Главная страница

жоба ұлттық. Жоба лтты ндылытар


Скачать 6.85 Mb.
НазваниеЖоба лтты ндылытар
Дата06.04.2023
Размер6.85 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлажоба ұлттық.docx
ТипДокументы
#1041167
страница2 из 5
1   2   3   4   5

«Қазақ халқының ұлттық киіз үйінің құрылысын ата және орналастыр»

Мақсаты: Балаларға ұлттық киіз үйдің құрылысын білуге үйрету. Өлең жолдарымен қимыл-қозғалыс түрлерін жасап киіз үй құру. Сөздік қорларын молайту.

Көрнекілік: киіз үй құрылысы жасалған карточкалар топтамасы, киіз үй үлгісі

Ойын шарты: балаларға киіз үй құрылысын ретімен атауға, киіз үй шаттық шеңберін орындауға үйрету, тоқпақ жолдарын іс-қимыл келтіріп орындау. Киіз үйді құрастыру, карточкаларды топтастыру.

Шаттық шеңбері

Үлкен шеңбер құрамыз,дөнгелене тұрамыз,

Керегені кереміз,уықтарды ілеміз

Айналамыз-ойнаймыз,киіз үйді құрамыз!





Уық керегенің үстінен қойылады
Уык предначается для поднятия купола юрты






Киіз үй-Юрта









Киіз –кошма, войлок

Оюмен өрнектелген киіз, киіз үй жабдығы ретінде қолданады сыртын жабуға немесе кілем ретінде жерге төселеді

Разрисованный войлок, кошма предназначается для покрытия юрты сверху и как ковер стелят изнутри, делают разных размеров. Богатые делали себе войлок белого цвета


Киіз үйдін жабдықтары
Оформление юрты изнутри







Шыңырақ-купол

Шанырақ түтін шығаруға арналған, және уақыт білудің ең бір қасиеті болған

Купол -кроме функции дымохода выполнял ещё и роль часов, казахи с большой точностью определяли время суток.

Кереге- стена

Ең бірінші керегесі қойылады киіз үйді көтергенде
Для строительства юрты сначала ставится кереге-стена. Все из ивовых прутьев









Есік- дверь
Есікті қазақ халқы шығысқа қарап орнатқан
Двери юрты всегда устанавливали в сторону востока.


Сырмақ –ковровая дорожка:

оюлары

қолдан тігіліп, киізден 

сырылатын  кілем.








Кілем-клем: қабырғаға ілінеді

Төсек- кровать:

кеш батқан соң барлық бала

тәтті ұйқыға жатады, дем

алады






Бесік- колыбель: менің кіп кішкентай інім күні бойы сонда таңулы, анам оған ән айтып тербетеді, уатады, ұйықтатады

Сандық-

сундук: онда әжемнің түрлі-

түсті матасыда

бар, әшекейлерді сақтаған





Шифоньер: киімдерім ілулі, ілгіште тұрады, есігі оның жабық болады


Сөре- полка: кітаптарым ретімен орналасқан оның бойына






Үстел-стол: тамақ ішуге арналған
«Киіз үйдің жиһаздары мен жабдықтарын ата»

Мақсаты: Балаларға киіз үйдің ішін жабдықтарын атай білуге, олардың қолдануға қандай пайдасы бар екенін білуге үйрету. Суретті карточкаларды әр балаға беріп, жұмбақтап жасырып, атын шешуін айту арқылы көрсету тапқырлыққа үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.

Көрнекіліктер: жиһаз суреттері көрсетілген топтамалар, хатқалта

Ойын шарты: әр бала жиһаздарды қолына тиген карточкалардағы бейнеге қарап, жұмбақтап жасырады, жауабын басқа балалар шешіп табу қажет, осылайша жиһаздар жинағын топтастырады .

Сандық-сундук: онда әжемнің түрлі-түсті матасыда бар, әшекейлерде сақталған

Бесік- колыбель: менің кіп кішкентай інім күні бойы сонда таңулы, анам оған ән айтып тербетеді, уатады, ұйықтатады

Төсек- кровать: кеш батқан соң барлық бала тәтті ұйқыға жатады, дем алады

Төсеніш- ковровая дорожка: бөлмеде жерге төселген түрлі- түске бөлінген.Сөре- полка: кітаптарым ретімен орналасқан оның бойына

Шифоньер: киімдерім ілулі, ілгіште тұрады, есігі оның жабық болады


Тақырыбы: «Киізүйдің ерекшеігі мен қасетін түсіндіру»
Мақсаты: 1. Балаларды киіз үй құрлысымен таныстыру.
2. Баланың сөздік қорын молайту арқылы, салт – дәстүр туралы ұғымдарын қалыптастыру
3. Балалардың бойына ата – мұра құндылықтарын қастерлеуге салт – дәстүрді біліп – үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын сұрақ – жауап, жұмбақ шешу.
Көрнекілігі: Киіз үй тігілген, киіз үй жабдықтары.
Балалар қонақтармен амандасайық..
Шаттық шеңбер орындалады.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Балалар біз ненің ішінде тұрмыз?
Балалар киіз үйдің ішінде тұрмыз деп жауап береді.
Балалар киіз үйдің құрал – жабдықтарын, құрлысын кім біледі атай алады.
(балалар иә, жоқ деп жауап береді)

Дидактикалық ойын «Киіз үй» ойнатылады.
Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді)
Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді)
Керегелер керіліп (алақандарын ашады )
Өрім дей болып өрілер (қолдарын белге қояды)
Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер.
Ендеше балалар мен сіздерге қазақтың киіз үйі туралы түсіндіріп өтейін. Тәрбиеші киіз үйдің құрал – жабдықтарымен таныстырып, қазақ халқының салт – дәстүрін байланыстыра отырып киіз үй туралы мол мағлұмат береді.

Балалардың жауабы: Киіз үй құрлысын атап береді.
- Кереге, шаңырақ ,,уық,,
босаға, сықырлауық,
табалдырық, маңдайша.
Киіз үй жабдықтарын атап береді.
- Іргелік, туырлық, үзік, түндік, ши, есік.
Сергіту сәті: Кел балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уықтарша иіліп,
Шаңыраққа қосылып.
Қазақ үйді құрайық..
Балалардан киіз үй туралы кім тақпақтар біледі жатқа айтады.


1 – бала: Қабырғасы тор көз,
Төбесінде зор көз. (Кереге, Шаңырақ)
2 – бала: Тұмсығын тесіп.
Жүннен бұйда есіп
Қазыққа байлады. (Уық )
3 – бала: Төбедегі көзінен.
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен.
Самал еркін еседі. (Киіз үй )
4 – бала: Жетпіс екі найзасы.
Біріктіріп тұрады. (Шаңырақ)
Балалар біз бүгінгі сабағымызда не білдік, не үйрендік. Ненің құрлысымен таныстық?
- Киіз үйдің қандай құрал – жабдықтарын білдіңдер?
- Киіз үйдің құрылысы қалай аталады екен?
Балалар жауап топ болып сұрақтарға жауап береді.
Қорытынды:
Балалар бүгінгі сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар.
Киіз үймен таныс екендеріңді таныттыңдар. Сабаққа жақсы қатынасқан балаларды мадақтау.
жұмбақ жасырып қорытындылау:
Төбедегі көзінен.
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен.
Самал еркін еседі. (Киіз үй)





Тақырыбы: Жайлауда. /сурет бойынша әңгіме/
Мақсаты: Жайлау және оның орналасқан жері, ағаш үйдің құрылысымен таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрап өз ойын толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оқушыларды білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Ойлау қабілетін арттыру, тіл байлығын дамыту.
Туған жердің табиғатының сұлулығын сезінуге, оны аялап қорғауға, адамгершілікке, қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Жайлау суреті, киіз үйдің құрылысы, төрт түлік малдың және жабайы жануарлар суреттері, малдан алынатын өнімдер суреті.
Әдісі: Әңгімелеу, ойын, түсіндіру, сұрақ - жауап, жұмбақтар, мадақтау.
1. Ұйымдастыру бөлімі.
- Қане, балалар, апайлармен сәлемдесіп алайық:
Балалар: Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздер ме!- деп
Сәлемдесіп аламыз.
- Жарайсыңдар балалар. Бәріміз орнымызға отырайық.
Балалар күн жылынып көктем шыққанда малдар қайда шығады?
- Далаға, өріске, жайлауға шығады.
- Көктем шығысымен малдарды жайлауға бағады. Олар жайлауға киіз үй тігеді. Киіз үйдің құрылысына кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық жатады.
- Ал, балалар үй жануарларын маған кім атап береді?
- Түйе, жылқы, қой, сиыр, ешкі т. б.
- Балалар, бізге жайлаудан төрт түлік малдың бірі түйе келіп тұр екен. Бізге әкелген көптеген тапсырмалары бар екен.
1 - тапсырма: Суретке қарап әңгіме құрау, ат қою.(Жайлауда)
2 - тапсырма: Жұмбақ шешу.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар (Қой)
2. Үстінде екі тауы бар
Кезікті бір жануар (Түйе)
3. Өзі сұлу, өзі жүйрік
Жарысады желменен (Жылқы)
4. Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Бірақ сақалы тағы бар (Ешкі)
3 - тапсырма: Сергіту сәті:
Көтеріліп шаңырақ
Керегелер керіліп
Өрімдей боп өріліп,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрініп.
4 - тапсырма: “Төлдерін тап” ойыны

5 - тапсырма: Төрт түлік мал туралы тақпақтар айту.
1. Айналайын торпақ,
Бола берме қорқақ.
Тар болып тұр аула,
Тысқа шықта заула.
Әукешім - ау күнде,
Ойнайықшы бірге.

2. Жалт - жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ,
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап.

3. Құлын - құлын, құлыншақ
Желкілдейді тұлымшақ.
Маңдайында жұлдызы
Құйрығында құндызы.
6 - тапсырма: “Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ата” ойыны.

7 - тапсырма: Дидактикалық ойын.
Малдан алынатын өнімдерді табу. Сәйкестендіру әдісі арқылы қай малдан қандай өнім алынатынын көрсету.

8 - тапсырма: “Қошақаным қайда екен” әнін айту.
- Жарайсыңдар, балалар енді “Жайлау көркі” өлеңін хормен оқиық.
“Жайлау көркі”
Табиғат әлемі
Гүл толған әдемі.
Ұйқы ашар сағаттай
Бозторғай әуені.
Сайға түс, қырға шық,
Жүресің гүл басып,
Көбелек алдайды.
Бір қонып, бір қашып.

Қорытындылау.
Мадақтау.

Тақырыбы«Зергер әже қонақта» /сюжеттік рөлдік ойын/

Мақсаты: Балалардың санау,апта күндерін атау,логикалық ойындарды ойнау, үй жануарларының төлдерін табуға, геометриялық пішіндерді қолданып, моншақ құрастыруға үйрету.

Зергерлік бұйымдар,қоржын туралы ұғындыру,ой-өрісін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Қызықты тапсырмалар,ойындар арқылы балаларды тапқырлыққа,алғырлыққа тәрбиелеу.

Әжеге көмектесе отырып,адамгершілікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру ,әңгімелеу ,сұрақ-жауап ,жұмбақ,слайд.

Сөздік жұмыс: қоржын, зергер, бұйым, білезік.

Билингвальді компонент: зергер-ювелир, білезік-браслет, бұйым-изделие.

Ұйымдастырылған оқу-қызметінің барысы:

 Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты,

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң балалар!

Балалар жартылай шеңбер жасайық.

Біз талапты баламыз,

Оқып білім аламыз.

Қонақтарды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Сәлеметсіздер ме?

Шаттық шеңбері;

Жақсылыққа бақытқа,

Талпынған әр уақытта,

Бала біт.кен дос бауыр,

Болмасын еш тосқауыл

Ақпыз,қара,сарымыз,

Ағайынбіз бәріміз.

Балалар отырады.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінің неше айы бар?

Күз айларын атап шығайық.

Қазір қандай ай?

Өте жақсы жауап бердіңдер.

Музыка әуенімен есікті қағып, әже келеді.

Амансыңдар ма балаларым ?!

Балалар: Сәлеметсізбе әже?!

Қош келдіңіз әже! Төрлетіңіз! Неге көңілсізсіз?

Әже:Мен балалардан мына қоржынды зергерлік бұйымдармен әшекейлеп берулерін өтінемін.Тойға шашу қоржынын апарайын деп едім.Көмектесесіңдер ме?

Әжелер шілдехана,тұсау кесер,сүндет той т.б.тойларға шашуға қоржын жасап апарады.Қоржынның ішіне шашуға мата, тәттілерін салса, ал сыртына тарату үшін зергерлік бұйымдарын, әшекейлерді қоржынға тағады.Балалар әжемізге көмектесеміз бе? Сізге арнап балалар тақпақ оқып береді

Еркелетіп күнде сен,

Ертек айтып бересің.

Құлыным деп бір иіскеп,

Еркелетіп келесің.

Тойға барсақ болғаны,

Есіңе мені аласың.

Тәтті-тәтті заттарды,

Маған арнап қоясың.

барысы: -Әже сіз отырыңыз. Балалар сізге көмектеседі.

Слайд көрсету. Сұрақ-жауап.

Балалар мына конверттердің ішінде зергерлік бұйымдар бар ,оларды алу ушін ішіндегі тапсырмаларды орындауымыз керек.

1-ші конвертті ашамын,ішінен сырға шығады.

«Жұмбақтар әлемі»

1.Жем шөптен бір тартынбайды,

Сабасы еш сарқылмайды. (Сиыр)

2.Көк ала шапан киемін,

Күннің көзін сүйемін. (Қарбыз)

3. Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.(Түйе)

4.Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.(Кітап)

Тапсырманы дұрыс орындадыңдар,енді сырғаны қоржынға тағайық.

2-ші конвертті ашамын жүзік шығады.

Ойын: «Апта күндері» Ойынды өте жақсы ойнадыңдар.

Тапсырманы дұрыс орындадыңдар,енді жүзікті қоржынға тағайық.

Енді сәл сергіп алайық.Сергіту сәті«Саусақтар»

3-ші конвертті ашамын ,білезік шығады

Ойын: «Төліңді тап»

Өте жақсы ойнадыңдар, білезікті қоржынға ілейік.

Сергіту сәті «Қамшы»

Қамшыны қолға алайық,

Атқа мініп шабайық,

Оң жаққа бір сермеп,

Сол жаққа бір сермеп,

Асыр салып шабайық.

4-ші конверт ашамын, конверттен моншақ шығады.

«Кім шапшаң» ойыны

1.Мынау қандай пішін?

2.Түсі қандай? Неге үшбұрыш деп аталады?

1.Мынау қандай пішін?

2.Оның бұрыштары жоқ.

Тақтадағы геометриялық пішіндерден моншақ құрастырайық.

Моншақты қоржынға тағамыз.

5-ші конверт «Көз моншақ»

Сандық таңбасын тауып, затпен теңестіру.

Өте жақсы моншақты қоржынға тағамыз.

6-шы конверт «Түйреуіш»

Ал енді сендермен уақытты бағдарлауға арналған жұмбақтар шешейік.

1.Ұйқымыздан оянамыз,

Бетімізді жуамыз.

Анамызға ереміз,

Балабақшаға келеміз (Таң)

2.Қолымызды жуамыз,

Түскі асты ішеміз.

Түскі үйқыға жатамыз,

Бұл қай уақыт деп айтамыз? (Түс)

3.Серуенде жүреміз,

Анамызды күтеміз

Тәрбиешіге «Сау болыңыз!» деп,

Үйімізге кетеміз. (Кеш)

4.Үйлерде шам жанады,

Маңас тастай қараңғы,

Ертегіні тыңдап алып,

Тәтті ұйқыға батамыз. (Түн)

Дұрыс жауап бердіңдер .Енді түйреуішті қоржынға тағайық.

7-ші конверт «Шашбау»

Ойын: «Артық затты тап»

1.Сырға, моншақ, сақина, білезік, алма

2.Бұзау, лақ, қозы, жүзік

Балалар өте жақсы тапсырманы орындадыңдар.

Әже сіздің қоржыныңыз дайын болды.

Әже: Балаларым сендерге көп рахмет! Мен енді тойға барайын. Көмектескендерің үшін алғысым шексіз. Өмір жастарың ұзақ болсын! Менің сендерге тәттілерім бар, ала қойыңдар.

Айару:

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз,

Балалар:сау болыңыз әже!

әже сау болыңыз, көмек керек болса біздің балаларға келіңіз.Сау болыңыз.

Әже шығып кетеді.

Балалар бізге кім көмек сұрап келді?Әже не әкелді? Әшекей бұйымдарға нелер жатады? Қандай тапсырмалар орындадыңдар?Қай тапсырма сендерге ұнады?Қандай тапсырма қиың болды?

Егер сендерге сабақ ұнаса өз ойларыңды белгі бойынша көрсетіңдер.

Қорытынды:сұрақ-жауап



«Бесікке салу» ойыны
Тақырыбы: Бесік
Мақсаты: балаларға бесік жайлы мағлұмат беру және тәжірибелік біліктілігін арттыру.
“... Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің!
Бармақтары майысып,
Ою - өрнек ойысып,
Ұста болар ма екенсің!
Таңдайларың тақылдап,
Шешен болар ма екенсің!
... Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Қызмет қылар ма екенсің?!
Қолымыздан іс алып,
Бақытымызға жан балам,

«Жайлауда» ойыны

Жайлауда
Атам биыл мені де,
Алып барды жайлауға,
Құлындар тұр желіде,
Биелер түр байлауда,
Бұлағын да ұнатам,
Қыранын да ұнатам,
«Жылда жылда» жайлауда, Апарам - деп жүр атам. жайлау бейнесін, көрінісін бейнелейтіндерін айтып, үлгі бойынша жасау жолдарын көрсетіп түсіндіреді.

Ш и тоқу әдістерін көрсету.

Ши тоқу (орау)— бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен Орта Азия халықтары арасында кеңінен тараған өнер. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін тоқылған ши қазірге дейін кеңінен пайдаланып келеді. Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үй ішіндегі ыдыс-аяқ, ошақ басын қоршай қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, әр түрлі үй шаруашылық мүддесіне (мәселен, киіз басу жұмыстарына, жаюлы киіз-сырмақтың асты ылғал тартып, бүлінбеуі үшін солардың астына төсеуге, сонымен бірге құрт жаю, тары сүзу т. б.) кеңінен пайдаланылады.

Қазақ халқының қолөнері саласында ши тоқу, оған боялған түрлі-түсті жүн орап, өрнектеп безендіру ісі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши болып үш топқа бөлінеді. Олардың әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Атап айтқанда, қабығынан тазартылған аң ши ді көбінесе құрт, ірімшік т. б. жаю үшін қолданылатын болса, ұзына бойы әр түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһаздарының бірі болып табылады.

Тақпақтар;


Сағақты кереге 
Шаңырақ біреу, 
Шаңыраққа сексен уық болар тіреу 
Алты қанат боз үй дейсің мұны, 
Сынамаққа сұрай қалса біреу-мінеу. 
Ең алғаш күлдіреуіштен сығалар таң, 
Крегенің басында адалбақан 
Төрдегі текеметке малдас құрып 
Көнен хикаясын шертер атаң. 
Іргеден маңдай төсеп еспе желге 
Қымыз іш 
Сырқат қалмас еш денеңде. 
Кесе қап, аяқ қап пен әбдіре, сандық 
Артық мүлік болмайды көшпелі елде. 
Тап-таза, 
Ететұғын ауасы жас, 
Киіз үйге жұрттың ынтық болғаны рас. 
Жылы, жеңіл 
Тігуі, жығуы оңай 
Үй басуды үйренер зерделі жас.



Сюжеттік-рөлдік ойын: «Дүкен»
Тақырыбы: «Жұлдыздар дүкені»
Білімділік мақсаты: :Балалардың диалогты сөйлей білуге өз бетінше рөлді толықтыра түсуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты:Ойын кезінде бір-бірімен байланыста бірнеше әрекет түрлерін атқаруға талпындыру.
Тәрбиелік мақсаты::Үлкендердің еңбегін сыйлай білуге және сыпайылыққа,адамгершілікке тәрбилеу.
Әдістері:Ойын,жеке жұмыс, рөлдерді сомдау.
Көрнекіліктер:Дүкен макеті,касса макеті,нан өнімдері,ойыншықтар,жемістер,карзина,суреттер,т.б.
Барысы:(Радиодан хабарландыру айтылады.)
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар.Қаламызда жаңа супермаркет «Аққайын»дүкені ашылып жатыр.Жаңа қызметкерлер мен жас мамандар қажет
Балалар: (Топқа әуенмен кіреді.)
1)Сұрақ:Қандай жемістерді білесіндер?
Айкүн:Алма,алмұрт,банан,апельсин,анар т.б.
2)Сұрақ:Нан туралы мақал-мәтел білесіндерме?
Сафия:Ас атасы нан»,»Нан болса әнде болады».
3)Сұрақ:Балалар қандай ойыншықтардың түрлерін білесіндер?
Адиля:Куыршақ,машина,доп,конструктор,ыдыс-аяқтар,т.б.
Ойыншықтар неден жасалады?
4)Сұрақ:Балалар мына сандар адасып кетіпті,осы сандарды кім маған ретімен қойып,тура және кері санап береді?
Адия мен Әлиша:ретімен кояды.123:321:
Балалар сендер сұрақ-жауаптан өте жақсы өттіндер,енді жұмыс орындарыңды тапсырайын.
Айкүн:Сен жемістер туралы жақсы біледі екенсін,жемістер бөліміне бара ғой.
Сафия:Сен нан туралы мақалды өте жақсы айттың,нан бқліміне бара ғой.
Адиля:Сен ойыншықтар туралы жақсы айттын,ойыншықтар бөліміне бара ғой.
Адия мен Әлиша: Сендер сандарды өте жақсы айыра білдіңдер .касса бөліміне бара ғойыңдар.
Сатып алушылар:Абдолла, Исмаил, Ясмин, Алуа, Райымбек, Ескендір, Айсана.
Күзетшілер: Эльхан мен Мират
Ойын ситуациясы: Сатып алушылар кезек-кезек дүкенге кіреді.
Өздеріне ұнаған бөлімдеріне барады.
Сатып алушы-Алуа: Сәлеметсіз бе, сізде банан бар ма?
Сатушы-Айкүн: Ия, бар. Міне алыңыз.
Касса бөліміне барып, тауарды береді.
Кассир1-Адия: Сізден 1 теңге. (ақшаны алып, чек береді.) Тауарды пакетке салады.
Шыға берісте, күзетші тұрады.
Күзетші Мират: Чекті көрсетіңіз. Жақсы. Тағы да келіп тұрыңыз.
Сатып алушы-Абдолла: Сәлеметсіз бе, сізде машина бар ма?
Сатушы-Адиля: Ия, бар. Міне алыңыз.
Касса бөліміне барып, тауарды береді.
Кассир2-Әлиша: Сізден 2 теңге. (ақшаны алып, чек береді.) Тауарды пакетке салады.
Шыға берісте, күзетші тұрады.
Күзетші Мират: Чекті көрсетіңіз. Жақсы. Тағы да келіп тұрыңыз.
Сатып алушы-Айсана: Сәлеметсіз бе, сізде балмұздақ бар ма?
Сатушы-Сафия: Ия, бар. Міне алыңыз.
Касса бөліміне барып, тауарды береді.
Кассир1-Адия: Сізден 2 теңге. (ақшаны алып, чек береді.)
Шыға берісте, күзетші тұрады.
Күзетші Мират: Чекті көрсетіңіз. Жақсы. Тағы да келіп тұрыңыз.
Осылай барлық сатып алушылар кіріп шығады. Соңғы сатып алушы кеткенде. Дүкен жабылады.
Қорытынды:Бүгінгі жұмыс күндерін жақсы өтті,сендерді жұмыс барысында байқадым,берілген рөлдерінді нанымды бейнелей білдіңдер.Сау болыңыздар!




Киіз үйді құрастыру.

Мақсаты: білімдерін тереңдету. Балаларға қазақ халқының тұрғын үйі – киіз үй туралы түсінік беріп, ата кәсібінен хабар беру, атадан мұра болып қалған өнерді үйрету. Балалардың ой – өрісін дамыта отырып, өнерге деген қызығушылығын арттыру, жұмыс жасау шеберлігін шыңдап дамыту. Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа,
Барысы:
Психологиялық дайындық.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Оңға қарады, солға қарады,
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына
Топқа бөлу.
(Қоржыннан өз топтарына есім алады)
I топ «Орда» тобы.
II топ «Отау» тобы.
III топ «Шаңырақ» тобы.
Ой шақыру.
Бұрынғы көшпелі халықтың баспанасы не еді? (Киіз үй)
Киіз үй неше бөліктен тұрады? (Төрт)
Қандай? (Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық)
Киіз үй түрлері туралы слайд көрсетіледі. ( назарын суретке аудара отырып бүгінгі тақырыпты әңгімелеу.)
Киіз үй - «Атамыз-Алаш, керегеміз-ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киі үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ – мекені. Солай бола тұрса да оны қастерлеп ұстап, ғасырдан-ғасырларға оның мән –маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен – жайы, баспанасы, мүлкі, мақтанышы.Киіз үйдің атқарған қызметі мен рөлі өте зор. Оған қарап отырып, бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс мәдениеті, талғамы еш халықтан кем еместігін аңғарамыз. Осы киіз үйде қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы зор роль атқарады.
Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады.
Киіз үй ішін жабдықтауға қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол арқылы қазақ дәулеті мен мәдениетін таныта білген.
Киіз үй аз уақыт аралығында тігуге де, жинауға да ыңғайлы. Көшіп-қонуға қолайлы болғандықтан, малшылар оны қазір де көп қолданады. Киіз үй тегіс, су жүрмейтін құрғақ жерге тігіледі.
Киіз үй маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Киіз үй түрлері
Ой қозғау (сөздік)
Уық – шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.
Қаламы – уықтың шаңырақ пен қаламдығына сұғылатын ұшы.
Қары – уықтың иініне дейінгі бойы.
Иіні – уықтың иілген (бүгілген) тұсы.
Уық бау – уықты керегеге байлайтын жіп.
Кереге – үй іргесі мен шеңберін құрайтын негізгі бөлік.
Көз – керегенің тор көздері (тор көз, жел көз)
Ерісі – ағаштардың кереге құрайтын ұзыны.
Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.
Сықырлауық – киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.
Киіз есік – сықырлауықтың сыртынан жабылатын есік.
Маңдайша – екі босағаны жоғарғы жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
Табалдырық – екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын ағаш..
Топпен жұмыс.
«Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: төр, сол жақ, оң жақ,от орны» - дегенді түсіндіріп көріңдер.
Практикалық жұмыс.
1. Қауіпсіздік ережесін қайталау.
Эстетикалық жағынан ең жақсы орындалған жұмысты көрсету. Жұмысты жасағанда жіберілген қателерге талдау жасау.
- Балалар, шаңырақ киіз үйдің қасиетті, киелі мүлкі.Атадан балаға мұра болып келе жатқан мұра екенін түсіндіру.
Венн диаграммасы. қорыту, пысықтау.


Тақырыбы: Сандық, кебеже құрастыру.

Білімділік: Балаларға техника қауіпсіздік шараларын ескертіп таныстыру. Қазақ халқының қо өнері туралы мәліметтер беру. 

Дамытытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қаблеттерін арттыру, 

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, шеберлікке, ізденімпаздылыққа баулу, Ата- бабамыздың ертеден келе жатқан қолөнерін оқып білуге үйрету. 

КЕБЕЖЕ – азық-түлік сақтауға арналған үй жиһаз- дарының бірі. К. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Олардың жасалу тәсілі, сыртқы пішіні көп жер- лерде ұқсас болып келеді. К.-лердің бір-бірінен ерекшелігі олардың алдыңғы бетін көркемдеу тәсілінен байқалады. К., әдетте,абажа, абдыра, сандықаталатын мүліктерден кішілеу болады және ол төрге қойылмайды, сол жоқ деп аталатын қазанаяқжақта тұрады (қ. Қазанаяқ)Кебеженің төрт бұрышында тігінен орнатылған төрт қырлы ағаштар жақтау қазық деп аталады. Жақтау қазықтарға Кебеженің алдыңғы және артқы бетіндегі, екі жанындағы тақтайлар ырып бекітіледі. Астына қойылатын тақтайлар төрт қабырға жасап тұрған тақтайлардың астыңғы шетіне таман ырылып, саңылау болмайтындай жымдасып тұрады.

Саяхат



           Айлық жоспар бойынша балалар немен танысты, не үйренді?

  1. балалар киіз үйдің жасау жабдықтары туралы толық түсінік алды




  1. Белсенді сөздік қорына «Уық», «Шаңырақ», «Сықырлауық» т.б. сөздерін қосты.




  1. Қазақтың ұлттық әдеп- ғұрыпымен, имандылық- инабаттылыққа тәрбиеленеді.


Ойындар арқылы тиым сөздер, мақал- мәтелдер, жұмбақтар үйретіледі.


  1. Киіз үйдің суретін салып, керегені мүсіндеп, кереге уықты ағаштан жасап, түс киізге ою- өрнек жапсырады, төрт- түлік

  2. малдың жүндерінің айырмашылығын зерттеді.




  1. Құрылыс блоктарынан үй, үй жиһаздарын құрастырып үйренді

  2. Балалардың ойын түрінде тест қабылдау.
1   2   3   4   5


написать администратору сайта