компрессор рамки для теории (1). Компрессорлы станция
Скачать 0.58 Mb.
|
4.3 Ұңғыөнімдерін жинау, дайьндау және тасымалдау кезінде қойылатын талаптар Ұңғы өнімдерін жинау, дайындау және тасымалдау кезінде қолданылатын жабдықтар мен кұбырлар- бақылау аспаптарымен, қолмен және автоматты түрде баскарылатын реттеуші және сақтандырушы құрылғылармен қамтамасыз етілуі керек. Аппараттарда және құбырларда орнатылған сақтандырушы, реттеуші және тығындаушы (ысырмалар, крандар) арматуралар нормаға сәйкесті,техникалық сипаттамалармен бекітілген график бойынша жүйелі түрде тексеруден өтеді. Тексеру нәтижесін вахталық журналға түсіріп отырады. Жинау және дайындау қондырғыларында қысымы 0,7 атм. болатын және одан да жоғары артық қысымда жұмыс жасайтьн айырғыштар мен басқа да аппараттар (қондырғылар) пайдалануға емгізіліп және оларды қысымда жұмыс жасайтын құрылғылар мен ыдыстарды қауіпсіз пайдалану Ережелеріне сәйкес пайдалану керек. Қысымда жұмыс істейтін аппараттар манометрлермен, деңгей көрсеткіштерімен және сұйықты жабық сыйымдылыққа ағызуға арналған құрьлғылармен қамтамасыз етіледі. Технологиялық процестерді бақылау жәпе баскару жүйесінің датчиктері арнайы материалдардан жасалып жәие дірілдеу жағдайына, сондай-ақ газ гидраттарының түзілуіне, парафиннің, тұз шөгінділерінің және басқа да заттардың жиналу жағдайында қолдануға есептеледі. Технологиялық құбырлар мен арматуралар танымды (белгілі) бояулармен боялады және арнайы ескерту белгілері мен жазулары жазылады. Құбырларға тасымалданатын ортаның қозғалыс бағытын көрсететін бағыттық көрсеткіштер (стрелкалар) қойылады. Мұнай және құм ұстағыштары арнайы жанбайтын материалдардан жасалады. Ашык мұнай ұстағыштардың айналасында биіктігі 1м болатын металдық коршаулар тұрғызылады. Құм ұстағыштардьң конструкциясында, онда жиналған шөгінділерді тазалау үшін гидроэлеваторды қолдану мүмкіндігі қарастырылуы керек. Тұндырғыштар мен резервуарлардың айналасында адамдар катынайтын темірден жасалған арнайы көпір қойылады. ҚОРЫТЫНДЫ Компрессорлық қондырғылардың автоматтандырылуы, олардың ПӘК арттырады, жұмыс сенімділігін арттырады, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартады. Автоматтандыру құралдарының көмегімен мыналар жүзеге асырылады: сығылған ауа өндірісінің жылуын көрсетуші немесе реттеуші аспаптармен бақылау, олар сығылған ауа процесін үздіксіз бақылауды жүзеге асырады, жабдықтардың жұмысын талдайды; реттелетін параметрлердің шамасын автоматты ұстап тұру жолымен компрессорлық қондырғылардың жұмысы реттеледі; агрегаттар мен механизмдердің реттеуші немесе ілмекті органдарын автоматты және қашықтан басқарулар жүргізіледі; қосымша және резервті жабдықтарды автоматты іске қосу немесе тоқтату жүргізіледі. жұмысшылардың қате іс әрекеттері нәтижесінен жабдықтар қорғалады. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. И.Г Блейхер « Компресорная станция» 2. А.Ф Комягин « Автоматизация производственных процесов и АСУТП газонефтепроводов» 3. В.И Мичков, А.Г Арнополин « Электрооборудование насосных и компрессорных станций» Москва «Недра» 1991 4. В.Г Зезин, В.А Лазуков « Определение росхода сплошных сред методом переменного перепада давления» Челябинск 2007 5. М.Ю Трахова « Автоматизация производственных процесов в трубопровод-ном транспорте» Часть 1 6. «Техникалық терминдер» сөздігі Алматы 2009 7. Голубятников В.А., Шувалов В.В. Автоматизация производственных процессов и АСУП в химической промышленности. М.Химия, 1978 8. Казьмин П.М. Монтаж, наладка и эксплуатация автоматических устройств химических производств. М.: Химия, 1979 9. Ктоев А.С. Проектирование систем автоматизации технологических процессов. Справочное пособие. М.: Энергоиздат, 1990 10. Купалов М.В. Технические измерения и приборы для химических производств. М.: Машиностроение, 1966 11. Монтаж средств измерений и автоматизации. Под ред. Ктоева А.С. М.: Энергоиздат, 1988 12. Мурин Т.А. Теплотехнические измерения. М.: Энергия, 1979 ДЖ. 0805000.22.000 ЕТЖ Бет Өзг Бет Құжат № Қолы Күні |