Копрограмма
Скачать 101.35 Kb.
|
Дәрігерді үйге шақыру. Бала 28 күндік. Анасы баласының мазасыздығына шағымданады. Тәулігіне 8 рет 3 сағат сайын тамақтандырады. Әрбір тамақтандырған сайын анасы 20-30г сүтті сауып алады. Баланың туылғандағы салмағы 3400 граммды құраған, ал тексеру кезінде 4000 грамм болып шықты. Бір реттік тамақтандыруды тексеріп бақылау кезінде бала 100 грамм сүт емді. Анасының сүтінің жетіспеушілігі гипогалактияның қандай деңгейіне сай келеді?// +сүттің жетіспеушілігі жоқ, тамақтандыру көлемі баланы қанағаттандырады// гипогалактияның І дәрежесі// гипогалактияның ІІ дәрежесі// гипогалактияның ІІІ дәрежесі// гипогалактияның ІV дәрежесі *** 25 күндік Настя атты нәресте, туғандағы салмағы 3500, қазіргі уақытта 4000г құрайды. Тамақтандыру режимі тәулігіне 8 рет. Бір реттік тамақтандыруды бақылап өлшеу кезінде 70 мл сүт емеді. Гипогалактия деңгейін көрсетіңіз.// сүттің жетіспеушілігі жоқ, тамақтандыру көлемі баланы қанағаттандырады// гипогалактияның І дәрежесі// +гипогалактияның ІІ дәрежесі// гипогалактияның ІІІ дәрежесі// гипогалактияның ІV дәрежесі *** 11 жасар қыз бала, 3 жыл бойы тамақтанудан кейін 10-15 минуттан соң эпигастрия мен сол қабырғаастылық іш аймағының піскілеп ауырсынуына шағымданады. Тамақтану режимі мен диетаны ұстанбайды. Тексеру: терісі таза, бозарған қызғылт. Іші ұлғаймаған, беткей және терең пальпация кезінде эпигастрия мен пилородуоденальды аумақта бұлшықеттің кернеуі және ауырсыну анықталады, сонымен қатар Мейо-Робсон аумағында ауырсыну бар. Қосымша зерттеу әдістерінің қайсысын бірінші өткізу тиімдірек?// Қанның жалпы сараптамасы// +Эзофагогастродуоденоскопия// Зәрдің жалпы сараптамасы// Құрсақ қуысының мүшелерін УДЗ// Копрограмма *** 11 жасар қыз. Эпигастрия аймағының ауырсыну сезімі, лоқсуға, «шіріген жұмыртқа» иісімен кекіруге, іш кебуіне, сұйық үлкен дәретке шағымданады. Пальпация кезінде эпигастрияда ауырсыну анықталды. Бауыры ұлғаймаған. Сіздің болжам диагнозыныз:// асқазан секрециясының жоғарылауымен созылмалы гастрит// + асқазан секрециясының төмендеуімен созылмалы гастрит// асқазан секрециясы қалыпты созылмалы гастродуоденит// асқазан ойық жарасы// он екі елі ішек ойық жарасы *** Науқас 8 жасар. Түнгі уақытта аш қарынға пайда болатын ауырсынуға шағымданады, тамақтанғаннан соң ауырсыну басылады. Пальпация кезінде іші кернейді, әсіресе пилородуоденальды аумақта, мұнда ауырсыну мен терінің гиперестезиясы анықталмайды. Ауырсыну арқаға беріледі. Болжамалы ауру: // Асқазан секрециясы жоғарлауымен созылмалы гастрит// Асқазан ойық жарасы(кіші қисықта)// Өт шығару жолдарының дисфункциясы// +он екі елі ішектің бульбусының ойық жарасы// асқазан секрециясы төмендеуімен созылмалы гастрит *** Бала 2 жасар. Оның жалпы зәр талдауында көрудің аймағында 15 ке дейін лейкоцитурия анықталды. Баланың анамнезінде жиі ЖРВИ. Баланың жағдайы орташа ауырлықта, интоксикация симптомдары мен дене температурасы 38 көтерілуіне байланысты. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек соққылары анық, ырғақты. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Зәр түсі лайланған. Осы балаға алдын ала диагнозын қойыныз:// Жедел цистит// +Жедел пиелоефрит// Жедел гломерулонефрит// Гельминтозды инвазия// Тубулопатия *** 9 жасар балада тұмаудан соң бас ауруы, қайталамалы құсу, «ет жуындысының» түсіндей несеп, артериялық қысымның жоғарылауы пайда болды. Сіздің алдын алу диагнозыныз:// Жедел пиелонефрит, белсенді фазасы, БҚС// Жылдам өршитін гломерулонефрит// +Жедел нефритикалық синдром// Нефротикалық синдром// Созылмалы нефритикалық синдром, БҚС *** 13 жасар қыз. Созылмалы гломерулонефрит анықталған, аралас формасы. БСА. Зерттелді: ЖҚА – Нв-56г/л, ЭБЖ-60 мм/сағ; қанның биохимиялық анализі – мочевина 38 ммоль/л, қалдық азот 80 ммоль/л. Бүйректің созылмалы ауруында анемияның қандай типі кездеседі?// Макроцитарлы// +Нормохромды// Микроцитарлы // Апластикалық// Гемолитикалық *** 7 айлық нәрестеде фебрилитет, айқындалған интоксикация, тісі шығуда, сирек несеп бөледі. ЖҚА – лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, ЭТЖ - 25 мм/сағ; ЖЗА – лейкоцитурия, бактериурия. Алдын алу диагнозыныз қандай?// жедел цистит// +жедел пиелонефрит// жедел гломерулонефрит// тістерге «реакциясы»// жедел пневмония *** 5 жасар баланың артериялық қысымы сын.бағ. бойынша - 120/70 мм. Зәр анализінде ақуыз – 5,6 г/л, лейкоциттер – 0-1 к/а . Қандай диагноз болуы мүмкін?// Вегето-тамырлы дистония// Артериялдық гипертензия// +Жедел гломерулонефрит// Тұқым қуалайтын нефрит// Зәр шығару жолының ифекциясы *** 4 жасар бала ауырсынумен жиі зәр шығаруға шағымданады. Осы шағымдар бассейнге барғанға байланысты, 2 күн бойы мазалайды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта дизурияға байланысты. Перифериялық ісіктер жоқ, айқын емес интоксикация. Зерттеу кезінде лейкоцитурия анықталды. Осы балаға алдын ала диагноз қойыңыз:// +жедел цистит// жедел пиелонефрит// нефритикалық синдром// созылмалы пиелонефрит// жедел гломерулонефрит *** 5 жасар балада пиелонефрит анықталған, жедел ағымды, БҚС. Зәр шығару жүйесінің рентгенконтрасттық зерттеуін қашан өткізген дұрыс?// Үрдістің белсенділік шыңында// +Үрдістің бәсеңдеуі кезінде// Өзің жақсы сезінгенде// Температураның қалпына келгенінде// Қызба кезінде *** 7 айлық нәрестеде құсу, дене қызуы 39 С көтерілген. Мазасызданған, жиі несеп бөледі. Зәрде ақуыз іздері бар, эртироциттер – көру аймағында 20, лейкоциттер – көру аймағында 80-ге дейін. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?// Нефротикалық синдром// Нефритикалық синдром// +Пиелонефрит// Созылмалы цистит// Жедел цисти *** 4 айлық нәрестеде жедел пиелонефрит анықталған (лейкоцитурия, бактериурия). Диагнозды негіздеуге қандай зерттеу қажет?// Зимницкий әдісі// Иммунограмма// Нәжістің бактериологиялық себіндісінің// +Зәрдің бактериологиялық себіндісінің// Эндогенді креатинин бойынша клиренс *** Науқас Асылхан, 1 жасар. Тексеру кезінде тері жамылғылары мен шырышты қабаттың бозарғаны, терісінің құрғауы, тырнақтардың сынғыштығы анықталды. Анасының сөзі бойынша баланың бор мен топырақты жеуге әуестігі бар. Берілген симптомдар қандай ауруға сәйкес келеді?// Гемолитикалық анемия// Ақуыз тапшылықты анемия// Гипотрофия// +Темір тапшылықты анемия// В 12 дефицитті анемия *** Дерматологқа 14 жасар қыз шаштырының көп мөлшерде түсуіне шағымданып келді. Тексеру кезінде тері жамылғыларының бозғылттығы, терінің құрғақтығы, тырнақтардың сынғыштығы, койлонихия көзге түсті. ЖҚА-де Нв-нің 72 г/л-ге дейін төмендегені анықталды. Жоғарыда көрсетілген симптоматиканың мүмкін себебін анықтаңыз?// А дәруменінің тапшылығы// В 12 дәруменінің тапшылығы// Кальций тапшылығы// Магний тапшылығы// +Темір тапшылығы *** Нәресте - бірінші жүктіліктен, І босанудан, 40 гестациялық аптамен мерзімінде дүниеге келді, туғандағы салмағы 3800, бойы – 52 см, Апгар межесі бойынша 6-8 балл. Перзентханадан 3 тәулікте шығарылған. Біріншілік патронажда (4 күн), анасы нәрестенің мазасыздануына, нашар ұйқысына, мазасыздану кезінде иегінің треморына шағымданған. Объективті: Үлкен еңбек – 3х3 см, бассүйек сүйектерінің деңгейінде. Жүйке жүйесінің жағынан – оральды рефлекстер өзгеріссіз, қозғалыс рефлекстері - тірек рефлексі табан саусықтарының ұшымен. Қауіптің неге бағытталатының көрсетіңіз?// +ОЖЖ-де патологиясының даму қаупі// Трофикалық бұзылыстардың даму қаупі// Эндокринопатияның даму қаупі// Жатырішілік инфекцияның даму қаупі// Туа біткен ақаулықтардың даму қаупі *** Нәресте 1 жас 3 айлық. Бала мекемесіне бармайды, анамнез қалыпты, физикалық, нервтік-психикалық дамуы жасына сай келеді; соңғы жылы 5 рет ЖРВИ-мен ауырған; негізгі функциялар деңгейі қалыпты; тексеру кезінде соматикалық дені сау. Бұл баланың қай денсаулық тобына жатқызуға болады?// Бірінші// +Екінші А// Екінші Б// Үшінші// Төртінші *** Науқас Жанна, 2 жасар. Анасы балаға сиыр сүтін бергеннен кейін, баланың дене температурасы 38 көтерілуіне, диареяның пайда болуына шағымданды. 8 күн бойы тәулігіне 7 ретке дейін сұйық нәжіс болған. ДСҰ-ның классификациясына сай диареяның формасын анықтаңыз.// +жедел// Табанды// Созылмалы// Рецидивті// Персистирленген// *** Ұл бала 1 жас 9 айлық. Бес күн бойы қызбасы болды, 3 күн - жөтел; ол сұйықтық іше алады, кез келген тағамды немесе сұйықтықты қабылдағаннан кейін құспайды, тырысулар жоқ, летаргиялық емес және есі анық. Тыныс алу жиілігі – минутына 51 рет, кеуде клеткасының тартылуы жоқ, стридор мен астматикалық тыныс алу жоқ. Ұл балада диарея жоқ. Ұл балаға мынадай классификация қою керек:// Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру// +Пневмония// Пневмония жоқ: жөтел немесе тұмау// Өте ауыр фебрильді ауру// Созылмалы қызба *** 3 айлық нәресте, стандартты адаптирленген сүт қоспасымен жасанды қоректенгеннен бастап беттің ал қызыл гиперемиясы, бастың шашты бөлігіндегі және қабақ доғасындағы гнейс, жиі лоқсулар байқалды. Алдын ала диагноз:// Пилороспазм// Пилоростеноз// Тоқ ішектің аномалиясы// Есекжем// +Атопиялық дерматит *** Стандартты адаптирленген сүт қоспасымен қосымша тамақтандырғанда нәрестеде мазасыздық, терінің қышынуы және беттегі, денедегі, аяқ-қолдағы дақты бөртпе пайда болды. Метеоризм мен сұйық нәжіс жиі байқалды. Анасының бала кезінде бірнеше рет есекжем болған. Терідегі өзгерістер ненің белгісі:// Жедел вирустық инфекция// Скарлатина// Физиологиялық жас ерекшелік// +Аллергиялық дерматит// Қызамықтың *** 3 жасар бала 2 күн бойы ауырды. Ауру жөтел, танаудан су ағу, дене температурасының 40 -ге дейін көтерілумен басталды. Балада қызбаның қай түрін классификацияланады?// Субфебрильді// Аздаған фебрильді(38,0-38,9 )// +Фебрильді// Гипертермиялық// Гиперпиретикалық *** Нәресте 10 айлық. Дене температурасы 38,0 . Жөтел ұстама тәрізді қиын бөлінетін қақырықты. Экспираторлы типті ентігу. Өкпедегі тыныс алу қатаң, ысқырмалы құрғақ және барлық аумақтағы ұсақкөпіршікті ылғалды сырылды. Өкпеге перкуссия жасауда – өкпе дыбысының қорапты түрі. Алдан ала диагнозы:// Жедел пневмония// Жедел ларингит// +Обструктивті бронхит// Жедел бронхиолит// Бронхиальды демікпе *** Бала 8 жасар. ЖРВИ фонында ысқырықты тыныс, жиі қақырықсыз жөтел пайда болды. Өкпенің аускультациясында әлсіз тыныс алу, өкпенің барлық аумағында ысқырықты сырылдар естіледі. Перкуссияда – қорапты дыбыс. Дәл осы симптоматика мысыққа байланысты байқалады, дене шынықтыру сабағында жылдам жүгіруде кезенді көрінеді. Баланың анасында - жиі түшкіру және күзгі уақытта жас ағу байқалады. Балада пайымдалатын ауру:// Обструктивті бронхит// Жедел пневмония// +Бронхиальды астма// Жедел бронхит// Созылмалы пневмония *** 1 жасар Айдарда тері жамылғылары мен шырышты қабықшаның бозаруы, тері жамылғыларының құрғақтануы, тырнақтың бөлінуі анықталды. Анасының айтуынша, баланың бор мен топырақты жеуге әуестігі бар. Болжам диагноз?// Гемолитикалық анемия// Талассемия// +Темір тапшылықты анемия// Апластикалық анемия// В12 тапшылықты анемия *** Нұрлан 11 айлық. Жасанды сүт қоспасымен тамақтанады, көбінесе сиыр сүтімен тамақтандырылады. Ет жемейді. Баланың бор мен топырақты жеуге әуестігі бар. Тексеру кезінде тері жамылғыларының құрғақтығы, тырнақтардың бөлінуі анықталды. Іш қатулар көрініс береді. Қандай клиникалық синдром?// Анемиялық синдром// Астено-вегетативті синдром// +Сидеропениялық синдром// Миелодиспластикалық синдром// Сіңірілу бұзылыстары синдромы *** Сәби 9 айлық. Ана сүтімен және бидай ботқасымен үстеме тамақтандырылады. Тексеру кезінде тері жамылғылары мен шырышты қабаттардың бозаруы, терінің құрғақтығы, тырнақтардың бөлінуі анықталды, жүрек ұшында систолалық шу, іш қату көрініс береді. ЖҚА-де Нв-нің 97 г/л-ге дейін төмендегені анықталды. Болжамды диагноз «Темір тапшылықты анемия». Темір тапшылықты анемия кезіндегі зертханалық негізгі көрсеткіш? Сарысулық темір деңгейі// Билирубин деңгейі// ҚСТҚ деңгейі// Трансферриннің деңгейі// +Ферритиннің деңгейі *** 2 айлық бала. Пентавакцинамен вакцинациялағаннан кейін, келесі күні дене температурасы 38,3 -ке дейін көтерілген, бала омырауды нашар емеді, әлсіз, ұйықтай береді. ТАЖ – минутына 36 рет, ЖСЖ - минутына 136 рет. Поствакциналды кезеңнің ағымын қалай бағалауға болады?// Егуге жеңіл дәрежелі ауырлықтағы реакция// +Егуге орташа дәрежелі ауырлықтағы реакция// Егуге ауыр дәрежелі ауырлықтағы реакция// Егуге гиперэргиялық реакция// Егуге энцефалопатиялық реакция *** Қыркүйек айында бірінші сыныптағы оқушыларға Манту сынамасы өткізілді. Манту сынамасынан кейін балаларға БЦЖ ревакцинациясы қашан жасалады?// Алғашқы 2 күнде// + 3 күннен 2 аптаға дейін// 3 күннен 4 аптаға дейін// Манту сынамасынан кейін 1 ай ішінде// БЦЖ ревакцинациясы Манту сынамасына байланысты емес, сондықтан кез келген уақытта өткізуге болады// *** БЦЖ екпесінен кейін өмірінің 8 аптасында баланың сол жақ қолтық қуысында тығыз ауырсынусыз көлемі үлкен лимфатүйін пайда болды. Пальпация кезінде флюктуация анықталады. Мұндай жағдайда не ойлауға болады?// Лимфогранулематозды// Жұқпалы мононуклеозды// +Регионарлы лимфаденитті// Лимфосаркоманы// Липоманы *** 5 жасар бала емхананың дәлізінде дәрігер-педиатрға қабылдау кезегін күтті. Бұл уақытта емханада күрделі құрылыс жөндеу жүргізіліп жатты: кабинеттер есігін сырлаған. Кенеттен бала өзін нашар сезінді: экпираторлы ентігу пайда болды. Ауаның жетіспеуі, ара қашықтықтан ысқырықты құрғақ сырылдар естілді. ТАЖ мин 55 рет. ЖЖЖ мин 120 рет. Анамнез жинаудан соң баланың сырға, әтір иісіне, терек мамығына ентігуі бірінші рет емес екені анықталды. Балаға диагноз қойыңыз?// Пневмония// Жедел фарингит// +Бронхиальды астма// Жедел ларинготрахеит// Обструктивті бронхит// *** Жалпы тәжірибе дәрігеріне 6 айлық баламен анасы жүгінді. Анасының жұмысқа шығуына байланысты 3 күн бұрын бала «Малютка» сүт қоспасымен жасанды тамақтануға көшірілді. 2 күн бойғы бет қызаруына шағымданған. Тексеру кезінде: гиперемия және бет терісінің ісінуі, жеңіл қабыршақтанумен бірге жүреді, гнейс. Ағзалар бойынша ерекшелік жоқ. Сүт қоспаны пайдаланғаннан соң гиперемияның дереу күшейетін айтады. Алдын ала диагноз:// +атопиялық дерматит, сәбилік формасы, бастапқы кезеңі, жеңіл ағымды// атопиялық дерматит, сәбилік формасы, айқын өзгерістер кезеңі// атопиялық дерматит, балалық формасы, бастапқы кезеңі, жеңіл ағымды// атопиялық дерматит, балалық формасы, айқын өзгерістер кезеңі// атопиялық дерматит, сәбилік формасы, толық емес ремиссия кезеңі *** ЖРВИ-ді өткерген 5 айлық баланы тексеру кезінде аймақтық педиатр тері жамылғыларының бозаруына мән берді. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Жалпы қан анализінде – Нв-95г/л, эритроциттер 3,3 х түстік көрсеткіш – 0,8; айқын полихроматофилия, анизоцитоз. Қанның биохимиялық анализінде: қан сарысудағы темір деңгейі – 9,0 мкмоль/л, СТБҚ – 85 мкмоль/л ферритин – 4 мкг/л, ТТС - 13 |