биология. англ. Жертану пні Жалпы жертану пніні негізгі зерттеу нысаны
Скачать 0.61 Mb.
|
Сцифоидтар (гр. сцифос - табақша) класына жататын медузалардың барлығы теңізде, мұхитта өмір сүрелі. Бұлардың денесінде жүйке және бұлшықет ұлпасы түзілген. Жүйке жасушаларының жинақталуы түйінге көбірек ұқсас. Соған байланысты оларда жарық сезу, иіс сезгіштік мүшелері дамыған. Жалпақ құрттар жалпы сипаттама, негізгіжәне аралық қожайыны,гельминтоз Құрттар – екіжақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер. Бұлардың денесін тері-бұлшықетті қапшық қаптайды. Дене тұрқы шұбалаңқы келеді. Эктодерма мен энтодерма аралығында дененің үшінші қабаты – аралық қабат мезодерма орналасады. Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы гельминтология деп аталады. Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. . Біз тек кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар және таспа құрттарға ғана тоқталамыз. Бұлардың денесінде қуыс жоқ. Бауыр жағы арқасына жабысып, денесі жалпақ пішінді болғандықтан, жалпақ құрттар деп аталған. Жалпақ құрттардың көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе таспаға ұқсас. Таспа тәрізді жалпақ құрттардың денесі бунақты. Бас бөлігінде бунақ болмайды. Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы – денесі екі қабаттан емес, үш қабаттан тұрады. Ұрықтың дамуы кезінде эктодерма мен энтодерма аралығынан аралық жасушалы қабат – мезодерма пайда болады. Сорғыш құрттар өкілі – бауырсорғыш, таспа құрттар өкілі – сиыр таспақұрты – нағыз паразиттер. Олардың эпителий ұлпасында жасушасы жоқ, оны тығыз түзіліс қаптайды. Ол түзіліс сірқабық деп аталады. Сірқабық қорғаныш және тірек қызметін атқарады. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларда болмаған жаңа жүйесі бар. Жаңа жүйе зәршығару (қажетсіз заттарды бөлу) жүйесі деп аталады. Бұл – бұған дейін тірі ағзаларда болмаған жүйе. Жалпақ құрттардың жүйке жүйесі дененің бас бөлігінде орналасады. Ол жүйке түйіндерінен басталып, денені бойлай екі бағана түзіп, созылып жатады. Жалпақ құрт типіндегі ағзалардың барлығында қантарату және тынысалу жүйелері мүлде жоқ. Олардың тыныс алуына бүкіл денесі қатысады. Жалпақ құрттар – қосжынысты (гермафродит) жәндіктер. Олардың жыныс жүйесінің құрылысы өте күрделі. Жалпақ құрттар жыныстық жағынан жетілуге дейін бірқатар дернәсілдік сатылардан өтіп, өзгеріспен дамиды. Мысалы, ақ сұлама жұмыртқадан дамып, піллә түзеді Таспа құрттар класы,морфологиялық биологиялық ерекшелік ,адам жануардағы негізгі паразит таспа құрттар жалпақ құрттардың бір класы.[1] Ересектері адам мен омыртқалы жаң ішегінде, дернәсілдері омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ішкі органдары мен дене қуысында паразитті тіршілік етеді. Таспа құрттар паразиттік тіршілікке толық бейімделген: 1) Басы – сколекс пен бекіну мүшелерінің құрылыстары ерекше. 2) Көпшілік таспа құрттардың денесі буындар – проглоттидалардан құралады. 3) Әр буында қайталанып отыратын жыныс аппараты бар. 4) Ac қорыту жүйесі болмайды, редукцияланған. 5) Тіршілік циклы күрделі, көпшілігінде иесін ауыстырып жүреді. Таспа құрттардың жұмыртқалары әдетте жануарларға жануарлардан тамақ, әсіресе шикі немесе шала пісірілген ет арқылы түседі. Адам жануарлардың нәжісімен немесе ластанған сумен жанасқан жағдайда да ауруды жұқтыруы мүмкін. Инфекция жануардан адамға ауысқанда оны зооноз деп атайды. Симптомы что утебя таспа курт жұмыртқалар, личинкалар немесе нәжістегі таспа құрттан алынған сегменттер іш ауруы құсу жүрек айну жалпы әлсіздік ішектің қабынуы диарея салмақ жоғалту тәбеттің өзгеруі ұйқыдағы қиындықтар бұл басқа белгілердің салдарынан болуы мүмкін. айналуы ауыр жағдайларда конвульсия. тамақтанбау өте сирек жағдайларда В12 витаминінің жетіспеушілігі Цистицеркоз: Егер адам шошқа таспасының жұмыртқасын қабылдаса, личинкаларды жұқтыру қаупі бар. Эхинококкоз немесе гидатид ауруы: Эхинококк таспа құрты эхинококкоз деп аталатын инфекцияны қоздыруы мүмкін. Дернәсілдер ішектен шығып, мүшелерді, көбінесе бауырды жұқтырады. Жұмыр құрттар жалпы сипаттама құрылысынығ ерекшеліктері Жұмыр құрттар – денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас жәндіктер. Олардың көлденең кесіндісі дөңгелек, денесі үш қабаттан тұрады. Көпшілігі дара жынысты. Жұмыр құрттар денесінің ішкі қабырғасы мен ішегінің аралығында түтік тәрізді қуыс болады. Денесінде қуыс алғаш осы ағзаларда пайда болғандықтан, олар алғашқы қуыстылар типі деп те аталған. Жұмыр құрт денесі үш қабаттан тұрады. Бірінші ең сыртқы қабат – сірқабық. Екінші ортаңғы қабат – гиподерма (тері астындағы қабат). Үшінші ең астыңғы қабат – бірыңғай салалы бұлшықет қабаты. Жұмыр құрттарда тынысалу және қантарату жүйесі болмайды. Бұлар – дара жынысты жәндіктер. Олардың қосжыныстылары да кездеседі. Жұмыр құрттардың аталығынан аналығы ұзын. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді. Дернәсілін тірі туатын да түрлері бар. Өсімдік тамырында ауру тудыратын паразит жіпшеқұрттар (қант қызылшасының жіпшеқұрты – свекловичная нематода) шаруашылыққа орасан зор зиян келтіреді. Жұмыр құрттар адамға және жануарларға зиян келтіреді, тері астында (суыртқы – ришта), бұлшықеттерде (трихинелла), ішекте (ішексорғы, үшкірқұрт) паразиттік әрекет жасап, ауруға ұшыратады. Ішексорғының ұзындығы (жылқы ішексорғысы) 18 сантиметрге дейін, (кит ішексорғысы) 8 метрге дейін жетеді. Көбінесе жасөспірімдер мен балалардың аш ішегіне үшкірқұрт (аскарида) орнығады. Ол – паразит құрт. Жұмыр құрттардың жүйке жүйесі жалпақ құрттарға ұқсас. Сезім мүшелері өте нашар дамыған, дененің алдыңғы жағында, терідегі ойықта химиялық сезім мүшесі болады. Ішексорғыда көз болмайды. Буылтық құрттар типінің жалпы сипаттамасы құрылысы ерекш Буылтық құрттар – денесі шұбалаңқы, үш қабаттан тұратын көпжасушалы жәндіктер. Олардың денесі буылтықтарға бөлінген, соңғы қуысы бар, екіжақты симметриялы болып келеді. Денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен, бұлар буылтық құрттар типі деп аталған. Бұлардың 9 мыңға жуық түрлері теңіздерде, тұщы суларда, құрлықта мекендейді. Тип бірнеше кластарға жіктеледі, түрлердің басым бөлігі үш класқа жіктеледі, олар: азқылтанды құрттар, көпқылтанды құрттар және сүліктер. Буылтық құрттардың бұған дейінгі жәндіктерден негізгі ерекшелігі – дене қуысының екінші рет қайталануы. Сондай-ақ оларда тұңғыш рет тұйық қанайналым жүйесі пайда болған. Қажетсіз заттарды бөлетін әр буылтықта зәршығару мүшелері бар. Соңғы қуыс – целом деп аталады. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы бірімен-бірі жалғасқан екі жұп жүйке түйінінен және қатарласа созылған құрсақ жүйке тізбегінен тұрады Былқылдақ денеліәлер типінің сипаттамасы,өкілдері,биологиясы Былқылдақденелілер – денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денесі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. «Былқылдақденелілер» ұғымы кейінгі кезде «ұлулар» деп те пайдаланылуда. Тип 7 класқа жіктеледі. Олар: бауыраяқтылар класы; қосжақтаулылар класы; басаяқтылар класы; сауытсыздар класы; сауыттылар класы; күрекаяқтылар класы және біртақташалылар класы Бұлардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы – денесі бунақтарға бөлінбейді. Сондықтан ішкі мүшелердің денеде орналасуы қайталанбай, атқаратын қызметі бірдей, біртұтас күйде болады. Айқын жіктелмесе де олардың бас бөлігін тұлғадан ажыратуға мүмкіндік бар. Былқылдақденелілердің ішкі мүшелері бастан кейінгі тұлға қапшығында орналасады. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері (үккі) тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады Тағы бір ерекшелік – былқылдақденелілерде қантарату жүйесі ашық. Алайда екі (бауыраяқтыларды) немесе үш қуысты (қосжақтаулыларда) «жүрек» болады. Көптеген былқылдақ -денелілердің қаны түссіз. Былқылдақденелілердің зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады. Қан құрамындағы улы заттар бүйректен өтіп, сүзінді сыртқа бөлініп шығады. Бауыраяқты былқылдақденелілер – теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Түйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда мекендейді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошқармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі. Қосжақтаулы былқылдақденелілер – Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы су қоймаларын да, өзендерде тіршілік етеді. Құрлықта кездеспейді. Жануартекті жеммен қоректенеді, паразиттік жолмен өмір сүретіндері де бар. Қосжақтаулы былқылдақденелілер класының өкілі айқұлақ сендерге 6-сыныптан таныс. Олардың бақалшағы ашып-жабылатын екі жақтаудан тұрады. Басаяқты былқылдақденелілер – ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана мекендейді. Басаяқты былқылдақденелілер – өте ірі жәндіктер. Басаяқты былқылдақденелілердің бір өкілі – кальмар Каракатица да – басаяқты былқылдақденелі жәндік. Қосжақтаулар класы,құрылысы,өкілдері Қосжақтаулы былқылдақденелілер – Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы су қоймаларын да, өзендерде тіршілік етеді. Құрлықта кездеспейді. Жануартекті жеммен қоректенеді, паразиттік жолмен өмір сүретіндері де бар. Қосжақтаулы былқылдақденелілер класының өкілі айқұлақ сендерге 6-сыныптан таныс. Олардың бақалшағы ашып-жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан бұл жәндіктер қосжақтаулы былқылдақденелілер деп аталған. Бұлардың бас бөлігі жойылып кеткен. Денесі тек тұлға және аяқтан ғана құралады. Мысалы, айқұлақтың аузы аяғының қасында орналасқан. Айқұлақта бас болмағандықтан, оның тілі де, жұтқыншағы да жоқ. Сондықтан қорек тікелей өңешке түседі. Одан қарынға өтіп, ішекке барады. Қосжақтаулы былқылдақденелілер – дара жынысты жәндіктер. Олардың ғаламшарымызда 20 мыңға жуық түрлері мекендейді. Буыначқтылар жалпы сипаттамасы Буынаяқтылар – денесі буылтықты, екіжақты симметриялы, көпжасушалы жәндіктер. Денесінің сырты тығыз хитинмен қапталған, аяқтары бунақталған. Осы типке жататын жәндіктердің барлығының аяқтары буын-буын бунақтармен жалғасқандықтан, буынаяқты жәндіктер деп аталған. Буынаяқтылар типінің негізгі үш класы бар. Олар: шаянтектестер, өрмекшітектестер және бунақденелілер класы. Өзен шаяны, асшаян, таңқышаян, қыршаян шаянтектестерге жатады. Өрмекшітектестердің өкілдері: айқышты өрмекші, бүйі, қарақұрт, мизан. Бунақденелілердің түрі өте көп. Оларға: тарақан, көбелек, маса, шегіртке, инелік, қоңыз, дәуіт, т.б. кіреді. Буынаяқты жәндіктердің арғы тегі көпқылтанды буылтық құрттар деп есептеледі. Буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы – денесі хитинді затпен қапталған. Хитин дегеніміз – жасуныққа ұқсас ағзалық зат. Шаянтектестерде хитинге әктенген заттар сіңеді. Ал өрмекшітектестердің, бунақденелілердің хитинінде нәруыз көбірек болады Хитинді жабынның қалың-жұқалығы барлық жәндіктерде біркелкі емес. Өзен шаяны, таңқышаян жабыны, қоңыздың қатты қанаты және жабыны өте қалың. Ал маса, шыбын тағы басқа жәндіктердің жабындары жұқа болады. Шаянтірзділер класының құрылысындағы ерекшелік,өзен шаяны,дафния Шаянтектестер суда тіршілік ететіндіктен, желбезек арқылы тыныс алады. Асшаян, өзен шаяны, таңқышаяндардың денесі бас пен көкірек бөлігі тұтасқан. Ол баскөкірек және құрсақ бөліктерінен құралады. Жүрегі және қан тамырлары қанды дене қуысына айдайды. Сондықтан, қантарату жүйесі тұйықталмаған – ашық жүйелі. Зәршығару жүйесі бездер арқылы жүзеге асады. Ол дененің (өзен шаяны) бас бөлігінде орналасады. Жүйке жүйесі шұбалшаңға өте ұқсас, бірақ күрделірек құрылысты. Көру, иіс сезу, сипап сезу және тепе-теңдік сақтау мүшелері едәуір дамыған. Шаянтектестердің басым бөлігі дара жынысты және олар жынысты жолмен көбейеді. Орташа және ірі денелі шаянтектестер (таңқышаян, омар, асшаян, өзен шаяны) құрттарды, былқылдақденелілерді, балықтарды, өсімдіктерді қорек етеді. Өрмекшітәрңзділер Өрмекшітектестер – құрлықта тіршілік ететін буынаяқтылар. Бұл класқа жататын жәндіктердің денесі екі бөліктен: баскөкірек және құрсақ бөлімінен тұрады. Бұларда мұртша болмайды. Жабыны үш қабатты. Ол жәндіктің денесін судың булануынан қорғайды. Бұлардың дене қуысы аралас қуысты, сондықтан қантарату жүйесі ашық жүйелі. Өрмекшітектестердің баскөкірек бөлігінде 6 жұп аяқ орналасады. Бірінші жұбы – күйісаяқ; екінші жұбы – тұтқыаяқ; қалған 4 жұбы – жүруге арналған аяқтар. Сөйтіп, өрмекшітектестерде жүретін 8 аяқ болады. Ал құрсағында ешбір аяқ орналаспайды және көпшілігінде буылтықсыз, тегіс болып келеді. Өрмекшітектестердің көпшілігі сатанбез және мальпигий тамырлары арқылы қажетсіз заттарды бөледі. Бұлар құрлықта тіршілік етеді. Өкпе қапшығы және демтүтік (трахея) тынысалу мүшелері болып табылады. Демтүтік – жәндіктің құрлықта өмір сүруге бейімделуінің нәтижесінде пайда болған жаңа түзіліс. Өкпе – желбезектер туындысы. Өрмекшітектестер тек қоймалжың күйдегі қоректі ғана пайдалана алады. Сондықтан өлтірген жәндігінің денесіне нәруызды ыдырататын бауыр мен сілекей безінің сөлін енгізеді. Қоймалжыңданған қоректі жұтқыншағы мен сорады. Тамақтың денеден тысқары қоймалжың күйге ауысып қорытылуы астың ішектен тыс қорытылуы деп аталады. Өрмекшітектестер – дара жынысты, іштей ұрықтанады. Аналықтары жұмыртқа салып, жұмыртқадан ұрпақтары тікелей дамиды. Өрмекшітектестер – жыртқыш, паразит. Кейбіреуі қан сорады (кене). Көпшілігі өсімдік және бунақденелілермен қоректеніп, олардың табиғаттағы санын реттейді. Енді біреулері шағып (қарақұрт, бүйі, қыршаян), адам мен үй хайуанаттарына үлкен қауіп төндіреді. Бунақдене ерекш қоңыз,тарақан Бунақденелілер – буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады.. Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі – денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: бас, көкірек және құрсақ бөлімдері деп аталады. Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері – алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады. Көбею мүшелері құрсағында болады. Бунақденелілер демтүтік (трахея) арқылы тыныс алады. Бунақденелілерге қоңыздар, шыбындар, масалар, көбелектер, баларалар, құмырсқалар, инеліктер жатады. Бұлар жер бетінде жорғалап, ауада ұшып жүріп тіршілік етеді. Кейбіреулері – суаршын, суқандала, сушалқақ, зұламат суда өмір сүреді. Адам мен жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін бүрге, бит, қандала және топырақ астында тіршілік ететін бұзаубас түрлері бар. Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылысы да сан түрлі. Мысалы: сүзіп жалаушы (шыбын); шаншып-сорушы (маса, орман қандаласы); кеміруші (тарақан, қоңыздар); кеміріп-жалаушы (балара); түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек). Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді. Олар: тура даму (қанатсыз бунақденелілер; шала түрленіп даму (ақпа, инелік, дәуіт, шегіртке, бұзаубас, бит, қандала, т.б.) және толық түрленіп даму (қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар, т.б.). Тура даму дегеніміз – ұрықтанған жұмыртқадан ересек бунақденеге ұқсас жас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өсіп және жыныстық жағынан ғана толысып дамиды. Дамудың сызбанұсқасын былай кескіндей аламыз: тура даму: жұмыртқа → имаго; шала түрленіп даму: жұмыртқа → дернәсіл → имаго; толық түрленіп даму: жұмыртқа → дернәсіл → Ц қуыршақ → имаго. Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады. Имаго (латынша имаго – ересек құрт Желілер типінің жалпы сипаттамасы Желілілер (хордовые) типі – жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы топ. Арқа жағында ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан, олар желілілер деп аталған. Олар құрлықта, топырақта, суда, ағаш басында мекендейді. Ауада ұшып тіршілік ететін түрлері де бар. Желілілерге қандауыршалар, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады. Қанайналым жүйесі – тұйық. Дене құрылысында, тіршілік әрекетінде омыртқасыз жануарларға (жәндіктерге) ұқсас белгілері де кездеседі. Қанайналымының тұйық, денесінің үш қабатты болуы сондай белгілерге жатады. Желілілердің үш тип тармағы бар. Олар: бассүйексіздер, қабықтылар және омыртқалылар. Бассүйексіздер тип тармағының өкілі. Қандауырша. Қандауырша – омыртқасы жоқ желілі жануар. Онда желі, жүйке түтігі және желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады. Қандауыршада жүрек болмайды, оның қызметін арқа және құрсақ қантамырлары атқарады. Қаны – түссіз. Қанайналым жүйесі – тұйық. Қандауыршаның жүйке түтігінің әр жерінде сезімтал жасушалар шоғырланып орналасқан. Олар жарықты ғана сезеді. Сезімтал жасушалартерісінде де бар. Басқа сезім мүшелері дамымаған. Қандауырша – дара жынысты жануар. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Жетілген жыныс жасушалар жұтқыншақ маңындағы сумен бірге сыртқа шығарылады. Ұрықтану суда жүреді, яғни сырттай ұрықтанады. |