Главная страница
Навигация по странице:

  • Абдакимова М.К.

  • Акерке мақала. Кітап терапия дісі арылы 1 курс студенттеріні инклюзивті ОАМа кЗарасын алыптастыру оарбек А. Д


    Скачать 24.67 Kb.
    НазваниеКітап терапия дісі арылы 1 курс студенттеріні инклюзивті ОАМа кЗарасын алыптастыру оарбек А. Д
    Дата15.04.2023
    Размер24.67 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАкерке мақала.docx
    ТипДокументы
    #1063769

    КІТАП ТЕРАПИЯ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМҒА КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
    Оңғарбек А.Д.

    СР-21-1к тобы студенті.

    Абдакимова М.К.

    Ғылыми жетекші – п.ғ.к., доцент

    Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

    Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
    Аннотация. Бұл мақалада кітап терапиясы, оның түрлері мен әдістері туралы біршама түсінік берілді, кітап терапиясының инклюзивті қоғам құрудағы өзектілігі, атқарар рөлі сонымен қатар, 1 курс студенттері арасындағы инклюзивті қоғамға деген пікірлері кітап терапиясы арқылы бекітіле түсті.

    Кілттік сөздер: терапия, кітап терапия, инклюзивті қоғам, инклюзивті білім беру.

    Балалық шақ – адамның дамуындағы басты саты; бұл кезеңде сау, сәтті және бақытты өмірдің негізі салынады. Балалардың дамуына қолдау көрсету – қоғамның стратегиялық мақсаты. Сапалы және қолжетімді деректердің болуы, оларды жүйелі түрде жинау, талдау және тарату балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде шешім қабылдауға мүмкіндік беретін балалардың жағдайы туралы объективті және кешенді білімнің іргелі негізі болып табылады.

    1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында:

    1 бап. Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.

    2 бап. Әр адам, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, ұлттық, немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік, тектік-топтық, немесе басқа да жағдаяттарға қарамастан осы Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықтарға алаланбай, бірдей тең ие болуы тиіс делінген [1].

    Бала құқықтары -ой немесе физикалық тұрғыдан ерекше қажеттіліктері бар әрбір бала қоғамда барынша лайықты өмір сүруге құқығы бар. Үкімет мұндай балаларға сабақ оқу, ем алу, еңбекке дайындалу, демалу, барынша тәуелсіз болуға, яғни толыққанды өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек [2].

    Нью-Йорк қаласында, 2006 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған Мүгедектігі шектеулі құқықтары туралы конвенцияның 3-бабының жалпы қағидаттарына келесілер кіреді:

    а) адамға тән қадір-қасиетті, оның өз таңдауын жасау еркіндігін қоса алғандағы жеке дербестігін және тәуелсіздігін құрметтеу;

    b) кемсітпеушілік;

    с) қоғамға толық және тиімді тарту және қосу;

    d) мүгедектігі шектеулі ерекшеліктерін құрметтеу және оларды адами алуан түрліліктің компоненті және адамзаттың бір бөлшегі ретінде қабылдау осы Конвенцияның қағидаттары болып табылады [3].

    Мүгедектігі шектеулі адам қоғамда уақыттың өтуімен байланысты өзгерген ұғым болып табылады. Бұл өзгеріс қоғамның мүгедектікті анықтауға жәрдемдесетін тәсілдеріне, соған сәйкес, мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасыларын қоғамға ықпалдастырудағы оның рөліне ықпал етті. Соңғы онжылдықтар ішінде мүгедектіктің «медициналық» моделінен «әлеуметтік» моделіне көшу мүгедектік үшін әлеуметтік жауапкершілікті индивидтен тұтас қоғамға беру тәсіліне айтарлықтай дәрежеде ықпал етті. Шын мәнінде, осы модель үшін қолданылатын «медициналық» термин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мүгедектікті анықтаудағы «кемістік», «патология» және «мүгедектік» секілді терминдері қолдану жөніндегі дауынан туындайды. Қоғам неғұрлым «тіркелген» болып табылатын болса, медициналық модель адамды икемді әрі «өзгеретін» (сәйкесінше, қауқарсыз және сонымен қатар мүгедектікке бейімделуге қабілетті) адам ретінде қарастырады. [4].

    Өзектілігі. 24 қараша 2021 жылғы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтындағы дерегі бойынша мүгедектік деп денсаулығы бұзылған адамдардың жеке сипаттағы факторлармен және жағдай факторларымен (басқалардың теріс қатынасы, көлік құралдары мен қоғамдық инфрақұрылым объектілерінің қол жетімсіздігі және әлеуметтік қолдаудың шектеулілігі сияқты) өзара әрекеттесу ерекшеліктері түсініледі.

    ДДҰ дерегі бойынша мүгедектік мәселесі 1 миллиардтан астам адамға әсер етеді. Бұл әлем халқының шамамен 15% пайызы, 15 және одан жоғары жастағы 190 млн (3,8%) адамға дейін медициналық қызметтерге жиі мұқтаж болып, айтарлықтай функционалдық шектеулерге ұшырайды. Созылмалы аурулардың ауыртпалығы мен халықтың қартаюына байланысты мүгедектігі бар адамдардың саны өсуде [5].

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2021 жылғы мамыр айының соңындағы жағдай бойынша мемлекетімізде 702 158 мүгедектігі бар адам тіркелген. ЮНИСЕФ «Мүгедектігі бар балалардың жағдайын талдау: Қазақстан Республикасындағы инклюзивті қоғамның дамуы» зерттеуінің авторлары - Мүгедектік ата-аналардың балаларды тастауының негізгі себептерінің бірі деген қорытындыға келді. Тастанды балалардың 32% пайызында ауру және туа біткен патологиялар болғандығы айтылады. Осы мәселе туралы БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті және Адам құқықтары жөніндегі кеңесі елімізге бірнеше ұсыныс айтты:

    - балалардан бас тарту практикасын болдырмау жөніндегі стратегиялар мен ағартушылық және іс-шараларды ұйымдастыру;

    - мүгедектігі шектеулі балалардың жағдайы мен құқықтары туралы халықты хабардар ету және оларға осы құқықтарды жүзеге асыруға кедергі келтіретін теріс көзқарастарды болдырмау үшін ақпараттық-насихаттау науқанын өткізу;

    - мүгедектігі шектеулі балаларды стигматизациялауға әкелмейтін лексиканы пайдалануды қамтамасыз ету.

    Аталған мәселелерді шешу жолында кітап терапияны қолдану зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.

    Кітап терапиясы – бұл арнайы таңдалған кітаптарды мақсатты оқу және талқылау арқылы адамға психотерапиялық әсер ету.

    Кітап терапиясы – арнайы таңдалған кітаптарды мақсатты түрде оқу және талқылау арқылы адамға психотерапиялық әсер ету. Кітап терапиясы кезінде адам өз шекарасын түсінбеу, өз қажеттіліктері туралы айта алмау және кейбір қалаулардан қорқумен жұмыс істейді. Сюжеттерді талқылау арқылы бейсаналық санаға өтеді. Кейіпкерлердің қарым-қатынасын талдай отырып, клиент өзіне ненің қолайлы, ненің келмейтінін және неге екенін анықтайды. Екінші реттік жеңілдіктер, ата-аналық сценарийлер, басқа адамдардың таңылған көзқарастары және т.б. жүзеге асырылады. Мұның бәрі клиент пен психологтың тандемдегі жұмысының арқасында болады. Белгілі бір кезеңде жетекші маман клиенттің назарын оның айтқан сөздеріне аударып, жетекші сұрақтар қояды.

    Кітап терапия арналған көркем материал әртүрлі әдеби жанрлардың шығармаларды қарастыруаға болады: 1. Романдар 2. Әңгімелер 3. Ертегілер 4. Өлең 5. Поэма және т.б.

    Кітап – бұл дәрі, оның көмегімен емдеуге болады. Кітап терапия қазір емделу әдісі ретінде ресми түрде танылады, бірақ тіпті ежелгі уақытта емшілер де кейбір кітаптар көңіл-күйді сәтті көтеріп, пациенттердің табысты емделуіне үлес қосатынын білген. Библиотерапия - стресстік жағдайлармен және түрлі фобиялармен ауыратын науқастарды оңалтуға арналған әдіс. Зерттеу кітабын қажет бокса, барлық адамдар таңдай алады.

    Кітап терапия 4 ғылымның тоғысында пайда болды: медицина, психология, психиатрия және кітапхана ісі. Бірақ ол өзінің қолданылуын әртүрлі салаларда тапты: психология, педагогика, балалармен жұмыс, қиын жасөспірімдер мен қарттар. Әдістеме психиатриялық клиникаларда, оңалту орталықтарында, балалар үйлерінде, мектептерде, қарттар үйлерінде, үйде қызмет көрсетуде қолданылады [6].

    Кітап терапия не үшін қажет?

    • Адамды мәседен хабардар ету, оның түсінігін арттыру;

    • Адамға жағдайды тереңірек түсінуге, оның жағдайын бағалауға, өмірдегі қиындықтар мен проблемаларды анықтау мүмкіндік беру;

    • Мәселелерді талқылауға ынталандыру, іштегісімен бөлісу;

    • Өмірлік құндылықтар мен көзқарастарын қайта қарауға көмектесу;

    • Мәселелерді шешуде жеке тәжірибесі бар клиенттер бар болғандықтан ұтымды шешім қабылдауға ықпал етеді.

    Кітап тераписының әр түрлі әсер ету құралдары; Әсер ету күші, ұзақтығы, Жайлылық, Қуаныш, Өзін-өзі сенімді сезіну, Өз мүмкіндіктеріне сену, Өзін-қанағаттандыру, Жеке тұлғаның тұрақты психикалық дамуы, Рухани өсуге жаңа мүмкіндіктер ашады, Адамның қиыншылыққа төтеп беру қабілетін дамытады, Ерік күшін нығайтады Білім деңгейін көтереді және т.б. Күрделі және патологиялық жағдайларда қолданылмайды Нақты бір жағдайға қажет сол нақты қажет кітапты іздеп табу онай емес. Және оған көп уақыт кетуі мүмкін. Кітап терапияның эффекті толықтай зерттелген жоқ. Кейде көмектеседі, ал енді кей жағдайларда нәтижені күту көп уақытты қажет етеді.

    Кітап терапия мамандары науқастардың жеке сипаттамаларын, аурудың клиникалық көрінісін, адамның жағдайын және жасын (балаларға, жасөспірімдерге, қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға арналған книга терапия), оқу жоспарларын («книгатерапевтік рецепт») ескере отырып, әдебиеттерді таңдайды. Оқудан кейін мазмұнды талқылау жүргізіледі, оқырмандар күнделіктері сақталады.

    Кітап оқу барысында оқырмандар шығарманың мағынасы мен идеяларын қаншалықты түсінетінін бақылайды. Бұған мәтіндегі негізгі ақпаратқа және тірек бөлшектерге назар аудару, болжау қабілеті (яғни жолдар арасында оқу, түсіну үшін өз білімі мен тәжірибесін пайдалану), оқуға дейін қалыптасқан болжамдарды тексеру және нақтылау, мәтіндегі идеялар мен оқиғалар арасында байланыс орнату, сұрақтар қою, визуализация және т. б. Негізгі идея және демеуші белгілер – оқырмандар негізгі идеяны анықтайды және мәтінде оны түсінуге ықпал ететін мәліметтерді табады. Визуализация-бұл мәтіннің ішіндегі идеяны (кейіпкерлер, орын, уақыт, бөлшектер және т.б.) қалыптастыру, ол оқылғанның мағынасын қабылдауға ықпал етеді. Визуализацияның міндеті-біз оқыған нәрсенің суретін көру, қиялымызда елестетуі қажет.

    28 қыркүйек айынан бастап 1 курс студенттерімен сауалнама өткізілді. Респонденттерден алынған алғашқы сауалнама (25 қазан 2022 ж.) нәтижесі бойынша ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың инклюзивті білім алу қағидатына сәйкес қатарластарымен бірге оқуына құқығы бар екендігіне қарамастан респонденттердің 33% пайызы «жақтырмаймыз» деген пікір білдірді.

    18 қаңтар аралығында оқылған кітаптерапия әдісінен соң зерттеуіміздің келесі нәтижелерін алдық.

    - студенттерді мүмкіндігі шектеулі балаларда, олардың ата-аналарында болатын мәселелермен хабардар етілді, инклюзивті қоғам құруға деген талпынысы артты;

    - жағдайды тереңірек түсінуге, бағалауға, өмірдегі қиындықтар мен мәселелерді анықтауда кітап терапияның ұтқырлығы дәлелденді;

    - кітап терапиясы арқылы мәселелерді талқылап, бөлісе алу мүмкіншілігі туды;

    - респонденттердің өмірлік құндылықтар мен көзқарастарын қайта қарауға әсерін тигізді.

    Респонденттердің инклюзивті қоғам туралы терең білімі қалыптасты, ЕББҚ бар балалардың қатарластарыен араласып, бір мектепте оқуы туралы көзқарастары өзгергенін байқадық. Респонденттердің көпшілігінің пікірінше қоғамның әрбір мүшесінің адамға деген мейірімі, түсіне білуі, ізгілігі артқан сайын біз инклюзивті қоғам құруға бір қадам жақындай береміз деген пікірге келгендігі анықталды.
    Қорытындылай келе, тағдыры ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың анасы болу, ал ананы да баланы да қоғам қабылдай қоймаса үлкен қысым сезетіні даусыз. Тіпті, менде осындай бала бар деп айтуға ұялып, іштей қиналады. Сол себепті, қоғам алдымен өзін тәрбиелеп, инклюзивтіге айналуы керек.

    Инклюзив дегенді қоғам жалпыхалықтық комфорт деп қабылдауы керек. Яғни, бір-біріне деген құрметін көрсетіп комфортта өмір сүре білсе, онда бір мәселе азаяр еді. Осы орайда қоғамымызды инклюзивті қоғамға даярлау үшін кітап терапияны аталған мәселенің шешім жолы ретінде қарастырып отырмыз.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
    1 Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III).

    2 Бала құқықтары туралы конвенция, Нью-Йорк, 20 қараша 1989 ж.

    3 Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция, Нью-Йорк, 13 желтоқсан, 2006 ж.

    4 «Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан Республикасында инклюзивті қоғамды дамыту», - Астана, 2014, – 108 б.

    5 https://www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/disability-and-health

    6 Библиопсихология. Библиопедагогика. Библиотерапия / Отв. ред. Н.Л. Карпова, редколл.: Н.С. Лейтес, О.Л. Кабачек, И.И.Тихомирова. – М.: Российская ассоциация школьных библиотек, 2015.


    написать администратору сайта