Косметикалық өнімдердің зияны. Косметикалы німдерді зияны
Скачать 18.09 Kb.
|
Косметикалық өнімдердің зияны. Қазіргі уақытта қыз-келіншектер күнде бірнеше түрлі косметикалық құралдарды пайдаланады. Күнделікті бетті әрлеуге арналған және тері күтімі мен шаш күтіміне арналған, атай берсек өте көп. Мұндай өнімдердің пайдалы жағымен бірге зияны де жетерлік. № 1. Көзге арналған сүрме (подводка) немесе қарындаш (карандаш). Қыз-келіншектердің көбісі мұны пайдаланады. Мұндай құралдың арқасында көзіңді ерекше етіп көрсете аласың және қасыңдағылардың көңілін өзіңе аударасың. Сүрмені қауіпсіз косметика өнімі деп атағанмен көздің нәзік аймағына қолданғанда проблемалар туындауы мүмкін. Мысалы, көзге арналған бояғыш қаламның құрамында гипоаллергенді қоспа болғанмен де көздің ішкі бұрышына көп қолданудан «көзжас өзекшесі» бітеле бастайды екен. Сондықтан көздің ішкі бұрышын бояудың қажеті жоқ және сүрмені 3 айдан кейін жаңасына ауыстырып отыру керек. Өз денсаулығыңды сақтау үшін косметика өнімінің маркасына назар аудар және сақталу мерзімінің өтіп кетпегенін қадағала. №2. Көп келіншектер шаштың ағара бастаған бөлігін білдірмес үшін «реңкті эффект беретін» (оттеночные средства) шашқа арналған құралдарды пайдалана бастайды. Алайда мұндай құралдар өте зиян. Кез келген «реңкті эффект беретін» сусабынның (шампунь) құрамында PPD химиялық қосылыстары бар. Дәл осы химиялық қосылыстар бас терісінің қабыршықтануына алып келіп, аллергиялық реакция туғызады. Шаштың сиреуі мен бірге аллергиялық реакция туғызады, денсаулыққа өте зиянды. Бұрын ешқандай белгі бермегенімен аяқ асты аллергияның дамуы тез жүре бастауы мүмкін. Сондықтан мұндай құрамды сусабынға құмар болмаған жөн! №3. Шаштың төгіліп түп-түзу болып тұруын қалайтын сұлу бикештер мамандардың көмегіне көп жүгінетін болған. Бірақ 2011 жыл зерттеушілердің айтуынша шашты түзетуге арналған құралдардың құрамында химиялық зат формальдегид кездеседі. Бұл құралдың адам ағзасына тигізер зияны өте көп. Негізінен бұл құралдың зиянын шаштараз мамандарды тартады. Себебі олар бұл құралмен күнделікті кездеседі. Сондықтан, мамандар ондай құралды пайдаланудың орнына фен мен шаш түзетуге арналған үтікті пайдалануды кеңес береді. №4. Кірпікті бояйтын бояудың (тушь) құтысы бактерияның өсіп - өнетін ортасына айналатынын көпшілік біле бермейді. Кірпіктегі ауру тудыратын кейбір микробтар бояу құтысына түсіп, болашақта қабақтың қабынуына әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай келеңсіздік болдырмау үшін бояуды (тушь) салқын жерде сақтауға кеңес береді, сонымен қоса бояуды 2 - 3 айда жаңасына ауыстырып тұрыңыз. №5. Ерін далабын (губной помада) пайдаланбайтын қыз-келіншек жоқ десем қателеспеймін. Егер әйелдер ерін далабын күнде қолданатын болса, өмір бойына 1 кг жуық пайдалануы мүмкін екен. Ерін далабының 30 % - ға жуығының құрамынан канцерогенді заттар табылған (ісік тудыратын заттектер), 50 % жуығының құрамында қорғасын кездесетіні 2004 жылы зерттеушілер анықтаған. Әрине, мұндай зерттеулерге немқұрайлы қарауға болмас деп ойлаймын, әсіресе жүкті әйелдерге. №6. Ерін далабы (губной помада) мен кірпік бояуын (тушь) басқа адамдармен ешқашан бөлісуге болмайды, ол тіпті жақын құрбыңыз болса да. Шын мәнінде, өте қауіпті жұқпалы вирустардың саны өте көп, олар адамның сыртқы қалпынан көрініс бере қоймайды. Сондықтан ерін далабын алмаса отырып, ұшық (герпес), көз бояуын алмаса отырып көз қарығуын (конъюктивит) жұқтырып алу қауіпі бар. Егер қолданатындай жағдай туындаса беткі бөлігін жақсылап сүртіп алып тастаңыз. №7. Көптеген косметикалық өнімдер бета гидроксикислоты мен альфагрупп деп аталатын құрамдас бөліктерден тұрады. Олар көбіне бет терісіндегі әжімге, безеуге қарсы қолданатын иісмайларда (крем) кездеседі. Әдетте олар терінің өлі қабатын алып тастау қызметін атқарады. Мұндай иісмайды жиі пайдаланғанда, терінің беткі қабатында артық қышқыл пайда болуы әсерінен тері тітіркеніп, ультракүлгін сәулесіне төзімсіз болып теріге зиян келуі мүмкін. Бет терісіне арналған иісмай таңдағанда құрамына мұқият назар аударуға тура келеді. №8. Соңғы кезде қыз-келіншектер арасында жасанды тырнақ өсіру сәнге айналды. Тырнақты өңдеу үшін пайдаланатын мұндай құралдардың құрамында метил бар екенін ескеру керек. Ол тыныс жолдарына өте зиян, сондай-ақ ауыр аллергиялық реакция туғызады. Қыз-келіншектер өзіне көңіл бөліп, күтім жасауына ешкім қарсы болмайды алайда, өнім таңдауда абай болу керек екенін ескертудің еш әбестігі жоқ деп ойлаймын.Сіз салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанып, спортпен айналысасыз. Заманауи косметологиялық дауалар жасап, шашыңызға да күтім көрсетесіз. Алайда теріңіз бен шашыңыздың жағдайы еш жақсармай қойса, косметикалық құралдарыңыздың құрамын зерттеп көріңіз. Мәселе сапасыз косметикада болуы мүмкін. Сіздің сымбатты болуыңызға косметика құрамындағы қандай заттар бөгет жасайды? Олардың қайсысы тері мен шаш үшін зиян болады? Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/krasota/13554/ ульфаттар "Сульфат" атты заттар көбінесе теріні тазалауыш құралдарда көп болады. Сульфат арқасында бет жуатын гель қатты көбіктенеді. Косметолог мамандар бұрыннан бері сульфатты қатты аллерген деп біледі. Косметикалық өндірісте жиі қолданатын сульфаттар: натрийдің лаурил сульфаты мен натрийдің лаурет сульфаты. Натрийдің лаурил сульфаты (Sodium Laurel Sulphate) – тері және дем алу жолдары арқылы ағзаға канцерогенді заттар ретінде түсе алады. Кейін ол заттар қанға өтіп, денсаулыққа зиян бола алады. Бұл затты косметикалық құралдар қаттырақ көпірілуі үшін қолданады, бірақ негізінде бұл қосынды сапасы төмен, қажетсіз нәрсе. Натрийдің лаурет сульфаты (Sodium Laureth Sulphate) – арзан әрі сапасыз компонент. Бұл затты косметикалық құралдар қоюырақ, концентрациясы жоғары көріну үшін қосады. Сульфаттардың зияны Көп жағдайда сульфаттар аллергия қоздыруы мүмкін. Ол терінің қышуы, тері бетінде пайда болған қызыл нүктелер ретінде байқалады. Натрийдің лаурил сульфатының сусабындарда көп болуы шаштың түсуінің себебі бола алады, сондай-ақ бас терісі құрғап, қайызғақ пайда болуы мүмкін. Сульфаттар сусабын, бетті жуатын гель, тіпті ыдыс жуатын сұйықтық арқылы терімізге сіңіп, әрі қарай қанға өтеді. Сульфаттар әсерінен пайда болған канцерогендер жасушалардың мутациясына әкеле алады. Парабендер Бұл химиялық заттар косметика өндірісінде кең қолданылады. Антибактериалды қасиетіне байланысты оны түрлі косметикалық заттарға қосады. Парабендер синтетикалық консерванттар ретінде косметиканың сақталу мерзімін ұзартатын зат болып табылады. Парабендер зияны Медицина қызметкерлерінің айтуынша, қанға түскен сәтте парабендер эндокриндік жүйені зақымдай алады екен. Қант диабеті ауруының себебі де болуы әбден мүмкін. Соңғы зерттеулер бойынша, кеуде ісіктерінде парабендердің үлкен концентрациясы анықталған екен. Қазірде парабендер мен қатерлі ісік ауруларының байланысы зерттелуде. Минералды майлар «Минералды майлар» құлағымызға табиғи, зияны жоқ сияқты естіледі. Минералды косметика пайдасы жайлы да көп білеміз. Алайда минералды майлардың минералды косметикаға еш қатысы жоқ. Бұл кремдер даярлауға қажет арзан, сапасы төмен шикізат. Оны мұнай мен көмір өндірісіндегі қалдық заттарынан жасайды. Минералды майлардан көлікке арналған мотор майларын да өндіреді. Минералды майлардың зияны Мұнай өндірісінде пайда болған затты теріңіз бен шашыңызға жаққыңыз келеді ме? Әрине оның зияны мол. Ол терінің табиғи қорғаныс қабатын ерітіп, теріні құрғатады және терінің уақытынан бұрын қартаюдың басты себебі бола алады. Силикон Бұл зат тек терімізге ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға да үлкен зақымын тигізеді. Табиғи жолмен шіри алмайтын силиконды шаш күтіміне арналған кез келген құралда таба аласыз. Ол шашқа қосымша жылтыр береді деп есептеледі. Силикон зияны Силикон шашыңызды орап, оған пайдалы заттардың өтуіне бөгет болады. Шашыңызды бір рет жылтыратса да, зияны көбірек болмақ. Шашты бір жуғаннан кетпейтін силикон сондай-ақ қайызғақтың басты себебі. Құрамында сульфаттар, парабендер мен минералды майлар бар косметика бірден жақсы әсер береді, алайда ол ұзаққа сақталмайды. Керісінше олар мәселені ушықтырып, қиындата түседі. Косметиканың құрамында не бар? 09 Қараша 2012, 12:59 623 Әр ару күнделікті косметиканың бірнеше түрін қолданады. Алайда біз көп жағдайда оның құрамында не бар екені жайлы ойланбаймыз. Келесі жолы косметика сатып алуға барғанда жарнамаға сенбей, крем этикеткасын оқып, ақылмен таңдаңыз. Түрлі кремдердің құрамына көптеген теріге пайдалы заттар қосады. Алайда олардың арасынан өзіңізге керек, ең пайдалысын таңдай біліңіз. Сонымен, косметикалық құралдардың құрамында болатын заттар. Антиоксиданттар. Олар күннен қорғаныс пен реңк беруші кремдер құрамында, күнге күюге арналған косметикада болады. A, C, E дәрумендерімен қатар кездесіп, жүзім сүйектері экстрактында көп болады. Ретинол мен А дәрумені әжімдерді емдеуге арналған кремдерде жиі кездеседі. Ол теріні берік қылып, әжімдердің алдын алады. Алоэ косметикалық құралдар өндірушілермен кең қолданылады. Ол теріні ылғалдандырып, жұмсартады. Сонымен қатар алоэнің антибактериалды эффекті жараларды емдейді. Гиалурон қышқылының ылғалдандыру қасиеті өте жоғары. Сол себепті оны ылғалдандырғыш кремдер мен жара емдейтін гельдерге қосады. Авакадо майы пайдалы май қышқылдарының қайнар көзі. Сол себепті ол жұмсартқыш, жасушаларды қалпына келтіру қасиетіне ие. Май адсорбенттері: салицил қышқылы, шалфей, камфор майы, триклозан, балауыз бен лаванда майы теріні терең тазартып, жасартады. Цинк пен кальций. Бұл компоненттер терідегі зат алмасуға жауап береді. Цинк майлы теріні залалсыздандырып, құрғатады. Кальций теріге беріктік береді. Ылғалдандырушылар. Олар: глицерин, гиалурон қышқылы, авакадо майы. Аса ылғалдандыратын кремдердің құрамында болады. А дәрумені. Немесе ретинол, ретинол қышқылы, ретин-А, ретиналдегид. Айтылып кеткендей ол терінің иілгіштігін жоғарылатып, сыртқы ортаның жаман әсерінен сақтайды. Теріге коллаген бөлінуді қадағалайды. С дәрумені эластин мен коллагеннің синтезделуіне жауапты. Сондай-ақ ол бос радикалдардың ағзадан шығуын қамтамасыз етеді. С дәрумені бар крем алатын болсаңыз, құтысы мөлдір емесін таңдаңыз. Себебі күн сәулелерінің астында бұл дәрумен тез жойылып, қасиеті жоғалады. Е дәрумені - әжімдердің алдын алатын антиоксидант. Кейбір мамандардың айтуынша, бұл дәруменді ұзақ уақыт қолдану тері қатерлі ісік жасушаларын бірден жояды. Бояғыштар. Табиғи бояғыштары бар крем теріге еш зақым тидірмейді. Ал жасанды бояғыштардан абай болғаныңыз дұрыс. Ол теріңізге аллергия беруі мүмкін. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/krasota/5521/ Мұндай зиянды заттарды қолданбаймын деп шешсеңіз, органикалық табиғи косметикаға назар аударыңыз. Табиғи компоненттер бірден әсер бермеуі де мүмкін, алайда олар денсаулығымызға зақым тигізбейді. Органикалық өсімдік косметиканың кемшіліктері де жоқ емес. Бастысы – сақталу мерзімінің аздығы. Бұл косметиканы тоңазытқыштың ішінде сақтап, жарты жылдан артық қолдануға болмайды. Органикалық косметикада консерванттар орнына балауыз бен жасыл шай экстрактын қосады екен. Осылардың арқасында органикалық косметиканың сақталу мерзімі ұзарады. Табиғи косметика өндірушілері жасанды ароматизаторлардан бас тартып, орнына эфир майларын қолдануда. Денсаулығыңыз бен сымбаттылығыңызды сақтап қалу үшін, қолданатын косметикаңызды мұқият таңдап, ең табиғи құрамдас бөліктерден жасалған түрлерін алуға тырысыңыз. Тақырып бойынша: Косметиканың құрамында не бар? Органикалық косметка Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/krasota/13554/ |