Главная страница

Жүктілік патологиясы – 2 вариант. Жктілік патологиясы 2


Скачать 58.5 Kb.
НазваниеЖктілік патологиясы 2
Дата08.06.2020
Размер58.5 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаЖүктілік патологиясы – 2 вариант.doc
ТипДокументы
#128828


Жүктілік патологиясы – 2 вариант
$$$001

Жүктіліктің қай мерзімі туберкулёздің дамуына және өршуіне септігін тигізеді.:

A) 12-аптаға дейін

B) 12-20 апта

C) 22-24 апта

D) 26-32 апта

E) Босану алдында
$$$002

Вирусты гепатит В ағымының жүктілік кезіндегі ерекшелігі:

A) Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы

B) Айқын интоксикация

C) Буындағы ауру сезімі және уртикарлы бөртпелер

D) АСТ және АЛТ көрсеткіштерінің біршама жоғарлауы

E) ЖРВИ көріністері
$$$003

Гипотиреоз кезіндегі мүмкін болатын клиникалық өзгерістері:

A) Әлсіздік, тырнақтың сынғыштығы, шаштың түсуі

B) Тежелген, дауыс қарлығуы, шаштың түсуі

C) Сөйлеудің баяулауы, іш қату, белсенділіктің азаюы, әлсіздік

D) Брадикардия, гипотония, терінің құрғауы, сөйлеудің баяулауы

E) Ақыл-естің төмендеуі, брадикардия, әлсіздік
$$$004

Перзетханаға 24 апталық жүкті әйел келіп түсті. Шағымдары: дене температурасының 38,5 С дейін көтерілуі, бел аймағындағы ауру сезімі. Бұл шағымдар бұрын болмаған. Объективті: ұрғылау симптомы ауру сезіммен. ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы. ЖЗА – протеинурия, лейкоцитурия 15-20 көру алаңында. Мүмкін болатын диагнозыңыз:

A) 24 апталық жүктілік. Несеп-тас ауруы

B) 24 апталық жүктілік. Созылмалы гломерулонефриттің өршуі

C) 24 апталық жүктілік. Созылмалы пиелонефриттің өршуі

D) 24 апталық жүктілік. Гестационды пиелонефрит

E) 24 апталық жүктілік. Гломерулонефрит, нефротикалық формасы
$$$005

Әйелдер консультациясында тіркеуде тұрған жүкті әйелде эндемикалық эутиреоидты зоб анықталды. Мүмкін болатын терапия:

A) Калия йодиды 200 мкг тәулігіне 6 ай

B) Калия йодиды 200 мкг тәулігіне 1,5 - 2 жыл

C) Натрий Левотироксин 100-150 мкг тәулігіне 6 ай

D) Натрий Левотироксин 100-150 мкг тәулігіне 1-1,5 жыл

E) Натрий Левотироксин 100 мкг + калия йодид 200 мкг 6 ай
$$$006

Перзентханаға 35-36 апталық алғаш жүктілікпен әйел түсті. Қағанақ суының кетуіне босану әрекетінсіз 2 сағат уақыт болды. Жағдайы қанағаттанарлық, Ұрықтың жүрек соғысы анық, ритмді 136 рет минутына. Аз мөлшерде, ашық түсті, иіссіз қағанақ суы кетуде. Мүмкін болатын акушерлік тактика:

A) Толғақ келген уақытқа дейін жүктілікті жалғастыру

B) Эритромицин фонында жүктілікті жалғастыру

C) Тез арада босану әрекетін окситоцинмен индукция жасау

D) 48 сағаттан кейін босану әрекетін окситоцинмен индукция жасау

E) 24 сағаттан кейін босану әрекетін окситоцинмен индукция жасау
$$$007

Әйелдер консультациясында, 30 апталық жүкті әйелде АҚ 160/80 мм.сб. көтерілді. Мүмкін болатын себебі:

A) Гипертониялық ауру

B) Преэклампсия

C) Созылмалы гломерулонефрит

D) Созылмалы пиелонефрит

E) Нейроциркуляторлы дистония
$$$008

Жүкті әйелдерде болатын созылмалы гломерулонефриттің ағымы:

A) Аралас

B) Гипертониялық

C) Нефротикалық

D) Латентті

E) Бірден айқын көрінетін клиникалық симптоматика
$$$009

Жүкті әйелдерде анемияның мүмкін болатын формасы:

A) Мегалобластикалық гиперхромды анемия

B) Теміртапшылықты гипохромды анемия

C) Гипопластикалық анемия

D) Гемолитикалық анемия

E) Апластикалық
$$$010

Мына бүйрек ауруларында жүктілікті жалғастыруға мүмкіндік бар:

A) Гестационды пиелонефрит

B) Гломерулонефрит, аралас түрі

C) Бір бүйректі пиелонефрит

D) Гипертензиямен жүретін пиелонефрит

E) Преэклампсияның жеңіл түрімен қосарласатын пиелонефрит
$$$011

30 жастағы С. алғашқы жүктілік, 35 апта мерзімінде, табан аймағындағы ісінумен стационарға түсті. АҚ – 140/90 мм. сб, 130/90 мм сб, зәрдегі ақуыз 1,0 г/л. Қынаптық тексеру кезінде «жетілген жатыр мойны». Мүмкін болатын акушерлік тактика:

A) Индуцирленген босандыруды жүргізу

B) Гипотензивті терапия жүргізу

C) АҚ, пульс, диурез, зәрдегі белокты бақылау

D) Босандыруға ағзаны дайындау

E) Магнезиальды терапияны бастау
$$$012

Артериалды гипертензияның емінің нәтижелілігін көрсететін ақпаратты критерий

A) Диурездің қалыпты болуы

B) АҚ тұрақталуы

C) Ұрық өсуінің оң нәтижелі динамика

D) Криз санының төмендеуі

E) Көңіл-күйінің жақсаруы
$$$013

Амниотикалық сұйықтықтың құрамына кіретін зат:

A) Ұрықтың өкпелің тіні

B) Амниотикалық эпителий

C) Ана қанының плазмасы

D) Ұрықтың бүйрегі

E) Ұрықтың зәрі
$$$014

Ұрық жұмыртқасының мүмкін болатын критикалық даму кезеңі:

A) Ерте органогенез

B) Имплантация

C) Ерте эмбриогенез

D) Фетальды кезең

E) Морула сатысы
$$$015

Ұрықтың көлденең жатуы кезінде пайда болатын асқыну

A) Мерзімінен бұрын босану

B) Босануға дейінгі қағанақ қабының жарылуы

C) Енген көлденеңнен жату

D) Кіндік бауының түсуі

E) Ұрықтың ұсақ бөлімдерінің түсуі
$$$016

Жүктіліктің 1-триместрінде гестационды пиелонефрит кезінде қолданатын антибактериальды препарат:

A) Аминогликозидтер

B) Макролидтер

C) Нитрофурандар

D) Жартылай синтетикалық пенициллиндер

E) Фторхинолондар
$$$017

Жүкті әйелдерде ревматикалық жүрек ақауы анықталатын акушерлік тактика:

A) Қан айналым бұзылысының дәрежесі

B) Ақау дамуының түрі және дәрежесі

C) Ревматикалық үрдістің белсенділігі

D) Өкпелік гипертензияның дәрежесі

E) Жүрек ритмінің бұзылысы
$$$018

Наиболее вероятное пролонгирование беременности при следующей форме врожденного порока сердца:

A) Низко расположенный дефект межжелудочковой перегородки

B) Неполной хирургической коррекции врожденного порока сердца

C) Коарктации аорты I степени

D) Оперированный открытый артериальный проток

E) Небольшой изолированный дефект межжелудочковой перегородки
$$$019

Жүктілік кезіндегі бронхиальды астманың асқынуы:

A) Ерте токсикоз

B) Гипертензиялық жағдай

C) Мерзімінен бұрын босану

D) Жүкліліктің үзілу қаупі

E) аз салмақты нәрестенің туылуы
$$$020

Туберкулез кезіндегі жүктілікті үзу көрсеткіші :

A) Алдыңғы жүктілік кезіндегі өршу

B) Өкпедегі таралған деструктивті үрдіс

C) Менингиттен 2 жылдан кейін жүкті болу

D) Милиарлы туберкулездан 2 жылдан кейін жүкті болу

E) Қосымша қантты диабеттің болуы
$$$021

Қантты диабет кезіндегі жүкті әйелдегі асқыну:

A) Көксулылық

B) Жүктілікті көтере алмаушылық

C) Ұрықтың макросомиясы

D) Несеп шығару жолдарындағы инфекция

E) Ұрықтың антенатальды өлім
$$$022

15-16 апталық жүкті әйелде сүйектерінде, бұлшық еттерінде, белінде ауру сезімі пайда болды. Жүрісінде өзгеріс бар. Жамбас және қасаға сүйектерінде ауру сезімі бар.

Мүмкін болатын диагноз:

А) Бел аймағындағы радикулит

B) Cимфизиопатия

C) Остеопатия

D) Остеохондроз

E) Жүктіліктің үзілу қаупі

Жауаптары:

  1. A

  2. A

  3. D

  4. A

  5. B

  6. D

  7. B

  8. A

  9. B

  10. A

  11. C

  12. B

  13. B

  14. B

  15. B

  16. D

  17. C

  18. D

  19. B

  20. B

  21. B

  22. B



Страница из



написать администратору сайта