Главная страница
Навигация по странице:

  • Дайындаған: Шукирбаева Ж.А. Алғы сөз

  • Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар» Мақсаты

  • Жобаға қатысушылар

  • Жобаның мерзімі

  • Жобаның этаптары: 1-этап. Тақырыпты таңдау.

  • 2-этап. Негізгі бөлім. Ақпараттар жинау.

  • 3-этап. Жобаны жүзеге асыру. 4-этап. Жобаның презентациясы. Түсінік хат «Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен

  • Үш айлық тақырып: «Киіз үй» Кіріспе бөлім: Мақсаты

  • Тәрбиелік міндеті

  • Көрнекілік құралдар

  • Қыркүйек Қазан Қараша

  • жоба ұлттық. Жоба лтты ндылытар


    Скачать 6.85 Mb.
    НазваниеЖоба лтты ндылытар
    Дата06.04.2023
    Размер6.85 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлажоба ұлттық.docx
    ТипДокументы
    #1041167
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5



    «№9 Бөбекжай-бақшасы»


    Жоба:

    «Ұлттық құндылықтар»






    Дайындаған: Шукирбаева Ж.А.

    Алғы сөз

    Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел - жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алмыс, күміс тас екен», «асты қорлама құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал - мәтелдер де куә бола алады. Қалай айтылса да, қай заманда айтса да халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн - жосығын да, оны дәмді етіп әзірлеудің көзін, кезін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеу де, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қарым - қабілетін, түсінігін танытуды да, қазақ кең дастарқан арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер де елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы сынап, бағасын берген. Демек ұлт мәдениетінде тамақ, дәм татыру – экономикалық, дипломатиялық және тәлім - тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе әрине, қазақ халқының қонақ жайлық дәстүрі шетелдерде ерте заманнан ақ аңыз болып тараған.Қазақтың қай ұлттық тағамын алсаң да, ерекше қасиетін біліп таң қаласың.Сондықтан біз бүгін ұлттық тағам құрт жайлы айтпақпыз.Өйткені сыныпта оқушылар қалталарына кәмпит орнына құрт әкеп ,үзілісте жейтінбіз. Балалар құртты жақсы көреді. Бір күні үзілісте құртты жеп отырып,      осы құртты қалай істейді екен,неге осылай тәтті болады екен деген ой барлығымызда туындады. Осы ойымызды мұғалімге айттық. Мұғалім білгілерің келсе ,кәне барлығымыз осы құртты зерттеп көрсек қайтеді деді.Сөйтіп , құрт жайлы тереңірек білу мақсатымен осы жұмысты бастап кеттік.


    Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар»

    Мақсаты: Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе. Оған халықтың тілі, ділі, мәдениеті, әдебиеті, өнері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде пайда болуымен бірге туындаған әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, жол-жоралғылар, ұғым-түсініктер, дағды, көзқарастар жатады. Осы орайда бала өміріне маңызды ұлттық тәрбиені жандандыру.

    Міндеттері:

    • Балаларға ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат беру.

    • Берілген ақпаратқа талдау жасай білу қабілеті.

    • Балаларға ұлттық құндылыққа деген құрметі.

    Жобаның өзектілігі:
    Балаларға ұлттық құндылықтар туралы мағлұматтар беріп, рухани адамгершілік-қасиеттерін дамыту. Тарихын сыйлайтын ұрпақ тәрбиелеу.

    Ұлтымыздың әдет - ғұрпымен салт - дәстүріне жан бітіріп оның құнды қалпын сақтау. Ата - бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырту. Отанға деген, еліне деген сүйіспеншілік қасиетін арттырады.

    Жобаға қатысушылар:Қазақ тілі пәні мұғалімі Шукирбаева Жадра Аликовна және мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері.

    Жобаның түрі:танымдық – ақпараттық саяхат.

    Жобаның мерзімі: 9 айлық жоба

    Өнімі:презентация (слайд).

    Жобаның болжамы:

    -Ұлттық құндылықты бойына игерген тұлға қалыптастыру;

    -Ұлт болашағы мен ел тағдырын келешек ұрпақ қолына сенімді етіп тапсыру;

    -Бүгінгі ұрпаққа берілетін тәрбиеден күткен нәтижеге қол жеткізу;

    -Ұлттық тәрбиені қаз-қалпында атадан балаға ұластырудың сабақтастығы тұрақты сақтау.

    Жобаның жоспары:

    • Ұлттық қазақи үй/ Киіз үй/ - 3 ай

    • Ұлттық аспаптар / Домбыра/ - 3 ай

    • Ұлттық ас /Құрт/ - 3ай

    • Саяхат.

    • Ата-аналармен жұмыс.

    • Видео ролик.

    • Слайд

    • Шығармашылық жұмыс

    • Қорытынды.

    Жобаның этаптары:

    1-этап. Тақырыпты таңдау.

    • Жобаға тақырып дайындау.

    • Жобаны іске асыруда қажетті материалдар дайындау.

    • Көрнекі құралдар дайындау.

    • Ата-аналармен әңгімелесу.

    2-этап. Негізгі бөлім. Ақпараттар жинау.

    • Ұлттық құндылықтар туралы мәліметтер жинау.

    • Мұражайға саяхат жасау.

    • Ойын әрекетін ұйымдастыру.

    3-этап. Жобаны жүзеге асыру.

    4-этап. Жобаның презентациясы.

    Түсінік хат
    «Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен

    бір жаңалық болу керек»

    Жүсіпбек Аймауытов

    Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

    Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы.

    Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, бала бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн. Солардың бірі қазақ халқының қасиетті қара шаңырағы «Киіз үй»– ұлттық мұра тарихи жәдігер екендігін көрсете отырып, ұлттық тарих пен мәдениетке деген ерекше құрмет сезімін ояту. Ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, оларды кеңінен насихаттап, бала бойына сіңіру. Қазақ халқы- қонақжай. Қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі ерте заманнан –ақ аңыз болып тараған.Атам қазақ кімді болса да «Астан  үлкен емессің» деп дастарханға шақырған. Жалпы дастарханымыздың мәдениетінде дастархан тәлім – тәрбиелік қызмет атқарған . Ұлтымыздың мақтанышына лайық,дастарханымызға қойылатын тағам атауларын ,ұлттық тағам түрлерін соның ішінде құрт өнімі туралы, неден алынатыны, қалай жасалу керектігін ұғындыру.

    Үш айлық тақырып: «Киіз үй»

    Кіріспе бөлім:

    Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық киіз үйімен таныстырып, оның қалай, неден жасалатыны жайында толық мағлұмат беру. Балалардың ұлттық мұраларға және ұлттық өнерге деген құрмет сезімін қалыптастыру.

    Білімділік міндеті: Балаларға киіз үй туралы толық түсінік беру. Халық педагогикасы мен ұштастыру, әдет- ғұрыпымен таныстыру, киіз үйдің ерекшеліктерін түсіндіру.

    Дамытушылық міндеті: Балалардың ой- өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, мінез- құлқын қазақтың әдет- ғұрып, салт- дәстүріне үйлесімді қалыптасуын дамыту. Шығармашылық қабілетін арттыру.

    Тәрбиелік міндеті: Балалардың бойына ұлттық, имандылық- инабаттылық тәрбие беру. Еәбекті сүюге, үлкендер еңбегін құрметтеуге баулу.

    Қолданылатын әдіс- тәсіл: Сұрақ- жауап, ойын, суретті көрініс, әңгімелеу,саяхат.

    Көрнекілік құралдар: Киіз үйдің суреті, жабдықтары, бөліктері, үй жануарларының суреттері, малдың жүндері, үй жиһаздары, альбом, буклеттер.

    Алдын- ала ата- аналармен жұмыс: тақырыпқа сай материалдар жинауға көмектесу, оқу қызметітің мақсатымен таныстыру, ассистент болуға шақыру. Үйде балаларына осы тақырып бойынша жұмыстар жүргізу.
    Киіз үй қазақ  халқының  өзімен  бірге  жасасып,  тарих  белестерінен  бірге   келе жатқан  заттық,  тұрмыстық  мәдениеттің  көрінісі.  Ол  сонымен  қатар  қазақ 

    халқының  материалдық  мұрасының  бірі  ғана  емес  бірегейі  болып  бағаланады

    Қазақтың киіз үйі – қазақ баласы үшін адамгершілік ұясы, қасиет тұтар ордасы. Ол әр қазақ баласы үшін тәуелсіздігі мен бостандығының, байлығы мен барлығының, рухани кісілігі мен қоғам алдындағы міндеттілігінің символы. 

     Киiз үй — жер шарының жарты моделi іспеттес. Себебі бұл дүниедегі барлық нәрсе шар тәрізді, ғалам да. Ал киіз үй – адам өмірінің бұл жақтағы да жартысы.  Жаратылыстың мызғымас заңының негізі – бар нәрсе шар тәрізді ұсақ бөлшектерден тұратын болса, бар тіршілік негізі – шар тәрізді форма болатын болса, киіз үй шардың жартысы, сол форманың бірінші бөлігі.  

    Менің  бұл  тақырыпты  таңдауыма ата-бабамыздан қалған мұра – киіз үй туралы бала бойына сіңіру қажеттілігі себеп болды. Өйткені, кешегіні білмей бүгінгінің қадірін түсінбейді. Бірақ қазіргі күні киіз үй туралы жеткілікті түрде насихатталмай жүр. Сол  себепті кейбір қазақ балалары киіз үйді тек көшпенділіктің белгісі ретінде қабылдайды. Негізінде ол ертедегі тұрмысымыздың ажырамас бөлігі, сәулет өнеріміздің бастауы, қолөнеріміздің дамығандығының көрсеткіші.  

    Бұл мәселені шешу үшін балаларға толық мағлұмат беру керек деп ойлаймын. Киіз үй жобасында тұрғызылып, оның ішінде қазақ тарихы, тұрмысы көрініс тапса. Сонда балалар киіз үйді ата-бабаларымыз сияқты қастерлеп, рухани құндылықтарды құрметтейтін болады деген үміттемін. 
    Айлық жоспар


    Қыркүйек

    Қазан

    Қараша

    Қорытынды

    Ойын: «Сақина тастамақ»

    Балаларды жаңа тақырыппен таныстыру, киіз үйдің ерекшеліктеріне тоқталу

    Ойын: «Хан талапай» Киіз үйдің бөліктерімен таныстыру. бөліктердің мықты ағаштардан жасалатынын түсіндірп, көрсету.

    Ойын: «Тақия тастамақ» Киіз үйдің жабдықтарымен таныстыру. туырлық, түндік, бау, арқан, үзік, ши.

    Ойын: «Арқан тату»

    Балалардың білімдерін пысықтау. Ойын: «Теңге ілу» Киіз үйдің сәндік бұйымдарымен таныстыру. Киіз, кілем, қамш, добыра, кебеже, сандық.

    Киіз үйдің ерекшеігі мен қасетін түсіндіру Киіз үйді құрастыру. Пішіндерден үй құрастыру арқылы геометриялық пішіндерді айыра білуге үйрету.

    «Уық», «Кереге», «Сықырлауық», «Шаңырақ» тақырыптарында өлеңдерін жаттату. Сандық, кебеже құрастыру. Сандық белгілерімен жұмыс.

    «Жайлауда» сурет бойынша әңгіме. Шығармашылығын байланыстырып сөйлеуге үйрету.

    Зергер әже қонақта. Рольдік ойын. Қазақ халқының тұрмысында пайдалнатын бұйымдар туралы әңгімелесу. Жеке жұмыс.

    «Бесікке салу» ойыны Киіз үйді құрастыру. Қиынды суреттерден «Киіз үйді» құрастыру

    «Жайлауда» ойыны төрт түлік малдарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру

    Ши тоқу әдістерін көрсету. Ұлттық бұйым

    «Дүкен» ойыны

    Алған білімдерін тиянақтау. Киіз үйдің суретін салу

    Ән айту.

    Қара жорға биі

    Саяхатқа шығу «Музей»

    Көне Тараз қалашығына бару.

    Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға  ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып  өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін !


    Сақина тастамақ

    Ойын шарты: Балалар дөңгеленіп екі-екіден қатарласып отырады. Ойын бастаушы адам ортаға шығады, оның қолында сақинасы болуы тиіс. Ол сол сақинаны бір шеттен бастап қолдан-қолға жүгіртіп, отырғандардың біреуінің алақанына салуы керек. Алақанына сақина түскен адам мұны жанындағы көршісіне білдірмейді. Осыдан кейін ойын бастаушы ортаға шығып, "бір, екі, үш, сақинам ұш" дейді. Сонда сақинасы бар адам жанындағы көршісіне сездірмей орнынан шапшаң ұшып тұруы керек. Егер ол кезінде тұра алмай, көршісіне өзін ұстатып қойса, айып тартады. Ал, керісінше көршісі оны ұстай алмаса, өзі айыпты болады. Сол айыбы үшін көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немесе басқа бір білетін өнерін орындап береді. Сонан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жалғастырады.



    Хан талапай. 
    Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі,хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды,хан талапай жасауы тиіс.Хан кімнің қолында кетсе,келесі үйірі кезегі соған беріледі екен,хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады.

    Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін ,алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде асықты қозғап қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды.

    Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға ,орыннан қозғап түзетуге бол майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі керек.Себебі ол –хан.


    Тақия тастамақ

     Ойын бар бір ойын бастамақ,

     Атын оның «Тақия тастамақ»

     Шеңбер боп отыра қалыңдар,

     Болмасын асығу, сасқалақ,

     Ақырын аспаймын, саспаймын,

     Шеңберді айнала бастаймын.

     Бірінің тұсына жеткенде

     Сездірмей тақия тастаймын.

     Қайтадан оралып келгенше

     Түк сезбей отырсаң, омалып

     Тақиямен төмпештеп қуамын.

     Қаласың айыпты саналып.

     Шығасың тақия тастауға,

     Ойынды басынан бастауға.



    Теңге ілу. 
    Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді.

    Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі саыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып,шаба жөнееді.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тжетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып,әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.

    Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса,сол топ жеңеді. 



    Арқан тарту

    Бұл ойынды ойнау үшін, бес- алты бала тартқанда үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындап алу қажет. Ол тақтайлардың ортасын арқан өтпейтіндей етіп теседі. Енді қарды жентектеп, аққалаға ұқсатып,үйеді де оның орта шетінен таяқпен тесеп әлгі арқанды өткізеді. Содан кейін тақтайшаның екеуін арқанның екі ұшына кигізеді де, тақтайшаларды аққаларға екі – үш қарыстай тақап қалғанда, тақтайшалар аққалаға тірелгенде, кейін сырғып кетпес үшін арқанды түйеді. Бәрі дайын болған соң, балалар екі топқа бөлінеді де, арқанды екі жаққа тартады. Аққала қалай құласа, сол топ жеңіп шыққан болады. Жеңілген топ аққаланы қайта жасайды.

      Қорытынды

    Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері өте көп. Солардың қай-қайсы да адам игілігіне қызмет етуге бағытталған. Сондай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, дененің шынығуын қажет етеді. «Орамал ілу», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Ұшты-ұшты», т.б. ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін тигізеді. Ұлттық ойын баланың дамып жетілуіне, адамгершілік қасиеттерінің артуына, психикасына да тигізетін әсері мол. Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын, жерін, даму сатысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін айқындап көруге болады. Балаларға ұлттық ойындарды үйрету арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілділікке тәрбиелей отырып, яғни адамгершілік қасиеттері де қалыптастырылады. 
      1   2   3   4   5


    написать администратору сайта