жоба ұлттық. Жоба лтты ндылытар
Скачать 6.85 Mb.
|
Домбыраны әшекейлеуТақырыбы: «Домбыраны әшекейлеу» Ересектер тобы Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық аспабы домбырамен таныстыру. Ою - өрнектерді еске түсіре отырып, алған әсерлерін, өз ойларымен баяндай білуге үйрету. Өнер туралы ойларын тиянақтау. Ауыз әдебиеті үлгісі - мақал - мәтелдерді қолдана отырып байланыстырып шебер сөйлеу, білімділігін шыңдау. Күйді тыңдай отырып, ұлтттық танымын көтеру. Балалардың қол моторикасын жетілдіру және эстетикалық талғамын арттыру. Безендіру арқылы әдемілікті сезіне білу қабілетін дамыту. Берілген тапсырма бойынша өз ойларын жүйелі жеткізе білу қабілетін қалыптастыру. Ұлттық рухты сезіне білуге тәрбиелеу. Қоршаған ортада әдемілікті, сұлулықты көре білуге тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, қол еңбегі, ән сабағы. Әдіс - тәсілі: әуен тыңдау, сұрақ - жауап, түсіндіру, балалар жұмысы, сергіту сәті, ән қорытынды. Көрнекіліктер: Түрлі - түсті жіптер, қайшы, желім, үнтаспа, домбыра, өнер бөлмесіне қажетті бұйымдар. Сөздік жұмыс: перне, тиек, дыбыс ойығы, шанағы, басы, құлағы, мойыны, ішегі. 1. Күй тыңдалады - Балалар, біздер қандай әуен тыңдадық? - Күй тыңдадық. - Ол қандай аспапта орындалады деп ойлайсыңдар? - Домбырада орындалған. - Ендеше, домбыра туралы не білеміз, кім айтады? Және сіздердің отбасыларыңызда ұлттық аспапта ойнайтын адамдар бар ма? - Домбыра ұлттық аспап. - Біздің үйдің төрінде екі домбыра бар. - Менің ағам домбырамен ән айтады. - Менің де папам домбырамен ән айтып береді. - «Нағыз қазақ қазақ емес, - Нағыз қазақ - домбыра» деген. - Мен домбыра тартқанды жақсы көремін. Өскесін күйші болғым келеді. - Өте жақсы. Бәріміздің төрімізде домбыра ілулі тұрады. Өйткені домбыра қазақтың қазақ екенін білдіретін киелі музыкалық аспап екен, яғни тұнып тұрған өнер. Біздер бүгін өнер бөлмесіндеміз. - Ал, балалар, есімізге түсіріп жіберейікші. Өткен сабақта алған әерлерің бұл жерден табыла ма? Кім айтады. Азамат: - Апай, мұражайдың ішінен текемет, домбыра көрдік. Азаткүл: - Ою - өрнектермен таныстық. Уалихан: - Қошқар мүйіз, тышқан ізі оюларын салдық. Жансая: - Шеберханада зергерлік бұйымдарды көрдік. Әсия: - Қазақтың ұлттық киімін, ыдыс - аяқ бұйымдарын көрдік. Олар өрнектермен әшекейленген. - Бәрекелді! Бәрің де өнерден хабардар екенсіңдер. Енді өнер туралы білетін мақал - мәтелдеріңіз бар ма? Ғани: - Оюмен ой айтқан - еліміз. Берекет: - Өнерлінің қолы - алтын. Нұржан: - Шебердің қолы - ортақ. Манзура - Ою ойғанның ойы ұшқыр. Айдана - Мал жұтаса да, өнер жұтамайды. - Жарайсыңдар. Енді мен сендерге домбыраның құрылысын айтып өтейін. Домбыраның құрылысы көптеген бөліктерден тұрады. Мынау домбыраның басы, құлағы, тиегі - кәне қайталайық. Ал мынау сызықпен көрсетілген пернелері. Басынан кейінгісі мойыны, ал мынау домбыраның беті, кеудесі, шанағы, тиегі, ал мына кішкене дөңгелек дыбыс ойығы деп аталады. - Ендеше домбыра үнін құлағымызбен тыңдай отырып, жан дүниемізбен сезініп, әдемі саусақтарымызбен жасай отырып, алдымыздағы домбыраны сәндеп безендірсек. - Алдымыздағы домбыра үлгілері қандай түспен боялған? - Сары. - Осы сары түске қандай түс үйлесім табады деп ойлайсыңдар? - Қызыл, жасыл, көк, сұры. - Ендеше, алдымыздағы жіптерден өрнектеп қиып, жапсырып безендірейік. Біз жұмысты бастамас бұрын бір сәт теледидарға назар аударсақ. ( сақтандыру ережелері) - Кәне, балалар, біздің шебер қолдарымыз қандай қызмет атқарады екен? Бәрі орнынан тұрып: Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Шебер екен он саусақ Шапалақты соққанда Ғажап екен он саусақ Шебер қолдар керемет Салған ісін қараса Домбыраны қолға алып Бір серпіліп ән салса - Ал, балалар, жұмысымызды аяқтасақ тақтаға ілейік. Біздің бүгінгі жұмысымыз кімге қалай әсер етті екен? Соны білейік. (Балалар біртіндеп тақтаға шығып, өз ойларын айтады) - Ал, енді өздерің айтқандай домбыраны қолға алып, бір серпіліп ән салса дегендей ән айтайық. Ән: «Домбырасыз сән қайда» - Сонымен балалар, біз қай жерде отырмыз? - Өнер бөлмесінде - Қандай өнер түрін жасадық? - Домбыраны безендірдік - Немен безендірдік? - Түрлі - түсті жіптерден ою - өрнектер арқылы безендірдік - Ән арқылы, күй арқылы өздеріңді қалай сезіндіңдер? - Жақсы көңіл - күймен демалдық - Ендеше бүгінгі сабағымызды өздеріңнің бір - бір ауыз домбыра туралы көркем сөздеріңмен аяқтасақ. Дәулет: - Ұлтымыздың ұраны Жансая: - Көңіліміздің жыр әні – Домбыра! Уалихан: - Тарихымен үндескен Манзура: - Айтылатын жыр десем – Домбыра! Азамат: - Сенде сыр бар айтылар Азаткүл: - Сенде нұр бар шашылар – Домбыра! Бұл аспап ата көзі, баба мұра Қазақ үшін теңі бар ма бағалы да. Тербеліп кетсе ішектер теріп перне Теңіз күйлер төгіледі шанағында,- дей отырып сабағымызды күймен аяқтасақ. 3. Қорытынды. Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата- бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшаң- теңіз. Ата- баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп білу, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматтық, ұлттық парызы. Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал- сері, тігінші, өрімші, балгер- бақсы өтті. Зерттеу жұмысы барысында келесі қорытындыға келдім: Әдет- ғұрыптар, ұлттық құндылықтар, ана мен бала арасындағы мейірімділік қасиет адам бойына домбыра арқылы сіңіріледі. Домбыра жасау технологиясын қазіргі заманға сай жетілдіру. Қазақтың ұлттық бұйымдарын безендіруде эстетикалық маңызы зор. Қазақ дәстүрі тек ата-ананы еммес жалпы адамды сыйлауға баулиды. Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын және жасалу технологиясын зерттеуге арналған. Мені қазақ құртының жасалу әдістері қызықтырды. Тағамның өте көне әрі пайдалы түрі – сиыр сүтінен жасалған құрт жайында мәлімет жинағым келді. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Құрттың дәмі ащы болғанмен жеуге сүйкімді тағам. Қазақ құртты тамақ есебінде, әрі шөл басуға да қолданады. Ол көбінесе қысқы азық есебінде ерте әзірленеді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы. Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары). Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңіл ас қатарына жатады. Мен зерттеу барысында кітаптардан, ғаламтордан құрт түрі мен құрамы туралы деректер жинадым. Сонымен қатар балабақшадағы балалармен зерттеу жүргіздім. Нәтижесінде өз тобымның арқасында құрттың пайдасы мен жасау әдістерін қаншалықты деңгейде білетіндіктерін анықтадым. Құрт туралы балабақша балаларына толығырақ мағлұмат алуына көмегімді тигізсем деген оймен осы жобаны ұсынып отырмын. Жоба мақсаты: Бірлесіп жұмыс жасау мақсатында ұлттық тағам –құрт жайлы ұғымдарымызды кеңейту.Шығармашылық ойларымызды дамыту.Тәжірибе жинақтау үшін жан-жақты ізднеуге ұмтылу.Таңдап алған жұмыстарымызды үлкен нәтижеге жеткізуге жауапкершілікпен қарауға баулу. Жұмысты талдай білуге үйрену. Ұлтымыздың тағамдарының құндылығын біле отыра,қастерлеп пайдалануға үйрену. Мазмұны Кіріспе I.Теориялық бөлім «Қазақтың ұлттық тағамы-құрт» жайлы ұғым Пайдаланған әдебиеттер тізімі II. Практикалық бөлім Құрттың дайындалу тәсілдері: а) бұрынғы заманғы жасалу жолы б)қазіргі кездегі дайындалу тәсілі 1.Құртты кептірудегі пішін түрлері: а) күлше ә) сықпа б)шүйірмек в)жарма 2. Құрттың түрлері: а)ақ құрт ә)қара құрт 3.Құрттан жасалатын ұлттық тағам түрлері а)малта және құрткөже 4.Құрт тағамының адам ағзасына құндылығы III.Қосымша а) Тәрбиешімен кеңес ә) Ата-анамен кеңес б) конспект IV.Қорытынды. Кіріспе Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары). Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады. Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі – құрт. Құрт ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күнге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланылады.Құрт - малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады.Әр елдің өзіне ғана тиесілі ұлттық тағамдары болады. Әдетте ол тағамдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, географиялық орналасуына сәйкес пайда болып, жасалады. Дәл сондай тағамдардың бірі - құрт пен ірімшік.Құрт пен ірімшік - саяхатшыларға, аңшыларға, балықшыларға, геологтар мен әскер адамдарына таптырмас өнім. Олар қант пен шоколадтан әлдеқайда жақсы. Көп адам сүттен жасалған тағамдарды жақсы көреді. Олар тойымды, дәмді, әрі ағзаға жылдам сіңеді. Бір өкініштісі, тоңазытқышсыз көпке дейін сақталмайды. Ал ірімшік пен құрттың жайы басқа. Ол жаугершілік заманда өмір сүрген, төрт түлік мал баққан, әр мезгіл сайын жайлауға, күзеуге, қыстауға, көктеуге көшіп отырған көшпенділерге тиесілі. Бұл тағамдарды Жібек Жолы бойымен сауда-саттық жасау кезінде алып жүретін болған. Олар - әр түрлі технологияның көмегімен бір ғана сүттен жасалған өнімдер. Алуан түрлі дәмі бар құрт пен ірімшіктің ең басты қасиеті - жоғары температурада ашымауы. Жасалу тәсіліне орай бірнеше айға дейін сақталады. Қазақ қалқы- қонақжай.Қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі шетелде ерте заманнан –ақ аңыз болып тараған.Атам қазақ кімді болса да «Астан үлкен емессің» деп дастарханға шақырған.Жалпы дастарханымыздың мәдениетінде дастархан тәлім – тәрбиелік қызмет атқарған .Ендеше, ұлтымыздың мақтанышына лайық,дастарханымызға қойылатын тағам атауларын ,әрі осы тағамдарды жасайтын өнімдерді неден алатынымызды және сол тағамдарды сақтауға қолданған ыдыс атауларын келер ұрпақ білуіміз шарт.Қазақтың ұлттық тағамдары өте қуатты және құнды. Ата- бабаларымыз мал шаруашылығымен айналысқандықтан тағамдарымыз да мал өнімдерінен алынады. Бірақ оны қалай жасауын және оған сай ыдыстарды мал терісінен алу , оны қалай сақтаудың сырларын ашқан.Қазіргі кезде қарап отырсаң осының барлығын ойлап, оны іске асыра білген шебер апа-әжелеріміз бен ата- бабаларымызға таң қаламыз.Неткен тапқырлық! Ұлттық тағамдарымыздың көбі сүттен жасалынған. Апаларымыз бір тамшы сүтті жерге төкпей «ырыздық кетеді.малдың желіні кетеді» деп қастерлеген.Сүт өнімінен жасалынған әр тағамның өзінің құндылық орны бар. Соның ішіндегі бүгінгі зерттеу жұмысым сиыр сүтінен алынатын қазақтың ұлттық тағамы –құрт жайлы. Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсандарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Мал шаруашылығымен айналысқан ата -бабамыздың негізгі асы- ет пен сүт болған. Етті қуырып, асып жеген. Ал сүттен көптеген астар дайындаған. Сиыр, қой сүттерінен құрт, кілегей, қаймақ, ірімшік, сары май тағы да басқа тағамдар әзірлеген. Осы астардың барлығын даярлауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамдарды жазда да, қыста да бұзбай сақтаудың әдіс-тәсілдерін білген. Олар сүттен жасалатын қаймақ, ірімшік, сары май, шұбат, қымыз, құрт секілді тағамдарды шебер дайындаған. Басқа тағамдарға қарағанда, сүттің алатын орны ерекше.Себебі, сүт және сүттен жасалатын тағамдар денсаулыққа өте пайдалы. Ол ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті де бар екен. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылады. Ал, жылқының сүтінен әзірленетін қымыздыңемдік қасиеті ертеден белгілі. Онда жүректің жұмыс істеуін жақсартатын дәрумендербар. Сонымен бірге,шұбат та денсаулыққа өте пайдалы екен. Осы астардың пайдасын медицина пайда болмай тұрып- ақ білген ата-бабамыз нағыз данышпан болған десек, артық айтқандық емес.Бұрын қымыз, шұбатын ішіп, құрт-ірімшігін жеп-ақ халқымыз дерттің алдын алған. Ата-бабамыздың алып тұлғалы, батыр да дана болуының бір сыры осы болуы да әбден мүмкін. Сүттен жасалатын қазақта құрт, қатық ,қымыз шұбат, сүт көже, сүзбе, көбік, ежігей тағы да басқа тағамдар баршылық. Және ол тағамдардың басым бөлігінің қалай әзірленетіні халыққа белгілі. Алайда таныс емес қазақ тағамдар да қаншама. Мысалы, өзім жақында ғана ежігей деген тағамды білдім. Осы тағамның қалай және неден әзірленетіні маған осы уақытқа дейін беймәлім еді. Ұлттық тағамдар туралы жазылған үш кітапты оқығанмын. Бірақ, ол кітаптарда ежігей туралы кезіктірмеппін. Кітаптарда жазылмаған ас түрін мен ғаламтордан бірден таптым. Ежігей - қой сүтінен дайындалған тағам. Ол қайнатылған қатық пен сары ірімшіктің қоспасынан әзірленетін дәмі тәтті, өзі жұмсақ болатын ас екен. Бұдан да басқа біз білмейтін ұлттық тағам түрлері көп деп ойлаймын. Негізінен бізде ұлттық тағамдардың ұмыт болып бара жатқаны шындық. Ал, бұған себеп, түрлі тағамдардың, соның ішінде, басқа елден келген астардың көбеюі. Бірақ, бұл тағамдардың пайдасынан зияны басым екенін зерттеушілердің өзі дәлелдеп отыр. Мен өзімнің тобымдағы 5-6 жасар балалармен осы құрттың жасалу жолдарын зерттеп,адам денсаулығына пайдасы бар екенін жәнеде құрттың түрлерімен таныстырамыз.Жобамда теориялық бөлімнен Зерттеу бөлімдерінен тұрады. Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық тағамы мен таныстырып,оның қайдан алынатынын,қалай жасалатынын түсіндіре отырып,дәмінің қандай тіл үйретінін көрсетіп,мәңгілік жадында сақтап жүруіне көңіл бөлу. Балалар көрсе қызар не алғысы келсе соны ұстап көріп,не жегісі келсе дәмін татып көріп,өз ойына келгенді істейді.Сондықтан баланың өз ойын білу керек.Сонда ғана бала есте сақтай алады. Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету, Қазақстанның әр түрлі аймақтарында жасалу түрлерін зерттеп, ерекшеліктерін табу, организмге күнделікті қажеттілігін насихаттау, ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығаруға үлес қосу. Теориялық бөлім Қазақтың ұлттық тағамы –құрт.Құрт- малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам.Ата- әжелеріміз құрттың қуаты талай аштықтан сақтаған деген.Құртты сиыр,қой, ешкі сүтінен алуға болады.Ал біздің бүгінгі жұмысымыз әрине сиыр сүтінен құрт өнімін дайындау тәсілдерін айтып ,жеткізу.Бүгінгі күнге дейін сүт өнімінен жасалатын құртты әркім әр түрлі әдіспен дайындайды. Осы әдісті мен балабақшада ересек топтарда көз жеткіздік.Бірінші балаларға ол сүт бізге қайдан келетіні жайлы тексеріп,мақта қыз ертегісін пайдаландық.Балалар өздерінің көзі жеткенсін ары қарай зерттеуді жалғастырды.Сүттен іркіттің пайда болатынын білді.Оны ары ірітіп құртқа айналдырды.Дәмін келтіру үшін дәмдеуіш қосты.Оны доңгелек тәріздес жасады.Содан кептіріп таза болу үшін арнайы орағышқа салды. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін - әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақтайшаға, шиге, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей,қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2 — 3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет. 1-тәсіл:Сабаға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі.Сүт іркітке айналып, майы бетіне қалқып шығады.Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да,іркітті қазанға суы сарқылғанша қайнатады.Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін,ернеуін қырып,әлсін- әлсін араластырып отырады.Құрт кайнап әбден қойылған соң қапқа құйып,керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады.Құрт қапта бір тәулік тұрған соң суы әбден сарқылып құрғайды.Бұдан кейін құртты қаптан алып, сықпалап өреге жайып кептіреді. 2-тәсіл:Сауылған сиыр сүтін қақпағы жақсы жабылатын ыдысқа, не ағаштан жасалынған бөшке болуы мүмкін, не үлкен 40-50 литрлік ыдысқа құяды. Күннің астына немесе жылы жерге құйылып қойылған сүт ашып, қоюы іркітке, ал сұйығы сарысуға айналады.Әбден ашыған сүттің қою іркіті ыдыстың бетіне көтеріледі.Астында одан бөлінген сарысу қалады.Сондықтан ағаш бөшкеге жиналған іркіт болған жағдайда бөшкенің төменгі жағынан сарысу ағызатын арнайы шүмек тесіп қояды.Сол шүмекті ашып – жабу әдісімен сарысу ағызылып алынып ,ал қою іркітті қазанға салып,отқа қойып бабымен қайнатады. Ал ыдысқа ашытқан іркіттің қоюын екінші ыдысқа сүлгімен сүзіп алып,сарысуынан ажыратамыз.Қазанға іркітті құймас бұрын қазан түбіне және ернеуіне кез- келген жеуге жарамды майдан жағып қойса қазан түбі жабыспайды және майланған ернеуінен асып төгілмейді.Қазан астына жағылған оттың бабы тәтті және біркелкі құрттың пісуіне әсер етеді.Сарысуынан әбден айырылған және ашуы жеткен іркіттің қоймалжыңы құртқа тез айналады,Дайын құртты қазаннан таза қапқа немесе сүлгіге аударып алып 10 сағаттай ашаға іліп немесе үстіне ауыр зат бастыру арқылы суын әбден сарқылтамыз.Одан соң дайын құртты өзіңізге ұнаған пішінмен кептіріп аласыз.Оны кептіру үщін жылы жел, ыстық күн керек.Біз құрт жасау жолдарын балабақшада н бастадық .Алдымен балаларға түсінікті болу үшін Мақта қыз ертегісін алдық. |