СТ 1-32. Жауабы Ядросыны ортасында орналасан жасушалары бар препарат миокард абыыны жиырылыш (типтік) кардиомиоциттері. Себебі, жиырылыш кардиомиоциттерді ортаы блігінде 12 полиплоидты ядросы болады.
Скачать 32.12 Kb.
|
1.Көлденең жолақ бұлшық ет тінінің екі препараты берілген. Біреуінде көптеген ядролар бұлшық ет талшығы қабығының дәл астында орналасқан, басқасында ядросы ортасында орналасқан жасушалар көрінеді. Осы препараттардың қайсысы және не себептен миокардқа жатады? Жауабы: Ядросының ортасында орналасқан жасушалары бар препарат – миокард қабығының жиырылғыш (типтік) кардиомиоциттері. Себебі, жиырылғыш кардиомиоциттердің ортаңғы бөлігінде 1-2 полиплоидты ядросы болады. Екі ядролы кардиомиоциттердің үлесі 10-13% аспайды. Полиплоидия құбылысы кардиомиоциттердің жиырылғыш потенциалын күшейтеді 2.Гликогенді айқындау үшін боялған «жүрек қабырғасы» препаратында, эндокардтың астында, жұмысшы кардиомиоциттерге қарағанда, диаметрі үлкен және бояуы қанық жасушалар анықталды. Бұл немен байланысты болуы мүмкін және мұндай жасушалар қалай аталады? Студент қан тамырларының құрылысын баяндап тұрып, олардың барлығының қуыс беті мезотелий деп аталатын бір қабатты жалпақ эпителимен астарланғанын айтты. Оның жауабы дұрыс па немесе дұрыс емес па? Егерде дұрыс болмаса, несі дұрыс емес? Жауабы:Бұл – Пуркинье жасушалары. Себебі, Пуркинье жасушаларының диаметрі жұмысшы кардиомиоциттерге қарағанда үлкен жәнеірі. Цитоплазмасында көптеген гликоген гранулдары мен анаэробты гликолиздің ферменттері кардиомиоциттердің қарқынды боялуына әсер етеді. Жауабы: Студенттің пікірі дұрыс емес. Себебі, мезотелий қан тамырларының қуыс бетін астарламайды. Мезотелий ішкі мүшелердің (өкпе плеврасы, перикард, т.б.) серозды мембраналарында кездеседі. Қан тамырларының қуыс беті эндотелий деп аталатын бір қабатты жалпақ эпителиймен астарланған. 3. Кардиомиоциттердің екі электрондық микросуреті ұсынылған. Біреуінде бейнеленген кардиомиоциттердің саркоплазмасында бір-біріне паралельді өтіп, цитоплазмасында көлденең сызылым қалыптастыратын көптеген миофибрилдері, олардың арасында қатарласып орналасқан көптеген митохондриялары көрінеді, гиалоплазмасы аз. Басқа микросуреттегі кардиомиоцитте аз ғана және ретсіз, яғни кездейсоқ бағытта өтетін көлденең жолақты миофибрилдері көрінеді. Саркоплазмасында органеллалары аз және гиалоплазмасы көп. Бұлар қандай кардиомиоциттер типтеріне жатады? Жауабы:Бірінші электрондық микросуретте – саркоплазмасында бір-біріне паралельді өтіп, цитоплазмасында көлденең сызылым қалыптастыратын көптеген миофибрилдері, олардың арасында қатарласып орналасқан көптеген митохондриялары бар жиырылғыш кардиомиоциттер сипатталған. Екінші электрондық микросуретте- саркоплазмасында органеллалары аз және гиалоплазмасы көп,сонымен қатар аз ғана және ретсіз, яғни кездейсоқ, бағытта өтетін көлденең-жолақты миофибрилдері бар өткізгіш кардиомиоциттердің Пейсмекер жасушалары. 4. Артерияның екі препараты көрсетілген. Біреуінде – артерияның ішкі және ортанғы қабықтарының шекарасында ішкі эластикалық мембранасы жақсы дамыған, екіншісінде – мұндай жерінде эластикалық мембранасы жоқ, бірақ ортанғы қабығында эластикалық элементтері (мембраналар және талшықтар) көп. Бірінші және екінші препараттардағы артериялар қандай типке жатуы мүмкін? Жауабы:Бірінші препаратта– аралас (бұлшықетті-эластикалы) типті артерия. Себебі, аралас типті артерияның ішкі және ортанғы қабықтарының шекарасында ішкі эластикалық мембранасы жақсы дамыған. Екінші препаратта –эластикалық типті артерия. Себебі, ішкі эластикалы мембранасы жоқ, бірақ ортанғы қабығында эластикалық элементтері (мембраналар және талшықтары) көп және өте жақсы дамыған. 5. Қанды тасымалдау қызметіне қоса, мүшеге немесе оның бөлігіне ағып келетін қанның көлемін реттейтін қызметті атқаратын ұсақ немесе орташа калибрлі артерия. Бұл қандай типті артерия? Жауабы:Бұл- бұлшықет типті артерия. Себебі, бұлшыет типті артерия қанды тасымалдау қызметімен қатар, мүшеге немесе оның бөлігіне ағып келетін қан көлемін реттеу қызметті атқаратын калибрі ұсақ немесе орташа артерия. 6. Жүрекке жақын орналасқан артерия қызметін мынадай гемодинамикалық жағдайда атқарады: жүректің систоласы кезінде оған жоғары жылдамдықпен көлемі көп қан түсіп, қабырғасын созады. Диастола кезінде артерия бұрынғы көлеміне қайтып, үздіксіз қан ағымын қамтамасыз етеді. Бұл артерия қандай типке жатады? Жауабы: Бұл – эластикалық типті артерия, нақтырақ айтқанда - қолқа. Себебі, қолқа жүректің систоласы кезінде оған жоғары жылдамдықпен көп көлемде қан түсіп, қабырғасын созып жібереді. Диастола кезінде артерия, бұрынғы көлемін қалпына келтіріп, үздіксіз қан ағымын қамтамасыз етеді 7. Тамыр қабырғасының электрондық микрофотосуретінде эндотелиалді жасушалар көрінеді. Олардың түйіскен аймағында бір ұшымен - эндотелиге, ал екінші ұшымен қоршаған коллаген талшықтарына бекітілген строптық филамент-тер көрінеді. Базалді мембрана бұл тамырда анықталмайды. Бұл тамыр қалай аталады? Жауабы:Бұл тамыр – лимфа капиллярлары деп аталады. Себебі, лимфа капиллярлары қабысып қалмас үшін бір ұшымен – эндотелиоциттерге, ал екінші ұшымен - қоршаған БТД тіннің коллаген талшықтарына қоса өрілген строптық ретикулярлы филаменттеріне бекітіледі. 8. Гематоксилин-эозинмен боялған препаратта диаметрі 2 мм жуық тамырлар көрінеді. Олардың біреуінде қабықтарының арасындағы шекаралар, ішкі және сыртқы эластикалық мембраналар анық көрінеді. Ортанғы қабығында циркулярлы орналасқан тегіс бұлшық ет жасушалардың көптеген будалары бар. Екінші тамырда эластикалық мембраналары анық емес, бұлшық ет будалары нашар дамығандықтан қабырғасы жұқалау, қуысы қабысқан және пішіні дұрыс емес. Бұл тамырларды анықтап беріңіз. Жауабы: Бірінші препаратта-артерия тамыры. Артерия тамыры қабықтарының арасындағы шекаралары, ішкі және сыртқы эласти-калық мембраналары анық байқалады. Ортанғы қабығында тегіс бұлшық ет жасушалардың циркулярлы бағытта орналасқан будалары көп. Екінші препаратта-вена тамыры. Бұл тамырларда эластикалық мембраналары байқалмайтындықтан, қуысы қабысуға бейім болып келеді, дұрыс емес пішінді. 9. Ауа өткізу жолдарының әртүрлі бөлімдерінің құрылымын талдау кезінде, олардың кейбіреулерінде кілегейлі қабығының бұлшық ет табақшасы жоқ екендігі анықталды. Бұл қандай бөлімдер? Жауабы: Бұл - мұрын қуысы кілегейлі қабығы, мұрынжұтыншақ, көмейде бұлшық ет табақшалары болмайды. 10. Гематоксилин және эозинмен боялған кеңірдекті микроскоп арқылы зерттегенде, оның қабырғасында бездердің, гландулоциттерінің (бездік жасушаларының) тинкториальді қасиеттері (бояуларға қатынасы) әртүрлі, ұштық бөлімдері анықталды. Бір жасушаларында анық базофилия, ал басқа жасушаларының цитоплазмасы нашар боялған. Осы бездердің өндіретін өнімдерінің (секретінің) химиялық құрамы қандай? Жауабы: Бактериоциттік қасиетке ие. Сиал және гиалурон қышқылы бар. 11. Альвеолалардың оттегінің әсеріне төзімділігінің себебін талқылау кезінде,оларды ауа өткізу жолдары эпителиінің бокал тәрізді жасушалары бөлетін кілегей қорғайды деген пікір айтылды. Бұл пікірге сіздің көзқарасыңыз қандай? Жауабы:Бұл пікірге менің көзқарасым - теріс. Себебі: Бокалтәрізді жасушалар альвеолоциттерде болмайды, жоғарыда аталған жасушадан бөлінетін шырыш альвеоланың жолын бітеп тастайды.Альвеолалардың ішкі беті беттік активті затпен жабылған және ол альвеолярлы эпителий жасушаларын оттегінің әсерінен қорғайды. 12. Өкпе альвеолдарының электрондық микросуретінде цитоплазмасында көпте-ген осмийфилді денешіктері бар эпителиоцит көрінеді. Бұл қандай жасуша және ол қандай қызмет атқарады? Жауап: Бұл ІІ- типті алвеолоциттер. олардың қызметі-адвеолдың ішкі бетін төсейтін, гликолипопротеин типті беткейлі белсенді затты- сурфактантты секрециялау және оған қоса олар алвеооциттердің регенерациясына қатысады 13. Қандай бронхтың қабырғасында барлық қабықтары дамыған, ал фиброзды-шеміршекті қабығы екі-үш ірі гиалинді шеміршек табақшаларынан тұрады? Жауап: Ірі бронхтарда барлық төрт қабықтары дамыған және фиброзды-шеміршекті қабығы екі-ұш ірі гиалинді шеміршек табақшаларынан тұрады. 14. Студенттердің біреуі дерма тығыз талшықты дәнекер тіннен тұрады дейді; екіншісі – дерма борпылдақ талшықты дәнекер тіннен құрылған дейді. Қай студенттің пікірі дұрыс? Жауабы: А) Екі студенттің пікірлері жартылай дұрыс. Б) Себебі, дерма екі қабаттан тұрады: a)бүртікті – борпылдақ талшықты дәнекер тіннен және б) торлы қабат – тығыз талшықты пішінделмеген дәнекер тіннен құрылған. 15. Мерокринді және голокринді секрециялы бездерді оқып білу үшін саусақ терісі ұсынылған. Бұл талғау дұрыс па? Жауабы:Бұл талғау дұрыс емес. Себебі голокринді бездер – май бездері болып табылады. Май бездері – қарапайым альвеолды тармақталған. Олар алақан табан және аяқ ұшының сыртынан басқа терінің барлық аймақтарында болады. Мерокриндік тер бездеріні алақан, табан, маңдайда көп орналасады 16. Шаш өсуге қабілетті екендігі белгілі. Олардың өсуін қамтамасыз ететін жасу-шалардың пролиферациясы шаштың қай бөлігінде өтеді? Жауабы:Шаштың буылтығы – шаш тамырының жуанданған ұшы. Ол, 1)матрицалық жасушалардан – шаш бүртігін қоршаған, әрдайым митоз арқылы бөлінетін жасушалар. Пайда болған жасушалар, шаштың көрші қабаттарына: қыртысты затына, милы затына, шаш өзегінің кутикуласына, ішкі тамырлық қынапқа орын ауыстырып, олардың өсуін қамтамасыз етеді. 2)Меланоциттерден – меланин гранулдарын шаш матрицасының, қыртысты және милы затының жасушаларына өсінділермен таситын жасушалар. 17. Эпитермисте меланин пигменті меланоциттерде және кератиноциттерде кездесуі мүмкін. Бұл қандай жағдайларда байқалады? Бұл жасушалардың пайда болу тегі бірдей ме және олар бір-бірінен дамуы мүмкін бе? А) 1 - Меланин пигментінің меланоциттерде және кератиноциттерде кездесуі қалыпты жағдай. 2 - Бұл жасушалардың пайда болу тектері әртүрлі және олардың бір-бірінен дамуы мүмкін емес. Б) 1 - Себебі, меланоциттер түйіршікті қабатқа дейін жететін өсінділері арқылы көрші базальды кератиноциттерге және тікенекті жасушаларға мелоносомдарының ішіндегі меланин пигменті жеткізіледі …… 2 – Кератиноциттер, эпидермистің даму көзі – эктодермадан ал, меланоциттер, ұрық кеуде тұсындағы нерв айдаршасының жасушаларынан/ганглиозды табақшаның миграциялайтын жасушаларынан дамиды. Эндргендік пигмент меланин базальды жасушалардың ядролық генетикалық аппаратын ультракүлгін сәулелердің мутагендік әсерінен қорғайды. Жауабы:Эпидермисте меланин пигменті меланоциттерде және кератионциттерде кездесуі мүмкін. Цитоплазмасында жақсы дамыған барлық органеллалары және арнайыланған мембраналық органеллалары –орналасқан. Соңғылардың нің гранулдары жасушаның. 18. Гистологиялық препаратта асқорыту түтігінің бір қуысты мүшесі берілген.Бұл мүшенің асқорыту жүйесінің алдыңғы бөліміне жататынын оның қандай белгілері бойынша анықтауға болады? Жауабы:Асқорыту жүйесінің алдыңғы бөліміне жататынын кілегейлі қабығының эпителиі бойынша анықтауға болады. Эпителиі – көпқабатты жалпақ мүйізденбейтін эпителий. Ал, ортаңғы бөлімінің эпителиі – бірқабатты призмалық эпителий. 19. Микропрепараттарда тілдің вентральдық, бүйір және дорсальдық беттерінің кесіндісі берілген. Оларды қандай белгілері бойынша анықтауға болады Жауабы: Микропрепараттарда тілдің вентральдық, бүйір және дорсальдық беттерін келесі белгілермен анықтауға болады: 1) Бүйір және дорсальдық беттерінің кілегейасты негізі жоқ.Вентральдық бетінің кілегейасты негізі бар. Сол себепті, тілдің бұл бөлігі жылжымалы болып келеді. 2)Бүйір және дорсальдық беттерінің кілегейлі қабығы тегіс емес –көптеген бүртіктер қалыптастырады. Олар: жіп тәрізді, саңырауқұлақ тәрізді, жапырақ тәрізді, науашық тәрізді. Тілдің вентральдық бөлігінде бүртіктер болмайды. 3) Вентральдық бөлігінің кілегейасты негізінің БТД тіні қантамырларға өте бай. Сондықтан, медицинада сублингвальді, яғни тіл астына дәрі қабылдау үшін қолданылады. 20. Студенттердің арасында бездер асқазанның қай қабығында орналасады деген дау пайда болды. Бір студенттің пікірі бойынша олар - кілегейлі қабықта, екіншісі – кілегейасты негізде, үшіншісі – қабықтардың екеуінде орналасады. Кімнің пікірі дұрыс? Жауабы: Бірінші студенттің пікірі дұрыс.Себебі, асқазан бездері кілегейлі қабықтың меншікті табақшасында орналасқан. Екінші мен үшінші студенттің пікірлері дұрыс емес. Өйткені, асқазанның кілегейасты негізінде бездер болмайды 21.Өңеште кейбір жағдайларда асқазан жараларына ұқсас жаралар пайда болуы мүмкін. Бұл өңеш құрылысының қандай ерекшеліктеріне және құбылытарына байланысты және жаралар өңештің қандай бөлімдерінде пайда болуы мүмкін? Жауабы:Бұл жаралар өңештің асқазанға өту аймағында пайда болуы мүмкін. Асқазан сөлі өңеш пен асқазанның шекарасында орналасқан кардиальды сфинктердің дұрыс жұмыс жасамауының кесірінен өңешке қарай өтуі мүмкін. Өңештің бұл аймағының кілейлі қабығының меншікті табақшасында асқазанның кардиальды бездеріне ұқсас ақуызды-кілегейлі кардиальды бездері орналасқан. Бұл бездер кілегей өндіру арқылы өңештің кілегейлі қабығының эпителиін асқазан сөлінен қорғайды. Бұл бездердің дисфункциясы әсерінен, асқазан сөлі өңештің кілегейлі қабығының эпителиін зақымдап, нәтижесінде жаралар пайда болады 22. Асқазан мен жіңішке ішек микросуреттерінің арасынан он екі елі ішектің микросуретін таңдап алу қажет. Оны қандай белгісі арқылы анықтауға болады? Жауабы:Он екі елі ішекті келесі белгілер арқылы анықтауға болады: 1) циркулярлы Керкринг қатпарлары болады, ал асқазанда - бойлық қатпарлар 2) конустәрізді бүрлері мен крипталары болады, асқазанда бүрлер мен крипталар болмайды 3) кілегейасты негізінде дуоденальды Бруннер бездері болады, ал асқазанда бездер кілегейлі қабығының меншікті табақшасында болады, кілегейасты негізінде бездер болмайды 4) бұлшықетті қабығы нашар дамыған екі қабаттан тұрады: ішкі циркулярлы, сыртқы бойлық, ал асқазанда жақсы дамыған үш қабаттан тұрады 23. Атаусыз екі препарат ұсынылды. Бір препаратта кең және аласа бүрлер мен крипталар көрінеді, ал кілегейасты негізінде – бездер. Бұлшықетті қабық екі қабаттан құрылған: сыртқы – бойлық, ішкі - циркулярлы. Екінші препаратта – терең шұңқырлар, кілегейлі қабығының меншікті табақшасында - бездер және бұлшықетті қабығының үш қабаты анықталады: ішкі – қиғаш, ортаңғы – циркулярлы, сыртқы – бойлық. Осы препараттарда асқорыту жолының қандай бөлімдері берілген? Жауабы:Бірінші препаратта он екі елі ішек бейнеленген. Себебі, бүрлері мен крипталарының болуы бұл препаратты жіңішке ішек деп ойлауға алып келеді, ал кілегейасты негізінде бездердің болуы, дәлірек айтсақ, дуоденальды Бруннер бездерінің болуы бұл препараттың жіңішке ішектің басқа бөлімі емес, он екі елі ішек екендігінің дәлелі болып табылады. Өйткені, жіңішке ішектің басқа бөлімдерінің кілегейасты негізінде бездер жоқ. Екінші препаратта асқазан бейнеленген. Себебі, асқазанда ғана терең шұңқырлар болады және асқазан бездері оның кілегейлі қабығының меншікті табақшасында орналасқан және асқазанның бұлшықетті қабығы үш қабаттан тұрады: ішкі - қиғаш, ортаңғы - циркулярлы, сыртқы – бойлық 24. Суреттерде ішек түтігі қабырғасының гистологиялық құрылысы бейнеленген, бірақ оның қандай бөлімдері екені көрсетілмеген. Жуан ішектің суретін таңдап алу керек. Жуан ішекті жіңішке ішектен қандай белгілері бойынша ажыратуға болады? Жауабы:Жуан ішекті жіңішке ішектен мынадай белгілері бойынша ажыратуға болады: 1) жартыай тәрізді қатпарлары болады, ал жіңішке ішекте циркулярлы қатпарлар болады. 2) бүрлері болмайды, ал жіңішке ішекте бүрлер болады. 3) крипталары жақсы дамыған, жіңішке ішекпен салыстырғанда тереңдеу, саны көп және қуысы кең болады. 4) бокалтәрізді жасушалары көп болады, сол себепті, тоқ ішектің криптасының эпителиі тесік-тесік болып көрінеді, ал жіңішке ішекте бокалтәрізді жасушалардың саны аздау болады. 5)кілегейлі қабығының меншікі табақшасында Пейер түйіндақтары болмайды, оның орнына өлшемі үлкен жеке лимфоидты фолликулдары болады 6) бұлшықетті қабығының сыртқы бойлық қабаты тұтас емес–үш бойлық таспа түрінде қалыптасқан. Бұлшықетті таспалар тоқ ішектен қысқалау болады, сондықтан олар тоқ ішекті сырнайды еске салатын гаустраларға жинайды 25. Қалыпты жағдайда өт капиллярынан қан арнасына өт түспейді. Гепатоциттер құрылысының қандай ультраструктуралық ерекшеліктері бұған мүмкіндік туғызады? Жауабы:Өт капилляры мен синусоидты капиллярдың арасында гепатоциттер орналасқан. Бір қатарда орналасқан көршілес гепатоциттер бір бірімен тығыз контакттар және белдемелік десмосомдар арқылы герметикалық байланысқан. Сол себепті, қалыпты жағдайда өт капилляры қан арнасына түспейді. 26. Бір журналдың мақаласында үлесшенің ортасында - орталық вена, ал студенттің рефератында – үлесшенің ортасында «триада» орналасқан деп жазылған. Мақала және рефератты қалай бағалауға болады? Жауабы: Студенттің мақаласы мен рефератының растығын жоққа шығарудың қажеті жоқ, өйткені журналдың мақаласындабауырдың классикалық үлесшесі сипатталған, ол бауыр арқалықтары, синусоидты капиллярлар және орталық вена арқылы анықталады. Бауырдың классикалық үлесшесінде орталық вена үлесшенің ортасында, ал үлесшенің бұрыштарында триада орналасқан. Ал, студенттің рефератында бауырдың портальды үлесшесі сипатталған. Бауырдың портальды үлесшесінде триада үлесшенің ортасында ал үлесшенің бұрыштарында орталық вена орналасқан. 27. Ұйқы безінің шығарушы түтігін байлап тастағанда, секрециясының бұзылу салдарынан оның бір бөлік бездік жасушалары өледі. Бұл жағдайда қандай бездік жасушалар өледі, қандайлары тірі қалады? Жауабы:Ациноциттердің атрофияға ұшырап, өледі (экзокриндік ацинустардың жасушалары), себебі ұйқы безінің шығарушы түтігіне панкреатикалық сөл бөледі. Инсулоциттер тірі қалады (Лангерганс аралшықтарының эндокринді жасушалары), себебі бөлген гормондары шығарушы түтік арқылы емес, фенестрлі гемокапиллярлар арқылы қанға шығарылады. 28. Бүйрек препаратын микроскоппен зерттеу кезінде бүйрек өзекшелеріжасушаларының щеткалық жиегі бұзылғанына назар аударылған. Бұл нефрон өзекшелерінің қайсысы? Жауапты түсіндіріңіз Жауабы:Проксимальды иреленген және тік өзекше. Себебі, проксимальды өзекшенің қабырғасының нефроциттерінің апикальдық полюсінде щеткалық жиекті қалыптастыратын мыңдаған микробүрлер бар. 29. Аурудың несебінің анализінде эритроциттер бар екені анықталды. Несеп шығару жолдарын тексеру оларда қансыраудың жоқ екенін көрсетті. Несепте эритроциттер нефронның қандай бөлімінің және қандай құрылымдарының бұзылуы нәтижесінде пайда болуы мүмкін? Жауапты түсіндіріңіз. Жауабы:Несепте эритроциттердің табылуы гематурия деп аталады. Гематурия бүйрек денешігінің, нақтырақ айтсақ, оның фильтрациялық барьерінің, оның ішінде капиллярлы шумақшаның эндотелиоциттерінің немесе базальды мембрананың немесе подоциттердің құрылымдық бұзылысы нәтижесінде пайда болады. 30. Атабез кесіндісін талдау барысында сперматогенді эпителийдің ең шет(базалдық) жағында орналасқан жасушалар анықталған. Олардың көбісі бөлінуде. Жасушаларды және сперматогенез стадиясын атап беріңіз. Жауабы:Сперматогониялар, көбею фазасы. Себебі, сперматогенді эпителийдің ең шетінде немесе базальды жағында митозға қабілетті сперматогонийлар болады, олар митоз арқылы бөлініп, камбиалды жасушалар популяциясының санын ұстап тұрады. 31. Жүкті емес әйелдің қанын талдағанда эстрогендердің концентрациясы төмен және прогестеронның - жоғары екендігі анықталды. Талдау циклдің қандай стадиясында жасалған? Бұл гормондардың өндірілуі аналық бездің қандай жасушаларымен байланысты? Бұл кезеңде жатыр эндометрийінің құрылысы қандай? Жауабы:Талдау овариялық циклдің лютеогенез стадиясында, ал менструация циклінің секреция фазасында жасалған. Эстрогеннің өндірілуі аналық бездің дамушы фолликулдарымен байланысты, ал прогестеронның өндірілуі сары дененің лютеоциттерімен байланысты. Менструация циклінің секреция фазасында жатыр эндометриі қатты қалыңдауымен сипатталады, жатыр бездерінің өлшемі ұлғаяды, олардың кілегейді секрециялауы күшейеді, стромасында тамырларды айнала көп мөлшерде цитоплазмасында гликоген және липидті тамшылар көп децидуалық жасушалар жинақталады. 32. Жатырдың екі кесіндісі зерттелген. Біріншіде – эндометрийдің қалыңдығы онша емес, бездері жұқа және тік, эпителийінде және дәнекер тінінде бөлініп жатқан жасушалар көп. Екіншіде – эндометрийі қалың, бездері иреленген, қуысы кең, тамырлары анық көрінеді. Бұл препараттар менструация циклінің қандай кезеңдеріне сәйкес келеді? Жауабы:Бірінші кесінді менструация циклінің пролиферация фазасына сәйкес келеді. Екінші кесінді менструация циклінің секреция фазасына сәйкес келеді. Себебі, пролиферация фазасында эндометрийдің функциялық қабаты регенерацияланып, жаңадан қалыңдап келеді, сәйкесінше бездері онша дамымаған, ал секреция фазасында эндометрийдің функциялық қабаты қалпына келген, қалың, бездері дамыған, қуысы кең 33. Ересек адамның қан жасау мүшесінде мегакариоциттер анықталды. Бұл қандай мүше? Мегакариоциттер қандай роль атқарады? Жауапты түсіндіріңіз. Бұл сүйектің қызыл кемігі. Мегакариоцит тромбоциттің синтезіне қатысады. Мегакариоциттердің перифериялық бөліктері синусоидты капиллярдың тесіктеріне еніп, цитоплазмасының фрагменттерін тамыр қуысына тромбоциттер түрінде бөліп отырады. 34. Дамушы эритроциттер сүйектің қызыл кемігінде аралшықтар құрып орналасатыны және макрофагтармен байланысты екені анықталды. Макрофагтар эритропоэзде қандай рөл атқарады және мұндай аралшықтарда олар қалай аталынады? Жауапты түсіндіріңіз. Эритробласттар аралшықтар түрінде макрофагты қоршап алады. Макрофаг эритробласттарды өлген эритроциттегі темірмен қамтамасыз етеді. Темір оларға гемоглобин синтезі үшін қажет. 35. Жас жануарлардан алынған эксперименталды материалды талдау кезінде зерттеуші тимустың препараттарында қыртыс зат пен ми затының шекарасы «көмескі» (анықсыз) екенін көрді. Бұл факт нені дәлелдейді? Жауапты түсіндіріңіз. Қыртыс зат күңгірт болады. Себебі, онда жетілген және жетілуші Т лимфоциттердің саны көп. Ал, керісінше,қыртыс зат пен ми затының шекарасы анық емес, ашық болады. Себебі, онда жетілген және жетілуші Т лимфоциттер аз. 36. Бөгде тінді ауыстырған жағдайда реципиенттің организмінде трансплантататтың мерт болуына әкелетін қорғаныс реакциялары пайда болады.Шығарып тастау реакциясына қандай жасушалар қатысады? Бұл жасушалар реципиенттің қандай мүшелерінде және қай жерлерінде пайда болады? Трансплантацияланған тіннің жойылуына Т киллерлер қатысады. Бұл жасушалар жетілмей тұрып сүйектің қызыл кемігінде пре Т лимфоциттерге дейін дифференцияланады, кейін қан арнасымен тимусқа барып антигентәуелсіз дифференцияланып, рецепторы бар Т лимфоцитке айналады. Т лимфоциттер перифериялық мүшелердің Т зоналарында сақталып, сонда антигентәуелді дифференцияланып Т киллерге айналады. 37. Жануар туылған сәттен бастап стерилді жағдайға орнатылған. Мұндай жағдайда перифериялық лимфоидты мүшелерде ортасында көбею орталығы бар лимфоидты фолликулдар (түйіншектер) қалыптасады ма және не себептен? Мұндай жағдайда перифериялық мүшелерде лимфоидты фолликулдар қалыптаспайды. Себебі, ешқандай патогенді микроорганизмдерсіз, антигені бар заттарсыз лимфоидты фолликулдарың дамуы мүмкін емес. Стерильді аймақта иммунитет босаңсып, дамымай қалады. 38. Инфекциялық қабыну региондық лимфа түйіндерінде қорғаныс реакцияларды қоздырады. Олардың арасында милы заттың бауларында және синустарында плазмоциттер санының да өсуі бар. Плазмоциттердің саны қалайша өседі? Олар қандай рөл атқарады? Инфекциялық қабынудың әсерінен лимфа түйіндерінің милы затының бауларында және синустарында В лимфоциттер плазмоциттерге дифференцияланады. Жетілген плазмоциттер белгілі бір антигенге қарсы антидене синтездейді. Антидененің көмегімен аурудан тез айығады. 39. Зерттеуші гипофиз препаратында екі көру жазығын талдауда. Біреуінде – ұсақ өсінділі жасушалар және олардың арасында – нерв талшықтары көрінеді. Екіншісінде тинкториалды белгілері әр түрлі эпителий жасушаларының баулары. Гипофиздің қандай бөліктері талдануда? Жауапты түсіндіріңіз. Зерттеуші препаратында гипофиздің алдыңғы және артқы бөлігі талдануда. Оның біріншісі – артқы бөлігі(нейрогипофиз), ал екіншісі – алдыңғы бөлігі(аденогипофиз). Нейрогипофиз питуициттер деп аталатын нейроглия жасушаларынан тұрады. Аденогипофиз үш түрлі бояумен боялатын жасушалардың бауларынан тұрады. 40. Эксперимент кезінде жануарлардың бір тобына кастрация жасалған, екіншісіне тиреоидэктомия. Әр топта операцияға гипофиздің қандай аденоциттері жауап қайтарады? Өз пікіріңізді түсіндіріңіз. Жануарлардың екі тобына да болған операцияға базофилді аденоциттер жауап қайтарады. Себебі екі операцияның да мүшелеріне жауап беретін гормондардан тұратын гранулдар базофилді боялады. 41. Препараттарда екі без берілген. Бір препаратта бездің секреторлық бөлімдері жақсы дамыған, олардан секреттер шығарушы түтік арқылы жақын орналасқан қуысқа бөлінеді. Екіншісінде – без, арасында секретті тасымалдайтын гемокапиллярлардың қою торы орналасқан, секреторлық жасушалардың жиынтығынан тұрады. Бұл бездің қайсысы эндокриндік болып табылады? Жауапты түсіндіріңіз. Екінші без эндокринді болып табылады. Себебі, эндокринді бездің өнімі қуысқа емес, ішкі сұйықтыққа(қан, ликвор) бөлінеді және оның шығарушы өзегі жоқ. 42. Қалқанша безді микроскопиялық талдау кезінде фолликулдарының өлшемі кішкентай, коллоиды аз және қатты вакуолденгені, тироциттері биік, призма тәрізді екендігі анықталды. Мұндай көрініс мүшенің қандай функциялық күйіне сәйкес? Себебі неден болуы мүмкін екенін түсіндіріңіз. Мұндай көрініс қалқанша бездің гиперфункциялық күйіне сәйкес келеді. Себебі, гипофункциялық күйінде қалқанша безінің тироциттері жалпақ болады және вакуольдері онша көрінбейді, коллоиды жинақталып жатады. Ал, гиперфункциялық күйінде тироциттер призма тәріздес, вакуольдері үлкейген және коллоиды аз болады. Демек, гормон синтезі өтіп жатыр деген сөз. 43. Зерттеушіге перифериялық жүйке жүйесіндегі сезімтал нейроциттерді зерттеу тапсырылды. Олар перифериялық жүйке жүйесінің қандай мүшелерінде орналасқан? Жауабын түсіндіріңіз. Оларды моторлы(қимыл) нейрондардан қандай морфологиялық белгілері бойынша ажыратуға болады? Жауапқа түсініктеме беріңіз. Сезімтал нейроциттер нерв түйіндері мен нервтерде орналасқан. Олар псевдоуниполярлы жасушалар. Бұларды арнайы бояусыз ажырату қиын. Жасушалар үлкен, домалақ, ядросы ірі және қою түсті ядрошығы бар. 44. Жұлынның артқы түбіршігінің микроскопиялық құрылысын зерттегенде оның құрамында миелинді жүйке талшықтары көрінеді. Бұл талшықтар қайдан бастау алады? Жауабын түсіндіріңіз. Қай жасушалардың қандай өсінділері оларда білік цилиндрлерді түзеді? Жауапқа түсініктеме беріңіз. Бұл талшықтар жұлынның артқы мүйізінің меншікті ядросынан бастау алады. Бұл талшықтарды Шван жасушалары қоршап білік цилиндрін түзеді. 45. Зерттеушіге перифериялық жүйке жүйесінің аяқ-қолдардың қаңқа бұлшықеттерін иннервациялайтын моторлы(қимыл) нейроциттерді зерттеу тапсырылды. Бұл нейрондар қай жерде орналасқан? Жауабын түсіндіріңіз. Олар қандай морфологиялық типке жатады? Бұл нейрондар жұлын сұр затының ядроларынан бастау алады, ары қарай қаңқа бұлшықеттеріне барып қозғалтқыш нерв ұштарын құрайды. Бұлар мультиполярлы мотонейрондар. |