Главная страница
Навигация по странице:

  • . «Жалпы жертану»

  • Жер негізгі 3 геосферадан тұрады

  • Құрлықтың көп бөлігін жазықтар алып жатыр.

  • үш түрге

  • таулы үстірттер.

  • Тау,жазық Гидросфера. Су қасиеті, табиғаттағы су айналым.

  • Жер асты су,пайда болуы,жіктелуі,адам өміріндегі маңызы Жер асты суы

  • Өзендер,өзен жұмысы,көлдің пайда болуы

  • биология. англ. Жертану пні Жалпы жертану пніні негізгі зерттеу нысаны


    Скачать 0.61 Mb.
    НазваниеЖертану пні Жалпы жертану пніні негізгі зерттеу нысаны
    Анкорбиология
    Дата25.12.2022
    Размер0.61 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаангл.docx
    ТипДокументы
    #863101
    страница1 из 3
      1   2   3

    1. Жертану пәні

    «Жалпы жертану» пəнінің негізгі зерттеу нысаны – Жер ғаламшарының географиялық қабығы, оның геологиялық уақыт аралығындағы дамуы мен өзгеруі, географиялық қабықты құрайтын компоненттердің өзара байланысуы мен əрекеттесу заңдылықтары. Пəннің міндеті – жалпы заңдылықтарға бағынған географиялық қабық құрамдас бөліктері (атмосфера, гидросфера, литосфера) жəне биосферадағы тірі заттардың өзара байланысы мен бір-біріне бағынышты əрекеттерін оқып білу. «Жалпы жертану» жалпы физикалық география ғылымының негізі болғандықтан, оның басты зерттеу нысаны – географиялық қабық жəне оның компоненттері. Олар: геоморфология (жер бедерін зерттеу ғылымы), климатология (климатты зерттейтін) жəне метеорология (ауа райы), океанология (дүниежүзілік мұхитты зерттейтін), гидрология (құрлық суын зерттейтін), топырақтану (топырақтың қалыптасу заңдылығын зерттейтін), биогеография (биоценоздарды үйлестіру жəне оларды түзетін организмдердің жүйелену заңдылықтарын зерттейтін) сияқты аса маңызды ғылым салаларымен тығыз байланысты.

    1. Жер өлшемі,пішіндері

    Ежелде Жер туралы түсініктің дөңесті диск ретінде кеңінен таралуы адамдардың көргенімен түсіндіріледі, олар горизонт сызығының дөңгеленіп тұрғанын көрген, одан барып кемелердің біртіндеп горизонт сыртына жоғалғанын, немесе керісінше горизонт сыртынан шығып келе
    жатқанын байқаған. Біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда Аристотель сол кезде Жердің шар тәрізді екендігі жөніндегі деректерді жинақтап, негізін қалаған. Ал біздің эрамызға дейінгі II ғасырда
    Эратосфен мен Александрия аралығындағы меридианның кесіндісін (доғасын) градусын (бұрыштық қашықтығы) жергілікті жерде өлшеп, меридианның бір градусының ұзындығы 110,6км тең екендігін есептеп шығарған. Мұның өзі шын орташа өлшеміне (111,2км) жақын келеді. Жердің нағыз геометриялық пішіні – геоид, яғни Жердің экваторлық радиусынан плюстік радиусының 22 шақырымға кем болуына байланысты полюстер маңында Жер үстіңгі жағынан қысыңқы болып келеді.

    1. Жердің айналуы,жер айналымының ауытқу әрекеті

    Жердің айналуы болып табылады айналу планетаның Жер өз айналасында ось. Жер айналады батыстан шығысқа қарай, Жер айналады сағат тіліне қарсы. Жердің айналу осі арқылы Жерді жазықтықтармен қиятын болса, оның бетінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытта сызықтар — меридиандар пайда болады. Бір меридиандағы бүкіл нүктелердің айналуының сызықтық жылдамдығы әр түрлі және ол экватордан полюске қарай азаяды. Жердің осінен айналуынын өте маңызды салдары бар. Жер айналған кезінде, планета фигурасы қалыптасуында әсерін тигізетін центрден тепкіш күштің ролі, оның ауырлық күшін түзудегі маңызы жайында жоғарыда қарап өтілді. Жер айналымының ауытқыту әрекеті. Жердің осінен айналуының маңызды салдарының бірі — олардың қозғалысының бағытынан дене ауытқыған тәрізді көрінуі. Инерция заңы бойынша кез келген қозғалушы дене дүние кеңістігіне қарағанда қозғалыс бағытын (және жылдамдығында) сақтауға тырысады. Егер қозғалыс жылжып бара жатқан бет үстінде, яғни қазіргі жағдайда, айналған жерде болса, осы үстінгі бетпен байланысты бақылаушыға, дене өз қозғалысының бағытын ауыстырған тәрізді көрінеді

    1. Жердің қозғалыстары, күн мен түн ауысуы

    Жердің өз білігінен айналуы нәтижесінде күн мен түннің ауысуы. Әлемдік дене ретінде Жер өз білігін айналады. Сонымен бірге Әлемдік дене ретінде жер өз білігін айналады. Сонымен бірге өз орбитасымен Күнді де айналып отырады. Жердің өз білігін тәулік ішінде бір айналып шығуы нәтижесінде күн мен түн ауысып қана қоймайды, жылу мен ылғал да бүкіл Жер бетіне бөліне таралып отырады.Жер бетінде тіршілікке қолайлы жағдай туу себебі де осыдан.Жердің жылдық қозғалысы. Басқа планеталар сияқты Жер де Күнді тұйық сызық құрайтын жолдың бойымен,яғни орбита мен айналады.Жер орбитасы дұрыс шеңбер түзбейді,одан гөрі сәл сопақтау.Сондықтан Жер жылына Күнге бір рет жақынырақ келеді де (3-і қаңтар),бір рет орбитадағы ең алыс нүктесіне(5-і шілде)барады.Ең жақын(147 млн. км)нүкте мен ең алыс (152 млн. км) нүктенің арасындағы қашықтық айырмасы-небәрі 5 млн. км.Жер Күнді орбита бойымен 365 күн 6 сағатта бір рет айналып шығады. 366 күннен тұратын жыл «Кібісе жылы» деп аталады. Жер бетіне жылу таралудағы айырмашылық . Жерге Күннен келетін жылу мөлшері Жер білігінің орбита кеңістігінде орналасу қалпына тікелей байланысты.Жердің білігі орбита кеңістігіне тік орналаспай 66,5 бұрыш жасап көлбеу қиылысады,сондықтан жылу Жер бетіне бұл айтылғаннан басқаша таралады. Нәтижесінде келетін жылу мөлшері өзгереді, жыл мезгілдері де ауысады.

    1. Жердің қыртысы,мантия,ядро.Жердің жасы

     Жердің геологиялық жасы 4,5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген.  Жер қыртысыныңда ерекше граниттік-метоморфты қабат қалыптасқан. Мантиядан бөлінген газдар арқылы алғашқы атмосфера мен гидросфера пайда болған. Жер негізгі 3 геосферадан тұрады: Жер қыртысы , мантия, ядро.Жердің физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын өзгереді.

    Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Жердің ядросын радиусы 3486 км-дей құрайды. Ол сыртқыжәне ішкі ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем бар. Жердің келесі қабаты —мантия (жамылғы).  Ол жер қыртысынан жұқа Мохоровичич қабаты арқылы бөлініп жатыр,Мантия жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900—2900 км) мантияға бөлінеді.

    жердің ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы Оның орташа қалыңдығы мұхиттар астында 5 — 10 км, материктерде 35 — 40 км, ал биік таулы аудандарда 70 км-ге дейін жетеді.Жер қыртысы деп — литосфераның жоғарғы қабаты, жер бетіндегі барлық сулар — гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз. Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғи кешендері материктер мен мұхиттар пайда болды. Дүние жүзінде 6 материк немесе құрлық бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия, Антрактида. Мұхиттардың саны 4: Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік мұзды мұхиттары.

    1. Жердің магнетизмі,оның маңызы

    геомагниттілік — Жердің және Жер төңірегіндегі ғарыштық кеңістіктің магнит өрісі; геомагниттік өрістің кеңістікте таралуын және уақыт бойынша өзгерісін зерттейді. Жердің тұрақты магнит өрісі Жердің ішінде толассыз жүріп жатқан процесстерге байланысты және ол Жер бетінің әр нүктесінде әр түрлі болады.  Жердің айнымалы магнит өрісі (магниттік вариациялар) — Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында (ионосфера) не одан да жоғарырақ қабаттардағы электр тогы салдарынан пайда болады. Магниттік вариациялар бірқалыпты периодты вариациялар және магниттік ұйтқулар болып бөлінеді. Бірқалыпты периодты вариациялар ендікке, жыл мезгіліне және Күн активтілігіне байланысты өзгеріп отырады. Магниттік ұйтқулар ионосферадағы ұйтқулар мен полярлық жарқылға тікелей байланысты болады. Жергілікті магниттік аномалияларды бақылау нәтижесінде кен байлықтардың, әсіресе, темір кендерінің жатқан орны және оның қоры анықталады. Бұл жұмыстар магниттік барлау әдістерімен жүргізіледі. Магниттік ұйтқуларды зерттеу арқылы радиобайланыс жүйесін бұзатын ионосферадағы құбылыстарды алдын-ала біліп отыруға болады. Жердің магнит өрісінің тірі организмге әсерін зерттеу ісі де биология ғылымы үшін маңызды мәселе.

    1. Жер бедерін түзуші негізгі факторлар.Жер бетін өзгертетін ішкі,сыртқы факторлар

    Жер бедерінің барлық пішіндерінің қалыптасуына әсер етуші күштер екі топқа — ішкі (эндогендік) және сыртқы күштерге (экзогендік) жіктеледі.  Ішкі күштер (оны кейде тектоникалық қозғалыс деп те атайды) Жердің ішкі қойнауындағы жылу, химиялық және радиоактивтік энергия әсерінен жер қыртысында тay тузілуі мен тербелмелі қозғалыстарды туғызады. Тау түзілуі жер қыртысындағы катпарлықтардың түзілуіне, терең тектоникалық жарықтардың пайда болуына және осы жарықтар бойымен жекелеген жер қыртысы бөліктерінің тік қозғалыстарға ұшырауына, магманың сыртқа шығуына әсер етеді. Материктердегі ірі жазықтар мен таулар, мұхит табанындағы қазаншүңқырлар мен суасты орта жоталары да ішкі күш әрекеті нәтижесінде түзілген жер бедерінің ірі құрылымдары болып саналады. Сыртқы күштер болып табылатын Күн сәулесі энергиясы мен қысым күші эндогендік әрекет нәтижесінде қалыптасқан жер бедері пішіндерін бұзумен қатар, жер бедерінің жаңа шгттіндерін де түзеді.

    Үгілу әрекеті нәтижесінде тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамаса физикалық үгілу, ал минералдық құрамы өзгеріске ұшырай отырып үгітілсе химиялық үгілу деп аталады.

    Тау жыныстарының кристалдық торларының температуралык, өзгерістер әсерінен кеңеюі мен сырылуының түрліше болуы физикалық үгілуге негіз болады. Бұл өзгерістер жыл маусымдары айқын ажыратылатын аудандар мен климат континенттілігі жоғары болатын, әсіресе тәуліктік температура үлкен айырма- шылық жасайтын жерлерде каркынды жүреді. Мұндай аудандарда үгілу әсерінен киыршьщтасты қорымдар түзіледі. Тау жыныстарындағы ұсақ. жарықшақтарға су кіріп, ол кеңейеді, түнге қарай мұз қатып, жарықтар одан әрі ұлғаяды. Мұндай құбылыс поляр маңы мен биік таулы жерлерге, сондай-ақ Сахара сияқты табиғаты "қатал" шөлдерге тән.

    1. Жер бедерінің негізгі планетарлық формалары-материктер мен мұхиттар.

    Жер бетінің үлкен бөлігін мұхиттар (361 млн. Км2) алады, тек 29% (149 млн. Км2) құрлық-құрлықтар мен аралдар. Жерде 6 құрлық бар: Африка, Австралия, Антарктика, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Еуразия. Аралдар жер бетінің кем дегенде 6% -ын алады.

    Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25С-тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі архипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады. Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа Дүние»).

    1. Таулар мен жазықтар

    Жердің ішкі күштерінің әрекетінен таулар түзілсе, бұзылған таулардың нәтижесінде жазықтар пайда болады.

    • Құрлықтың көп бөлігін жазықтар алып жатыр.

    • Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті болып келген кең алқабын ж а з ы қ деп атайды. Жазықтың жеке бөліктері биіктігі жөнінен бір-бірінен шамалы айырма жасайды. Жазықтардың биіктігінде айырмашылық боладыАбсолюттік биіктігіне қарай жазықтар үш түрге бөлінеді: 200 м-ге дейінгілер – ойпаттар, 200 м-ден 500 м-ге дейінгілер – қыраттар, 500 м-ден биіктегілер – таулы үстірттер.

    • Тау – жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және қатпарлы - жақпарлы құрылымды бөлігі болып саналады. Ұзындығы жүздеген және мыңдаған км-ге дейін созылады. 



    1. Тау,жазық

    2. Гидросфера. Су қасиеті, табиғаттағы су айналым.

    Гидросфера-жер ғаламшарының су қабығы. гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Су — Жершарындағы ең көп таралған айрықша зат, және бірнеше қасиеттері бар. Біріншіден, суқалыптыжағдайдыңөзіндеүшбірдейкүйдеболаалады. Судың бір күйден екінші күйге ауысуы белгілі бір мелшерде жылу жұмсалады (булану, қармен мұздың еруі) немесе бөлініп шығады (конденсация, судың қатуы.

    Судың тұздылығы артқан сайын, қату температурасы  төмендей береді.  Мұхит пен атмосфераға қоса құрлықты қамтитын су айналымы - үлкен немесе дүниежүзілік су айналымы деп аталады. Дүниежүзілік су айналымына қатысып, құрлыққа жауған судың біразы өзендер арқылы (жер бетінгі ағын) мұхиттарға қайтадан ағып барады. Қалған бөлігі топыраққа сіңіп, нәтижесінде топырақтағы суды өсімдіктер сіңіріп, қайта буландырады.. Құрлықтан мұхитқа қосыла алмайтын су көздері де бар. Оларды ішкі "ағынды" немесе "ағынсыз" сулар деп атайды. Бұл аумаққа түскен жауын-шашын толық буланып кетеді. Құрлықтан буланған су (ылғал, газды күй) мұхитқа жетпей тұрып, бірнеше рет жауын күйінде жауып, осылай құрлық ішінде де кіші су (ылғал) айналымы жүреді.

    1. Мұхит суының қасиеттері.Мұхит тіршілік ортасы.

    Мұхит суы- бұл құрамынан химиялық заттардың бәрі дерлік табылған ерітінді . Онда тұздар , газдар, организімдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген органикалық заттар еріген. Бұл қабаттың тұздылығы негізінен атмосфералық жауын-шашын мен буланудың арақатынасына байланысты өзгеріп отырады . Судың тұздылығы экватор маңында 34‰ шамасында , тропиктерге таяу жерде, 36‰ қоңыржай және поляр ендіктерінде 33‰ ге жуық. Жауын-шашынның мөлшері буланудан артық, құйылатын өзен суы мол , мұздар еріп жататын жерлерде судың тұздылығы кем болады. Теңіз суының негізгі көрсеткіші –тығыздығы. Тұздылық артқан сайын тығыздық та өседі. Теңіз суының беткі қабатының тығыздығының артуына мқздықтардың пайда болуы, булану және суынуы ықпал етеді. Ашық мұхитта тығыздық температураға бай-ланысты, сондықтан экватордан полюстерге қарай жылжығанда артады. Мұхит суында тіршілікке қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті.  Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығу арқылы атмосфера құрамын өзгертті.

    1. Теңіз,бұғаз,шығанақ

    Теңіз — мұхиттың құрлыққа сұғына кіріп орналасқан немесе оның өзге бөліктерінен құрлық жағалаулары, түбектер немесе аралдармен бөлектеніп жатқан кішігірім бөлігі. Бұғаз — құрлықты (мыс., екі құрлықты, арал мен құрлықты, екі аралды) бөліп, 2 су алабын немесе олардың бөліктерін жалғастыратын дүниежүз. мұхиттың енсіздеу бөлігі. Бұғаз мұхит пен мұхитты (МагелланДрейк), теңіз бен теңізді (БосфорДарданелл), теңіз бен мұхитты (ГибралтарЛа-МаншБеринг), мұхит пен теңіздің жеке бөліктерін (МозамбикСолтүстік Кваркен) жалғастырады. Шығанақ – мұхиттеңізкөлдің құрлыққа сұғына еніп жатқан және негізгі су айдынымен еркін, тұрақты су алмасатын бөлігі.Аляска,Бенгал,Бискай,Гвинея шығанақтары мысал болады.

    1. Жер асты су,пайда болуы,жіктелуі,адам өміріндегі маңызы

    Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді.

    Қалқыма су – кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Грунт (еспе) суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жер асты суы. Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. АРТЕЗИАН СУЫ - жер бетіне өздігінен ағылып төгілетін, кейде бұрқақтап атқышайтын, су өтпейтін қабаттар арасындағы арыңды жер асты сулары. Жер асты суларын пайдалану— жер асты суларын минералдылық дәрежесіне, химиялық қүрамына және физикалық қасиеттеріне қарай халық шаруашылығында пайдалану түрлері. Олар ауыз су ретінде және шаруашылық сулармен қамтамасыз ету үшін, жер суаруға, ауруларды емдеуге, су қүрамындағы кейбір бағалы құрам бөліктерді өндіріп алу үшін және жылу көзі ретінде пайдаланылады.

    1. Өзендер,өзен жұмысы,көлдің пайда болуы,

    Өзендер – табиғи су ағыны салынған арнамен үнемі ағып отырады және жер беті, жер асты суларымен қоректенеді. Ішкі суларға республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері,яғни өзендер,көлдер,жер асты суы мен мұздықтар жатады.Жер бедері мен климат жағдайларына байланысты еліміздің өзендері әр түрлі.Климаты құрғақ шөл және шөлейт аймақта су тапшы,ал жауын-шашын мол жауатын орманды дала аймағы мен биік таулы аймақтар ағын суларға бай.Өзен суы егістікті суаруға,шаруашылықтың басқа да салаларына қолданылумен қатар,арзан энергия көзі де болып табылады. Өзен алабы дегеніміз – жер бетімен әрі жер асты өзенге су жиналатын аймақ.Жер беті өзен алабы – жер бетінің осы өзен желісіне немесе жеке өзенге су жиналатын кеңістігі.Жер асты жинау алабы – осы өзен желісіне су жиналатын топырақ қабаты. Көл — тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр. Көл ойыстарының қалыптасуына қарай: бөгелгенойысты және аралас болып жіктеледі.

    • Бөгелген көл өзен аңғарын тау көшкіндері, сырғымалары, мұздықтар және т.б. басып қалған жағдайда пайда болады. Бөгелген көлге бөгендер мен әуіттер де жатады.

    • Ойысты көлдің мореналық, тектоникалық, жанартаулық, эолдық және карстық деп аталатын түрлері бар. Көлдер ағынды көл (ағатын өзендері бар) және тұйық көл болып ажыратылады.
      1   2   3


    написать администратору сайта