КАР сроп1. Келесі крсеткіштер срастырылады
Скачать 17.97 Kb.
|
Баланың клиникалық тексеру әдістері субъективті – науқасты сұрау (медициналық және стоматологиялық анамнез жинау болып табылады.Негізгі баланың тексеру әдістерінің бірі дұрыс анамнез жинау болып табылады.Анамнез жинауды баланы немесе оның жақындарын сұрастырудан басталады. Баланыңшағымы тікелей негізгі ауру мен қосымша ауруға байланысты болады. Стоматологиялық науқастардың негізгі шағымы бет –жақ аймағының немесе тістерден болатын ауруға байланысты болып келеді. Келесі көрсеткіштер сұрастырылады: Ауру сипаты (өздігінен пайда болатын, себепті) Орналасуы (ошақты немесе таралған) Ұзақтығы (аз уақытты, ұзақ созылған) Иррадация бар немесе жоқ Балалардың негізгі шағымдары температурасының жоғарылауына, жайсыздықтың болуына, жалпы жағдайының нашарлауы, әлсіздіктің болуына жиі шағымданады. Жақ бет аймағының одонтогенді аурулары ауырсынумен, жұмсақ тіндердің ісінуімен, регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюы мен ауырсынумен жүреді. Тістердің ауруы кезінде науқас ауырсынуға, ауыз қуысында кариес қуысының болуына, оның түсінің өзгеруіне, тістердің қозғалғыштығына шығымданады. Пародонт ауруларында ауырсыну, қызыл иектің қанауына, тістердің қозғалғыштығына, тістердің қызыл иектік қалталарынан іріңнің шығуына, ауыз қуысынан жағымсыз иістіңшығуына шағымданады. Ауыз қуысының шырышты қабатының және еріннің аурулары кезінде ауруға, сөйлеген кезде болатын қатты ауырсынуға, ойыө жаралардың пайда болуына, ерінде және ауыз қуысында юолуына шағымданады. Ал тіс жақ аймағының дефектілері кезінде эстетикалық шағым болады. Өмір анамнезі — баланың немесе оның ата-анасын сұрастыру арқылы баланың өмірі жайлы ақпарат жиынтығын айтады. Өмір анамнезінің көмегімен стоматологиялық аурулардың дамуы мен олардың дамуындағы қателі факторларды анықтауға көмек жасайды. Өмір анамнезі қолайлы және қолайсыз болады. Өмір анамнезі қолайсыз болуы аурудың пайда болуына әсер ететін және оның дамуына жағдай жасайтын факторлар болғанды айтады. Оның ішіне сондай ақ ауруға деген генетикалық бейімдеушілік, қосымша жүрген басқа да аурулар, тамақтану және өмір жағдайының бұзылуы кіреді. Өмір анамнезі қолайлы болуы баланың денсаулығы, тамақтануы және өмір деңгейі жақсы жағдайда болған кезде саналады Ата-анасымен әңгімелесу кезінде стоматолог дәрігер келесі жағдайларды ескереді: Баланың туылу орны мен қазіргі уақытта өмір сүріп жатқан мекені (эндемиялық флюороз, эндемиялық зоб туындауының белгісі). Баланың дамуының антенатальді кезеңін анықтау анасының жүктілік кезінде әсер еткен әр түрлі факторларды анықтайды, ол өз кезегінде балада туа пайда болған жеткізіксіздік белгісі: тіс жақ аймағы даумының өзгерістері, тістердің қатты тіндерінің дамымауы, кариеске деген жоғары сезімталдық және т.б Сонымен қоса, ұрықтың физиологиялық және жақ бет аймағының дамуының бұзылыстары, ананың жүктілік кезіндегі токсикозы, анасының жедел және созылмалы соматикалық және гинекологиялық аурулары, жүктілік кезінде анасының дәрі дәрмекті қабылмау, психоэмоционалды стресс, жұмыскерлік қауіпті факторлар, дұрыс Баланың дамуы мен туылу мерзімі балада гипоплазия мен сүт тістерінің кариесінің дамуын көрсеткішін анықтауға болады, туылу кезінде болған жарақаттар әсерінен туындайтын тіс жақ аймағының деформациясы. Постнатальді және емізу кезеңі де өте маңызды, ол тікелей емізуге байланысты болады. Жасанды емізу кезінде балада ерте кезден бастап кариестің дамуын жоғарылатады деп саналады. Әрі қарай баланың өсіп дамуында тіс жақ аймағының дамуына дұрыс тамақтану тікелей әсер етеді. Ұзақ уақыт бойы бөтелкеден тамақтану, әрдайым жұмсақ тағаммен тамақтану, асты дұрыс шайнамау тіс жақ аймағынығ дамуына әсер етеді. Баланы кішкентайдан бастап жиі тәтті тағамдармен тамақтандыру, тамақ рационында сүт тағамдардың, жеміс,көкөністердің аз болуы кариестің дамушы себебі. Қышқыл тағамдар мен қышқыл сусындарды, газдалған сусындарда жиң пайдалану эмаль эрозиясына әкеледі. Баланың жалпы жағдайы тікелей ауыз қуысының саулығына әсерін тигізеді. Кариескедеген тұрақтылықты түсіретін жағдайлар жедел және созылмалы аурулар, антибиотиктерді жиі қолдану табылады. Соматикалық аурулар ауыз қуысының патологиясының дамуына әсер етеді. Көптеген соматикалық аурулар ауыз қуысының белгілі ауруларын туындатады. Рахит тістердің кариесін, гипоплазия, тіс жақ аймағының деформациясын туындатады; қантты диабет ауыз қуысының пародонтты ауруларын туындатады; Баланың психикалық және физикалық дамуы, профилақтикалық егу жасау туралы ақпарат маңызды. Кыз балаларда жасөспірімдік кезеңде гормоналды статусын ескереді, ол деген ауыз қуысының патологиясының дамуында маңызы зор. Аллергоанамнез: аллергиялық анамнезді жинауға аса мән беріледі. Аллергиялық аурулардың болуын білу өте маңызды (атопиялық дерматит, бронхиалды астма), олардың клиникалық белгілері, пайда болу мерзімі мен жиілігі, қандай аллергиялық заттармен пайда болатыны, жыл мезгілімен байланысы бар екендігі маңызды. Дәрілік аллергияның бар жоғын ең алдымен баланың амбулаторлы картасына енгізіледі. Фторидтарды қолдану ерекшелігін ескері флюороздың және кариестің дамуында алдын алуға көмек жасайды. Эпидемиологиялық анамнез: ауыз қуысының шырышты қабатының инфекциялық аурулары кезінде жүргізіледі, баланың инфекциялық науқаспен болған қатынасын, оның уақыты мен ұзақтығын анықтайды. Стоматологиялық ауруларға деген тұқымқуалаушылық ауруларды анықтау ата анасының стоматологиялық патологиямен тексеру жүргізеді. Тұқымқуалаушылықпен келесі аурулар беріледі: кариеске бейімдеушілік, пародонт аурулары және т.б .Балада ауыз қуысының дұрыс гигиеналық тазалығы Жағымсыз әдеттер (саусағын сору, ерінін тістеу) Ауру анамнезі — аурудың басталуынан оның стоматолог-дәрігерге көрінгенге дейінгі уақыттағы динамикасын көрсететін баламен және оның ата анасының субъективті сипаты. |