Главная страница
Навигация по странице:

  • Фотоэлектрондық автоматика

  • Фотоэлектрлік түрлендіргіштер және олардың қолданылуы

  • Сапаров Алишер Физика презентация. Кшейкішті кірістік рылысы


    Скачать 3.07 Mb.
    НазваниеКшейкішті кірістік рылысы
    Дата27.01.2022
    Размер3.07 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаСапаров Алишер Физика презентация.pptx
    ТипДокументы
    #343373
    Күшейкіштің кірістік құрылысы (Входное устройство усилителя) — дабыл кәзінің шығыс кедергісі мен күшейткіш элементтің кіріс кедергісін озара үйлестіретін элементтер тізбегі. Ондай тізбек трансформатордан немесе резисторлар мен конденсаторлардан тұруы мүмкін. Фотоэлектрондық автоматика — бақылауыш, басқарғыш және реттеуіш құралдарда пайдаланылатын фотоэлектрондық құрылғылардың жиынтығы. Бұл құрылғылардың жұмысы фотоэлементке бағытталған сәулелердің көлеңкеленуі немесе оның қарқындылығының өзгеруіне негізделген. Фотоэлектрондық құрылғылар сәулелік (инфрақызыл, көрінетін және ультракүлгін сәуле) энергияларды “сезу” негізінде әр түрлі энергетикалық, өнеркәсіптік, көліктік, т.б. қондырғылардың басқарғыш және реттеуіш жүйелеріне әсер етеді. Фотоэлемент өңделуші материалдан немесе бұйымнан таралатын сәулелерді, бақыланатын орта арқылы өткен сәулелерді қабылдау, сондай-ақ күшейткіш пен жұмыстық тетіктерді іске қосу нәтижесінде әр түрлі механизмдердің қозғалысын тоқтатады немесе оның жылдамдығын өзгертеді, электр желісін іске қосады немесе ажыратады, т.б. Фотоэлектрондық автоматиканың жұмыстық тетіктері ажыратып-қосқыш, реостат, муфта, редуктор, клапан т.б. механизмдер түрінде жасалады. Фотоэлектрондық автоматика — бақылауыш, басқарғыш және реттеуіш құралдарда пайдаланылатын фотоэлектрондық құрылғылардың жиынтығы. Бұл құрылғылардың жұмысы фотоэлементке бағытталған сәулелердің көлеңкеленуі немесе оның қарқындылығының өзгеруіне негізделген. Фотоэлектрондық құрылғылар сәулелік (инфрақызыл, көрінетін және ультракүлгін сәуле) энергияларды “сезу” негізінде әр түрлі энергетикалық, өнеркәсіптік, көліктік, т.б. қондырғылардың басқарғыш және реттеуіш жүйелеріне әсер етеді. Фотоэлемент өңделуші материалдан немесе бұйымнан таралатын сәулелерді, бақыланатын орта арқылы өткен сәулелерді қабылдау, сондай-ақ күшейткіш пен жұмыстық тетіктерді іске қосу нәтижесінде әр түрлі механизмдердің қозғалысын тоқтатады немесе оның жылдамдығын өзгертеді, электр желісін іске қосады немесе ажыратады, т.б. Фотоэлектрондық автоматиканың жұмыстық тетіктері ажыратып-қосқыш, реостат, муфта, редуктор, клапан т.б. механизмдер түрінде жасалады. Фотоэлектрлік түрлендіргіштер және олардың қолданылуы Фотоэлектрлік эффект (фотоэффект) дегеніміз жарықтың затпен әсерлесуі кезіндегі электрондар эмиссиясының (сыртқы фотоэффект) пайда болу, немесе заттың электр өткізгіштігінің өзгеруі, я болмаса электр қозғаушы күшінің пайда болу ( ішкі фотоэффект) құбылыстары. Жарықтың затпен әсерлесуі кезіндегі фотоэлектрлік құбылыстар Эйнштейннің фотоэффектіге арналған теңдеуімен сипатталады: Жұмыс істеу принциптері фотоэффект құбылысына негізделген электровакуумдік немесе жартылай өткізгіштік приборларды фотоэлектрондық деп атайды. Солардың бірнешеуінің құрылысын қарастырайық.. Фотоэлектрондық приборлардың кең тараған түрі фотоэле­мент болып табылады. Сыртқы фотоэффектіге негізделген фотоэлемент электрондардың көзі болып табылатын, жарық түсетін — фотокатод К, және А анодтан тұрады.барлық жүйе ішінен ауасы сорылып алынған шыны баллонға орналастырылған. Жарық сезгіш қабат түрінде жасалынған фотокатод баллонның ішкі бетіне тікелей жасалынуы.


    написать администратору сайта