Главная страница
Навигация по странице:

  • Орта ғасырлық картография.

  • картаны оку

  • Мектеп карталары, олардың түрлері.

  • Дүниетану пәнінің атластары

  • 6 сыныптын географиялық атласы

  • 7 сыныпқа арналған материктер мен мұхиттардын атласы

  • 8 сыныпқа арналған физикалық-географиялық атластын карталары

  • 10 сыныпка әлеуметтік және саяси географиясынын атласы акпаратка ен жаксы каныккан.

  • Жердің пішіні мен көлемі туралы жалпы мағлұматтар

  • Географиялық картаның негізгі элементтері. -математикалық негізі

  • Картограмма және картодиаграмма.

  • Карта мазмұнының элементтері.

  • Тақырыптық карталардың ерекшеліктері.

  • Географиялық карта түрлері.

  • картография. картография1-10. Картография топография негіздерімен пні, масаттары мен міндеттері


    Скачать 102.85 Kb.
    НазваниеКартография топография негіздерімен пні, масаттары мен міндеттері
    Анкоркартография
    Дата01.12.2022
    Размер102.85 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакартография1-10.docx
    ТипДокументы
    #823437

    1. Картография топография негіздерімен пәні, мақсаттары мен міндеттері.

    Картография топография негіздерімен – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық картамен басқа да картографиялық өнімдермен кескіндеу жəне оларды құру, пайдалану əдістемелері туралы ғылым. 
    Пән сипаттамасы:Картография – географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану әдістері жөнінде зерттейді. Картография топография негіздерімен жаратылыстану ғылымдарымен, геодезиямен, топографиямен, техникалық ғылымдармен де өте тығыз байланысты. Картографияның ең маңызды бөлімдері: картаны оқу, картографиялық информатика, математикалық картография, картометрия, карталарды құрастыру, безендіру, картаны басып шығару және оларды пайдалану.

    Пән мақсаты Әр түрлі және тақырыптық карталарды пайдалануда студенттердің біліктілігі мен білімділігін арттыруды жүзеге асырады, топографиялық түсірілім түрлерін және өлшеу тәсілдерін біледі.

    Пән міндеттері:  

    -          Картографиялық проекцияларды және олардың әртүрлілігін оқып-білу;

    -          географиялық карталарды геометриялық дәлдікті;

    -          картографиялық кескіндеудің негізгі ерекшеліктерін;

    -          географиялық карталар мен атластардың классификациясының негіздерін және оларды пайдалану.
    Педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына сəйкес картография жəне топография негіздері пəнін оқытудың міндеті – болашақ география пəнінің мұғалімдерін картография ғылымының негіздерімен, бірінші кезекте картатану, математикалық картографиямен, картометриямен жəне топографиямен таныстыру. Пəнді оқыту барысында басты назар студенттердің географиялық картаны дұрыс пайдаланып, талдай білу дағдыларын қалыптастыруға аударылады. Осы дағдылар география пəндерін оқыту барысында қолданылып, білімдері одан əрі жетілдіріледі.


    1. Орта ғасырлық картография.

    Рим империясынын кулауына байланысты Батыс Еуропада жана мемлекеттер пайда болып, кұлиеленушiлiк кұрылысты феодалдык формация ауыстырды. Феодализм тұсындагы окшауланган шаруашылык географиянын дамуын шектедi. Сол кезенде Батыс Еуропада iнжiл бiлiмнiн басты кезі болды. Сауат тек монастрлерде гана ашылды. Жердiн шар тәрiздi екені туралы ұгым умытылып, онын төртбұрышты пішіні насихатталды. Дiни колжазбалардын ішінде Византия саудагері Козым Индикополовтын (IVr) <<Христиан топографиясы болды.

    Венецияда 1459 жылы фра-Мауро орындаган диаметрі 1,9 болатын пішіні дөңгелек карта сакталган. Бул картада жана географиялык ашылулар керсетiлген. Птоломейдiн картасынан айырмашылыгы туйыкталган және онда Үнді мұхиты, Ресейдін онтустiгiнде Кара және Азов тенiздерi,Татарстан, Казакстан, Орта Азия, Сiбiр тагы баска аймактар кескінделген. Егер Еуропада шіркеулік-феодалдык мәдениет басым болса Кытай, Үндістан, Иран, Армения сиякты Азия елдерiнде картография мен география каркынды дамыды.

    Византия мен Иранның аралыгындагы сауда жолында орналасуы Арменияда география мен картографиянын дамуына колайлы әсер еттi. VII гасырда Птолемей еңбектерінің ықпалы болғаны <<Армян географиясы» пайда болды.

    -Арабтарда картографияның дамуы сауда мен жаулап алу жорыктарымен тыгыз байланысты болды. Бірнеше ғасыр араб халифаты өлшемi жағынан ауданы Рим империясынан бірнеше есе артык болатын аумакка иелiк етті. Онын курамына Александриядай ғылым орталығы бар Египет сиякты ежелгі өркениет орталыктары енді. Арабтар артурлі елдер галымдарынын, сонымен катар, Птоломейдiн енбектерiн аударып, эллин астрономиясынын география мен картографиянын жетiстiктерiмен танысты. Олар IX ғасырда градустық өлшеулер жүргiздi. Х ғасырда мұсылман әлемінің 21 картадан тұратын жинағын шығарды. Бiрiншi мұсылман Араб карталарында бiрiншi карталары мәтінге иллюстрация ретiнде берiлетiн декаративтi суреттермен көмкерілген пішіні симметриялы болды. ХII-ғасырда араб картографтарының iшiндегi ен танымал ғалым Птоломей карталарының негiзiнде 70 карта құрастырған әл-Идриси болды.

    Араб географтары ал-Идриси (1150 жылдар шамасында) мен Ибн ал-Вари (ХІІІ ғасыр) карталарының Птоломейдiкiне караганда артыкшылыктары болды. әл-Идрисидін картасында Казакстан, Орта Азия, Скандинавия, Балтык тенізі, Двина, Днепр, Дон, Еділ, Жайык, Амудария, Сырдария, Енисей, Амур өзендері, Алтай таулары, Тибет, Син және Үнді елдерi кескінделген.

    - Кытайда картографиянын дамуы баяу жүрді. Аумагы iрi елдi баскару мен сырткы жаулардан коргайтын жеке аймактарга географиялык сипаттама берiп, олардын картасын кұруға деген кажеттiлiктi арттырды. III гасырдын өзiнде сол материалдардын негiзiнде Кытайдын картасы кұрылды. Онын авторы Пей Сю Кытай картографиясынын атасы саналады. VIII ғасырда Аспан асты империясы және көршілес жаткан елдердер мен теңiздердiн масштабы шамамен 1:1 500 000 болатын карталарына Кытай картографтары Азияны толык енгiздi. Кытай карталарынын математикалык негiзiн шаршылы тор аткарды. Картанын салыстырмалы дәлдігін IX ғасырдан бастап белгілі болган тұсбағдардын көмегiмен аныкталды. Ағаштан ою аркылы картаны басып шыгару Х гасырда басталады.

    -XI-XII гасырдагы крест жорыктары Еуропанын Жерорта тенізі аркылы шыгыспен саудасын жандандырып, оған Италиянын Генуя, Венеция, Испаниянын Барселона калалары уйткы болды. Сол кезенде тенiзде жузу кажеттiлiгiне тұсбагдар мен арнайы навигациялык тенiз карталары портолондар (италян тiлiнде porto - айлак, пристань) жатады. Портолондар баска карталардан математикалык негiздерiнiң кұрылу ерекшелiктерiмен ажыратылды. Ол кокжиектiн негiзiне аралык багыттары солтуст, солтүстiк-шыгыс, шығыс, онтустік-шығыс, онтустiк, онтустiк- батыс, батыс, солтустік-батысты аныктайтын сегіз сызыктар торынан турады және желдер деп аталды. Кеменiн жүзетін бағыты курсын аныктау ушiн колданылатын бiрiн-бiрi киып өтетін жогарыда аталган торлар карталарда бірнеше нуктелерде тургызылды. Портоландарга тан белгiлерiнiн бiрiне теңiздердiн жагалау сызыктарынын айкын керсетiлуiн жаткызуга болады.

    XVI ғасырда сауда катынастары Жерорта теңізі шегінен шығуына байланысты екi теңiз айдынынын портолондары кұрыла бастады. XVI гасырдан бастап портолондарды тенiз карталары ауыстыра бастады.


    1. Картаны оқу.

    Оку дағдылары болмай кар-таны пайдалану мүмкін емес. Шартты белгілі-шолу улгiсi болып табылатын картанын кешенді касиетіне сүйеніп, шындыкты калпына келтiру үрдісін картаны оку деймiз. оны Мектепте окытудан бастап ғылыми зерттеулерге, сонымен катар, корганыс пен экономикалык сипаттагы манызды шешiмдер кабылдауға дейiнгi сонгы максатына карамастан картаны окып-үйренудiн кез-келген әрекетi картадан кажеттi акпаратты алудан басталады. Картаны окудын сапасы көп жагдайда окырман бiлiмiнiн мен тыгыз байланысты болады. География ғылымын игерудiн ендi бастаған мектеп окушылары мен картамен туракты жұмыс істейтін тәжiрибелi зерттеушінің бір картадагы деректерді алу нактылыгынын дәрежесi әртүрлi болады. Картаны оку мен мәтiндi окудын бiр-бiрiнен айырмашылығы жоғары болады. Себебі, картадағы жазулар мен шартты белгiлер кенiстiкте дараланып, орналаскан орындары накты керсетiледi. Бұл картада кескінделген түсiнiктiн мәнiн түсiндiрiп коймай, олардың кенiстiктегi гана орнын анықтауға мүмкіндік береді. Картада кескінделген нысандардын мәтiндiк жазулары олардын кеңістіктегі орнын айкындап тiркеу үшiн косымша сездiктi кажет етеді. Сызыктык және аудандык нысандардын атаулары олардын созылган багытына сәйкес жазылады. Кейде нысандар мен кубылыстардын ерекшелiктерiн айкындайтын жазулардын жазылу сипаты сызыктык шартты белгiлердiн түсi аркылы аныкталады. Мысалы, суык және жылы ағыстарды жазуы мен бағдар сызыктарынын түсi аркылы гана ажыратуға болады.

    Зерттелетiн кубылыстардын ерекше сипаттарын аныктау ушiн картаны окуда салыстырмалы түрде карапайым сапалык талдаудан бастап, күрделiлiк дәрежесi әртүрлi бiршама терен теменде көрсетiлген бiркатар сандык оку тәсiлдерi колданылады:

    - картада кескінделген кұбылыстардын сапалык сипатынын жеке элементтерi немесе жалпы ерекшелiктерi жоніндегі тусiнiктердi калыптастыруды камтамасыз ететiн сипаттау; камтыган нысандар мен кұбылыстардын деректерiн пайдаланып, екi өлшемді сызба-нұскалар мен диаграммаларды, уш елшемдi блок диаграммаларды куруга мумкiндiк беретiн карталарга кестетік талдау;

    -картадағы Сандык шамаларды пайдаланып әртүрлi өлшеулер мен есептеу жұмыстарын жүргiзудi камтамасыз ететiн картометриялык және морфометриялык кестетік талдау;

    - картадан алынатын деректерге математикалык талдау, мате- матикалык статистика, акпараттану теориясы және тагы баска тәсiлдердi колданып, математикалык улгiлердi куру мен зерттеудi камтамасыз ететiн математикалык картографиялык улгiлеу әдiсi.


    1. Мектеп карталары, олардың түрлері.

    Окушыларды картамен таныстыру бастауыш кластардан басталады. Дүниетану сабактарында глобустар, стол устi және жарты шарлардын және Казакстаннын кабырга карталары колданылады. Сондыктан бастауыш кластардын өзінде Жер және оны жазыктыкта кескіндеу туралы түсiнiктер калыптаса бастайды. Сыныптан сыныпка көшкен сайын окушылардын жана акпаратты кабылдау денгейлерi мен көлемі біртіндеп артып, олардын картада кескіндеу әдiстерi де өзгередi. География сабактарында окушылардын өздік жұмыстарды орындау, жана бiлiмдi меңгеру барысында кажеттi нысандар мен құбылыстардын кенiстiктегi орны мен таралу зандылыктарын аныктауга мумкiндiк беретiн манызды курал атлас болып табылады. Мектеп жасындагы окушылардын жасы мен мiнез-кулыктык ерекшелiктерiн ескерiп, картографиялык бейнелеудi, шартты белгiлердi, масштаб пен жинактауды бiртiндеп меңгерту кажет.

    Дүниетану пәнінің атластары. Бастауыш кластарға арналған дүниетану пәнінің атластары негізінен суреттерден және курделі емес мәтіндерден тұрады. Онда окушылар алгаш рет тусбагдарлын көмегiмен багдарлаудын жане жергiлiктi жердегі заттардын багытын аныктаудын карапайым әдiстерiмен, соны- мен катар, сұлбамен (планмен) шартты белгiлермен танысады. Жер бетiнiң пішіні, өзен торларынын элементтерi сурет турiнде берiледi. Атластагы карталардын такырыптары шектеулі болуымен ерекшеленедi.

    6 сыныптын географиялық атласы. Жалпыға бiрдей білім беретін орта мектептерде география пән ретінде 6 сыныптан бастап оқытылады. 6 сыныпқа арналған атластагы карталар шолу сипатында болатындықтан олардын саны шамалы. Атлас ежелгi ғалымдардың Жердiң пiшiнi туралы түсiнiктерiн алғашқы картографиялық бейнелер, Ұлы географиялык ашылуларды көрсететiн бөлiмнен басталады.

    7 сыныпқа арналған материктер мен мұхиттардын атласы. Атласта д-ж физикалық картасы, жер қыртысының құрылымы, мұхиттар картасы, д-ж топырақ,табиғат зоналары, саяси халықтар картасы, 6 материктің физикалық, климаттық, табиғат зоналары, кешенді карталары көрсетіледі.

    8 сыныпқа арналған физикалық-географиялық атластын карталары.

    Қазақстанның еуразия материгіндегі орны, еуразияның физикалық картасы, қазақстанның әкімшілік-аумақтық, физикалық, пайдалы қазбалар, геологиялық, тектоникалық және сейсмикалық, жауын-шашын, температуралар, желдер, агроклиматтық, ішкі сулары, топырақ, табиғат зоналары мен қорықтар, өсімдік, жануарлар карталары көрсетіледі. Және қазақстанды физикалық-географиялық аудандастыру картасы көрсетіледі.

    10 сыныпка әлеуметтік және саяси географиясынын атласы акпаратка ен жаксы каныккан. Ол айкын ажыратылатын екi бөлiмнен тұрады. Дуние жузiнiн картасы ушiн картографиялык торы ендiктер мен бойлыктар бойынша 30º бөлінген ГАжКОҒИ көп конусты проекциясы колданылған. Карталар бір бетте немесе бүктелетін екi бетте кескінделедi. Атластын бiрiншi бөлiмi дүние жүзінің саяси картасынан ба- сталып оны Жер шарынын минералдык, жер, су, агроклиматтык ресурстардын карталары корынын карталары жалгастырады. Такырыптык карталардын географиялык негiздерi артурлi болуымен ерекшеленедi. Картанын такырыптык мазмұнын ашу үшiн сапалык түс (жер ресурстары), ареал (минералдык ресур- стар), картограмма (су корларымен камтамасыз етiлуi), картодиа- грамма (су коймасынын келемі), изосызыктар (агроклиматтык ресурстар) тәсiлдерi колданылады. Ресурстар карталарынан сон халыктын коныстануын, әртүрлі демографиялык сипаттамаларын және өнеркәсіп салаларын ашып корсететiн дуние жузiнiн әлеуметтiк-экономикалык карталары орналасады. Бул болiмде әртурлi аймактардагы шаруашылык салаларынын даму денгейiн ашып көрсету үшiн картограм- ма, енеркәсiп нмдерiнiн көлемiн бейнелеуге картодиаграмма өнеркәсіп өнiмiн тасмалдайтын негiзгi ағынды сипаттау үшiн козғалыс белгiлерi тәсiлдерi колданылады.


    1. Жердің пішіні мен көлемі туралы жалпы мағлұматтар

    Жердiн накты пішін мен көлемін география, геология, геодезия, астрономия, геофизика гылымдары пайдала- нады. Жердiн физикалык бетiнiн ауданы 510 млн. км². Онын 360 млн км² (71%) дуниежузiлiк мухит суы, 149 млн км² (29%) курлык курайды. Жер бетінің орташа биіктігі 875 метр, дуниежүзілік мухиттын орташа тереңдігі 3800 метр. Жердiн пішініне өз білігінен айналуы тікелей әсер етеді. Экватор маны мен поляр маны белiктерiнiн айналу білігінен кашыктыктыгы әр турлі болуы орталыкка тарту кушiнiн әркелкi болуына ыкпал етедi. Бул жагдайда жердiн бiлiгiне сәйкес келетiн кiшi бiлiгiнен айналатын екi буйiрiне сынынкы эллип- сойд пішініне ие болады. Жердiн пiшiнiне, сонымен катар, жер кыртысын түзетiн заттар салмагынын бiркелкi таралмауына тартылыс күшi де әсер ететiндiктен жердiн орталык нүктесiне багытталган ауырлык сызыгынын багытынан ауыткуы әр түрлі нуктеде эркелкi болады. Жердiн накты пiшiнi тепе-тендік сакталган, толык тыныштык куйiндегi дүниежүзілік мұхиттын деңгейлік бетімен ойша жүргiзiлетiн гойд тэрiздi болады. Неміс физигі И. Б. Листиг (1808 - 1882) екі бүйiрiне сыгылынкы болып келген денгейлік бетпен шектелген денені (жердiн пiшiнiн) геоид деп атауды ұсынды. Гео- ид толкын мен агын жок мухит суынын орташа деңгейiмен алы- нады. Жердiн iшкi курылысы бiртектi емес және ауырлык куштiн жердiн кұрылысы бiртектi болган жагдаймен сәйкес келмеуiне байланысты геоидтын беті дұрыс геометриялык пішінге ие болмайды. Сондыктан денгейлік бет әр бір нүктеде орталыкка бағытталған ауырлык сызыгына перпендикуляр болатын геометриялык пiшiннiн багытын өзгертетін күрделі болуымен ерекшеленеді. Геойдка біршама жакын геометриялык пiшiн жер эллипсойды болып табылады. Жердiн физикалык бетi жазык, үстiрттi, таулы және ойпат- ты болып келеді. Барлык ойлы-кырлылыгын коса есептегендегi курлык бетiн жердiн физикалык немесе топографиялык беті дейміз. Ол өте күрделі болгандыктан математикалык өлшеу киынга согады. Сондыктан Жердiн физикалык бетiнiн пiшiнi барлык ойлы-кырлылыгымен емес, менiз денгейiмен есептелінеді.

    Жер эллипсоидындагы кез-келген нүктенің орны ендiк пен бойлык аркылы аныкталады. Ендiк (в) - бұл жер эллипсойдынын бетiндегi белгiлi бiр нүкте мен экватор жазықтығы арасында нор- маль түзiлетiн бұрыш. Бойлык (L) - бұл белгiлi бiр нүктедегi меридиандар жазықтығы мен бастапкы меридиан арасында тузiлетiн екi кырлы бурыш.
    КСРО-дағы барлык геодезиялык жумыстарды жүргiзуге колданылатын жана эллипсойдка 1946 жылы Ф. Н. Красовскийдің эллипсойды деген ат берiлдi.
    Красовский элипсоидынын шардан айырмашылығы шамалы болғандықтан оны сферойд деп те атайды. Егер PGP.G.P эллипсоидын жердiн PP, кiшi бiлiгiнен айналдырсак. Эллипсоидының айналу денесі сфероид түзiледi. Кiшi айналу бiлiгi РР, жер бетiмен түйiлiскен нүктесiн полюс деймiз. Солтүстік және оңтүстік полюстi бiр-бiрiмен косатын РМ Р,М,Р шартты шеңберін меридиан деймiз. Меридиандарға пер- пендикуляр жүргiзiлген шартты шеңберді параллель дейміз. Жер эллипсоидынын орталығынан екі полюстен бiрдей кашык- тыкта жүргiзiлген G MG, M, G шартты шеңберiн экватор деймiз.


    1. Географиялық картаның негізгі элементтері.

    -математикалық негізі: геодезиялық негізі, рамкасы, масштабы(сызықтық, атаулы, сандық) және картографиялық проекциясы(азимуттық, конустық, цилиндрлік)

    -картографиялық көрінісі

    -карта легендасы

    -қосымша көріністер(мысалы, жер бедерінің құлама тіктігін анықтауға арналған шкала)

    -қосымша деректер


    1. Картограмма және картодиаграмма.

    Бұл жалпы географиялық және тақырыптық карталарда қолданылатын картографиялық кескіндеу тәсілдері болып табылады.

    Картодиаграмма тәсiлi. Белгiлi бiр аумактык беліну шегіндегі кандайда бір кұбылыстарды абсолют өлшемдерінін жиынтык керсеткiштерiн көрсету үшін картодиаграммаларды колданады. «Картодиаграмма» терминi картаға түсіру әдiсi, сонымен катар, осы тәсілмен курылган картаны бiлдiредi. Бұл тәсілмен көбінесе әкiмшiлiк-аумактык белінудін шекарасы айкын бейнеленген жеке мемлекеттер мен олардын iрi болiктерiнiн, материктер мен аймактардын такырыптык карталарында колданылады. Әрбiр аумактык-әкімшілік бөлінудің ішіне осы аумакка тон кубылыстын абсолют көрсеткішінін жиынтык өлшемiн айкындайтын бiр диаграммалык орналастырылады. Бұл тәсiлдi бiршама iрi аумакка жаппай таралған (eric алкаптарынын ауданы, ормандагы агаштардын жалпы коры т.б.) немесе жекелеген елдімекендерде шоғырланган (тургындар саны, ендірілген өнеркәсіп өнiмдерiнiң, ауруханалардагы тесек санынын т.б. сандык көрсеткіштері) орналасу сипаты артурлі көптеген кубылыстарды картаға түсіру барысында колдануга болады. Картодиаграммаларды аумактын жекелеген бөліктерінде таралган кұбылыстардын сандык көрсеткiштерiн салыстыруға мүмкіндік береді. Картодиаграммалардын шартты белгiлерiнiн пішіні көбінесе, шаршы, тік төртбұрышты, дөңгелек немесе баска геометриялык пішінде болады. Мұндай геометриялык пiшiндi кескінді белгiлердiн биіктігі кұбылыстың ауданы, келемi сиякты өлшемдерiн көрсетедi. Жоғарыда аталған үш нұскасы да үздіксіз немесе сатылы, абсолют немесе салыстырмалы шкалада кұрылуы мүмкін. Қозғалыс белгілері багдар сызықтарының пішіні мен мел- шерiне карай ажыратылады. Кұбылыстардын козгалыстарынын сипаты бiр сызық, қос сызық, пунктир немесе нүкте түрінде кескінделеді.
    Картограмма кандайда бір аудан үшін орташа болып са- налатын кұбылыстардын салыстырмалы өлшемдерiн карта- да кескіндеу тәсілі болып табылады. Картодиаграммалармен көбінесе барлык халыкка катысты алганда халыктын тыгыздыгы, халыктын үлес салмагы сиякты кандайда бiр белгiлерiн (жастык, жыныстык, кәсіби кұрамын) ашып көрсетуді көздейтін алеуметтік-экономикалык кұбылыстар кескінделедi [3.15-сурет]. Картограммадаларда барлык жыртылган жерлерге шаккандагы белгiлi бiр ауыл шаруашылығы дакылдары себілген егіс алкаптарынын пайыз есебімен алынған үлессалмагын, со- нымен катар тұрғындардың мәдени-тұрмыстық жағдайларын (кітапханадағы кiтаптардын, ауруханалардағы төсек сандарын) көрсету үшiн колданылады. Картограммадагы кұбылыстың өлшемi бөліп көрсетiлетiн кандай да бір ауданның бояуы канык, штрихтары жиi болса, көрсеткiштерi соншалыкты каркынды болады, кагида бойынша белгiлi бiр сапалык түспен немесе штрихпен көрсетiледi.


    1. Карта мазмұнының элементтері.

    Картаның барлык элементтерiн мазмұны деймiз. Масштабы мен кызметiне сай картаның мазмұны алуан түрлі болады. Карта мазмұнынын элементтерiнiң құрамына географиялык ландшафтар (жер бедері, гидрография, өсiмдiктер мен топырак жамыл- ғысы) мен әлеуметтік-экономикалык нысандар (елдi мекендер. жол, өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындары) кiредi.

    Ұсак масштабты карталардың мазмұны аз ғана табиғи және әлеуметтік-экономикалык нысандарды кескіндеумен шектеледi. Жалпы географиялык шолу карталардын мазмұны алуан түрлі, мұндай карталарды оку аркылы: кескінделген аумактын географиялык орны мен онын жеке бөліктерінің кеңістікте өзара орналасуынын, сонымен катар, құрылыктагы судың түрлерi мен олардын таралуы мен жер бедерiнiң iрi пiшiндерiнiң негiзгi ерекшелiктерiн; теңiздер мен құрлықтың аудандарынын ара салмагымен материктердiн жағалау сызыктарынын тiлiмделу дәрежесiн: Жер бедері мен судын арасындагы байланыс женiнде манызды акпараттар алуга болады.


    1. Тақырыптық карталардың ерекшеліктері. Бiр, екi, сирек жағдайда өзара байланысы бар бiрнеше табиғи және әлеуметтік-экономикалык элементтерi терендетiлiп накты көрсетілетін және олардын бiрi такырыбын айкындайтын карталарды тақырыптық карталар дейміз. Белгілі бір кұбылыстарды сипаттау аркылы жалпы географиялык картаның элементтерiнен баска арнайы деректер берілген карталар. Ондай карталарға экономикалык, климаттык топырак карталары жатады. Арнайы такырыптык карталарда жалпы географиялық элементтерi толык берiлмейдi. Жіктеу тұрғысынан алганда арнайы карталар үш топка белінеді. Олар: физикалық-географиялык, әлеуметтік-экономи- калык және техникалык карталар.

    Тақырыптық карталар әлеуметтік және табиғи құбылыстарды көрсетеді. Тақырыптық карталардың негізгі ерекшелігі бұл олардың құрамының белгілі бір тақырып бойынша анықталатындығында.





    1. Географиялық карта түрлері.

    Аумакты камтуына карай географиялык карталар төмендегідей топтарга белiнедi:

    1. Дуние жузiнiн картасы;

    2. жартышарлар картасы (батыс, шығыс, онтүстік, солтусTik):

    3. Материктер мен мұхиттардын картасы;

    4. Мемлекеттер тобынын картасы (Орталык Азия, Балкан және т.б.)

    5. Мемлекеттiң және онын жеке бөлiктерiнiн картасы. Кызметiне қарай белгiлi бiр кажеттiлiктi өтеп, мiндеттерді шешуге мүмкiндiк беретiн оку, эскери, навигациялык, тенiздiк. жол және туристік карталарга белінеді.

    Географиялык карта- лар көп максатты кызмет аткаратындыктан жiктеудiн бұл түрі шашыранкы болуымен көзге түседі. Пайдалану әдістеріне карай кабырга карталары, стол карталары; бояуынын сипаты мен бетінің санына қарай бір бояулы және көп бояулы, бір бетті, көп беттi болып белінеді.
    Масштабына карай жiктеу масштабы картанын мазмұны мен аумакты камтуына, картографиялык торына әсерiне негiзделiп аныкталады. Барлык географиялык карталар масштабына карай iрi масштабты (1:200 000 және оданда iрi), орта масштаб- ты (1:200 000 нан 1:1 000 000 дейін) және ұсак масштабты (1:1 000 000 усак) болып бөлінеді.
    Iрi масштабты жалпы географиялык шолу карталары топографиялык карталар, ал усак масштабтылары шолу карталары деп аталады.


    написать администратору сайта