Главная страница
Навигация по странице:

  • Дожимды к омпрессор лық стансалар

  • Газ тасымалдау компрессор стансаларында бақыланатын

  • 1.5 Компрессорлік станцияның орналасуы

  • 1.6 Компресорлы станциялардың қызметі және олардың құрылымдарының құрамы

  • компрессор рамки для теории (1). Компрессорлы станция


    Скачать 0.58 Mb.
    НазваниеКомпрессорлы станция
    Дата23.04.2023
    Размер0.58 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлакомпрессор рамки для теории (1).doc
    ТипДокументы
    #1082598
    страница2 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Желілік компрессорлық стансалар




    Магистральды газ құбырларының желілік бөліктерінде бірнеше компрессорлық стансалар орналастырылады, олар бірнеше компрессорық цехтардан тұрады.

    Газ айдаушы агрегаттар табиғи газды айдаушылардан және қозғалтқыштардан құралады. Агрегаттар компрессорлық цех ғимаратында орналасады. Олар машина залы және айдағыш галериясы деп аталады.

    Дожимды компрессорлық стансалар


    Газды қоймаға айдау газ айдаушы агрегаттардың көмегімен жүргізіледі, олар келетін магистральды құбырлардағы газдың кіріс қысымын жер асты қабат қысымына дейін жоғарлатуы тиіс. Агрегаттар компрессорлық цех ғимаратында орналасады, олар газды айдау технологиялық циклының барлығын орындайды, яғни газды тазартуды, сығуды және салқындатуды.

      1. Газ тасымалдау компрессор стансаларында бақыланатын,
    реттелетін және сигналданатын параметрлерді таңдау


    Компрессорлық стансадағы технологиялық жабдықтар жұмыс процесінде, ГПА жұмыс мүмкіндігін, оның жағдайы мен режимін анықтайтын әртүрлі параметрлер-ді бақылауды қажет етеді.

    Өлшеу аспабының шкаласы бойынша көрсеткішін анықтау, өзі жазушы немесе цифр басып шығарушы қондырғылар лентасына параметрлерді тіркеу, электрлік немесе пневматикалық сигналдар беру түрінде бақыланатын параметрлер туралы ақпарат алынады. Сонымен қатар, ГПА технологиялық қорғанысы электрлік, пневматикалық немесе гидравликалық дискретті сигналдар түрінде жарық және дыбыс дабылқаққыштарымен жүзеге асырылады.

    Газ айдаушы агрегаттарды автоматты бақылау және дабылқағу параметрлерінің түрлері төмендегі кестеде көрсеттілген:

    Кесте 1- Газ турбиналы газ айдаушы агрегаттарда бақыланатын пара метрлер

    Бақыланатын параметр

    Бақылау нүктесінің саны

    Ақпаратты пайдалану орны

    Дабылқағу

    Көрсеу

    Айдағыштың кірісі мен шығысындағы қысым

    2

    -

    ББЩ, ДП КС

    Айдағыш ішіндегі газ қысымы

    1

    ББЩ

    ББЩ

    «Газ-газ» (айдағыш ішіндегі газ- магистраль-дағы газ) қысым құламасы

    1

    ББЩ

    -

    Айдағыштың кірісі мен шығысындағы газ температурасы

    2

    ББЩ

    -

    Айдағыштың көлмедік өнімділігі

    1

    ББЩ

    ББЩ

    Айдағыш роторының осьтік ығысуы

    1

    ББЩ

    ББЩ

    Подшипник дірілі

    6

    ББЩ

    ББЩ

    Подшипник температурасы

    12

    ББЩ

    ББЩ

    Басты май- сораптан кейінгі май қысымы




    ББЩ

    ББЩ

    Айдағыш подшипниктерін майлау май қысымы

    2

    ББЩ

    ББЩ

    Турбина подшипниктерін майлау май қысымы

    2

    ББЩ

    ББЩ

    Тығыздағыштағы май қысымы

    1

    -

    ББЩ

    «Газ-май» (айдағыш ішіндегі газ- тығыздағыш-тағы май) қысым құламасы

    1

    ББЩ

    ББЩ

    Қалтқылы камера сүзгісіндегі қысым құламасы

    1

    -

    ББЩ

    Май багындағы май деңгейі

    2

    ББЩ

    ББЩ

    Май багындағы май температурасы

    1

    ББЩ

    ББЩ

    Аккумулятордағы май деңгейі

    1

    ББЩ

    ББЩ

    Майды салқындатқыштан кейінгі және оған дейінгі май температурасы

    6

    -

    ББЩ

    Кесте 1 жалғасы

    Бақыланатын параметр

    Бақылау нүктесінің саны

    Ақпаратты пайдалану орны

    Дабылқағу

    Көрсеу

    Отын газының қысымы

    1

    ББЩ

    ББЩ

    Іске қосу газының қысымы

    1

    ББЩ

    ББЩ

    Іске қосу газының шығыны мен көлемі

    1

    -

    ББЩ

    Отын газының шығыны мен көлемі

    1

    -

    ББЩ

    Төменгі қысым турбина (ТНД) білігінің айналу жиелігі

    1

    ББЩ

    ББЩ

    Жоғарғы қысым турбина (ТВД) білігінің айналу жиелігі

    1

    ББЩ

    ББЩ

    Жоғарғы қысым турбина (ТВД) алдындағы газ температурасы

    1

    ББЩ

    ББЩ

    Компрессор осі алдындағы газ температурасы

    1

    ББЩ

    ББЩ

    ТНД кейінгі өнімнің жану температурасы

    1

    ББЩ

    ББЩ

    ТВД кейінгі өнімнің жану температурасы

    1

    ББЩ

    ББЩ

    Регенатор алдындағы ауа температурасы

    4

    ББЩ

    ББЩ

    Жану камерасында жалынынң болуы

    1

    ББЩ

    -

    ТВД алдында өнімнің жану қысымы

    1

    ББЩ

    ББЩ

    Компрессор осінен кейінгі ауа қысымы

    1

    ББЩ

    -

    Айдағыш потрубкасындағы ауа қысымы

    1

    ББЩ

    -

    ГПА дамытатын қуат

    1

    -

    ББЩ

    Газ айдаушы агрегаттардың ПӘК

    1

    -

    ББЩ

    ГПА жеке механизмдерінің жағдайы

    -

    ББЩ

    -

    ГПА жағдайы

    3

    ББЩ

    -


    ГПА- газ айдаушы агрегаттар; ДП КС- компрессорлық стансаның диспетчерлік пункты; ББЩ- басты басқару щиті

    1.5 Компрессорлік станцияның орналасуы
    Газ құбыр бойымен қозғалғанда газ өнеркәсібінен тұтынушыға дейінгі жолда құбырдың кедергісін және қысымын жоғалтады. Қысымды шамадан тыс жоғалту құбырды тиімсіз қолдану мен жіберу қабілетін төмендетеді. Газды үлкен қашықтықта тиімді өңдеу үшін компрессорлық станциялар құрылады. Олардың құбыр трассасының бойымен орналасуын есептеу жолымен анықтайды. Осыны қорыты келе, берілген құбырдың өнімділігі мен кәсіпшіліктен газды тұтынушылардың қашықтығын анықтау үшін құбырдың диаметрін алады, жұмысшы қысымды, құбыр қабырғасының қалыңдығын, компрессорлық станцияның санын және орналасқан жерін анықтайды.

    Компрессорлық станциялардың арасындағы қысым құламасы компессорлердегі қысу дәрежесін анықтайды. Учаскенің аяғындағы қысым компрессордің басындағы қысымға тең, ал учаскенің басындағы қысым компрессордің аяғындағы қысымға тең. Қысу дәрежесінің таңдауы компрессордегі газ қысу энергиясының шығынын анықтайды.

    Газ құбырының максималды жіберу қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін оны орнату мен қанауына кететін минималды шығындарды есептегенде барлық факторлардың жиынтығы есепке алынады. Компрессорлік станция газ құбыры трассасының бойында орналасуына байланысты басты және аралық болып бөлінеді.

    Газ кәсіпшілігінің жанында орналасқан станция басты (БКС), ал қалғандары газ құбырында аралық (КС) деп аталады. БКС газ құбырындағы газды шығару қайнарына немесе өндіріске беріледі. Мұндай кен орнындарында газ мұнайдың серігі болып табылады және оның ішінде ерітілген күйінде болады. Мұнай ұңғымадан шыққанда газ олардан арнаулы сепараторларда бөлініп шығады. Бұл жағдайда газ қысымы үлкен болмайды. Мұнай кәсіпшіләгінде бағыттас газды жинау үшін кәсіпшілік құрама КС орнатылады. Олар мұнай ұңғымаларының тоқуларына қосылады. Бұл станциялардан газды фракциондағанда құнды компоненттер бөліну (бутан, пропан және т.б.) үшін газ – бензин зауытына жөнелтіледі, содан соң газ, газ құбырының қабылдағышына келіп түседі.

    Газ өндіретін зауыттардың (таұта тас өндейтін, кокс – газ және т.б.) жанында БКС орналасқан. Магистральды газ құбырының КС – ына келесі негізгі технологиялық процестер қарастырылады: газды шаңнан тазарту, компремирлеу – газды қысу және оны салқындату. Одан басқа БКС – да газды кептіру жүргізіледі, егер ол күкіртті сутектен тұратын болса, онда газды күкірттен тазарту жүргізіледі. Кептірудің мақсаты – газдан ылғалды тартып алу. Ұңғымадан 10 – 200С температурада шығатын газ суға қанық болады. Егер газдан ылғалды тартып алмаса, онда салқын газ құбырында салқындату кезінде су бөлінеді. Қыста газ құбыры тоңған жерлерде судың мұз болуы және мұзды тығын болуы мүмкін.

    Күкірттісутек – газдағы зиянды қоспа. Ылғал болған жерде ол құбыр және жабдықтар коррозиясына әкеп соғады. Магистральды газ құбырында тасмалданатын газда күкіртсутектің болуы 100 м3 – қа 2 г. Газдан аспауы керек. Газды қойылған шарт бойынша күкірт тазалау БКС – ның қондырғысына әкеледі. Газды шаңнан тазалау КС жабдықтарының мезгілсіз тозуынан сақтайды және олар арнайы аппараттарда жасалынады. Аппараттарда газ өзінің бағытын күрт өзгертеді және өлшенген қатты қоспалар маймен жұтылып түсіп қалады. Көрсетілген негізгі технологиялық процестерден басқа КС – да көмекші процестер орындалады, ол үшін келесі жүйелер қарастырылады:

    • Компрессорлар мен қозғалтқыштардың салқындауына арналған айналып жүрулері;

    • Машинаға майды құю үшін;

    • Өрт сөндіруші жылу және су жабдықтаушыларының желдетушілері.



    1.6 Компресорлы станциялардың қызметі және олардың құрылымдарының құрамы
    Комперссорлық станциялар газ құбырының өткізгіштік қабілетін арттыру мақсатында газ қысымын көрсетуге және берілген қашықтыққа дейін газды тасымалдауды жүзеге асыруға немесе қажетті технологиялық процесстерді қамтамасыз етуге (мұнай бергіштікті ұлғайту үшін қабатқа газ айдау, газлифтілі пайдалану және т.б.) арналған. Компрессорлы станцияларды әдетте табиғи газдың немесе мұнай газының көп жиналған жерінде тұрғызады.

    Компрессорлы станциялар құрылымының кешенінде келесі объектілер мен құрылымдар болуы мүмкін:

    • бір немесе бірнеше компрессорлық цехтар;

    • жинау жүйесі, механикалық және сұйық қоспаларды бөліп шығару және залалсыздандыру;

    • электрмен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, канализация, байланыс, найзағайдан қорғау және электрохимиялық тоттанудан сақтау, автоматты түрде басқару және телемеханизация тоттанудан сақтау, автоматты түрде басқару және телемеханизазия жүйелері;

    • қосалқы және көмекші объектілер.

    Осылайша, компрессорлар орналасатын ғимараттан басқа компрессорлық станциялар аумағында мыналар тұрғызылыды:

    • сумен циркуляцияны (тұйықталған) қамтамасыз ету үшін сорап орналасатын орын;

    • суды салқындатуға арналған градирня (құрылғы);

    • газды сұйықтан және механикалық қоспалардан алдын ала тазартуға арналған айырғыштар тобы;

    • майды ажыратқыштар, мұздатқыштар, мұздатқышта тұрып қалған конденсатты бөлуге арналған ажыратқыштар;

    • газды өлшеу пункті;

    • мұздатқыштардан және айырғыштардан бөлінген конденсатты айдап шығаруға арналған сораптың орналасатын орны;

    • механикалық шеберхана;

    • құбырлар жүйесі;

    • қосалқы ғимараттар.

    Компрессорлық цех – компрессорлы станцияның негізгі кешені (объектісі). Оған бір топ компрессорлық агрегаттар, сонымен қатар цехты функциялануын (жетілдірілуін) қамтамасыз ететін қондырғылар мен құрылымдар жүйесі кіреді.

    Газ жинау коллекторынан – 1 мұнай немесе табиғи газ айыру қондырғысына – 3 келіп түседі, онда сұйық және механкалық қоспалардан тазартылады. Одан әрі газ бірінші сатылы компрессорға – 7 берілу үшін қабылдау коллекторына – 5 келіп түседі және 1 МПа қысымға дейін сығылад. Желі (линия) 2 бойынша майлы газ мұнайды дайындау қондырғысынан алдын – ала тазалану үшін айырғышқа -3 келіп түседі.

    Бірінші сатылы компрессордан айдалған газ май айырғыштардан өтеді, онда компрессордың цилиндрінен газбен бірге кеткен компрессорлық майдан босатылады да мұздатқышқа -12 барып түседі. Мұздатқышта май 30 – 40 0С дейін салқындатылады, нәтижесінде одан көмірсутектік конденсат бөлініп шығады. Газдыконденсатты қоспаны бөлу үшін оны орташа қысымдағы айырғыштан – 14 өткізеді. Одан соң газ компрессорлардың – 7 екінші сатылы сығуының қабылдауына барады, онда қысым 7,84 МПа. дейін жеткізіледі.



    сурет 2– Компрессорлы станцияның технологиялық сұлбасы
    1 – кәсіпшілік келетін газжинау коллекторы; 2 – МДҚ – нан келетін газжинау коллекторы; 3 – сұйықтардан және механикалық қоспалардан газды алдын ала бөлуге арналған айырғыштар; 4 – « өзінен кейін» қысым реттегіші; 5 – I - ші сатылы қабылдау коллекторы; 6 – жанар отын желісі (линиясы); 7 – 10ГК түріндегі поршенді компрессорлар; 8 – II – ші сатылы қабылдау коллекторы; 9 – I – ші сатылы арынды коллектор; 10 - II – ші сатылы арынды коллектор, 11 – май айырғыштар; 12 - I – ші сатылы мұздатқыштар; 13 - II – ші сатылы мұздатқыштар; 14 – орташа қысымды айырғыштар; 15 – жоғарғы қысымды айырғыштар; 16, 17, 18 – конденсатқа арналған сыйымдылықтар (ыдыстар); 19 – сораптар орналасатын орын; 20 – газөлшеу пункті.

    Екінші сатыда сығылған газ алғашқыда температураны төмендету және одан конденсатты бөлу үшін май ажыратқыш – 11 арқылы мұздатқышқа – 12 бағытталады. Газдан конденсатты бөлу үшін газ мұздатқыштан – 13 жоғарғы қысымдағы айырғышқа – 15 бағытталады. 10ГКН Газдымоторлық компрессорларымен жабдықталған компрессолық станцияда қабылдау коллекторындағы -5 газдың бір бөлігі қысым реттегіш – 4 арқылы газдымоторкомпрессорлардың отындық желісіне келіп түседі. Бөлініп шыққан конденсат конденсат жинағыштарға – 16, 17, 18 бағытталады, ол жақтан сораптар орналасқан алаңдағы – 19 сораптармен ГӨЗ бағытталады.

    Осылайша, газды көп сатылы сығу кезінде әрбір сатыдан кейін газ салқындатыладыы, бұл кезде одан конденсат түріндегі біршама мөлшерде ауыр көмірсутектер бөлініп шығады. Конденсаттан газдың неғұрлым толық бөлінуі газды дайындау әдістерінің – адсорбция, майлық абсорбция және төменгі температуралы айырғыш көмегімен жжүзеге асырылады.

    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта