Главная страница
Навигация по странице:

  • ТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ

  • АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ

  • ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ

  • Гистология. Препараты Методичка каз. Жрекан тамырлар жйесі


    Скачать 76 Kb.
    НазваниеЖрекан тамырлар жйесі
    Дата21.10.2022
    Размер76 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаГистология. Препараты Методичка каз.doc
    ТипДокументы
    #745856

    ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ
    ПРЕПАРАТ №46. Капиллярлар, артериолалар, венулалар. Г.Э.

    Кіші ұлғайтқышпен ұсақ тамырлар торын тауып, үлкен ұлғайтқышқа ауыстыру керек. Капилляр-өте ұсақ тамыр, оның диаметры эритроциттен сәл үлкендеу, сондықтан капиллярда эритроцит тізбектеліп, бір қатар орналасады. Капиллярдың қабырғасында базальдық мембранада ұзына орналасқан сопақша, сәл боялған эндотелиоциттің ядросы созылыңқы, күңгірт перициттің ядросын көруге болады. Сыртында, ұзына бойы адвентициальдық клетка орналасқан. Венулада эритоциттер бірнеше қатар орналасады. Артериоланың капилляр мен венуладан айырмашылығы, оның қабырғасында біріңғай салалы ет клеткасы сақиналы орналасады.

    Суретті салып, белгілеу керек.

    1. артериола

    2. капилляр

    3. венула
    ПРЕПАРАТ №47. Артерия. Г.Э.

    Кіші ұлғайтқышпен артерияны тауып, оның ортаңғы қабығының жақсы дамығанына көз жеткізу керек. Үлкен ұлғайтқышпен: ішкі қабықтың эндотелий асты қабаты-жұқа дәнекер ткані қабатынан және ішкі эластикалы мембрана орналасқан. Сыртқы қабық шекарасында сыртқы эластикалық мембрана орналасады.

    Суретті салып, белгілеу керек.

    1. ішкі қабық

    а) эндотелий

    б) эндотелий асты қабаты

    в) ішкі эластикалық мембрана

    2. ортаңғы қабық

    3. сыртқы қабық
    ПРЕПАРАТ №49. Қолқа. Орсеин.

    Кіші ұлғайтқышпен: ішкі, ортаңғы және сыртқы қабықтарды көру керек. Ішкі қабықта ұзына бойы орналасқан серпімді талшықтар өрімінің көлденең кесілгенін көресіздер. Ішкі және ортаңғы қабықтың шекарасында серпімді талшықтар өрімі жақсы дамыған. Ортаңғы қабықта күңгірт боялған серпімді мембраналар көзге түседі, ал олардың аралығында ашық біріңғай салалы ет клеткасы орналасқан. Сыртқы қабықтарда серпімді талшықтар өрімі жақсы көрінеді.

    Суретті салып, белгілеу керек.

    1. ішкі қабық

    2. серпімді талшық

    3. серпімді мембрана

    4. ортаңғы қабық

    5. сыртқы қабық

    ПРЕПАРАТ №50. Вена. Г.Э.

    Кіші ұлғайтқышпен венаның жалпы құрылысын көреміз. Үлкен ұлғайтуда қуысы кең, қабырғасы жұқа, ортаңғы қабығы нашар дамыған, сыртқы қабығы жақсы дамыған, талшықты дәнекер тканінен құрылған, серпімді мембранасы жоқ венаны оқып, суретін салу керек.

    Суретті салып, белгілеу керек.

    1. эндотелий

    2. эндотелий асты қабаты

    3. ортаңғы қабық

    4. сыртқы қабық
    ПРЕПАРАТ №52. Жүрек. Миокард. Т.Г.

    Кіші ұлғайтқышпен көлденең кесіндіден тұратын жүрек бұлшық етін тауып алу керек. Үлкен ұлғайтқышпен арасында әлсіз дәнекер ткані орналасқан жеке ет талшықтарын салу керек. Ет талшықтары көлденең және ұзын бойы жолақ болып орналасқан. Жүрек ет тканінде көлденең жолақтан басқа жуан қондырма жолақтарда бар.

    Суретте белгілеу керек:

    1. эндомизий

    2. сарколемма

    3. миофибрилл

    4. қондырма жолақтар

    5. қан тамырлары

    ПРЕПАРАТ №53. Жүректің өткізгіш миоциттері. Г.Э.

    Кіші ұлғайтқышпен эндокард астынан көлденең кесілген ашық түсті өткізгіш миоциттерді көруге болады. Үлкен ұлғайтқышпен эндокардты және оның астында орналасқан көлденең кесілген талшықтардың суретін салу керек.

    Суретте белгілеу керек:

    1. эндокард

    а) эндотелий

    б) эндотелий асты қабаты

    в) ет-эластикалық мембрана

    г) эндокард асты қабаты

    2. өткізгіш миодиттер

    3. миокард

    ТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ
    ПРЕПАРАТ №62. Адам саусақтарының терісі. Г.Э.

    Үлкен және кіші ұлғайтқышпен препаратты зерттеңіз. Кіші ұлғайтумен терінің эпидермис, дерма, тері асты шел қабатты және тер бездерінің соңғы бөлімдерін салу керек. Эпидермис қабаттарына: өсу, түйіршікті, жалтырауық, мүйізгек және эпидермиске еніп жатқан дәнекер тканді емізікшеге көңіл айдарыңыз. Дерманың емізікше қабаты жіңішке талшықтар мен көптеген клеткалық элементтерден тұрса, ал торлы қабаты жуан коллаген талшықтардан тұрады. Дерма мен шел қабатының шекарасында тер бездері орналасқан.

    Суретте белгілеу керек:

    1. эпидермис

    а) өсу қабаты

    б) түйіршікті қабат

    в) жалтырауық қабат

    г) мүйізгек қабат

    2. дерма

    а) емізікше қабаты

    б) торлы қабат

    3. тері асты шел қабаты

    4. тер бездері
    ПРЕПАРАТ №63. Түкті безі. Г.Э.

    Препаратты кіші және үлкен ұлғайтқышпен зерттеп, кіші ұлғайтумен шаштың ұзын бойы кесіндісі бар тері аймағының суретін салу керек. Эпидермисті, дерма, май безінің сыртқы қынапка ашылар жерін, түк бадамшасын және емізікшесін табыңыз.

    Суретте белгілеу керек:

    1. эпидермис

    2. дерма

    3. тері асты шел қабаты

    4. шаш түбірі

    5. ішкі түбір қынабы

    6. сыртқы түбір қынабы

    7. түк бадамшасы

    8. түк емізікшесі

    9. май безі
    ПРЕПАРАТ №64. Сүт безі. Г.Э.

    Кіші ұлғайтқышпен пішіні мен мөлшері әртүрлі бөліктерді тауып, суретін салыңыз. Олар қан тамыры мен бөлік аралық шығару өзегі орналасқан бөлік аралық дәнекер тканді пердемен бөлінген. Безді бөлік секреторлы бөлікшелерден (алвеола) құралған. Альвеола ұсақ тамырлар мен капиллярлар және бөлік ішілік шығару өзегі орналасқан жіңішке бөлік ішілік дәнекер тканді пердемен бөлінген. Үлкен ұлғайтқышпен бірнеше секреторлық бөлімді, бөлік аралық дәнекер тканді пердені және ондағы шығару өзектің суретін салу керек.

    Суретте белгілеу керек:

    1. без бөлікшесі

    2. секреторлық бөлім

    3. шығару өзегі

    4. бөлік аралық дәнекер ткань
    АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ
    ПРЕПАРАТ №65. Тіл. Жіп тәрізді емізікше. Г.Э.

    Микроскоптың кішкене ұлғайтқышымен жіп тәрізді бүртікті тауып, оның пішініне, бүртікті төсеген эпителийдің құрылысына және кілегей асты негізінің жоқтығына, үш бағытта орналасқан ет талшықтарынан тұратын тіл еттерін қарау керек. Тілдің жоғарғы жағының кілегей қабығында жіп тәрізді бүртіктер орналасқан. Бүртіктің негізі жалпақтау, ал ұшы сүйір болып келеді. Оны төсеген көп қабатты жазық мүйізделмейтін эпителий мен кілегей қабықтың дәнекер тканді меншікті қабатын табу керек.

    Суретте белгілеу керек:

    1. көп қабатты жазық мүйізделмейтін эпителий

    2. кілегей қабығының меншікті қабаты

    3. көлденең жолақты ет ткані
    ПРЕПАРАТ №66. Тілдің жапырақ тәрізді емізікшесі. Г.Э.

    Кіші ұлғайтқышпен кілегей қабықта куб пішінді жапырақша бүртіктерді көруге болады. Бүйір бетінің эпителиінде сопақ пішінді дәм сезу бүртіктері көрінеді. Дәм сезу бүртігін құрайтын клеткалар ұршық пішінді және апельсин бөліктері тәрізді орналасқан.

    Суретті салып, белгілеу керек:

    1. көп қабатты жазық эпителий

    2. кілегей қабықтың меншікті қабаты

    3. көлденең жолақты ет талшығы

    4. дәм сезу бүртігі

    ПРЕПАРАТ №67. Таңдай бадамша безі. Г.Э.

    Кіші ұлғайтқышпен таңдай бадамша безінің көп қабатты жазық эпителиймен жабылғанын көруге болады. Ол оның қуысын төсейтін криптаға жалғасады. Крипт айналасында эпителий астындағы дәнекер тканді қабатта лимфоциттер шоғыры орналасқан. Тереңірек кілегей бездің топтары орналасқан.

    Суретте белгілеу керек:

    1. крипта

    2. лимфоидты фолликула

    3. дәнекер ткань

    4. кілегей бездер
    ПРЕПАРАТ №69. Эмаль мен дентиннің дамуы. Г.Э.

    Кіші ұлғайтқышпен даму кезіндегі тісті қарап: энамелобласттың астында орналасқан эмальді, оның астындағы қызғылт түсті дентинді, әрі қарай – ашық түсті предентинді және тіс ұлпасының шетіндегі базофильді клетка дентинобластты табу керек. Тіс үрпісі болбыр дәнекер тканіне ауысып тіс ұлпасын құрайды. Болашақ тіс түбіріне жақын аймақта, сыртқы және ішкі эмаль эпителийі әліде болса жақындамайды және оның арасында эмаль мүшесінің ұлпасы жақсы көрінеді.

    Суретте белгілеу керек:

    1. тіс ұлпасы

    2. дентинобласттар

    3. предентин

    4. дентин

    5. эмаль

    6. энамелобласттар

    ПРЕПАРАТ №70. Шықшыт безі. Г.Э.

    Кіші ұлғайтқышпен дәнекер тканді пердемен бөлінген без бөліктерін көреміз. Дәнекер тканді пердеде қан тамырлары мен шығару өзектері орналасқан. Бөлік ішінде секреторлық бөлік, ендірме және сызықтық жиегі бар шығару өзектері орналасқан. Секреторлық бөлік пен шығару өзектерін зерттеңіз.

    Суретте белгілеу керек:

    1. секреторлық бөлік

    2. белокты клеткалар

    3. сілекей түтікше
    ПРЕПАРАТ №71. Жақ асты безі. Г.Э.

    Микроскоптың кіші ұлғайтқышымен без бөлікшелеріне көңіл аудару керек. Бөлікшелерде белокты және аралас секреторлы бөлім мен шығару өзектерін көреміз. Үлкен ұлғайтқышпен белокты және кілегейлі клеткадан тұратын белокты және аралас секреторлық бөлімнің суретін салу керек. Кілегей клеткалар мөлшері жағынан белокты клеткадан ірі, цитоплазмасы ашық және торлы, ядросы жазықтау, қанық боялады. Кілегейлі клеткаға жарты ай тәрізді болып белокты клеткалар жанаса орналасқан.

    Суретте белгілеу керек:

    1. белокты секреторлы бөлім

    2. аралас секреторлы бөлім

    а) кілегей клеткалар

    б) белокты клеткалар

    3. сызықтық жиегі бар шығару өзегі
    ПРЕПАРАТ №73. Өңеш. Г.Э.

    Кіші ұлғайтқышпен өңештің барлық қабаттарын қарап шығыңыз. Көп қабатты жазық эпителий, меншікті қабаты, кілегей қабықтың ет қабаты, кілегей бездердің секреторлы бөлімдері орналасқан кілегей асты қабығы, ет қабығы: ішкі – сақиналы, сыртқы – ұзына бойы орналасқан ет талшықтарының суретін салыңыз.

    Суретте белгілеу керек:

    1. кілегей қабығы

    а) көп қабатты жазық эпителий

    б) меншікті қабаты

    в) ет қабаты

    2. кілегей асты қабығы

    а) кілегей бездердің секреторлық бөлімдері

    3. ет қабығы

    а) ішкі сақиналы қабат

    б) сыртқы ұзына бойлы қабат

    4. сыртқы қабығы
    ПРЕПАРАТ №75. Қарын түбі. Г.Э.

    Кіші ұлғайтқышпен қарынның кілегей, кілегей асты, ет, сірі қабығын зерттеп, суретін салыңыз. Үлкен ұлғайтқышпен кілегей қабығына, ондағы қарынның меншікті бездерінің клеткалық құрамына көңіл аударыңыз. Кіші ұлғайтқышпен зерттегенде белгілеу керек:

    І. Кілегей қабығы

    1. бір қабатты цилиндрлік эпителий

    2. меншікті қабаты

    3. ет қабаты

    4. қарын шұңқырлары

    5. меншікті (фундальды) бездер

    ІІ. Кілегей асты қабығы

    ІІІ. Ет қабығы

    ІV. Сірі қабығы

    Үлкен ұлғайтқышпен зерттеп, суретін салыңыз және белгілеңіз:

    1. бездің мойыны

    2. без денесі

    3. бездің түбі

    а) негізгі экзокриноциттер

    б) париетальды клеткалар

    в) кілегей (қосалқы) клетка

    г) кілегей (мойын) клетка
    ПРЕПАРАТ №77. Аш ішек. Г.Э.

    Препараттан кіші ұлғайтқышпен ішектің кілегей, кілегей асты, ет, сірі қабықтарын көреміз. Кілегей қабықта бүрлер мен крипталар орналасқан. Үлкен ұлғайтқышпен бір қабатты цилиндрлі эпителий бокал тәрізді клеткалардан тұратындығын, көптеген митотикалық бөлінудегі клеткалары бар крипт эпителийін зерттеңіз. Кілегей қабықтың дәнекер ткані ретикулярлы талшықтардан тұрады. Кілегей асты қабықта коллаген талшықтарды әр түрлі бағытта орналасқан. Ет қабығы екі: өте жақсы жетілген – сақиналы және сыртқы – ұзына бойлы қабаттан тұрады. Сір қабығы өте жұқа. Препаратты кіші ұлғайтқышпен салыңыз:

    Суретте белгілеу керек:

    І. Кілегей қабық

    1. бүрлер

    а) бір қабатты цилиндрлі эпителий

    б) меншікті қабат

    в) ет қабаты

    2. крипталар

    ІІ. Кілегей асты қабығы

    ІІІ. Ет қабығы

    ІV. Сірі қабығы
    ПРЕПАРАТ №78. Тоқ ішек. Г.Э.

    Кіші ұлғайтқышпен тоқ ішектің барлық қабықтарын қарап шығыңыз. Қатпарланған кілегей қабықта тығыз орналасқан көптеген крипталарды көруге болады. Үлкен ұлғайтқышпен кілегей қабықтың құрылысын зерттеңіз. Барлық эпителиальды клеткалар кілегей бөлетін бокал тәрізді клеткалар екендігіне көңіл аударыңыз. Кіші ұлғайтқышпен тоқ ішектің қабырғаларының суретін салыңыз.

    Суретте белгілеу керек:

    І. Кілегей қабық

    1. крипталар

    а) бір қабатты цилиндрлк эпителий

    б) бокал тәрізді экзокриноциттер

    в) кілегей қабықтың меншікті қабаты

    г) ет қабаты

    ІІ. Кілегей асты қабығы

    ІІІ. Ет қабығы

    ІV. Сірі қабығы
    ПРЕПАРАТ №80. Бауыр. Г.Э.

    Кіші және үлкен ұлғайтқышпен препаратты зерттеп, үлкен ұлғайтқышпен бауыр бөлікшесінің суретін салыңыз. Бауыр бөлігі радиальды бағытта орналасқан бауыр пластинкасынан тұрады. Ал бауыр пластинкасының арасында бөлік ішілік капиллярлар, бөлік арасында бауыр триадасы бар, дәнекер ткань пердесі орналасқан.

    Суретті белгілеу керек:

    1. бауыр бөлікшесі

    2. бауыр пластинкасы

    3. орталық вена

    4. синусоидты капилляр

    5. бауыр клеткасы

    6. бауыр триадасы

    а) бөлік аралық артерия

    б) бөлік аралық вена

    в) бөлік аралық шығару өзегі

    7. бөлік аралық дәнекер ткань
    ПРЕПАРАТ №82. Ұйқы безі. Г.Э.

    Кіші ұлғайтумен бөлік аралық дәнекер тканімен бөлінген без бөліктерін көруге болады. Бөлік аралық дәнекер тканде қан тамырлары мен шығару өзектері орналасқан. Бөлікте экзокринді соңғы бөлім мен клеткалардың шоғырынан тұратын эндокринді аралшықты табыңыз. Үлкен ұлғайтқышпен бірнеше соңғы экзокринді бөлім мен эндокринді аралшық суретін салыңыз.

    Суретті белгілеу керек:

    1. экзокринді соңғы бөлім

    2. экзокринді панкреатоцит

    3. бөлік ішілік дәнекер ткань

    4. экзокринді аралшық

    5. бөлік аралық дәнекер ткань

    6. бөлік аралық шығару өзегі
    ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ
    ПРЕПАРАТ №83. Кеңірдек. Г.Э.

    Кіші ұлғайтқышпен кеңірдектің барлық қабықтарын қарап шығыңыз. Үлкен ұлғайтумен көп қатарлы кірпікшелі эпителийді, меншікті пластинканы, аралас бездердің секреторлы бөлімі орналасқан кілегей асты қабық, талшықты – шеміршекті қабық және адвентицияны зерттеңіз. Үлкен ұлғайтқышпен кеңірдектің барлық қабықтарының суретін салып, белгілеңіз:

    І. Кілегей қабық

    1. көп қатарлы кірпішелі эпителий

    2. меншікті қабат

    3. эластикалық талшықтар

    ІІ. Кілегей асты қабығы

    4. бездер

    ІІІ. Талшықты-шеміршек қабығы

    ІV. Адвентиция
    ПРЕПАРАТ №84. Өкпе. Г.Э.

    Кіші ұлғайтқышпен орташа және ұсақ калибрлі өкпе ішілік бронхтарды табу керек. Орташа бронхтарға тән белгі: фиброзды-шеміршекті қабықта гиалинді шеміршек пластинкасы және кілегей асты негізде кілегейлі – белокты бездердің болуы. Орташа бронх қабырғасында кілегей қабықта ет пластинкасы пайда болады, эпителий – көп қатарлы кірпікшелі призмалық эпителий, одан соң гиалинді шеміршек пластинкалары аралшыққа ауысады. Кіші бронхтың ерекшелігіне шеміршек пен бездің болмауы және көп қатарлы эпителий екі қатарлыға, одан бір қатарлыға алмасады. Альвеолярлы қалта үш, төрт алвеоланың тұйықтала кеңуінен тұрады. Кіші ұлғайтқышпен орташа бронхты зерттеп, суретін салыңыз. Үлкен ұлғайтқышпен кіші бронх пен альвеоладан тұратын альвеолярлы қапшықты салыңыз.

    Суретті белгілеу керек:

    А. Орташа бронх

    Б. Кіші бронх

    1. бронхтың кілегей қабығы

    а) көп қатарлы кірпікшелі эпителий

    б) кілегей қабықтың меншікті пластинкасы

    в) ет қабығының ет пластинкасы

    2. кілегей асты негізі

    г) кілегей-белокты без

    3. фиброзды-шеміршек қабығы

    4. адвентиция

    В. Альвеола


    написать администратору сайта