Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Экономиканың ғылым ретінде даму кезеңдері.

  • 3. Экономиканың басқа ғылымдармен байланысы, атқаратын қызметтері.

  • Тақырып 2. Қоғамды экономикалық ұйымдастырудың негізгі проблемалары

  • 1. Қоғамдық өндіріс, оның қазіргі экономикалық жүйедегі орны мен рөлі

  • 2. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер

  • 3. Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі. Үнемділік

  • 4. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық мәні

  • Тақырып 3. Меншік және әлеуметтік-экономикалық құрылыс. 1. Меншік мәні мазмұны 2. Меншік объктілері және субъектілері 1. Меншік мәні мазмұны

  • №1 тақырып. Кіріспе. Таырып Экономика жне оны оамдаы рлі Кіріспе Экономиканы ылым ретінде даму кезедері


    Скачать 0.67 Mb.
    НазваниеКіріспе. Таырып Экономика жне оны оамдаы рлі Кіріспе Экономиканы ылым ретінде даму кезедері
    Дата10.11.2022
    Размер0.67 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№1 тақырып.docx
    ТипДокументы
    #780217
    страница1 из 13
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

    Кіріспе. Тақырып 1. Экономика және оның қоғамдағы рөлі
    1. Кіріспе

    2. Экономиканың ғылым ретінде даму кезеңдері.

    3. Экономиканың басқа ғылымдармен байланысы, атқаратын қызметтері.
    1. Кіріспе.

    І. Экономикалық теория адамзат қоғамының тарихи даму сатысында ерекше орын алады. Себебі адамдар өмір сүру үшін алдымен материалдық және рухан қажеттіліктер өндірілуі қажет. Осыған байланысты байланысты:

    Не өндіру керек? (осы мерзімде және қандай мөлшерде мүмкін болатын тауар немесе қызмет).

    Қалай өндіру керек? (таңдап алған тауарды қай технологиямен өндіру керек және ресурстарды тиімді пайдалану).

    Кімдер үшін өндіру керек? (таңдап алынған тауарлар кімдерге арнап шығарылған, оларды кімдер алуы мүмкін).
    2. Экономиканың ғылым ретінде даму кезеңдері.

    ІІ. Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды. Экономика терминін ең алғаш рет енгізген Ксенафонт болды. Мағынасы “үй шаруашылығы”. Көп жылдар бойы “экономия” сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып жүргізу ережелерін қамтыған. Кейіннен ғалымдар бұл пікірмен келіспей жалпы ұлттық мемлекеттік шарушылықты жүргізу ережелерін анықтайды деп шешті. Осыған байланысты “экономия” ұғымы “саяси экономия” деген жаңа мәнге ие болды (грек. полис –мемлекет, ойкос – үй шаруашылығы, номос – заң ).

    Бірақ феодалдық бытыраңқылықты жеңу, орталықтандырылған мемлекеттердің бірлесуі үй шаруашылығын жүргізу ережелерін ғана емес, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етеді. Осыған байланысты “экономия” ұғымы жаңа мәнге ие болып, “саяси экономияға” айналды. Саяси экономика ғылымын алғаш ғылымға енгізген А.Монкретьян болды. 1615 жылғы оның саяси экономика трактаты деген еңбегі жарық көрді. Мұнда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері жинақталған болды.

    Қазіргі экономика пәні капитализмнің дүниеге келу қарсанында дами бастады. Алғашқы буржуазия өндіріске емес, байлықтың бейнесінде танылған сауда және алтын операцияларымен айналысатын айналым саласына әрекет еткен. Сол себепті бастапқы ілім маркантализм (итальян тілінде “ markante” - саудагер ) ілімі қалыптасады. Оның өкілдерінің ойы бойынша байлықтың нысаны алтын мен күміс. Олар сырт елге ақша шығаруға тиім салған, ақша емес тауар айырбастау тауар саудасын зертеген “сауда балансы” теориясын жасаған тауарды экспортқа көбейтуді ұсынған.

    Еуропа әлі аграрлы ел болғандықтан көптеген экономистер өндрісті ауыл шаруашылығымен теңестірді. Олар физиократтар мектебінің өкілдері деп аталды (грек тілінде “physig – табиғат, kratus – билік). Бұл мектеп Францияда XVIII ғ. орта легінде қалыптасты оның негізін салушы XV Людавиктің дәрігері Франсуа Кэне болды.
    3. Экономиканың басқа ғылымдармен байланысы, атқаратын қызметтері.

    ІІІ. Экономика тарих, философия, математика, статистика т.б. ғылымдарымен байланысты.

    Экономика қоғамдағы шаруашылықтың даму заңдары жөніндегі ғылым. Экономикалық заңдар бұл – адамдардың экономикалық іс –әрекеттерімен қатынастарын білдіреді.

    Тақырып 2. Қоғамды экономикалық ұйымдастырудың негізгі проблемалары
    1. Қоғамдық өндіріс, оның қазіргі экономикалық жүйедегі орны мен рөлі
    2. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер. Маслоу пирамидасы
    3. Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі. Үнемділік 
    4. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық мәні
        
    Негізгі ұғымдар: экономиканың негізгі үш мәселесі, өндіріс, қоғамдық өндіріс, өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну, қажеттіліктер, Маслоу пирамидасы, ресурстар, технология, игіліктер, шектеулілік, экономикалық таңдау, балама шығындар, өндірістік мүмкіндіктер қисығы, т.б.

    1. Қоғамдық өндіріс, оның қазіргі экономикалық жүйедегі орны мен рөлі

    Экономикалық теория қоғамдық ғылым ретінде шектеулі ресурстар мен мүмкіндіктер жағдайында мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс: 
    1.    Не өндіру керек? – қандай тауарлар мен қызметтер өндірілуі тиіс.
    2.    Қалай өндіру керек? – қандай ресурстарды және технологияны пайдалану арқылы өндірілуі тиіс?
    3.    Кім үшін өндіру керек? – шығарылған тауар немесе қызмет кімге арналады, олар қалай бөлінеді, оларды кімдер сатып алады.
    Қоғамның қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру мәселесін шеше отырып, экономикалық теория экономикалық таңдау мәселесімен соқтығысады, яғни осы жерде экономикалық теория 2 аксиомаға сүйенеді:
    1.    АДАМДАРДЫҢ ШЕКСІЗ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ;
    2.    РЕСУРСТАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІЛІГІ.
    Өндіріс адам өмірінің және қоғамның негізі болып табылады. Өндіріс адамның табиғатқа деген ықпал ету үдерісін білдіреді. Өндірістің түпкі нәтижесі болып табылатын қоғамдық өнім және оның қозғалысы негізгі 4 сатыдан өтеді:
    1) Өндіру – пайдалы өнімдерді, материалдық және рухани игіліктерді жасау үдерісі.
    2) Бөлу - өндірілген өнімде әрбір адамның үлесін анықтау.
    3) Айырбастау – бір өнімді басқа бір өнімге айырбастау үдерісі.
    4) Тұтыну – жасалған игілікті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану.
    Қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді:
    1. Материалдық өндіріс, бұған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, қоғамдық тамақтандыру, құрылыс, су шаруашылығы және басқалары жатады.
    2. Материалдық емес өндіріс, бұған денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несие мекемелері, қоғамдық ұйымдар, басқару органдары және басқалары жатады.
    Сонымен, өндіріс – бұл қоғамдық сипатқа ие бола отырып адамзат баласының өмір сүруі үшін қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру үдерісі.
    Қоғамдық өндіріс үнемі үздіксіз жаңартылып отырады, ол үдерісті ұдайы өндіріс деп атайды.
    Ұдайы өндірістің екі тұрпаты ажыратылады:
    1. Жай ұдайы өндіріс.
    2. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс. 
    Ұлғаймалы ұдайы өндірістің түрлері:
    1. Экстенсивті ұдайы өндіріс - өндіріс факторларының санын арттыру есебінен өндірісті ұлғайту.
    2. Интенсивті ұдайы өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру, өндіріс факторларының сапасын көтеру есебінен өндірісті ұлғайту.
    3. Аралас ұдайы өндіріс - өндіріс факторларының саны мен сапасын бірдей дәрежеде арттыру есебінен өндірісті ұлғайту.

    2. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер. Маслоу пирамидасы

    Экономикалық ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш мәселесіне жауап бере алатын басты ұғымдар орын алады. Бұл ұғымдар экономикалық теорияның базалық түсініктері болып табылады, яғни олар:
    1. Қажеттіліктер.
    2. Ресурстар.
    3. Игіліктер.
    Енді осыларға кеңірек тоқтауымыз қажет.
    Кез-келген экономикалық мәселелер қажеттіліктерді зерттеуден басталады. Экономикалық ғылымның бастамасы ең алдымен, экономикалық қажеттіліктер және олардың қанағаттандырылу тәсілдері болып табылады.
        Қажеттіліктер – бұл экономиканың субъектілеріне белгілі бір экономикалық қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен ынта-жігерлер, немесе басқаша сөзбен айтқанда, адамның өмір сүруін қамтамасыз етуге және де жеке бір индивидтің, фирманың және тұтастай қоғамның дамуына қажетті заттар мен нәрселерге деген жетіспеушіліктен туындайтын мұқтаждықтар. Қоғамның кез келген қажеттілігі игіліктер арқылы қанағаттандырылуы тиіс.
         Игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар; өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық қызметінің объектісі. Олар шексіз (мысалы, ауа, күннің нұры, жел энергиясы) және шектеулі көлемде болып келеді. Шектеулі көлемдегі игіліктерді экономикалық игіліктер деп атайды. Яғни, экономикалық игіліктер дегеніміз – экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қасиетіне ие материалдық және материалдық емес заттар мен қызметтер. Ал экономикалық игіліктердің ерекше түріне тауар немесе қызмет көрсету жатады. Тауар немесе қызмет көрсету дегеніміз – нарықтық экономикалық жүйеде сатылатын және сатып алынатын материалдық және материалдық емес экономикалық игіліктер. Адамдардың экономикалық қажеттіліктері көбінесе игіліктерді өндіру мүмкіндігінен асып кетіп отырады. Сондықтан да, жетпеген тұтынушылық игілікті өндіру үшін жанама экономикалық игілік – ресурстар қажет.
        Ресурстар – бұл қандай да бір экономикалық қажеттілікті қанағаттандыруы тиіс экономикалық игіліктерді (тауарлар мен қызметтерді) өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер. Сондықтан да, оларды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі уақытта, олардың негізгі түрлеріне еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет және ақпарат жатады. 
    Экономикалық теорияда өндіріс факторларын талдаудың маңызы өте зор. Осыған сәйкес, өндіріс факторларына деген екі ғылыми көзқарас қалыптасқан: олар - маркстік және маржиналистік.
    1. Маркстік тұжырымдама өндірістің үш факторын бөліп көрсетеді: 1) адамның еңбегі; 2) еңбек заттары; 3) еңбек құралдары. Адамдардың еңбек үдерісінде өңдеуге түсетін табиғат заттарын еңбек заттары деп атайды. Олардың екі түрі орын алады, біріншіден, табиғаттың тікелей берген заттары (балық, мұнай, газ, т.б.), екіншіден, өңдеуге түскен еңбек заттары (шикізат). Еңбек құралдары деп адамдардың солардың көмегімен еңбек затына ықпалын білдіретін құралдарын айтады. Еңбек құралдарына машиналар, станоктар, жабдықтар, құрал-саймандар, өндірістік ғимараттар, жолдар және басқалары жатады. Еңбек заттары мен еңбек құралдары бірігіп жиынтығында өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Ал өндіріс құрал-жабдықтарын және өндірістік тәжірибесі бар, еңбек құралдарын іс-әрекетке икемдеп қосатын адамдарды қоғамның өндіргіш күштері деп атайды.
    2. Маржинализм тұжырымдамасы бойынша, өндіріс факторлары төртке бөлінеді: 1) еңбек; 2) капитал; 3) жер; 4) кәсіпкерлік қабілет.
    Еңбек – бұл өндіріске тартылатын жұмыс күшінің жиынтығы ретінде қарастырылатын адамның интеллектуалдық және физикалық іс-әрекетінің жиынтығы. 
    Капитал – өндіріс құрал-жабдықтарының жиынтық кешенінің материалдық формасы ретінде саналатын машиналар, құрал-саймандар, қоймалар, көлік және байланыс құралдары, т.б. 
    Жер – бұл табиғи байлықтар, жердің қыртысы, пайдалы қазбалар, орман және су ресурстары, жыртуға жарамды жерлер түрінде қарастырылатын табиғи ресурстардың жиынтығы.
    Кәсіпкерлік қабілет - өндірісті ұйымдастыру және оған бақылау жасау бойынша шешуші әрекет ретінде қарастырылатын ерекше фактор.
    Қазіргі кездері осы аталған өндіріс факторларының қатарына менеджмент пен ақпарат ресурстарын қосады. Менеджмент – бұл идеялар, модельдер, инновациялық өнім үлгілері, технологиялар, ұйымдастыру нысанында көрінетін ерекше ресурс. Ақпарат технологиялық жаңарудың қозғаушы күші, өндіріске жаңа идеяларды және жобаларды енгізудің көзі ретінде қарастырылады.
    Сонымен қатар, қазіргі экономистер өндіріс факторларына сәйкесінше, экологиялық факторды және уақытты жатқызады. Экологиялық фактор бұл жерде экономикалық өсудің импульсі ретінде қоршаған ортаның ластануымен байланысты өндіріс мүмкіндігінің шектеулілігін түсіндіреді. Уақыт факторы да өндірісте қолданылатын және оның тиімді жұмсалуын көрсететін шектеулі ерекше ресурс ретінде көрінеді.
    3. Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі. Үнемділік

    Уақыттың әрбір нақты кезеңінде экономикалық ресурстардың шектеулілігі мәселесі орын алады. 
    Ресурстардың шектеулілігі дегеніміз – барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыру мүмкін еместігінің көрсеткіші. Ресурстар шектеулі болғандықтан оларды тиімді пайдалану қажет. Әр өндірістік ресурстың шегінің болуы және экономикалық мақсаттардың көп болуы – экономикалық таңдау мәселесін туындатады. 
    Экономикалық таңдау дегеніміз – берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Кез келген қоғамның алдында әрдайым шектеулі ресурстардың аһуалы мен бағытын анықтау мәселесі тұрады. Пайда болған мәселелерді шешудің ең жақсы нұсқаларын таңдап соны жүзеге асыру барысында экономикалық субъект экономикалық рационалдылыққа және ұтымды шешім қабылдауға жүгінеді. 
    Экономикалық рационалдылық немесе ұтымды шешім қабылдау дегеніміз – рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінез-құлқы. Сондықтанда, микроэкономикалық теорияда әрбір шаруашылық жүргізуші субъект аса жоғарғы көрсеткішке жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат етеді. 
        Экономикалық таңдау мәселесі үнемдеу мәселесімен тығыз байланысты болып келеді. Үнемдеу мәселесі дегеніміз – берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді дұрыс ойластырып және шектеп жұмсауынан туындайтын мәселелер, демек соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізе алу. Алайда, балама қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыруды түсіндірген кезде экономикалық әрекеттердің шығындары туралы айтып өтуіміз керек, себебі кез келген экономикалық қызмет шығындарсыз орындалмайды. Нақты өмірде адамдар үнемі баламалы (альтернативті) шығындармен кезігіп отырады. Бір өнімді өндіре отырып біз екінші бір өнімді өндіруден бас тартуымыз қажет. Ұтымды субъект болашақ шығындарын есепке алып қоймай, сонымен қатар, ол оңтайлы экономикалық таңдау жасау үшін қолданыла алмаған және жіберіп алған өндірістік мүмкіндіктер шығындарын да есепке алуы қажет. Яғни, баламалы (альтернативті) шығындар дегеніміз – жіберіп алған немесе қолданыла алмаған мүмкіндіктер шығындары, бір өнімді өндіру барысында құрбан болған және таңдауға ие болмаған балама нұсқалардың сол өнімді өндірудің құнымен өлшенген шығындары. 
    4. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық мәні

        Экономикалық таңдау кезінде баламалы шығындарды есептеу экономикалық талдаудың маңызды принциптерінің бірі болып есептелетіндігі бізге белгілі. 
    Енді баламалы (альтернативті) шығындарды график арқылы, яғни өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы көрсетуге болады. Бұл қисық – екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы ресурстан дайын өнім өндіргенде бір ғана баламалы игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игіліктің өндірісі азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының баламалы мүмкіндіктері өте көп болады. 
         Өндірістік мүмкіндіктер дегеніміз – технологиялық дамудың белгілі бір деңгейінде қолдағы бар ресурстардың барлығын аса толық және тиімді пайдалана отырып экономикалық игіліктерді өндірудегі қоғамның мүмкіндіктері. Жоғарыда атап өткеніміздей, өнімнің мүмкін шығарылымын өндірістік мүмкіндіктер қисығы сипаттайды. Мысалы, қоғамда тек қана екі игілік өндіріледі: тұтыну заттары және инвестициялық тауарлар. Оны 2.1 суретінен көруге болады. Осы суретке сәйкес, А нүктесінде – ресурстардың барлығы тұтыну заттарын өндіруге жұмсалады. Е нүктесінде – ресурстардың барлығы инвестициялық тауарларды өндіруге жұмсалады. D нүктесі – тиімсіз өндірісті білдіреді. N нүктесі – мүмкін емес өндірісті сипаттайды. А, В, С, Е нүктелерінен өтетін қисықты біз өндірістік мүмкіндіктер қисығы – ресурстарды толық пайдалану кезіндегі альтернативтік нұсқаларды сипаттайтын қисық деп атаймыз.

    Тақырып 3. Меншік және әлеуметтік-экономикалық құрылыс.
    1. Меншік мәні мазмұны

    2. Меншік объктілері және субъектілері
    1. Меншік мәні мазмұны

    Меншік проблемасымен біздің әрқайсысымыз өмір бойы, күн сайын ұшырасып отырмыз. Адамдар менікі және басқанікі деген ұғымдарды айыра білу қажеттілігіне ұдайы соқтығысып тұрады. Бұл ұғым экономикалық жүйенің орнығуына үкіметтің шараларына табысты бөлісуге меншік ықпалын талдай келе түсінуге болады.

    Меншік күрделі де көп қырлы құрылыс. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады. Сондықтан әр бір мемлекеттік меншік туралы заңды қабылдап, оны қорғайды. Меншік заңы құрылысына алып қарағанда мүліктік қатынастарға жатады. Меншік иесі заңмен анықталатын мүліктерге ие болады және ол қолындағы мүліктерді иемдену пайдалану оған иелік жасау өкілеттілігін алады.

    Меншік деп – өндіріс құрал–жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік – иемдену, пайдалану тәрізді. Қоғамның экономикалық қатынастарының барлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

    Иемену – адамдар арасындағы экономикалық байланыстарды билейді. Иемдену ұғымы қоғамның бір бөлігі құрал – жабдықтарды өз иелігіне алып басқа адамдарды тіршілік ету көзінен айыру деп білдіреді. Көптеген жағдайда құрал-жабдық иелері өздері өндіріс процесімен айналысады. Олар белгілі бір шартқа байланысты өз заттарын басқа біреуге пайдалануға береді. Бұл жағдайда меншік иесі мен кәсіпкерлер арасында мүлікті шаруашылық ретінде пайдалану қарым-қатынастары туындайды.

    Билік ету – мүліктің тағдырын заңмен қамтамасыз етілуі. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі меншіктің жеке, мемлекеттік және аралас нысандарының ауқымын анықтайды.

    Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарын өзгертуді заңды қажеттілігін туындатты. Бұл мемлекетсіздендіру және жекешелендіру арқылы жүзеге асырылды.

    Мемлекетсіздендіру мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу және сәйкес өкілеттерді беру арқылы түрлендіру.

    Жекешелендіру – заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен мемлекеттік меншік объектілерін, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың өзгертілул арқылы құрылған акционерлік қоғамдардың акциялар үлесін алу. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.

    Шағын жекешелендіру – жұмысшылары 200 адамға дейінгі объектілерді жекешелендіру;

    Жаппай жекешелендіру - жұмысшылыры 200 - 500 адамы бар орта кәсіпорындарды жекешелендіру;

    Жеке жоба бойынша – жұмысшылары 5000 адамнан астам мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру.

    Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

    1991-1992ж.ж. – мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншік азаматтарға бағал қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірілді.

    1993-1995ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік-әділеттілікті сақтауға, жекешелендіру тәртіппен, мемлекеттің бақылауымен жүзеге асуын қамтамасыз ету.

    1996-1998ж.ж. – экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыру және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.

    1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру жүзеге асырылыды.
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта