биология. англ. Жертану пні Жалпы жертану пніні негізгі зерттеу нысаны
Скачать 0.61 Mb.
|
Режіміне қарай Ағынды – өзен ағып шығатын көлдер Ағынсыз – өзендер келіп құйғанымен, ағып шықпайды Өзендермен салыстырғанда көлдердің суы едәуір ащы болады. Ағынды көлдердің суы, негізінен тұщы болады, ал ағынсыз тұйық көлдер көбінесе ащы келеді. Тіпті бір көлдің өзінің жеке бөліктерінің суы тұздылығы жөнінен айырмашылық жасауы мүмкін. Мысалы, Балқаш көлінің батыс бөлігіне қарағанда 5 есе көп, сондықтан батысы түщы болады. Атмосфера туралы түсінік,құрылысы Жер шарын жан-жағынан а т м о с ф е р а деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр.Ол — Жердің ең сыртқы қабығы.Ауа дегеніміз — әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішінде негізі орынды азот пен оттегі алады. Құрғақ ауа көлемінің 78%-ын азот, 21%-ын оттегі құрайды.Басқа газдардың ішіндегі ең маңыздысы — көміркышқыл газ. Ол жанудан және жануарлардың тыныс алуынан түзіледі.Ауаның құрамына газдардан басқа су буы, түрлі шаң-тозаң кіреді. Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты –тропосфера. Тропосфераның жоғарғы шегінде температура — 55° С-қа дейін төмендейді. Тропосфераның үстінде стратосфера қабаты жатады.. Температураның жоғарылауы осы қабатта шоғырланған озон газы қабатының күн сәулелерін сүзуіне байланысты.Стратосферадағы ауа өте құрғақ болуыменерекшеленеді. Атмосфераның бұл қабаты 50-55 км биіктікке дейін барады. Күн радиациясы,жылу режимі Жер күн сәулелері тасқыны астында айналып тұрады. Күн радациясыныңатмосфераарқылыөтіп жербетіне шашырамай жеткен бөлігі тура радиация құрайды. Атмосферашашыратқанбөлігішашыранды радиацияга қосылады. Жер бетіне келетін бүкіл күн радиациясы: тура мен шашырандындықосылып жиынтық радиация деп аталады. Атмосферадағы ылғалдық,жауын-шашын түрлері, таралу жүйесі,атмосферадағы қысым Қырау жердегі заттардың бетінде ауадағы су буының сублимациясы арқасында пайда болатын ақ кристалды мұз қабаты. Ол салқын маусымда радиациялық салқындаудан пайда болады; Қылау - ағаш бұтақтарында, электр сымдарында, заттардың қырлы бұрыштарында және басқа да жіңішке заттарда пайда болатын қар тәрізді ақшыл қоным. Оның кристалды және жармалы екі түрі болады. Атмосфералық қысым — атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы. Ол барометрмен, яғни сынап бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ.) Атмосфера артикуляциясы, ауа массалары, жел Атмосфералық айналым (циркуляция) жер бетінің үстіндегі жеңіл токтарлардың жалпы планеталық жүйесіне жатады. Ол сауда желлерін, муссондарды, циклондарда және антициклондарда ауа қозғалысын және басқа да барлық заттарды қамтуы мүмкін. Атмосфералық циркуляция желдің режимі мен жылдамдығын, белгілі бір аймақта жылу режимі мен ылғалдылықты түсіндіреді. Ол негізгі климат қалыптастырушы алғышарт болып саналады, мысалы, жылу энергиясын және суды бір кеңістіктен екіншісіне қалай ауысады. Атмосфералық циркуляцияның жай-күйі — атмосферадағы күн энергиясын жұту, мысалы, жердің беті. Ауа массалары - белгілі бір жалпы қасиеттері бар және материктер мен мұхиттардың үлкен бөліктері бойынша влшенетін тропосфераның біртекті бөлігі; Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны градуспен немесе румбымен (16 румбылық жүйемен), ал жылдамдығын – м/с, км/сағ, узелмен немесе балмен (Бофорт шкаласы бойынша) өрнектейді. Ауа райы туралы түсінік Ауа райы дегеніміз осы сәттегі немесе қысқа уақыт аралығындағы, мысалы, тәулік ішіндегі. (тәулік ауа райы) белгілі бір жердегі атмосфераның күйі. «Тәуліктер ауа райы» ұғымы өте маңызды, өйткені тәуліктер дегеніміз атмосфера күйінің заңды өзгерістерінің ең қысқа табиғи кезеңі. Бұл өзгерістерді ауа райы элементтерінің ауаның температурасы мен ылғалдылығының, бұлттылықтың, жауын-шашынның, атмосфера қысымының желдің тәуліктік барысын бақылай отырып, қадағалауға болады. Климат,түзуші фактор,климат белдеулері Климат[1] белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның жүйелі өзгеріп отыруы. Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің туындысы. Негізгі климат қалыптастырушы факторлар. Әр аймақтың климаты бір-біріне ұқсамайды. Жер бетінің кез келген бөлігінің климаты географиялық ендікке ғана емес, оның жер бедерінің пішініне, беткі жамылғысына, жергілікті жердің географиялық орны мұхиттар мен теңіздерге, мұхит ағыстарына қатысты жағдайына да байланысты. Климат мұхит немесе материктің ұлан-байтақ кеңістігі жақтан келетін ауа массаларының қасиеттеріне тәуелді. Климат қалыптастырушы факторлар 4-ке бөлінеді. Олар: географиялық ендік, ауа массаларының қозғалысы, жер бедерінің сипаты, мұхиттардың әсері. Климаттық белдеулер — Жер шарының ендік немесе субендік бағытта тұтаса немесе бөлініп созылып жатқан, климатқа қатысы жағынан айтарлықтай біртекті өңірлері. Биосфера Вернадский концепциясы Биосфера - жердің тіршілік қабатына жатады. Географиялық қабық - литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс енгізді. Ал 1926 жылы орыс ғалымы В. И. Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның анықтамасын ұсынды. В.И. Вернадский бойынша биосфера деп ғаламшарымыздағы барлық тіршілік дүнниесі мен олардың арасындағы өзара зат және энергия айналымы тұрақты жүзеге асатын жердің ерекше қабығын атайды. В. И. Вернадский бірінші рет, Жер қабатының негізгі физика-химиялық қасиеттерін қалыптастыруда және ұстап тұруда “тірі заттардың” ролі туралы тезисті ұсынды. Геог.кабыктың дифференциациясы гео.белдеу,табиғат зоналары Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келіп және солардың атымен аталады. Табиғат кешендерінің ендік бойынша өзгеруінен географиялық қабық географиялық белдеулер мен зоналарға бөлінеді. Географиялық белдеу – Жердің географиялық қабығындағы ең ірі табиғат кешені. Ол ендік (кейде бойлық) бағытта созылып жатады. Әр географиялық белдеу өсімдіктер, жануарлар дүниесі және климатымен ерекшеленеді. Географиялық белдеу жылудың, сондай-ақ ылғалдың таралуымен, басқа да табиғи кешендермен (топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі) тығыз байланысты. Жер шарында (құрлықта да, мұхитта да) 7 негізгі және 6 аралық белдеу бар. Негізгі географиялық белдеулерге экваторлық (1), тропиктік (2), қоңыржай (2), полярлық (2) белдеулер жатады. Жердің жоғарғы ендіктерінде негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады (өтпелі белдеулерге «суб» ( Экваторлық белдеудің ауа температурасы жыл бойы біркелкі, жыл маусымдары ауыспайды. Жыл бойы жауын-шашын біркелкі түседі. Мұнда ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы таралған. Ондағы жасыл ормандарда ағаштар бірнеше қабат болып өседі. Ал субэкваторлық белдеуде жылдың екі маусымы анық байқалады. Себебі субэкваторлық белдеуде жазда экваторлық ауа, ал қыста тропиктік ауа массалары әсер етеді. Тропиктік белдеуде жыл бойы тропиктік ауа массалары басым болады. Жазда ауа температурасы аса жоғары, қыс мезгілінде төмен болады. Тропиктік ауа массалары өте құрғақ, төмендеген сайын қызып, құрғай түседі. Субтропиктік белдеуде тропикалық жас және қоңыржайлық қыс байқалады. Ауа температурасы мен жауын-шашын арасында айтарлықтай маусымдық айырмашылық байқалады. Қоңыржай белдеу екі жарты шарда да таралған. Бірақ Солтүстік жарты шарда кең аумақты алса, Оңтүстік жарты шарда аз аумақты қамтиды. Қоңыржай белдеуде жылдың 4 маусымы анық байқалады, сонымен қатар табиғат жағдайлары да маусым бойынша өзгереді. Субарктикалық белдеу тундра және орманды тундра белдемдерін (Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстігі) қамтиды. Субантарктикалық белдеуге мұхит айдыны мен Антарктиданың солтүстігіндегі бірнеше арал енеді. Климаты ылғалды, теңіздік. Полярлық белдеу солтүстік (арктикалық) және оңтүстік полюс (антарктикалық) белдеуден тұрады. Полярлық белдеуде күн сәулесінің түсу бұрышы аз, ал шағылуы жоғары болғандықтан, мұз құрсап жатады. ндік бағытта температурасы, ылғал мөлшері, топырағы, өсімдіктері, жануарлары бірдей болатын ірі табиғат кешені табиғат зоналары деп аталады. Табиғаттағы зоналылық құрлықтағы климат жағдайға, яғни, жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Мысалы, температура жоғары, ылғал мол болатын жерлерде ылғалды тропиктік ормандар, ал температура жоғары, бірақ ылғал аз түсетін жерлерде тропиктік шөлдер қалыптасады. Зоология және экология пәнінің міндеттері Зоология жануарлар организмдерінің құрылысын, қалыптасуы мен дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы. Жануар тану пәнінің міндеті жануарларды жанжақты зерттеу оның құрлысын, көптүлілігін тіршілік әрекетін, таралуын, және халық шаруашылығындағы маңызын оқыту болып табылады. Жануарлардың табиғаттағы маңызы.Топырақта тіршілік ететін жәндіктер мен жануарлар оның құрамын өзгертіп құнарлығын арттырады. Қазақ халқының ата кәсібі-мал өсіру.Төрт түлік мал-Мал өнімдері- ішсе-сүт,Жесе-ет,Кисе-киім,Мүйізі-әртүрлі бұйымдар. Экология пәні - Ғаламшарымызда әрбір тірі ағза белгілі аумақта өмір сүріп, үнемі коршаған ортаның сан алуан факторларының әсерін бастан кешіреді. Экология жеке ағзалардың және олардың бірлестіктерінің арасындағы өзара әсерді, оларға тіршілік орта факторларының ықпалын оқытып үйретеді. Ағзаның құрылысы мен тіршілік әрекетіне, оның мінез-қылығына қоршаған ортаның әсерін зерттейді. Белгілі аумақта әр алуан ағзалар бірлестіктері арасындағы заңдылықтарды анықтайды. Біржасушалылар,қарайыпдылар типі,жалпы сипаттама Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі.Біржасушалы жәндіктер – денесі бір ғана жасушадан (клеткадан) тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар. Оларды қарапайымдар деп те атайды.Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір жасушаның ішінде асқорыту, тынысалу, заталмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән тіршілік белгілері үздіксіз жүріп жатады. Қарапайымдардың көптеген түрлері жаңбырдан пайда болатын іркінді су, шалшықтан бастап, көл, теңіз, мұхитқа дейінгі су қоймаларында кездеседі. Топырақта мекендейтіндері де аз емес. Жануарлар мен адамның ішкі мүшелерінде (қанда, ішекте, бауырда және т. б.) паразиттік тіршілік ететіндері де бар. Эвглена жасушасының (денесінің) цитоплазмасында хлоропластар бар. Ал хлоропластарда жасыл пигмент – хлорофилл болады. Сондықтан жарықта жәндіктің түсі жасыл болады; жәндіктің жасыл эвглена атануы осыдан. Жасушасында хлоропластар бар қарапайым жәндіктердің бірі – вольвокс (2-сурет). Жасуша құрылысы бірдей және талшықтары болатындықтан эвглена мен вольвоксты талшықтылар деп те атайды. Амеба-Жалғанаяқтары бар бірде бір карапайым. Денесінде бақалшақ болатын амебаның бірі – арцелла Кірпікшелі кебісшенің пішіні кебіске ұқсайды. Кірпікшелілермен қозғалады. Қарапайымдылар типінің класы саркодалылар,талшыктар,инфузория қарапайымдылар эукариотты бір клеткалы организмдер. Олар гетеротрофтар немесе факультативті автотрофтар болуы мүмкін. Олардың көпшілігі жалғыз, бірақ кез-келген тіршілік ету ортасында кездесетін отарлық формалары бар. Олардың көпшілігі еркін өмір сүреді, барлығы дерлік теңізде немесе тұщы суда тіршілік етеді, дегенмен басқа организмдердің, соның ішінде адамның көптеген паразиттік түрлері бар. Қарапайымдылардың көпшілігінде ядросы біреу (моноэнергидты), сондай-ақ екі, көп ядролы қарапайымдыларда жиі кездеседі (полиэнергидты) Қарапайымдылардың бір ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда (су кеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе, т.б.) жасуша сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады Қоректену тәсіліне қарай карапайымдылар екі топқа бөлінеді: автотрофты және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жасыл эвглена, вольвокс т. б.) органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы алады, немесе фотосинтез арқылы қоректенеді. Гетеротрофты қарапайымдылар дайын органикалық заттармен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен) Қарапайымдар типі төрт класты: Саркодалылар, Талшықт-лар, Споралылар және Инфузориялар кластарын біріктіреді. Амёба денесі цитоплазма мен ядродан тұрады. [жалған аяқтар] көмегімен қозғалады, қорегін де жалган аяқтарымен қармайды. жиырылғыш вакуоля. Артық су мен сұйық күйдегі ыдырау өнімдері осылай шығарылып тасталады. Жасыл эвглвна цитоплазма мен ядродан тұрады, денесінде хроматофор бар.Ол жарықта өсімдік сияқты қоректенеді: бейорганикалық заттарды сіңіріп, органикалық заттар жасайды. Жасыл эвглема қараңғыда жануарлар тәрізді қоректенеді: даяр органикалық заттарды сіңіреді. Туфелька — тұщы суларда мекендейтін, әжептәуір ірі бір клеткалы қарапайым жәндік. Туфелька денесін кірпікшелі тығыз қабықша жауып жатады. Туфелька кірпікшелерінің көмегімен жүзеді. Ауыз шұңқырының төңірегіндегі кірпікшелердің атқаратын қызметі қоректенумен байланысты. Споралылар — буылтық құрттардың, моллюскалардың, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлардың және адамдардың ішегінде, дене қуысында, қан клеткаларында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы қарапайым жәндіктер. Споралылар жыныссыз, жынысты және спорогония жолымен көбейеді. Ішек қуыстылар типі жалпы сипаттама Ішек қуыстылар типі Бұл типке дене құрылысы өте қарапайым суда тіршілік ететін, жануарлар жатады. Ішек қуыстылардың көпшілігі қондырмалы, полипті формалы (гидралар, маржан полиптері) және еркін жүзіп жүретіп медуза тәрізді формалы болып келеді. Гидра тұщы су қоймаларында тіршілік етеді. Дене пішіні созылыңқы. Гидра денесінің алдыңғы ұшында қармалауыштар қоршаған ауыз қуысы бар, ол қармалауыштарының көмегімен қорегін қармайды және қозғалады Гидраларбүршіктену арқылы және жынысты жолмен көбейеді.Бүршіктену процесі жазда тез жүреді.Ішекқуыстыларда арнаулы зәршығару мүшесі болмайды, қорытылмаған қорек қалдығын аузы арқылы шығарады. Ішекқуыстыларда регенерация күшті дамыған. Бұлардың жасушаларының атқаратын қызметі сараланып, денеде ұлпа пайда болған. Ең алғашқы жүйке жасушасы да ішекқуыстылардан байқалады. Ішек қуыстылар типінің класстары гидрозои ,сцифоид медузалары, коралл полиптері Ішекқуыстылар – басым көпшілігі теңізде тіршілік етететін қарапайым құрылысты көпжасушалы жәндіктер. Олардың қос жынысты да, дара жынысты да болуы мүмкін. Дене құрылысы қапшыққа ұқсас, іші қуысты болғандықтан да бұл жәндіктер ішекқуыстылар деп аталады.Ішекқуыстылардың денесі екі қабаттан: сыртқы қабаты – эктодерман, ішкі қабаты – энтодермадан құралады. Ішекқуыстыларда арнаулы зәршығару мүшесі болмайды, қорытылмаған қорек қалдығын аузы арқылы шығарады. Ішекқуыстылар жыныссыз – бүршіктену арқылы және жынысты тәсілмен көбейеді. Ішекқуысты жәндіктер типі негізгі 3 класқа жіктеледі: гидратектестер (гидроидты), табақшатәрізділер (сцифоидты) және көпаяқты (полипті) маржандар. Гидра- Жәндік қорегін екі тәсілмен: жасуша ішінде және жасушадан тысқары – дене қуысында қорытады. Барлық ішекқуыстылардың сыртқы қабатында – эктодерма да атпа жасушалар бар. Мұндай ерекше жасуша басқа жануарларда да болады. Атпа жасушалар қорғаныш және қорегін аулау қызметін атқарады. Бір затқа бекініп, отырықшылық қалыпта тіршілік ететін ішекқуыстылар – көпаяқтылар (полиптер); ал теңіз суында жүзіп жүретін ішекқуыстылар медузалар деп аталады. Медузалардың пішіні қолшатырға немесе қоңырауға ұқсас. |