Главная страница

63a1b65d32e8f — копия. Жедел респираторлы аурудан кейін 28 жастаы йелде ра, иын блінетін жтел пайда болды, жтелге бірнеше кннен кейін шырышты аыры осылды.


Скачать 0.64 Mb.
НазваниеЖедел респираторлы аурудан кейін 28 жастаы йелде ра, иын блінетін жтел пайда болды, жтелге бірнеше кннен кейін шырышты аыры осылды.
Дата28.04.2023
Размер0.64 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла63a1b65d32e8f — копия.docx
ТипДокументы
#1096402
страница1 из 4
  1   2   3   4


1

Жедел респираторлық аурудан кейін 28 жастағы әйелде құрғақ, қиын бөлінетін жөтел пайда болды , жөтелге бірнеше күннен кейін шырышты қақырық қосылды . Кеудедегі ауырсыну сезімі, төс артында және екі жауырын арасында "тырналу" сезімі, әлсіздік пайда болды. ТЖ 1 минутта-18 рет. Өкпе аускультациясы кезінде қатты тыныс , құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тоны анық, ырғақты, ЖЖЖ минутына  80 рет.

Қан анализінде: лейкоциттер 7,5 х 10 9 / л, СОЭ 20 мм/сағ.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

  1. Жедел бронхит

  2. Бронх демікпесі

  3. Бронхиолит

  4. Өкпе абсцессі

  5. Ошақтық Пневмония


2

56 жастағы ер адам ЖРВИ-ден кейін пайда болған іріңді-шырышты қақырықпен ұзақ жөтелге, әлсіздік, дененің температурасының 37,8 °с-қа дейін көтерілуіне шағымданады.

Объективті: мұрын-еріндік үшбұрыштың цианозы, саусақ тырнақтарының қалыңдауы байқалады. Аускультация кезінде қатты тыныс алумен қатар, крепитальды діріл естіледі.ТЖ 1 минутта - 20 рет. Жүректің шекаралары қалыпты шектерде. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖЖЖ минутына  85 уд/мин. Іші жұмсақ, ауыртпалықсыз. Алдын ала диагноз: созылмалы бронхит, өршу кезеңінде.

Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы диагнозды растау үшін ең қолайлы?

  1. жалпықананализі

  2. спирография

  3. жалпызәранализі

  4. бронхоскопия

  5. кеуде қуысының рентгенографиясы


3

26 жастағы әйел адам дене температурасының 37,5°C-қа дейін көтерілуіне ,мұрынның бітелуіне, алдымен құрғақ , ауырсынатын жөтелдің пайда болуына, кеуде артында "тырналу" сезіміне шағымданды . 4 күннен кейін жөтелге шырышты қақырық қосылды .

Ауруды салқындап қалумен байланыстырады .

Объективті: өкпеде - қатты тыныс, барлық өкпе өрістерінде құрғақ сырылдар. ТЖ 1 минутта - 18 рет. Жүректің шекаралары қалыпты шектерде, шу жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты.Жүрек соғу жиілігі 78 уд/мин. Іші жұмсақ, ауыртпалықсыз.

Аурудың екінші кезеңінде (қақырық пайда болғаннан кейін) және ұсақ бронхтардың шырышты қабығының басым зақымдалуымен дамыған жедел бронхитті емдеуде қандай дәрі-дәрмектер көрсетілген?

    1. антибиотиктер және детоксикация

    2. қабынуға қарсы

    3. жөтелді басатын

    4. қақырықты сұйылтатын / муколитиктер

    5. бронхоспазмолитиктер


4

30 жастағы ер адам дене температурасының 37,5 С-38 С аралығында көтерілуіне, бас ауруына, құрғақ, ауыр жөтелге шағымданады. Жөтелге бірнеше күннен кейін шырышты қақырық қосылды. Таңертең жөтел күшейе түсетінің , тыныс алудың қиындағанын науқас байқаған . Объективті тексеру кезінде : жағдайы орташа ауырлықта . Терінің қабаттарының бозаруы, мұрын-еріндік үшбұрыштың цианозы, терінің құрғауы байқалады. Дене температурасы 37,5°с. Перкуссия кезінде қораптық перкуторлық дыбыс барлық өкпе аланыңда естіледі. Аускультативті: қатты тыныс , шашыраңқы құрғақ сырылдар, дем шығару кезінде әр түрлі калиберлі ылғалды сырылдар естіледі. ТЖ 1 минутта - 30 рет. Жүректің шекаралары қалыпты шектерде, жүрек тондары анық, ырғақты.Жүрек соғу жиілігі 100 уд/мин. Іші жұмсақ, ауыртпалықсыз. Кеуде қуысының рентгенографиясы: тамырлы компонент пен перибронхиальды өзгерістерге байланысты өкпе тамырларының аймағында өкпе сүйретінің күшеюі байқалады.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал ?

    1. Пневмония

    2. ӨСОА

    3. Бронх демікпесі

    4. Өкпе ісінуі

    5. Жеделобструктивті бронхит


5Әйел адам 30 жаста. Құрғақ жөтелге, әлсіздікке , дене температурасының 7 күн ішінде 38,8°с-қа дейін көтерілуіне шағымданады . Объективті: жалпы жағдайы орташа аурлықта, ТЖ - 20 / мин , екі жақтанда да қатты тыныс естіледі, барлық өкпе өрістерінде құрғақ сырылдар. Жүректің шекаралары қалыпты шектерде, жүрек тондары айқын , ырғақты, шу жоқ. ЖЖС -85 / мин, АҚ 120/80мм.с.б Алдын ала диагноз қойылды : жедел бронхит .

Жедел бронхит үшін бактерияға қарсы терапиядағы біріншілік тандалымдағы антибиотик тобы?

    1. фторхинолондар

    2. нитрофурандар

    3. аминопенициллиндер

    4. аминогликозидтер

    5. монобактамалар


6

46 жастағы әйел жөтел, қызба, ентігу, кеудедегі ауырсыну және тәбеттің жоғалуы туралы шағымдар жасады. Физикалық тексеру кезінде кішкентай көпіршікті сырылдар және жергілікті әлсіреген везикулярлық тыныс алу тыңдалады. Зертханалық зерттеулер: лейкоциттер -1210 9/л. алдыңғы түзу және бүйірлік проекциялардағы кеуде қуысының органдарының шолу рентгенографиясы өкпе тінінің көлеңкесі. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал

  1. Өкпе абсцессі

  2. Бронх демікпесі

  3. Бронхит

  4. Пневмония

  5. Бронхоэктаз


7

Ер адам 60 жаста. Ол тыныс алу тереңдігінде күшейетін шырышты-іріңді қақырықты, бас ауруын, кеудедегі ауырсынуды шығаратын қарқынды жөтелге шағымданады. Объективті: орташа ауырлықтағы жалпы жағдай, қан қысымы 130 / 70мм, жүрек соғу жиілігі-90/мин.қан анализі: лейкоциттер 11, 0 10^9/л, СОЭ - 20мм/сағ. Рентгенография: өкпе тінінің гомогенді күңгірттенуі, зақымданған бөлігінің шекаралары дөңес.

Төмендегі диагноздардың қайсысы мүмкін ?

  1. Жедел бронхит

  2. Крупозды пневмония

  3. Бронх демікпесі

  4. Үлестік пневмония

  5. ӨСОА


8

Ер адам И. екі апта бұрын суық тиді. Жалпы әлсіздік, бас ауруы, ентігу, жөтел қақырық бөлінуіне шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, АД 120 / 80мм, ЖЖЖ - 85/мин, ЧД-20. Аускультация кезінде қатты тыныс алу естіледі. Алдын ала диагноз қойылды: фокалды пневмония. Диагнозды растау үшін зерттеу әдістерінің қайсысы ең қолайлы?

  1. Кеуде бөлімінің КТ

  2. Рентгенография

  3. Бронхоскопия

  4. МРТ

  5. Спирография


9

49 жастағы әйел іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, шаршауға шағымданды. Аускультация кезінде ұсақ көпіршікті сырылдар мен крепитациялар естіледі. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, қан қысымы 130/80, жүрек соғу жиілігі - 83/мин, жүрек соғу жиілігі-30. Қан анализі: лейкоциттер 13 10^9/л, ESR-22мм/сағ. Екі проекциядағы кеуде қуысы органдарының шолу рентгенографиясы өкпе тінінің оң сегментіндегі инфильтрация. Алдын ала диагноз қойылды : сегменттік пневмония.

Дәрі ретінде таңдау ұсынылады?

  1. Амоксициллин

  2. Нитрофурандар

  3. Аминогликозидтер

  4. Монобактамалар

  5. Ацикловир


10

Әйел 35 жаста. Жөтелге, әлсіздікке , дене температурасының 3 күн ішінде 38,5-39°С-қа дейін көтерілуіне, тыныс алу кезінде кеудедегі ауырсынуға шағымдар. Объективті: жалпы жағдайы орташа, ЧД - 20 / мин екі жағынан да тыныс алу қиын, ысылдау жоқ ,жүрек үні айқын , ырғақты, жүрек соғу жиілігі -85 / мин, AD120/80 мм. алдын-ала диагноз: ауруханадан тыс пневмония.

Төмендегі асқынулардың қайсысы ықтимал ?

  1. Өкпе абсцессі

  2. Плевра эмпиемасы

  3. Ателектаз

  4. Пиопневмоторакс

  5. Кардио-васкулярлық синдром


11

Ерадам 55 жаста. Шағымдары: физикалық жүктеме кезінде артатын тыныштық кездегі ентігу, қақырықсыз жөтел. Анамнезінде күніне 1 қорап темекіден шегеді. Спирометрияда: ОФВ1/ФЖЕЛ<0,7.Бірінші кезекте қандай ауру туралы ойлауымыз керек?

  1. Жедел бронхит

  2. Пневмония

  3. Туберкулома

  4. ӨСОА

  5. Өкпекистасы


12

51 жасар әйел, 2 жылдан бері қақырықпен жөтелге шағымданып келді.Анамнезінде: 10 жыл бойы химиялық өндіріс зауытында жұмыс жасаған. Спирометрияда: ОФВ1-72%. Обструкцияның қайтымдылығын бағалау үшін қандай тест өткізу қажет?

  1. FAS тест

  2. Бронходилатациялық тест

  3. ПЦР тест

  4. Алко-тест

  5. ЭКГ


13

Ер адам 64 жасар,ентігуге және әлсіздікке шағымданып келді. Бронхиалды астмамен ауырады.Дифференциалды диагностика үшін оған рентгенография тағайындалған. Физикалық тексеру кезінде кеуде формасы бөшке тәріздес екендігі анықталды. Рертгенографияда қандай өзгеріс байқалуы мүмкін?

  1. Өкпе алаңының қараюы

  2. Өкпе алаңының ауқымды ағаруы

  3. ”Бұлыңғыр әйнек” тәрізді қатаюы

  4. d-1,2мм көптеген ошақтар

  5. d-5,6мм үлкен бір бірімен байланысқан ошақтар


14

60 жасар әйел.Шағымдары: жөтел және ентігу. Созылмалы бронхитпен ауырады. Күніне 1 қорап темекіден шегеді. «АЦЦ» 1 таблеткадан күніне 1 рет қабылдайды. Спирометрияда: ОФВ1/ФЖЕЛ<70% ; ОФВ1<40%. ӨСОА ауырлық дәрежесін

бағалаңыз.

  1. Жеңіл

  2. Орташа

  3. Орташа-ауыр

  4. Ауыр

  5. Өте ауыр

15

Ер адам 38 жасар. Ентігуге,жөтелге,кеуде тұсындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен:зиянды әдеттері жоқ.Физикалық тексеру кезінде тері түсі көкшіл екендігі байқалды.Кеуде формасы бөшке тәріздес.”ӨСОА. Эмфизематозды тип” деген диагноз қойылды. Организмде ненің жетіспеушілігі осы ауруға алып келді?

  1. Альфа-1-антитрипсин

  2. Альфа-амилаза

  3. Аланинаминотрансфераза

  4. Калий

  5. Магний


16

Емханаға, учаскелік дәрігердің қабылдауына 32 жастағы науқас көбінесе түнде басталатын тұтқыр, шыны тәрізді қақырықты жөтел ұстамаларына, ентігуге, жайсыздық сезіміне шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Өкпе аускультациясында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Қақырықтың микроскопиялық талдауы: көп мөлшерде эозинофилдер, Шарко-Лейден кристалдары, Куршман шиыршығы.

Қандай ауру туралы ойлану керек?

  1. бронх демікпесі

  2. бронхоэктатикалық ауру

  3. өкпе обыры

  4. туберкулез

  5. өкпелік жүрек


17

Науқас М. 21 жаста, студент, мұрынның бітелуіне, тұншығу эпизодтарына және тыныс алудың қиындауына, тұтқыр қақырықты жөтелге, жалпы әлсіздікке шағымданады. 2 апта ішінде жағдайы нашарлағанын байқаған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Терісі таза, бозғылт цианотикалық түсті. Перкуссия кезінде қораптық дыбыс байқалады. Аускультация кезінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Жүрек үні таза, ЖСЖ- 81 мин., АҚ 100/70 мм с.б.

Алдымен қандай ауру туралы ойлану керек?

  1. пневмония

  2. өкпе ісінуі

  3. жедел бронхит

  4. бронх демікпесі

  5. альвеолит


18

40 жастағы ер адам поликлиникадағы дәрігердің қабылдауында тыныс алудың қиындауына, аз мөлшерде тұтқыр қақырықты жөтелге шағымданады, соңғы 15 жыл ішінде күніне жарты қорап темекі шегеді. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Науқас орындықтың шетіне қолын созып сүйеніп отырады. Перкуссияда қораптық дыбыс, аускультативті құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, ЧДД - 24 мин.. Жүрек үні ырғақты, минутына 72, АҚ 120/70 мм с.б.

Бұл патологияға қандай препараттарды тағайындау керек:

  1. ААФ тежегіштері

  2. ГКС

  3. тиотропия бромид

  4. Са арнасының блокаторлары

  5. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар


19

33 жастағы әйел емханаға, учаскелік дәрігерге жүгініп, кеудедегі ауырлыққа, айына 2-3 рет түнде пайда болатын тұншығу ұстамаларына және қиын шығарылатын қақырықты жөтелге шағымданады. Соңғы уақытта осындай жағдайлар аптасына 2 рет жиілеп кетті. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық,ТАЖ-22мин. Қан анализінде: лейкоциттер – 7,0×109/л; нейтрофилдер – 53%; лимфоциттер – 23%; эозинофилдер – 12%; ЭТЖ – 10 мм / сағ. Қақырықты жалпы талдау: эозинофилдер – көру аймағында 20-30, Куршман спиральдары, Шарко Лейден кристалдары.

Диагноз қою үшін науқасқа қандай қосымша зерттеу жүргізу керек?

  1. бронхоскопия

  2. қақырықтысебу

  3. спирография

  4. ФГДС

  5. компьютерлік томограмма


20

Науқас К. 22 жаста, емханаға өздігінен басылатын тұншығу эпизодтарына, түнде аптасына 1-3 рет жиілікпен мазалайтын қақырықты жөтелге шағымданып келді. Шағымдар жиі физикалық жүктемеден соң пайда болады.Шамамен 2 ай ауырады. Анасында бронх демікпесі, әкесінде гипертония бар. Тексеру кезінде: науқастың жағдайы орташа. ТАЖ-минутына 19. Перкуссияда – анық өкпелік дыбыс. Аускультация кезінде-аз мөлшерде құрғақ, шашыраңқы сырылдар естіледі.

Дәрі-дәрмектердің қайсысын науқасқа тұрақты қабылдау үшін тағайындау керек?

  1. Будесонид 200-400 мкг/тәул.

  2. Преднизолон тәулігіне 30 мг к /т

  3. Эуфиллин 10мл к/т

  4. Хлоропирамин тәулігіне 2 мг

  5. Амоксициллин 500мг /тәул.


21

Науқас А., 39 жаста, үйіне дәрігер шақырып дене температурасының көтерілуіне, құрғақ жөтелге шағымданады.Ауырғанына екінші күн, дене қызуы 39,1°C-қа дейін көтерілген, өздігінен парацетамол, ибупрофен қабылдаған, жөтелге қарсы амбро ішкен. Эпид.анамнез: шетелге шықпаған, жұмыс бабымен басқа қалаларға жиі барады. Соңғы рейс бір апта бұрын болды. Тексеру кезінде жағдайы орташа ауырлықта, температурасы 37,6°с, пульс - 89 уд/мин, ырғақты, АД 120/80 мм.рт.ст., ТАЖ 20 мин. Терісі таза. Жұтқыншақ гиперемияланған, артқы қабырғасы түйіршектелген, тілі ақ жабындымен жабылған. Аускультативті өкпеде қатты тыныс, сырыл жоқ.

Сіздің болжамды диагнозыңыз?

  1. бронх демікпесі

  2. бронхоэктатикалық ауру

  3. өкпеобыры

  4. ӨСОА

  5. короновирусты инфекция


22

71 жастағы ер адам үйіне емхананың мобильді тобына дене қызуы 40,1°C-қа дейін көтерілуіне, дененің ауыруы, дәм мен иіс жоғалуына, құрғақ жөтелге, "ауа жетіспеушілігі" сезіміне, қатты бас ауруына шағымданады. Канададан келген немересімен байланыста болды. Өмір тарихы: созылмалы аурулар: 2 типті қант диабеті. Науқасты қарау кезінде: жағдайы ауыр, интоксикация, температурасы - 40,5°C, Sp0 – 94. Пульс минутына 110 соққы, ырғақты. АД-100/60 мм.сын.аускультативті өкпеде құрғақ сырылдар естіледі.

Диагноз қою үшін науқасқа қандай зерттеу жүргізу керек?

  1. бронхоскопия

  2. қақырықтысебу

  3. спирография

  4. ФГДС

  5. КТ


23

НауқасА., 20 жаста, поликлиниканың фильтрына келіп, дене қызуы 38°С-қа дейін көтерілуіне, құрғақ жөтелге шағымданады. Төртінші күн ауырады, парацетамол мен ибупрофенді өзбетінше қабылдаған..Эпид.анамнез: шетелге шықпаған. Тексеру кезінде жағдайы орташа ауырлықта. Температура 37,4°С, пульс - 96 уд/мин, ырғақты, АД 120/80 мм.рт.20 / мин. тері таза. Жұтқыншақ гиперемияланған, артқы қабырғасы түйіршектелген, тілі ақ жабындымен жабылған. Аускультативті өкпеде қатты тыныс, сырыл жоқ.

Қандай бастапқы зерттеу жүргізу керек?

  1. ПТР

  2. КТ

  3. спирография

  4. бронхоскопия

  5. ФГДС


24

68 жастағы науқас ер адам үйіне емхананың мобильді тобына дене қызуы 40,1°C-қа дейін көтерілуіне, дененің ауыруы, дәм мен иіс жоғалуына, құрғақ жөтелге, "ауа жетіспеушілігі" сезіміне, қатты бас ауруына шағымданады. Канададан келген немересімен байланыста болды. Өмір тарихы: созылмалы аурулар: 2 типті қант диабеті. Науқасты қарау кезінде: жағдайы ауыр, интоксикация, температурасы - 40,5°C, Sp0 – 94. Пульс минутына 110 соққы, ырғақты. АД-100/60 мм.сын.аускультативті өкпеде құрғақ сырылдар естіледі.

Covid-19 үшін ПТР нәтижесі оң. КТ көрінісі: 50% зақымдануға дейін ауруханадан тыс екі жақты полисегментальды пневмония. Терапияның қай түрі бірінші кезекте?

  1. инфузиялық

  2. симптоматикалық

  3. бронходилататор

  4. оттегі

  5. этиотропты


25

42 жастағы науқас Ж. дәрігерді үйге шақырды. Туыстарының айтуынша, кенеттен ауырған, дене қызуы 41°C дейін көтерілген, қатты бас ауруы, әлсіздік, жүрек айну, бір рет құсу, диарея, суық, жабысқақ тер пайда болды. Екінші күні теріде қатты қарақызғылт түсті бөртпе пайда болған. Аурудан бір апта бұрын ол демалыстан оралды. Тексеру кезінде: науқас саналы, бірақ адинамиялы, летаргиялық. Тері бозғылт, төменгі аяқтардың терісінде геморрагиялық бөртпе. Өкпеде тыныс әлсіреген сырылдар естілмейді, ентігу – минутына 36, жүрек үні саңырау, ырғағы дұрыс, пульсі жіп тәрізді – 102 уд/мин., қан қысымы 50/0 мм. рт. Олигурия. Қанның жалпы талдауы: лейкоциттер– 24109 /л (э 1%, п-2%, сегм. - 68%, лимфа - 15%, м – 12%), ЭЖЖ-32 мм/сағ.

Қандай асқынуды болжауға болады?

  1. сепсис

  2. ИТШ

  3. ОДН

  4. пневмония

  5. менингит



26

46 жастағы ер адам бассейнге анықтама алу үшін поликлиникаға жалпы тәжірибе дәрігеріне жүгінді. Тексеру деректері: салмағы 92 кг, бойы 179 см, 7 жыл бойы күніне 2 қорап темекі шегеді, қалыпты физикалық белсенділікпен айналысады, жиі жүйке-эмоционалды шамадан тыс жүктеме. "Д" есебінде тұрмайды. Әкесі 52 жасында миокард инфарктісінен қайтыс болды. Физикалық және эмоционалды шамадан тыс кернеумен байланысты жүрек аймағында сирек болатын қысқа мерзімді түйіліп ауырсынуды атап өтеді. Физикалық тексеру кезінде патология анықталған жоқ. Бірінші кезекте қандай тексеру жүргізу керек?

  1. Қандағы тропонин

  2. Холтер-мониторинг

  3. ЭКГ

  4. Қан сарысуындағы холестерин

  5. Жалпы зәр анализі.


27

60 жастағы ер адамды таңертең жүрек аймағындағы 30 минуттан астам уақытқа созылатын қатты қысу ауруы, кез келген жүктемеден кейін аралас ентігу, өлімнен қорқу сезімі мазалайды, жалпы әлсіздік. Жеңіл ӨСОА «D» есебінде тұрады. Объективті: жағдайы өте ауыр. Басты жоғары көтеріп мәжбүрлі позицияда отыр. Терісі бозғылт, ылғалды. Өкпенің екі жақтан төменгі бөліктерде ұсақ және орташа везикулярлы сырылдар естіледі. ЖСЖ 117/мин, АҚ – 100/70 мм с.б.б. Бауыр қабырға доғасының шетінде. Ісіну жоқ. ЭКГ – I, AVL, V5-6 жетекшілерінде Q тісшесі және ST сегментінің депрессиясы байқалады.

Ең ықтимал алдын ала диагноз қандай?

  1. ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

  2. Астматикалықкүй

  3. Ауруханадантыстөменаймақтық пневмония

  4. Сол жақ қарыншаның бүйір қабырғасының Q-инфаркт миокарды

  5. өкпе артериясының тромбоэмболиясы



28
  1   2   3   4


написать администратору сайта