комплимент. прзентация комплимент. Комплемент жйесі Абдилова сел 20003К
Скачать 4.18 Mb.
|
Образец текста Второй уровень Третий уровень Четвертый уровень Пятый уровень Комплемент жүйесі Абдилова Әсел 20-003К Комплемент жүйесінің құрылысы мен қызметтеріКомплимент жүйесі – организмге түскен бөтен агенттерді немесе организмнің өзгеріске ұшыраған клеткаларын байланыстырып, олардың құрылыстарын бұзып жояды.Комплимент жүйесі 25-плазмалық және мембраналық белоктардан (протеолиттік, лизистік, регуляциялық) тұрады.Жүйе көптеген клеткалармен әрекеттесіп:
Комплимент жүйесінің негізгі қызметі:
01 02 Комплимент жүйесінің негізгі қызметіФагацитозды күшейтетін кейбір опсонизациялық (жабысу) қасиеттерін арттыру;Фагоциттердің, гранулоциттердің белсенділігін арттыру, клеткалардың деградациясын және лизосомалық ферменттердің босап шығуын жоғарылатады.Комплимент жүйесінің белоктары организмдегі қабыну процестері мен гуморалды жауапты реттеуге қатысады.Комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуі арнайы болып келеді, себебі онын басталуы үшін антиденелер қ-тысуы керек.Комплемент классикалық жолмен активтенуі иммундық кешендердің түзілуінен басталады. Бірақ, мұндағы маңызды жағдайдың бірі – иммундық кешендерінің құрамына иммуноглобулиндердің белгілі бір кластары мен подкластарына кіретін антиденелер болуы тиіс. Адамдарда оларға IgM, IgG1 және IgG3 жатады.CI молекуласы мен антиген-ангидене кешенінің байланысуы классикалық жолдың негізі болып табылады. Нәтижесінде комплемент жүйесінің активтенуі басталады. С1 компоненті Clq, С1r және CIs деген 3 суббірліктен тұрады. Олар активтенуге дейін қан плазмасында байланыспаған түрде кездеседі. Активация басталу үшін аталған үш суббірлік біртұтас кешен түрінде «жинақталуы» тиіс, яғни ферментативтік белсенділігі бар С1 молекуласы қалыптасуы керек. Бірақ суббірліктер «жинақталу» үшін белгілі жағдайлар керек. Біріншіден, комплемент жүйесі классикалық жол-мен активтену механизмі басталу үшін антиген анти-денемен иммундық кешен түзілу керек. Иммундық кешендер түзілген жағдайда, иммуноглобулиндердің Fc-фрагменттері ұзындығының кішіреюімен сипатталатын өзгерістер басталады. Бұл иммуноглобулин молекулаларының конформациялық қайта құрылуының нәтижесі болып табылады, нәтижесінде Clq байланысуы үшін белсенді орталық түзіледі. Аталған орталык, СН2 доменінде, иммуноглобулин молекуласының шиыршықты аймағына жақын қалыптасады. Екінші кезең иммуноглабулиндердің Ғс-фрагменттерінде Clq суббірлігі байланысатын белсенді орталықтың пайда болуымен сипатталады.. Белсенді СI молекуласы түзілгеннен кейін ғана комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтелуі басталады. Үшінші кезең комплемент жүйесінің активтенуі нәтижесінде түзілген аралық және соңғы өнімдердің биологиялық әсерлерімен байланысты. Сұйык фазаға өтетін С2b, СЗа, С5а және С5b67 фрагменттері мен комплементтің кешендері маңызды рөл атқарады. Олар анафилатоксикалық әсерді, фагоциттердің хемотаксисін және қан тамырларының өткізгіштігін жоғарыллатуды қамтамасыз етеді, яғни экссудативті қабынуды сипаттайтын серпілістер кешені дамиды. Нәтижесінде серпіліс даму ошағы шектеледі жәнс фагоцитоз бен иммундық кешендердің шығуы ынталанады. Нысана-жасушалардың мембраналарымен байланысқан комплементтің компоненттері фагоцитозды едәуір жеңілдетеді (иммундық жабысу). Бұл кезде негізгі эффектор қызметін С5-9 лизистік кешені атқарады. Дәл осы аталған кешен антигеннің ыдырауын жүзеге асырады. Комплимент жүйесінің биологиялық әсерлері:50% 25% 75%
Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтелуі
СЗ компоненті активтену үшін құрылысы бойынша Т-тәуелсіз антигендерге жақын антигендер қатысуы керек. Көбіне альтернативті жолмен активтенуді табиғаты бойынша бактериалды заттар, ең біріншіден, бактериалды полисахаридтер мен липополисахаридтер, сондай-ақ бактериалды эндотоксиндер мен құрылымы бойынша полианионды басқа да жоғары молекулалы заттар шақырады.
Комплименттің лектинді жолмен активтенуіКомплемент жүйесін антиденелердің қатысуынсыз кейбір линидтер мен көмірсулар шақыра алады. Мысалы, манноза. Комплемент жүйесінің лектинді жолмен активтелуі маннанбайланыстырушы лектиннің (MCL – mannose-binding lectin) микробты жасушаның беткей құрылымдық көмірсуларымен, соның ішінде, манноза қалдықтарымен байланысуынан басталады. MCL коллектинлер тұкымдастығына жатады, олар коллаген тәріздес аймақтан және лектинді доменнен тұрады. Бұл нәруыз манноза қалдықтарын көптеген микробты жасуша бетінде байланыстырады. MCL моноциттердің фагоцитозы үшін микробты жасушаларды опсонизацияға ұшыратады. Моноциттердің жетілген макрофагтардан айырмашылығы – манноза үшін меншікті рецептордың болмауы.MCL жаңа туған нәрестелердің қан сарысуында балалы және оның деңгейі өмірінің алғашқы апталарында ересек адамдардың денгейіне жетеді. Қан сарысуындағы MCL деңгейі шамамен 1500 мкг/мл. Аталған нәруыздың мөлшері қабыну үрдістері кезінде жоғарылайды, сондықтан оны жедел кезенлік нәруыз деп атайды. Маннанбайланыстырушы лектин ТНF-а, ИЛ-1 және ИЛ-6 цитокиндері беретін белгі бойынша бауырда өндіріледі. Лектинді жолдың одан кейінгі кезеңдері толығымен комплементтің классикалық жолмен активтенуіне сәйкес келеді. ҚОРЫТЫНДЫКомплемент жүйесінің бұзылыстарын дер кезінде диагностикалап,алдын алу шаралары мен емдеу курстарын жүргізіледі.Қазір заманауи технологиялық тəсілдермен ауруды дер кезінде анықтап қана қоймай,сонымен қатар алдын алуға да мүмкіншіліктер жоқ емес.Оларды атайтын болсақ:Т жəне В лимфоциттер субпопуляциясын анықтау;сарысудағы LgM мөлшерін анықтау үшін изогемаглютининдерді анықтау,қанның жалпы анализін жасау тағысын тағылар.Емдеу үшін де бірқатар дəрілер пайдаланылады.Атап айтқанда: Станозолол,Даназол.Бұл жəне басқа да дəрілермен ауру сипатына қарай этиологиялық не симптоматикалық емдеу курстарын жүргізіп емдейді. Комплемент жүйесінің бұзылыстары аса кең таралған нəруызды-иммундық реакциялардың бұзылысы ауруы.Жəне оны емдеу мүмкін болмай отыр,бірақ ауруға дер кезінде емдеу жүргізілсе науқас өмірін ұзартуға мүкіндіктер көп. Образец текста Второй уровень Третий уровень Четвертый уровень Пятый уровень НАЗАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ |