срсп. СРСП Жанайдар Алихан. Жм723 Жанайдар Алихан Нефрология пні бойынша ситуациялы есеп
Скачать 22 Kb.
|
ЖМ-723 Жанайдар Алихан Нефрология пәні бойынша ситуациялық есеп Л, есімді науқас ер адам, 36 жасар, мамандығы металлург . Дәрігерге мынадай шағымдармен келді: бетінің, аяқтарының ісінуі, басының ауыруы, жалпы әлсіздік, дел-салдық, жүрек айнуы, тәбетінің нашарлауы, бел тұсындағы ауырлық сезіміне. Анамнезінде: Науқас 2 апта бұрын стрептококктық ангинамен ауырған. Дәрігерге қаралып ем алған және жұмысқа шығып жүрген. 2 күн алдын көз алдының ісінуін байқаған, несебі - қызыл түсті болған. Бірақ дәрігерге қаралмаған. Ертесіне аяқтарының, беттерінің ісінуі байқалған және несебінің мөлшері азайған. Сонымен қатар, науқас әлсіреп, дел-сал бола бастағаннан кейін дәрігерге тексерілуге келген. Об-ті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғылары қуқыл, бетінде, аяқтарында және бел айтағында айқын ісінулер байқалады. Өкпе үстінде айқын өкпе дыбысы. Аускультацияда везикуларлық тыныс, сырылдар естілмейді. ТАЖ (тыныс алу жиілігі) 24 рет минутына. Жүректің үндері басыңқы, ырғақты. АҚ 130/95 мм.рт.ст. ЖСЖ 72 рет минутына. Бүйрек аймағында ісінулер байқалады, қағу симптомы «теріс» мәнді. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы – 1022, белок – 4,4 г/л, эритроциттер 22-28 көру аймағында, лейкоциттер 6-8 көру аймағында, аздаған гиалин цилиндрлері. Сұрақ: 1. Синдромдарды анықтаңыз 2. Диагнозды құрастырыңыз. 3. Қажетті зерттеулерді тағайындаңыз. 4.Тиімді емдеу тәсілін тағайындаңыз. Жауап: 1. Синдромдарды анықтаңыз. Нефротикалық синдром; ауырсыну синдромы, несептік синдром. 2. Диагнозды құрастырыңыз. Жедел гломерулонефрит. Екіншілік нефротикалық синдром. 3. Қажетті зерттеулерді тағайындаңыз. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: Жалпы қан талдау (6 көрсеткіш), гематокрит; СРА сандық әдіс Креатинин, несепнәр, несеп қышқылын анықтау Кокрофт-Голт формуласы бойынша шумақша сүзу жылдамдығын есептеу Жалпы ақуызды, ақуыздық фракцияны анықтау АЛТ, АСТ, холетеринді, билирубинді, жалпы липидтерді анықтау Калийді, натрийді, хлоридтерді, темірді, кальцийді, магнийді, фосфорды анықтау АСЛ-О, стрептокиназаны анықтау Коагулограмма 1 (протромбин уақыты, фибриноген, тромбин уақыты, БІТУ) Плазманың фибринолитикалық белсенділігі Қышқылды-негізді жағдайды зерттеу Вирусты гепатит А,В,С,Д маркерларын анықтау үшін ИФТ Жатырішілік, зоонозды инфекцияларға ИФТ ДНҚ-дағы ауто-антиденелерге, антинуклеарлы анитденелерге, антинейтрофильді цитоплазматикалық және перинуклеарлы антиденелерге, гломерулярлы базальді мембранаға антиденелерді анықтау үшін ИФТ С 1q, С3, С4 комплементтердің фракциясын анықтау үшін ИФТ Жалпы несеп талдау, тәуліктік протеинурия Несеп ақуыздарының электрофарезі(протеинурия селективтілігі) Протеин/креатинин коэффициенті (жалпы несеп анализіндегі протеин деңгейінің креатинин деңгейіне қатынасы) Земницкий бойынша несеп талдау Іш қуысындағы ағзалар УДЗ Бүйрек тамырларының допплерометриясы Көз түбін қарау Аспаптық зерттеулер: Бүйрек УДЗ: шеттері жылтыр, көлемі өзгермеген немесе үлкейген (ЖБЖ кезінде), эхогенділігі төмендеген ЭКГ - АГ кезінде сол қарынша жүктемесі және ырғақ бұзылысы мүмкін. Бүйрек биопсиясы көрсеткіш бойынша. Биопсия нәтижесі бойынша пациенттердің клиникалық және лабораториялық көріністеріне байланысты саралау. Нефритикалық\нефротикалық синдром анықталған кезде люпус-нефрит болу мүмкіндігі жоғары екенін есте сақтаған дұрыс. 4. Дәрі-дәрмексіз емдеу: Бірінші тәулікте төсектік тәртіп, содан кейін палаталық, жалпы. Диета №7 (7а,7б): ас тұзын (ең басты натрийді) және сұйықтықты (ішілген сұйықтықты алдыңғы күннің диурезі +300 мл бойынша есептеледі) жеткілікті колоражда және құрамындағы дәрументерде. Ісінулер болып, олар көбейе бастағанда, тағамдағы ас тұзы тәулігіне 0,2-0,3г дейін, тәуліктік мәзірге ақуыз 0,5-0,8г/кг салмағына дейін шектеледі, соның ішінде жануар тектестер шектеледі. Дәрі-дәрмекпен емдеу: 1. Бүйректегі микроциркуляцияны жақсарту мақсатында антиагреганттар - дипиридамол 75мг/тәу, табл.; пентоксифииллин 100мг/тәу, ампула қолданылады; 2. Антигипертензивті және нефропротективті мақсатта ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторлары - фозиноприл 20мг/тәу, эналаприл - 20мг/тәу, рамиприл 10мг/тәу, кальций каналдарын тежеуші - амлодипин 10мг/тәу, нифедипин 40мг/тәу, табл. Бета-адренорецептор тежегіштері - бисопролол 10мг/тәу, альфа және бета адренорецептор тежегіштері - карведилол 25мг/тәу, табл; ангиотензин II рецепторларының антагонистері (лозартан 100мг/тәу; телмисартан 80мг/тәу, табл. және т.б.) қолданылады. 3. Ісінулер мен гипергидратациямен және осыларға қатысты асқынулармен күресу үшін диуретиктер - ілмекті (фуросемид 2-3мг/кг/тәу, амп); гидрохлортиазид (50-100 мг/тәу) таб, әсері болмаған жағдайда – ультрасүзу тағайындалады. 4. Антибактериальді емді инфекция ошағы немесе жедел инфекциялық ауру болған кезде ошақты жою үшін және қоздырғыш эрадикациясы үшін қолданылады. Стрептококты ЖГН кезінде (аңқадан сүртінді, стрептококқа қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы)- бензилпенициллин 0,5-1,0 млн ХБ, тәулігіне 6 рет 10 күн немесе цефалексин 50мг/кг/тәу 2 қабылдауға 10 күн) қолданылады. 5. Синусит, пневмония кезінде таңдау препараттары (маңыздысынан бастап көрсетілген) - амоксициллин+клавулон қышқылы 500-750 мг ішке, тәулігіне 2 рет 5-7 күн, цефаклор 40 мг/кг/тәу 2 қабылдауға 7 күн. 6. ß-лактамды антибиотиктерге аллергия кезінде антибиотиктердің макролидтер тобынан ДЗ тағайындалады: азитромицин 250-500 мг тәулігіне 1 рет 4 күн, спиромицин 150 мг тәулігіне 2 рет 7 күн. 7. Айқын азотемия және гипокалиемия кезінде гемодиализ жүргізіледі. |