. аспауы қажет.
    Хирургиялық операциялар.

    Операцияға дейінгі және операциядан кейінгі кезеңдер.

    Хирургиялық операциялар деп- диагнозды қою, емдеу және ағзаның қызметтерін қалпына келтіру мақсатында, хирургиялық әдістермен тіндерді тілу және тігудің әр түрлі жолдары арқылы науқастың тіндеріне немесе мүшелеріне механикалық әсер етуді айтады. Хирургиялық операциялар туралы ілім- «оперативті хирургия» деп аталады, оның мақсаты- хирургиялық амалдарды, операция тәсілдерін және операциялық көмектің жолдарын әзірлеу және зерттеп таңу.

    Операциялық тілік дегеніміз- операция жасалатын мүшені ашуды қамтамасыз ететін операциялық шараның бір бөлігі.

    Операциялық амал деп, зақымдалған мүшедегі патологиялық ошақты шеттету әдісін жүзеге асыратын операцияның негізгі бөлігі.

    Мақсаты бойынша: 1.диагностикалық 2.емдеу болып бөлінеді.

    Емдеу операциялары зақымдалған мүшені алып тастауға немесе зақымдалған мүшенің қызметін қалпына келтіруге бағытталған.Диагностикалық түрі диагнозды анықтау үшін.Мысалы, биопсия жасау, плевра және буын қуысын тесу, вазография және т.б

    Емдеу мақсатына қарай: 1.Радикальді 2. Паллиативті

    Радикальді операциялар – патологиялық ошақтарды, аурудың себебін толық жоятын операциялар.Мысалы: қатерлі ісікте асқазанды толық алып тастау немесе аяқты ампутациялау.Паллиативті операциялар- науқастың жағдайын жеңілдетуге(патологиялық ошағы бар мүшені алып тасатау мүмкіндігі болмағанда орындалады) немесе өміріне төнген қатерді шектеуге бағытталған операциялар.

    Операциялар бір кезеңді, екі кезеңді, көп кезеңді болып топтастырылады. Бір сәтте жасалатын операциялар- «бір кезеңді» операциялар.Кейбір жағдайларда науқастың жағдайы операцияны бір кезеңде жасап бітіруге мүмкіндік бермейді. Осы кезде операцияны екі кезеңге бөліп жасайды және ондай операциялар екі кезеңді деп аталады. Мысалы, циститпен асқынған простата аденомасын алып тасату үшін, шат үстіне қуықа жылан көз (свищ) салу керек, содан кейін қабыну басылған соң екінші кезеңде- простата алынады.Көп кезеңді операциялар негізінен онкология, травматологияда қолданылады, ол кезде бірнеше операциялар кезекпен орындалады. Мысалы, ісікті алу, содан кейін ағзаның әр аймағындағы метастаздарды алу немесе созылмалы остеомиелитте кезекпен секвестрлерді алады және іріңді қуыстарды гетеро- немесе аутотранспланттаттармен толтырады. Бірлескен операциялар бір операция кезінде екі және одан да көп аурулар бойынша операциялық араласу. Мысалы, асқазанға жасалған операцияда лапаротомия кезінде калькулезді холецистит анықталып, өт қуығы алынып тасталса, ол бірлескен операциялар қатарына жатады.

    Комбинациялы операциялар – бір ауру бойынша жасалған операцияда, басқа мүшеге операция жасалады. Мысалы, сүт безіне қатерлі ісігінде аналық безді алып тастау керек болады.

    Қайталанған операциялар- бір ауру бойынша бір мүшеге қайталанып жасалған операциялар. Мысалы, асқазан жарасын тігу операциясы нәтиже бермесе, науқаста қан кету қайта басталуы мүмкін. Осыған орай, асқазанға тағы да қосымша операция жасауға тура келеді - асқазанның кансыраған бөлігін тіліп алу(резекциялау).

    Мерзіміне қарай: Шұғыл операция диагноз қойлғаннан кейін дереу орындауды талап етеді .Мақсаты—науқас өмірін сақтау.Мысалы, жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде жасалады- коникотомия. Жедел жүрек тампонадасы кезінде- перикардиальды қаптың пункциясы. Шұғыл жағдайларға: жіті аппендицит, қысылған жарық, асқазан немесе ұлтабар ішектің ойық жарасының тесілуі, жатырдан тыс жүктілік, кеуде және іш қуысына енген жаралар, жаншылу синдромы(Краш- синдром).Жедел деп, аурудың диагнозы нақтыланғанша немесе қандай да бір зерттеуді жасағанға дейін, сәл кейінге қалдыруға болатын операцияны айтады. Максимальды кейінге қалдыру уакыты- 24-48 сағат. Жоспарлы операция- науқасты барлық жүйесі бойынша зерттеп, операцияға дайындағаннан кейін жасалатын операция.

    Жарадағы инфекцияның дәрежесіне байланысты асептикалық, шартты түрде асептикалық, инфекция түскен және шартты түрде инфекция түскен операциялар болып бөлінеді.Таза (асептикалық) операциялар. Бұл операцияларға жоспарлы ьтүрде жасалатын ,ішкі қуыс ағзалар қуысы ашылмайтын операциялар жатады( жарықты кесу, қан тамырларына, сүйектерге, жасалатын операциялар, қалқанша безге жасалатын операциялар). Операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың жиілігі-1-2%.

    Шартты түрде жасалатын асептикалық операциялар. Бұл операциялар кезінде инфекция болуы мүмкін ағзалардың қуысы ашылатын операциялар (жоспарлы холецистэктомия, жатыр ампутациясы).Операциялардагнкейін мүлгіген инфекция бас көтерсе қайта операция жасау қажеттігі туындауы мүмкін. Операциядан кейінгі асқынулар жиілігі-5- 10%.

    Шартты түрде инфекциялы операциялар. Бұл операцияларға операция кезінде микрофлорамен жанасу ауқымды болатын операциялар жатады.( жоспарлы гемиколэктомия, флегмонозды аппендицитке жасалатын аппендэктомия). ). Операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың жиілігі-10-20%.

    Инфекциялы операциялар. Бұл операциялар қатарына іріңді перитонитке, тоқ ішектің тесілуі немесе жарақатына байланысты жасалынатын операциялар жатады. Инфекциялық асқынулар жиілігі-50%.

    Хирургиялық операция кезеңдері:

    1.Тіндерді тілу.2. Қан тоқтату. 3. Тіндерді аспаптармен бекіту.4. Патологиялық өзгерген тіндерді немсе мүшені алып тастау.5. Тіндерді бекіту.

    Операциялық қауіп-қатер 5 дәрежеге топтастырылады.

    1)аса қауіпті емес,2)орташа, 3) салыстырмалы орташа, 4)елеулі, 5)шамадан тыс елеулі.

    Операциялық қатерге себепші болады: науқастың бастапқы жағдайы, операцияның шұғылдығы мен көлемі, науқас жасы, жынысы, наркоздың түрі және ұзақтығы, өмірге маңызды мүшелерге немесе ағзаларға операция жасау, керекті қондырғы немесе аспаптардың болуы және жоқтығы, хирургтың және оның көмекшісінің дәрежесі(соның ішінде операциялық мейірбикенің білімділігі мен дәрежесі) т.б

    Операция алдындағы кезең- операция жасау туралы шешім қабылданғаннан бастап операцияға дейінгі кезеңді камтиды.Операция алдында науқасты дайындау – бұл операцияны қамтамасыз етуге, мүмкін болатын асқынулардың алдын алуға, жалпы ағзаның және жекелеген жүйелердің қызметтерін тұрақтауға бағытталған шаралар кешені.

    Кезеңнің міндеті- негізгі және қосалқы ауруды анықтау,жансыздандыру түрін, наркотиктік дәрінің түрін анықтау үшін дәрігер -анестезиологпен ақылдасады.Жоспарлы операцияға көрсеткіш немесе кері көрсеткіштерді анықтау.Науқасты операцияға психологиялық, деонтологиялық тұрғыда дайындау.

    Операция алдындағы кезеңде жасалатын жалпы шаралар.Науқастан ауруханаға түскен кезде міндетті түрде қан, зәр, бак. өсіруге жара экссудатының анализдерін, диагнозды анықтау және белгілеу бойынша қажетті компонентке қанның биохимиялық анализін алады.Қанның тобын және резус факторын, гемотокрит, қан ұйығыштығы, тромбоциттер саны, ЭТЖ, гемоглобин эритроциттер, лейкоциттер мөлшері және нейтрофильді формуласын міндетті түрде алынатын минимальді анализдер тізіміне жатады. Қанды тексеруді таңертең, ашқарынға жасалады.Сонымен қатар жүрек- қан тамыр ,тыныс, асқазан-ішек , зәр шығару жүйелері тексерістен өтеді.

    Науқасты операцияға тікелей дайындауға кіретін: асқазанды зондпен жуу арқылы асқазан ішек жолын тазалау және тік ішекке тазалау клизмасын жасау- операцияға дейін 1-2 сағат бұрын. Науқасқа түнде және таңертең премедикация жасайды.

    Премедикацияның негізгі мақсаты:

    1. Науқастың эмоциональды шиеленісуін және алаңдауын азайту.

    2. Нейровегетативті сферасын тұрақтандыру.

    3. Анальгетиктер немесе наркоздың әсер етуіне тиімді жағдай жасау.

    4. Анальгетиктер мен наркозды дәрілерге аллергиялық реакциялардың алдын алу.

    5. Бездер секрециясын азайту.

    Осы мақсатта седативті препараттар (барбитураттар, бензодиазепам), транквилизаторлар (феназепим, диазепам), холинолитиктер(атропин- сілекей бездердің секрециясын азайтады, кебе нерв белсенділігін төмендетеді), антигистамин дәрілері (димедрол супрастин пипольфен), наркотикалық дәрілерді( морфин ,омнопон, промедол )тағайындайды. Таңертең операцияға дейін 2 сағат қалғанда нейролептик- дропиредол және транквилизатор- диазепамды егеді.Барлық гигиеналық шаралар орындалады

    Стандартты премедикация: операция алдында 30 минут бұрын бұлшықетке 1 мл 2% промедол ерітіндісін, 1мл 0,1% атропин ерітіндісін 1 мл димедрол ерітіндісін егеді.

    Егде жастағы науқастарды операцияға дайындау ерекшеліктері.

    Осы категориядағы науқастарда жасқа байланысты склероздық өзгерістер, өкпе эмфиземасы, созылмалы бронхит, ми және жүрек қан- тамырларының атеросклероздық өзгерістері. Органдардың резервті және компенсаторлық мүмкіндіктері болмағандықтан, операциядан кейінгі кезеңде асқынулардың даму қаупі жоғарылайды. Оларға премедикацияны дене салмағына, жасына қарап жасайды.Өмір анамнезінде міндетті түрде алкоголь, шылым шегуге бейімділіктерін еске алу керек. Егде науқастарға мүмкіндігінше жергілікті анестезия арқылы орындаған дұрыс. Алайда операция барысында асқынулар пайда болса, мысалы жүрек немесе тыныс тоқтауы, олай болса, интубация жасауға және өкпені жасанды желдетуге дайын болу керек!
      1   2   3


    написать администратору сайта