Главная страница
Навигация по странице:

  • Білімділік мақсаты

  • Дамытушылық мақсаты

  • Тәрбиелік мақсаты

  • Сабақтың түрі

  • Пән аралық байланыс

  • Сабақтың барысы

  • 2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

  • 3.Білімді жан-жақты тексеру.

  • Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар

  • 6.Жаңа материал бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

  • 7.Бекіту сұрақтары.

  • 8.Үй тапсырмасын беру.

  • №13 лекция. Кні Топ ббм02 Пн


    Скачать 51.58 Kb.
    НазваниеКні Топ ббм02 Пн
    Дата09.12.2020
    Размер51.58 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№13 лекция.docx
    ТипДокументы
    #158845

    Күні:

    Топ: ББМ-02

    Пән: Психология

    Сабақтың тақырыбы: Психика мен сананың дамуы.

    Сабақтың мақсаты:

    Психика мен сананың дамуы тақырыбын толық жан-жақты ашып түсіндіре отырып,теориялық жағын практикамен байланыстыра отырып оқушыларға меңгерте білу.

    Білімділік мақсаты:

    Әрбір оқушыны өздігінен білім алуға үйрету, және оқыту. Білім алудағы негізгі талаптарды іске асыру,білімді терең толық жүйелі саналы түрде игерту.

    Дамытушылық мақсаты:

    А) Оқушының сөйлеу қабілетін, сауаттылығын дамыту,сөздік қорын арттыру,ойлау қабілетін арттыру,өз ойын нақты ,дәл жеткізе білуге үйрету.

    Ә)Оқушының дүниетанымын және ғылымға деген қызығушылығын тудырып ,дамыту.

    Тәрбиелік мақсаты:

    Халықтық салт сана мен халықтық тәлім тәрбие беру.Өз Отанын ,ұлтын, туған жерін сүйе білуге,ерлікке ,адамгершілікке ,тіл өнеріне тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

    Сабақтың әдісі:баяндау, әңгіме, түсіндіру, жаттығу, кітапты пайдалану, салыстыру,жүйелеу, ауызша және жазбаша шығармашылық жұмыс.

    Көрнекі құралдар:тақта,бор, кітап, кеспе карточкалар,техникалық құрал жабдықтар.

    Пән аралық байланыс:анатомия, физиология,педагогика.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1.Жарықбаев Қ. Б. Психология негіздері: Оқулық. Алматы: Эверо, 2010.

    2.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет

    3.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет

    4.Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет

    5.Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет

    Сабақтың барысы:

    1.Ұйымдастыру кезеңі.

    А)Оқушылармен амандасу.

    Ә)сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ оқушыларды белгілеу.

    Б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

    2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

    А) топ бойынша үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

    Ә)үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.

    Б)Оқушылар назарын сабаққа аудару.

    3.Білімді жан-жақты тексеру.

    Бұрынғы өтілген материалды қайталау.

    4.Оқушыларды жаңа сабақты саналы,белсенді түрде қабылдауға даярлау кезеңі.

    А)жаңа сабаққа назарын аударту.

    Ә)жаңа сабақтың тақырбын мақсатын, міндетін хабарлау.

    5.Жаңа сабақ. Тақырыпты сұрақ –жауап түрінде түсіндіріп өту.

    Психика мен сананың дамуы.

    Жоспар:

    1. Психикаға қысқаша шолу жасау.

    2. Психика мен сананың байланысы.

    3. Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар.


    Жоғарғы жүйке қызметі - психиканың физиологиялық негізі. Психика - жүйке жүйесінің қасиеті болғандықтан, психикалық қасиетті түсіну үшін адам мен жануарлардың психикасының материалдық негізі болып табылатын жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктерін білу керек.

    Жүйке жүйесі орталық және перифериялық жүйке жүйесі болып екіге

    бөлінеді. Орталың жүйке жүйесі - бүл ми (бас миы жэне омыртқа жүлыны).

    Перифериялық жүйке жүйесі - жүйкелер, яғни талшық шоқтары. Осы

    жүйкелер бас миы мен омыртқа жүлынынан адамның барлық денесіне

    тарап жатады.



    1-сурет. Жүйке жүйесінің құрылысы: 1. Бас миы. 2. Омыртқа жұлыны.

    3. Жүйкелер.

    Ми да, жүйкелер де, нейрондардан яғни бірімен - бірі жалғасып жататын жүйке жасушаларынан құралады. Мидың бірнеше бөліктері болады. Омыртқадағы жұлын қарапайым қозғалысты реттейді.

    Жануарлардың миына қарағанда адам миының құрылысы күрделі болып келеді. Адамның миының аумағы да үлкен. Маймылдардың миының орта салмағы 400- 500 грамм болса, ал адам миының орта салмағы 1400 грамм. Ағзаның өмір сүруінде ми қызметі үлкен роль атқарады. Сонымен қатар организм тіршілігінде ми сыңарлары қыртысының маңызы зор. Адамда ол

    орта есеппен алғанда 14-15 миллиард нейроннан тұрады. Ми қыртысының маңдай жазығы неғүрлым маңызды роль атқарады.

    Жануар неғұрлым дамыған болса, оның ми қыртысының маңдай жағының үлесі соғұрлым көбірек болады.

    Жеке адамның психикалық өмірінде мидың көлемі мен салмағының бірсыпыра маңызы бола тұрса да, ми құрылымының ерекше маңызы бар. Сондықтан мидың салмағына қарай, адамның ақылы туралы кесіп-пішіп айтуға болмайды. Мәселен, Тургеневтің миының салмағы 2120 грамм, Павловтың миы 1653 грамм, ал кейбіреуінде кем, Анатоль Франстам миының салмағы небәрі 1170 грамм. Ми сыңарларынан айырылған ит толық мүгедек болады.

    Жүйке жүйесі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайырады.

    Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке жасушалардан құрылған. Бұл нейройдардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі -ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі - көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бүлар орталық перифериялық (шеткі) жэне вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өн бойында орналасқан.

    Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылымда жан-жақты, толық дәлелденген.

    Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төмендегісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болып келеді. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі -жұлын (жуандығы 1 см-дей) омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан, сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен қоршалған.

    Жұлыннан жан-жаққа 31 жүп нерв талшықтары тарайды, олардың бір

    тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы шетке тебетін жүйке деп аталады.

    Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ал қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп-созу т.б.) жүмысын басқаратын орталық болып табылады. Мәселен, жаңа дүниеге келген нәресте емуге әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлынның шартсыз рефлекстері, олар ағзаға туысынан тән болады.

    Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі - ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамм. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми, бәрі қосылып - ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше роль атқарады.

    Сопақша ми - жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жүту сияқты түрлі реакцияларымыз - сопақша мидың қызметі.

    Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына әқсас мишық орналасқан. Мишық ағзаның қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұлардан жоғары орналасқан орта мида құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталықтары бар.

    Аралық ми көру төмпешіктерінен жэне төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі-афференттік талшықтардың жиынтығы болады.

    Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар

    Сонымен, тіршілік дамуы қоршаған болмыс, дүниені бейнелеуді қамтамасыз етуге арналған жануарлардың тән құрылымын пайда етіп, сол қызметке қажетті ағзаларды жікке салды. Бейнелеу қызметінің сипаты неге тәуелді? Неліктен бір жағдайда ол жеке қасиеттерді қабылдайды да, екіншісінде затты тұтастай бейнелейді? Бұл жануарды қоршаған дүниемен байланыстыратын сол жануардың әрекет-қылығының объектив құрылысына тәуелді. Тіршілік жағдайының өзгермелілігіне жауап бере отырып, жануардың дене құрылысы мен әрекеті де өзгеріске келеді, соның салдарынан психикалық бейнелеудің жаңа формаларының туыңдауына себепші тән мүшелері мен олардың қызметі өзгерген (биологиялық талаптарға орай икемдеседі. Жануар психикасы мен әрекетінің және адам іс-әрекеті мен санасының сапалық ерекшеліктері төмендегідей:

    1. Жануарлар әрекет-қылығының бәрі адам іс-әретінің өзінің тікелей биологиялық, табиғи сипатымен ажыратылады, яғни жануар әрекеті тек тіршілікке қажет затқа байланысты өрбіп, табиғатта болған инстинктік қатынас шеңберінен аса алмайды. Осыған орай тіршілік иесінің шындықты психикалық бейнелеу мүмкіндігі шектеліп, өзіне биологиялық тараптан қажет болған заттардың қасиеттері мен сапаларын ғана қабылдау қабілеттеріне ие. Сондықтан да жануарларда заттарды сол күйінде тұрақты, объектив бейнелеу тәсіл қалыптасады. Қоршаған ортаның барша заттары олар үшін инстинктік қажет аймағында ғана танылуы мүмкін.

    2. Жануарлардың өзі тектес тіршілік түрлеріне қатынасы басқа тысқы объекттерге, нысандарға қатынасынан бөлектенбейді, яғни жануарларда қоғамдық сезімнің болмауына байланысты бұл қатынас та биологиялық инстинкт сипатында болады. Жануарларда шын мәніндегі еңбек бөлісі атымен жоқ, ал олардың әртүрлі қызметті шеберлікпен орындай алуы табиғи жағдай қажеттіліктеріне орай тума берілген қасиет.

    3. Жануарлардың өзара қатынас түрлері олардың "тіліндегі" ерекшеліктерді де анықтап отырады. Көбіне жануарлар бір-біріне дыбыстар көмегімен әсер етеді. Мұндай процестің адамдардың тілдесу қатынастарына ұқсастығы қандай? Әлбетте, қандай да бір сыртқы ұқсастық бар. Бірақ олар ішкі мағыналық тарапынан бір бірінен мүлде басқаша. Адам тілдесу барысында объектив мазмұнды білдіріп, өзіне қаратылған ауызша сөзді әншейін бір дыбыс ретінде қабылдап қоймастан, қоршаған болмыс шындығын бейнелеген ақпарат деп таниды. Ал жануарлардың дыбыстық әрекеті белгілі мазмұнға сай сараланбай, барша биологиялық қажеттіліктің бәріне бірдей қолданылады (көректі қажетсіну, үрку, қорғаныс т.б.) да, инстинктік, тума бекіген қылықтар шегінен аса алмайды.

    Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры (А. Н. Леонтьев).

    Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар. Олар: 1) адамның саналы іс-әрекеті биологиялық себеп-салдармен байланысы жоқ, Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттікке бойұсынбай, оған қарсы шығады. Мысалы, ерлік пен жан пидалылыққа бару; 2) Адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан-жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактық бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысқы бейне формасын ғана емсс, терендегі зандылықтарын тануға ұмтылады да соларға орай өз әрекет-қылығына бағыт таңдайды; 3) Жануар әрекет қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамнын біліктері мен ептіліктері қоғамдық-тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені игеру үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Яғни адам иелігіндегі әрекет-қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің тарихи-қоғамдық іс әрекетіи игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.

    Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар: 1) тіршіліктің әлеуметтік-тарихи сипаты; 2) өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы; 3) еңбек кұралдарын дайындап, пайдалана білу; 4) тілдік катынастың пайда болуы.

    6.Жаңа материал бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.Жаттығулар мен жағдаяттарды орындату.Жаттығулар жүргізу.

    1. Психология ғылымының дамуы неше кезеңнен тұрады:

    а) 3 .

    б) 4.

    в) 2 .

    г) 5.

    д) 6 .

    2.Психология өз алдында дербес гылым болып қашан қалыптасты:

    а) б.э.д.

    б) 3 ғасырда.

    в) 17 ғасырда.

    г) 19 ғасырда.

    д) 20 ғасырда.

    3. Адам санасының пайда болуында шешуші жағдай:

    а) еңбек.

    б) қоршаған орта.

    в) жалпы көзқарас.

    г) бас ми.

    д) қарым-қатынас жасау.

    4.Тауықтың басып отырған жұмыртқасын алып , орнына тас салса да мерзімді уақыт біткенге дейін отыра береді .бұл :

    а) Инстинкт.

    б) Дағды.

    в) Әдет.

    г) Қажеттілік.

    д) Интеллект.

    5. Дағдының алмасуын қалай атайды:

    а) Индукция.

    б) Интерференция.

    в) Иррадиация.

    г) Интериоризация.

    д) Экстериоризация.

    6.Психология бұл :.

    а) Адамның мінез құлқы туралы ғылым.

    б) Психикалық процестердің даму және өту заңдылықтары туралы ғылым.

    в) Адамның жан дүниесі туралы ғылым.

    г) Сана туралы ғылым.

    д) Ми әрекеті туралы ғылым..

    7. Маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса , маймыл жемісті алуға қолы жетпейтіндіктен ол жәшіктерді алып бірінің үстіне бірін қойып , бананды алады. Бұл мысал жануарлардаға қай әрекетке сәйкес келеді:

    а) Дағды.

    б) Инстинкт.

    в) Интеллектуалдық қылық - әрекет.

    г) Икемділік.

    д) Тропизм.

    8. Сананы қалыптастырудың негізгі факторлары:

    а) Қарым - қатынас және тіл.

    б) Еңбек құралдарын даярлау.

    в) Еңбек және тіл.

    г) Ой жіне білімдерін беру.

    д) Тәрбие және тіл.

    9. Сананың пайда болу негізі:

    А. Тума беріледі;

    В. Табиғаттан;

    С. Табиғаттан тыс күштен;

    Д. Еңбек пен қоғамдық қатынастардан;

    Е. Адамның өзіндік әрекетінен.

    10.Сәйкес келетін дұрыс жауапты табыңыз.

    Сана бұл:

    А. Табиғат өнімі;

    В. Қоғамдық болмыс;

    С. Инстингтің өнімі;

    Д. Дағдыланудан пайда болады;

    Е. Табиғаттан тыс берілетін қасиет.

    7.Бекіту сұрақтары.

    1.Психикалық құбылыстардың механизмі, табиғаты туралы түсінік беріңіз

    2.Сана туралы түсінік беріңіз

    3.Сананың пайда болуы мен дамуына тоқталыңыз

    8.Үй тапсырмасын беру.

    Психика мен сананың дамуы тақырыбын оқып келу.Терминдермен жұмыс.

    9.Оқушыларды бағалау: біліміне, сабақта берген жауабына қарай бағалау


    написать администратору сайта