Главная страница
Навигация по странице:

  • Масштабы 1:5000 топографиялық карта бойынша берілген учаскенің аумағында палетканың 23 квадраты шықты, квадрат қабырғасының ұзындығы 5 мм тең, берілгін учаскенің ауданын анықтаңыз

  • Номенклатурасы L-42-ХІ топографиялық карта парағының көршілес парақтарының номенклатурасын көрсетіңіз. 1

  • Оптикалық теодолитті түсіру жұмыстарына дайындау тәртібін көрсетіңіз

  • Оптикалық нивелирді түсіру жұмыстарына дайындау тәртібін көрсетіңіз.

  • Румб және дирекциондық бұрыш туралы түсініктерге сипаттама беріңіз

  • Топография мен геодезияның шаруашылықтағы маңыздылығы туралы сипаттама беріңіз.

  • Масштаб және оның түрлеріне жалпы сипаттама беріңіз

  • Топография мен геодезияның даму тарихына қысқаша сипаттама беріңіз

  • Жердің көлемі мен пішіні туралы түсінік беріңіз.

  • Топографиялық карта бойынша ара қашықтықты өлшеу тәсілдерін түсіндіріп көрсетіңіз.

  • Топографиялық карта бойынша палетканың көмегімен ауданды өлшеу тәсілін түсінідіріп беріңіз

  • Географиялық азимут туралы түсінік беріңіз.

  • Масштабы 1:1 000 000 топографиялық карта парағының номенклатурасын анықтау схемасын көрсетіңіз.

  • Ф.Н. Красовскийдің референц-эллипсоиды туралы түсінік беріңіз.

  • емт сұрақ Топогр геод негізд гео. Жергілікті жерде сызытарды зындыы 1565 м 2068 м 1830 м, масштабы 1 25000 топографиялы картадаы ашытытарды анытаыз


    Скачать 17.63 Kb.
    НазваниеЖергілікті жерде сызытарды зындыы 1565 м 2068 м 1830 м, масштабы 1 25000 топографиялы картадаы ашытытарды анытаыз
    Дата20.12.2018
    Размер17.63 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаемт сұрақ Топогр геод негізд гео.docx
    ТипДокументы
    #61159

    15

    Жергілікті жерде сызықтардың ұзындығы: 1565 м; 2068 м; 1830 м, масштабы 1:25000 топографиялық картадағы қашықтықтарды анықтаңыз.

    1

    16

    Масштабы 1:5000 топографиялық карта бойынша берілген учаскенің аумағында палетканың 23 квадраты шықты, квадрат қабырғасының ұзындығы 5 мм тең, берілгін учаскенің ауданын анықтаңыз.

    1

    17

     Геометриялық нивелирлеуде бірінші пикеттің абсолюттік биіктігі 520,93 м, екінші пикеттің абсолюттік биіктігі 518,25 м, пикеттер арасындағы қашықтық 100 м, берілген учаскенің ылдилығын (еңістігін) анықтаңыз.

    1

    18

    Номенклатурасы L-42-ХІ топографиялық карта парағының көршілес парақтарының номенклатурасын көрсетіңіз.

    1

    19

    Оптикалық теодолитті түсіру жұмыстарына дайындау тәртібін көрсетіңіз.

    1

    20

    Оптикалық нивелирді түсіру жұмыстарына дайындау тәртібін көрсетіңіз.

    1

    21

    Румб және дирекциондық бұрыш туралы түсініктерге сипаттама беріңіз.
    Карталар мен пландар координаталардың зоналық тік бұрышты жүйесінде жасалатындықтан, геодезияда дирекциондық бұрыштар жиі қолданылады. Дирекциондық бұрыш (α) деп осьтік меридианның солтүстік жағынан сағат тілінің бағытымен бір нақты сызыққа дейінгі горизонталь бұрышты айтады. Дирекциондық бұрыштар азимуттар сияқты 0º- тан 360º-қа дейін өзгереді. Әрбір сызықтың түрлі нүктелеріндегі дирекциондық бұрыш А азимутпен салыстырғанда тұрақты болып қалады. АВ бағытының а дирекциондық бұрышы тура, ал ВА бағытының дирекциондық бұрышы кері бұрыш деп аталады.

    яғни кері дирекциондық бұрыш тура дирекциондық бұрышпен 180°-тың қосындысына тең. Практикада а>180° болған кезде, кері дирекциондық бұрышты мына формуламен анықтаған қолайлы: .

    Сызықтарды бағдарлау және өлшеу нәтижелерін өңдеу кезінде румб деп аталатын сүйір бұрыш пайдаланылады.Шамасы 0º-тан 90º- қа дейін өзгеретін осьтік меридианның солтүстік не оңтүстік жағынан екі жаққа қарай бір нақты сызыққа дейін есептелетін сүйір бұрышты румб дейді.Дирекциондық бұрыштарды румбтарға (таблицалық бұрыштарға) аударғанымыз, тригонометриялық функциялардың 0º-тан 90º аралығындағы кестелік нақтылы мәндерін пайдалануға мүмкіндік береді.Әрбір ширекте румбтар мен дирекциондық бұрыштар арасында мынадай байланыстар болатынын көреміз.Румбтар 0°-тан 90°-қа дейін өзгереді және әрбір ширектегі шамасы бірдей болуы мүмкін. Бағытты бір мәнде анықтау үшін румбтың сандық мәнінің алдында ширектің аты көрсетіледі. Мысалы: СШ (солтүстік-шығыс), ОШ (оңтүстік-шығыс), ОБ (оңтүстік-батыс), СБ (солтүстік-батыс).


    Мысалы, дирекциондық бұрыш a=230010' делік. Алдымен осы бағыттың қай ширекте жатқанын анықтаймыз, яғни III ширек (ОБ).

    2

    22

    Топография мен геодезияның шаруашылықтағы маңыздылығы туралы сипаттама беріңіз.
    Геодезияның ғылыми зерттеулерде, жерді үйлестіруде, маркшейдерлік істе, құрылыста, еліміздің әскери қорғанысында маңызы.Геодезияның халық шаруашылығының түрлі-түрлі салалары үшін практикалық үлкен маңызы бар. Мәселен, геодезиялық өлшеулер жолдар, каналдар, жерасты құрылыстары (метро, кабельдер, құбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілер) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы кен орындарын барлау және пайдалану кездерінде кең қолданылып келеді. Геодезия жер иегерлерін орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау және т. б. үшін пайдаланылады.Қолданбалы немесе инженерлік геодезия іздеулер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, жабдыктарды құрастыру, сонымен қатар еліміздің табиғат байлықтарын пайдалану кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда геодезиялық әдістері кең пайдаланылады, ал кейбір жағдайларда оны өз тәсілдері мен құралдары арқылы шешеді.Геодезия жерді орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, әскери операцияларға талдау жасау және тағы да басқалары үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде "ОР5" спутниктік навигация жүйесінің пайда болуына байланысты жер бетіндегі нүктелердің үш өлшемді координаталарын анықтау тез және жоғары дәлдікпен орындалатын болды. Геодезиялық түсірулерді жүргізу мақсатымен жетілдірілген электрондық тахеометрлер, сандық нивелирлер, лазерлік рулеткалар және тағы да басқалары шығарыла бастады. Осыған орай геодезия ғылымында инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жургізудің технологиясы мен әдістері біршама езгеруде. Геодезияның, картографияның , аэротүсірудің, электрониканыц және ғарыш геодезиясының соңғы жетістіктері инженерлік объектілерді жобалаудың, салудың және пайдаланудың автоматтандырылған жүйесінің жаңа технологиясын жасауға және оған өтуге мүмкіндік тудыруда.

    2

    23

    Масштаб және оның түрлеріне жалпы сипаттама беріңіз.

    Жер бетін планда немесе картада кескіндегенде жер контурының горизонталь проекцияларын табиғи шамасымен бірме-бір көрсету мүмкін емес. Демек, план немесе карта жер контурының горизонталь проекцияларының кішірейген кескінін береді. Пландағы, яғни картадағы кесінді ұзындығының жердегі тиісті кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы деп аталады. Масштаб: 1:500, 1:1000, 1:10000, 1:50 000 және т.с.с. алынады. Осындай масштаб сандык, масштаб деп аталады, онын бөлімі жердегі сызықтардың план мен картада кескіндеу кезінде каншалықты кішірейгенін көрсетеді. Мәселен, 1:1000 масштаб планда барлық ұзындық өлшемдер 1 000 есе кішірейгенін, яғни пландағы 1 см жердегі 10 м-ге сәйкес келетінін көрсетеді. Масштаб әрбір план мен карта бетінің рамкасынын. онтүстік қабырғасының астында сандық (сандық масштаб) және графикалық (сызықтық масштаб) түрде көрсетіледі. Сандық масштабты біле отырып, картада жердегі өлшенген кесіндінін ұзындығын, керісінше картадағы ара қашықтыкты өлшеп, онын. жердегі шамасын табуға болады. Мысалы, егер жердегі горизонталь ара қашықтығы 145,3 м-ге тең (яғни, 1 см 10 м-ге тең) кесіндінің масштабы 1:1 000, пландағы ұзындығы 145,3: 10=14,53 см. Егер картадағы кесіндінің ұзындығы 9,13 см, ал картаның масштабы 1:10 000 (яғни 1 см – 100 м) болса, онда жердегі сызықтың горизонталь ара қашықтығы 9,13-100 = 913 м болады. Планды не картаны жасағанда жердің әрбір сызығының ұзындықтарын әрдайым бір санға кішірейту қажет; оған сызықты масштабты пайдаланған кезде қол жеткізуге болады. Сызықтық масштаб масштабтың негізі деп аталып, мысалы, әрбір 1–2 см сайын тең кесінділерге бөлінген тік сызық болып табылады. Мұндағы шеткі сол жақтағы кесіндіні әдетте 10 тең бөлікке бөледі. Сызықтық масштабтағы әрбір кесіндіге жердегі белгілі бір кесінді сәйкес келеді. Нөлдік сызықшадан оңға карай салынған кесінділер 1 : 2 000 масштабта жердегі 20, 40, 60, 80, 100, 120, 140, 160 м-ді, ал солға қарай 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20 м-ді көрсетеді. Масштабтағы аb кесіндісіне жердегі 88 м ұзындығы сәйкес келеді. Сызықтық масштабтың көмегімен 0,5 мм дәлдікпен ара қашықтықты өлшеуге және салуға болады. Ара қашықтықты өте дәлдікпен аныктау үшін көлденең масштабты қолданады. Көлденең масштаб кесінділерді пропорционал бөлуге негізделген график болып табылады. Көлденең масштабты салу үшін түзуге бірнеше рет 2 см-лік кесіндіні салады, ол масштабтың негізі деп аталады. Бөлінген нүктелерден перпендикуляр тұрғызылады. Масштабтың негізіне параллель тең аралықта перпендикуляр арқылы түзулер жүргізіледі. Масштаб негізінің шеткі сол жақтарын жоғарыдан және төменнен 10 бөлікке (2 мм-ден) түзулермен қосады. ВЕ сызығына параллель көлбеу сызықтардың арасындағы кесінділер АВ табанының оннан бір бөлігіне тең болады, яғни ЕD= АВ /10, ал ВD перпендикуляры мен ВЕ көлбеуінің арасында жатқан кесінділер масштаб табанының жүзден бір бөлігіне тең, Сірә, осы кесінділердің ең кіші (t) ЕD кесіндісінен 10 есе кем, яғни . Осындай масштаб нормальды жүздік көлденең масштаб деп аталады. Көлденең масштабты қолданып өлшеу жүргізу алдында оның негізгі бөліктері жердегі қандай ара қашықтықтарға сәйкес келетінін анықтау, яғни 2 см, 2 мм, 0,2 мм план масштабынын бөліміне көбейтілгенде неге тең болатынын білу қажет. Мысалы, 1 : 5000 масштабтағы план үшін – 100 м, 5 м, 0,5 м. Өлшеу кезінде циркуль арасының инесін диаметрі 0,1 мм шеңбер ретінде қабылдауға болады. Осы шамадан кем кесінділерді сызбаға түсіру іс жүзінде мүмкін емес. Планның 0,1 мм нақты масштабына сәйкес келетін жердегі ара қашықтық масштабтың дәлдігі деп аталады. Мысалы, масштабтары үшін олардың дәлдігі 0,05 м, 0,1 м, 0,2 м, 0,5 м, 1,0 м-ге тең. Демек, осы көрсетілген кесінділерден кем кесінділер берілген масштабтағы планда кескінделмейді.

    2

    24

    Топография мен геодезияның даму тарихына қысқаша сипаттама беріңіз.
    Геодезия көне ғылымдардың бірі болып табылады. Оның даму тарихы ежелде жер бетін шаруашылыққа пайдалану қажеттігі туған кезде басталды. Қоғам тарихының әр дәуірінде жермен шұғылдану дәрежесі де әртүрлі сатыда болып келді.Жер өлшеу үшін әдістерімен ірі құрылыстардың көрнекті ескерткіштері дүние жүзінде бірнеше жерлерде бар. Мысалы, біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда Ніл өзенінің бойында салынған суару жүйелері мен каналдарда геодезиялық өлшеулер қолданылған. Ежелгі Мысыр (Египет) елінде орасан зор құрылыстар салынған. Ал Египет патшаларының өздері тірі кездерінде салғызған пирамидаларының ішіндегі ең үлкені – Хеопс пирамидасының төрт қырының әрқайсысы 230,13 метрден де, ал бір-бірінен айырмашылығы 2 см-ден аспайды. Египет пирамидалары «Әлемнің жеті кереметінің» бірі болып саналады. Мұндай құрылыстарды салу, арнаулы геодезиялық өлшеулерсіз жүргізілуі мүмкін емес.

    Біздің заманымыздан IV ғасыр бұрын өмір сүрген грек математигі Евдем «Жерді өлшеу нәтижесінде египеттіктер геометрия ғылымын ойлап шығарды» - деп жазды. Жер өлшеу өнерін египеттіктерден үйренген гректер, оны алғашқы кезде «геометрия» деп атады. Геометрия заңдары жер өлшеуде әрдайым қолданылады, барлық ғылымдарға ұстаздық еткен ұлы ғалым – Аристотель өлшеу ғылымын геометриядан бөліп айту үшін оны «геодезия» деп атаған.
    ІІІ ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратофен градустық өлшеулердің көмегімен жер радиусін анықтаған.

    Бұдан кейін геодезия Үндістанда, Орта Азияда, Араб елдерінде дамыды. Дүние жүзінде осы күнге дейін сақталып қалған ірі құрылыстар қатарында жататындар:Үндістанда – Анрагута, Қытайда – Ұлы қорған (қабырға), Жапонияда – Тодайдзи, Индонезияда – Боробудудр, Арабияда – Құдыс, Медина, Бағдат. Кейінгі Ақсақ темір заманынан бастап салынған тамаша құрылыстар қатарына жататындар: Шахи-Зинда, Тадж-Махал, Хожа-Ахмед Яссауи мавзолейі, Ұлықбек обсерваториясы, т.б.

    Айтылған құрылыстар сол дәуірде жоғарғы дәрежелі мәдениеттің болғанын дәлелдейді. Жоғарғы мәдениеттің қалыптасуына жер өлшеу ғылымы да өзіндік рөл атқара отырып, сол мәдениеттің арқасында өзі де дамып жетілді.Араб мәдениетінің дамыған кезінде Аристотельен кейінгі дүние жүзінде білім мен мәдениеттің «екінші ұстазы» атанған, данышпан, энциклопедист, ғалым Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 ж.ж.) геодезия ғылымы, геодезиялық оптикалық аспаптар жөнінде өзінің «Ғылымдардың тізбегі» атты еңбегінде былай деген: «Геодезия ғылымы арқылы адамзат алыс орналасқан, көз жетпейтін заттардың мөлшерін, шамасын бір зат пен екінші заттың ара қашықтығын, биіктігін, теңдігін, (мысалы: ағаштың, үйдің биіктігін, өзеннің тереңдігін) анықтауға болады. Кейде қателеспес үшін өлшеулерде әртүрлі оптикалық аспаптар қолданылады» деген. Ал «Алмагеске түсініктеме» атты кітабының «Сфералық астрономия» деген тарауында, астрономия мен география мәселелерін математикалық жолмен шешудің жеңіл әдістерін ұсынады. Мысалы, Айдың радиусін, жер бетінің ендігі мен бойлығы, Ай мен Жердің ара қашықтығын, Айдың паралаксін, өлшеулер жайлы Орта азия мен Шығыстың ұлы ғалымы Абу Райхан Бируни (973-1050 ж.ж.) үлкен мұра қалдырды. Г.Галилей жасаған көру дүрбісінің «1609 ж.! Көмегімен жүргізілген геодезиялық өлшеулердің дәлдігі жоғары болды. XYII ғасырда И.Ньютон ашқан бүкіл әлемдік тартылыс заңының көмегімен жердің шар емес, айналу осінің бағыты бойынша сығылған эллипсоида екенін дәлелдейді.

    2

    25

    Жердің көлемі мен пішіні туралы түсінік беріңіз.
    Күннен қашықтығы — 150 млн км.

    Орбитадағы айналу жылдамдығы — 29,8 км/с.

    Орташа тығыздығы — 5,5 • 103 кг/м3.

    Күнді айналу ұзақтығы — 365 тәул. 6 caғ.

    Табиғи серігі — Ай.

    Массасы — 6 • 1024 т.

    Радиусының орташа ұзындығы — 6371 км.

    Экваторының ұзындығы — 40075,7 км.

    Меридианының ұзындығы — 40008,5 км.

    Жер бетінің жалпы ауданы — 510 млн км2.
    Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5,975•1021 т, орташа тығыздығы 5,517 г/см³, көлемі 1,083 млрд. км³, ауданы 510,2 млн. км², сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4,5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген.


    2

    26

    Топографиялық карта бойынша ара қашықтықты өлшеу тәсілдерін түсіндіріп көрсетіңіз.
    Инженерлік есептерді шешуде бедер бейнесі біріншіден, жергілікті жердегі нүктенің биіктігін керекті дәлдікте алу, беткейдің тіктігі мен еңістік бағытын білу және екіншіден, жергілікті жердің ландшафттық көрінісін бейнелеуі қажет.Жер беті топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер және биіктіктерді жазу арқылы кесінделеді.Жер бетінде горизонтальді Жердің физикалық бетінің деңгейлік бетпен қиылысқандағы пайда болатын белгі із ретінде елестетуге болады.Мысалы, егер тыныштық күйде тұрған сумен қоршалған төбені елестетсек, онда судың жағалау сызығы горизонталь болып табылады.

    Мысалы, деңгейлік бетпен салыстырғанды су деңгейінің биіктігі 110 м болсын. Енді су деңгейі 5 м төмендеді және жайылымның бір бөлігі сусыз қалды деп елестетейік. Яғни судың беткі бөлігі мен жайылымның қиылысқан жерінің қисық сызығы 105 м биіктіктегі горизонтальға сәйкес келеді.Егер осылайша судың деңгейін 5 м азайтып, су беті мен жер бетінің қиысуы нәтижесінде пайда болған қисық сызықтарын горизонталь жазықтыққа кішірейтіп жобаласақ, онда жергілікті жердің жазықтықта горизонтальдармен бейнеленген бедерін аламыз.Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық тұйық сызықтар горизонтальдар деп аталады.
    Инженерлік есептерді шешуде, горизонтальдардың мынадай қасиеттерін білу қажет:
    Бір горизонтальдың бойында жатқан барлық нүктелердің биіктіктері бірдей болады.
    Тұйықталған горизонталь төбе не қазаншұңқырларды білдіреді.Оларды бергштрихтер немесе жазулар арқылы айыруға болады.
    План мен карталардағы горизонтальдар үздіксіз болуға тиісті.
    Горизонтальдар бір-бірімен қиылыспайды.
    Горизонтальдар арасындағы қашықтықтар еңістің қаншалықты құлама екенін білдіреді.Рельефтің ерекше нүктелеріне таудың төбесі, шұңқырдың түбі, жоталардың ең төменгі және жоғарғы нүктелері жатады.Горизонтальдарға перпендикуляр етіп жүргізілген кішкене сызықшалар – бергштрихтар беткейдің бағытын көрсетеді. Тауды, жотаны бейнелегенде бергштрихтар горизонталь бұрылысының сыртынан, ал қазаншұңқырлар мен өзектерді бейнелегенде, горизонталь бұрылысының ішінен қойылады.Карталарға горизонтальдардың биіктігі өрлеу бағытына бағытталып жазылады.

    Горизонтальдардың пландағы арақашықтығын салынды табан деп атайды.Егер горизонтальдар бір-біріне жақын жатса, яғни салынды қысқа болса, беткейдің тік болғаны, ал аралары бір-бірінен алыс болса, онда беткейдің жатық болғаны.Іргелес орналасқан горизонтальдар биіктігінің айырмашылығын қима биіктігі деп атайды.Рельефтің қима биіктіктері карта мен пландардың масштабы мен рельефтің күрделілігіне байланысты .

    Жер бедерінің халық шаруашылығының қай саласына болсын тигізетін әсері өте зор.Әсіресе тау-кен жұмыстарын ашық әдіспен жүргізгенде, жер бедерінің ерекшеліктерін ескермеуге болмайды.Инженер мамандар жер бедерінің түрлерін айырып, құрылыстарды жобалауда, кеніштерді салуда оларды дұрыс та нәтижелі пайдалана білуі қажет.

    2

    27

    Топографиялық карта бойынша палетканың көмегімен ауданды өлшеу тәсілін түсінідіріп беріңіз.
    Аудандарды анықтаудың әдістері анықталатын жер контурының түрі мен көлеміне, қолдағы план мен картаға, геодезиялық мәліметтерге, шешілетін инженерлік – техникалық және пландық – экономикалық есептердің қажетті дәлдігіне байланысты таңдалып алынады. Жерге орналастыру мәселелерін шешуде аналитикалық, механикалық және графикалық әдістері қолданылады.

    Аудандарды палетка арқылы анықтауға да болады. Палетка дегеніміз бетіне квадраттар немесе параллель сызықтар сызылған мөлдір қағаз. Палетка торының көлемін карта масштабына сай етіп алып, анықталатын учаскенің үстіне салады да, контур ішіндегі палетка торларының санын есептейді. Бұл тәсілдің кемшілігі шеткі квадраттар көлемінің көзбен анықталуында.

    Ал параллель сызықтардан тұратын палетканы пайдаланғанда, трапецияның ортаңғы сызықтары ,… - циркуль өлшегенде немесе масштабты сызғыш арқылы өлшенеді. Содан кейін ол сызықтар қосындысын параллель сызықтар арақашықтықтарына көбейтеді, яғни S=a(+…)=a

    Кесінділердің қосындысын сызық ұзындықтарын карта мен пландар өлшейтін курвиметр деген аспап арқылы анықтауға болады.Ол үшін курвиметрдің дөңгелегін өлшенетін сызық бойымен жүргізіп отырып, курвиметр циферблатынан алынған бастапқы және соңғы есептердің айырмашылығынан кесінділердің қосындысын сантиметрге алады.

    2

    28

    Географиялық азимут туралы түсінік беріңіз.
    Геодезиялық барлау жұмыстарын атқарған кезеңде көбіне жүру маршрутын, яғни жер бетіндегі түсіру жұмыстарының бағытын бағдарлауға тура келеді. Жердегі сызықты бағдарлау дегеніміз, оның бағытын бастапқы бағыт арқылы табу. Геодезияда бастапқы бағыт ретінде меридиан пайдаланылады. Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретінде негізгі азимуттар, магниттік азимуттар және дирекциондық бұрыштар қызмет етеді. Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат тілінің бағыты бойымен 0°-тан 360°-ка дейін өлшенеді. Негізгі азимут деп (9-сурет), сағат тілінің бағыты бойымен бастапқы (географиялық) меридианның солтүстік бағытынан осы белгілі бір алынған бағытқа дейінгі есептелетін горизонталь бұрышты атайды.Қандай да бір АВ сызығының А нүктесінде анықталатын азимут тура азимут деп, ал В нүктесінде анықталған азимут кері азимут деп аталады. Тура және кері азимуттар арасындағы байланыс мына формуламен өрнектеледі: Лк = Лт + 180°+ү,

    мұндағы ү — меридиандардың жақындасуы, яғни меридиан мен абсцисса осіне немесе осьтік меридианға параллель сызық арасында берілген бұрыш. Бұл бұрыштың мәні берілген нүктедегі әр зонаның осьтік меридианынан қашықтауына байланысты болады, әрі 0°-тан 3°-қа дейін ауытқуы мүмкін. Меридиандардû» жақындасуын мына формула бойынша анықтауға болады: мүндағы l —нүктелер арқылы өтетін меридиандар бойлығының айырмашылығы; - сызықтың орташа геодезиялық ендігі. Сызықты азимут бойынша бағдарлау кезінде меридиандар жақындасуын есепке алу қажеттілігі даладағы өлшеулерді өңдеуді қиындатады, сондықтан азимуттар көбінесе жоғары геодезияда қолданылады. Магниттік азимут деп, сағат тілінің бағыты бойымен магниттік меридианныц солтүстік бағытынан (магнит тілінің солтүстік шетінен) белгілі бір алынған бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрышты атайды. Магниттік азимуттар компаспен немесе буссольмен өлшенеді: . Егер шығыс бұрылуды оң деп, ал батыс бұрылуды теріс деп қабылдасақ, онда екі жағдайда да мынаны шығарып аламыз: мұндағы бш , 66 —магнит тілінің сәйкесінше шығыс және батыс бұрылулары.

    Магниттік азимуттан негізгі азимутқа көшу үшін магнит тілінің бұрылуьгның шамасын және атын (шығыс немесе батыс) білу қажет. Магниттік азимутты Ам, яғни негізгі азимут магниттік азимут пен магнит тілінің бұрылуының қосындысына тең. Жер бетінің әрбір нүктесінде магниттік бұрылудың шамасы әр түрлі және 500 жылға жуық кезең ішінде магнит тілі өзінің орнынан шамамен 22,5°-қа екі жаққа ауытқиды. Демек, сызықты магниттік меридиан бойынша бағдарлау тек қана жер бетінің шағын учаскелерінің пландарын жасаған кезде ғана қолданылады. Карталар мен пландарды координаталардың зоналық жүйесінде жасаумен байланысты, геодезияда дирекциондық бұрыш жиі қолданылады. Егер М2 нүктесінде сызықтың бағыты Л2 азимутымен емес а горизонталь бұрышымен анықталса және ол азимут сияқты сағат тілінің бағыты бойымен, бірақ нақты бір М2 нүкте меридианынан емес, дұрысында меридианға параллель бағыттан кез келген нүктеде, мәселен М1нүктесінде есептелсе, онда мұндай бұрыш дирекциондық бұрыш деп аталады.


    2

    29

    Масштабы 1:1 000 000 топографиялық карта парағының номенклатурасын анықтау схемасын көрсетіңіз.

    Топографиялық карталар шағын территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол сызық, ал беттің белгісін номенклатура деп атайды. Топографиялық карталардың әрбір беті трапеция болып табылады оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан.Картаның номенклатурасы негізінен 1:1000 000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Гринвич меридианынан бастап,жер шарын 6°-тық бойлық бойынша меридиандармен бөлсек, зоналар шығады.Егер зоналарды нөмірленуді Гринвич меридианынан бастамай, бойлығы 180°-тық меридианнан бастап, сағат тілінің бағытына қарсы нөмірлесе, оны колонна деп атаймыз.Сонда әрбір зона нөмірі мен оған сәйкес колонна нөмірінің айырмашылығы – 30-ға тең болмақ.Яғни 37-колонна 7-зона, ол 43-колонна 13-зона болып кете бермек.
    4° сайын жүргізілген параллельдер экватордан бастап латын алфавитінің бас әріптерімен солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай белгіленеді, яғни жер эллипсоидында трапециядан тұратын картографиялық тор құрылып,әрбір трапеция қатарлары әріппен және колонна нөмірімен белгіленеді.Мысалы, Москва N-37 трапециясында, ал Алматы К-43 трапециясында орналасқан.Бұл трапециялар картаға 1:1000000 масштабпен салынған.1:500000 масштабтағы картаны алу үшін әрбір миллиондық трапецияны меридианмен параллель арқылы төрт бөлікке бөліп, әрқайсысын А,Ә,Б,В,Г әріптерімен белгілейді. Бөлетін трапециямыздың номенклатурасы K-43-A,K-43-Б т.б. болады.

    2

    30

    Ф.Н. Красовскийдің референц-эллипсоиды туралы түсінік беріңіз.
    Жер эллипсоидының көлемін әр елдің ғалымдары бірнеше рет анықтады. 1946 жылға дейін бұрынғы Одақта неміс ғалымы Ф. В. Бессель 1841 жылы есептеп шығарған жер эллипсоидының көлемі қолданылды (а=6377397 м, Ь = 6356079 м, а=1:299,2).
    1940 жылы жер эллипсоидының көлемін Ф. Н. Красовский мен А.А.Изотовтардың басқаруымен орыс ғалымдары үлкен дәлдікпен анықтады. (а=6378245 м, 6 = 6356863 м, а = 1298,3).
    Алынған бұл өлшемдер 1946 жылы Кеңес Үкіметінің қаулысы бойынша, еліміздің барлық геодезиялық және картографиялық жұмыстары үшін қабылданып алынып, Красовский эллипсоиды деп аталатын болды.Осы орайда айта кететін бір жай, кейбір елдерде геодезиялық өлшеулер нәтижесінде шығарылған өз эллипсоидтары қолданылады.Олар сол немесе бірнеше елдің территориясын толық не ішінара қамтиды.Мұндай эллипсоид референц-эллипсоид деп аталады.Сонымен, референц-эллипсоид дегеніміз – нақты бір елде геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын, жер денесінде белгілі түрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған эллипсоид.
    Қазіргі кезде Красовскийдің референц-эллипсоиды тек Ресейде ғана емес, бүкіл ТМД және Батыс Еуропаның бірнеше елдерінде қолданылады.Бұрынғы Кеңестер Одағы, Батыс Еуропа мен АҚШ-тың гравиметриялық және астрономиялық өлшеулері нәтижесінде алынған жер эллипсоидының көлемі, басқа елдердегі анықтамаларға қарағанда, қолданылған материалдардың аумағы жағынан да, оларды өңдеудің дәлдігі жағынан да әлдеқайда нақты.
    1960 жылы Жердің үш жасанды серігін бақылаудың нәтижесінде жер сфероидының қысыңқылығы =1/298,2, ал АҚШ-та ұшырылған Жердің 13 жасанды серігін бақылау арқылы =1/298,31 екендігінің анықталуы – Красовский өлшеулерінің дүниежүзілік маңызы бар екендігінің айқын дәлелі.

    2


    написать администратору сайта