Главная страница
Навигация по странице:

  • Мамандығы: Орындаған: Тобы: Тексерген

  • Алматы, 2021 Жоспары: Кіріспе. Негізгі бөлім І. ХХ ғасырдың басы ІІ. Өлкелік комитеттің ІІ пленумы

  • Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе

  • Өлкелік комитеттің ІІ пленумы

  • Республика ішіндегі халықтың жағдайы

  • Республика ішіндегі индустрияландыру орталықтарындағы жағдай

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • 20 ғасырдағы қазақтар. 20 ғасырдығы басындағы дәстүрлі қазақ шаруашылығының өзгеріске ұ. Коммерциялы емес ашы акционерлік оам марбек дукеев атындаы алматы энергетика жне байланыс университеті


    Скачать 56.65 Kb.
    НазваниеКоммерциялы емес ашы акционерлік оам марбек дукеев атындаы алматы энергетика жне байланыс университеті
    Анкор20 ғасырдағы қазақтар
    Дата21.10.2021
    Размер56.65 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла20 ғасырдығы басындағы дәстүрлі қазақ шаруашылығының өзгеріске ұ.docx
    ТипДокументы
    #252307

    Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам

    «ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ

    АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
    Әлеуметтік пәндер кафедрасы


    1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С


    «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні
    Тақырып: 20 ғасырдығы басындағы дәстүрлі қазақ шаруашылығының өзгеріске ұшырауы
    Мамандығы:
    Орындаған:
    Тобы:


    Тексерген:

    (Аты-жөні, атағы, қызметі)
    _____________ ______________ «_____» ______________2021__ж.

    (бағасы) (қолы)

    Алматы, 2021

    Жоспары:

    Кіріспе.

    Негізгі бөлім

    І. ХХ ғасырдың басы

    ІІ. Өлкелік комитеттің ІІ пленумы

    ІІІ. Дәстүрлі азақ шаруашылығының өзгеріске ұшырауы

    IV. Республика ішіндегі индустрияландыру орталықтарындағы жағдай

    Қорытынды

    Пайдаланған әдебиеттер

    Кіріспе

    ХІХ ғасыр қазақ халқының тарихындағы ауыр кезеңдердің бірі. Халықтың бір жартысы Ресейге бодан, енді бір жартысы Қоқан, Хиуаға тәуелді, ал қалған біраз бөлігі өзін-өзі басқарып отырды. Бірақ, ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарына қарай Қазақстан территориясы толығымен Ресейдің отарына айналды. Осындай ауыр кезеңде қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы да қиын болған. Мал-мүлкінен айырылған халық жатақтарға айналып, Сыр, Іле, Шу, Талас, бір сөзбен айтқанда, бұрынғы отырықшы халыққа қосылып жер өңдеумен айналыса бастады. Дегенмен, қазақ арасында егіншілікпен айналысу сондай кең таралмаған болатын. Патша үкіметінің қоныс аудару саясатының салдарынан Қазақстанға көшіп келген орыс-славян шаруалары негізінен егіншілікпен айналысты, ал 1881-1883 жылдар аралығында Қазақстанға қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер де Жетісуда егіншілікті дамытты.
    Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан қазақ халқынын дәстүрлі шаруашылығы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жеткен. Ал сол отырықшыландыру саясатының бастамасы осы ХІХ ғасырдан бастау алатындықтан бұл ғылыми жұмыстың өзектілігі өте жоғары.
    Қазіргі таңдағы Тәуелсіз Қазақстанның көпұлтты мемлекетке айналуынақ осы кезеңнен бастау алады. Яғни, аталған тақырыпты зерттеу бүгінгі жағдайды түсініп, оны шешудегі маңызы зор болып табылады.
    Сонымен қатар, бұл тақырыптың тағы бір өзекті тұстарының бірі – қазақ халқының ғасырдан ғасырға, атадан балаға мұра болып келе жатқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары көшпелі мал шаруашылығына негізделген болатын, ал қазақтардың егіншілікпен айналысып, отырықшылыққа бейімделу үрдісі ХІХ ғасырдан бастау алып, негізі қаланды. Яғни, шаруашылықтың ауысуымен қатар салт-дәстүрдің өзгеріске ұшырауы қатар жүреді.
    ХІХ ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттай отырып, қазақ халқының көшпелі шаруашылықтан отырықшылыққа бейімделе бастағаның, Қазақстанға орыс шаруаларының, ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуының негізгі мәселелерін зерттеу бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Бұл ғылыми жұмыс жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға қояды:
    - патша үкіметінің қоныс аудару саясатының мәнін ашу;
    - жатақтардың әлеуметтік топ ретінде пайда болуы мен тұрмыс-тіршілігі туралы мәлімет беру;
    - ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісудың егіншілігіне тигізген әсерін көрсету;
    - қоныс аудару саясатының салдарынан қалыптасқан Қазақстанның этникалық құрамы туралы мәлімет беру.

    Кеңес дәуірінде тарихи оқиғаларға, сол кездегі тіршілікке, әділдік пен зорлыққа берілетін баға кесіліп-пішіліп, өңі айналдырылып, өзгертіліп берілгендігі бәрімізге белгілі. Бұл шындықты ашық айтуға зерделеуге тәуелсіздік алған кезден бастап мүмкіндік алдық. Қазіргі кезде өз тарихымызды жан-жақты зерделеп, тәлімінен үйрену, одан сабақ алу келешек үшін маңызды екені сөзсіз. Өткен тарихи оқиғалардың маңыздылығы туралы «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын» деген еңбегінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев «яғни өткенімізді тұтас күйінде, ешқандай боямасыз, қоспасыз, қаз-қалпында қабылдағанымыз ләзім. Ал өткен жылдар шежіресін үнемі әрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі тәжірибенің жақсысынан үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан жирену үшін қажет», - деп баға берген [2]. Түрлі мұрағат қорларында қатталып, қолға берілмей, шаң басқан шындықты жарыққа шығарып, халықтың еншісіне беру - уақыт талабы. 
    Жер мәселесі мемлекеттің ең басты мәселесі, тіршілік құралы ретінде әлеуметтік-экономикалық мәнін еш уақытта жоймайды. Қоғам дамыған сайын жер қатынастары ішкі-сыртқы факторларға байланысты күрделене түседі. Қазақ қоғамында жер дауы мен жесір дауы руаралық қақтығыстардың негізі болса, патша өкіметінің отаршылдығы, кейіннен Кеңес өкіметінің мемлекеттік саясаты жер мәселесін одан сайын тереңдетті.
    Ресей империясы ХІХ ғ. соңында қазақ жерлерін зерттеу мақсатында Қоныстандыру басқармасы арқылы әр уезге экспедициялар шығарғаны мәлім. Бұл саясат отар аймақты онан әрі игеруге, қазақты құмдақ және шөлейт жерлерге ығыстыру мақсатында іске асырылды. Біртіндеп отаршылар көшпелі және жартылай көшпелі қазақ ауылдарын отырықшылыққа бет бұрдыру саясатын да қоя бастаған еді. Мұны тек Кеңес өкіметі ғана күшпен іске асырды.

    ХХ ғасырдың басы

    Қазақ халқының ғасырлар бойы өзіне тиесілі жайлау, қыстау, күздеуін, жайылымдық, егістік жерін әр маусымға сәйкес ауыстырып, көшіп-қонып жүруі көшпенді өркениеттік тұрмысқа сүйенген табиғи құбылыс еді. Міне, осы салт кеңестендіру дәуірін қамтыған 1920 жылдарының екінші жартысы мен 1950 жылдар аралығында ауылдан қалаға, бір өңірден екінші өңірге және бір аймақтан екінші аймаққа, республикамыздың өз ішіндегі көші-қонға айналса, ал бір қиырдан екінші қиырға еріксіз жер аууға, немесе республкадан тыс жерлерге, көршілес республикалар мен Одақтас мемлекеттерге, ал арғысы шетелдерге бас сауғалап, босқыншылыққа негізделген сыртқы көші-қонға айналғаны белгілі. Оның ішінде, ұжымдастырудан келген қуғындау салдары, әсіресе, кәмпескелеу науқаны мен 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезеңі қазақ халқына айрықша жайсыздық әкелді. Бұның негізінде қазақты әуелден жайлап келген қонысынан айыру және тиесілі аймақтан көшіріп, сапырылыстыру арқылы иелігіндегі жерін пайдалану құқынан айыру, сөйтіп бүкіл даланы мемлекеттік меншікке аудару нәтижесінде қалың бұқараны өкіметке тәуелді ету саясаты жатқан еді. Коммунистердің қулығына құрық бойламас бұл мақсаттың жүзеге асқаны соншалық, қазақтар туған атамекенін тастап, алды көршілес Түрікмен, Өзбек, Қырғыз, Монғол, Қытай, Ресей елдеріне барып жан сауғаласа, біразы Иран, Ауғаныстан және Туркияны асып кетті. XX ғасырдың 20 -жылдарында қазақ халқының негізгі кәсібі және республикадағы халық шаруашылығының басты саласы мал шаруашылығы болып, көшіп-қонып жүрген еді. Сондықтан, осы ғасырдың 20-30 -жылдары больщевиктердің күшпен жүргізген аграрлық саясаты ғасырлар бойы қазақ даласында қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығының табиғи дамуына кедергі жасады. Ф.И.Голощекиннің қазақ халқының көшпелі және жартылай көшпелі дәстүрлі мал шаруашылығын артта қалған, ортағасырлық, мәдениетсіз социалистік құрылыспен үйлеспейтін сала ретінде сипаттап, оны түбірімен өзгертіп, «социалистік» қайта құру бағытын ұстанды. Бұл қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсерін тигізіп, халықтың әлеуметтік жағдайына зиянын тигізетіні ескерілмеді.

    Жаңа экономикалық саясаттан ауытқу, ауыл шаруашылығн ұжымдастырудағы жіберілген өрескел қателер мен асыра сілтеулер қазақ ауылына қатты әсерін тигізді, аштық тудырды, өлкенің жергілікті тұғындарының көші-қондық жағдайларын күшейтті.

    Өлкелік комитеттің ІІ пленумы

    Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің жаңа экономикалық саясат жылдарында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларды толық күйреткен 1928 жылдың 27 тамызындағы «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декреті қазақ даласына ерекше қасірет әкелді. Бұл қаулы ауыл шаруашылығындағы қуғындау зұлматының басы болды.

    Өлкелік комитеттің II пленумындағы баяндамасында Ф.И.Голощекин: «Қазақтардың ұлттық сана сезімі өсіп келе жатқанын», ал мұның «жетекшісі - байлар» екенін айта келіп «Қазақ халқының кедейленуі мен қайыршылануынан кеңес өкіметіне келер пәлендей қауіп жоқ» деген тұжырым жасады. Сөйтіп, аталған қаулы бойынша республикада 700 шаруашылықты тәркілеу керек болды. Ресми құжаттар бойынша, Қазақстан аумағында 696 қазақ байларының қожалықтары тәркіленіп, оның ішінде 619 қожалық иелері өзінің тұрған мекенінен басқа жаққа жер аударылуға тура келді. Олардан 144474 мың бас мал тартылып алынып, колхоз, совхоздарға бөлініп берілген.

    Бір-бірімен сабақтаса жүргізілген тәркілеу, ет және астық өнімдерін дайындау, күштеп ұжымдастыру, зорлап отырықшыландыру саясаттары дәстүрлі мал шаруашылығын толығымен күйретті. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан күн-көрісі болып келген көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына негізделген мал шаруашылығының ерекшеліктерін ескермеу, оған зиян келтіру қазақ халқының аштыққа ұшырап, қырылуына тікелей әсер етті. Ел басына түскен небір зұлматтардың ішінде орны толмас өкініш ұжымдастыру зардаптарынан болған аштық пен босқыншылықтың бәрінен асып түскені белгілі. Орталықтың күштеу саясатының салдарынан жасанды ашаршылық туындап, халқымыз бұрын-соңды болып көрмеген демографиялық зұлматқа-геноцидке ұшырады. Үш жылға созылған ашаршылықта республикада сол кездері қазақ жұртының тең жартысына жуығы қырылып, 15 пайызы Қазақстаннан тысқары аймақтарға біржолата оралмастардан көшіп кетуілеріне әкеп соқты.

    Аталған қаулы бойынша, тәркілеуге ұшырағандарға олар ауып келген өңірден жер таңдап алуға рұқсат етілген еді. Бірақ өкіметтің бұл «рақымшылығы» орындалмады. Республикалық Орталық Атқару Комитетінде, округтердің жер шаруашылықтарына түскен арыз-шағымдарының мазмұнына қарағанда, тәркіленгендердің басына төнген қайғы-олар шеккен қасіреттің бір ұшы ғана еді. Қазақстанның бір шетінен екінші шетіне жер аударылған отбасылардың жол бойында шеккен азабының өзі тарихымыздың ақтаңдақ беттерінің тағы бір тарауын құрайды.

    Республика ішіндегі халықтың жағдайы

    Республиканың өз ішіндегі қазақтардың көші-қондық жағдайларына тоқталайық. Демек, 1932 жылға дейін көштің ағылуы елеулі сипатта жүрсе, бұдан бұлайғы уақытта қазақ халқының ішкі сыртқы көші-қон тасқыны ұдайы өсіп отырды.

    Тәркілеу науқанының қарсаңында республиканың өз ішіндегі көші-қон мәселесінде Жетісу мен Сырдариядан Орал округіне, Гурьевтен Петропавлге, Семейден Сыр бойына, Павлодардан Ақтөбе аймағына, Қызылорда өңірінен Адай округіне, Ақмоладан Гурьевке, Ақтөбеден Қарқаралыға, Қостаннайдан Семей округіне жер аудару туралы 1928 жылы 30 тамыздағы қаулысы шыққан еді. Осы ерсілі-қарсылы шұбырыңдыда талай қазақ ﴾әсіресе бала-шаға﴿ қырылды.

    Тәркіленгендерден Қызылорда жақтан Адай округіне 47 бай ﴾үй-ішімен 325 адам﴿, Ақмола округінен Гурьевке 15 бай ﴾үй-ішімен 69 адам﴿ жер аударылып келген. Көп адамға туған жердің топырағы да бұйырмады. Ресми деректерге жүгінсек, тек жеке отбасы жер аударылған сияқты болып көрсетіледі. Ал шындығында, тәркіленген байлардың бала-шағасы ғана емес, туыстары да айдауға, немесе қудалауға ұшырады. Осылайша, қазақ халқының басына төнген, 1928 жылдан басталған еріксіз көші-қон ісі ұжымдастыру дәуірінде өзінің шырқау шегіне жетті.

    1929 жылы қараша айында Орталықтың нұсқауымен Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросы қазақ шаруаларын жоспарлы түрде отырықшылыққа көшіру жөнінде арнаулы қаулы қабылдады. Шұғыл түрде 1930 жылдың қаңтарында республика Халық Комиссарлар Кеңесінің жанынан отырықшыландыру комитеті құрылды. Бұл комитетке отырықшылыққа көшетін аудандар мен халық санын анықтау, отырықшылыққа ауысқан қожалықтар арасында егіншіліктің дамуына және ұйымдастыру негізінде мал шаруашылығын интенсивтендіруге көмектесу міндеттері жүктелді.

    Отырықшыландыру үшін қажетті алғы шарттар жасалмады. Қаржының жетіспеушілігіне байланысты құрылыс көлемі жоспарда көрсетілгендегіден әлдеқайда төмен дәрежеде жүргізілді. Егіншілік комиссариаты өз есебінде отырықшылыққа ауысып жатқан қожалықтардың азық-түлікпен қамтамасыз етілмей отырғанын мойындауға мәжбүр болды.

    Қазақтардың жаппай босқыншылыққа ұшырауы тек қана көшпелі және жартылай көшпелі аудандарды ғана қамтып қойған жоқ, ол отырықшы аудандарға да таралды. 1930 жылы көшіп кету қозғалысымен 34977 қожалық қамтылды, ал 1931 жылы 45 мың шаруашылық көше бастады. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жүргізілген ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және осы негізде көшпелі және жартылай көшпелі қазақ ауылдарын отырықшыландыру, ауқатты шаруаларды мал-мүліктен айыру, салық саясаты мен қуғындау салдары қазақ халқын зор апатқа, демографиялық және экономикалық дағдарысқа ұшыратты, туған жерді тастап, ауа көшушілік жаппай сипат алды.

    1934 жылдың қаңтарында қабылданған Қазақстанның VIII партия конференциясының қаулысында ауа көшушіліктен көбірек зардап шеккен көшпелі және жартылай көшпелі қожалықтар Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында орын алғаны атап көрсетілді. Бұл құжатта Ақтөбе облысынан барлығы 39 мың, Батыс Қазақстан облысынан 70 мыңнан астам қожалық қоныс аударып кетті делінген. Батыс Қазақстанның өз ішіндегі көші-қон, одан республиканың басқа аудандарына көшіп кетушілік елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына зор әсер еткен күрделі мәселелердің бірі болды. Маңғыстаудан Ақтөбе мен Оралға, Оралдан Гурьевке жоспарлы көшіру, ауа көшушілік жүріп жатты. Төрт-бес жылға созылған ﴾1928-1933 ж.ж.﴿ бұл сапырылыс елдің берекесін алып, сеңдей соғылыстырды. 1920-1930 жылдары ауыл шаруашылығындағы қызыл террор қалаларға арзан қара жұмыс күшін әкелумен бірге ауыл тұрғындарының қалаларға келуін көбейтті. 1926 жылы республика тұрғындарының арасында қазақтардың 2,0 пайызы қалаларда болса, бұл деңгей 1939 жылы 16,1 пайызға артып, ал олардың қатары 1959 жылы 24,3 пайызға өскен екен. Ал 1926 жылы республика тұрғындарының арасында қазақтардың 9,0 пайызы ауылдарда болса, бұл деңгей 1939 жылы 83,9 пайызға төмендеп, ал олардың қатары 1959 жылы 75,7 пайызға кеміген еді. Демек, ғасырлар бойы көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанып келген қазақ халқының Кеңес өкіметі кезінде қалаларға шоғырлануы, іргелі мәдени орталықтарға жинақталуы баяу жүрді. Өйткені, бұл үдеріс табиғи жолмен жүргеннен гөрі сыртқы күштерге тәуелді болды .

    Республика ішіндегі индустрияландыру орталықтарындағы жағдай

    Республика бойынша индустрияландырудың жүзеге асқан орталықтарына ағылған қазақтардың қатары артып, бұлардың біразы қазақ ауылынан өндіріс пен құрылыс орталықтарына ағылған аш босқындар болса, біразы Украина мен Россияның ірі қалаларына шыққандар еді. Бұдан Қазақстандағы қала халқы қазақ босқындарының есесінен өскендігі көрінеді. Қала халқының тез қарқынмен өсуіне табиғи өсім ғана емес, көші-қонның да әсері жоғары болды. 1931-1937 жылдары қалаларға 390 мың адам көшіп келген. Басқа халықтарды айтпағанда, қазақтар 1926 жылы қала тұрғындарының 2,0 пайызын құраған болса, бұл көрсеткіш 1959 жылы 24,3 пайызға жеткен еді.

    Ал енді 1937 жылғы халық санағы бойынша республикадан тысқары жерлерге 48070 адамдар қоныс теуіп, осының нәтижесінен Қазақстан халқы 9 пайызға азайған болса, оның басым бөлігін қазақтар құрап, олармен бірге бірән-сәрән басқа ұлт өкілдері болған. Еліміздегі ішкі көші-қондық қозғалысқа 11470 адамдар қатысқан, олардың 73071-і қалалық, немесе қала типтес елді мекендерге барып орналасқан еді. Яғни, ауыл тұрғындарының қалаларға ағылуына бірден-бір себеп құрылыс алаңдары, зауыт-фабрикалардың іске қосылуы болды. Демек, 1937 жылғы республика халқының санын 1926 жылғы санақтағы санымен салыстырғанда 1,3 есеге азайғаны байқалып, оның ішінде қазақтар -1,7 есе кемісе, ал елде қоныстандыру саясатының пәрменді түрде жүргізілуіне байланысты орыстар -1,5 есеге көбейген екен.

    Қазақстаннан сыртқы көші-қон қозғалысының өршуі, ата мекенді тастап ауа көшуі 1926-1927 жылдары басталды. Мысалы, Батыс Қазақстанда қоныс аударушылық 1927-1928 жылдары үдей түсті. Қыр жайлап, көшіп-қонып жүрген адай, табын тайпаларының отбасылары кеңес өкіметінің құрығынан және жұт салдарынан құтылмақ болып Қарақалпақ, Түркмен жеріне көшіп барды. Сол кезде үдере көшкен адайлардың екі мың отбасын оңтүстік Қазақстанға ﴾Мақтаралға﴿ күшпен қоныстырған.

    1928-1929 жылдары Маңғыстаудан басқа республикаларға көшіп кеткендер туралы мәлімет сақталған. Мәліметтерге жүгінсек 16 ауылдағы 158 үйдың 47-і бір түнде көшсе, 7 ауылда 300 үйдің 291-і, 4 ауылдан 182 үй, 13 ауылдан 341, 12 және 14 ауылдардан 500-дей үй көшіп кеткен. Мұрағаттарда сақталған мәліметтер бойынша Маңғыстаудың ауылдық кеңесінен 1928-1929 жылдары 1390 отбасы көшіп кеткендігін айғақтайды. Жалғыз Маңғыстау емес, ауа көшушілік бүкіл республика бойынша жаппай сипат ала бастады.

    Осыған байланысты Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі 1931 жылы наурызда «Қазақстан жерінен ауа көшумен күрес туралы» қаулы қабылдап, көршілес республикалардың үкімет басшыларына жедел хаттар жолдады. 1931 жылдың 7 ай ішінде Қаржы комиссариатының мәліметінде Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Орал, Сібір, Қытайға және Еділ бойына 213 мың қазақтардың жер ауа көшкендігі айтылады.

    Қазақстандағы зорлап ұжымдастырудың қара дауылы жайлап өткен кейбір ауылдарда тігерге тұяқ қалмай адамдардың өмірі мезгілсіз қиылды. Ақырында өзінің туып өскен жерінде күн көрістің амал-айласы қалмағанына көздері жеткен халықтың алдында бір-ақ жол қалды, ол жаппай басқа жақтарға ауа қоныс аудару еді. “Бір күн ашыққаннан, қырық күн ақыл сұрама”, -деп қазақ атам айтқандай халық ақыл-айла ойлаудан, қыспақтан шығудан өз бетінше жол табудан қалды: тырнақтап жинаған дүние-мүліктерін, тігулі күйінде киіз үйлерін тастап, бастары ауған жаққа қарай шұбырып кетіп жатты; ескі қыстаулары мен мал қоралары иесіз қалды. Өз жеріндегі босқынға айналған қазақтардың көбісі республика қалаларының өнеркәсіп орындарына сеңдей соғылып, жұмысқа орналаса алмай жүрді. Оның үстіне, олардың түнде түнеп, күндіз бой жылытатын баспанасы да болмады. Мұның аяғы жұрттың жаппай ашығып, туған мекендерін тастап, олар Қазақстанмен көршілес жатқан өлкелер мен республикаларға, және шет елдерге қоныс аударуларына тура келді. Сондықтан, олар Қазақстанмен көршілес жатқан Орта Азия республикаларына, атап айтқанда Батыс-Сібірге, Орта Еділге, тағы сол сияқты шалғай жатқан жерлерге қарай бағыт ұстап, олардың біразы жол бойы шаңырақ мүшелерінің сүйегін сай-салаға көмусіз қалдырып, Ресейдің Новосибирск, Иркутск, Хабаровск, Кемеров, Владивосток қалаларына дейін барып жетті.

    Көптеген мұрағат деректері Қазақстандағы ашаршылық апаты 1927-1928 жылғы жұттан кейін-ақ басталғанын көрсетеді. Мәселен, Адай округінде мал жұтап, адамдар аштыққа ұшырап, Гурьев уезінің де біраз ауылдары ашаршылыққа ұшырады. Жүздеген босқындар тентіреп республиканың оңтүстігіндегі аудандарға дейін жетті. 1928 жылдың 27 қарашасында Шымкенттің Халық Комиссарлар Кеңесіне Гурьев уезінен келген 350 отбасына азық-түлікпен көмектесіп, оларды ұжымшарларға жұмысқа орналастыру үшін 100 мың сом несие, 8 мың пұт астық сұраған жедел хат түседі. Сонымен бірге, 1927-1928 жылдың қысында әбден көйзелген Маңғыстау халқы Түркіменстан жеріне дендеп, одан әрі Иранға жұмыс іздеп, тамақ табудың амалымен босқыншылыққа ұшырады. Мұрағат құжаттары көрсеткендей Красноводскіге-1000, Байрамәліге-50, Тедженге-100 қазақ шаруашылықтарының кеткендігі айтылады.

    Қазақстандағы қиыншылық жағдайлардан өз ішіндегі көші-қон жағдайларының күшейе түсуінің қазақ халқына әкелген ауыртпашылығы өз алдына, үкімет тарапынан жүргізілген қуғындау салдарынан және аштықтан қорыққан қазақтар республикадан тысқары жерлерге, Қазақстанмен көршілес республикаларға және одақтас мемлекеттерге, арғысы шетелдерге жаппай көше бастады. 1931-1933 жылдарда болған қызыл қырғыннан барлық шығын-3 миллион адам және қызылтабан босқыншылығынан барша халықтың 1900 мыңы шетке қарай біржола үдере көшкен. 1930 жылдың басынан 1931 жылдың ортасына дейінгі кезеңде ғана Қзақстан жерінен 281280 шаруа қожалығы көшіп кетті, олардың елеулі бөлігі Қытай, Иран, Ауғанстанның жеріне ауып барды. Ашаршылық жылдары республика шегінен тыс жерлерге барлығы 1030 мың адам көшті, олардың 616 мыңы біржолата кетті де, 414 мыңы кейіннен Қазақстандағы жағдай түзеле бастаған уақыттарда елге қайтып келді. Олардың ішінде 200 мыңға жуығы Қытайға, Ауғанстанға, Иран мен Түркияға өтіп кетті. Қазақстанның өз ішіндегі көші-қон жағдайларының салдарынан халық құрамының өзгергендігі және жергілікті қазақ халқының үлес салмағы жағынан азшылыққа айналғаны тарихи демографиялық жағынан ғылыми деректер негізінде айқындала түсті. Ал енді республикадан тыс сыртқы көші-қонға байланысты көршілес республикалар мен Одақтас мемлекеттер арқылы шетелдерге ауған қазақтар жайында ғалымдар әртүрлі пікірлер айтып, деректік мәліметтер келтіруде.

    Көптеген қазақтардың іргелес республикаларға ауып кеткендігін халық санақтарының мәліметтері де дәләлдейді. Егер, 1926 жылғы санақ бойынша басқа республикаларда 314 мың қазақ тұрған болса, ал 1939 жылы олардың саны 794 мыңға жеткен еді. Енді, 1926-1939 жылдары аралығында жер ауып барғандар ﴾имигранттар﴿ есебінен қазақтар РСФСР-да -2,3 есе, Өзбекстанда -1,7 есе, Түркіменстанда -6 есе, Тәжікстанда -7 есе, Қырғызстанда -10 есе артқан.

    Ашаршылыққа ұшыраған ауадндарға көмек беру жұмысы әуелден дұрыс ұйымдастырылмады. Ф.И.Голощекин қуғындау садары мен аштықтан босқын болып кеткендерді «қазақтар ежелден көшіп қонып жүруге әдеттеніп кеткен» -деп түсіндіруге тырысты. Ол мұны көшпенділердің тұрмысы қайта құрылып, өзгеріп жатыр деп дәріптеді.

    Ашаршылық салдарынан республикадан тысқары жерлерге босқын болып кеткендердің қолдары жеткендері халық шаруашылығының әр түрлі мекемелеріне жалданып, Мурманск, Сібір, Қиыр Шығыс, Камчаткаға дейін барды. Әрине, мұндай мүмкіндік бола берген жоқ. Қырғызстанға босып барған 100 мыңдай адамның ішінен 1933 жылы сәуірде тек 2500 адамды ғана жұмысшы ретінде орналастыруға нұсқау берілді. Тәжікстандағы Вахш су электр станциясының құрылысына өз бетімен барғандарға жұмыс та, ақы да, азық-түлік те жоқ болып шықты. Мысалы, 1931-1932 жылдары Қырғызстанға 5470 қазақ отбасы көшіп барды. Қазақ халқы шаруашылығы есебі басқармасының жоғары ұйымдарға берген мәліметтеріне қарағанда 1930-1932 жылдары Қазақстаннан тыс жерлерде ﴾қайтып келгендерді есептемегенде﴿ 1,3 миллион адам көшіп кеткен. Олардың 500-616 мыңы өзге республикаларда қалып қойса, 200-205 мың дайы шетелдерде мекендеп қалғандығына байланысты деректер бар.

    Егер 1926 және 1937 жылғы Бүкілодақтық санақ мәліметтеріне сүйеніп талдау жасасақ, көрші одақтас республикалардан қайтпай қалған қазақтар 300 мыңнан асатыны байқалады. Яғни, қысқа мерзімде мұншама қазақ халқының жат жерге қоныс аударуы-адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған қасіретті оқиға еді.

    Бүгінгі тарихымыздағы ақтаңдақ тақырыптың бірі-сан мыңдаған қазақтың 1929-1932 жылдары респуликадан сыртқы көші-қонға байланысты Қытай астып кетуі. Демек, 1931-1932 жылдары аштыққа ұшыраған қазақтарға өкімет тарапынан болған қысымға шыдамаған Тарбағатай өңіріндегі бір дүйем ел Қытайға өтіп кетуге әрекет жасапты. Бұл негізінен Көкпекті, Ақсуат, Аякөз, Үржар елді мекендерінің халқы болатын. Шекарада қызылдар оқ боратып, одан аман қалғандарын осы өңірді мекендеп, өмір сүруге күштейді. Яғни, Ақсуаттың құт-береке дарыған Қызылтас, Қызылкесек өңірінен жер ауған біршама жұрт шекарада тоқталып, Көкталға әкелінді. Олардың сол кездегі ұзын саны 500 отбасын құраса керек. Бұл дегеніміз 1374 адамдар болғаны көрінеді. Ал енді тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.Омарбеков «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті» атты еңбегінде ол шетелге кеткендер жайлы толық тоқталады. Соның ішінде, Қытаймен шекаралас аудандарына қысқаша сипаттама береді. 1931 жылы бұлардың жалпы саны 11 болды ﴾бұрын 16 болды﴿. Олар: Алакөл, Лепсі, Жәркент, Кеген, Катон-Қарағай, Зайсан, Тарбағатай, Үржар аудандар, сондай-ақ, Талдықорған және Ақсу аудандарының шекараға жақындау бір бөліктері еді. Шекаралық аудандардағы халықтың жалпы саны 1931 жылы 505,701 адам, яғни Қазақстан халқының 7,33 пайызы болды. Ал олардың әлеуметтік құрамы төмендегідей еді: жұмысшылар-25510 адам, қызметкерлер -25318, ұжымшаршылар-228387, кедейлер мен батырақтар-101924, орташалар-79264 және кулактар-45298 болған екен. Сонмен бірге, осы құжатта шекаралық аудандардағы халықтарының ұлттық белгілері де берілген. Яғни, 66,1 пайызы-қазақтар, 33,35 пайызы еуропалық ұлттардың өкілдері және 0,55 пайызы Орта Азия халықтары болатын, яғни шекаралық аудандардағы қазақтар саны-334.368 адамдар екендігі байқалады.

    Қытайға өткендер арасында әр түрлі ұлт өкілдері болды. Бірақ, негізінен Қытай асқандар-қазақтар болатын. Яғни, қазақтардың Қытайға көшуіне байланысты 1931 жылы құрылған Ә.Жанкелдин басқарған мемлекеттік комиссияның тексеруі бойынша шекаралық аудандардан көшіп кеткендер арасында қазақтар ¼ астамы яғни 83.5 дейі екені айғақталған. Бұл деректерді ОГПУ-дің жедел барлау мәліметтері мен мемлекеттік жоспарлау деректері растай түседі. ОГПУ мәліметі бойынша 1931 жылдың күз айларында Батыс Қытайдағы босқындар саны 60 мыңға жуық, ал соңғысының дерегі бойынша көрсетілген мерзімге дейін Қазақстанның шекаралық аудандарындағы халқы 87 мыңдай адамға азайған. Егер тарихи шындық осы деректердің ортасында жатыр деп қарасақ Батыс Қытайға өткен қазақтар саны шамамен 70 мың адам деуге болады.

    Сонымен бірге, Иран, Ауғанстан, Түркия жеріндегі қазақтар – Қытай жері арқылы барғандар еді. Демек, мұрағат мәліметтеріне сүйенсек егер 1932 жылға дейін қазақ босқындары Сібірдің Қазақстанмен шектес аудандарында орналасқан болса, 1932 жылдың алғашқы айларында олардың Сібір жеріне тереңдеп кеткенін, шалғай жатқан Новосибирскіге де «қоныстана» бастағанын аңғарамыз.

    Қорытынды

    Қазақстандағы отырықшыландыруға іс жүзінде басшылық еткен Ф.И. Голощекин 1930 ж. 9-10 қарашада І Өлкелік кеңесте сөйлеген сөзінде: «Отырықшыландыру бәрінен бұрын таптық мәселе. Мұны Сіздер естеріңізде қатты ұстауларыңыз керек...
    Отырықшыландыру – бұл ұлттық мәселе. Отырықшыландыру арқылы біз нені шешкіміз келді?
    Біз қазақ ауылының экономикасын көтеруді қалаймыз. Біз отырықшыландыру жолымен астық мәселесін, қазақтар қожалығында мал шаруашылығын жөндесек дейміз.
    Бұл дегенің ұлттық экономикалық теңсіздікті жою болып шығады» - деп мәлімдеді. Сөйтіп ол отырықшыландырудың таза экономикалық, шаруашылық шара екенін мойындай отырып, оны ауқатты шаруаларды жою ұранымен жүргізуді ұсынды. Міне, бұл кеңестік аграрлық саясаттың шынайы ақиқаты болатын.
    Отырықшыландыру жұмыстарында түсініксіз және асығыс дүние көп болды. Бұл ең алдымен көшпелі және жартылай көшпелі шаруа қожалықтарының саны нақты анықталмауына байланысты болды. Себебі бұл науқанда жүргізілетін көп салалы жұмыс және бөлінетін қаражат осыған тікелей тәуелді еді. Отырықшыландыру туралы қаулылар тікелей кабинет жағдайында қабылданды. Ал ұжымдастыру қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығын күйретумен қатар оның тұрмысына әсер етті. Шын мәнінде мұны іске асырушылар қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс-салтын социалистік құрылысқа қарама-қарсы қойып, оған деген қарсы көзқарас қалыптастырды. Енді көшпенділіктің өзі «тағылық», «надандық және мәдени артта қалу» деген тұжырымдамалармен айқындалып, оның өркениеттегі орны жоққа шығарылды.
    Отырықшыландыратын қазақтардың санын жыл сайын күштеп арттыра түсті. Отырықшыландыру нашар жүріп жатқан аудандардағы басшылар егерде басқа ұлт өкілдері болса, әдетте ұлыдержавалық шовинизм, ал олар қазақтар болса, онда жергілікті буржуазиялық ұлтшылдық ретінде айыпталатын. Қазақстан үкіметінің отырықшыландырудың алғашқы жылының қорытындысын шығарған тезистері шовинизмге немесе ұлтшылдыққа ғана емес, сондай-ақ оңшыл ағымға да, солшыл бұрмалауға да қысқаша сипаттама берді. Қазақстандағы отырықшыландыру үрдісіне Одақтық үкімет онша мән берген жоқ. Орталық үшін бұл жылдары шаруаларды ұжымдастыру маңызды нәрсе болды. Ал отырықшыландыру болса ұжымдастырудың көлеңкесінде қалды және екінші қатардағы міндет деп есептелді. Қазақстан басшылары көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жаппай отырықшыландырмайынша жедел ұжымдастыруды қамтамасыз ете алмайтынын жақсы білді. Сондықтан орталықтың назарын аударуға күш салды.
    Отырықшыландыру кезінде бұқара арасында жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілген жоқ. Ол жоғарыдан түскен мекемелік тар жолмен жүрді.
    Жалпы кеңес мемлекеті көшпелі халықты отырықшыландыруда тұрғын үй, баспана мәселесін екінші қатардағы нәрсе деп білді. Кеңестік аграрлық саясат бойынша шаруалар ең алдымен өндірісті жүргізуі, өнім беруі керек деп есептелді. Отырықшыландыруда шаруашылық мәселелері, яғни шөп шабу, егіншілікпен айналысуға үйрету, мал өсіру негізгі мәселе ретінде қарастырылды. Ал отырықшыланған шаруа киіз үйде паналап, біртіндеп өз күшімен баспана салып алуы керек болды. Сөйтіп, Голощекин отырықшыландыруды шаруашылықты ұйымдастырудан бастауды ұсынды. Ал үйлер мен құрылыстардың техникалық жобалары жергілікті жерлерге уақытында жіберілген жоқ, олардың өзі де қарабайыр болатын. Ал қаражат мәселесі науқан мақсатына сай емес еді. 
    Отырықшыландыру науқанын іске асыруда ашаршылық қиындықтарымен қатар әсіре зорлық-зомбылық, басқарудың әміршілдік-әкімшілдік стилі де көп зиян келтірді, Отырықшыландыру комитеті бұл іске тікелей ықпал етіп, өз міндетін орындады деуге болмайды. Оған комитеттің қосалқы басқару қызметі ретіндегі дәрежесі, Егіншілік комиссариатының, партия-кеңес органдарының аясында қалып қоюы себеп болды.
    Қиыншылық отырықшылана бастаған шаруаны құрылыс материалдарымен қамтамасыз ете алмаудың салдарынан да туындады. Қазақстандағы отырықшыландыру науқанына Одақтық үкімет те тиісті мән берген жоқ. Орталық үшін бұл жылдары шаруаларды ұжымдастыру маңызды нәрсе болды. Ал отырықшыландыру болса ұжымдастырудың көлеңкесінде қалды және екінші қатардағы міндет деп есептелді.  Осылайша, дәстүрлі экономикалық қызметтегі елеулі өзгерістер туралы және ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың әлеуметтік және мүліктік саралануының күшеюі туралы нақты айтуға болады.

    Әрине, көшпелілік мәдениетті бүкіл адамзат үшін ең жоғары үлгі деп көтермелеудің қажеті жоқ. Номадалық өмір салты қалалық мәдениеттің қалыптасуына, оған байланысты жазу-сызудың, оқу орталыктарының, қол-өнердің, техниқаның дамуына жағдай туғызбады. «Мен кіммін, неге өмір сүремін, қалай өмір сүремін, ажалды қалай қарсы алу керек?» — тәрізді сұрақтар қауымдық қоғам мүшелерін тым көп ойландырмайды. Бәрі алдын ала шешіліп қойылған, аталардың белгілеп кеткен жолынан таймаса болды. Салт-дәстүр уақытқа бағынбады, ол мәңгілікпен теңесті. Бұрын жасалғаннан айырылу өліммен бірдей. Ал егер табиғи апаттар, әлеуметтік қақтығыстар, жаугершілік келсе, онда көп жағдайда көшпелілердің өзгерген ортаға бейімделуі қиын болды. Ескі құндылықтар жүйесі жоғалып кетіп, қауымдық адамдар жаңа игіліктерді өздеріне пір тұта алмады. Талай атағы жер жарған көшпелілер империялары тарих жолынан шығып қалып жүрді. Бүл жерде ғұндар мен моңғолдардың, түріктер мен арабтардың тарихи тағдырын еске алса жеткілікті.

    Сонда да көшпелі шаруашылық-мәдени типі дүниежүзілік мәдениетте езіне тиісті құнды орын алады. Номадалардың ғасырлар бойы жинақталған шаруашылық мәдениетін қазіргі кезде де ескеріп, дұрыс қолдану тарихи сабақтастықтың кепілі болып табылады.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1.Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей (под общей редакцией академика М.К.Козыбаева). – Алматы, «Санат», 1996. – 656 стр.
    2. Андреев И.Г. Описание Средней орды киргиз-кайсаков. – Алматы: Ғылым, 1998. С. 280.
    3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. – Алматы: «Атамұра», 2002. – 768 бет, суретті, карталы.
    4. Қ.Құсайынұлы. Қазақ шаруашылығы отаршылдық дәуірінде (ХІХ-ХХ ғ.ғ.). Алматы, Дәнекер, 2001. 120 бет.
    5. Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство. – Алма-Ата: Наука, 1982. – 171 с.
    6. Демко Джордж. Орыстардың Қазақстанды отарлауы. – Алматы: Ғылым, 1997. 230 б.
    7. Шалекенов У.Х., Шалекенов М.У. История и этнология народов Амударьи и Сырдарьи в XVIII-ХХ в.в. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 315 с.
    8. Қорғанбаева Ә. Қазақ шаруашылығының тарихи-географиялық сипаттамасы // Қазақ тарихы. – 2000. - №4. -23-28 б.
    9. Өтениязұлы С. Қазақстанның ХІХ ғасырдағы әлеуметтік хал-ахуалы // Қазақ тарихы. – 1994. - №1. – 39-44 б.
    10. Урашев С. Из истории Семиречинской области (1867-1914) // Высш. Шк. Казахстана. – 2001. -№4-5. – 166-173 стр.
    11. Жанғанатова Қ.Н. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы патшалық Ресейдің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты және Қазақстан ауыл шаруашылығына тигізген әсерінен революцияға дейінгі тарихнамасы // Қаз ҰУ хаб. тарих сер. – 2004. - №1. – 164-166 б.
    12. Қарасаев Ғ. Қоныстандыру саясатының зорлық-зомбылығы // Ақиқат. – 2004. - №5. – 45-50 б.
    13. Мусабекова Н. Землепользование и земледелие во второй половине ХІХ века: История // Мысль. – 2005. - №8. – 87-91 б.
    14. Рысбаев К. Переселение русских крестьян в южные районы Казахстана: История (1858-1907) // Мысль. – 2001. - №6. – 88-91 с.
    15. Биржанов К.А. Хозяйство присырдарьинских казаков в середине ХІХ – начале ХХ века. Изд. АН Каз ССР. Серия обществ., 1972, №4, с. 66-71.

    16.Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы.


    написать администратору сайта