тп. Мұратов клиника 1. Жедел ішек инфекциялары 1 клиникалы есеп И., 30 жаста, 25шілдеде дрігерге келген. Шаымдары
Скачать 31.48 Kb.
|
Жедел ішек инфекциялары № 1 клиникалық есеп И., 30 жаста, 25-шілдеде дәрігерге келген. Шағымдары: жүрек айнуы, құсу, іштің толғақ тәрізді ауыру сезімі, іштің өтуі, дене қызуының жоғарылауы, бас ауыруы. Anamnesismorbi: 24-шілдеде жедел ауырып бастаған. Ауру жүрек айнуының, іштің толғақ тәрізді ауыру сезімімінің пайда болуынан жедел басталған. Кешкі уақытта 5 рет құсу, 5-6 рет іштің өтуі, әлсіздік, бас ауыруы пайда болған, дене қызуы 38,5С-қа дейін жоғарылаған. Өз бетімен но-шпа қабылдаған. Түнде ішінің ауыры мазалап, нашар ұйықтаған. Бүгін таңертең дәрігерге келген. Эпидемиологиялық анамнез: Пәтерде тұрады. Спорт мектебінде тренер болып жұмыс істейді. Жұқпалы науқастармен қатынаста болмаған. Қоғамдық көлікпен жүреді. Асханаларда жиі тамақтанады. 23-ші шілдеде жұмысының қасындағы асханада тамақтанған. Тауық еті мен картоп езбесін жеген, компот ішкен. Өткен аптада басқа қалаға жарысқа барған. Объективті мәліметтер: жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Тері жабындылары қалыпты, бөртпе жоқ. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесіндегі тынысы везикулярлы, сырылдары жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 98 рет/мин. ҚҚ – 120/80 мм с.б. Тілі ақ жабындымен жабылған, құрғақ. Іші жұмсақ, эпигастрий, кіндік маңындағы және мықын аймақтарында ауыру сезімді. Соқыр ішектің құрылдауы анықталады. Іш пердесінің тітіркену белгілері жоқ. Нәжісі сұйық, жасыл түсті, шырыш қосылған. Зәр шығаруы қалыпты. Лабораторлық мәліметтер: Жалпы қан анализі: лейкоциттер – 9,8 х 10*9/л, таяқша ядролынейтрофилдер – 6%, сегмент ядролы нейтрофилдер – 76%, моноциттер – 5%, лимфоциттер – 13%, ЭТЖ – 15 мм/сағ. Копрологиялық анализ: лейкоциттер – 12-15 к./а., эритроциттер – табылған жоқ, шырыш ++. Тапсырмалар: 1.Диагнозды негіздеу. Клиникалык корынысьерыне және лабораториялық мәліметтерге сүйене отырып болжамды диагноз Сальмонеллез гастроинтестинальді түрі 2.Диагностика жоспарын құрастыру. Клиникалық белгілері мен эпидемиологиялық мәліметтері бойынша қойылған болжам диагноз келесі лабораторлы әдістер арқылы дәлелденеді: бактериологиялық гемокультураны бөлу (қызба кезеңінде – қанды өт қосылған ортаға себу) нәжісті және зәрді қоректі ортаға себу (аурудың 2-ші аптасынан бастап). Диагностикалық маңыздылығы салыстырмалы розеолалардан, сүйек миынан қоздырғышты бөліп алу. Ем сүзектің сирек кездесетін түрлерінде (пневмосүзек, менингосүзек) қоздырғышты қақырықтан, ликвордан да бөлуге болады. маңыздылығы 100%серологиялық әдістер (сырқаттың 2-3 аптасынан) Видель реакциясы (агглютинация әдісі) тура емес гемагглютинация реакциясы (ТЕГР) Салыстырмалы диагностика келесі аурулармен жүргізіледі: грипп, бөртпе сүзек, Бриль ауруы, бруцеллез, инфекциялық мононуклеоз, Қу қызбаcыб лептоспироз т.б. 3.Емдеу жоспарын құрастыру. Тек қана ауруханада жүргізіледі: Күн тәртібі-қатаң төсектік. Қызба түскенге дейін 10-11 күнге дейін Диета 13 немесе 1-ші (асқынған кезде) Этиотропты ем левомецитин (0,5 тәулігіне 4 рет ауыз арқылы) немесе левомецитин сукуинат (1,0 х 3 рет б/е немесе тамыр ішіне) ампициллин )2 млн бірлік тәулігіне 1-6 рет) бисептол 480 )2д х 3 рет) ципрофлоксацин (500-750 мг х 2 рет, ауыр түрлерінде тамыр ішіне 200-100 мг тәулігіне 2 рет) афлаксации (400.800 мг х 2 рет) Дезинтоксикациялық ем ( гемодез, реополиглюкин т.б. сұйықтықтар 30-50 мл/кг салмаққа Витаминді препараттар Иммунды коррекция Клиникалық көрсеткіштеріне байланысты ем № 2 клиникалық есеп Ж., 18 жаста, 10-шы шілдеде дәрігерге келген. Шағымдары:ішінің төменгі аймақтарындағы толғақ тәрізді ауыру сезімі, көп рет ішінің өтуі, тік ішек аймағының тартыпауыруы, дефекацияға жалған шақырулар, дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік. Anamnesismorbi:8-ші шілдеде, кешкі уақытта ауырып бастаған. Ауру жедел басталған: ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі пайда болған, екі рет іші өткен. 9-шы шілдеде дене қызуы 38,7С-қа дейін жоғарылаған; әлсіздік мазалаған; іші 10 ретке дейін өтіп, үлкен дәреті нәжіссіз сипатқа ие болып, көлемі азайған. Ішінің ауыру сезімі күшейген, іштің төменгі аймақтарында орналасқан. Бүгін таңертеңнен бастап дефекацияға жалған шақырулар мен тік ішек аймағының тартып ауыруы қосылған. Өз бетімен парацетамол, кетонал, но-шпа ішкен. Эпидемиологиялық анамнез: Пәтерде тұрады.Студент. Жұқпалы науқастармен қатынаста болмаған. Жаздың басында таулы аймақта пикникте болған. 6-шы шілдеде достарымен «Капшағайда» шомылған. Үйге қайтар жолында жемістер мен көкөністер сатып алған. Сатып алған кезде жуылмаған жемістердің дәмін көрген. Кафеде тұшпара жеген. Бірге жеген адамдар сау. Объективті мәліметтер: жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Тері жабындылары қалыпты, бөртпе жоқ. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесіндегі тынысы везикулярлы, сырылдары жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 98 рет/мин. ҚҚ – 110/70 мм с.б. Тілі ақ жабындымен жабылған, құрғақ. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймақта және шап үстіндегі аймақта ауыру сезімді. Сигма тәрізді ішек спазмдалған. Іш пердесінің тітіркену белгілері жоқ. Үлкен дәреті нәжіссіз, қан қосылған шырыш. Кіші дәретке таңертең барған. Лабораторлық мәліметтер: Жалпы қан анализі: лейкоциттер – 9,5 х 10*9/л, таяқша ядролынейтрофилдер – 7%,сегмент ядролынейтрофилдер– 76%, моноциттер – 5%, лимфоциттер – 12%, ЭТЖ – 14 мм/сағ. Копрологиялық анализ: лейк. – 12-15 к./а., эритр. – 7-8 к./а., шырыш ++. Тапсырмалар: 1.Диагнозды негіздеу. Клиникалык корынысьерыне және лабораториялық мәліметтерге сүйене отырып болжамды диагноз Тағамдық токсикоинфекция 2.Диагностика жоспарын құрастыру. Басқа этиологиялық факторларды жою (клинико-лабораториялық және эпидемиологиялық мәліметтер бойынша) ұсынылып отырған қоздырғыштың этиологиялық ролін нақтылау) бактериологиялық әдіс (нәжіс, құсық, тағам өнімдері) РА аутоштаммамен қоздырғыштар, динамикадағы антидене титрының өсуімен 3.Емдеу жоспарын құрастыру. Емдеу әдісін таңдау аурудың формасы мен ауырлығына байланысты: Асқазан мен ішекті жуу Дезинтоксикация Кейбір клиникалық көрсеткіштер ерекшелігі қоздырғыш түріне байланысты. Стафилококкогты ТТИ кезіндегі этиология-ең қысқа мерзімді инкубациялық кезек (30-60С). Ұзақ мерзімді: үзіліссіз жиі құсу іштің қатты тілме тәрізді ауыруы (кіндік маңайының эпигастрий) бас айналу, коллапс, диагноз симптомдарының тез және жиі байқалуы Ce.perfrindens-бен шақырылған ТТИ кезінде сұйық қан аралас нәжіс болуы мүмкін. Сулы-элоктролитті баланстың тұрақтануы (оральды немесе парентеральды регидрация). Асқазан-ішек жолдарының функциональды әсерінің тұрақтануы. №3 клиникалық есеп С., ер адам 25 жаста, 30-шы мамырда дәрігерді үйгешақырған. Шағымдары: көп реті құсу, көп рет іштің өтуі, ауызының құрғауы, шөлдеу, айқын әлсіздік, аяқ бұлшық еттерінің құрысып тартылуы. Anamnesis morbi: 29-шы мамырда ауырып бастаған. Ауру көп рет ішінің өтуінен басталған. Кешкі уақытта 10-15 ретке дейін құсқан. Жүрек айнуы, іштік ауыру сезімі болмаған. Дене қызуын өлшемеген. 30-шы мамырда таңертең айқын әлсіздік, аяқ бұлшық еттерінің құрысып тартылуы пайда болған. Сонымен қатар, шөлдеу, ауызының құрғауы мазалаған. Жедел жәрдем бригадасын шақырған. Эпидемиологиялық анамнез: Жеке меншік үйде тұрады. Бухгалтер болып жұмыс істейді. Жүұпалы науқастармен қатынаста болмаған. Жеке көлікпен жүреді. 15-ші мамырдан бастап Тайландта демалған. Ол жерде бірнеше қалаға барған, әртүрлі кафелерде тамақтанған, мұз қосылған сусындар ішкен, байссейндер мен теңізде шомылған. Кейбір қонақ үйлердің санитарлық жағдайы нашар болғанын айтты. Тек қана бөтелкедегі суды ішкен. Алматыға 28-ші мамырда кешкі уақытта келген. Объективті мәліметтер: жағдайы ауыр. Есі анық. Әлсіз, адинамиялы. Қатынасқа көңілсіз түседі. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, суық. Бөртпелер жоқ. Акроцианоз. Көздері «үңірейген». Бет-әлпеті үшкірленген. Тері тургоры төмендеген. Өкпесіндегі тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 110 рет/мин. ҚҚ – 100/70 мм с.б. Тілі қалың жабындымен жабылған, құрғақ. Іші жұмсақ,ауру сезімінсіз, ішке қарай тартылған. Ішектің құрылдауы анықталады. Іш пердесінің тітіркену белгілері жоқ. Нәжісі су тәрізді, түссіз, иіссіз, қосындылары жоқ. 29-шы мамырдың кешінен бастап кіші дәретке бармаған. Лабораторлық мәліметтер: Жалпы қан анализі: эрироциттер – 5,7 х 10*12/л, Нв – 164 г/л, лейкоциттер – 11,2 х 10*9/л, таяқша ядролынейтрофилдер – 6%, сегмент ядролынейтрофилдер– 77%, моноциттер – 5%, лимфоциттер – 12%, ЭТЖ – 13 мм/сағ. Тапсырмалар: 1.Диагнозды негіздеу. Клиникалык корынысьерыне және лабораториялық мәліметтерге сүйене отырып болжамды диагноз Тырысқақ 2.Диагностика жоспарын құрастыру. Бактериологиялық әдіс Серологиялық әдіс – нейтрализация реакциясы, ИФА ПТР 3.Емдеу жоспарын құрастыру. Гиповолемиялық ағымы – патогенетикалық ем- регидратация Гемодинамика қалыпқа келгеннен кейін – этиотропты ем Нормоволемиялық ағымы - – этиотропты ем |