№1 тақырып. Кіріспе. Таырып Экономика жне оны оамдаы рлі Кіріспе Экономиканы ылым ретінде даму кезедері
Скачать 0.67 Mb.
|
Ғылыми-техникалық тіресуБұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді: жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану; ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану; патенттерді сатып алып пайдалану. Ғылыми-техникалық сайыста әдетте екі үлгі қолданылады: Бәсекелестік үлгі мынадай жағдаймен есептесуді талап етеді: бәсекелес фирмалар белгілі өндірістік техниканың ең тиімдісін қолданатынына негізделеді; ҒТП әкеле,тін пайда ұзақ мерзімді болмауы мүмкін. Себебі бәсекелес фирмалар техникалық жаңалықтың қандайын болмасын игеріп алуы ықтимал. Жаңалықтарды енгізіп, пайданы барлық фирмалар ала алады, бірақ техникалық зерттеу шығындарын жасайтын тек осы зерттеуді жүргізіп дайындаушы ғана болады. Монополистік үлгі. Бұнда жаңалықтар енгізудің арқасында таза монополистік тұрақты түрде елеулі көлемде пайда алу мүмкіндігіне ие болады. Оның ҒТП үшін мол қаржы ресурстары болады және олар жаңадан жасалған техникалар мен өнімді жасыра алатын мүмкіндігі болады. Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің күшеюі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар нарыққа еркін кіріп, еркін шыға алатын болғанда, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздеп әрекеттенеді — өндіріс тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша төмен болуы үшін, өнімдердің бағасы төменгі дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді түрде болады. Таза монополия жағдайында фирма өнім шығару көлемін азайтып, бағаны жоғарылатып, осының нәтижесінде ресурстар шығынын төмендетіп, пайдасын барынша жоғарылата алады. Бірақ бәсекелестік кезінде шығындар біресе өсіп, біресе кеміп ауытқып тұрғанда, жағдай шиелінесе түседі. Ауқым нәтижесіКөп фирмалардың өндіріс көлемі, олардың әрқайсысына масштабтың өсуінен болып тұрған нәтижені жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал технология және өндіріс шығындары берілген болғанда көп бәсекелес фирмаларды қолдауға тұтынушылық сұраныс жетімсіз болуы мүмкін. Бұндай жағдайда нарыққа қатынасы жағынан фирма ірі монополистік болуға тиісті, шығарылатын өнімнің бірлігіне келетін өндіріс шығындары төмен болғанда өнімді тиімді өндіруге қабілетті болуы керек. «Х -тиімсізідік» Әдетте, өндіріс шығындарын зерттегенде, мына жағдай болады деп есептеледі: барлық технологиялардан фирма ең тиімдісін, шығарылымның әр дәрежесінде оған орташа шығындардың барынша төмен шамасын жұмсауын қамтамасыз ететінін таңдап алады деп. Ал нақты өмірде, фирманың қандайы болмасын, шығындарды төмендетудің бар мүмкіндігін толық қолданбайды. Шығындарды орташа шығындардың ең төмен дәрежесіне жеткізудің потенциалдық мүмкіндігін бағалау үшін «Х-тиімсіздігі» түсінігі енгізілген. Бұл мына жағдайда орын алады — өндірістің көлемі қандай болмасын, фирманың нақты шығындары минималдық мүмкін шығындардан артық болғанда. Осындай артықшылық фирма кәсіпкерлік тәуекелдіктен бас тартқанда, қабілетті төмен жолдас-жораларды, туыстарды жұмыспен қамтамасыз еткенде, фирма жұмыскерлерін орынсыз қолдап ынталандырғанда орын алады. Сауда-саттық сайысы. Бұл сайыс бағаны қолдану арқылы жүреді. Ал бағаның өзі үш жақты сайыстың нәтижесінде белгіленеді: біріншіден, жоғары бағамен сату үшін сатушылар арасындағы; екіншіден, тауарларды төмен бағамен алу үшін сатып алушылар арасында; үшіншіден, тауарларды қымбат бағамен сату үшін сатушылар және оларды арзан бағамен сатып алу туралы сатып алушылар арасындағы сайысу нәтижесінде. Осыған байланысты бәсеке бағаға қатысты және бағаға қатыссыз болып бөлінеді. Әдетте, бағаға қатысты бәсеке белгілі өнімнің бағасын әдейі, жасанда түрде төмендетуді көздейді: мұнда бағалық алалаушылық кең қолданылады – шығындардың дәрежесінің әр түрлі болуымен дәлелденбесе де, тауарлар әр түрлі бағамен сатылады. Бағалық алалаушылық үш шарт болуын тілейді: сатушының монополист болуын; сатушының сатып алушыларды төлем қабілеттерін топтарға бөле алатын мүмкіндігінің болуын; алғашқы сатып алушы осы тауарды немесе қызметтерді сата алмауы керек. Бағалық алалаушылық мынадай жағдайларда кең қолданылады: қызмет көрсетуде (дәрігерлердің, адвокаттардың, қонақ үйлерін басқарушылардың), өнімді көлікпен тасу қызметін көрсетуде; тауарды сатуда, егер оны нарықтың біреуінен екіншісіне жеткізу мүмкіндігі болмағанда (тез бүлінетін өнімдерді бір нарықтан екіншіге көлікпен жеткізуде). Бағаға қатыссыз бәсеке көбінесе өнім сапасын көтеру, сату жағдайларын жақсарту, сервистік қызметтерді көбейту арқылы жүреді. Сапаны екі бағытта көтеруге болады: бірінші – тауардың техникалық сипаттамаларын жетілдіру; екінші – тұтынушылар қажеттігіне қолайлы қызмет көрсету. Өнімнің сапасын жоғарылату арқылы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке өнім бәсекесі деп аталады. Бәсекенің бұл түрі немесе ескі үлгіден елеулі айырмашылығы бар немесе соның модернизацияланған баламасы болып табылатын жаңа тауар шығару арқылы, салалық нарықтың бір бөлігіне ие болуды көздейді. Сапаны жақсартуға негізделген бәсекенің қайшылықтары аз емес. Бір жақтан, сапаның жоғарылауы бағаны бүркемелі түрде төмендетудің және өткізуді көбейтудің әдісі; екіншіден – сапа деген субъективтік бағалау, сондықтан жарнама және көз тартатын буып-оралуы арқылы оны бұрмалауға және көзбояушылыққа мүмкіндік тудырады. Өнімді өткізуді жетілдіру туралы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке сату шарттары туралы бәсеке деп аталады. Бұл бәсекенің негізінде сатып алушыға жақсарған сервистік қызметтерді көрсету жатады: жарнама арқылы тұтынушыға әсер ету, сауданы жетілдіру, сатып алушыларға тауарды олар алғаннан кейін сол тауарды қолдануына, яғни пайдалану процесінде қызмет көрсету. Тақырып 10. Бизнес, әлеуметтік-экономикалық мәні және кәсіпорын 1. Кәсіпкерлік түсінігі, тарихи қолданысы, тарихы 2. Кәсіпорын пен шағын бизнестің айырмашылығы, өнеркәсіп, нарық 1. Кәсіпкерлік түсінігі, тарихи қолданысы, тарихы Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қауіпі бар. Көптеген елдерде кәсіпкерлік қызмет жасау үшін ресми тіркелу талап етіледі, алайда оның шарттары мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәсіпкерлік жұмыс заңды тұлғамен немесе заңда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке тұлғамен (жеке кәсіпкер) басқарылуы мүмкін. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың барлық институттарына енетін неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Қазақ тілінде кәсіпкерлік пен бизнес сөздері синонимдер ретінде қолданылады, бірақ кей жағдайларда екі әр түрлі мағына білдіруі мүмкін. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі пайданың көлемімен ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның нарықтық құнының (гудвилла) өзгеруімен өлшенеді. Кейде әлеуметтік кәсіпкерлік бөлек санатқа жатқызылады. Бизнес құрған адамдарды «кәсіпкер» деп атайды, яғни «дамуға құлшынысы бар, кәсіпте біршама тәуекелге баратынына қарамастан, оны ұйымдастырып, басқару арқылы пайда табу» үшін жұмыс істейтін адам. Кәсіпкерліктің анықтамасы бизнесті ашу мен жүргізуге негізделгенімен, бизнес ашудағы тәуекелдің молдығынан жаңа ашылған кәсіпкерліктердің жабылуына тура келеді. Оған мыналар да себеп болуы мүмкін: қаржының жетіспеуі, сәтсіз бизнес шешімдер, экономикалық дағдарыс немесе осы аталып кеткендердің барлығы немесе нарықтағы сұраныстың болмауы. 2000 жылдары «кәсіпкерлік» ұғымы ұлғайып, кейбір тұлғалар мен топтардың қалай және неге жетістікке жететіні туралы, кәсіпкерлер мүмкіндіктерді қалай пайдалана білетіні туралы түсінік беруге ұмтылды. Соңғы өзгертулер бизнес процесінің табиғатының белгісіздігіне, мүмкіндіктердің барына қарамастан, олар пайда әкелмейінше байқаусызда қалатынына негізділген. Тарихи қолданысы Кәсіпкер (Entrepreneur ( i[[Халықаралық фонетика әліппесі|/]]ˌɒntrəprəˈnɜr[[Халықаралық фонетика әліппесі|/]])) Француз тілінен енген сөз. Ол алғаш рет 1723 жылы қолданылды. Қазіргі таңда «кәсіпкер» жаңа кәсіпорынды басқару қабілетімен бастама және инновация енгізеді деп анықталады. Әйгілі экономист Роберт Рейчтің айтуы бойынша, тим-билдинг, көшбасшылық және басқару қабілет кәсіпкерге ең керек қабілеттер. Кәсіпкерлікті зерттеу тарихы 17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басында классикалық экономиканың құрылтайшылары Ричард Кантилион мен Адам Смиттің жүргізіген зерттеулерінен басталады. Йозеф Шумпетер 20 ғасырдың 1930 жылдарында кәсіпкерлік терминін Йозеф Шумпетер зерттеген. Оған қоса, кәсіпкерліктің табиғатын түсіндіруге Людвиг Фон Мизес, Фридрих Август Фон Хайек және тағы басқа Австрияның экономика мектебінің өкілдері ат салысқан. Олар кәсіпкерлікті табиғи ресурстармен (жер, еңбек, капитал, ақпарат және уақыт) қатар эконимаканың маңызды ресурстарының бірі ретінде қарастырған. Кәсіпкерлік-мәміле бойынша, шығындарды азайту арқылы уақыт үнемдеуге көзделген. Австриялық экономист Йозеф Шумпетер мынандай анықтама берді: кәсіпкер- бұл жаңа ойды немесе өнертабысты табысты жаңа енгізілімге айналадыратын адам. Нақтылай келсек, кәсіпкерлік – бұл нарыққа және өндіріске жаңа тауар мен кәсіпкерліктің моделін құрып әсер ететін шығармашылық ойран. Шығармашылық ойран динамикалық және ұзақ мерзімді экономикалық өсуге алып келеді. Шумпетередің кәсіпкерліктің алғашқы мысалы атсыз жүк арба жасау үшін бу қозғалтқышы мен елде бар вагон өндіретін технологияның қисындастыруы. Бұл жерде, инновациялық «көлік» бар көліктің кішкене өзгертілген түрі (трансформациясы) болды. Ол атпен жүретін арбаны бірден алмастырған жоқ, бірақ сол жетілдіру көлік құнын төмендеті және қазіргі көлік өнеркәсібіне жетекші болатын технологияны дамытты. Шумпетер үшін тәуекелге кәсіпкерлер емес, капиталисттер барған.Шумпетер (1934) қоршаған ортаның өзгеру үрдісі кәсіптің табыстылығын арттыру үшін ресурстарды оңтайлы бөлу туралы жаңа ақпаратты үздіксіз беріп отырады деп көрстекен. Кейбір адамдар басқаларға қарағанда жаңа ақпаратты тез сіңіріп алады және ресурастарды дұрыс пайдалану арқылы табысқа жетеді. Шумпетердің пайымдауынша, кәсіпкерлік жаңа инновация арқылы өндіріс мүмкіндігін жоғары деңгейге көтереді. Фран Найт пен Питер Друкер, тәуекелді кәсіпкерліктің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады және келесі түрлерін ажыратады: Статистикалық тәуекел Статистикалық әдіспен есептелмейтін белгісіздік Статистикалық әдіспен де, алдын ала болжаумен де анықталмайтын Найт белгісіздігі немесе нағыз белгісіздік. Мысалы, ғаламтор пайда болғанға дейін Google және YouTube секілді табысты жобалардың бар жоғына нарықты зерттеу мүмкін емес еді. Уильям Баумоль дәстүрлі нарыққа үйлесімсіздік қосатын кәсіпкерлерді зерттеді. Бастапқы капитал Кәсіпкерлік жұмыс бастау үшін керек қаражат көздері мыналар болуы мүмкін: Жеке қаражат: Жеке кәсіпкерлер үшін – оның жеке қаражаты мен жеке басының жинақ ақшасы, жеке мүлігі (үй-жай, жабдықтар, көлік) Заңды тұлға үшін – оның құрылтайшылармен расталған жарғылық капиталы, көбінесе бұл үлескерлік қаржыландыру. Инвестиция тарту: Жаңа жобалардың белсенді қатыссушалары венчурлік фондтар мен бизнес-періштелер болып табылады. Краудфандинг арқылы қаражат жинау. Қаржы келешек өнімге айырбасталса болады немесе қайырымдылық ретінде қабылданады (әсіресе еркін лицензиясымен таралған цифрлы өнім Банктан немесе жеке тұлғадан алынған қарыз ақша (борышты қаржыландыру) Өтеусіз қаржы (гранттар немесе субсидиялар) Сонымен қоса, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, технопарк пен бизнес-инкубаторлар жұмыс атқарады. Мағынасы 2. Кәсіпорын пен шағын бизнестің айырмашылығы «Кәсіпорын» термині «шағын бизнес» терминімен жиі шатастырылады немесе өзара алмастырып қолданылады. Кәсіпорындардың көбісі шағын бизнестен басталса, шағын бизнестер кәсіпорынға теңесе бермейді. Көптеген шағын бизнестер тек иесінің ғана қолында болады немесе қызметкерлер саны аз болып келеді және осындай шағын бизнестердің біршама бөлігі нарықта бар өнімді, процесті немесе қыметті ұсынады және әрі қарай өсуге мақсат етпейді. Алайда, кәсіпорындар инновациялық өнімді, процесті немесе қызметті ұсынады және әдетте компанияны кеңейту мақсатында қызметкерлер санын көбейтеді, халықаралық нарыққа шығады және венчурлық капиталмен немесе періште инвесторлар арқылы қаржыландырылады. Табысты кәсіпорындардың бизнесті тиісті жоспарлау, ортаға бейімделу және әлсіз және күшті қабілеттерін түсіну арқылы оң бағытта жүргізу қабілеті бар. Табыс болжағыш факторлар Кәсіпкерлікті табысты болуын болжайтын факторларға мыналар жатады: Әдістер Кәсіпорынға стратегия белгілеу, соның ішінде өсу және өмір сүру стратегиясы. Адам ресурстарын қамтамасыз ету (дарынды қызметкерлер мен лауазымды адамдарды тарту) Қажетті материалдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету (мысалы, өндіріс кезінде қажет шикізат ресурстары ) Кәсіпорынның бір немесе бірнеше артықшылықтарын пайдалану Жақсы жобалауды, басқаруды және ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Қоғамның мәдениетімен келісу Нарық Бизнес-Бизнес (B2B) немесе бизнес-тұтынушы (B2C) моделін қолдануға болады. Жоғары өсімді нарық Басқалармен игерілмеген нарықты немесе тұтынушыларды мақсат ету Өнеркәсіп Өсіп келе жатқан өнеркәсіп Өнеркәсіпке технологияның әсері Капиталдың қарқындылығы Фирманың орташа мөлшерінің шағындығы Команда Жеке кәсіпкер болу емес ,түрлі нәсілдер мен әр-түрлі жынысты таланттардан тұратын команданың болуы. Старт-ап бастамас бұрын басқару тәжірибесінің болуы. Старт-ап өндірісіндегі жұмыс тәжірибесінің болуы. Жаңа кәсіпорынға дейін толық уақыт жұмыс істеуі. Кәсіпкерлікте жұмыс істеу тәжірибесінің болуы. Пайда табу мақсатында ғана емес, ауқымды мақсат үшін жұмыс істееу Әлеуметтік байланыстардың, іскерлік желілердің алуандығы. Тіркелу мен лицензия алу Мемлекеттен қызмет көрсету құқығын иелену үшін лицензия алу. Жарнама Жарнама ілу, акция ұйымдатстыру, әлеуметтік ұсыныстар беру. Кеңейту Капитализация. Өндірісті немесе көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту. Сонымен қоса бәсекелестерді сіңіру немесе бірігу. Дайын бизнесті сату және сатып алу. Бизнестің өмір сүру кезеңі бұл іс-әрекет жасауға бейім кәсіпорын қалыптастыру және оны сату мүмкіндігін қарастыру. Сатып алу және сату жеке меншік иесі немесе ашық нарыққа шығарылуы Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары Бірлескен кәсіпкерлік – екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу; Жеке кәсіпкерлік –кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті кәсіпкерлік – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік. Жалған кәсіпкерлік Кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық, төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар, азаматтық ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады Заңсыз кәсіпкерлік Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұксат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде тауарларды өндірумен, сақтаумен не өткізумен байланысты болса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады. Тақырып 11. Жеке капиталдың ұдайы жаңғыртылуы Дәріс мақсаты: Капитал туралы түрлі трактовкалар мен кәсіпорын қорларының айналымын түсіндіру Жоспары: 1. Негізгі және айналмалы капитал 2. Негізгі капиталдың құнсыздануы. Амортизация 3. Инвестиция өндіріс қорларын қаржыландыру көзі ретінде Негізгі сөздер: негізгі капитал, айналмалы капитал, амортизация, инвестиция. Иллюстрациялық материалдар: кесте, слаид, формулалар мен есептер 1. Негізгі және айналмалы капитал. Капитал-бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары. Марстік теорияда өндігріс факторлары өзгеше сипатталынады: заттық факторлар мен жеке фактор.марксизм үшін бұлайша бөлу аса маңызды, өйткені ол барлық заттық факторлар қосымша құн өндірмейтіндігі, ал тек жеке фактор-жұмыс күшінің құн, қосымша құн өндіретінін көрсетеді. Өндірістің дамуының әрбір жаңа кезеңінде оларсыз өндіріс жемісті түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазіргі заманғы өндірісті, мысалы, кәсіпкерлік ақпарат, технология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседі. Алайда жүйенің негізін құрушылар болып еңбек, жер, капитал қалады. Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі. Капиталдың алғашқы қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікті шектеу процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге — идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдык құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады. Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік. Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген. Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды (алғашқы жүмсалған сомадан артық сомаға ие болуды) мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет. Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады: A - T ... O ... T1- A1 Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады: A - Т ... Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңлегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалауы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартыла апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. 1-шіге жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар - тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салалары арналған. Айналмалы капитал - өндірістік процеске тек бір рет қана қатысып қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады. Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады. Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы — өндіріске жағдайлар жасау: ... Ө ... Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн өндіру функциясьш атқарады: ... Т1 - А1 - Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функ-циясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату. П капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп түр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді: d=A> - A Мұнда А—бастапқы жүмсалған капитал, d—үстеме құн. Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда Бұл капиталдың айналымы болады. Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капитаддың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасының толық қайтып түскеңце капигал толық айналым жасайды. Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнньщ айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал непзгі және айналмалы болып бөлінеді. Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құның алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады. 2. Негізгі капиталдың құнсыздануы. Амортизация. Негізгі капитал бірнеше жыл қызмет еткендіктен бір-бірте ол тозады. Тозу табиғи және сапалық болады. Табиғи тозу- жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғыру арқылы ішінара қалпына келеді. Сапалық тозу- ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімінң сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Амортизация - бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы. Ол ақшалай қаражатының қорлану мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады. Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады. Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Моралдық тозу - Бұл негізгі капиталдың,еңбек құралдарының құнының төмең деуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы. Капиталдың қызмет ету мерзімінің сипаттамалары өте маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Өйткені, басқа кәсіпкерлермен бәсекелестік жағдайда ұтысқа тек уақыт үнемдегендер жетеді. Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдымен жеңіске жететін болғандықтан, капиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипатгайтын көрсеткіштер ең маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Мысалы, капиталдың айналу шапшандығы, оның бір жыл ішіндегі айналым саны арқылы есептеледі: п = о/т, мұнда /7 — айналым саны, 0 — капитал айналымының өлшем бірлігі (1 жыл), Т — берілген капиталдың айналым мерзімі (ай). Капиталдың айналымы, көрсеткіш ретінде, сату көлемі мен жұмсалған капиталдың ара сәйкестігін сипаттайды, яғни акгивтердің таза салымы қандай дәрежеге жеткенше өткізу (сату) жүріп отыратынын көрсетеді: К1 = Сатудың көлемі/Салынган капитал. Бұл фирманың айналмалы капиталға салымының әрбір теңгесі бір жылда бес айналыс жасағанын көрсетеді. Айналыс санын біле отырып, біз күнмен есептелген бір айналыстың орташа ұзақтығының көрсеткішш есептей аламыз. Айналыстың көрсеткіштері көсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы мағынасы өте зор болады, өйткені айналмалы құрал-дардың ақша формасына айналу шапшандығы, кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. 3. Инвестиция өндіріс қорларын қаржыландыру көзі ретінде. «Инвестиция» немістің «invesition» деген сөзі және бұл кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыда инвестиция күрделі қаржыға қарағанда кең мағынада берілген. Күрделі қаржы -капитал жасаушы инвестицияның құрамды бөлігі. Олар жасауға және негізгі қорларды ұдайы жаңғыртуға бағытталған шығындар. Жалы және таза инвестиялар болады. Жалпы инвестициялар - капитал қорының жалпы өсуі.Жалпы инвестициялар шығынның орнын өтеумен салыстырады. Өтеу - тозған негізі капиталды ауыстыру процесі. Таза инвестциялар - жалпы инвестцииялар минус өтеуге кеткен қаражаттар. Жалпы инвестиция - өтеу= таза инвестиция. Егер жалпы инвестициялар өтеуден көп болса, онда таза инвестцииялар жағымды(+). Егер жалпы инвестициялар өтеуден аз болса, онда таза инвестициялар жағымсыз (-).Егер жалпы инвестциялар өтеуден тең болса, онда капитал қоры сол өзінің бірқалыпты деңгейінде қалады. Тақырып 12. Еңбеқақы. Еңбекақыны есептеу Мақсаты: Еңбекақы, еңбекақыны есептеуді үйрену Жоспар: 1. Еңбек ақы туралы жалпы түсінік 2. Кәсіпорында еңбекақы жүйесін ұйымдастыру 3. Еңбекақы түрлері 4. Есептер. Еңбекақыны есептеу 1. Еңбек ақы бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Еңбек ақыны дұрыс төлеудің екі түрлі маңызы бар. Біріншісі жұмысшының ынталануын қамтамасыз ету, демек еңбек өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік беру. Екіншісі кәсіпорынның экономикасына оңды, не кері әсер етуінде. Егер еңбекақы әділетті төленсе экономиканың заңдылықтарына сәйкес келеді. Ол еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті туындату, бұлардың сақталуы оңды жағдай. Ал кері әсері кем, не артық төлеуге байланысты. Ақы бағаланбаса немқұрайдылық пайда болады, өндіріс нәтижесі төмен болады. Еңбек ақы шамадан артық төленсе, ысырап, орынсыз шығын, нәтижесі зиян. Сондықтан жұмысшылардың еңбек ақысының әділеттілік негізінде нәтижесіне байланысты төленуі маңызды экономикалық мәселелердің бірі. Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады. Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады. Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады. Еңбекақының номиналды және нақты түрлері болады. Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды еңбекақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес. Нақты еңбек ақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды еңбекақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады. Еңбекақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да еңбекақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады. Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді. Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады: мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер; еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер; қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер; сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б. Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады: демалыс уақыттарына ақы төлеу; мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу; кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу; жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу. Еңбекақы деңгейі негізінен мына төмендегі факторларға байланысты: Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесі, оның тиімділік деңгейі; Кәсіпорынның кадр саясаты; Аймақта, облыста мамандықтары сәйкес келетін қызметкерлер арасындағы жұмыссыздық; Мемлекет, кәсіподақ және бәсекелестіктердің ықпалы; Қоғаммен байланысты кәсіпорынның жалпы хал-ақуалы. 2. Кәсіпорында еңбекақы жүйесін дұрыс ұйымдастыру қызметкерлерді еңбектің түпкі нәтижесіне ең қолайлы ынталандыруға, олардың еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуге, тиімділік деңгейін анағұрлым арттыруға жағдай жасайды. Еңбекақыны үйлесімді түрде үлестіруді ұйымдастырудың мақсаты – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жалпы нәтижесінде қызметкер қабілетінің қосқан еңбек үлесіне сәйкес келуін қамтамасыз ету, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемінің арасында сәйкестік орнату. Еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі принциптері: Төлемнің еңбектің саны мен сапасына сәйкес келуін қамтамасыз ету; Еңбекақыны кәсіпорынның салалық немесе аймақтық қатыстылығына, еңбек шарттарына, қызметкерлердің біліктілігіне қарай саралау; нақты еңбекақы жүйелі түрде көтермелеу, яғни еңбекақының номиналды мөлшерін инфляцияға сәйкес арттыру; еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбекақының орташа өсу қарқынынан жоғары болуы. Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру үш өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады: • тарифтік жүйе; • еңбекті нормалау; • еңбек ақы төлеудің нысаны. Тарифтік жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді және олардың еңбекақыларын саралауды, реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамассыз ететін нормативтердің жиынтығын көрсетеді. Тарифтік жүйеге: сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын тарифтік мөлшерлеме; еңбекақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың әр түрлі разряд арасындағы ара қатнастарын көрсететін тарифтік тор; тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік анықтамалар кіреді. Еңбекшілер табысын кепілденген деңгейін қорғауды жүзеге асыратын бірыңғай тарифтік тор еңбекақы төлеу реформасының негізі болып табылады. 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бірыңғай тарифтік тор халық шаруашылығындағы қызметкерлердің барлық дәрежесіне қосылған болатын. Бірыңғай тарифтік торда бірнеше разрядтағы жұмысшылардан басталып, басшылардың аяқталатын, қызметкерлердің разрядтарының тарифтік коэффициенттерінің мәтіні көрсетіледі. Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд шаруашылықтағы жүргізу нышанына, меншік нышанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған: 1-8 разрядтар бойынша – жұмысшыларға төлемдер; 6-15 разрядтар бойынша – сызықтық қызметкерлер; 4-11 разрядтар бойынша – орта білімді мамандар; 7-15 разрядтар бойынша – жоғары білімді мамандар; 10-20 разрядтар бойынша – кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық қызметтердің басшылары; 9-12 разрядтар бойынша – ғылыми қызметкерлер. Қазақстан Республикасының бюджеттік салаларындағы қызметкерлердің еңбекақыларына арналған бірыңғай тарифтік тор қызметкерлердің дәрежесін, міндетін, разрядтар санын (21) және разрядтарға қатысты тарифтік коэффициенттерін көрсете отырып, әр түрлі топтардағы қызметкерлердің еңбекақысындағы ара-қатынастардың мәтінін көрсетеді. Еңбекақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер Еңбекақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер 1 1,0 12 2,20 2 1,07 13 2,37 3 1,15 14 2,55 4 1,24 15 2,74 5 1,33 16 2,95 6 1,43 17 3,17 7 1,54 18 3,43 8 1,66 19 3,67 9 1,78 20 3,94 10 1,91 21 4,24 11 2,05 Тарифтік торға тарифтік коэффициенттердің абсолюттік және салыстырмалы өсуі, разрядтардың саны және диапозон (ауқым) жатады. Айлық жалақыны есептеу үшін ұйымның 1-ші разрядқа белгілеген мөлшерлемесін тарифтік коэффициенттің бірыңғай тарифтік тордың разрядтарына сәйкес көбейтеміз. Қазақстанда экономикалық реформаны жүргізу кезінде, кәсіпорындарға еңбекақы төлемдерін өздері еркін реттеген. Мемлекеттің бюджет саласындағы қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша бірыңғай тарифтік тор көрсетілген. Еңбекақы күрделі еңбекті жақсы ынталандыру үшін, кәсіпорындарда жауапкершіліктің деңгейі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, қызметкердің біліктілігі және еңбекақының деңгейі арасындағы тікелей байланыстарды орнатқан. 3. Кәсіпорындарында еңбекақы төлеудің кең тараған түрі: кесімді еңбекақы мен мерзімді еңбекақы төлеу. Қандай да бір нысанын таңдап алу өндірістің ұйымдастырылу және технологиялық ерекшеліктеріне, еңбекті ұйымдастыру түріне және жұмыс күшімен қамтылу деңгейіне қатысты анықталады. Мерзімдік нысан кезінде еңбек ақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Еңбек ақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады: Жұмысшы өнім шығарудың артуына тікелей әсер ете алмайды; Кесімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес; Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі; Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу; Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін; Мерзімді еңбек ақы жай және мерзімді –сыйақылар болып бөлінеді. Жай мерзімдік еңбек ақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады: Сағаттық; Күндік ақы; Айлық ақы; Мерзімдік – сыйақылық еңбек ақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді). Мерзімді төлемақы кезінде еңбек мөлшері болып жұмыс атқарылған уакыт саналады, ал еңбекакы тарифтік мөлшері бойынша немесе іс жүзінде жүмыспен өтелген уакыттыц төлемі түрінде жүргізіледі. Еңбекақыны есептеу тәсіліне қарай жай мерзімді еңбекақы төлеу жүйесі - сағаттық, күндік, айлық болып бөлінеді. Мерзім бойынша еңбекақы төлеу кезінде келесі келтірілгендердің маңызы зор: 1) жұмыскерлердің нақты орындайтын жұмысының мамандық деңгейін ескеріп, дұрыс тарифтік разряд беру, себебі олардың еңбегін дұрыс бағалау осы факторға байланысты; 2) әр жұмыскердің нақты атқарған жұмыс уақытын дәл есептеу. Мерзімді еңбекақы төлеу кезінде жұмыскердің еңбекақысы келесітүрде анықталады: Мұнда: ЕА - жұмыскердің белгілі бір кезең ішіндегі еңбекақысы; Тм уақыт бірлігіндегі разрядтың тарифтік мөлшері (теңге/сағат, ай); Ф- нақты атқарылған жұмыс уақыт қоры (күн, сағат). Кесімді акы төлеу кезіңде еңбек мөлшері жұмыскердің өндірген өнімі (аткарған жұмыс көлемі) болып табылады, еңбекақы келісілген багамдау бойынша өндірілген онімнің көлемі мен сапасына тікелей тәуелді болады. Кесімді еңбекақы төлеумұнда еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына сәйкес, оның күрделігі мен еңбек жағдайы ескеріліп, арнулы бағалау арқылы төленеді. Кесімді еңбек ақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады. Кесімді еңбекақы өнімнің саны мен сапасына тәуелді, ол төмендегі формула бойынша анықталады: Еа=Кб*Өм Мұнда Еа – еңбекақы; Кб - өнім бірлігінің кесімді бағалануы; Өм – өндірілген өнімнің (қызметтің) мөлшері; Берілген еңбекақы төлеу жүйесінде жұмыскердің еңбекақысы нақты өндірілген өнім көлеміне кесімді негізгі (тікелей) бағамға сәйкес есептелген еңбекақысы мен өндірістік тапсырманы немесе сапалық көрсеткіштерін асыра орындағаны үшін қосымша сыйақыдан құралады. Өндіріс ерекшеліктері мен орындалатын тапсырманын сипатына қарай жеке сыйақы мөлшері мен көрсеткіштері анықталады. 4. Есептер шығару. №1.Есептер: Мерзімдік нысан кезінде еңбек ақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Мерзімдік еңбек ақыны есептеу 1-мысал: Жай мерзімдік Қызметақысы 21300 теңге фирма менеджері айдағы 26 жұмыс күнінің 20 күнінде жұмыс істеген. Еңбекақысын табу керек. Айдың орташа күндік еңбек ақысы: 21300/26 =819,23 теңге. Менеджердің жалақысы 819,23 *20=16384,61 теңге құрайды. №2 Есеп Кәсіпорынның жұмыс тәртібі бойынша аптаның 5 күнін жұмыс күні етіп белгілеген. 1-ші разрядтың мөлшерлемесі ұжымдық келісім шартта 25000 теңге мөлшерінде бекітілген. 14-ші разряды бар маман ағымдағы айда 18-ақ күн жұмыс істеген.Еңбекақысын табу керек.25000*2,55=63750 тенге 63750/21=3035,71 тенге 3035,71 *18=54642,86 тенге №3 ЕсепМерзімнен тыс жұмысқа есептеулер. Бесінші разряды бар жұмысшы апрель айында 12 сағат артық жұмыс істеді.Сағаттық тарифтік мөлшерлеме келісімшарт бойынша 165,25тенге. Ұжымдық келісімшарт бойынша мерзімнен тыс жұмысқа 1,5 есе төленеді. Жұмысшыға мерзімнен тыс істеген жұмысының ақысын есептеу керек. 165,25т*12 с*1,5= 2974,50 №4Есеп: Демалыс және мейрам күндеріне есептеулер. Төртінші разряды бар жұмысшы 8 наурыз күні 8.00ден 17.00дейін жұмыс істеді. Жұмыс күнінің ұзақтығы 8 сағат.Мекемеде 5 күндік жұмыс уақыты белгіленген. Ұжымдық келісімшарт бойынша мейрам күндеріне екі есе төленеді. Сағаттық тарифтік мөлшерлеме келісімшарт бойынша 154,35тенге. 154,35*8 сағат * 2=2469,60 тенге Кесімді еңбек ақыны есептеу. 1-мысал. Кесімді ақы алатын жұмысшыға белгілі 250,56 теңге бағаланатын 30 бөлшекті әзірлеу тапсырылды. Жалақысын табу керек. Тақырып 13. Табыс пен пайданың экономикалық мәні Мақсаты: Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігін көрсету. Шығындардың нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығыны, яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі туралы түсіндіру. 1. Шығындардың мәні 2. Шығындардың түрлері 3. Табыс және пайда Негізгі түсініктер мен терминдер Өндіріс шығындары; Өзгермелі шығындар; Тұрақты шығындар; Шекті шығындар; Шекті табыс; Пайда; Жалпы табыс; Орташа шығындар; Орташа табыс; Масштаб эффектісі; Жалпы өнім; Орташа өнім; Шекті өнім. 1. Шығындардың мәні. Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. Өндіріс шығындарының классификациясы Ш ығындарды есепке алу тәсілдері бойынша: Айқын шығындар - шикізат, материалдарға, жолдамалы еңбеккерлердің жалақысына және т.б. кеткен ақшалай шығындар. Айқынсыз шығындар - кәсіп-орын иесінің өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларларын пайдаланғандағы шығындар. |