операц. Жансыздандыру. Жалпы жне жергілікті жансыздандыру
Скачать 56.41 Kb.
|
Балаларды операцияға дайындау ерекшелектері. Балалар ағзасының әлі жетілмеуіне олардың компенсаторлық мүмкіндігі өте төмен, сондықтан келесі факторларды есепке алу қажет: 1. Ашығу ацидозға әкелуі мүмкін, сондықтан операция алдында баланы тамақсыз ұстауға болмайды.Сонғы тамақты операцияға 4-5 сағат қалғанда беру керек. 2. Операция алдында тазарту клизмасын жасайды, себебі іш жүргізетін дәрі қолдану қарсы көрсеткішке жатады.Гигиеналық ванна жасайды. 3. Асқазанға жасалатын операцияларда ғана, операция алдында 2 сағат бұрын асқазанды жуып босатады. 4. Балалар аса суыққа төзімсіздігін операция және операциядан кейінгі кезеңде есепке алу керек. 5. Наркоз мүмкіндігінше жергілікті болады, ал егер қажет болса жалпы наркоз қолданылады, онда эфир пайдалануға болмайды.Көбінесе азоттың шала тотығы мен фторотанды қолданады. 6. Премедикацияда баланың салмағы мен жасы, жынысын есепке алу керек. Күшті әсер етуші дәрілер мен наркотиктер мөлшері жасы мен жынысына байланысты әртүрлі болады. Түнде ұйықтататын дәрілерді аузына емес, тік ішегі арқылы жібереді(мысалы хлоралгидратпен клизма жасау). Операциядан кейінгі кезең- операция аяқталған сәттен, науқастың сауығып кеткенге дейінгі кезең. 1. ерте күтім кезеңі- науқас оянғаннан бастап 3-5 күнге дейінгі аралық. Негізгі міндеттері: хирургтың тағайындамаларын орындау және медицина қызметкерлері жағынан жалпы күтімді қамтамасыз ету, науқастың жалпы жағдайын бақылау және мүмкін болатын асқынулардың алдын- алу, дамыған асқынуларды мезгілінде диагностикалау және емдеу, тері жамылғысын бақылауда терідегі ойық жараларды және трофикалық жараларды болдырмау, жүрек қан- тамыр, тыныс алу, асқазан –ішіек жолдарды және зәр шығаратын жүйелерді бақылау. 2. кеш күтім кезеңі- операциядан кейін 2-3 апта бойы. Негізгі міндеттері: науқастың жағдайын бақылау, пайда болған бұзылыстарын түзету, қан гомеостазын және электролитті балансын қалпына келтіру, психомоторлы жағдайларда жұбату. Операциялық жараларды күтуге ерекше көңіл аударылады: таңу палатада немесе таза таңу бөлмесінде дәрігерлердің көмегімен жасалады, тағайындалған ем- шаралар палатада орындалады, барлық функционалды зерттеулер- 1күннен-1 аптаға дейігі зерттеулер де төсек тартып жатқан науқастарға мүмкіндігінше палатада жасалады. 3.ұзақ уақыт өткендегі күтім кезеңі- 3 аптадан 3 айға дейінгі мерзім. Негізгі міндеттері: науқасты реабилитациялық шараларды орвндау үшін амбулаториялық емге дайындауға бағытталған. Операциядан кейінгі кезеңнің Леонтьев ұсынған жіктелуі 4 сатыға топталады. 1.саты- 24 сағатқа дейін және ол авариялық саты деп аталады. 2.саты - 1 күннен 1 аптаға дейін, бұл салыстырмалы компенсация сатысы деп аталады. 3.саты- 1аптадан- 3 аптаға дейін, бұл салыстырмалы компенсация сатысы деп аталады. 4.саты- 4 аптадан 1 жылға дейін, бұл мүшелер қызметінің толық компенсациясы деп аталады. Науқас алғашқы екі сатыда ауруханада емделеді, ал 3ші және 4ші сатысында амбулаторлық емде болады, ауылдық денсаулық ісінде оның еміне фельдшер немесе мейірбике қатысады. Операциядан кейінгі ерте және кеш асқынулар және олардың алдын алу. Операциядан кейінгі ерте асқынулар: науқастың температурасы көтеріліп, қан анализдерінде өзгерістер дамиды,лейкоциттер мөлшері жоғарылайды., ЭТЖ жоғарылайды, тромбоциттер және басқа қанның формалық элементтері көбейеді. Су-тұз алмасуы бұзылады: шектен тыс сұйық жоғалтады, шөлдейді, аузы кебеді, қан плазмасында электролиттер балансы бұзылады. Қанда қанттың мөлшері жоғарылайды- гипергликемия, ол әлсіреу, тершеңдік, уйқышыддақ, ашығуды туғызады. Дірілдеу, сіресу орын алуы мүмкін. Осындай асқынулардың алдын –алу мақсатында көктамыр ишине сұйықтықтар мен қаналмастырғыштар жібереді: полиглюкин, гемодез, Рингер –Локкерітіндісі, полидез, физиологиялық ерітінді, 4% натрий бикарбонаты(сода) ерітіндісі. Сонымен қатар ақуыз алмасуы бұзылады, әсіресе көп қан жоғалтса және іріңді- септикалық процестерде. Оның алдын алу мақсатында бір группадағы қан құйылады, ақуызды гидролизаттар, нативті плазма, аминокровин және басқа да ақуызды заттар құйылады. Асқазан-ішек мүшелеріне операциялар жасалған науқастарға, асқазандағы сұйықтарды сорып отыру үшін гастродуоденальді зонд орнатылады. Егер зонд болмай , науқас құса бастаса, онда басын бір жаққа қарай бұрады және ауыз куысын жуып тазалайды. Ішек моторикасын бұзылған науқастарда- ықылық ату, құсу, газдың бөлінуі бұзылғаннан іштің кебуі дамиды, осындай науқастарға гипертониялық ерітіндімен клизма қойылады. Бір мезгілде 1 мл 0,005% прозерин ерітіндісін жібереді. Құсудың алдын алу үшін 1 мл 0,1% атропин ерітіндісін егеді. Газдың бөлінуін жақсатру үшін артқы нәжіс жолына 30-50 см тереңдікке газды шығаратын түтікшені қойып, екі сағаттан артық уақытқа қалдыруға болмайды. Содан кейін түтікшені алып, жуады және қайнату арқылы немесе заманға сай әдіспен залалсыздандырады. Кейбір науқастардың қуығына катетер қойылады. Мейірбике операциялық жарадағы таңғышты әрдайым бақылап отыруы керек. Егер жара суланып немесе қанмен ылғалданса, оны тез уақытта хирургке хабарлайды. Дренаждардың жағдайын бақылау қажет, оларды 3-4 күннен кейін алып тастайды. Егер дренаждан қан бөлінсе, ол туралы хирургке жедел хабар беру керек! Хирургтың тағайындауын орындау.Операциядан кейін хирург ауру тарихына тағайындау жасайды, ал посттағы мейірбике оны өз журналына көшіріп, тағайындалған дәрілерді таратуды орындайды, науқастың тәртіпті сақтауын, тамақты дұрыс ішуін немесе тамақты артық ішпеуін бақылайды. Операциялық мейірбике немесе таңу бөлмесінің мейірбикесі кереуетте жатқан науқасқа өзі келіп, жарасын таңады, таңу бөлмесіне жараны таңуға немесе жарадағы жіптерді шешугеапарады. Таңертең жәнекешке термометрия жасалады. Ал, температурасы қалпына келген соң термометрия күніне бір рет, таңертең жасалады. Қажет болса асқазандағы зонд, қуықтағы катетер, тік ішектегі газды шығаратын түтікшені орнатады немесе алып тастайды. Операциялық жарадағы таңғышты бақылау. Операциялық жараға салынған таңғышты бақылау өте маңызды, өйткені таңғыш жарадағы тігістердің ажырауын және кейін іріңдеуін туындатуы мүмкін. Таңғыш қан және жара экссудатымен ылғалданса, ол микробтардың өсуіне өте тиімді орта болып табылады. Операциялық жара аймағындағы қандай да болмасын өзгерістер мен бұзылыстарда, мейірбике өздігінен ешқандай шара қолданбайды, дәрігерге уақытында хабарлап отыруы қажет. Науқастардың жалпы жағдайын бақылау. Кезекші дәрігер және пост мейірбикесі операциядан кейінгі кезеңде науқастардың жалпы жағдайын әрдайым бақылап отыруы қажет. Сыртқы пішіні, тері қабатының жағдайы мен түсі, температурасы, тамыр соғысы, тыныс алуына, шағымдарына көңіл аударылады. Науқастың бірінші шағымдары операциялық жарадағы ауру симптомы, ауыздың кебуі және шөлдеу болып табылады. Ауру белгісін басу үшін анальгетиктер, антигистамин препараттарын қосып: димедрол, пипольфен, супрастин енгізіледі. Егер операция асқазан-ішек жолдарына жасалмаса, онда науқастың еріндерін сулап, күніне 2-3 қасық су береді. Егер операция асқазан-ішек жолдарына жаслмаса, онда суды екі тәуліктен кейін ғана береді, ағзадағы судың жетіспеушілігін қөқтамырға электролит, физиологиялық ерітінділерді, 4 %сода, 5 % глюкоза ерітіндісін, қаналмастырғыштарды, тұтас қанды жіберу арқылы толықтырады. Гастростома боған жағдайда, оған өте көп көңіл бөлінеді. Гастростома арқылы тамақтандырғанда тнрі аймағын мұқият тазалау керек, және цинк майын жағады. 5-6 күннен кейін гастростома айналасында өзек пайда болады, содан кейін науқасты гастростомасын өздігінен орнатуға және сұйық аспен тамақтануға үйретеді. Тоқ ішекке жасалған операциядан соң тамақ беруді операциядан соң тамақ беруді операциядан кейін 5-ші күнікүннен бастайды. Сондақтан байқаусыз (өзі немесе туысы себеп болып) науқастың өздігінен тамақ ішіп қоймауын юақылау қажет, өйткені ол тоқ ішектегі ішек тігісін бұзуы мүмкін. Әдетте тоқ ішекке жасалған операциядан кейін екі түтікшелі жасанды артқы өтіс ( ішек стомасы) салынады. Осындай стома орта медқызметкерлер жағынан аса күтімді талап етеді. Уақыт өте науқастың өзіне ішек стомасын дұрыс және біртіндеп күтуге үйрету керек. Қазіргі кезде нәжісті қабылдайтын қондарғылар көптеп кездеседі, соның арқасында науқас өздігімен колостомасын тиімді күтуге мүмкіншілігі бар. Тік ішекке, геморрой немесе аймағындағы терінің жарылуы бойынша жасалған операциядан кейін науқастарда жарадан қан бөлінеді. Сондықтан осындай науқастарға күнделікті пермаганат калийімен ванна жасалады, содан кейін арнайы ылғалды жібермейтін төсем ( прокладка) қолданылады. Теріні бақылау , терідегі ойық жаралардың алдын –алу. Әдетте, операциядан кейін терінің жамылғысының түсі қалпына келеді. Егер терінің бозарған түсі сақталса, ол ішке қан кетуді немесе басқа асқынудың белгісі ретінде көңіл аударуды қажет етеді. Тері гипермиясының болуы, жергілікті температураның жоғарылауы өкпеде немесе басқа ішкі мүшелерде немесе дененің анатомиялық қуыстарында басталып келе жатқан қабыну процессінің белгілері болып табылады. Терінің және көзге көрінетін кілегей қабығының сарғаюы наркоздың салдарынан бауыр және өт жолдарының уытты жарақатын көрсетеді. Нүктелі тәрізді қанталау мен петехиялар қан ұюдың және гемостаздың бұзылысын көрсетеді. Науқастың кереуетте ұзақ жатуы терідегі ойық-жаралардың пайда болуын туындатады, олар әсіресе сегізкөз, мықын қырлары, жауырын, шынтақ, өкшеде орын алады. Ойық жаралардың даму себептері теріні күтпей, кереуетте бір қалпымен жата беру, науқастың қалпын сирек өзгертуі болып табылады. Ең бірінші белгісі- ол терінің қызаруы және осы жерде ауырсынудың пайда болуы. Ойық жаралардың алдын-алу қарапайым және қиын емес: қызарған теріні камфор спиртімен сылау, терінің әрдайым болатын жерін резенкелі шеңбер немесе жұмсақ материалдармен қорғау, науқастың қалпын жиі алмастыру. Қазіргі таңда ойық-жараларды болдырмайтын арнайыүрленетін және ортопелиялық матрацтар әзірленген Орта медқызметкерлер арнайы ерітінділермен алдын-ала ылғалданған салфеткалармен жабдықталған, олармен науқастың денесін таңертең жуынғаннан кейін сүртіп отырады. Осы ерітінділермен операциядан кейін колостомаларды, микроирригаторларды және каттерлердің айналасындағытеріні зәрден және жәреттен кейін тазалап жуып отырады. Егер ойық жаралар пайда болса, оларды іріңді жараларды емдеу қағидаларымен емдейді. Жүрек-қантамыр жүйесі, асқазан-ішек, тыныс алу, зәр шығару жүйелеренің жағдайын бақылау. Посттың мейірбикесі операциядан кейін науқастың тамыр соғысын, АҚҚ-на әрдайым бақылау жасайды. Тамыр соғысы температураның жоғарылауына немесе қан кетуге байланысты жиілейді, температурасының бір градуске жоғарылауы, тамыр соғысын минутына 8-10 соққыға дейін жоғарылатады. Егер операциядан кейін, науқастың тамыр соғысы температурасынан асып кетсе немесе олардың арасынад айырмашылық болса,- температурасы төмендеп, ал тамыр соғысы жылдамдаса, онла ол операциядан кейінгі кезеңнің қолайсыз өтуінің белгісі. Операциядан кейінгі кезеңде еріксіз қалыпта ұзақ жатқан науқастағы жиі кездесетін асқыну- тоқырау пневмониясы. Оның дамуына әсер ететін факторларға интубация кезіндегі дамыған аспирауиялық асқынулар, миорелаксанттардан кейін орын алған бұлшықеттердің әлсіздігі, өкпенің тыныс алу қимылының төмендеуі және жөтел рефлексінің бөгелуі. Аталған асқынулардың алдын алу үшін өкпе –тыныс алу жүйесінің мүшелерін бақылау: жатқан науқасты жиі ауыстыру және қалпын өзгерту, тыныс алу гимнастикасы, массаж, компресс және жылу шаралары, антибиотиктер мен сульфаниламидті дәрілер қолдану. Мүмкіндігінше науқасты кереуетте ерте жартылай және толық отырғызу. Әсіресе ауыр жағдай трахеостомиясы бар науқастарда немесе өкпесіне жасанды вентиляция жасалған науқастарда пайда болады. Өйткені оларда жөтел рефлексі жоқ, содықтан жоғары тыныс жолдарына көп мөлшерде қақырық жиналып қалады. Мұндай науқастарда әрбір жарты сағат сайын трахеядан қақырықты электр сорғышымен сорып алады, егер ол болмаса мейірбике өзі трахеостомиядағы экссудатты Жанэ шприці немесе баллонмен сорып отыруы керек. Асқазан- ішек жүйесінің мүшелерін бақылау: осы мақсатта мейірбике ауыз қуысына санация жасайды, тілін глициринмен майлайды. Іш қуысына жасалған операциялардың кейін ішектің моторикасында паралич дамуы мүмккін, ол өз кезегінде метеоризмге, іштің кебуіне әкеледі. Осы асқынудың адын алу мақсатында газды шығаратын түтікшені орнатады. Ол түтікшенің өзі ойық- жара туындатуы мүмкін, сондықтан оның қалпын әр сағат сайын өзгертіп отыруы керек.Газдың өздігінен бөле бастауы, жазылу белгісінің бірі болып саналады. Асқынуларды алдын- алу бойынша басқа емшаралар дәрігердің бақылауымен және оның тағайындауымен орындалады. Жамбас қуысындағы және урологиялық операциялардан соң зәр шығару бұзылуы, оның тежелуі мүмкін. Осы асқынуды алдын-алу үшін қуыққа катетер жібереді. Оны енгізгенде инфекцияның болмауы мақсатында міндетті түрде асептиканы бұлжытпай орындау керек.Циститтің алдын алу үшін катетерді алып тасағаннан соң, қуыққа антисептиктер-фурациллин, калий пермаганаты, хлоргексидин биглюконатты жібереді. Зәр шығарғанда ауру белгісі және шығарудың жиіленуі қуықтан қабыну болып табылады, ол жеке емді талап етеді. Жұланға пункция жасағаннан кейін немесе жұлынға операция жасаған соң зәрдің шығуы бұзылуы мүмкін, ол кезде қуықта әрдайым катетер қалдыру керек. Қалқанша безіне операция жасағанда науқаста гипертириоз немесе гипотириоз тәрізді асқыну дамуы мүмкін. Кейде операция барысында байқаусыз жоғары комекей нерві жарақаттануы мүмкін, ол дауыстың жоғалуымен сипатталады. Осындай асқынулар байқалса, мейірбике өздігінен шара қолданбай, хирургті шақыртады. Орталық нерв жүйесін бақылау. Науқастың орталық нерв жүйесінің жағдайының және психикасының, операция кезеңінде, өзіндік ерекшеліктері болады. Науқасқа тыныштық, операциядан кейін ауырсынуды басу және тыныш ұйқы қажет. Осы мақсаттарға жету үшін жансыздандыратын, ұйықтататын дәрілер беріледі, кереует тәртібі болуы керек, палатадағы барлық тітіркендіретін факторларды шеттету керек. Кейбір жағдайда, операциядан кейін психоз байқалуы мүмкін. Осындай жағдайларды емдеуші дәрігерге хабарлап, өткір, кесетін заттарды жинап алып, науқастың таңғышты алып тастамауын бақылайды. Дерт қозуы кезінде тік ішек арқылы хлоралгидрат енгізеді, омнопон немесе промедолды тері астына егеді, сонымен қатар транквилизаторлар: седіксен, элениум, триоксазин және т.б дәрілерді ішкізеді. Операциядан кейінгі кезеңнің дұрыс өтуіне науқастың өмірі мен денсаулығы тығыз байланысты екенін айта кету керек. Егер, аурухананың барлық қызметкерлерінің қатысуымен сауатты, тиімді операциядан кейінгі кезең жөнге келтірілмесе, тіпті өте жақсы оындалған операцияның өзі науқастың қаза болуымен аяқталуы мүмкін.Ережені бұзған бір мейірбиек көптеген дәрігерлер мен хирургтардың еңбегін бір сәтте жоққа шығаруы мүмкін! Операциядан кейінгі кеш дамыған асқынулар.Ингаляциялық наркоздан кейін бірнеше айдан соң бронхиальді астманың дамуы, тоқ ішектің атониясы және іш қатуы, жүрек қан- тамыр және жүрек аурулары, қуықтың атониясы мен зәр ұстамауы немесе оның тежелуі, бассүйегі ішіндегі гипертензия және мигрень, парез, парапарез түрінде орталық және перифериялық нерв жүйесінің зақымдалуы, әйел адамдарда менструальді циклдің бұзылысы, эндокринді- гормональді жүйедегі бұзылыстар, кейде семіздікке және миастенияға алып келетін жағдайлар. Емдәм. Барлық операциядан кейінгі жағдайларға және ауруларға сәйкес өздерінің диетасы әзірленген, олар нөмірлермен белгіленеді.1 ші үстелден бастап 15ші үстелге шейін т.б. Хирургиялық науқастарды операциядан кейін тамақтандыру тікелей мейірбикенің міндетіне жатады.Әр хирургиялық аурудың отасынан кейін емдәмнің тәртібін білу керек.Іш қуысы ағзаларына жасаған отадан кейін: Аппендэктомиядан кейін ота жасалғаннан кейін 10 сағат тамақ берілмейді. Он сағат өткеннен кейін №1 а деген диета бойынша тамақтандырылады. Екі күннен кейін- диета №1 бойынша тамақтандырады. Төртіеші күннен бастап- диета № 15бойынша тамақтандырады. Асқазан және жіңішке ішекке ота жасағаннан кейін отадан кейін 2 күн ешқандай тамақ және су беруге берілмейді!Тек тік ішек арқылы клизма ретінде немесе тамырға капельница қойып, керекті ақуыз, майлар, глюкоза, тағы да керекті заттарды денеге енгізеді. Үшінші күні 2 стақан сұйықтықты бір тәуліктің ішінде ішуге болады, аздап- аздап жұтқызып, әр жарты сағат сайын. Диета- №0. Төртінші күннен бастап-диета № 1а (сүтті тағамдарды алып тастайды.). Содан кейін, диета-№1б, келесі күндерде- диета №1қазанда ота жасалса-онда тамақты әр 2 сағат сайын беріліп тұруы керек. Тоқ ішекке ота жасалғаннан кейін отадан кейінгі 3 күн тамақ берілмейді, тек аз- аздан болымсыз мөлшердегі су беруге болады. Көк тамыр арқылы қөректену жүргізіледі. Төртінші күннен бастап диета №1а тағайындайда, содан кейін диета №1 б ,5-6 күннен бастап диета №1. Науқас жазыла бастағанына қарап, дәрігер диеталарды кеңейте береді. Гастростома арқылы тамақтандыру. Гастростомадан салфетканы алып, резеңке түтікшесіне шыныдан жасалған воронканың ұшын кіргізеді. Воронкаға сұйық тамақты құйып, оны көтереді, тамақ гастростома арқылы асқазанға кіре бастьайды. Асқазанда тамақты қорытатын шөл шығару үшін және науқастың ауызында сілекей шығып, тамақтың дәмі болу үшін келесіні орындайды: науқастың аузына болымсыз тамақ беріп(мысалы, кепкен нан, картошка) тіспен шайнауға бұйрық беру керек. Ауыздан шайнаған болымсыз тамақты шыны воронкаға куйып, кері шығаруын сұрау керек және оның үстінен жылы сұйық тамақты құйып асқазанға енгізіді. Тамақтандырып болғаннан соң, воронканы жылы шаймен немесе емдеу шөптің тұнбасымен шайып, ары қарай асқазанға енгізеді. Содан кейін, воронканы алып тастап, гастростоманың түтікшесіне стерильді салфетка салып, үстінен қысқышпен қысып тастайды. Қысқышты ұзын дәкелі бинтпен науқастың мойнына бекітеді. Қолданылған заттарды дезинфекциялық сұйықтығы бар ыдысқа салады. Мейірбике қолындағы резенке қолғапты шешіп, айтылған ыдысқа салады. Басқа да ағзаларға ота жасалғаннан кейін, оташы өзі жазады-қандай емдәм үстел беру керектігін. Мейірбике оның орындауын бақылау керек. Ауыз- жақ зақымдалған науқасты тамақтандырудың ерекшкліктері бар. Таңғыштарды бақылап тұру. Операциядан кейінгі науқастың таңғыштарын мұқият бақылау керек. Егерде таңғыш дымқылданып, ішінен сыртқа қанның белгісі анықталса, дереу хирургке хабарлау керек. Ежелгі заманда операция жасаған кезде ауырғандықты басу жолдарың іздеп қолданды. Жансыздандыру әдістері гылыми негізінде XIX ғасырда қаланды.1842 жылдың 30 мамырда Лонг желке түсындағы ісікті алып тастау үшін алғаш рет эфир наркозың қолданды. Алғаш рет, көпшілік алдында, 1846 жылы Бостондағы Гарвард университетнің профессоры Дж. Уоррен эфир наркозың қолданып ісікке операция жасады. Осы күнді(17 қазан) замануи анестезиологияның туған күні деп санайды. |